Күздік бидайдың қатты қара күйесі


Күздік бидайдың қатты қара күйесі.
Қоздырғыштары - Tiletia caries - споралары торлы қабықты, пішіні шар тәрізді, диаметрі 14 . . . 22 мкм және Tiletia levis - споралары дұрыс емес домалақ, көлденең қимасының диаметрі 15 . . . 23 мкм немесе ұзынша пішінді, мөлшері - (17 . . . 25) (14 . . . 19) мкм, қабығы тегіс. Қоздырғыш негізінен жатынды залалдайды. Масақта дән орнында сұр қабықты телиоспоралардан тұратын қара күйе қапшықшасы түзіледі. Қапшықшаны жаншығанда ішінен қара қоңыр түсті тұзды балықтың иісі бар майлы массадан тұратын споралар шығады. Өсімдік өскіні топырақта колептиле арқылы залалданады. Саңырауқұлақ споралары дән бетінде, өсімдік қалдықтарында, топырақта қыстайды бірақ топырақтағы споралар түрлі микроорганизмдер әсерінен ыдырап, ұзақ сақталмайды. Сондықтан да телиоспоралар жаздық бидайдың артынша себілген күздікті залалдайды. Сонымен қатар тұқым себетін машиналар, қолданылған құралдар инфекция қоры болуы мүмкін.
Аурудың белгісі дәннің сүттене бастаған кезінен білінеді. Залалданған масақтар иілмей тік тұрады, қабығы мен мұртшалары тікірейіп, масақ жуандау болып көрінеді, түсі сұрғылт күлгін. Егер осындай дәнді жаншыса, одан сұрғылт иісті сұйық ағады. Ауру масақта дән орнында қара спора массасына толған қалташықтар түзіледі.
Тозаңды қара күйесі.
Қоздырғышы - Ustilago tritici Jens. саңырауқұлағы. Телиоспоралары шар, кейде сопақша немесе бұрышты, түсі зәйтүн-қоңыр, ұсақ, қабығы тікенекті. Телиоспоралары ауа арқылы бидай гүлінің аналығына түсіп фрагмобазидияларға өніп, екі-екіден қосылған диплоидты жіпшелер ұрыққа еніп, тұқым ішінде, тұқым қабығының перикарпийінде немесе эндоспермінде сақталады. Заладанған тұқымның сау тұқымнан сырттай айырмашылығы болмайды. Сонымен бидайдың тозаңды қара күйе қоздырғышымен алғашқы залалдануы гүлі арқылы өтіп, тұқым ішінде саңрауқұлақ тіршілігін 3 жылдан аса сақтайды.
Көктемде саңырауқұлақ жіпшелері активтеніп, тұқымнан өнген бидай өскінін қайталап залалдайды. Қоздырғыш жіпшелері өсімдіктің барлық бөлігіне таралады. Өсімдіктің масағы құрыла бастағанда жіпшумақ қатты дамып, жуандап пішінсіз массаға айнадып, кейін одан телиоспоралар түзіледі. Кеселдің белгісі өсімдіктің масақтану кезеңінде білінеді. Масақтың өзегінен басқа бөліктері түгел залалданады. Масақ соңғы жапырақ қабатынан шыға бастағанда оның орнына қара, тозаңды спора массасы көрінеді.
Бидай сабағының қара күйесі. Ауру қоздырғышы - Urocystis tritici Koern. саңырауқұлағы. Телиоспоралары топтасып түйін құрады. Түйіннің ортасында 1-5 жетілген, ал шет жағында 15-20 жетілмеген споралар тобы орналасады. Споралар пішіні шар тәрізді, диаметрі 7-10 мкм, жетілгендері - қоңыр, ал жетілмегендері ашық-сары түсті. Түзілген телиоспоралар бір айдан кейін өнеді. Олар бір клеткалы базидияға өніп, төбесінде 2-4 цилиндр тәрізді споралар түзіледі. Базидияспоралар базидиядан бөлінбестен инфекциялық жіпшеге өніп бидай өскінін залалдайды. Ауру қоры- спораланған тұқым және топырақ.
Өсімдіктің сабағы мен жапырақ қынабында ұзындығы 2 мм бірнеше см-ге дейін жолақты дөңестер пайда болады. Сау ұлпаларға қарағанда олардың түсі ақшылдау болып, кейін қорғасын-сұр түске айналады. Эпидермис шытынап жарылғанда телиоспоралардың қара массасы көрінеді. Өсімдіктің өсуі саябырлап, масақ орнына залалданған ұлпа тобы пайда болып, масақ қисаяды.
Ергежейлі қара күйесі.
Ауру қоздырғышы - Tilletia controversa Kuehn. саңырауқұлағы. Телиоспоралары шар тәрізді, қабығы торланған, сыртында түссіз шырышты қабаты бар, диаметрі 19-28 мкм. Түсі қара-қоңыр, ал жиынтығы қарайып көрінеді. Телиоспоралары топырақта 2-9 жылға дейін сақталады. Саңырауқұлақ телиоспоралары жеткілікті жарық, ауа, жоғары ылғалдылық пен төмен температура топырақтың беткі қабатында өне бастап бидай өскінін залалдайды. Сондықтан тұқым таяз себілген жағдайда өсімдік қатты залалданады. Телиоспоралар тұқымда, өсімдік қалдықтарында, топырақта, бидайық тамрларында сақталады.
Залалданған өсімдіктер аса түптеніп, көптеген сабақ түзеді. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің биіктігі сауларынан 2-4 есе аласа болады. Залалданған масақтар тығыздау, сәл қысқалау, иректеніп орналасады. Үрпиген масақшалардағы тығыз, қатты, қара күйелі дәндері масақта терең орнығып, кейде жапырақ пішінді екі қосымшалары болады.
Бидайдың үнді қара күйесі.
Қоздырғышы - Neovossia indica Mund. саңырауқұлағы. Телиоспоралары сопақша немесе шар тәрізді, диаметрі 18-40 мкм, қабығы қара-қошқыл, қоңырлау, торлы, өскіні түссіз. Споралар тыныштық кезеңінен кейін 15-25 градус температурада жуан базидияға өніп, онда 32-128 ұзынша, сәл иілген базидиоспоралар түзіледі. Кейде телиоспоралардан ұзындығы 10-200 мкм промицелий өніп, оның басында көптеген бір, екі клеткалы споридиялар түзіледі. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде
базидиоспоралар және споридиялар залалдайды. Саңырауқұлақ жіпшумағы өсімдікте диффузды дамымайды. Инфекция қоры - залалданған тұқым және топырақ.
Кеселдің ерекшелігі- масақ түгел залалданбай, көбінесе масақшаның жырашығы немесе ұрық бөлігі залалданып, қара күйе телиспора массасына айналады. Ауру өте қатты дамығанда ажырап, қара күйелі жағымсыз, шіріген балық иісті дәндер масақтан топыраққа түседі.
Бидайдың қоңыр таты
. Ауру қоздырғышы - Puccinia recordita Rob. Et Desm. F. tritici Eriks. саңырауқұлағы. Қоздырғыштың дамуы толық циклды, эций кезеңі аралық өсімдік - маралотында дамып, онда спермагонийлер мен эцийлер түзіледі. Спермагоний жапырақтың үстіңгі бетінде, ал түссіз сүйел тәрізді эцийлер топтанып алдыңғы бетінде түзіледі де жаздың бас кезеңінде дамып, эциоспоралары негізгі дақылды залалдайды.
Өсімдіктің ауруға шалдыққан мүшелерінде урединийлер түзіледі. вегетациялық кезеңде урединиоспоралар бірнеше, ал Қазақстанның солтүстігінде 10 ұрпаққа дейін береді. Саңырауқұлатың урединиоспоралары домалақ немесе эллипс тәрізді, көлемі 18-29х17-22 мкм, қабығы ашық-қоңыр, сәл тікенекті, 8-10 өнгіш саңлаулары бар. Урединиоспоралар қолайлы жағдайда, су тамшысы және 18-20 градус температурада өнеді.
Вегетацияның соңында урединийлердің орнында телий бөртпелер түзіледі. телиоспоралары ұзынша шоқпар тәрізді, төбесі тегіс, көлемі 30-42х14-17 мкм, төменгі клеткасы жоғарғысына қарағанда ұзындау және жіңішкелеу, сабағы мен пердесінің түсі қоңырлау, өнгіш саңлауы білінбейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz