ПАРТИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
ПАРТИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Партия ісі – қоғам ісі. Бұл бүгінгі шындық. Айтуға жеңіл болғанымен, осы
күнге жету үшін, басымыздан ауыр-ауыр тарихи жағдайларды өткердік. Біз
бүгінгі күнге тарих сынынан өтіп, өзімізге деген сенімімізді нығайтып, ел
болып есейіп, өзіміз таңдап алған жол – Қазақстан жолына түсіп, әлемдік
деңгейде белгілі болған жетістіктерімізді орнықтырып, әлемнің талай-талай
елдеріне үлгі боларлық дәрежеге жеттік. Осы аталған істердің ең бастысы,
біз Қазақстан Республикасы деген мемлекеттің іргетасын мықтап орнатып,
әлеуметтік мемлекет құрдық. Бұл анық, талас тудырмайтын мәселе. Қазіргі
заман тарихының оқулығына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімі мемлекет құрушы тарихи тұлға ретінде
жазылатынына да еш күмән жоқ.
Мемлекет құру қиынның қиыны. Ол тыңға түрен салу деген сөз. Тарихта болған
Қазақ хандығы мемлекеттің өзге тарихи түрі еді, оны бүгінгі Қазақстан
Республикасы деп аталатын, біз азаматтары болып отырған мемлекетпен
салыстыруға болмайды, әр заманның өз өлшемі бар. Бүгінгі заман өлшемі
мемлекеттің өркениетті болуын талап етеді, демек өркениетті өлшемдерге сай
мемлекет құру ісі осы заманның бұлжымас талабы. Ақпаратты қоғам, ашық
қоғам, постиндустриялық қоғам, азаматтық қоғам деген сияқты әлемдік өлшем,
түсінік, ұғымдары бар қоғам жағдайында өркениеттік өлшемдерге, әлемдік
әртекті стандарттарға сай мықты болсаң, мемлекет құрып көр. Посткеңестік
кеңістікке бірге шығып, тәуелсіздік алған Украина, Грузия, Қырғызстан,
Молдова елдеріндегі саяси дағдарыстар кімге де болсын сабақ болатын
жағдайлар емес пе?
Мемлекеттің кемелденуі үздіксіз үдеріс, алайда оның іргетасын қалап, орнату
ісі елімізде негізінен жүзеге асты, оның айқын көрінісі елімізде орнаған
әлеуметтік, қоғамдық және саяси тұрақтылық. Бұл істің кепілі әрбір
азаматтың өз еркіндігін, өз тәуелсіздігін сезініп, өз мүмкіндігінше іспен
айналысып, нарықтық қатынастардан өзін-өзі таба алатындай халге жетуі. Бұл
үлкен жетістік, әлеуметтік жеңіс. Кеңестік заманда мемлекет асырап,
сақтаушы қызметтерін атқарып, елдің жігерін құм қылған. Бүгінгі мемлекет өз
міндетін дұрыс анықтап алды, ол асырап, сақтаушы емес, азаматтарына,
олардың істеріне мүмкіндіктер жасаушы – саяси феномен. Мемлекет міндеті
азаматтар еркіне шек қоймау, оларды тәртіпке, өркениеттілікке, адал
еңбекке, еркін бәсекелестікке бейімдейтін жағдайлар жасау, бір сөзбен
айтқанда, мемлекет – азаматтарына мүмкіндіктер жүйесін қалыптастырушы
құрылым, сонымен қатар бүгінде мемлекеттің сан-саласына қатысты қажетті
институттар қалыптасқан, бұл істе реті келген соң айта кетейін, екі басты
қиыншылық бар: бірі – азаматтардың әлі де болса, өз еркіндігі мен
мүмкіндігін толық пайдалана алмауы, бұл азаматтық белсенділік және сыбайлас
жемқорлық мәселесі. Бар жақсылықтың жауы – сыбайластық. Бұл алға басқан
қадамдарымызды бір сәтте жойып жіберетін аса қауіпті құбылыс. Шәкәрім
метафора тілімен: “Мал мен мансап адамзатты мас қылады”, – деп еді. Ақын
мал деп байлықты, мансап деп билікті айтып отыр. Қолында байлығы мен билігі
бар адамның мас болмауы екіталай іс. Мас болмау үшін сау ақыл қажет.
Шәкәрім осы мәселені тағы еске сала: “... бұзба елдің шаруасын”, – деп
аталы сөз айтып еді. Елдің шаруасының шырқын бұзатын осы – сыбайластық.
Бұл пәлені ауыздықтау үшін мемлекет тарапынан, тікелей Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың шұғыл харекеттерімен тиісті істер атқарылып жатыр, оны халық
көріп-біліп отыр. Менің айтпағым, бетімен кетсе болашағымыздың жауы осы –
сыбайластық. Ескермесек, үнемі есімізге салып отырмасақ, бұл оннан-мұннан,
тіптен күтпеген жерлерден өсіп-өніп шыға келмек. Бұл, біріншіден.
Екіншіден, сыбайластық қосалқы немесе көлеңкелі экономикаға да қатысты.
Мұндай жағдай әлемнің барлық елдерінде бар, бірақ мәселе, оның қоғам
өміріне, жемқорлықтың өрістеуіне ықпалында. Ол дамыған елдерде ІЖӨ-нің
шамамен 12 пайызын құраса, дамушы елдерде – 39,6, ал өтпелі экономикасы бар
елдерде – 23 пайызын құрайды. Бұл деректер де мөлшермен айтылған, анығында
көлеңкелі экономиканың елдегі нақтылы мөлшерін анықтау мүмкін емес. Біздің
жағдайда көлеңкелі экономиканың болуына биліктің әртүрлі тармақтарының және
құқық қорғау органдарының шенеуніктері де мүдделі, себебі, ол есепке
алынбайтын кіріс көзі, пара берудің және алудың өрісі.
Үшіншіден, ірі капиталдың, журналистер тілімен айтсақ, олигархтардың
билікке әсері қай елде де болмай қоймайтын құбылыс. Ірі байлық иелерінің
билікке жасайтын әсерлері сан алуан, мәселе, міне, осыда. Қазақстан
жағдайында олигархтардың қоғамдағы тұрақтылыққа айтарлықтай әсерлері болды,
әрине, өздерінің жағдайлары үшін. Ірі капиталға қоғамдағы тұрақтылық ауадай
қажет. Керек десеңіз, қоғамдағы тұрақтылық олардың қорлануының, пайда
табуының факторы. Қырғыз қоғамында тұрақтылықтың орныға алмай жатқаны,
біздердегі сияқты олигархтардың болмауында ма деп ойлаймын. Шынында, ірі
капитал болғанда Қырғызстандағы жағдай дәл осындай дертті болмас па еді.
Оның өкілдері өз ісін өркениетті түрде жүргізіп қана қоймай, қоғам-дағы
тұрақтылықты сақтау үшін әлеуметтік, мәдени мәселелерге қаражат шығарып
отыру міндеттерін алулары керек.
Олай болмаса, қоғамдағы ірі капиталға деген “өкпе” өршіп, оның аяғы
жақсылыққа бастамайтынына әлеуметтік болмыс тарихынан мысалдарды көптеп
келтіруге болады. Кезінде, Ресейде ХХ ғасыр басындағы ірі капиталдың
қалайша тас-талқаны шыққаны бәрімізге белгілі. Қазақстан жағдайындағы ірі
капитал мен билік мәселесі, арнайы тақырып. Өркениетті елдерде бұл мәселеде
кәсіподақтың қызметі ерекше.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев алысқа сапар алғашқы қадамнан басталады деген
еді алқалы бір жиында. Бұл сөз сананы самал желдей желпиді. Осы сөз
Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізілгенде қайтадан есіме түсті.
Бұл батыл саяси қадам еді. Елімізде мемлекетімізді құрып, оның кереге-
уықтарын бекітіп, шаңырағымызды биіктетіп, орнықтырып алғанымызбен, әлі де
болса шешуін таппаған айтулы проблема бар еді, ол қоғам ісі болатын.
2007 жыл өзінің саяси қуатымен тарихқа еніп келеді. Бұл жыл еліміз үшін
бетбұрыс жылы болды. Президентіміз тәуелсіздік жолына түскен уақыттан бері
стратегиялық дұрыс бағытты ұстанды, оның, алдымен – экономика, содан кейін
– саясат деген доктринасы халқымызды қиын-қыстаудан алып шыққан кемел
саясат болғанына бүгінде көзіміз анық жетіп отыр. Бұл доктринаны кезінде
түсінбегендер де жеткілікті болды, бірден саяси жаңарту керек дегендер де
табылды. Саясатта асығыстық елді жарға жығу. Президент айтқанынан бұлжымай,
экономика мәселесімен айналыса берді, меншік иелері пайда болды, мемлекет
экономиканы тікелей басқарудан оған мүмкіндіктер жасау саясатымен
айналысты, шаруамен еркін шұғылдана бастаған ерікті меншік иелері халық
бойындағы тұмшаланып келген қуатты шығарып, әр адамның өзінше өмір сүру
қабілетін және өз мүмкіндіктеріне деген сенімін қалыптастыра бастады. Оң
істер нәтиже берді, халық тұрмысы жақсара бастады. Бәсеке түсінігі орнады,
алғашқы кезде байқалған жабайы нарықтық қатынастар жойылып, адамдар еңбек
етіп, өнім шығарудан қорқып-үрікпейтін халге жетті. Жеке меншік
Конституциядан заңды түрде қорғаныс тапты. Енді экономикадан саяси жаңаруға
көшу мүмкіндігі туды, осы жағдайды біліп, оны іске асыру мақсатында Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев Парламентке “Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын ұсынды, оны
депутаттар талқылап, қабылдады, ол Заңды 21 мамырда Президент мақұлдап, қол
қойып бекітті.
Сөйтіп, қоғам өмірінде жаңа кезең басталды. Бұл Заңда Президент, Парламент,
Үкімет, жергілікті басқару органдары, мәслихат және партия туралы жаңа
толықтырулар жасалды. Осы мәселелер қоғамда айтылып, талқыланып, талас
пікірлер туындап жүр еді, енді құқықтық негізге ие болды. Бұл қоғам
өмірінде айшықты бетбұрыс болды. Бұл – заманның өскелең талабына сай саяси
жаңару. Осы жерде баса айтатын мәселе: Конституцияға енгізілген түзетулер
мен толықтырулар тікелей қоғам ісіне қатысты болды.
Қоғам ісі ел, халық деген түсініктермен нақтыланады. Қоғамның қуаты
халықта, қоғам болу да оңай шаруа емес, мемлекеті болып, бірақ қоғамы
қалыптаспаған елдер де бар. Қоғам қоғам болуы үшін оның елдік санасы болуы
табиғи жағдай. Елдік сана – қоғамның бірлік қуатының өлшемі. Осындай
мемлекеттің субстанциясы, яғни қоғамға қатысты Президентіміз батыл саяси
қадамдар жасап, өзінің реформаторлық сарабдалдығын танытты. Қоғам мен
мемлекеттің түйісетін саяси алаңы – Парламент. Алда өткелі отырған
Парламент Мәжілісі сайлауының жетекші күші партиялар болуын анықтап
белгілеу – сананы нығайтатын аса қуатты саяси шешім.
Ең алдымен айтарым, пропорционалды партиялық сайлау жүйесі Қазақстан
халқының, әсіресе қазақ халқының азаматтық санасын саяси деңгейде
кемелдендіретін мүмкіндік. Енді осы мүмкіндікті ғылыми, өркениетті негізде
жүргізу міндеті тұр. Бұл жерде партиялық даңғазалықты түп-тамырымен жою
керек, себебі ол ел есіне өткен коммунистік партияның тәсілдерін, айла-
шарғыларын түсіреді. Бүгінгі таңдағы биліктегі партияның коммунистік
партиямен үш қайнаса сорпасы қосылмақ емес, себебі ол Тәуелсіз Қазақстанның
өз болмыс, табиғаты қажеттіліктен тудырған партиясы, оның мүшелері азат
елдің азаматтары. Мақсат Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті
одан әрі нығайту үшін қоғамдық істерді саяси деңгейде жетілдіру. Мақсат
айқын, ниет таза, жол анық, ендігі жерде партияның елге деген ықыласының
мөлдірлігі басты мәнге ие болады.
Бүгінгі партиялар мақсаттары жағынан мүлдем бөлек, бірақ бұлардың
кейбіреулері “іштен туа біткен таңбалар” – деп өткен ғасырдың партия көсемі
айтқандай, ескілікке салынып кетушілік те аңғарылып қалады. Ауру қалса да,
әдет қалмайды дегендей, жаман әдеттен арылу үшін партия қатарында сыншыл
азаматтардың болғаны жақсылыққа бастамақ. Ескі партияны құртқан
номенклатура екенін естен шығармаған жөн. Абай: “Көп шуылдақ не табар,
билемесе бір кемел”, – дей келе, “Берекелі болса ел – жағасы жайлау ол бір
көл, Берекесі кеткен ел – суы ашыған батпақ көл, Берекеңді қашырма, ел
тыныш болса, жақсы сол”, – деген еді. Дәп бүгінгі күнге орай айтылған
сөздер деуге әбден болады. Елдің берекесін қашырмау үшін ел билейтін кемел
жан керек, ол бізде бар, оның есімін әрбір қазақстандық мақтанышпен айта
алады, ол – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Хакім Абай өткен ХІХ ғасырда
осындай жағдайды былайша бейнелеп берген: “Единица – жақсысы, ерген елі
бейне нөл, Единица кеткенде, не болады өңкей нөл”. Ақын нөлді мағынасыз
мәнде айтып отырған жоқ, ол нөлдердің единицаның қасында тұрғанда қаптаған
күш, қуат екенін айтып отыр. Абай түсінігінде единица деген Тұлға, кемел
жан. Ол заманға иленбей, заманды билей алатын кемел басшы туралы айтқан.
Тарихтан асқан тәрбиеші жоқ, тек одан тағылым алуға сана жетсе. Тарихи
оқиғалар – тек қана күні өтіп кеткен жайлар емес, өкінішке орай, өзге
түрде, өзгеше мәнде қайталанып, оралып отыратын қоғамдық иірімдер. Тарих –
жете түсінсең, нағыз ақылшың, “Кісі айтпаған сөз бар ма” – дегендей,
адамзат тарихында барлық сөздер айтылған, барлық істер атқарылған. Періште
мен Шайтан тарихтың басты кейіпкерлері. Тарихта періштелік (ізгілік),
шайтандық (жауыздық, зұлымдық) іс, әрекеттер болған. Адам табиғаты, оның
әлеуметтік мінезі, пиғылы осыдан 2000 жыл бұрынғы заманнан сапалық
өзгеріске түскен жоқ, өзгеріс білімде, ғылымда, техникада, технологияда –
бұлар адам болмысын тұп-тура адамшылық өрісіне алып шықты деу қате. Ғылым
жетілген сайын адамзат тағдыры қыл үстінде тұрғаны да көпшілікке белгілі.
Ол азаматты түзейтін ғана емес, оны жоюшы күшке айналып кету қаупі әбден
бар.
Қоғамды бүлік идеясы үнемі елес болып кезіп жүрмек. Мәселе оған қолайлы
жағдайдың керектігінде. Мемлекеттің міндеті оны алдын-ала көре білу. Бұл
саяси партиялардың да міндеті, бірақ кейбір партиялардың өзі бүлікшілдікке
түсіп кетсе не болмақ. Махно сияқты анархистер немесе қалай болсын ресми
саясатқа қарсы болуды әдетке айналдырғандар туралы не айтуға болады.
Өздерін оппозициялық партиямын дегендердің де әрекеттерін байқап көрсем,
олардың басты мақсаты ресми билікке қалай болсын қарсы тұру. Бұл құнарлы іс
емес, ол анархизмге ұқсастау идея. Бүгінгі Қазақстан халқы биліктің ақ-
қарасын анықтамай, сыпыра сынағанды ұнатпайды. Халық мәселені тарқатып,
байыпты сөйлегенді қабылдамақ, себебі оның тұрмысы түзеліп келеді, әр
адамның болсам екен деген үміті бар, ендігі жерде үміт отын өшіруге халық
ниетті емес, керісінше, оған бүлікшілдік емес, тыныштық керек. Халық
шаруасының бұзылмағанын қалайды, қолдағы барларынан жеміс жегілері келеді.
Берекені қашырмау философиясы халыққа жақын. Береке дегеніміз біздің
барымыз, он алты жылдық өмір сүру тәжірибеміз, ел болып, ес жинауымыз,
өркениет үрдісіне түсіп, енді-енді адамша ғұмыр кеше бастауымыз. Елдегі
тұрақтылық деген айтуға жеңіл, соған жете алмай қан қақсап жатқан Ирак,
Пәкстан, Палестина, Чешенстан, Дағыстан сияқты аймақтарда шаруа адамына
өмір сүру қиындыққа айналып бара жатқаны сабақ емес пе?!
Сабырлы, ақылға қонымды сөздерді Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтудай-
ақ айтып келеді. Мен кейбір бұра сөйлейтін ағайынға “сөз түзелді, тыңдаушы,
сен де түзел” дегім келеді. Сонымен бірге әлеуметтік психологияда өшпейтін
пысықтар психологиясы, мін санап, қате көргіш, білгіштер психологиясы барын
ешқашан естен шығармау керек. Оларға елдің тыныштығы жат, керісінше,
қоғамда ұрыс-керіс болса, олар өсіп-өнбек. Бұл да адамзат табиғатының бір
қыры. Әрине, қоғам болған соң, мүдделер қақтығысы болмай тұрмайды. Үлгілі
қоғамды адамзат баласы әлі ойлап тапқан жоқ, ғұламалар ол туралы үнемі
ізденіс үстінде. Қоғамда мүдделер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz