Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік формалары: Раункиер мен Кашкаров классификациялары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік формалары.

Мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік формаларына сипаттама беру.

Экологиялық факторлардың организмдерге тікелей немесе жанама әсер етуі олардың белгілі бір биотопқа бейімделген тіршілік формаларын қалыптастырады.

Тіршілік формасы- организмдерінің өзінің тіршілік ортасының ерекшелігіне қарай белгілі бір морфологиялық белгілерге ие болуы.

Өсімдіктердің тіршілік формалары-жергілікті жағдайға ұзағырақ бейімделу нәтижесінде пайда болған өсімдік формасы. Экологиялық факторлардың әсері нәтижесінде өсімдіктердің айқын морфологиялық формасы қалыптасады. Өсімдік түрінің тіршлік формасы-ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде және ұрпаққа беріледі.

Даниялық ғалым К. Раункиер (1905 ж. ) жылдың қолайсыз мезгілінде, жаңарту бүршіктерінің орналасу және қорғану тәсілдеріне негізделген өсімдіктердің тіршілік формаларының классификациясын ұсынады. Оларға:

Фанерофиттер (грек. «фанерос»-айқын, «фитон»-өсімдік) жаңарту бүршіктері қыста немесе құрғақшылықта ашық, жерден біршама биікте орналасады (ағаштар, бұталар, шырмалып өсетін өсімдіктер) .

Хамефиттер - (грек «хамай»-төменде) жаңарту бүршіктері топырақ бетінен 20-30 см биіктікте орналасады (бұташықтар, жартылай бұталар, көптеген төселіп өсетін өсімдіктер) . Хамефиттердің бүршігі суық және қоңыржай климат жағдайында қар астында қыстайды.

Гемикриптофиттер (грек. «геми»-жартылай криптофиттер) көпжылдық, шөптесін жертаған өсімдіктер. Олардың бүршіктері топырақтың беткі деңгейінде немесе біршама таяз көміле, қалдықты төсендіде орналасады (көптеген шалғындықтар) .

Криптофиттер (грек. «криптос»-жасырын) су астында (гидрофиттер) және топырақта (геофиттер) қыстап шығып, қайта көктейтін бүршіктері бар тамырсабақты, түйнекті, пиязшықты көпжылдық һсімдіктер (сәбіз, ашкөк, аңдыз т. б. ) .

Терофиттер (грек. «тер»-жаз) барлық вегетативтік мүшелер маусым аяғында өлетін, қыстайтын бүршіктері жоқ, тек қана тұқыммен ғана көбейетін, бір жылдық өсімдіктер (астық тұқымдастар т. б. ) .

Жануарлардың тіршілік формаларын Д. Н. Кашкаров (1945 ж. ) ұсынды. Оның жіктеуі бойынша жануарлар:

І. Жүзгіш формалар:

1. Толық суда тіршілік ететін (нектон, планктон, бентос) .

2. Жартылай суда тіршілік ететін (қорек үшін уақытша суға сүңгитіндер) .

ІІ. Қазғыш формалар:

  1. Қазғыш (бүкіл тіршілігін топырақ астында өткізетіндер) .
  2. Жер бетіне уақытша шығатындар.

ІІІ. Құрлық формалар:

  1. Ін қазбайтындар (жүгіршік, секіргіш, жорғалаушылар) .
  2. Ін қазатындар (жүгіршік, секіргіш, жорғалаушылар) .
  3. Жартастарда тіршілік ететіндер.

ІҮ. Әуе формалары:

  1. Жемтігін әуеден ұстайтындар.
  2. Әуеден жемтігін қарауылдайтындар.

Бақылау сұрақтары.

  1. Тіршілік формалары дегеніміз не?
  2. Д. Н. Кашкаров жүйесі бойынша жануарлардың тіршілік формалары қалай жіктеледі?
  3. Жануарлардың тіршілік формаларын қандай белгілерге қарап жіктейді?
  4. С. Раункиердің тіршілік формаларын қандай белгілерге қарап жіктейді?
  5. Өсімдіктердің тіршілік формалары қандай белгілерге қарап жіктейді?
  6. Фанерофиттердің қасиеттерін сипаттаңыз.
  7. Хамефиттер қандай белгілерге ие?
  8. Гемикриптофиттерге қандай өсімдіктер жатады, олар қандай қасиеттерге ие?
  9. Терофиттер қандай белгілерге ие?
  10. Криптофиттерге қандай белгілер тән ?
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның өсімдіктер жамылғысы: тіршілік формалары, геоботаникалық белдемдер мен флораның тарихы
Өсімдіктер мен жануарлардың гаметогенезінің салыстырмалы сипаттамасы
Өсімдіктер биологиясының негіздері: жасуша құрылысы, таралуы, анатомиясы, морфологиясы және тіршілік формалары
Өсімдіктер мен жануарлардың өзара ықпалы: экологиялық рөлдері мен әсерлері
Организмдердің тіршілік формалары: өсімдіктердің экобиоморфологиялық классификациясы
Мәңгілік мұздық аймақтарындағы жануарлардың тіршілік ерекшеліктері мен бейімделулері
Топырақтағы омыртқалы жануарлардың экологиялық топтары мен тіршілік жағдайлары
Өсімдіктер мен жануарлардың қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделу механизмдері
Тірі ағзаларды классификациялау: микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктері және қажеттілігі
Биологиялық ырғақтар, тіршілік формалары және өсімдіктердің экологиялық топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz