Патопсихология пәні және мақсаты



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Практикалық сабақ №1. Патопсихология пәні және мақсаты
Жоспары:
1. Патопсихология пәнінің мақсаты мен міндеттері
2. Психология ғылымында патопсихологияның орны
Мақсаты: Патопсихология жайлы түсінік беру. Патопсихология
пәнінің мәнін ашу. Патопсихология пәнінің мақсаты мен міндеттерімен
таныстыру.
Қысқаша теориялық мәліметтер: Жүйелі жол көмегімен индивидуалдылықты
анықтаудағы ғылыми-тәжірибелік міндет осы индивидуалдылықтың даму барысын
басқару. В.С.Мерлин пікірінше, тәжірибелік экспериментте іс-әрекеттің
индивидуалды стилін қалыптастыру болып табылады. Бірақ басқада болжамдар
болуы мүмкін, мысалы, сендіру рөлі, тұлға аралық қатынас құрылымы және т.б.
( В.С.Мерлин, 1986).
Индивидуалдылықты интегралды зерттеу теорияларына дәстүрлі түрде келесі
сұрақтарды жатқызады: индивидуалдылық құрылымдық элементтерін, оларды
ұйымдастыру принципін,іс-әрекет формалары мен функционалдық рөлін зерттеу;
индивидуалдылық құрылымындағы әр деңгейлік қасиеттерін тану критерилерін
анықтау; индивидуалдылық құрылымындағы жоғары және төменгі деңгейінің өзара
әрекеті; индивидуалдылық толықтығы типологиясын құру.
Ал, индивидуалды психотерапия ұйымдастырушы форма ретінде ең алғаш
рет құрылды. Ұйымдастырушы аспектісі ретінде индивидуалды психотерапияда
альтернативті топ ұжым және отбасын алды.
Адам бірыңғай және өзіні-өзі үйлесімділік ағза болып табылатыны
жайлы болжам адлерлік психологияның негізгі алғышарттарын құрайды. Адлер
өзінің теориясын индивидуалды психология деп атады, латын сөзінен
аударғанда – неделимый – бөлінбейді деген мағынаны білдіренді. Адлер бірде-
бір өмірлік беллсенділіктің байқалуын оқшау қарасытыруға болмайтынын, тек
тұлға тұтастығымен арақатынасты ғана қарастыру кректігін айтты.
А.Адлер индивидуалды психотерапияның негізгі үш деңгейін атап
көрсетті: клиенттің өмірлік стилін психотерапевттің түсінуі; клиентке
өзінің мінез-құлық ерекшеліктерін түсінуге көмектесу, оның әлеуметтік
қызығушылықтарын арттыру.
Өзін-өзі үйлестіру және бірыңғай тұлғаның құрылымын Адлер өмір
стилі деп анықтады. Бұл тұжырымдамада оның адамды бірыңғай тұтас ретінде
қарастыруға ұмтылса, басқаға қарағанда едәуір көрсетілген.

Адаөмірі жетілуге белсенді ұмтылыс ретінде.

Индивидуум шығармашылық және өзін-өзі анықтау тұтастығы ретінде.

Индивидуумның әлеуметтік қатарында болушылығы.

Индивидуалды субъективтілік.

Индивидуалды психология: негізгі тұжырымдамалыр және қағидалары. Тұлғаның
негізгі мақстаы - психологтар, терапевтер үшін пайдалы және үнемді бағдар
болып қызмет етеді, ол үлкен есептеулер бойынша кез-келген адамға
психологиялық жағынан дұрыс мінез-құлыққа өзгеру жолында деп Адлер сенімді
болды. Тұлғаның барлық теориялық құрылым негізінде келесі қағидаларды
ұсынады:

компенсация және тлымсыздық сезімі;

басымдылыққа ұмтылыс;

өмір стилі;

әлеуметтік қызығушылық;

шығармашылық Мен,

туу реті;

жалған финализм.

Практикалық сабақ №2. Психологтың психотерапияға қатысуы
Жоспары:
1. Психотерапиялық әдістер туралы түсінік
2. Психотерапиядағы техниканың қазіргі жағдайы
Мақсаты: психотерапиялық әдістердің мәнін ашып көрсету,
психтерапия ұғымын толық, қарастыру.
Қысқаша теориялық мәліметтер: Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia —
емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық
құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті
мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын
жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді
іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада
маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық
қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-
әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік,
гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар.
Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде
әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру
адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін
қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі
психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне
ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және
әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия
кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты
қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипноз,
аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен
аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір
адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-
құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.[1]
Адамдар әлемді сезім мүшелері арқылы қабылдайды және сенсорлар
жүйесі арқылы. Психологтардың ойларынша біз әлемді тек тіл арқылы
қабылдаймыз, бұл даулы мәселе өйткені біз әлемді сенсорлы формада да
қабылдаймыз визуалды және кинестетикалық түрде.Бұл репрезентацияланған жұйе
адам бойында басым болуы мүмкін.
Егерсіз істеген ісіңізді ылғи істесеңіз онда соңында алып жүрген нәтиже
аласыз. Егер сіздің істеп жүргеніңіз істелмесе онда сіз баса амал
қолданыңыз.Бұл позиция НЛБ-ні бихивияристермен біріктіреді,бірақ тек
дағдымен ғана жұмыс істемейді ол ішкі реакция анықтамайтын ақпаратты
өңдейтін жүйемен жұмыс істейді бұл оны когнетивті терапиямен жақындатады ,
бірақ НЛБ тек ой мен ғана жұмыс істемейді ол барлық ақпаратты өңдейтін
жұйемен жұмыс істейді оны тренинг кезінде трансқа кіргізу кезінде жүзеге
асады.НЛБ-да трансқа енгізу әдісін М.Эриксонның дерективті емес гипноз
әдісінен алынған.
Ауруды емес ауру адамды емдеу керек термині психотерапиямен
социотерапияға қатысты айтылған сөз.
Психотерапия-ауру симтоматикасының редуктациясына бағытталған,
жоспарланған психологиялық процес әрекеті.
Қазіргі таңда емдеудің психологиялық әдістері сан алуан
Психотерапефтикалық техникалармен қамтамасыз етілегн. Олар гуманистиканың.
Психодинамикалық когнитивтік және басқада теориялық- методологиялық
негіздің есебінен құрылған. Оның үстіне әрбір Психотерапевтикалық әдістер
жалпылыққа негізделеді. Отандық медициналық психологияда терең зерттелген
мәселе-потогенетикалық психотерапия болды. Ол В. Н. Миясичевтің жекелік
қатынасының теорисы негізінде қалыптасқан. Жекелік қатынасын зерттеу
реконструктивті Психотерапия концепциясын алып келеді. Оның қасиеті жеке
методикалық тәсілдермен интеграцияға деген ашық ойлылық пен басқа
психотерапия жүйесінің теоретикалық жағдайы. Бұл психотерапия ғылымы
дамуының актуальды мәселесі.
Себебі психотерапевтикалық бағыттың альтернативтілігі мен антагонизмі.
Осы емдеу әдісінің алғашқы дамуының факторы ретінде саналып отыр. Осы
бағытта психотерапияның интегралды – полифоникалық теорияны құру мақсатымен
жұмыстар жүргізілуде.
Реабилитация процесі аурудың жеке және әлеуметтік статусын ерекше
әділдікпен іске қосуға бағытталған жүйелі әрекет. Бұл жердегі актуалды
міндет психотерапияның психологиялық теориясын жасау.
Практикалық сабақ № 3. Психикалық коррекциялық жұмысты жүргізуде психикалық
іс-әрекеттің формаларын анықтаудағы бағыт бағдар

Жоспары:
1. Психикалық коррекциялық жұмысты жүргізу
2. Аурудың жеке басының шағымына көзқарасы
Мақсаты: Психикалық коррекциялық жұмыс жайлы түсінік
қалыптастыру, аурудың жеке басының шағымына көзқарасын түсіндіру.
Қысқаша теориялық мәліметтер: Психокоррекция мен психотерапия
терминдерінің айырмашылығы жеке тақырып болады. Отандық психологияда пайда
болған бұл ұғымдарды бөлу жұмыс ерекушеліктерімен емес, психотерапиямен
арнайы медициналық білімі бар адамдар ғана айналыса алады деген заңды
жағдаймен байланысты. Біздің көзқарас тұрғысынан бұл шектеу жасанды болып
табылады. Себебі, психотерапия психологиялық ықпал жасау жолдарын
ойластырады. Оның үстіне психотерапия термині халықаралық болып табылады
және әлемнің көптеген елдерінде кәсіби психологтар іске асыратын жұмыс
әдістері ретінде қолданылады. Психотерапия мен кеңес беру арасындағы шек
өте шартты екендігі күмәнсіз. Мұның Ю.Ф. Поменов, А.С.Спиваковская, т.б.
авторлар өз еңбектерінде бірнеше рет атап өткен. Бұл еңбектерде
психотерапия және психокоррекция саласында ортақ көрсеткіштері мол екенін
атай отырып, дегенмен психологиялық кеңес беруді арнайы медициналық
дайындығы жоқ психологтар жүргізуге болатындығын, кеңес беру тек
психологиялық жағдайға көзқарасты өзгертуге бағытталғына болғандықтан оны
адамның психологиялық қасиеттеріне белсенді ықпал етру арқылы өзгерту керек
емес кезде психолог мамандар жүргізе алатыны анықталған.
Психотерапиялық көмек клиенттің жеке тұлғалық проблемаларын шешуге
бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар
кеңінен пайдаланатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға өте қатаң
талаптар қойылады. Себебі, оң нәтижеге жету үшін психологиялық біліммен
еңбектің жалпы принцциптерін түсіну жеткіліксіз. Сонымен қатар психикаға
терең әсер ету арқыылы клиентті сөзсіз илануға жеткізу немесе гипнозға
жақындату жағдайда сендіру тәсілдері де кеңінен пайдаланылады. Психотерапия
тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық меңгерген және оларды емін-
еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болуы керек.
Клиенттің проблемасы тұлғааралық немесе жеке тұлғалық екендігін
дәлірек анықтау үшін психолог шағымданушыға көптеген жанама сұрақтар қойып,
оларға берген жауаптарын, психологпен кездесуден күткен үмітінің
ерекшелігін талдап, анықтайды. Кеңес беруші психологтың клиенттері, әдетте,
жеке өмірлік қиындықтардың пайда болуына басқалар теріс роль атқарды деп
көрсетеді. Ал тереңірек психокоррекциялық жұмысқа бағдарланған клиенттердің
шағымы басқаша болады: оларды көбінесе өзінің ішкі жағдайы, қажеттілігімен
тілегін бақылап, оларды реттеуге қабілетсіздігін мазасыздандырады. Сонымен,
кеңес беруші психологтың клиенттеріне мына типтес шағымдар тән. Біз
күйеуіміз екеуміз үнемі себепсіз ұрысып қаламыз, немесе әйелім мені
ешқандай себепсіз
қызғанады. Психотеррапевтке келетіндердің көбісі өзінің проблемалары
туралы басқаша ай((тады: Мен өзімді өзім ұстай алмайтын, өте ашушаң болып
кеттім, үнемі күйеуіме айқайлаймын, немесе, Соңғы кезде әйелімнің
адалдығына сенімсіздік білдіремін, ол мені алдайтын сияқты болады да
тұрады, оны ешқандай себепсіз қызғанамын. Шағымдарда мұндай айырмашылықтар
өте көп болады, ішінара сол клиенттермен жеке проблемалары мен
сәтсіздіктерін сараптау бойынша арнайы жұмыс жасалынады. Адам өз басынан
өтіп жатқан оқиғаға өзін жауапты деп қабылдауы-белгілі дәрежеде ерікті
қажет ететін қадам. Ол адам өзін-өзі өте терең және жан-жақты, барлық қыр-
сырына түсініп тануға дайын екені күмәнсіз.
Шағымдар логусының бағыттылығы мен адамның психологиялық көмек алуға
дайындығы- онымен жасалатын жұмыстың формасын да анықтайды.

Практикалық сабақ № 4. Қабылдаудың бұзылуы
Жоспары:
1. Қабылдаудың бұзылуы туралы түсінік
2. Иллюзия
3. Галлюцинацияның ең маңызды түрлері

Мақсаты: Қабылдаудың бұзылуына түсінік беру, Галлюцинацияның түрлерімен
таныстыру.

Қысқаша теориялық мәліметтер: Қабылдаудың паталогиясы, яғни бұзылуы
қабылдаудың субъективті образы мен қабылданған образдың теңесуінің белгілі
бір себептермен бұзылуынан бастау алады, және әр түрлі психикалық
процестердің бұзылуы барысында өтіп жатады. Қабылдаудың бұзылуы әр
түрлі оны психологтар ғана емес, психиатрлар да зерттейді.
А.Р. Лурия негізін салған нейропсихологияның орыс мектебінде ми
қабының әр түрлі қабынуы кезіндегі қабылдаудың бұзылуы зерттелген. Бұл
агнозия тудырады. Агнозия дегеніміз - заттарды тану мен дыбыстарды
естудің қиындығы.
Ми үлкен жарты шарының қабының қабынуы кезінде сезімталдық
сақталады. Біріқ түскен информацияның анализ бек синтезге қабілеті
жойылады. Ал бұл қабылдаудың әр түрлі бұзылуларына алып келеді. Ми
қабынуының локализациясынан (жайылтпаушылық) агнозияның әр түрлері пайда
болады, зейіндік (бағалауыштық)есту және дене арқылы сезіну.
Дене схемасының бұзылуы түріндегі қабылдаудың бұзылуы деген
бұзылулар бар. Ол дегенің қалай орналасуына байланысты.
Дене схемасының бұзылуы метаморфопсиямен байланысты. Метаморфопсия-
ішкі дүниенің бір немесе бірнеше обьектті қабылдауы. Мүнда заттардың
қабылдануы ауруға сол заттың көлемі өз көлемінен үлке немесе кіші болып
көрінеді (микропсия, макропсия). Содай – ақ заттардың саныда көп не аз
болып қабылданады. Оларға мәселен, қабырғалар құлап жатқан сияқты, қозғалып
түрған тәрізді едендерде қозғалыста сияқты болып көрінеді.
Иллюзия – шындық құбылыстардың адамға қате өзгертіліп қабылданатын
бұзылудың түрі, мәселен шындығы қасық өз көлемінен үлкен көрінеді.
Иллюзияның афектифті немесе афектогеннді, вербалды және парэйдоликалық
түрлері бар.
Аффективті (аффектогенді) иллюзиялар қарқынды эмоциялардың әсерімен
пайда болады. Мәселен жүйкелі стрессте түрған адам әйнектің сыртынан
ағаштың бүтағын қозғап түрған қаңқа (скелет) ретінде қабылдайды.
Вербальды иллюзия - сөздің мағынасын қоршаған ортаның сөйлеуін қате
қабылдау. Пароэйдоликалық иллюзия - деп зейін иллюзиясын айтамыз.
Паройдомия аурудың қалауынан тыс пайда болады. Бірақ сау адамда әсіресе
суретшілерде кездеседі. Мысалы Леонардо до Винчи образға қабілетті арттыру
үшін жаттығу жасап осылай басқада суретшілерді жасауға шақырған (өнер
туралы трактат). Галлюцинация - шындық сипаты жоқ құбылысты яки жоқ
нәрсені адамның түйсініп естіп көретін қабылдаудың бұзылуы. Бұл обьектсіз
қабылдаудың түрі. Галлюцинация сезім мүшелеріне байланысты мынандай
түрлеріне бөлінеді есту, зейіндік, дәм, иіс сезу. Галлюцинацияның тағы бір
түрі құрастырылған. Галлюцинацияда ауру адам жыланды көріп, ысылын естейді
және оның денеге тигенін сезеді.
Галлюцинацияның ең маңызды түрлері:
- жалған галлюцинация;
- нағыз галлюцинация.
Бұл галлюцинациялардың ең тиімді бөлінуі деп саналады. Нағыз
галлюцинация шындықпен байланысты. Ауруды оның бар екендігі жөнінде ешбір
күмән жоқ бейнелер оған анық түрде көрінеді.
Жалған галлюцинация (псевдогаллюцинация) науқастың ағзаның ішінде
өтетін құбылыс. Бейнелер оның ішінде орналасады. Мысалы, басының ішінде бір
дыбыстар естіледі. Жалған галлюцинация адам еркінен тыс болады. Нағыз
галлюцинацияға қарағанда жалған галлюцинация шындық құбылыспен байланысы
жоқ. Галлюцинациялану барысында бұл жағдай жойылып ауру тек өзінің
галлюцинаторлық бейнесін қабылдайды.
Галлюцинациялар әр қилы соның бірі - галлюцинацияның анализатор
бойынша жіктелуі. Есту галлюцинациясы - әңгімені, сөздің сондай - ақ
дыбыстар мен шулардың паталогиялық қабылдануы.
Вербалді галлюцинациялар әртүрлі дыбысты бүтін фразаны, үзақ әңгімені
бір немесе бірнеше дыбыстармен қабылдауы.
Енді аурудың өзіне өте қауіпті императивті галлюцинация бұйрық беру
мазмүнында болады. Мәселен біреуді өлтіру керек болса соны істейді -
мүндай науқастар ерекше күтімді қажыт етеді.
Зейіндік галлюцинация іштей элементарлы және заттық болып бөлінеді.
Затық галлюцинация аурудың көз алдына қорқынышты бейнелер мен қанқалардың
(склеттердің) елестеуі. Ал элементарлы галлюцинация көз алдына жарқыл
оттар , оттың жауыны, т.б. кейде ол көз алдында өзінің бейнесін
елестетеді.
Иіс сезу галлюцинацияларында науқас жиі жағымсыз иістерді сезетіндей
сияқты, мысалы, өлген еттің иісі, т.б. Иіс сезу галлюцинациясы бар ауру
адам тамақтан жиі бас тартады. Себебі олар өздерін құрамы бұзылған айныған
тамақпен қоректендіріп жатыр деп ойлайды.
Галлюцинация дене арқылы сезіну түрінде болады. Мысалы, ауру
денесінде бір жәндіктің жүргенін сезеді немесе біреу тістегендей болады.
Висцеральды галлюцинация – бұл өз денесінде бір заттың тұрғанын
сезіну.
Гипнагониялық галлюцинациялар зейіндік алдау бұл шындыққа
қарағанда жалған түрге жатады. Тағы оның сахналық калидоскопия – түрлері
бар. Галлюцинацияның бұл түрлері көзді жұмып тұрып орындалатындықтан да
гипнопомтикалық деп аталады. Функционалды галлюцинация сезім мүшелеріне
әсер ететін тітіркендіргіштердің өзінде пайда болады. Нағыз галлюцинациядан
функционалды галлюцинацияның айырмашылығы онда нағыз тітіркендіргіштер
бар.
Гипноздық сеанс кезінде сендіру және шақыру галлюцинациялары
туады. Таза парақ симптомы (Рихардтың симптомы) мәселен, ауруға таза парақ
берсең, ол мәтін оқи бастайды. Сондай ақ егер ауруға телефон тұтқасын
берсең ол әңгіме айта бастайды (ашаффенбургтың симптомы).
Дереализация – ауру адамға оны қоршаған ортаның өзгертіліп
қабылдануын. Оның үстіне ауруға сол зат қалай өзгергенін анықтау қиынға
соғады. Сондықтан олар былай дейді: айнала тірі емес сияқты немесе мен
түсімде жүрген сияқтымын.
Қабылдаудың бұзылуындағы дереализация жағдайында бір уақытта бірнеше
анализатор кейде бір анализатор жұмыс істейді. Дереализацияның айтылған
түрі кейде сол мезеттегі түйсіктің жоғалуымен ерекшеленеді. Ауру бүгін не
істегенін, кімді көргенін айта алмайды. Ал деперсонализация адам айнаға
қарап өзін - өзі танымайды.
Дереализацияда бұрын болып кеткен бастан кешірген сияқты симптомдар
болады. Мысалы, бір құбылыс бұрын болып кеткендей, немесе бір жерде
көргендй сияқтанады.
Бұл құбылыс сау адамдарда да кездеседі, әсіресе, қатты қобалжуда
қайғыруда көрініс табады.
Танудың сезім потологиясының негіздері тек қана аурудың түріне, оның
клиникалық формасына ғана емес науқастың жас мөлшеріне де байланысты.
Есейген бойжеткен жастағылардағы түйсіктің қабылдаудың бұзылуын тыңғылықты
зерттеген ғалым Г. Е. Сухарева болды. Сенестопатия балаларда бес, жеті
жсынан бастап көрініс бере бастайды.

Практикалық сабақ №5. Естің бұзылуы

Жоспары:
1. Естің бұзылуы туралы түсінік.
2.Ес патологиясының түрлері

Мақсаты: Ес бұзылуының мәнін ашу және түсінік қалыптастыру.
Қысқаша теориялық мәліметтер: Ес бұзылуының байқалуы әртүрлі. Осы мақсатпен
ес поталогиясының басты екі түрін жіктейміз.
1.Дисмнезия. Оған гипермнезия, гипомнезия, амнезия жатады. Енді
осылардың әрқайсысына жеке – жеке тоқталсақ:
Гипермнезия – информацияны есте сақтаудың әлсіздігімен үйлесетін
күшейтілген еске түсіру. Гипермнезиясы бар ауруларда бұрын ұмытылып кеткен
нәрселер есіне түседі.
Гипомнезия – есте сақтау қабілетінің бұзылуы кезінде байқалады. Ауру
тек жарқын, анық және маңызды сәттерді ғана еске түсіре алады.
Гипомнезияның ең жеңіл сатысы – сан, күн есімдерді есте сақтау қабілетінің
төмендігі.
Амнезия – бұл оқиғалардың, жағдай, фактілердің бүтіндей естен шығып
кетуі. Амнезияның төмендегідей түрлері бар:
Кертартпалық амнезия – аурудың күшейген кезіндегі оқиғалардың
естен шығуы. Мысалы, ұландыру немесе бастан зақым болғанда. Кертартпалық
амнезияның созылу мерзімі әр түрлі. (апта, ай кейде бірнеше минут).
Антероградты амнезия - оқиғаның толық және бір бөлігінің психикалық
ауру жағдайына кейінгі естен шығуы. Мұның да уақыт мерзімі әр қалай болып
келеді.
Фикцационды амнезия - есте сақтау қабілетінің жоғалуы. Сол уақыттағы
оқиғаны ғана жазып алып, кейін қайтадан ұмытып естен шығаруы. Осындай
бұзылуы бар адамдар өзінің кереуетінің қайдат екенін, дәрігерінің атын
ұмытып қалады.
Прогрессивті амнезия – Рибол заңдылығына байланысты естің ыдырауы:
Алдымен кеш сақталған оқиғалар мен фактілер естен шығады, ал ерте
сақталғандары соңынан жойылады.
Бұдан басқа аффектогенді және психогенді амнезия кездеседі. Бұл
жағымсыз аффектінің әсерінен оқиғаларды есте сақтай алмағанда байқалады.
Ес потологиясының екінші түрі – парамнезия – қате, құбылмалы
түрде болатын ес. Адам белгілі жердегі оқиғаны есте сақтауы мүмкін бірақ
оның уақытын сақтай алмайды.
Мұндай құбылыс псевдореминисценциялы деп аталады, яғни жалған есте
сақтау. Конфабуляция – ойлау еске түсіру, болмаған нәрсені еске түсіру.
Конфабуляцияға фантазия элементтері қатысады. Ал криптомнезия
дегеніміз адамның оқиғаның қашан болдғанын түсінде әлде өңіндеме, атақты
музыкаттың концертінде болды ма әлде тек оның әнін үнтаспадан тыңдады ма
сияқты болып еске түсіре ала алмайтын парамнезияның түрі.
Өте сирек кездесетін суретті ес деп кітаптың бірнеше бетін оқып бола
салып, қатесіз бәрін есте сақтайды. Эйдетизм осы суретті еске жақын
құбылыс, яғни бейненің жоғалып кеткенінен кейінгі есте, көз алдында тірі
бейне ретінде қалуы.

Практикалық сабақ №6: Ойлаудың бұзылуы
Жоспары:
1. Ойлаудың бұзылуы
2. Қудалау сандырағы
Максаты: Ойлаудың бұзылуы жайлы түсінік беру. Қудалау сандырағы және
Қызғаныш сандырағының мәнін ашып көрсету.
Қысқаша теориялық мәліметтер: Ойлаудың бұзылуы психикалық ауруларда жиі
кездесетін аурудың түрі. Аурудың диогнозын қояр кезде психиатр ойлаудың
бұзылуының түрлерін басшылыққа алады. Потология симптомдары әр қилы болып
келеді. Ойлаудың бұзылуын формасы мен мазмұнына қарай жіктейді. Ойлаудың
бұзылу формасына темптің бұзылуы жатады. Ойлаудың жылдамдығы. Ауру көп
ойлар болғанымен, оны айта алмайды, үлгермейді. Адам миында әртүрлі
ойлардың тууы соншалықты тіпті ортақ мағынаны түсінбей қалуыда осыған
қатысты.
Ойлаудың бәсеңдеуі ассоциацының жоқтығымен сипатталады . Мұндай
аурулардың миында сағаттап еш ой болмайды. Бұл басқа зақым келгенде ақыл
ойы шаршағанда пайда болады. Олар сұраққа көбінесе қысқа түрде иә не
жоқ деп жауап береді. Ойлау қимылының бұзылуында науқас басты штрихты
ажырата алмай оның әңгімесінің мазмұнын түсіну қиын болады.
Ойлаудың персеверациясы – потологиялық тоқтау. Ауру бұл жағдайда бір
сөзді қайталай береді. Дәрігердің алғашқы сұрақтарына дұрыс жауап берсе
кейінгілеріне сол жауапты қайталайды.
Ақылгөйлік – шешендік қабілетінің болуымен ерекшеленетін ойлаудың
бұзылуы. Олардың аффектілері өте күшті болады. Кімді болса да жеңіп
отырады. Ойлаудың бұзылуы бөлек сөздермен бөлек ойлаудың қатынасының
арасында көрінеді. Ауру адамның сөзі мүлдем түсініксіз болып естіледі.
Паралогиялық ойлау, ақылгөйлік және ойлаудың бытыраңқылығы шизофернияға
қатысты.
Ойлаудың мағыналық жақтан бұзылуына қалыптасқан жоғары бағалы
сандырақтау ойлары жатады. Қалыптасқан жағдайда оларды қорқыныш ойлар
күмәнданулар орын алады.
Бұл ойлардан ауру адам құтыла алмайды. Бірақ ой сау адамдарда да кездесе
береді.
Аталмыш ой маңыз сұрақтардан тұрады. Мәселен, неге адамның екі алғы,
иттің төрт аяғы бар. Бұл адамның еркімен болатын әрекет.
Қалыптасқан ой формасы: мысалы, көшеде не көрінсе соны санай беру –
терезелерді, баспалдақтарды санау.
Күмәндану – бұл да сенімсіздіктен болатын қалыптасқан ойдың түрі. Ауру
адам өз ойына күмәнданады. Мәселен, үйіне қайта оралып, терезе жабылды ма
жоқ па, есік жабылды ма деп тексеріп көру үшін қайта қайта барады. Өзінің
әрекетінің біткеніне күмәнді оймен қарайды.
Қорқыныш - фобия деп аталады. Фобия роционалды таным потгологиясын
зерттеу кезінде қарастырылады.
Нозофобия – адамның өлуіне алып келетін қорқыныш түрі. Өлімнен қорқыныш
ой – танатофобия деп аталады. Ал социофобия – қарым – қатынас арқылы туатын
қорқыныш болса, лалофобия – сахнаға көпшілік алдына шығудан қорқыныш.
Мифофобия - өтірік айтудан қорқу. Эритофобия – қоғамдық ортада қызарып
кетуден қорқу. Гинекофобия - әйелдермен сөйлесуден қорқу, қысылу. Фобияның
осындай түрлері бар. Фобиялар негізінен вегетатифті реакциялық басталуымен,
әлсізденумен беттің қызаруымен, ауа жетіспей тыныс алудың қиындауымен
басталады.
Қалыптасқан ойдың бір түрі әуестік деп аталады. Мәселен алдында отырған
адамға түкіру. Ол өзінің не істегенін біледі. Ал қалыптасқан әрекеттер өз
өзінен бола беретін іс - әрекеттер. Мәселен әңгіме барысында қағазды мыжып
тұру, қаламды тістеп тұру немесе шашын орап тұру, құлағын ұстап тұру тб.
Бұлар ортаға жағымсыздық тудырмайды және байқала бермейді. Адам оны істемеу
керектігін біледі, істемеймін деп ой түйеді, бірақ бәрібір еріксіз
автоматты түрде істей береді.
Ритуал- күмәндану мен әртүрлі фабияларды басу үшін жасалатын
қалыптасқан әрекет. Ритуал ауруға бақытсыздықтан қорғану үшін қажет. Мысалы
оттан қорыққан науқас өз өсінен үш рет айналып , осыдан көңілі жәй тауып
тынышталады.
Жоғары бағалы ойлар адамның мінез, болмысын анықтап тұратын нақты
фактілер мен оқиғалардың байланысынан туатын ойлар мен тұжырымдар. Олар
үлкен эмоционалды толықтықпен сиптталады. Жоғары бағалы ойлар әсіресе
психиопатиялық жекелікке байланысты.
Сандырақ ойлар- ойлаудың ең сапалы бұзылуларының бірі. Бұл шындыққа
жанасымсыз ой тұжырымдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патопсихология жайлы мәлімет
Патопсихология жайлы түсінік
Патопсихология жайлы түсінік туралы мәлімет
Патопсихология жайлы түсінік туралы
Медициналық психологияны қалыптасу тарихы
Клиникалық психологияның теориялық және практикалық міндеттері
Патопсихология туралы
Дәрігерлік емдеу мекемедегі психологиялық қызметтің ерекшеліктері мен тиімділігі
Сана бұзылуының критерийлері
Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс – жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі
Пәндер