Қарапайым өсімдіктер тобының топырақ қасиеттеріне әсері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қарапайым өсімдіктер тобының топырақ қасиеттеріне әсері. Топырақ
профиліне микроорганизмдердің бөлінуі. Қарапайымдылар. Топырақ жәндіктері.

Топырақ түзілуі құбылысына алғашқы болып қатысқан бактериялар мен
балдырлар. Олардың өлуінің нәтижесінде тау жыныстары органикалық заттармен
байытылып кейін борпылдақ, ұнтақталған, қопыстылған үгілу қабатында топырақ
түзілу процесстің негізі қаланды және басқа ағзалардың өсіп дамуына жағдай
жасалды. (Мүктер, қырық буындар, плауындар, қырық жапырақтектестер). Қазір
топырақ жүйесінде жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататын ашық жабық тұқымды
өсімдік тобының пайда болу нәтижесінде топырақ түзілу құбылысы әрі қарай
дамып жатыр.
Топырақ профиліне мекендейтін микроорганизмдердің саналуан түрлері бар
және олар әр түрлі систематикалық топтарға жіктелген. Негізгі өкілдеріне
бактериялар, актиномецеттер, саңырауқұлақтар және микроскопиялық балдырлар
жатады. Аталғандардың арғы тегі өсімдік тектес ағзалар болғандықтан бұлар
қарапайым өсімдіктер тобына жатқызылған. Бұл топқа тін ерекшеліктері –
ағзалардың құрылысы өте қарапайым және түтікті ұлпасы жоқ. Кейбір ағзалар
фотосинтез арқылы тіршілік етеді. (балдырлар, жасыл балдырлар) , ал басым
көпшлігі сапрофиттер ретінде білінеді – яғни суда араласқан органикалық
қосындылармен немесе паразиттік жолмен қоректенеді. Тіршілік үшін оттегі
қажет ететін бактерияларды аэропты деп атайды. Олар органикалық заттарды
түгелдей тотықтырып минералды тұздарға айналдырады. Ауаны қажет етпейтін
бактериялар – анаэроптыларға жатады. Олар қанттар мен көмірсуларды жартылай
ыдыратып түрлі қышқылдарды өндіреді және ашытқы ретінде қызмет жасайды.
(Сүт қышқылы, сірке қышқылы, спи рт қышқылы бактериялар)
Автотропты бактериялар көбінесе тек миниралдық қосындылармен
қанағаттанады және өзіне қажетті көміртекті газдан ассимиляциялауға
қабілеті бар. Олардың әр түрі өзіне тән қатаң тотықсыздану процесті
атқарады:
1. Нитрефикатсиялаушы бактериялар – амонитұздарын азот қышқылына
тотықтырады.
2. Күкірті бактериялар - күкіртті сутекті күкірт қышқылына айналдырады.

3. Темір бактериялар – темір молекулаларды тотықтырады минералдық және
органикалық заттармен қоректене білетін автотроптарды – миксотроптар
деп атайды.
Топырақтағы микроарганизмдердің арасында вируспен факттар ерекше орын
алады. Вирустар өсімдіктер және жануарлармен паразиттік ара қатынаста
болады, ал факттар бұл қатынасты микроорганиздерде білдіреді. Топырақ
профиліне орналасқан микроағзаларды төменді схемамен елестетуге болады.

Қарапайымдылар. Топырақ жәндіктер

Осыдан 100 жыл бұрын топырақ құрамында қарапайым жануарлардың болу
мүмкіндігі үлкен күмән тудыратын. Бірақ А.Л.Броский, В.Ф.Николюн және
кейбір шетел ғалымдарының ізденістері. Микроскопиялық жануарлар үнемі
топырақ ортасында кездесетіндігін дәледеді. Олардың ролі туралы екі қарма-
қарсы пікір бар.
1. Қарапайымдар – топырақтағы микроорганизм дерге жағымсыз ықпал етеді.
2. В.Ф.Николюн бойынша амебалардың қатысуының барлық микробиологиялық
процесстер жылдам табылады, азыққа пайдаланған ескі бактериялар орнына
жас белсенді бактериялар келеді, және күрделі қосымдылар
қарапайымдарға айналады.
Топырақтағы қарапайым жәндіктердің барлығы бір клеткалы ағзалар көлемі
2-4 мк (майда) ірілері (50-150 мк) Амебадан бақалардың дене тұрқы
созылмалы қабықшамен қапталған. Жалғанаяқтардың, талшықтылардың,
кірпікшелердің көмегімен қозғалады. Жынысты және жыныссыз әдіспен көбейеді.

Негізгі өкілдері:
1. Тамыр аяқтылар (rizapoda) – амебалар. Клеткасы жәндіктердің
қабықшасыз. Протаплазмалық жалған өсімділердің көмегімен қоректенеді,
қозғалады. Кейбір амебалар бақалшақты құрастырады – батпақтарда
кездеседі. (талшықты амеба, кәдімгі амеба, сәулелі күнқұлақ,
бақалшақты амеба)
2. Талшықты жәндіктер (mastigophora немесе plagilaza) бір, екі немесе
бірнеше талшықтардың жәрдемімен қозғалады. Олар дененің алдыңғы
жағында орналасқан өсімдіктекті түрлері де бар – хламидаманада, жасыл
эвглена – олар балдырлар тобына жатады. Жануар текті талшықтылардың
басым бөлігі паразиттік жолмен сапрофит ретінде тіршілік етуге
бейімділген. Хромотофор (бояғыш зат) болмайды. Жыныссыз көбейеді.
Топырақта Bodo, Cercomonos сияқты екі талшықты түрлері кездеседі.
Өкілдері: түншырақ, лямбия,трипанасома, бодо, лишмания.
3. Кірпікшелілер немесе инфузориялар (Infusoria немесе Ciliata).

Алғашқыда түнба суда табылған бір клеткалы жәндіктер денесін
крпікшелер қаптайды. Ауыздың ойпаты және жұтқыншақ арқылы, кірпікшелердің
көмегімен азықты жұтады. Жынысты, жыныссыз жолсмен көбейеді. Өкілдері:
кірпікшелі кебізше, күреукелі кірпікше, морже, балантидии, опалина, сувойка
т.б.
Қарапайымдардан басқа топырақта көптеген омыртқасыз ірі жәндіктердің
түрлері мекендейді – жауын құрттар, бунақ денілілер және олардың
лишинкалары, кенелер, молюскалар, нематоптар. Бұлар керагин, хитин,
клетчатка сияқты тұрақты қалдықтарды ыдыратып оларға қарапайымдардың әсер
етуін жеңілдетеді.

Топырақ саңырауқұлақтардың систематикасының жалпы сипаттамасы. Топырақ
ашытқылары.

Саңырауқұлақтардың – ерекше белгілеріне қарай (Өсімдіктерге және
жануарларға тән ұқсастықтар) табиғи тәуелсіз тобын құрастырады . Олардың
қалдықтары ежелгі геологиялық қабаттарынан табылып отыр. Жүз мыңнан астам
түрлер белгілі. Кез-келген жерлерде кеңінен таралған.

Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге тән ерекшелктері:

өсімді (вегетативті) денесі бір орыннан қозғалмайды, өсу барысында
тарамдалады, жасушасы қалың қабықшамен қапталған қоректік затты денесімен
сорады.

Саңырауқұлақтардың жануарларға тән ерекшеліктері:

Хлоропластары жоқ, қоректік затты өз жасушасында түзе алмайды, бунақ
денелілерге ұқсас жасушасы ақуызды –хитинді қабықшамен қапталған. Қоректік
қор заты жасушасында гликоген түрінде жиналады (грек. Гликис – тәтті, инос
шығу тегі, яғни тәтті зат)

Топырақта үнемі әртүрлі саңырауқұлақтардың ағзалар көп мөлшерде
кездеседі. Бір жағынан олар микроскопиялық ашытқы немесе зең
саңырауқұлақтар. Екінші жағынан үлкен денелі қалпақшалы саңырауқұлақтармен
білінеді. Сонымен бірге олардың барлығына ортақ, ұқсас ерекшеліктер тән.
Өсімдік түссіз әрі тарамдалған лицейден (жіпшелерден) тұрады. Ол жіңішке
жіпшелерден түзілген (гифтер) және солар арқылы тарамдалып өседі.

Саңырауқұлақтарды 2 топқа бөледі:

1. Төменгі сатыдағы –мицелий бір жасушалы (ашытқы зең саңырауқұлақтар)
2. Жоғары сатыдағы- мицелий көп жасушалы (қалпақша
саңырауқұлақтар)
Бактерия мен актиномициттерге қарағанда с-р жоғары дамыған. Мұнда
ядросы қалыптасқан және ол ядролық қабықшамен қапталған. Жоғарыда
айтылғандай мицелий құрылысында ортақ ұқсастықтар мицелий болғанымен, көбею
тәсілдерінде әр типке жататын саңырауқұлақтарда түрлі ерекшеліктер орын
аладын

Саңырауқұлақтар 1) өсімді (вегетативті); 2) жыныссыз; 3) жынысты
жолмен көбейеді

1. Вегетативті- Жіпшелері (гифтер) үзіліп, әрқайсысынан мицейде
(жіпшумақта) бүртіктер пайда болады (ашытқы саңырауқұлақтар) кейін
олар бөлініп өз алдына тіршілік етеді.
2. Жыныссыз- зооспора, спора, конилдий арқылы өтеді.
3. Жынысты- екі гамета (жыныс жасуша) қосылуынан ерекше жасуша
(зигота-грек. бірге қосылу) түзілу арқылы жүреді.
Барлық саңырауқұлақтар аэробты ағзаларға жатады. 5°-40°С аралығында
жақсы өседі. (25°-30°С). Бірақ арасында психрофил (-)мен термофилдар (+)
кездеседі. С-дың көпшілігі топырақтың қышқыл реакциясын қалайды. Сонымен
бірге бейтарап реакциясы бар топырақтарда жақсы өсе береді.

Барлық саңырауқұлақтардың ағзалар 2 типке жіктеледі

І. Нағыз саңырауқұлақтар (тип Eumycophyta)

ІІ. Слекейлі зеңдер (тип Myxomycophyta)

Нағыз саңырауқұлақтар 5 кл бөлінеді

1. Саңырауқұлақты –балдырлар (Phycomycetes)
Мицелий бір клеткалы көп ядролы перделенген, жынысты жолмен көбейеді.
Топырақта кездесетін ағзалардың көпшілігі Mucor, Rhizopus, Moptiepella,
Phutophopa ТУЫСТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ

2 Қалталы саңырауқұлақтар (Ascomycetes)
Мицелий көпклеткалы көбею тәсілі – жынысты жыныссыз. Топырақта кең тараған
Penicillum, Aspergilus, Chaetomium туыстардың өкілдері. Қалталы
саңырауқұлақтарға ашытқыларда жатады. Бұд ағзалар бірклеткалы және
вегетативті жолмен көбейеді.

Пеницилдің 2 түрінен пеницилин дәрісі ал аспергилдің бір түрінен
лимон қышқылы алынады. Бұлар табиғатта тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
Зең саңырауқұлақтар тобына жатқан соң зияны да бар. Жеміс жидек, дәнді
дақылдарды бақша дақылдарды шірітеді.

Ашытқы саңырауқұлақтар қымыз, сүт, шарап, сүрлем, нан ашытуға
пайдаланады (қантты саңырауқұлақтар немесе сахаромициттер) Кейде зияны да
байқалады. Мысалы Мукордың кейбір түрлері ауыл шаруаш-ды дақылдарды
шірітеді адам мен малдың арасында ауру туғызады.

3. Базидиалдық саңырауқұлақтар (Basidiomyctes) Қаралып жатқан топтың
жоғары ұйымдасқан ағзалар мицел көпклеткалы. Жынысты көбеюі базидио
споралардың көмегімен жүзеге асады. Дене тұрқы әр түрлі (микроскоп көлемде
және ірі көлемде қалпақшалы саңырауқұлақтар)Базид саңырауқұлақтар-белсенді
түрде клеткалы ыдыратуға көмегі бар. Соның арқасында кейде ірі көлемдегі
ағаштар түбімен жасалады.

Мысалыған үйлі саңырауқұлақ немесе Meculius lacrimans. Кейбір
түрлері дәнді дақылдардың арасында қауіпті аурулардың қоздыртқышы ретінде
білінеді.

4. Толық дамымаған (несовершенные) саңырауқұлақтар (fungi) Жыныссыз
жолмен конидиялары арқылы көбейеді. Топырақта кең тараған негізгі өкілдері
Cephalospopium Trichoderma, Cladospofium, Alternaric туыстары жатады. Бұл
ағзалар органикалық заттарды ыдыратушыларға және ұсақ жұмыр құрттардың
антогонистер ретінде қызмет атқарады.

5. Залалсыз саңырауқұлақтар (Mucelia Stepilis) мицелийдің үзінділері
арқылы яғни вегетативтік жолмен көбейеді. Споралар мен гаметалар
анықталмаған.

ІІ. Миксомицеттер немесе слекейле зеңдер (Myxomycophyta) Сілекейлі
дене ретінде тіршілік етеді. Амебалар ұқсап жалған аяқтармен қозғалады.
Жыныссыз жолмен споралар арқылы көбейеді. Негізгі өкілі Rhizophyctis rosea
mon құрамында жиі кездеседі клетканы ыдыратушы ретінде білінеді, және
өсімдіктердің арасында түрлі ауруларды қоздырады (кила капуста).

Топырақ профиліне орналасқан балдырлардың жалпы сипаттамасы

Қыналар. Негізгі түрлері қыналар биоценозы

Қыналар ерекше құрылымды тірі ағза. Денесі екі құрамдас бөліктерден
құралған (балдыр және саңырауқұлақ). Сондықтан соңғы кезде оларды төменгі
сатыдағы өсімдіктер тобына жатқызбастан, саңырауқұлақтар дүниесінің жеке
бөлімі ретінде өз алдына қарастырады.

Қынаның денесі сырттай тұтас өсімдік болып байқалғанымен балдыр мен
саңырауқұлақтың бір-бірімен селбесуінен құралған. Саңырауқұлақтың жіпшұмағы
(шицелий) көк-жасыл балдырды орап жатады және жіпшелерімен (гифтар) қынаны
төсемікке орнықтырады.

Күні бүгінде қынаның 26 мыңға жуық түрі белгілі. Оларды зерттейтін
сала лихенология (грекше: Linen-қына) деп аталады. Қыналар кез келген
жерлерде (тастың үстінде, шөлді, шөлейтті аймақтарды, тундрада және
орманды) алқаптарда кездеседі. Бұлай таралу себебі: қолайсыз жағдайда
қыналар уақытша анабиоз күйге түседі, кейіннен қалпына келіп тіршілігін
қайта жалғастырады.

Сыртқы пішініне қарай қыналар 3 топқа бөлінеді:

1) Қабық (қаспақ) тәрізді қыналар. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып, жұқа
қабыққа ұқсас болып өседі.
2) Жапырақ тәрізді қыналар. Жапырақ пішініне ұқсас, ағаш түбіріне жабысып
өседі.
3) Бұта тәрізді қыналар. Қарағайлы орманда төсемікте бұталанып. Жайылып
өседі. Негізгі түрлері (құрттәрізді қына, пелтигера, бұғықына,
цетририя, кладония)
Қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, симбиоздың арқасында
тіршілік етуінен пайда болады. Яғни саңырауқұлақтың жіпшелері (гифтер)
балдырларға су және минералды заттарды жеткізіп береді. Өздері балдырлардың
көмегімен фотосинтез нәтижесінде түзілген пайдалы заттармен қоректенеді.
Қына құрамындағы саңырауқұлақтар тек қынада ғана жасай алады, балдырлар
болса жеке өз бетінше тіршілік ете береді.

Ғалымдардың қорытындысы бойынша қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар
балдырлармен паразиттік арақатынаста болуға бейімделген. Өйткені жеке
өсірілген жағдайда балдыр еркін дамып көбейген болса саңырауқұлақтар спора
түзбеген.

Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Денесіндегі қабықшасында жарықтар пайда
болып одан түскен жіпшелеудің бөліктерінен жаңа қына өсіп жетіледі. Қыналар
тек жары жерде өседі. Ластанған ортаға өте төзімсіз (орта тазалығының
индикаторы есебінде пайдаланады)

Ерте заманда тай жыныстардың, тастардың, суыған жанартау қалдықтарының
бетіне алғаш қонысталған ағзалардың бірі осы қыналар. Өсіп тұрған жеріне
қына қышқылын бөліп тасты үгітеді, кейін сол жерде топырақтың қалыптасуына,
жоғарғы сатыдағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқабақ тұқымдасының биологиялық ерекшеліктері
Жерді қорғау және тиімді пайдалану
Топырақтың минералды коллоидтары
Өсімдіктердің топырақ қасиеттеріне әсері. топырақ профиліне микроорганизмдердің бөлінуі. қарапайымдылар. топырақ жәндіктері
Өсімдіктердің топырақ қасиеттеріне әсері
Топырақтардың құрамы
Топырақтың физикалық құрамы
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»
Топырақ эрозиясы және онынен күресу шаралары
Қуаңшылық және оған төзімділік туралы жалпы ұғымдар
Пәндер