Төзімділік туралы жалпы ұғым
Ф – ОБ – 001035
Төзімділік туралы жалпы ұғым.
Жер шарының әр түрлі аймақтарында климаттық жағдайлар, топырақ
құрылыстары мен химиялық құрамдары, жылдың жылы және салқын маусымдарының
ұзақтығы мен арақатынастары, температура айырмашылықтары, т.б. біркелкі
емес, алуан түрлі болып келетіндігі белгілі.
Осыған байланысты жер бетінің әр түрлі аймақтарында өніп өсетін
жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінде көптеген ерешеліктер
байқалады.
Өсімдіктердің табиғатта таралуы олардың шыққан тегіне байланысты.
Мысалы оңтүстік аймақтарда жылу сүйгіш қысқа күндік өсімдіктер, солтүстік
аймақтарда ауа райының салқындығына бейімделген ұзақ күндік өсімдіктер
тараған. Белгілі географиялық аймақтың бөліктерінде өсімдіктердің тұқым
қуалаушылық қасиеттеріне байланысты ылғал сүйгіштер су қоймаларына жақын,
көлеңкеге төзімділері орман шымылдықтарында өніп - өседі.
Қоршаған ортаның белгілі мерзімділікпен және кездейсоқ өзгерулеріне
байланысты өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінде де көптеген ерекшеліктер
қалптасады. Мысалы, таулы, тегістік дала, қоңыржай, қуаңшылық – шөлейт
аймақтарда, қиыр шығыс пен солтүстік аймақтарда тіршілік ететін өсімдік
топтарының өздеріне тән сыртқы морфологиялық ерекшеліктерімен қатар,
олардың ішкі физиологиялық, биологиялық, яғни, зат алмасушылық
процестерінде де ерекшеліктер қалыптасқан.
Сонымен өсімдіктің ішінде ортаның қолайсыз жағдайларының әсеріне
біртіндеп бейімделуінің нәтижесінде төзімді және төзімсіз топтар, түрлер,
өкілдер пайда болады.
Ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің төзімділігі негізінен екі
бағытта қалыптасады: ортаның қолайсыз кезеңдерінде өсімдіктер түгелімен
немесе ішінара зат алмасу, өсіп - өну процестерін тоқтатып, тыныштық күйге
Ф – ОБ – 001035
ауысады; екіншіден, керісінше, тіршілік әрекеттерін күшейтіп, қолайсыз
жағдайларға барынша ырықты төтеп береді.
Төзімділіктің алғашқы түрі белгілі мерзімділікпен, әсер ететін
жағдайларға (үйреншікті қыс пен жаздық, жазғы қуаңшылықтар, талтүскі ыстық,
т.б.) байланысты қалыптасып, екіншісі – үйреншіксіз, кездейсоқ, күтілмеген
жағдайларға (радиация, шаң мен газ, індетті аурулар туғызатын организмдер,
химиялық уытты заттар) байланысты қалыптасады.
Температуралық жағдайларға байланысты өсімдіктер – ыстыққа,
салқындықа, аязға төзімді және төзімсіз болып бөлінеді.
Сумен қамтамасыздыққа байланысты қуаңшылыққа, ылғал молдылығына, су
басуға төзімді және төзімсіз деп аталады.
Қыстың қолайсыз жағдайларына байланысты қысқа төзімді, төзімсіз болып,
топырақтағы түрлі тұздардың мөлшеріне байланысты тұздануға төзімді,
төзімсіө болып бөлінеді.
Түрліше індетті аурулар туғызатын микроорганизмдер әрекеттеріне
байланысты індетті ауруларға төзімді – төзімсіз, газдар әсеріне төзімді,
төзімсіз өсімдіктер топтары болып ерекшеленеді.
2.1. Өсімдіктердің қолайсыз температуралық
жағдайларға төзімділігі.
Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі. Өсімдік организміне жоғары
температураның әсерін зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың 70 – жылдарынан-ақ
басталған болатын. Мысалы, Сакс әр түрлі өсімдіктердің өзіне тән ең жоғары
температуралық деңгейі болады деп көрсетті. Көптеген өсімдіктер +51о С
ыстыққа 10 минуттан артық төтеп бере алмайды, бірақ +49-50о С ыстыққа
ұзағырақ уақыт шыдайды деп тұжырымдады.
Кейінірек, өсімдіктердің көпшілігі үшін ең жоғарғы температуралық
деңгей бұған қарағанда төменірек болатындығы анықталды. Мысалы, картоп
Ф – ОБ – 001035
өсімдігі 42,5о С ыстыққа бір сағаттан артық шыдай алмай, залалданатындығы
байқалды.
Қазіргі кездегі мәліметтер бойынша температураның жоғарылауынан
цитоплазманың тұтқырлығы екі жақты, көбінесе күшейіп, сиректеу төмендеп
өзгереді. Цитоплазма тұтқырлығының жоғарылуы оның жылжымалылығын
бәсеңдетеді. Бірақ бұл процесс қайтымды болып есептеледі. Жоғары
температура клетка сөлінің концентрациясын жоғарылатып, клетканың несеп
нәрі глицерин, эозин және басқа қосындыларды сіңіргіштігі күшейеді. Клетка
сөліндегі еріген заттардың сыртқа бөлінуіне байланысты біртіндеп осмостық
қысымы төмендейді. Бірақ температура 35о С-тан жоғарылағанда, крахмалдың
ыдырап, моносахаридтер мөлшерінің көбеюіне байланысты, осмостық қысым
қайтадан жоғарылайды.
Кейбір өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі, тамырларының тереңдеп өсуіне
байланысты, транспирацияның жоғары қарқындылығымен анықталады.
Суккуленттердің ыстыққа төзімділігі ұлпаларында байланысқан судың көп
болып, тұтқырлығының жоғары болатындығымен анықталады. Сонымен қатар,
температураның көтерілуінен өсімдік клеткаларында белоктардың синтезделуі
жеделдейді.
Біраз ғалымдардың ұйғаруынша ыстыққа төзімді өсімдікте температураның
жоғарылау әсерінен тыныс алу коэффициенті төмендеп, органикалық қышқылдар
көбірек жиналады. Олар аммиакты байланыстырып, аммоний тұздарына айналады
да, аммиактың уыттығын жоққа шығарады.
Осыған байланысты ұлпаларында органикалық қышқылдар көп мөлшерде пайда
болатын суккуленттердің ыстыққа төзімділігінің себебін түсінуге болады.
Өсімдіктердің салқындыққа төзімділігі. Шығу тегі жағынан оңтүстік
өсімдіктердің көпшілігі төмен, жағымды температураның (1 – 10о С-қа дейінгі
аралықта) әсерінен де зақымданады. Қоңыржай аймақ өсімдіктері
Ф – ОБ – 001035
мұндай салқындыққа төзімді, қалыптағыдай өсіп - өнуін тоқтатпайды. Оларға
арпа, сұлы, зығыр, сиыр жоңышқа сияқты өсімдіктер жатады.
Салқындықтан зақымданған өсімдіктердің жапырақтары алдымен солып,
соңында қурап қалады. Салқындықтың әсерінен хлорофилдердің ыдырауы
нәтижесінде жапырақтардың түссізденуі күріш, сиыр бұршақ өсімдіктерінде жиі
байқалады.
Жылу сүйгіш өсімдіктерде жеке органдарының салқындықтан зақымдануы
бірдей болмайды. Жүгері мен қарақұмықтың сабақтары, күріш пен сиыр
жоңышқаның , керісінше, жапырақтары төзімсіздеу келеді.
Өсімдіктердің салқындыққа төзімділігінің физиологиялық себептері
туралы әртүрлі көзқарастар кездеседі. Неміс ғалымы Сакс салқын
температураның әсерінен өсімдіктерде су алмасу процесі бұзылады деп
ұйғарды. Тамырлары салқынданған өсімдіктерде транспирация нәтижесінде
буланған судың орны толмағандықтан өсімдік мүшелері қурап қалады деп
көрсетті. Кейінірек мұндай болжамның дұрыс еместігі байқалды.
Мысалы, Австрия ғалымы Молиш (1897) салқынға төзімсіз өсімдіктердің
зақымдануы зат алмасу процестерінің бұзылуына байланысты деген пікір
ұсынды.
Осыдан соң көптеген зерттеулер жүргізіліп, өсімдіктердің салқындықтан
зақымдануы протоплазманың тұтқырлығының төмендеуіне, белоктардың ыдырауына
байланысты деген пікірлер де айтылды.
Қазіргі кездегі тәжірибелердің нәтижесі жылу сүйгіш өсімдіктердің
төменгі жағымды температураның әсерінен зақымдануының негізгі себебі
мембраналардың қызметтік ырықтығының бұзылуына байланысты екендігін
дәлелдейді. Төмен температураның әсерінен мембраналардың құрамындағы
қаныққан май қышқылдары сұйық кристалдық күйден гелге айналады. Осының
нәтижесінде зат алмасу процесі жағымсыз бағытта өзгеріп, ауа салқындығы
көпке созылған жағдайда өсімдіктердің опат болуына әкеп соқтырады.
Ф – ОБ – 001035
Агрономиялық тәжірибелерде жылу сүйгіш өсімдіктердің салқындыққа
төзімділігін жоғарылату мақсатында біраз әдістер қолданылады. Мысалы,
егістікті калий тыңайтқыштарымен қамтамасыз ету, ауаның ылғалдылығының
жоғарылауы және жарықтың жақсы түсуі өсімдіктердің төзімділігін біршама
күшейтеді. Тиімді әдістердің біреуі – шынықтыру болып есептеледі. Ол үшін
өсімдіктің өнген тұқымдары бір ай бойы тәулігіне 12 сағат ішінде 0 ден – 5о
С дейінгі жағдайда, қалған мерзімде +15 – 20о С жағдайда сақталады.
Өсімдіктердің төзімділігін жылу сүйгіш өсімдіктерді салқындыққа төзімділеу
өсімдіктерге телу арқылы да жоғарылатуға болады (мысалы, қауынды
асқабаққа).
Осылай өнген тұқымдарды бірнеше ұрпақтарда шынықтырудың нәтижесінде
біраз өсімдіктердің салқындыққа төзімді сорттары шығарылды. Тұқымдарды егу
алдында микроэлементтердің, азот қышқылы, аммоний тұздарының әлсіз (0,25%)
ерітінділерімен ылғалдап өңдеу әдісі де айтарлықтай нәтиже береді.
Аталған әдістердің жағымды әсерлері өңделген өсімдіктерде энергияның
алмасуы мен оргоноидтар құрылысының тұрақтылануына байланысты деп
тұжырымдалады.
Өсімдіктердің суыққа – аязға төзімділігі. Төмен температураның
қолайсыз әсерінен, әсіресе, қыстап шығатын шөптесін, ағаш тектес және
жемісті өсімдіктер жыл сайын көптеп залалданады. Өсімдіктің төменгі
температураға төзімділігінің, аяздан зақымдануы мен опат болуының
себептерін зерттеу жұмыстары мен ғалымдар өсімдіктер физиологиясы ғылымы
жаңа қалыптаса бастаған кезден-ақ айналысқан.
Олардың ең алғашқылыры – француз ғалымдары Бюффон мен Дюамаль
өсімдіктердің төменгі температура әсерінен зардап шегуі немесе опат болуы,
олардың ұлпаларында мұздың пайда болып, қайтадан еруіне байланысты деген
болжам ұсынған.
Ф – ОБ – 001035
Өсімдіктердің аязға төзімділік себептерін тәжірибелер арқылы зерттеу
жұмыстарын алғаш Сакс бастады деуге болады. Оның ұйғаруынша өсімдіктің
аяздан зақымдануына ұлпада пайда болған мұздың еру жылдамдығы себепші
болады. Ал Мюллер – Тургау болса зақымдану пайда болған мұздың мөлшеріне
байланысты деген пікір ұсынды. Бұл пікірлерді Молиш өз тәжірибелерінде
дәлелдеді.
Америка ғалымдары Chendier және Hildreth Н.А. Максимов зерттеулерін
жалғастырып, оның алған нәтижелерін дәлелдеді. Содан соң өсімдіктердің
төзімділігінің химиялық негіздері туралы көптеген зерттеулер жүргізілді.
Клетка аралықтарында пайда болған мұз клеткадан суды өзіне тартып, оны
сусыздандырады. Клетканың сусыздануының бұл түрі қуаңшылықта судың қарқынды
булануына байланысты сусыздануға ұқсайды. Аяз ұзақ уақыт әсер еткенде мұз
кристалдары ұлғайып, плазмалемманы да бұзуы мүмкін.
Аяздың әсерінен пайда болған мұздың әсерінен әр түрлі өсімдіктердің
зақымдануы да біркелкі болмайды. Мысалы, картоп пен нарғызгүл түйнектері
лезде, ал қырыққабат, пияз біраз уақыттан соң зақымданады. Солтүстік аймақ
өсідіктері, күздік дәнді дақылдар 15-200С-тық аязға төтеп бере алады.
Жапырақты және қылқанды ағаштардың қыстап шығатын бүршіктері мен қылқандары
одан да күшті аязға төзімді.
Өсімдіктердің қатты суыққа төзімділігі клеткаларындағы физикалық-
химиялық өзгерістерге байланысты. Қыстайтын жапырақтарда және басқа
мүшелерде қанттардың мөлшері көбейіп, крахмалдың мөлшері азаяды. Клеткада
қанттың көбеюі протопласт коллоидтарының су ұстағыш қабілетін күшейтіп,
клеткада байланысқан судың мөлшері көбейеді де, бос судың мөлшері азаяды.
Байланысқан су оңайлықпен қатып, мұзға айналмайды. Ағаш өсімдіктердің
біразының қабық паренхимасында май және липидтер мөлшері көбейеді. Бұлар
суықтан қатпайды да қорғаныштық рөл атқарады.
Ф – ОБ – 001035
Сонымен қатар, белоктар да кейде ыдырап, аязға шыдамдылау заттарға – амин
қышқылдарға айналады.
И. И. Тумановтың ( 1960 ) деректеріне байланысты жемісті өсімдіктердің
шынығу процесі қыс бойы жалғаса береді және олардың аязға төзімділік
қабілеті қыстың ең суық айларында жоғарылайды. Ауа райы жылына бастаған
кезде өсімдіктердің аязға төзімділігі төмендей түседі де, жаңа вегетациялық
кезеңінде ол қасиет түгелінен жойылады.
Күздік бидайдың қыс айларында тыныс алу жүйесінде өте күрделі
өзгерістер байқалады. Шынығу процесінде пероксидаза ферментінің ырықтығы
төмендеп, аскорбиноксидазаның, әсіресе полифенолоксидазаның ырықтығы
жоғарылайды. Сонымен қатар аскорбин қышқылының тотықсызданған түрінің
мөлшері көбейеді.
Өсімдіктердің аязға төзімділігі олардың тыныштық күйге ауысуымен тығыз
байланысты. Өсімдік тыныштық күйде болғанда оның органдарындағы зат алмасу
процестерінің бағыты және ферменттердің сапасы өзгереді. Тыныс алу
жүйелерінің біреуі екіншісіне ауысып, зат алмасу қарқындылығы күрт
төмендейді. Организмде әр түрлі күрделі қосындылар – гликопротеидтер,
липопротеидтер пайда болады. Қанттар, илік заттар және липоидтар жиналады.
Белоктар шыдамды күйге ауысады.
П. А. Генкель және Е. З. Окининаның зерттеулерінде қысқа қарай өсімдік
протоплазмасының оқшауланатындығы байқалады. Клетканың плазмодесмалары
клетка қабығынан ажырап, ішке қарай жиырылып, протоплазма да қабықтан
ажырап, плазмолиз құбылысындағыдай клеткасының ортасына орналасады.
Протоплазманың оқшаулануы мұз кристалдарының бүлдірушілік әсерін
түгелдей жоққа шығарады. Екіншіден, протоплазманың оқшаулануының
нәтижесінде клетка аралықтарында, қабығында пайда болған кристалдың одан
әрі ұлғайып, протоплазмаға өту жолы үзіледі. Егер
Ф – ОБ – 001035
мұз кристалдары протоплазмаға өтер болмаса, онда клеткалармен қатар, тұтас
өсімдіктің өзі де қыстан аман шықпаған болар еді.
Қорытып айтқанда, жыл сайын қыстап шығатын өсімдіктердің төменгі
температуралық жағдайға, суыққа, аязға төзімділігі- ол сыртқы ортаның түрлі
әсерлерінің нәтижесінде біртіндеп пайда болатын, физиологиялық, биохимиялық
процестердің өзгерулеріне байланысты бейімделушілік қабілеттілігінің
қалыптасуы.
Өсімдіктердің суыққа, аязға төзімділігін арттыру әдістерінің халық
шаруашылығы үшін маңызы зор.
Өсімдіктердің қыстағы басқа қолайсыз жағдайларға төзімділігі.
Өсімдіктердің қысқа төзімділігі суыққа төзімділікпен салыстырғанда біраз
кеңірек мағынаны білдіреді. Әрине, суыққа төзімділік қысқа төзімділіктің
маңызды бір бөлігі болып есептеледі.
Қыстап шығатын өсімдіктер мұз қабыршақ әсерінен, борсудан, дүмпуден,
тұншығудан, судың булануынан залалданады.
Өз кезінде А. А. Рихтер және А. И. Гречушников егістікте жасанды мұз
қабыршағының әсерінен өсімдік клеткаларында оттегінің жетіспеуінен спирт
пайда болатындығын байқады. Бірақ И. И. Тумановтың тәжірибелерінде мұз
қабыршағының астындағы оттек мөлшері 20% шамасында болатындығы, яғни
өсімдік оның тапшылығынан зақымданбайтындығы дәлелденді. Өсімдік денесінде
тыныс алудың анаэробтық күйге ауысуы оттегінің концентрациясы 9,2 % шамада
болғанда ғана байқалады.
Қыста қар қалың жауып және ол ұзақ уақыт сақталатын аудандарда күздік
дақылдар борсу ауруына шалдығады. Осындай жағдайларда да өсімдіктердің
залалдануы оттегінің жетіспеуіне байланысты деп есептелінеді. Бірақ, арнайы
тәжірибиелердің нәтижесінде қардың қалыңдығы 50-100 см болған жағдайдың
өзінде де, топырақ бетіндегі оттек мөлшері 20% -тен кем болмайтындығы
байқалды.
Ф – ОБ – 001035
Өсімдіктердің борсудан залалдануына көмірсулардың шамадан тыс азаюына
байланысты жүдеуі және саңырауқұлақ ауруына шалдығуы себепші болады.
Өсімдіктердің дүмпуі тамыр жүйесінің үзілуіне байланысты. Бұндай
жағдай күшті үскіріктерде топырақтың үстіңгі қабатының қатып қалғандығынан
байқалады. Көптеген өсімдіктерде қысқы сусызданудан қорғайтын
бейімделушілік белгілері қалыптасады. Мысалы, мәңгі жасыл өсімдіктерде
ксероморфтылық қасиеттері қалыптасып, жапырақтары түсіп қалады. Қылқанды
өсімдіктерде устьицалар бітеліп қалады да, тығыз кутикула арқылы су онша
көп буланбайды.
2.2. Өсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігі.
Қуаңшылық және оған төзімділік туралы жалпы ұғымдар. Күн нұрының
әсерінен гидросфера, литосфера және атмосфераның қызуына байланысты, ауа
ағынының өзгеруі нәтижесінде жер шарының әр түрлі аймақтарында қуаңшылық
құбылысы жиі кездеседі.
Көптеген ғалымдар қуаңшылық құбылысына өздерінше әртүрлі анықтамалар
беріп келді. Солардың ішіндегі ең алғашқыларының бірі П. И. Броунов
қуаңшылықтағы атмосфераның, қысымның шамадан тыс жоғарылауына байланысты,
қалыпсыз құрғақшылық кезеңі деп сипаттады. Оның ұйғаруынша қуаңшылық өте
күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа мерзімді деп бөлінеді.
А.А. Каминский өз еңбегінде қуаңшылықты ауа райы біршама жылынғаннан
кейін шаңқай түстік температура ұдайы жоғарылайтын кезең деп сипаттайды. Ол
бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде қуаңшылықтың мынадай екі түрі болатындығы
көрсетті.
1. Оңтүстік – Шығыс, Орал және Батыс Сібірге тән, оңтүстіктегі
атмосфераның тұрақты жоғарылығына байланысты қуаңшылық.
Ф – ОБ – 001035
2. Төмен қысымды өлкелерде, олардан солтүстікке қарай антициклондар
болғанда байқалатын қуаңшылық.
Соңғысы Орта Азия және Қазақстанға тән. Көпшілік жағдайда қуаңшылық
кезінде аңызақ та қатар байқалады. Сонымен қатар, мұнар да (ауаның шаң-
тозаңнан тұмандануы) қуаңшылықтың жағымсыз әсерін күшейте түседі.
А.М. Шулгиннің (1978) ұйғаруынша қуаңшылық ұзақ уақыт жауын – шашын
болмай, ауа температурасы жоғарылап, булану процесі күшейіп, топырақтың
және атмосфераның ылғалдылығы азаюынан өсімдіктер өнімділігі төмендейтін
құбылыс деп анықталды.
Бұл анықтамадан қуаңшылық атмосфералық және топырақ қуаңшылығы болып
бөлінетіндігін, олардың өзара байланысты болатындығын байқауға болады.
П.А. Генкель (1982) метеорологиялық факторлардың маңызын өсімдіктердің
күйімен байланыстыра отырып, қуаңшылықты биометриологиялық құбылыс ретінде
төмендегіше анықтауды ұсынды. Қуаңшылық ұзаққа созылған немесе қысқа
мерзімді жауын – шашынсыз, ауа температурасы мен ылғал тапшылығы жоғарылап,
өсімдіктер шамадан тыс сусызданып, қызуы нәтижесінде залалданып, өнімділігі
төмендеп, кейде түгел қурап өліп қалатын кезең деп сипаттады.
Қуаңшылық өсімдіктерге екі жақты әсер етеді:
1. Өсімдік денесінің температурасын жоғарылатады.
2. Сусыздандырады (су тапшылығы немесе солу).
Сонымен қуаңшылыққа төзімділік өсімдіктің қызуға және сусыздануға
төтептілігі болып есептеледі. Осыған сәйкес ыстыққа төзімділік және
қуаңшылыққа төзімділік деген екі ұғым пайда болады.
Осы анықтамаларға сүйене отырып, өзінің онтогенезінде қуаңшылық
әсеріне бейімделгіш және сондай жағдайларда қалыпты өсіп-дамуын және
тұқымдануын эволюция процесінде тіршілік жағдайларының әсерінен және
Ф – ОБ – 001035
табиғи сұрыптану нәтижесінде пайда болған қасиеттеріне байланысты жүзеге
асыра алатын өсімдіктерді қуаңшылыққа төзімді деп атауға болады.
Қуаңшылықтың өсімдіктегі физиологиялық және биохимиялық процестерге
әсері. Қуаңшылықтың жағымсыз әсері, ең алдымен, өсімдіктегі су алмасу
процесінде байқалады. Топырақ қуаңшылығынан клеткалар және ұлпалар
бойындағы су азайып, сусызданады, өсімдікте су тапшылығы пайда болады.
Кейде төмендеу су тапшылығынан өсімдік организмінің тіршілік әрекеттерінде
онша бұзылыс байқалмайды. Бірақ су тапшылығы белгілі деңгейден асып кетсе,
өсімдік залалдана бастайды.
Су тапшылығы деген ұғым - өсімдік суға толық қанығуы үшін жетіспейтін
судың пайызбен белгіленетін бөлігі. Мысалы, өсімдік толық қаныққан күйде,
оның ылғал салмағының 100 г-нда судың мөлшері 90 г, ал қанықпаған күйде –
70 г болсын делік. Сонда су тапшылығы – 90-70 = 20 г немесе (90 – 100% 20
– х%) шамамен 22 %-ке тең болады.
Сонымен, қуаңшылыққа онша мойымай, өсуі мен дамуын, физиологиялық,
биохимиялық процестерін онша әлсіретпей, өнімділігін төмендетпейтін
өсімдіктер қуаңшылыққа төзімді деп аталады.
Өсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігін анықтау және арттыру әдістері.
Өсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігін алдын – ала болжаудың және
анықтаудың тікелей және жанама әдістері бар.
Табиғи жағдайда атмосфера мен топырақ қуаңшылығы жыл сайын бола
бермейтін құбылыс. Сондықтан қуаңшылықты қолдан жасау мақсатында құрғатқыш
шатырлар қолданылады. Оның айналасынан тереңдігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz