Психикалық сырқат жасөспірімдерді тексеру әдістері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Патопсихология пәнінің мақсаты мен міндеттері
2. Психология ғылымында патопсихологияның орны
3. Психикалық сырқат жасөспірімдерді тексеру әдістері
4. Психикалық коррекциялық жұмысты жүргізу әдістері
5. Аурудың жеке басының шағымына көзқарасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жүйелі жол көмегімен индивидуалдылықты анықтаудағы ғылыми-тәжірибелік
міндет осы индивидуалдылықтың даму барысын басқару. В.С.Мерлин пікірінше,
тәжірибелік экспериментте іс-әрекеттің индивидуалды стилін қалыптастыру
болып табылады. Бірақ басқада болжамдар болуы мүмкін, мысалы, сендіру рөлі,
тұлға аралық қатынас құрылымы және т.б. ( В.С.Мерлин, 1986).
Индивидуалдылықты интегралды зерттеу теорияларына дәстүрлі түрде
келесі сұрақтарды жатқызады: индивидуалдылық құрылымдық элементтерін,
оларды ұйымдастыру принципін,іс-әрекет формалары мен функционалдық рөлін
зерттеу; индивидуалдылық құрылымындағы әр деңгейлік қасиеттерін тану
критерилерін анықтау; индивидуалдылық құрылымындағы жоғары және төменгі
деңгейінің өзара әрекеті; индивидуалдылық толықтығы типологиясын құру.
Ал, индивидуалды психотерапия ұйымдастырушы форма ретінде ең алғаш
рет құрылды. Ұйымдастырушы аспектісі ретінде индивидуалды психотерапияда
альтернативті топ ұжым және отбасын алды.
Адам бірыңғай және өзіні-өзі үйлесімділік ағза болып табылатыны
жайлы болжам адлерлік психологияның негізгі алғышарттарын құрайды. Адлер
өзінің теориясын индивидуалды психология деп атады, латын сөзінен
аударғанда – неделимый – бөлінбейді деген мағынаны білдіренді. Адлер бірде-
бір өмірлік беллсенділіктің байқалуын оқшау қарасытыруға болмайтынын, тек
тұлға тұтастығымен арақатынасты ғана қарастыру кректігін айтты.
А.Адлер индивидуалды психотерапияның негізгі үш деңгейін атап
көрсетті: клиенттің өмірлік стилін психотерапевттің түсінуі; клиентке
өзінің мінез-құлық ерекшеліктерін түсінуге көмектесу, оның әлеуметтік
қызығушылықтарын арттыру.
Өзін-өзі үйлестіру және бірыңғай тұлғаның құрылымын Адлер өмір
стилі деп анықтады. Бұл тұжырымдамада оның адамды бірыңғай тұтас ретінде
қарастыруға ұмтылса, басқаға қарағанда едәуір көрсетілген.
Адам өмірі жетілуге белсенді ұмтылыс ретінде.
Индивидуум шығармашылық және өзін-өзі анықтау тұтастығы ретінде.
Индивидуумның әлеуметтік қатарында болушылығы.
Индивидуалды субъективтілік.
Индивидуалды психология: негізгі тұжырымдамалыр және қағидалары. Тұлғаның
негізгі мақстаы - психологтар, терапевтер үшін пайдалы және үнемді бағдар
болып қызмет етеді, ол үлкен есептеулер бойынша кез-келген адамға
психологиялық жағынан дұрыс мінез-құлыққа өзгеру жолында деп Адлер сенімді
болды. Тұлғаның барлық теориялық құрылым негізінде келесі қағидаларды
ұсынады:
• компенсация және тлымсыздық сезімі;
• басымдылыққа ұмтылыс;
• өмір стилі;
• әлеуметтік қызығушылық;
• шығармашылық Мен,
• туу реті;
• жалған финализм.

Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда
психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу
дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға
(клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын
өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай
көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі
кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің
болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары —
психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік, гуманистік,
нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия —
психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету
әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу
мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және
оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға,
жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның
көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-
әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге ұшыраған
адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға
бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипноз, аутогендік
жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың
өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға
деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар
әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.
Адамдар әлемді сезім мүшелері арқылы қабылдайды және сенсорлар
жүйесі арқылы. Психологтардың ойларынша біз әлемді тек тіл арқылы
қабылдаймыз, бұл даулы мәселе өйткені біз әлемді сенсорлы формада да
қабылдаймыз визуалды және кинестетикалық түрде.Бұл репрезентацияланған жұйе
адам бойында басым болуы мүмкін.
Егерсіз істеген ісіңізді ылғи істесеңіз онда соңында алып жүрген
нәтиже аласыз. Егер сіздің істеп жүргеніңіз істелмесе онда сіз баса амал
қолданыңыз.Бұл позиция НЛБ-ні бихивияристермен біріктіреді,бірақ тек
дағдымен ғана жұмыс істемейді ол ішкі реакция анықтамайтын ақпаратты
өңдейтін жүйемен жұмыс істейді бұл оны когнетивті терапиямен жақындатады ,
бірақ НЛБ тек ой мен ғана жұмыс істемейді ол барлық ақпаратты өңдейтін
жұйемен жұмыс істейді оны тренинг кезінде трансқа кіргізу кезінде жүзеге
асады.НЛБ-да трансқа енгізу әдісін М.Эриксонның дерективті емес гипноз
әдісінен алынған.
Ауруды емес ауру адамды емдеу керек термині психотерапиямен
социотерапияға қатысты айтылған сөз.
Психотерапия-ауру симтоматикасының редуктациясына бағытталған,
жоспарланған психологиялық процес әрекеті.
Қазіргі таңда емдеудің психологиялық әдістері сан алуан
Психотерапефтикалық техникалармен қамтамасыз етілегн. Олар гуманистиканың.
Психодинамикалық когнитивтік және басқада теориялық- методологиялық
негіздің есебінен құрылған. Оның үстіне әрбір Психотерапевтикалық әдістер
жалпылыққа негізделеді. Отандық медициналық психологияда терең зерттелген
мәселе-потогенетикалық психотерапия болды. Ол В. Н. Миясичевтің жекелік
қатынасының теорисы негізінде қалыптасқан. Жекелік қатынасын зерттеу
реконструктивті Психотерапия концепциясын алып келеді. Оның қасиеті жеке
методикалық тәсілдермен интеграцияға деген ашық ойлылық пен басқа
психотерапия жүйесінің теоретикалық жағдайы. Бұл психотерапия ғылымы
дамуының актуальды мәселесі.
Себебі психотерапевтикалық бағыттың альтернативтілігі мен
антагонизмі. Осы емдеу әдісінің алғашқы дамуының факторы ретінде саналып
отыр. Осы бағытта психотерапияның интегралды – полифоникалық теорияны құру
мақсатымен жұмыстар жүргізілуде.
Реабилитация процесі аурудың жеке және әлеуметтік статусын ерекше
әділдікпен іске қосуға бағытталған жүйелі әрекет. Бұл жердегі актуалды
міндет психотерапияның психологиялық теориясын жасау.
Психикалық сырқат жасөспірімдерді тексеру әдістері
Психикалық сырқат жасөспірімдерді тексеру әдістері: сипаттау әдісі,
түсіну, сараптаулық психопатологиялық әдіс; нейробиологиялық әдістер;
генетикалық әдістер.
Клиникалық психиатриялық зерттеу ауруларға сұрау салу, ауруды
субъективті (аурудын, өзін) және объективті (туыстары мен таныстары арқылы)
бақылау арқылы жүзеге асырылады. Сұрау салу — психиатриялық зерттеудің
негізгі әдісі болып табылады. Психикалық аурулардың, көптеген симптомдары
көбіне субъективтік кеселдің болуынан байқалады. Бұл аурудың бар екендігін
және оның ерекшелігін білікті әнгімелесу көмегімен ғана аңғаруға болады.
Мұндай симптомдарға жабысқақтық құбылысы, психикалық жаттандылық, көптеген
вербальдық галлюцинациялар, паранойялық және параноидты сандырақ,
сарыуайымшылдықтың бастапқы белгілері, астения және басқалары жатады.
Психикалық бұзылыстардың ерекшелігін — мінез-құлыктың әр түрлі
бұзылыстарының түрінен тыс болса да, мұны да сұрау салу мүмкіндігімен
анықтауға болады. Елес, онейроидтың көптеген симптомдары да сана алжасуы,
сондай-ақ дені дұрыс кездегі аурудың пікірі бойынша ғана анықталады.
Аурудың сөйлеу қабілеті сақталғанға дейін барлық психикалық аурулар үшін
сұрау салу зерттеудің басты бөлігі болып табылады.
Бір қатар аурулар, әсіресе өздеріндегі психикалық бұзылыстарды жоққа
шығарғанда егжей-тегжейлі әңгімелесу жолымен шынайы жағдай анықталады. Ал
сұрау салу біліксіз жүргізілсе, сандырақты, сарыуайымшылдықты, психикалық
жаттандылықты байқамай қалуға болады. Бұл жағдайда ауру жағдайына дұрыс
баға берілмейді, дамып келе жатқан психоз, қатаң бақылау қажеттілігі,
ауруханаға тез арада орналастыру сияқты мәселе қарастырылмай қалады.
Психикалық ауруды және оның көріністерінің бүкіл ерекшелігін аңғару үшін
сұрау салуды біліктілікпен әрі істі түсіне отырып жүргізу керек. Аурудан
сұрау салуды, дәрігерлік зерттеудің басқа да кез келген методикасы сияқты
үйрену керек. Психикалық жағынан ауытқушылықты анықтау оқулық пен нұсқаулар
бойынша жанжақты білім алып қана қоймай, сондай-ақ іс жүзінде оқып үйрену,
ауруларды өздігінше жеке зерттеуді ұдайы жүргізу арқылы ғана мүмкін болады.
Осындай біліктілікке ие болғанда ғана мамандандырылған психиатриялық
зерттеу жасалады.
Сұрау салу жолымен жүргізілетін зерттеудің табысты болуы зерттеушінің
біліміне ғана емес, сондай-ақ сұрау салуды білуге де байланысты. Мұның өзі
тек дәрігердің бір ғана тәжірибесіне ғана емес, оның жеке басының қасиетіне
де қатысты. Өйткені әрбір психиатр аурумен өзінше сөйлеседі. Сондықтанда
сұраудың жаттанды болмай, барлық аурулар үшін бірдей болмауы маңызды. Кез
келген аурумен оның жан азабы туралы қарапайым, шынайы аурудың дара
ерекшелігіне байланысты әркайсысымен басқаша сейлесе білу едәуір дәрежеде
зерттеудің табысты жүргізілуін қамтамасыз етеді. Дәрігердің мұндай мінез-
құлқы психиатрияда ғана емес, әңгіме адам, оның санасы, ойлауы, сөзі мен
әсері туралы болатын медициналық пәндердің басқа да саласына қажет. Зерттеу
кезінде қарапайым әрі табиғи сұхбаттасып, күнделікті өмірдегі әдеттегідей
әңгімелесу керек. Сұхбаттасу осылай өріс алған жағдайда көптеген жайлар
мүлде оңай айқындалады. Ауру өз еркінен тыс, ол тұйық адам болып,
дәрігерден өз ауруын жасыруға тырысса да бұл жағдайда дәрігер негізгі
қажеттілікті біліп алады.
Ауруға сұрау салып және одан зерттеуге керекті сұрақтар қоя отырып, оның
әңгімесінен ештеңені жібермей әрі оны үнемі толықтыра отырып, ілтипатпен
тыңдау керек. Кейбір жас психиатрлар өздерінің кітаптық білімдерінің
мықтылығына сеніп тәжірибесіздікпен ауруға үзілкесілді сұрау салып, осы
арқылы санасына қонатын жауап алғысы келеді. Зерттеудің осындай әдісі
арқылы галлюцинация, жабысқақтық құбылысы, сарыуайымшылдық және басқа
ақаулар шын мәнінде жоқ адамда да пайда болады.
Ауруға белгілі бір кеселді хабарлағанда немесе оның тиісті сұракқа
мақұлдау жауабын аларда тиісті мысалды келтіруді, барлық көріністердің,
егжей-тегжейлі сипатталуын, белгілі бір бұзылыстың бастауындағы барлық
жағдайды үнемі сұрау керек. Ауруға өз ауруы туралы еркінше әңгімелеу
мүмкіндігін бере отырып, сонымен бірге үнемі сұрау салуды желі ету маңызды
болмақ.
Сұрау салуды аурудың туыстары мен таныстары жоқ кезде жүргізу керек,
өйткені ауру олардың көзінше әдетте қысылады, неғұрлым үндемейтін болады.
Ауру туыстарынан жасыратынын солардың көзінше дәрігерден де жасырады.
Аурумен   ешуақытта туыстарының,    мекеме қызметкерінің танысы ретінде де,
дәрігер-психиатр екеніңді де білдірмей сөйлесуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдер психопотологиясының негізгі бөлімдері
Диспансерліқ денсаулық сақтау жүйесі
Психотерапияның адам жан дүниесіне әсер етуі жөнінде
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу туралы
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету мемлекеттік қызмет стандарты
Теледидар және жасөспірімдер
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу
Мейірбике ісі негіздері оқу әдістемелік құрал
Балалар мен жасөспірімдердің есірткілік заттарға әуестену мен тәуелділікке шалдығу жағдайларына әкеп соқтыратын жағдайлар
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ –ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер