Бұл кеселге өтқуық және өт жолдарына тас пайда болуы тән


Өт тас ауруы.
Бұл кеселге өтқуық және өт жолдарына тас пайда болуы тән. Кеңінен жайылған, әсіресе Батыс Европа және АҚШ-да. 10-15% халықтың өт қуығында тас бар, ал 70 жастан кейін әр үшінші тұрғында байқалады. Әйелдер жиі ауырады. 90% оқиғада тас “тасымалдаушылар” ӨТА-мен азаптанбайды.
Этиопатогенезі.
Үш негізгі себебін болжамдаймыз:
- Инфекция жоғарылама (АІЖ-ң аурулары) немесе гематогенді (төмендеген) жолдарымен кіреді.
- Алмасу (метаболизмдік) процесстер.
Өт құрамында өт қышқылдары мен холестерин деңгейі арасындағы ара қатынасқа көкейкесті маңыз береміз, себебі қалыпты жағдайда ол 15 : 1 ге тең, ал ӨТА-да 6 : 1. Өт қышқылдарының аса азаюы өттен холестериннің түсуіне алып келеді. Өт қоюлығы және ондағы холестерин мен билирубиннің жоғары мөлшерілігінің маңызы зор.
- Өтқуық және өт жолдарындағы өт іркілісі.
Оның себептері: сирек тамақтану, ӨЖ-ң дискинезиясы, іш қату, метеоризм, жүктілік, тар киім - кешек кию, көрші ағзалармен дәнекерлену (перихолецистит) .
Өт тастарының түрлері.
- холестериндік - жеңіл домалақ, жалғыз басты, суға батпайды;
- пигменттік - жұмсақ, көптеген, ірі емес, домалақ немесе тегіс емес, қара түсті мөлдір көк реңді;
- аралас - көптеген, әр түрлі, суға батады.
Клиникасы.
І этапта айқындаймыз:
- өт немесе бауыр коликасы (шаншу) - оң қабырға астының қарқынды ұстамалы ауырсынуы, оң иығы және жауырына таралуымен, оның ұзақтығы 5-10 минуттан 2-3 күнге дейін;
- ұстаманы арандатушылар: майлы мол тамақ және алкоголь қабылдау, суықтану, эмоция, физикалық күш, жүктілік, сілкіл жол, mensіs т. б. ;
- коликамен ере жүреді: ықылық, жүрек айну, өтпен құсу, метеоризм, ауызында ащы дәм.
ІІ этапта:
- оң қабырға астының ауырсынуы және тартылуы;
- ысытпа 1-2 сағаттан 1, 5 күнге дейін;
- оң мәнді Кер, Лепене, Греков-Ортнер және Курвуазье белгілері;
- мүмкін аз-маз сарғаю, күнгірт несеп, ағарған нәжіс.
ІІІ этапта:
- рентгензерттеу (холецистография) және УДЗ: өтқуықта өт тастарының көлеңкелері;
- ұлтабар сөлінде - майда тас және холестерин кристаллдары;
- нәжісте - өт тастары;
- асқазан сөлінде - ерікті тұз қышқылы жоқ немесе деңгейі төмен.
Асқынулары.
- Өтқуық мойынының және өтқуық жолының бітелуі (өтқуық шемені немесе іріңдігі пайда болуы мүмкін) .
- Жалпы өт жолының бітелуі. Механикалық сарғаю дамиды; тері қышымасы, брадикардия, гипотония пайда болады.
3. Өт жолдарының инфекциялы қабынуы; холецистит және холангит дамуымен.
Болжамы.
Салыстырмалы қолайлы, бірақ қауыпты асқынуларды беруі мүмкін.
Алдын алу:
- бейімдеуші факторларды жою (өт іркілісі, іш қату, инфекция) ;
- құрамында холестерин мөлшері жоғары тағамдарды шығару;
- асқазан - ішек ауруларын ескерту;
- жұқпалы ошақтарды жою.
Өт коликасында жедел жәрдем көрсету:
- Морфин (промедол) 1%-1, 0 + атропин 0, 1%-0, 5 мл к/т немесе таламонал 2-3 мл к/т, б/е.
- Баралгин немесе спазмалгон 5-10 мл к/т, б/е.
- Платифиллин 0, 2%- 1-2 мл немесе но-шпа 2, 0 к/т. б/е.
- Оң қабырға астына жылытқыш.
Ем үлгісі.
- Режим: азанғы гимнастика, жүріс, ЕФК.
- Диета N 5: мол сұйықтық.
- Арасан сулары: боржом, есентуки 1 ст х 2-3 рет жылы түрде.
- Спазмолитиктер: но-шпа 0, 04 х 3 рет.
- Өт айдаушылар.
- Витамин және биоынталандырушылар.
- Розанол 2-3 капс х 3 рет астан 30 минут бұрын (2-4 апта) .
- Оперативтік ем - асқынулар болса, жиі ауырса.
- Санаторлы - курорттық ем.
Өт қуығында тас пайда болу ауруын (ӨҚТПА-ның) асқынбаған түрін емдеу тәсілдері
Жалпы өт қуығында тас пайда болу ауруын және оның әртүрлі асқынуларын емдеу өте күрделі және актуальді проблемалар катарынан орын алуда. Оның себебі, бірішіден, жоғарыда айтылғандай, ӨҚТПА-ымен зардап шегетіндердің саны жылдан жылға көбеюде болса, екіншіден, өкінішке орай, оның қауіпті асқынулары пайызының жоғарылауында. Осылармен қатар, ауруханаға сырқаттың әртүрлі асқынулармен түскен ауру адамдар көбінесе орта жастан асқан немесе кәрі және кәртәміш жастағылар. Ал бұл жастағы ауру адамдардың бойында, негізгі ауруымен бірге, басқа да сырқаттар кездесіп, олар негізгі аурудың барысын күрделендіріп, пациенттің жағдайын ауырлата түседі және емдеу көрсеткіштерін де төмендетеді. Міне осы айтылған деректер хирургтердің ойын холелитиазды және оның асқынуларын емдеу көрсеткіштерін жақсартып, оны жақсы деңгейге жеткізетін жолдар іздеуге бағыттайды.
Бүгінгі таңда ӨҚТПА-ының асқынбаған түрін емдейтін тәсілдерді негізгі екі топқа бөлуге болады.
1. Консервативтік тәсілдер:
а) дәрі-дәрмектермен емдеу;
б) физикалық құбылыстарды колдану арқылы емдеу.
2. Хирургиялық тәсілдер:
а) дәстүрлі операция жасау арқылы емдеу;
б) эңдоскопиялық аспаптармен операция жасау арқылы емдеу (эңдоскопиялық хирургия) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz