Өсімдіктер физиологиясы өсімдік организміндегі тіршілік құбылысына байланысты процестерді зерттейтін ғылым
Өсімдіктер физиологиясы өсімдік организміндегі тіршілік құбылысына
байланысты процестерді зерттейтін ғылым. Жер бетіндегі өсімдік әлемі төмен
және жоғары сатыдағылар болып бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктер
(саңырауқұлақтар, бактериялар, балдырлар), көбінесе, бір клеткалы болса да,
бүкіл тіршілік әрекеттерін өздігінше, дербес жүзеге асыра алады. Жоғары
сатыдағы өсімдіктер болса көп клеткалы белгілі тіршілік қызметін атқаратын,
толып жатқан ұлпалардан, мүшелерден тұратын күрделі құрылымды организмдер
болып есептеледі.
Осыған байланысты өсімдіктер физиологиясы өзінің зерттеулерін жеке
клеткадағы тіршілік әрекеттерінен бастайды. Содан кейін жеке мүшелердегі
және тұтас өсімдіктегі минералдық қоректену, фотосинтез, тыныс алу, сыртқы
ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігінің, өсу мен дамуының
физиологиялық негіздерін зерттейді. Сонымен қатар, осы процестердің өзара
байланыстылығын, бірінен-бірінің тәуелділігін және сыртқы орта жағдайлармен
байланыстылығын зерттейді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелері — тамыр, сабақ, дің,
жапырақ, көбею мүшелері - гүл шоғыры, жемістер мен дәндер (тұқым)
өздерінің құрылысына сәйкес тұтас организм құрамында белгілі қызмет
(функция) атқарады. Мысалы, өсімдік жапырағы — қоршаған ортадан
көмірқышқыл газын сіңіріп, күн сәулесінің энергиясын пайдаланып алуан турді
органикалық заттар түзетін, яғни негізгі фотосинтездік мүше. Ал жапырақтың
осы қызметі оған сабақ (дің), бұтақтар арқылы қажетті су, минералдық
элементтердің, органикалық заттардың дұрыс жеткізілуіне байланысты. Тамыр
жүйесі болса, тұтас өсімдік организмін топыраққа (субстратқа) бекітетін
тіректік кызметпен қатар, топырақтағы су мен минералдық элементтерді өзі
ғана пайдаланып қоймай, оларды басқа органдарға тасымалдау қызметін
атқарады.
Басқа тірі организмдерге қарағанда өсімдіктердің өздеріне ғана тән
ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі бірінші орынды олардың автотрофтығы,
яғни қоршаған ортадағы минералдық заттарды пайдаланып, алуан түрлі
органикалық заттарға айналдырушылық қабілеттілігі алады.
Өсімдік клеткаларының пішінін қалыптастыратын қатты, ірі заттарды
өткізбейтін тығыздалған қабатының болуы өсімдік әлемінің жалпы эволюциясына
тиісті ықпал жасады.
Өсімдіктердің сулы ортадан құрлыққа шығуы олардың қоректену мүшелерінің
сыртқы ортамен жанасатын беттік аудандарына тәуелді етті. Осыған
байланысты өсімдіктердің сыртқы пішіндері қүрделеніп, бөлшектеніп,
тарамдалып, ұдайы ұлғайғыштық қасиет қалыптасты. Қоректік заттарды "copy"
арқылы қабылдау өсімдіктердің кеңістікте қозғалмаушылығының ңегізгі себебі
болып есептеледі.
Кейбір ерекше топтардан басқа, жер бетіндегі барлық өсімдіктер суды,
минералдық заттарды салыстырмалы сұйық (қанықпаған) ерітінділерден
қабылдайды. Ocыған байланысты өсімдік тамырлары өте кең, тарамдалып өсіп,
олардың миллиондаған, тіпті миллиардтаған майда түкшелері үздіксіз қайтадан
қалыптасып, топырақтың ұдайы жаңа бөліктерін, көлемін барынша көп қамтуга
бейімделген.
Топырақ ылғалдығы. Өсімдіктің қалыпты тіршілік әрекеттері топырақтың
немесе өсірілетін басқа ортаның ылғалдылығына тығыз байланысты. Өсімдік
өзінің тіршілік ету маусымында суды өте көп мөлшерде буландыратындықтан
сумен үздікіз қамтамасыз егілуі қажет.
Топырақ ылғалдылығының қалыптылығы өсімдікке макро- және
микроэлементердің сіңуі үшін негізгі жағдай болып есептеледі.
Топырақ ылғалының тапшылығы ферменттік жүйелердің қызметтік
үйлесімдігін бұзып, гидролиздік және органикалық заттардың ыдырау
процестерін жеделдетіп, фотосинтез және өсу қарқындылығын құрт
төмендетеді.
Өсімдіктер қажетті элементтермен жеткілікті мөлшерде: қамтамасыз
етілген жағдайда құрғақ заттың белгілі мөлшері паида болу үшін қажетті
судың мөлшері азаяды.
Қоректену жағдайының жақсаруы ылғаддың тиімді пайдалануын қамтамасыз
етсе, ылғалдың жеткіліктілігі қолданған тыңайтқыш пайдалылығын арттырады.
Өсімдіктің қоректенуіне аэрацияның әсері. Топырақтың және қоректік
ерітінділердің аэрациясы өсімдіктерге қоректік заттардың сіңу
қарқындылығын күрт өзгертеді.
Тамырды қоршаған ортадағы оттегі мен көмірқышқыл газының мөлшері түрлі
жағдайларға байланысты өзгергіп келеді. Шамалы анаэробтық жағдайларда
клеткалардың оттегімен қамтамасыздығы нашарлап, көмірқышқыл газының
мөлшері көбейеді. Өсімдіктерді суда өсіргенде ең қажетті жағдайдың бірі —
қоректік ерітіндіні араластырып, жиі-жиі ауамен қамтамасыз ету.
Тұтас өсімдік тамырының және оңашаланған тамырды өсіргенде минералдық
қоректену элементтерінің сіңуінің ең жоғарғы деңгейі оттегінің мөлшері 2-
3% болған жағдайда байқалады. Оттегінің одан әрі көбеюі элементтердің сіңу
жылдамдығына әсер етпейді.
Көптеген ауылшаруашылық өсімдіктер тамырының сіңіргіштік қабілеті
қалыпты аэрациялық жағдайда ғана толық байқалады. Топырақтағы оттегінің
мөлшері ондағы заттардың немесе жүйелердің тотығу-тотықсыздану деңгейін
анықтайды. Мысалы, қосындылар құрамында металдардың валенттілігі неғұрлым
төмен болса, олар солғұрлым ерігіш және жылжымалы келеді де, катиондар
(Fe2+, Mn2+, т.б.) өсімдікке оңай сіңеді. Аниондардың жылжымалылығы, демек
өсімдікке сіңуі, құрамындағы элементтің валенттілігі көбейген сайын (Мо6+,
Cu2+, V5+) күшейеді.
Қоректік ортада көмірқышқыл газының көбеюі тамыр арқылы нитраттар мен
фосфаттардың және аммоний анионының сіңуін нашарлатады деген деректер көп
кездеседі. Қоректік ортаны ССҚ-мен байытқанда жүгері, күріш және бидай
тамырларының сіңіргіштігі күрт төмендейді.
Өсімдіктердің қоректенуіне жылылықгың әсері. Өсімдіктердің тіршілік
әрекеттерінің қалыптылығы орта температурасының белгілі шектерінде ғана
байқалады. Сұлы, бидай тұқымдарының өнуі - жүгері, құмай тұқымдары - 32-
35°С, қияр мен асқабақ тұқымдары - 33-35°С температурада өне алады. Көп
жағдайда данді дақылдардың азот пен фосфорды қалыпты сіңіру орта жылылығы
23-;гС шамасынды байқалады.
Тамыр жақсы өсу үшін топырақ температурасы өсімдіктің жер усті
мүшелерінің жақсы өсуіне қажетгі ауа температурасынан төмендеу болады.
Топырақ температурасы тұқымның өнуіне және өскіндердің дамуына ғана
емес, өсімдікке қоректік заттардың сіңуіне де ықпалын тигізеді. Аммиак
күйіндегі азоттың игерілуі нитратқа қарағанда төмендеу температурада жүзеге
аса береді.
Температураның 5-7°С-қа төмендеуі бидай өскініне калийдің сіңуіне онша
әсер етпесе, азот пен фосфордың, кальций және күқірттің сіңуін төмендетеді
Температура төмендегенде (10-11°С) өсімдіктердің фосфорды пайдалануы
нашарлайды. Температураның төмендеуі азоттың минералдық қосындыларының
синтездік процестерге енуін тежейді.
Қоректік затгардың қалыпты мөлшерде болуына қарамастан, негізгі
элементтердің өсімдіқке сіңуі 5-6°С температурада өте нашарлайды, тіпті
тоқтауы да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz