Паскалдағы деректердің пайдаланушы типтері


Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық
Қазақ-Түрік Университеті
« Сандық әдістер » кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Паскалдағы деректердің
пайдаланушы типтері
Орындаған: Саидов Н
Қабылдаған: Есқараева Б.
Тобы: ЖФЗ-611
Түркістан- 2008 ж
Мәліметтердің типтері .
Тип ұғымы .
Программалау тілдерінде ең бір негізгі де маңызды ұғымдардың біріне тип ұғымы жатады. Компьютерде өңделетін әр түрлі мәліметтер 0 және 1 екілік цифрлар тізбегі түрінде өрнектеледі. Мәліметтердің түрлеріне байланысты, оларды комьпютердің жадында орналастыру және оларға қолданылатын адамдардың түрлері мен орындалу тәсілдері әр түрлі болады. Программалау тілдерінде осы сәйкестік мәліметтердің типтері арқылы көрсетіледі. Яғни тип обьектілердің қабылдай алатын мәндерінің типтері арқылы көрсетіледі. Яғни амалдардың түрлері мен орындалу жолдары анықтайды.
Паскальда программаны құру жолдарын жеңілдету және көрнектілігін арттыру мақсатымен өңделетін мәліметтерді белгілі бір жүйеде жинақтап, тұтасымен қарастыру жолдары ойластырылған . Осындай күрделі мәліметтің типі сол жүйеге кіретін элементтердің қабылдайтын мәндерінің түрін және жинақтау тәсілін көрсетеді де жүйелі тип құрайды . Егер мәліметтер жеке-дара құрастырылса, онда олар жай типті мәліметтерге жатады. Сонымен паскальда қолданылатын типтерді екі топқа бөлуге болады. :жай және жүйелі. Жай тип станжартты және жасанды болып бөлінеді. Стандартты жай типтерге бүтін ( integer ) , нақты (real ) , байттық ( bute ), логикалық (Boolean ) , символдық (char ) типтер жатады. Жасанды типтің қолданушының өзі құрастырады, олардың екі түрі бар: аралық және атап өту . Жүйелі типтер жай типтерге негізделіп құрастырылып, төмендегідей бөлінеді : массивтік, жолдық, жиындық ( set ), жазба (record ), файлдық (file ) . . . Мәліметтер типтерінің жіктелуі 1. 1. суретте көрсетілген .
Жай типтердің real және integer деп өзгелері реттік тип деп аталады.
Реттік типті шамалардың қабылдай алатын мәндерінің саны шектелген болады. Мысалы, логикалық типті шамалар екі мәннің бірін, баиттық типті шамалар 256 мәннің бірін қабылдай алады.
Стандартты жай типтер .
Стандартты жай типтерге бүтін, байттық, нақты, символдық және логикалық типтер жатады.
Бүтін типпен мәндері 32768 беті 32767 аралығындағы бүтін сандар болатын айнымалылар сипатталады. Сипаттау үшін integer қызметші сөзі қолданылады.
Жазылуы : var <айнымалы жай типтер > inyeger :
Мысал . Var I, j, n : integer :
Indks x kord, y kord : integer :
Бүтін типті айнымалы компьютер жадында орналастыру үлкен екі байт қажет. Әдетте бүтін типті айнымалылар арифметикалық өрнектер нәтижесінің өрнектерде массивтердің индекстерін жазуда пайдалынады . Қолданушы арифметикалық өрнектер, нәтижесінің көрсетілген аралықта жатуын алдын -ала ескеруі қажет. Мысалы, а 500, b 1 болсын . Егер а және b бүтін типті болса, онда а* b амалының нәтижесі көрсетілген аралықтан асып кететіндіктен, ауытқу туады .
Байттық тип бүтін тип тәрізді, айырмашылығы мәндері 0 -ден 255-ке дейінгі аралықты қамтиды және bute стандартты идентификатормен сипатталады .
Жазылуы: var <айнымалылардың аттары > bute :
Мысал . Var m, n : bute :
Min, max : bute :
Bute типті айнымалы компьютер жадында 1 баитқа орналасады да, бүтін типке қарағанда екі есе аз орын алады. Егер айнымалы мәнінің 255-тен аспайтыны белгілі болса, онда integer типіне қарағанда bute типін пайдаланған тиімді.
Нақты типпен 10 00 -ден 10 400 -ге дейінгі аралықта жататын оң, теріс және 0 сандарын қабылдай алатын айналымдар сипатталады. Сан мантиссасының 11орынға дейінгі цифрлары ғана мәнді цифрлар болып табылады. Нақты типті сипаттауға real стандартты идентификаторы алынады.
Жазылуы: var <айнымалылардың аттары > real :
Мысал. Var x, y, s : real ;
Summa : real ;
Нақты сандардың жазылуының екі түрі бар :табиғи ( тұрақты нүкте ) , экспоненциялдық (жылжымалы нүкте) . Табиғи түрдегі сандар матеметикадағы сандар сияқты жазылады, тек үтір орнына нүкте қойылады, мысалы, 539, 2 - 455, 876. немесе 67.
Экспоненциалдық түрдегі сандар m E+ p - санның реті.
Логикалық типті айнымалылар тек қана True (ақиқат) және False (жалған) мәндерін бірін ғана қабылдай алады. Бұл тип boolcan стандартты идентификатормен сипатталады .
Жазылуы: var < айнымалы аттары > : boolcan :
Мысал. Var s1, s2; Boolean;
Логикалық типті айнымалының мәні бір байтқа орналасады.
Жазылуы: var <айнымалылардың аттары > : char;
Мысал Var simvol, bel i: char;
Әдетте компьтер тек қана екілік 0, 1 цифрлармен жұмыс істейді. Символ осы 0, 1цифрларының әр түрлі сегіз орынды тізбегі түріндежұмыс істейді. Әр символға сәйкес 0мен 1 цифрының тізбегін сол символдың екілік бейнесі (екілік коды) деп атайды. Символдың бейнесі бір байтқа жазылатындықтан, char типті шамалардың мәндері бір ғана символ бола алады. Символдық тұрақтылар екі жағынан аностровқа алынып жазылады. Мысалы «а»-a әрпін, үзіліс, :нүкте мен үтір . . . Символдық типті шамалар арифметикалық өрнектерде пайданылмайды. Паскальда символдық шамаларды өзара салыстыруға болады және нәтиже символдардың бейне кестесінде орналасу ретіне байланысты анықталады. Мысалы «а» « b», себебі, кестеде «b» символы «а» символынан соң орналасқан.
Жасанды жай типтер.
Жоғарыда стандартты жай типтердің түрлерін қарастырайық, сондай- ақ Паскальда қолданушының өзі тип сақтайтын, мүмкіндігі бар, ондай типтерді жасанды типтер деп атаймыз. Жасанды типтерге атап өту және аралық типтер жатады. Оларға компьютер жадында бір байт беріледі, сондықтан жасанды типті шамалардың элементтер саны 256-дан аспауы қажет. Қолданушының типтерді өзі анықтауы программаның көрнектілігін, түсініктілігін, бекемділігін арттырады және компьютер жадын тиімді пайдалануғамүмкіндік береді. Тап өту типі айнымалылардың қабылдай алатын мәндерін тегіс көрсету арқылы анықталады. Жеке мәндер үтірлермен айрылып, жақшаға алынады.
Жазылуы:
<типтің идентификаторы > =(1-ші мән. 2-ші мән . . . )
Мысал. Type
САZ = (G, O, N, F)
Temir = (Fe, Co, Na, Cu, Zn) ;
Var G1, G2, G3; Gaz;
T1, t2, : Temir;
KUN:( DYISENBI, GUMA, SENBI)
Бұл мысалда Сaz. Temir типтері жарияланған. Олардың мәндері Менделеев кестсінің кейбір газ бен темір белгілерімен берілген. G1. G2. G3 және Т1, 12 айнымалыларының тек қана Сaz және Temir типтерінде көрсетілген мәндердің бірін, ал айнымалысы осы айнымалының типінде көрсетілген мәндердің бірін ғана қабылдайды. Жақшаның ішінде жазылған мәндер көрсетілген типті тұрақтылар болып саналады, сондықтан оларды өрнектерде пайдаланғанмен, өзгертуге болмайды. Салыстыру және логикалық амалдар тек қана бір типте аталған мәліметтерге қолданылады да, нәтиже аталу ретінде байланысты анықталады. Мысалы GUMA< SENBI салыстыруының нәтижесі ақиқат, себебі типті сипаттағанда GUMA SENBI - деп бұрын аталған.
Аралық тип осы типті айнымалылардың қабылдай алатын мәндерінің аралығын көрсететін екі тұрақты арқылы беріледі. Бұл тұрақтылар нақы типтен басқ кез- келген стандартты типтердің біріне жатады. Бірінші тұрақтының мәні қашанда екінші тұрақтының мәнінен кіші болуы қажет.
Жазылуы: Type <типтің аты > =<1- тұрақты> <2- тұрақты >
<айнымалылар >:<тип > ;
Мысалы Const m1= 1; m 2 = 2;
Type Kun=1. . 31: Sim =a. . s ; A1=m1. . m2;
Var Aikun: Kun ; x Sim:; 1 :A1;
Бұл мысалда Kun типті Aikun айнымалысы 1 мен 31 аралығындағы мәндерді, ал Sim типті х айнымалысы, а, мен s аралығындағы символдарды ғана қабылдай алады, кері жағдайда программада қателік туады. А1 типіндегі аралықты айқындайтын тұрақтылары алдын ала анықталған, сондықтан А1 типі 1 айнымалысы 1- ден 12 ге дейінгі сандарды қабылдайды.
Деректер .
Паскаль тілінде басқа да алгоритмдік тілдердей бағдарлама алдымен деректерді өңдеуге, оларға әр түрлі іс-қимылдар қолдануға арналады. Деректер әр түрлі іс қимылдар қолдануға арналады. Деректер әр түрлі болып келуі мүмкін. Біз жалпы деректер ұғымына сандарды, символды белгілік жазуларды, айнымалыларды, тұрақты бір мәндерді енгізіп отырмыз. Бағдарламаның жұмыс істеу кезінде бір деректер бастапқы мән қабылдап, біреулері алынған нәтижесі болып келеді. Сондықтан есептеу машинасында өңдеу және сақтау сипатына қарай деректерді екі топқа бөлуге болады.
1) тұрақтылар
2) айнымалылар
Тұрақты деп бағдарламаның жұмыс істеу кезінде өзгеріссіз қалатын деректерді айтады., ал айнымалылар деп, белгілі бір есептеу сипатына қарай өзгеріп отыратын деректерді айтамыз.
Паскаль тілінде сандарды жазуда ондық нотация қолданылады, былайша айтсақ, ондық негіз . Санды осы тілде жазуда бөлшек түріндегі санның үтірлі жазылуы мүлде қолданылмайды, оның орнына нүкте жазылады.
Мысалы 5, 896 жазылуын 5, 896 түрінде жазамыз.
Паскаль тілінде мынадай айнымалылардың түрлері бар:
1) бүтін-INTEGER
2) нақты-REAL
3) өкілік-BOOLEAN
4) символды-белгілік- CHAR
5) массив- ARRAY
6) жиын- SET
7) файл-FALE
8) жазу-RECORD
9) көрсеткіш- POINTER
10) шектелген-SUBRANGE
11) жай түр
12) скаляр.
Негізінен Паскаль тілінде деректердің стандартты -келісімді 4 түрі бар.
Олар: бүтін -INTEGER . нақты-REAL, өкілік-BOOLEAN, белгілік-CHAR . Енді осы айнымалыларға қысқаша тоқталайық .
Бұл түрдегі айнымалылар тек бүтін мәнді болуы керек. Бағдарламада былайша қолданылады:
А1, В1, С3 :INTEGER:
Сонда А1, В1, С3 мәндері бағдарламаның өң бойында бүтін мәндер қабылдайтынын алдын-ала ескерткен болдық . Айта кетуіміз керек, барлық қолданылатын индекстік жазулар бүтін санды болады. Осы бүтін түрдегі жазылуды анықтайтын біраз іс- қимылдың келісімді қызмет сөздері бар
DIV- дөңгелексіз бөлу
MOD- бөлудің қалдығы
TRUNC (х) - нүктеден кейінгі ондық белгіні алып тастау
ROUND (х) - бүтін санға дейін дөңгелектеу
Мысалы: аһ 14, b-4 деп алсақ, сонда а DIV b жазылуы 3-ті береді, себебі 14 4 3 қалдық (2) , ал а MOD b жазылуы 2-ні береді, өйткені 14-ті 4-ке бөлгендегі қалатын қалдық 2-ге тең, демек 14 MOD 4-2 болады. Енді бір екі мысал жазып көрсетейік : 18 DIV 5-3, 2DIV 5-0, 18 MOD 5-3, 2MOD 5-2 . x-8 . 915- ке тең деп алсақ, TRUNC (Х) түріндегі жазу бізге 8-ді береді де, ROUND (Х) жазылуы 9-ды береді .
REAL - нақты түрі .
Деп бағдарламада жазып көрсетсек, онда х-тың мәні нақты сан екенін көрсеткен боламыз. Сонымен х шамасы нақты деп сипатталса, онда ол барлық іс -әрекеттерде тек нақты сан болып есептеледі. Бағдарламада кездесетін айнымалылардың ішінде нақты сандар болса, оларды алдын-ала сипаттап алуымыз керек.
Мысалы:VAR A B C REAL
Ал енді нақты қалай жазылатынын көрсетейік, мысалы:42. 536;
-1. 0; 0. 005; 14. 1897 немесе экспоненциялды түрде жазылады. 314Е -2;
2. 76 Е11жазылулары 314*10 және 2. 76-10 түрін береді. Мұндағы Е белгісі ондық негізді береді, жалпы түрі бағдарламада былайша болады: men, ал бұл жазу m*10 түріне тең .
BOOLEAN- екілік түрі .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz