П. П. СЕМОНОВ ТЯН- ШАНСКИЙ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕУШІ


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

П. П. СЕМОНОВ ТЯН- ШАНСКИЙ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕУШІ

П. П Семонов ХІХ ғасырдың 50 жылдарының басында - ақ Тянь - Шаньды зерттеуді алдына мақсат етіп қойған - ды. Ол былай деп жазды: «Азияның ішкі аймағына еніп, адам баласының ойы жетпесе қолы жетпейтін осынау бір заңғардың қар басқан шоқыларына шығу, қытайлық мардымсыз мағлұматтарға сүйеніп . . . ұлы Гумбольдт вулкандардан жаратылған деп есептеген алыптың сынықтарынан оған бірнеше түрлерін, ал үйге ғылым үшін ашылған бимәлім өлкенің өсімдіктері мен жануарларының ұшан - теңіз түрлерін жинап әкелу - міне, менің арман тұтқан ең еренерлігім осы еді».

Ол кезде европалық ғылымда Орта Азия тауларының жаратылысы жөнінде атақты ғалымның көзқарастары үстемдік етіп тұрғанды. Тянь - Шаньды А. Гумбольдт биік шрқыларында Альпи мұздықтары жатқан, Түркістаннан бастап Монғолияға дейінгі өн бойында от шашқан вулкандары бар заңғар қарлы жота деп түсінді.

П. П. Семеновқа ғылымда белең алған жаңағыдай жаңсақ ұғымға тойтарыс беруге тура келді.

П. П. Семенов Тянь - Шань мен Қазақстан территориясын зерттеуге 1856 - 1857 жылдары кірісті. 1856 жылғы майда экспедицияға шыққан ол июньде Барнаул қаласында жұмысын бастап, одан Алтайдың батыс аймақтарында болып, Семей қаласы арқылы Верный (қазіргі Алматы) қаласына аттанды.

«Семейден бастап Қапал бекінісіне дейін бүкіл кеңбайтақ әрі өзіндік қызғылықты ерекшеліктері ұлан - асыр елді аралап, топырақ өңдеу ғылымының мүдделері талап еткен жерлердің бәріне аялдап, асықпай - саспай жүріп өттім. Екі жерде биік таулардың мәңгі қар жатқан шоқыларына, атап айтқанда Қапалдың түбіндегі Қаратау тізбегінің және Қапалдан әлдеқайда шалғайдағы Көксу өзенінің маңындағы Аламақ сілемінің ұшар басына шығудың сәті түсті», - деп жазды, П. П. Семенов Орыс Географиялық қоғамы Советіне жолдаған алғашқы хатында.

П. П. Семенов Верный қаласынан екі жолы - Ыстықкөлге, бір жолы - Құлжа қаласына сапарға шықты. Алғашқы сапары Іле Алатауының тау асулары арқылы Ыстықкөлдің шығыс пұшпағына дейін созылса - да, екіншісінде Қастек асуынан өтіп, Боам шатқалына барды. Қайтар жолында П. П. Семенов Күнгей және Іле Алатауының ең биік асуларын басып өтті.

1857 жылы П. П. Семонов Теріскей Алатау жотасын кесіп өтіп, Тянь - Шань сыртындағы биік адырларға шықты. Сөйтіп оған Сырдарияның негізгі тармағы - Нарын өзенінің жоғары сағасын тауып ашудың сәті түсті. Содан соң саяхатшы Тянь - Шаньды неғұрлым күрделі әрі қиын екінші бір маршрут бойынша - Қарқара мен Көкжар өзендерінің алқаптарын бойлай отырып қиып өтті де, Хантәңірі тау тізбегін көрді. Сарыжаз өзенінің бастауында болып, П. П. Семенов Хантәңірінің солтүстік беткейіндегі мұзарттарды тауып ашты. Қайта оралған сапарында ол Іле және Жоңғар Алатауын, Іле алқабындағы Қату деген жерді және Алакөл көлін зерттеді.

Өз зерттеулерінің қорытындылары бойынша П. П. Семенов 1857 жылы екі жазба есебін жариялады. 1867 жылы «Орыс Географиялық қоғамының жазбаларында» ол жолсапар күнделігінен үзінді бастырды. 1885 жылы «Аспанмен тілдескен тау және Іле өлкесі» деген тағы бір мақаласын жарыққа шығарды.

П. П. Семенов өз сапарларының кейбір мағлұматтарын «Географиялық - статистикалық сөздікте» және К. Риттердің «Азия жер тану» атты еңбегінің үшінші томына берілген қосымшада пайдаланды.

Советтік Тянь - Шаньдың дені Қазақстан территориясында орналасқан, сондықтан Тянь - Шаньды зерттеу тарихына Қазақстанды физикалық - географиялық тұрғыдан танып - білу тарихының біртұтас құрамды бөлігі деп қараған дұрыс. П. П. Семеновтың тарихқа мәлім атақты сапарына Верный қаласында әзірленіп, оны солтүстік Тянь - Шаньнан - Іле Алатауынан бастауының өзі осының айғағы іспеттес. Ғалымның Ханңіріге сапары да Қазақстанның оңтүстік - шығысы арқылы - Қарқара мен Көкжар өзендерінің алқаптарымен өткені де баршаға аян.

«Азия жертануының» екінші томына жазған алғысөзінде П. П. Семеновтың өзі де саяхаттарының басты қорытындыларын саралап атап көрсете келіп: «Бұл нәтижелер Азия жерін танудың аса маңызды үш мәселесін, атап айтқанда: а) аспанмен тілдескен таудағы қарлы белдеудің биіктігін; б) тауда Альпи мұздықтарының барлығын; в) тауда құбылыстардың бар - жоғын анықтауды қамтиды» - деп мәлімдеді.

П. П. Семенов Тянь - Шаньда қар сызығы 11 - 11. 5 мың фут (яғни 3350 - 3500 м) биіктікке дейін көтеріледі деген қағида ұсынды. Қар сызығының биіктігі туралы өзінің осы пікіріне дүдемал туғызған А. Гумбольдтпен ол пікір таластырды. А. Гумбольдт өз күдігін салыстырмалы мысалдармен дәлелдеді. Айтайлық, Тянь - Шаньмен бір парареллельде жатқан Пиренейде (солтүстік ендіктің 42 - 43 градусының аралығы) қар сызығының биіктігі 2250 м болса, Эльбурста (солтүстік ендіктің 43°) - 3080 м, ал Алтайда (солтүстік ендіктің 51° шамасында) 2000 м аспайды.

Жоғарыда келтірілген деректерге құлақ аса отырып, П. П. Семенов Тянь - Шаньдағы қар сызығының тым биік болу себебін климат жағдайының ерекшелектерімен байланыстырып, «Кавказ бен Алтайға қарағанда аспанмен таласқан заңғар тауда атмосфераның мейлінше құрғақтығынан» деп түсіндіреді. Осы орайда П. П. Семеновтың салыстырмалы - географиялық тәсілді шебер қолдана білгенін атап көрсеткен жөн.

Демек, Тянь - Шаньда «қар сызығының басқа таулардағыдай емес, соншалық биік» екенін П. П. Семенов география ғылымында тұңғыш рет айтты. Ең соңғы зерттеулер оның тұжырымына кейбір дәлме - дәлдіктер енгізді: қазір ішкі Тянь - Шаньда қар сызығының биіктігі 4200 - 5500 метрге жетеді де, Орталық Тянь - Шаньда 3800 - 4100 метрден аспайды.

Саяхатшы - ғалым Сарыжаз, Текес Ақсу және басқа өзендерді қоректендіріп жатқан бірқатар мұздықтарды ашты. Ол мұздықтардың кейбіреуін егжей - тегжейлі зерттеп жазды.

П. П. Семенов Тянь - Шаньда вулкан және вулкан жыныстарының жоқтығын анықтап дәлелдегенін айрықша атап өткен жөн. Тянь - Шаньда вулкандық құбылыс бар деп сол кезде ғылымда орын алған тұжырымға П. П. Семенов қарсы тұрып өз пікірін білдірді. Ғалым былай деп жазды: «Азиялықтардың вулкандық құбылыстар деп жүрген тұспалдарына ғалымдар сын көзімен әрі асқан сақтықпен қарауы керек, өйткені ол болжамдардың көпшілігі қазірдің өзінде - ақ негізсіз болып шығып отыр. Тағы бір ескертерім: Жоңғар өлкесі мен Тянь - Шаньды әбден аралап, көп нәрсені көкейге түйген өз басым Азияның осынау бір бөлігінде вулкан бар дегенге үлкен күдіктімін. Қалай болған күнде де, аспанмен таласқан шоқыны көзімен көріп қолымен үстаған бірден - бір адам ретінде мен бұл вулкандардың бар екені ешбір күмән туғызбайтын шындық, тайға таңба басқандай анық дегені мойындай алмаймын. Қалыптасқан пікірге, әлбетте, кереғар болғанымен, бұл сапарда менің көзім анық жеткен аса маңызды ақиқаттардың бірі міне осындай».

Кейінірек өз ескерпелерінде осы мәселе төңірегінде сөз қзғай келіп, П. П. Семенов бұрыннан айтып жүрген пікірлерін былайша тиянақтайды: «Іле алқабындағы Қату жоталарында, сондай - ақ Мұ жүргізген зерттеулерім А. Гумбольдтің Орта Азия тауларында құбылыс бар деген болжамын жоққа шығарды. ».

П. П. Семенов саяхатының ғылыми қорытындылары мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Ол жинаған ұшан - теңіз материалдар Тянь - Шань жөніндегі сол заманғы ұғымдарды әлдеқайда кеңейтті Орта Азия тауларының жаратылысын құрылысын, гидрографиясын, географиялық ботаникасын және табиғи зоналарға бөлініун, оларды мұз басу тарихын жаңа қырынан танып - білуге зор мүмкіндік туғызды. Сөйтіп Тянь - Шань туралы геологиялық - географиялық білімнің негізін салды.

Міне П. П. Семеновтың өзі де табиғатты зерттеуге осылайша жан - жақты, түбегейлі қараған данышпан саяхатшы болды.

П. П. Семенов 1857 жылғы 20 октябрьде Географиялық қоғамның атына жолдаған хатында былай деп жазды: «Мен тау асуларын зерттеуге баса көңіл бөлдім. Өйткені олардың биіктігіне қарап шоқылардың орта биіктігін, ал екі қапталына қарап тау тізбектерінің географиялық тұрпаты мен құрылымын анықтауға болады. Ал көршілес елдерді бір - бірімен жалғастыратын қатынас жолы ретіндегі олардың маңыздылығы өз алдына бір төбе. Ақырында, таулы аймақтардың формасы мен қалыптасуына олардағы өсімдіктердің (таралуын) таудың төбесіне немесе көлбеу беткейіне өсетініне де жете назар аудардым».

Осы тұрғыдан қарағанда ғалымның Солтүстік және Орталық Тянь - Шаньның құрылымы мен геологиясында жүргізген бақылаулары өте ден қоярлық. П. П. Семенов ендікті бойлай біткен жоталар ретінде Тянь - Шань құрылымының тұңғыш схемасын жасады. Ол екі қаптал бойынша таудың геологиялық құрылымы туралы деректер алды, 23 тау асуын зерттеді, тау жыныстарының аса мол коллекциясын жинады.

П. П. Семеновтың Алатау шоқыларын Жоңғар және Іле Алатауы деп бөліп, олардың ара - жігін дәлме - дәл анықтауы ғалымның асқан кемеңгерлігін көрсетеді. олІле Алатауының Тянь - Шаньның басқа жоталарымен байланысты екеніне тұңғыш рет назар аударып Іле Алатауы өзінің шығысқа және батысқа созылып жатқан шалғайдағы сілемдерімен қоса Тянь - Шаньның нағыз тізбегін түзететін атап көрсетті. Сондай - ақ «Алатаудың геогностикалық құрамында Тянь - Шаньдікінен айнымайдыдесе болғандай» деп мәлімдеді.

П. П. Семенов Іле Алатауын өзі ат ізін салған жерлердің бәрінен де неғұрлым толық әрі иждиһаттықпен зерттеді. Бұл таулы өлкені суреттеуді ол Іле өзенінен қарағанда таудың жалпы көрінісі қандай екенінен бастап баяндайды. Саяхатшы - ғалым былай деп жазды: « Іле бекетінен бастап Алматы бекетіне дейінгі жолдың өң бойында Іле Алатауы мұнартып көз алдымызда тұрды да қойды. Шығыстан батысқа қарай 200 шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатқан бұл жота орта тұстарында аспанмен таласқан зәулім биіктікке дейін көтеріледі. Оның қақ ортасында шыңының биіктігі 4. 5 мың метрге жететін үш басты құз мен мұндалап тұр. Осы шоқының ұшар басында қарауытқан тіп - тік жарқабақ шыңға қар тұрмайды, бірақ көршілес шыңдарда қар өте көп. Турасын айтқанда, жүз шақырымға созылған биік жонның өн бойын мәңгілік қар басқан тек Талғардың талшоқысы аталатын ең негізгі шыңнан шығыс пен батысқа алпыс шақырымдай өткесін ғана Іле Алатауының жоны қар жатқан белдеуден төмендей бастайды. »

Одан кейін П. П. Семенов Іле Алатауы мен әлемдегі басқа таулардың сырт көрінісін салыстыра келіп Евразияның ешбір жерінде мұндай зәулім биік тауды соншалық жақыннан еместігін, өйткені Швейцарияның Альпісінде, Кавказда, Түркістанда, тіпті бәрінен әлдеқайда зәулім Тянь - Шаньда қар басқан жондары тым аспанға көтеріліп, ұрымтал барғанда ғана көре аласың әрі оларда қарлы жота онша биік бола бермейді. Ал Іле Алатауының ақ қалпақ киген құздары Іле ойпатынан көтерілісімен мен мұндалап қол бұлғайтындығын, әрі олардың ұшар басы адам тұрған жерден 4000 - 4500 метрге жететіндігін жазды.

Одан былайғы жазбаларында зерттеуші Іле Алатауының бітімімен геологиясына жүргізген бақылаулары жайында қысқаша деректер келтіреді. П. П. Семеновтың пікірі бойынша, Іле Алатауын біркелкі екі бөліктен тұрады деп айтуға болады. Тау жотасы бір -бірімен қапталсада біткен негізгі екі жонға ұқсайды. Ғалым оларды солт. стік және оңтүстік сілемдер деп атайды. Кемін және Шілік өзендерінің ұзын да терең аңғарлары бөліп тұратын бұл сілемдер тау тізбегіне жалғасады. «Қапталдас тізбектерге тарамдану тау жотасының кіндігімен есептегенде батыстан шығысқа қарай созылып жатқан ұзыннан ұзақ алқаптар түзу - бүкіл Тянь - Шаньға тән ерекшеліктер осындай. Әлгі ұзын - ұзын алқаптар өздерінің геологиялық құрылымы жағынан бір - бірінен тым ұқсас та, ал климаты мен өсімдіктері жөнінен Іле Алатауының алқаптары Орталық Тянь - Шаньдағыдан мүлде өзгеше болып келеді».

Іле Алатауының геологиялық құрылымын сипаттап П. П Семонов тау жыныстарының петрографиялық құрылымы, олардың стратиграфиялық арасалмағы және жотаның тектоникалық құрылымы туралы деректер келтіреді. Ғалым Іле Алатауының қойнауларындағы алқаптар негізінен шөгінді жыныстарынан, ол қапталдас тау тізбектері кристальды жыныстардан түзілгенін анықтады. Табылқатын асуының әктастарын зерттеп, П. П Семонов «Мен олардың ішінен тасқа айналған қыруар заттарды ашу бақытына ие болдым. Соншалық тамаша сақталған ол заттар маған шөгінділерден түзілген палеозой қыртыстарының пайда болу дәурінің анықтауға мүмкіндік берді. Ал мұндай қыртыстар Іле Алатауы мен Тянь - Шаньда өте көп кездеседі» - деп жазды.

Іле Алатауының бітімі мен геологиясына шолуын қорытындылап келіп, П. П Семонов жер бедеріне қарай бүкіл тауды үш құрамды бөлікке жіктейді: 1. Солтүстік тау тізбегі мен оның бөліктері; 2. жондар мен қырқалардың ара - арысындағы ұзын - ұзын алқаптар; 3. оңтүстік тау тізбектері. Ол осы үш бөліктің әрқайсысының жаратылысына жеке - жеке сыпаттама береді.

Ғалым солтүстік тау тізбегін үзілмей бір - бірімен жалғаса беретін жон ретінде суреттеп орта тұсында мәңгі қар жатқан белдеуден әлдеқайда биік тұратынын, бірақ қос қанаты да барған сайын ылдилап, шығысында оны Шілік өзенінің аңғары бөліп тастайтын айтады.

Саяхатшы тау баурайларындағы алқаптарды, сондай - ақ оларға жанамалай жатқан қырқалардың тектоникасы мен жаратылысын сыпаттап жазады. Шілік өзені бұрылысының шығысында Іле Алатауының солтүстік және оңтүстік аралығына сыналанып кіріп тұрған қырқаны бейнелей келіп, «осы терең алқаптың еңістеріне қарап бүкіл қырқаның тектоникасын анықтауға болатынын атап көрсетті. Алқаптың терең қойнауына үш шағын өзен айқыш - ұйқыш жарыса құйып, Шарын өзеніне айналады да, оның көбік шашқан ең терең әрі асау тұсы Ақтоғай деп аталады. Қырқаға барып тірелетін алқап еңістері құмдақ - шөгінді жыныстардан тұрады. Ал мұндағы сан жетпейтін үйдей - үйдей тастар бір - бірімен әбден жымдасып геолгтар «біріккен қоспа» деп атайтын тау жынысына айналған». П. П. Семенов әуел баста қырқалардың орныда тау аралықтарында терең тау аралық ойыстар болғанын ескертеді. Бұл тау аралық ойыстың жан - жағы тұйық, кезінде таудан домаланған ірі - ірі тастар, малта тастар, таудан құлап аққан сулар осыойысты толтырып, көлге айналдырған. Содан тау ішіндегі көлдің суы кемерінен асып солтүстікке қарай ағып, одан Шілік пен Шарын өзендерінің бастаулы пайда болған. Үшмерке өзенінің арнасы да осылайша жасалған.

Іле Алатауы ның П. П Семонов жасаған орографиялық схемасы негізінен қазіргі уақыттағы схемаға ұқсайды. Сондай - ақ оның бұл таулардың палеозой дәурінде пайда болғаны туралы пікірі де дұрыс. Сондықтан В. И. Чернявский, И. В. Мушкетовтан соң іле - шала П. П Семонов өзінің геологиялық зерттеулерінен Тянь - Шаньды танып - білудің берік негізін қалады деп атап көрсетті.

Іле Алатауы туралы жазбаларын П. П Семонов оның өсімдік өсетін аймақтарын қарастырып баяндаумен аяқтайды (бұл жөнінде ІV тарауды қараңыз) .

Ыстықкөл мен Шу өзенінің арасындағы байланысты анықтау Іле Алатауына П. П Семонов жүргізген зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерінің бірі. 1856 жылғы 24 сентябрьде Іле Алатауына алғашқы сапарында тауға Қастек өзенінің бойымен Қаскелең өзенінің алқабы арқылы көтерілген саяхатшы. Суықтөбе шоқысына шығып, Шу өзенінің бүкіл алқабын тұңғыш рет көрді. Осы сапарында саяхтшы сол уақытқа дейінгі жаңсақ пікірді жоққа шығарып, Шу өзені басып Ыстықкөлден алмайтынын анықтады. Шын мәнісінде өзеннің Ыстықкөл қырқаларын бойлай ағып, Боам шатқалында бағытын күрт өзгертетіні белгілі болды.

«Мені мейлінше қызықтыратын әрі алаңдатып жүрген мәселе көп кешікпей шешімін тапты, - деп жазды саяхатшы ғалым, - Арынды өзен Шудың Қошқар аталатын негізгі құрамды тармағы Тянь - Шаньнан басталады да, оның алқабын кесе көлденең қиып өтіп, Ыстықкөл қырқасына шығады. Бірақ осы тұста әдеттегідей көлдің құламасына қарай ақпай, бірден батысқа Боам шатқалына жалт береді. Осы бұрылыстың шығыс жағынан мен қопалы жер көрдім, одан Ыстықкөлдің табиғи құламасына ұзындығы алты шақырымнан аспайтын Күтемалды деген шағын өзен ағып жатыр екен».

Сөйтіп бірінші рет Н. Потанин ашқан жаңалық ғылымда дәлелденіп, әрі қарай нақты шешімін тапты.

Сонымен қатар П. П Семоновтың естеліктерінде Қазақстанның басқа аймақтары туралы да баяндаған.

Барнаул қаласы арқылы қазақ жеріне аяқ басқан ол өз сапарының басында бірнеше күн Алтайды зерттеуге көңіл бөледі. Үбі мен Ульба өзендерінің атырабында орналасқан кен орындарында (Риддер, Сугатов, Николаев) болады. Саяхатшы сол жерлердің геологиясы, морфологиясы және өсімдіктері туралы баяндап жазады.

П. П Семоновтың Семей және Жетісу өлкелерінде қазақ даласына жүргізген бақылаулары өте - мөте ден қоярлық. «Жалпы алғанда Семей мен Жетісу облыстарындағы қазақ даласы не Есіл бойындағы, не Барбара өңіріндегі, не Россияның оңтүстігіндегі далаларғ мүлде ұқсамайды, - деп жазды саяхатшы. - Өзгені былай қойғанда дәл биылғы 1856 жылы августың басында мұндағы қазақ даласы әлі күнге күйіп сарғаймай өсімдіктері бояуын әсте жоғалтпай алуан түске бөленіп құлпырған күйі жайқалып тұрды. Олардың дені бірыңғай ортаазиялық түрлер, орманда өсетін өсімдіктер бұл арада атымен кездеспейді екен. Оның есесіне қазақ даласында оқта - текте ірілі - уақты сортаң жерлер ұшырасады, оларда өздеріне ғана тән өсімдіктер өседі. Кей уақытта шын мәнісіндегі топ - топ таулар мен қырқалар көз тартады, олар негізінен порфилерден түзілген және жоталарын басынан етегіне дейін далалы өсімдіктер басқан. Бұл таулардың бөктерінен кейде қайнарлар мен шағын бұлақтар шығады».

Қазақ даласын басқа далалармен салыстырып (Россияда кездесетін) ғалым оларды төрт түрге бөледі.

Бірінші түрі қара топырақты және бірынғай шөптесін өсімдіктер өсетін ұланғайыр ормансыз жазық жерлер. Тақтайдай теп - тегіс болып келетін бұл далаларда ешбір адыр, қырат, жота не төбекөзге шалынбайды. Батыс - Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі - қара топырақты оңтүстік орыс далаларымен оның ұқсастығы сол, мұнда да шөптесін өсімдік өте - мөте көп шығады әрі оның өсімдіктер дүниесі орыс даласынікімен тектес болып келеді. Бірақ айталмыш екі даланың бір - бірінен негізгі айырмашылығы мынада: Сібір далаларында керемет шабындықжерлер көп болғанымен, олардың ара - арасында жапырақты ағаштар (қайын, көктерек, ақтерек) жайқалған шоқ - шоқ тоғайлар ұшырасады. Бір ғажабы: ол шоқ - шоқ тоғайлар сай - салаларға жасырынбай, ашық даланың өзінде өседі. Әдеттегі қара топырақты жерлердің қатарына қосылмағанмен Сібір далаларының топырағы да құнарлы болып келеді.

Далалардың үшінші түріне П. П Семонов Барабаны жатқызады. Бұл дала да ұланғайыр әрі теп - тегіс жазық, шабындықтары мол, ойдым - ойдым шоқ - шоқ тоғайлар өсетін аймақ. Бараба даласының бір өзгешелегі - мұнда өзен жоқ, ал суы тұщы үлкенді - кішілі көлдері көп.

Төртінші түр - қазақ даласы - мұнда орман деген атымен болмайды, бірақ шөптесін өсімдік өседі. Мұның басқа далалардан ерекшелігі: көз ұшында мұнартқан таулы - тасты қыраттар мен адырлар жиі ұшырасады әрі ағын су тым тапшы болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясын физикалық – географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу
XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
Қазақстан және орыс зиялылары
Қазақстан аймағы туралы көне замандағы мәліметтер
Ш.Ш.Уәлиханов. (1835—1865)
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Орыс ғалымдары ХІХ ғасырдың Қазақстан өндіргіш күштері мәдениеті мен тұрмысы
П.П Семенов - Тянь-Шанский
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов – географ және саяхатшы
Шоқанның табиғатты зерттеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz