Патопсихологиялық синдромдар


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім: Патопсихологиялық синдромдар
- Елестеушілік белгілер не галлюциноз
- Сандырақтың әр түрлі синдромдары
- Эмоциональдық синдромдар
- Апатиялық синдром
- Кататониялық синдромдар
- Астениялық синдром
ІІІ. Қорытынды
ІY. Әдебиеттер
Кіріспе
Әр түрлі аурулардағы белгілердің қосарлануы кездейсоқ емес. Әрбір ауруда белгілер түрліше қосарланады.
Синдром - жалы патогенетикалық негізі бар, іштей өзара байланысты белгілердің қосындысы. Бір аурудың өрісінде бірнеше белгілер ауысуы мүмкін. Бұл ауысулар кездейсоқ емес, бір ауруға тән заңдылықпен өтеді. Басқаша айтқанда әрбір аурудың дамуында белгілі стереотип, белгілі бір жол болады (И. В. Давыдовский) .
Сондықтан әрбір аурудағы клиникалық белгілерді және олардың ауысу заңдылықтарын білу аурудың дұрыс диагнозын қоюға көмектеседі.
Кейде аурудың өрісін анықтау үшін айлар керек. Аурудың даму стереотипін біле тұра оның өрісін болжауға болады.
Әр түрлі ауруларда бірнеше түрлі синдромдардың басым болатыны анықталды. Синдромдарды дұрыстап анықтаудың аурудың дұрыс диагнозын қоюда мәні өте зор. Дұрыс диагнозсыз ауру адамға жедео көмек көрсету мүмкін емес. Мысалы, ойы алжасқан адамды (қарауытқан, делирий) дереу ауруханаға жатқызу керек. Себебі ондай ауру өзіне де, басқаларға да қауіпті. Сол сияқты терең депрессия кезінде де ауру адамды ауруханаға жатқызу керек. Өйткені мұндай адам өмір сүргісі келмей өзінөзі өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. Синдромды екі топқа бөлуге болады: сананың бұзылуы және сананың бұзылмауы.
Сананың бұзылуының өзіне тән белгілері бар. Мысалы, делириозды ой алжасуында айналадағыларды танымай, қай жерде, қай уақытта екенін білмей, әр түрлі елестеушіліктер, алдымен көру елестеушілігі, сандырақ ойлар болып, жүрістұрысы қозады. Басқа ой алжасуында да өзіне тән белгілердің қосындысы болады. Бұларды ой алжасу (не сананың бұзылуы) синдромы дейді. Ой алжасуынан басқа ой алжаспау синдромдары болады. Оған төмендегілер жатады.
Елестеушілік (галлюцинаторлық) белгілер не галлюциноз
Бұл көбінесе ой алжаспау жағдайында өтеді. Мұнда алдыңғы қатарға сөздер ретіндегі ес елестеушілігі шығады. Осындай елестеушіліктер көбіне мағынасы ұнамсыз монолог не диалог ретінде болады. Галлюциноз кезінде адамда үрей, қорқу, масасыздану болады. Галлюциноз мидың органикалық зақымдануында, жұқпалы аурулар мен уланғанда (сифилис, маскүнемдік) болады.
Сандырақтың әр түрлі синдромдары
Парнойяльды синдром. Бұған елестеушілігі жоқ, түсіндірме ретінде құралған жүйелі сандырақ белгілері жатады. Парнойяльды сандырақ кезінде ауру адамдардың әңгімесі жүйелі болады, бірақ деректі фактілер басқаша түсіндіріледі. Мұнда сезімнің бұзылуы, жалған және нақтылы елестеушіліктер, психикалық автоматизмдер болмайды. Маңызы бойынша мұндағы сандырақтар қудалау, қызғану, жаңалық ашу түрінде бола ды.
Параноидтік синдром не КандинскийКлерамбо синдромы. Мұнда сандырақтың жүйеленуі паранойяльды сандырағындай айқын болмайды. Сандырақ бейнелі болып, сезіну процестері бұзылады. Есту елестеушілігі жиіленіп, негізінен Кандинский мен Клерамбо жазған жалған елестеушілік пен психикалық автоматизмдер орын алады. Сандырақ ойлардан әсіресе әрекет пен қудалау сандырағы болады.
Психикалық автоматизм құбылысы ассоциативті, қозғалыс және сенестопатикалық автоматизмдерден құралады.
Ассоциативті автоматизм - күшпен туатын, еріксіз пайда болатын ойлар. Бөтен, қолдан жасалған, күшпен енгізілген ойлар. Ауру адам өзінің жасырын ойларын бәрі білетіндей сезінеді. Бұл ашықтық белгі (симптом открытости) деп аталады. Бөтен ойларды енгізу белгілері болуы мүмкін. Ауру өзінің не енгізілген ойларды дауыстар ретінде естиді. Бұл ойлардың жаңғырықтануы. Жалған қуғыншылар және басқа адамдармен ой арқылы қатынас жасауы мүмкін. Ой арқылы сөйлесіп, пікір таластырады.
Қозғалыс автоматизмі не кинестетикалық автоматизм. Ауру адамдардың қозғалысы өз еркімен емес, басқаның әсерімен болады. Ол өзінің қозғалыстарын басқа біреудің әсерімен байланыстырады. Басының бұрылуы, қолдарының көтерілуі, көздерінің қозғалысы біреудің әсерінен сияқты. Аурудың сөздері де өзінікі емес, басқаныкі сияқты болады.
Сенестопатиялық автоматизм. Ауру адамдардың айтуы бойынша олардың ойлары мен қозғалыстары ғана емес, барлық сезімдері басқалардың әсерімен болады. Олар суық пен күйдіргенді (термикалық сенестопатия), ауырған мен шанышқанды (алгиялық сенестопатия), бір нәрсенің тері астында жыбырлауы (кинестикалық сенестопатия) сезінеді. Мұнда бәрін басқа біреудің әрекетімен байланыстырады. Кейде аурудың айтуы бойынша қуғыншылар олардың дәретке отыруын, жыныстық қозуын тоқтатады.
Психикалық автоматизм құбылысы әрекет сандырағымен қатарлас болады. Ауру адамдардың айтуы бойынша оларға гипноз, электр тогы, ғарыштық сәулелер, атом энергиясы арқылы әсер етуіне байланысты ойлар, сезімдер, қозғалыстар пайда болады. Олардың сенімдері бойынша аппараттар, теледидар, магнитофон арқылы олардың ойлары жазылып, соның әсерінен бір жерді ауыртып, жыныстық қабілетті нашарлатып, бала табу мүмкіндігін жояды. Кейде әрекет сандырағының маңызы ұнамды болады.
Кандинский мен Клерамбо жазған психикалық автоматизм құбылысы бұл белгіде үлкен орын алғандықтан «параноидты» және «КандинскийКлерамбо» түсініктері тең, бірдей болып саналады. Бұл белгі жиі шизофрения ауруында кездеседі.
Парафрендік синдром жүйелі қуу және әрекет сандырағы қияли маңызды ұлылық ойлармен қатарласады. Ауру адамдар өздерін құдаймыз, жердің қожасымыз деп санап, климатты өзгертіп, соғысты тоқтатып, барлық әлемге әсер етеміз дейді. Парафрендік белгі көбіне шизофрения ауруында болады.
Жабысқақ синдромы жабысқақ ойлардан, үрейлерден, әрекеттерден тұрады. Неврозда және баяу ағымды шизофренияда кездеседі.
Эмоциональдық синдромдар
Бұған маниакальды және депрессивті синдромдар жатады.
Маниакальды синдром үш белгіден құралады: көтеріңкі, қуанышты көңілкүй, жылдам келетін ойлар және сөйлеу мен қозғалыс белсенділігі. Кейде қуанышты көңілкүймен қатар ауру ашуланшақ, ызалы болады, онда ызалық маниясы туралы айтады.
Депрессивті синдром үш белгіден құралған: қайғылы көңілкүй, баяу ойлар, сөйлеу мен қозғалыс тежелуі. Кейде сөйлеу мен қозғалыстың баяулауы айқындалып, ауру адам мүлде үндемей және қозғалмай қояды (депрессивті ступор) . Басқа жағдайларда керісінше ауру адам мазасызданып зарығып, ыңқылдап, өзінөзі жәбірлейді. Мұндай депрессиялар ажитациялық деп аталады. Маниакальды, депрессивті белгілер психозда, шизофренияда және басқа психоздарда кездеседі.
Апатиялық синдром
Бұл селқостықтың, дерменсіздіктің, әлсіздіктің қосындысы. Органикалық ауруларда, шизофренияда кездеседі.
Кататониялық синдромдар
Кататониялық қозу және кататониялық ступор ретінде білінеді. Кататониялық қозуда мағынасыз, бағытталмаған сөз және жалпы қозғалыс қозуы орын алады. Ауру адамның сөзі үзілдікесілді мағынасыз болады. Бір сөз бен сөйлемді қайталай береді. Мұны вербигерация дейді. Айналадағылардың айтқанын қайталай береді
(эхолалия)
. Айналадағылардың сөзін ғана емес, әрекетін де қайталайды
(эхопраксия) .
Аурудың қозғалыстары күтпеген жерден, ырықсыз, боямалы, қитұрқылы болады. Ауру адам көбіне бәрін керісінше жасайды. Мұны
негативизм
дейді. Мағынасыз қозу, қиқаңдау, бетәлпетін өзгерту орын алады. Ауру адамдар ырықсыз, кенеттен төсектен атып тұрып, қаша жөнеледі, киімдерін шешіп, қолына түскеннің бәрін сындыра бастайды. Олар әр түрлі қитұрқылы қимылдар жасап түкіріп, нәжісін өзіне жағады, тағамдарды шашып, басқалардың көзінше өзінің жыныс мүшесін қоздыра бастайды.
Кататониялық ступор қозудан кейін не аурудың басында пайда болады. Мұндай жағдайда ауру адам үндемейді (мутизм), қозғалмайды, бұлшықеттердің тонусы жоғары болады. Сұрақтарға жауап бермейді, айналадағыларға және өзінің жағдайына көңіл аудармайды. Олар суыққа, ыстыққа, сулы төсекке, қарыны ашқанға, ауырғанға, қауіпті жағдайға (өрт, жер сілкіну, бомбаның жарылуы) көңіл аудармайды. Ауру ұзақ уақыт бір позада болып, барлық бұлшықеттері тартылады.
Балауыз иімділікті ступор. Ауру адамдар үндемей, аз қозғалып, ұзақ уақыт берілген позаны сақтайды. Мысалы, жатқан аурудың басын көтерсе, қолаяғын ыңғайсыз жатқызса, ол ұзақ уақыт осы позада болады. Сағаттап, тәуліктеп шалқасынан жатқан ауру адамның басы жастықтан көтеріңкі тұрады. Бұл ауа жастығының белгісі.
Негативистік ступор - бұл толығынан қозғалмау, позасын өзгертуге арналған әрекетке ауру адам қарсылық жасайды, бұлшықеттер күрт тартылады. Аурудың аузын қараған кезде аузын қатты жабады, пульсін санағанда қолы күрт тартылады. Кейде ауру адам құрсақта жатқандай бүгіліп, аяғы ішіне, иегі кеудесіне тартылып, ерні салбырайды.
Кататониялық синдром люцидті және онейроидты болып бөлінеді.
Люцидті кататониялық синдромда - ауру адамның есі дұрыс (санасы бұзылмайды), айналадағыны түгелдей қабылдап, артынан барлық оқиғаларды тұптура есіне түсіреді.
Онейроидты кататониялар кезінде онейроидты ой алжасуы болады. Бұл кезең өткеннен соң ауру өзінің онейроидты қорқыныштарын түгелдей айтып береді. Шын оқиғалар есте сақталмайды.
Кататониялық синдром шизофренияда жиі кездеседі.
Корсаков синдромдары (Әуелгі жазған С. С. Корсаков) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz