Партиялар қазіргі таңдағы демократиялық қоғамның саяси жүйесінің ажырамас бөлігі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Партиялар қазіргі таңдағы демократиялық қоғамның саяси жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. “Партия” этимологиясы саяси жүйенің “бөлімі”, “бөлшегі”, элементі дегенді білдіреді.

Партия - бұл билік немесе билік жүргізу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым. Беделді жанұялар немесе аса танымал лидерлер қарамағында біріккен саяси топтар бәсекесі көптеген ғасырлар бойы саяси тарихтың негізгі мәселесі болыр отырған. Бірақ, біз саяси партиялар деп атайтын ұйымдар ХIХ ғасырдың басында АҚШ пен Еуропада пайда болған екен.

Саяси партиялардың негізін анықтау үшін түрлі жолдарды қарастырайық:

1) Партияны бір идеологиялық доктринаны ұстанатын адамдар тобы деп түсіну (Б. Констан) .

2) Белгілі бір таптардың мүдделерін білдіретін саяси топ (марксизм) .

3) Партияның институционалды түсінігі: мемлекет жүйесінде қызмет ететін ұйым (М. Дюверже) .

Партияны анықтаудың басқа да жолдары:

• партия - идеологияның ұстанушысы ;

• партия - адамдардың көп уақытқа бірігуі;

• партия мақсаты - билікті жаулап алу және оны жүргізу;

• партия әрқашан халық қолдауын қалайды.

Партиялар мен басқа да саяси бірлестіктер арасындағы шектер анық емес болып келеді және көп уақытта есептелмейді.

Партиялардың құрылуы ұзақ, әрі қиын үрдіс болды. Алғашқы кезде партиялар тек сайлау кезеңдерінде ғана белсенді жұмыс атқарды, олардың тұрақты ұйымдары болған жоқ, съездер мен конференцияларды ретсіз өткізді, партия жақтаушылары партиялық тәртіппен байланысқан емес.

Алғашқы ауқымды және тұрақты жұмыс атқаратын партия - Англияның либерал партиясы болды (1861 жылдан бастап) . Ауқымды саяси партиялардың пайда болуының негізгі себебі - жалпы сайлау құқығының тарауы болды.

Әрбір партия халықтың белгілі бір тобының мүдделерін қорғау үшін құралған еді.

Қазақстанның саяси партиялары

«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы

Төрағасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары - Кәлетаев Дархан Аманұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88, 41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.

Қазақстан коммунистік партиясы

Партияның бірінші хатшысы - Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3, 44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.

Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы

Бірінші хатшысы - Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1, 98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1, 29% дауыс жинады.

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы

Партия төрағасы - Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1, 51% дауыс жинады.

Қазақстанның патроиоттар партиясы

Партия төрағасы - Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0, 55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0, 78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ. Е. Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы

Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12, 04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3, 09% дауыс жинады.

«Руханият» партиясы

Партия төрайымы - Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0, 44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0, 37% дауыс жинады.

«Әділет» демократиялық партиясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демократиялық режимнің белгілері
Саяси режимдегі саяси партиялар
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Саяси жүйелердің түрлері
Азаматтық қоғам түсінігі мен оның қызметі
Қазақстан Республикасының егемендігі аясындағы сұрақтар, саяси партиялар жайында
Мемлекеттің саяси құрылысын қалыптастыру
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық парламентаризмнің саяси- құқықтық институт ретінде қалыптасуы
Қазіргі кездегі саяси жүйелер
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz