Паскаль тілінің түсініктері



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І Кіріспе 3
1.1 Турбо Паскаль 4
1.2 Паскаль тілінің түсініктері 4,5,6
1.3 Паскаль тілінің операторлары 6,7.8.9
II Graph стандарттық модулі 9,10
2.1 Процедуралар мен функциялар 10,11
2.2 Кординаттар, терезелер, беттер 12,13
2.3 Көпбұрыштар 13
2.4 Доғалар, шеңберлер, эллипстар 14
2.5 Текстті шығару 14,15
III Графикалық координаталар жүйесі 15,16
3.1 Графикалық экран мен элементтердің параметрлерін қою 16,17
Процедуралары
3.2 Графикалық элементтерді бейнелеу процедуралары 17,18
3.3 Графикалық экран мен элементтердің параметрлерін функциялары 18
IV Есептің қойылымы 18,19,20
V Қорытынды 21
VI Қолданылған әдебиеттер 22

І Кіріспе

Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылатын төртбұрышты аймақ болып
табылады. Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық информацияларды енгізу,
шығару және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар.
Turbo Pascal жүйесінде графикалық информациялармен жұмыс істеу үшін
GRAPH.TPU модулі пайдаланылады. Бұл модульде графикалық процедуралар мен
функциялардың программасы машиналық тілде жазылған.
Turbo Pascal графикасын көбінесе псевдо-графика деп атайды, өйткені
тілдің өзінде графикалық командалары келтірілмеген. GRAPH модулінде
графикалық информацияларды дисплей экранына шығаруға және өңдеуге арналған
командалары сүйемелдейтін типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар мен
фукциялар сипатталады.
GRAPH модулі ІВМ – типтес дербес компьютерлердің графикалық
адаптерлерімен жұмыс жасауға есептелінген, графикалық процедуралар мен
функциялардың, тұрақтылардың, айнымалылар мен типтердің қуатты кітапханасы
болып табылады. Pascal тілінде программалауда GRAPH модулінің 132
тұрақтысы, 7 қосымша типі, 2 айнымалысы, 57 процедурасы мен 22 функциялары
пайдаланылады.
GRAPH модулі іске қосылысымен оның ішіндегі процедуралар мен
функцияларды пайдалана беруге болады.
Графикалық режимді іске қосу:
InitGraph (Var Driver, Mode: integer; Path: string);
Мұндағы Driver – графикалық режимді анықтайтын параметр;
Mode – орнатылған драйверге байланыста берілетін графиктік режим
параметрі;
Path – графиктік драйвер файылының атауы және жолы.
Driver мәні GRAPH модулінде хабарланған тұрақтылар жиынымен
шектеледі.Ол графикалық және мәтіндік режімдерде жұмыс атқара алады.
Графикалық режімде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер
арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады.
Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland
International фирмасы GRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған
болатын, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс
істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны
бар.
Экранға мәлімет шығаруды аппараттық жағынан сүйемелдеу екі модуль –
бейнеадаптер және бейнемонитор арқылы қамтамасыз етіледі. Бейнемонитор-
немесе дисплей- мәтін және графикалық бейнелер шығарылатын құрылғы, ол
электрондық сәулелік түтікшеден немесе сұйық кристалды тақтадан тұрады.
Дисплей теледидар сияқты жұмыс істеп, экрандағы бейне секунд сайын 25 рет
жаңаланып отырады. Адамның көзі бейнелердің мұндай жиілікпен ауысуын байқай
алмайды да, мониторда сол бейне қозғалмай тұрғандай болып көрінеді.

1.1 Турбо Паскаль

Паскаль программалау тілінің алғашқы баламасы Швейцария ғалымы Никлаус
Виртпен 1968 жылы құрастырылды. Алғашында, программалау тілі тек окып-
үйренуге арналды, себебі ол біршама детерминантты болған, яғни құрамындағы
барлық элементтері белгілі бір ережеге бағынған еді. Негізгі ерекшеліктері:
программалауды бастауға болатын негізгі түсініктердің басқа тілдерге
қарағанда онша көп еместігі, қарапайым синтаксис, берілген мәтінді
компьютерлік кодке айналдыратын, жылдам жұмыс жасайтын компилятор. 1992
жылы Borland International фирмасы Паскаль программалау тілінің негізінде
құрылған екі құрама программа шығарады: Borland Pascal 7.0 және Turbo
Pascal 7.0. Олардың алғашқысы үш түрлі режимде жұмыс істей алады – MS DOS
– тің қарапайым мен қорғанған жүйесінде және Windows операциялық жүйесінде.
Оның жұмысы үшін қатты дискіде 30 Мбайт бос орын және жедел жаттың 2 Мбайт
бөлігі қажет. Ал, Турбо Паскаль 7.0 MS DOS – тың қарапайым режимінде және
Windows операциялық жүйесінде жұмыс істей алады, ол компьютер
құрылғыларының сипаттамаларына Borland Pascal 7.0 программалау тіліне
қарағанда өте төмен талаптар қояды. Біз берілген курстық жұмыста Турбо
Паскальді сипаттай отырып оның негізгі типтерін қарастырамыз.
Turbo Pascal 7.0 программалау тілі жоғары деңгейлі программалау
алгаритмінен, құрамына енгізілген өңдегіш және программаларды қосу және
жөндеуге арналған ортадан тұрады. Сонымен қатар, программа құрамында мол
көмек ақпараты бар. Барлығымызға белгілі, программалау тілдері екі түрге
бөлінеді: интерпретаторлар және компиляторлар. Турбо Паскаль компиляторлық
тілдер құрамына кіреді.
Программалау тілі стандартқа қарағанда кеңейтілген мүмкіндіктерімен,
операциондық жүйенің мүмкіндіктерін қолдана алатын, сызықты құрылымдарды
құрастыратын, енгізу – шығарулы ұйымдастыратын графикалық суретті
құратын жақсы дамыған модульдердің қорымен және т.б белгілі. Программалау
ортасы программалардың мәтіндерін құруға, оларды компяциялауға, яғни
құрастыруға, қателерін тауып, оларды жедел түрде дұрыстауға, стандарт
модульдерді қоса отырып, программаны бөлек бөлшектерден құрастыруға,
кейінгіге қалдырылған программамен жұмыс атқаруға мүмкіндік береді

1.2 Паскаль тілінің негізгі түсініктері.

Алфавиті

Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, ..., Zz) араб цифрлары
(0,...,9)және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар:

-арифметикалық және салыстыру амалдары (+,-,*,,,, ,=,=,@);

-арифметикалық және логикалық функциялар (DIV,MOD,
NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR).
-әр түрлі тыныс белгілері:
{} немесе (**)-түсініктеме жазатын жақшалар;
[] – массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу;
() – айнымалы тізімін белгілеу;
‘ ‘ – апостроф; := - меншіктеу белгісі;
; - операторлар мен хабарларды ажырату;
: - айнымалыны бөліп көрсету;
= - айнымалының типін типтің сипаттамасынан немесе тұрақтыны өз мәнінен
бөліп көрсету;
, - тізім элементтерін ажырату;
Программа құрылымы
Программа келесі бөлімдерден тұруы мүмкін, бұл бөлімдер (тек соңғыдан
басқасы) бір-бірінен нүктелі-үтір арқылы ажыратылады:
• программа тақырыбы;
• белгілер бөлімі;
• тұрақтылар бөлімі;
• типтерді сипаттау бөлімі;
• процедура мен функцияларды сипаттау бөлімі;
• программа денесі;
Программалау барысында алдын-ала анықтауды қажет етпейтін
мәліметтердің стандартты типтері мен программалаушының өзі анықтайтын
типтерді пайдалануға болады.
Стандартты типтер
бүтін типтер-SHORTINT, INTEGER, LONGIN, BYTE,WORD;
- нақты типтер – REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED,
- COMP;
- логикалық тип -BOOLEAN ; символдық тип CHAR ; Жолдық тип STRING ;
ASCII –жолдық- PCHAR; текстік файл TEXT;
Басқа типтердің барлығы типтер бөлімінде, айнымалылар немесе
тұрақтыларды сипаттау бөлімінде анықталуы қажет. Нақты типтен басқа
қарапайым типтер үшін мына функциялар анықталады:
DEC(N) N-ді азайту (қысқарту)
INC(N) N-ді үлкейту (ұзарту)
ORD(N) N-нің рет нөмірі
ODD(N) N-нің жұптығын тексеру
PRED(N) N-нің алдынғы мәні
SUCC(N) N-нің келесі мәні
Нәтижесі бүтін болатын мәліметтердің бүтін типтерімен жұмыс істеу үшін
келесі арифметикалық функциялар қолданылады:
ABS(N) N-нің абсолют шамасы
A DIV B бүтін бөлу
A MOD B қалдықты бөлу
+ қосу
* көбейту
- азайту
TRANC(X) Х нақты санның бүтін бөлігі;
ROUND(X) Х нақты санды бүтінге дейін дөңгелектеу;
SQR(X) N санын квадраттау;
Логикалық функциялар: NOT- терістеу; OR - біріктіру немесе логикалық
қосу;
AND -қиылысу немесе логикалық көбейту; XOR - екінің модулі бойынша
қосу.
Стандартты функциялар
ABS(X)-Х-тің абсолют мәні
ARCTAN(X)- Арктангенс Х
COS(X)-Косинус Х
SIN(X)- Синус Х
EXP(X)- е2
FRAC(X)- Х-тің бөлшек бөлігі
ARCCOS(X)=ARCTAN(SQRT(1-SQR(X))X)
ARCSIN(X)=ARCTAN(XSQRT(1-SQR(X)))
Тілдің операторлары
• BEGIN END құрама оператор;
• IF...THEN шартты оператор;
• CASE...OF таңдауоператоры;
• FOR... DO параметрлі қайталау операторы;
• REPEAT... UNTIL шартқа дейін қайталау операторы;
• WHILE... DO әзіргі шартқа байланысты қайталау;

1.3 Турбо mаскаль тілінің операторлары.

Операторлар-программадағы нұсқаулардың (бұйрықтар,алгоритмдер)
машиналық тілде жазылуы. Яғни берілген есепті шешу мақсатында орындалатын
іс-әрекеттердің машинаға түсінікті түрде жазылуы. Сонда, программа денесі
бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар
арасына нүктелі үтір (;) белгісі қойылады.
Операторлар қарапайым және күрделі (құрама) операторлар болып екі
топқа бөлінеді. Егер оператор құрамында басқа операторлар боламса, онда ол
қарапайым оператор деп аталады. Бұл топқа: меншіктеу, процедураны шақыру,
шартсыз көшу – GOTO, бос орын операторы жатады.

Күрделі (құрама) оператор бірнеше қарапайым операторлар тұрады. Бұл
операторлар begin (басы) және end (соңы) қызметші сөздер арасында жазылады.
Әр оператордан кейін (;) нүктелі үтір таңбасы қойылады.
Құрама оператордың жалпы жазылуы:
Begin
1-оператор;
2-оператор;
3-оператор;
...N-оператор;
End;
Begin (басы) және end (соңы) сөздерін операторлар жақшасы деп
қарастырсақ, жоғарыдағы мысалды мына түрде жазуға болады:
(1-оператор; 2-оператор; ...; N-оператор).
Құрама операторлар ішінде тағы бір құарма оператор болуы мүмкін. Бұл
жағдайда программа денесін құрама оператор деп қарастырса болады.Құрама
операторға шартты көшу, таңдау және қайталау операторлары жатады.

Циклдік құрылымды алгоритмді программалау.

Кейбір алгоритмдердің белгілі бір бөліктері бірнеше рет
қайталанып орындалуы мүмкін. Мұндай алгоритмдерді циклдік құрылымға ие
алгоритмдер дейді. Қайталанатын бөліктерді, яғни циклдерді әртүрлі
тәсілдермен құрастырады.
Цикл – бұл прграмманың орындалу барысында бірнеше рет
қайталанатын бөліктері. Циклдерді пайдалану арқылы салыстырмалы түрде қысқа
программалар жазуға, программаның көлемін едәуір қысқартуға болады. Бірақ
осы программа арқылы ЭЕМ өте үлкен көлемдегі есептеулерді орындайды. Турбо
Паскаль да циклдік құрылымды алгоритмді программалауды үш түрлі жолмен
ұйымдастыруға болады.
1. Алдын-ала шартты тексеру арқылы
2. Келесі шарт бойынша
3. Параметрдің мәніне тәуелді
Үш түрлі жолмен ұйымдастыратын циклға арнайы операторлар
қолданылады. Олардың әрқайсысын талқылайық.
While операторы жан жақты басқару үйлесімі болып табылады. Алдын ала
берілген шартты тексеру арқылы циклді ұйымдастыруға While операторы
қолданылады. While операторын циклдің қайталану саны белгісіз болғанда
пайдаланған ыңғайлы. Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы
жүзеге асырылады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанылады да, шарт
жалған болса, циклден шығу орындалады. While операторы екі бөліктен тұрады:
циклдің тақырыбынан және циклдің денесінен.
Жалпы жазылуы:
While шарт do
циклдің денесі;
While шарт do
Begin
...
End.
Мұндағы, Қызметші сөздерінің қазақша мағынасы: While –“әзір”, do
–“орында”. Ал, шарт-логикалық өрнек түрінде жазылады. Берілген шартқа
тәуелді бірнеше рет қайталанып орындалатын операторды – циклдің денесі деп
атаймыз. Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған
оперпторлар шарт ақиқат болғанда орындалады

Graph модулінің жалпы сипаттамасы.

Graph модулі ІВМ – типтес дербес компьютерлердің графикалық
адаптерлерімен жұмыс істеуіне есептелінген, графикалық процедуралар мен
функциялардың, тұрақтылардың, айнымалылар мен типтердің қуатты кітапханасы
болып табылады. TurboPascal-7.0 ортасын қолданатын Паскаль тілінде
программалауда Graph модулінің 132 тұрақтысы, 7 қосымша типі, 2 айнымалысы,
57 процедурасы және 22 функциясы пайдаланылады.Турбо Паскальда графикалық
драйверлер деп аталатын арнайы программалар (BGI-
файлдар) видеоадаптерлерінің қалыпты жұмысын басқарады:

Драйверлер видеоадаптерлер
CGA.BGI CGA, MCGA
EGAVGA.BGI EGA, VGA
HERC.BGI Hercules (монохромды)
ATT.BGI AT&T 6300 (400 жол)
PC3270.BGI 3270PC
IBM8514.BGI IBM-8514

Көптеген видеоадаптерлер монитордың көрсету мүмкіндіктерін өзгерте
алатын бірнеше графикалық режимде жұмыс жасай алады. Мәтіндік режимде
экранда 40(80) х 25 символ бейнелеуге болатын болса, графикалық режимде
онда бейнеленетін ең кіші объект-графикалық нүкте- пиксел деп аталынады.
Мысалы: көп қолданылатын VGA адаптерінің қалыпты режимінде экранда 640 х
480 пиксел көрінеді және олардың 16 түсін айыруға болады.

• Uses Graph операторын программа басына орналастырғанда ғана Graph
модулінің қызметін толық пайдалануға мүмкіндік бар.
• Init Graph(Gd, Gm, `c:\TP7`) процедурасы дербес компьютерге қойылған
видеодаптерді автоматты түрде тауып, сәйкес графикалық драйверді
іске қосады және оны графикалық режимге көшіреді.
Мұнда `c:\TP7` - драйвер файлына апаратын жол. Графикалық драйверлерді
анықтау (Gd) және олардың жұмыс режидерін қою (Gm) тұрақтылары (тәжірибеде
жиі пайдаланылатын режимдер) төмендегі кестеде берілген:

Gd Gm
Detect EGALo =0 {640x200; 16түс; 4 бет}
=0
CGA EGAHi =1 {640x350; 16түс; 2 бет}
=1
MCGA =2 EGA64Lo =0 {640x200; 16түс; 1 бет}
EGA EGA64Hi =1 {640x350; 4түс; 1 бет}
=3
EGA64 =4 EGAMonoHi=3 {640x350;64K: 1 бет; 256K: 2 бет }
EGAMono =5 VGALo =0 {640x200; 16түс; 4 бет}
IBM8514 =6 VGAMed =1 {640x350; 16түс; 2 бет}
HereMono =7 VGAHi =2 {640x480; 16түс; 1 бет}
ATT400 =8 PC3270Hi =0 {720x350; 1бет}
VGA IBM8514Lo =0 {640x480; 256 түс }
=9
PC3270 =10 IBM8514Hi =1 {1024x768; 256 түс}

• GraphResult функциясының нолден өзге мәні (қателік коды) режимге көшу
қателігін көрсетеді.
• CloseGraph процедурасы графикалық драйверді жадтан шығарып,
видеодаптердің мәтіндік режимін қалпына келтіреді.

ІІ Graph стандарттық модулі

Компьтердің қосылуы кезінде және Turbo Pascal ортасында программаны
жіберу кезіндегі экранның стандартты күйітекстік режимде жұмыс істеуін
сай келеді. Сондығтан, компьютердің графиктік мүмкіншіліктерін пайдалану
үшін дисплей адаптерінің жұмысын графиктік режимге инициализациялау керек.
Программа жұмысының жұмысының аяғында компьютер текстік режимге қайта
көшеді.Графиктік процедуралардың әрбір нақты адаптермен жұмыс істеуі –
керекті драйверлерді қосу арқылы жүзеге асады. Графиктік драйвер – дисплей
адаптерінің жұмысын графиктік режимде басқарады. Borland фирмасының
барлық адаптер түріне арналған графиктік драйверлері бар. Бұл драйверлер
BGI каталогында орналасқан. Әрбір адаптердің мүмкіншіліктері – нүктелер
санымен және түстер санымен сипатталады.Графикалық режимде жұмыс істеуге
арналған барлық процедуралар мен функциялар Graph модулінде орналасқан.
Сондықтан программаның басы Uses Graph болуы керек. Графиктік режимге
көшу үшін Init Graph процедурасы орындалуы қажет.Егер программаның бірінші
жолы Uses Graph деп жазылса, онда экранда әртүсті нүктелерді, түзулерді,
кесінділерді, шеңберлерді және тіктөртбұрыштарды салатын Graph модулі
Паскальға процедуралар мен басқа құралдар Graph қолдануға мүмкіндік
береді. Осы бөлімге мысал ретінде қолданған программалар текстері [7]-ден
алынды.

Графикалық режимге ауысу және текстік режимге қайту.
Дербес компьютерді қосқаннан кейін, Турбо Паскаль ортасынан іске
қосылған программа экранның текстік режимінде жұмыс істейді. Сондықтан
графикалық жабдықтарды пайдаланатын әрбір программа дисплей адаптерінің
жұмысын графикалық режимге ауыстыру қажет.
Жұмыс аяқталғаннан кейін компьютер текстік режимге қайта оралады.
Дисплей адаптерлерінің графикалық режимде жұмыс істеуі.
Белгілі бір адаптер арқылы графикалық процедураларды баптау керекті
графикалық драйверді қосу арқылы орындалады.
Драйвер – компьютердің техникалық құрылғыларын басқаруға мүмкіндік
беретін арнаулы программа.
Графикалық драйверлер графикалық режимде дисплей адаптерін басқарады.
Олар дискінің жеке BGI қосалқы каталогінде BGI кеңейтілуімен (Borland
Graphics Interface – Borland фирмасының графикалық интерфейсі( файл
түрінде орналасқан. Олардың графикалық режимде жұмыс істеуге мүмкіндігі
бар. Бұл режимде экран дисплейі тығыз орналасқан нүктелердің – пикселдердің
жиынтығы ретінде қарастырылады, онымен қатар оларды программа көмегімен
басқаруға болады.
Қазіргі кезде көбінесе 800х600, оданда үлкен шешу қабілеті бар, 256
және оданда үлкен түстер реңкі бар супер – VGA адаптерлері (SVGA)
қолданылады. Бірақта Graph кітапханасында олар үшін драйверлер жоқ.
Сондықтан мүмкіндіктері аса көп емес egavga.bgi драйверін қолданады.

2.1 Процедуралар мен функциялар

InitGraph процедурасы. Адаптер жұмысын графикалық режимге аударады.
Процедура тақырыбы:
Procedure InitGraph (var Driver, Mode: integer; Path: string);
Мұнда Driver – integer типті айнымалы, графикалық драйвердің типін
анықтайды;

Mode – сол типті айнымалы, графикалық адаптердің жұмыс жасау режимін
береді;

Path – драйвер файлының аты және оны іздеу маршруты бар string типті
өрнек.
Көп адаптерлер әр түрлі режимдерде жұмыс істей алады. Адаптерге керекті
жұмыс режимін көрсету үшін, Mode айнымалысын қолданады. Мысалы:
Const
{Адаптер VGA:}
VGAHi=2 {640х480}
Егер компьютер адаптерінің типі белгісіз немесе программаның жұмысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Паскаль тілінде сызықтық бағдарлама құру
Паскаль тілінің алғашқы түсініктері
Turbo Pascal программасының негізгі түсініктері
Процедуралар мен функциялар
Объектілі бағдарланған программалау
Сызықтық бағдарламалаудың негізгі есептері
Полиморфизм - бір иерархиядағы объектілер үшін бір атаумен берілген әдістерді қолдану мүмкіндігі
Паскаль тіліндегі сызықтық програма есептері
Тілдің алфавиті
Турбо Паскаль бағдарламасының жазу ережелері, құрылымы және тілдің әліпбиі
Пәндер