Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым


ЛЕКЦИЯЛАР ЖИЫНЫ
1-лекция. Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым
Жоспар:
- Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік. Педагогиканың обьекті . пәні және қызметтері.
- Білім беру әлеуметтік феномен. Білім беру педагогикалық процесс.
- Педагогиканың категориялық аппараты.
- Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы және оның құрылымы
Негізгі ұғымдар: педагогика, педагогиканың категориялары, педагогика пәні.
Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің “pаіdagogаs” “баланы жетектеуші” сөзінен алған. Ең алғашында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе, ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалыптасты.
Тәрбие - әрбір болашақ ұрпақтың қоғамдағы өз орнын табуы үшін өткен ұрпақтардың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру. Адамзат қоғамының дамуына қарай, тәрбиенің мазмұны мен әлеуметтік маңызы арта түседі. Еңбек түрінің жіктелуіне қарай, “тәрбиенің” қызметін жүзеге асырумен байланысты, онан кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балаларға әлеуметтік тәжірибені меңгерту үшін, оларды тәрбиелейтін тәрбиеші, мұғалім керек болды.
Педагогика - қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асыратын ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет, объективтік шындықтың барлық қырлары, педагогиканың обьектісі болады.
Педагогика пәні - индивидтің (биологиялық жан иесінің) өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеруі, оқу және оқудан тыс уақыт бірлігіндегі - біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. Ұстаздар оқушыларға әлеуметтік тәжірибенің мазмұнын меңгерту іс-әрекетін ұйымдастырушы болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы - олардың белсенді танымдық әрекетпен қарулануына байланысты.
Бір элемент пен көп элементтердің қосылуы барысында жүйе пайда болады. Педагогикалық шындықтағы “ұстаздар - оқушылар” жүйесі, жетекші педагогикалық жүйе деп аталады.
Кез келген жүйенің (биологиялық, техникалық, әлеуметтік) өзгеру жағдайы - процесс деп аталады. “Мұғалім - оқушылар” жүйесінің өзгеру жағдайы - педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекетінде тұлғаның өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық - педагогиканың категориялары, яғни ұғымдары жүйелер арқылы бейнеленеді. Жас ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі біліммен қарулануына байланысты.
Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы, әлеуметтік белсенділік пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортадағы іс - әрекеттерді талап етеді. Осыған орай, әлеуметтену - ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін-өзі сезінуі, “өз менінен” басқа “менге”, яғни әлеуметке енуі. Әлеуметтендірудің негізі, ол белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінез-құлық нормалары жүйесін меңгеру дегенді білдіреді. Ол тұлғаға сол қоғамның толық мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Тұлғаның әлеуметтенуі ұйымдаспаған түрде болуы мүмкін, онда оның нәтижесін болжау қиын және қоғам үшін зиянды болуы мүмкін. Демек, ұстаз әлеуметтендірудің мәнін түсіне отырып, оқушыларды «біздің деген ынтымақтастыққа келтіру үшін қажетті байланыстарды орнықтырып, оқушылардың оқуы мен отбасында осы мәселені шешуге көмектесе алады және «өзіндік мендің оқу барысындағы және оқудан тыс іс - әрекеттері арқылы қамтамасыз ете алады.
Педагогика категорияларының құрамы: тәрбие, педагогикалық процесс, білім беру, оқыту, әлеуметтендіру, тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру, т. с. с. жалпы ғылыми ұғымдар кіреді, олар алдыңғы тарауларда қарастырылады.
Педагогикалық процестің мәні. Диалектикалық материализм ұстанымы бойынша мән - аттың ең басты, ішкі біршама тұрақты жағы. Мән заттың табиғатын анықтайды. Элементарлық бірлік “кереге көзді” талдау негізінде педагогикалық процестің мәні екі жақты сипатталынады: әлеуметтік жүйе ретінде; өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде. Әлеуметтік жүйе ретіндегі оның белгілері мынадай: жүйенің жалпы мақсаты және оның өзара байланысты бөліктері немесе элементтері болады, жүйе белгілі ортада жұмыс істейді, ол сыртқы ортамен байланысты түрлі деңгейде жұмыс жүргізеді, өзінің ішкі қайшылықтары арқылы дамиды, ұйымдастыру орталығы арқылы басқарылады.
Педагогикалық процестегі жалпы мақсат жеке тұлғаны қалыптастыруға байланысты әлеуметтік тапсырысты орындайды. Ал оның нәтижесі мұғалім-оқушылар жүйесіне байланысты болады.
“Мұғалім-оқушылар” жүйесі біртұтастығы қойылған мақсат пен онан алатын нәтижеге байланысты жүйелердің өзара әрекеттері арқылы анықта лады. Педагогикалық процестің интегративтік сапасы оның қарым-қатынас сапасынан көрінеді.
Педагогикалық процестің мәнін талдаудың қажеттілігі мұғалім оның барысына қалай ықпал ете алатындығын білуі тиіс. “Процесс” латын тілінен аударғанда алға басу дегенді білдіреді. Белгілі бір нәтижеге жету мақсатындағы бірізді әрекеттердің жиынтығы.
Педагогикалық процестің мақсаты қойылған идеалға жету үшін педагогикалық процесті кейбір шартты бөліктерге бөлу арқылы, нақты бір кезеңнін міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.
Педагогикалық процестің заңдылықтарына мыналарды жатқызуға болады: педагогикалық процес әлеуметтік-экономикалық жағдайға сай болуы; нақты мақсатқа бағыттылығы; педагогикалық процестің екі жақты сипаты; оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалімнің іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы мен ойластыруы; оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру арқылы, педагогикалық процестің тиімділігін арттыру; оқушылардың даму деңгейінне лайықты ұйымдастыру; педагогикалық процестің уақыт бірлігінің ұзақтығы.
Педагогикалық процесс бөліктерінің өзара байланыстылығын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің басшылық рөлін ескеру қажет Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процестің деңгейі оған қатысушылардың құрамымен ғана емес олардың өзара қатынастарының ерекшеліктерімен анықталады.
Әлеуметтік тапсырысты орындау: мақсат, міндеттер мен мазмұын - негізгі мектептегі қоғамдық мүдденің мағынасын жасайды.
Құралдар мен формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар - мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкіншілігін көрсетеді, яғни педагогикалық процестің қозғаушы тетігі болады.
Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының алатын орны, оның басты ерекшеліктері. Педагогика - білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде, педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтап, жүйеге келтіреді, педагогикалық шындықтың тәжірибесін зерттейді. Сондықтан осы аталған ғылыми-зерттеулер практикалық бағытта да жүзеге асырылады.
Педагогика гуманитарлық білімдер жүйесімен тығыз байланыста дамиды. Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінің құрамына енуіне қарай, педагогикалық мақсаттылық пен тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін, педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән болып саналады.
Адамзаттың даму тарихына назар аударсақ, алғашқы кезеңде педагогикалық ой жалпы философиялық білімдер жүйесі мен діни ілімдерден басталып, кейіннен олардан бөлініп, басқа ғылым салаларымен байланыста дамыды. Педагогиканың ғылым ретінде бөлініп шығуы ХVІІ ғасырдан басталып, педагогика ғылымдары жүйесінің дамуына алып келді. Онан кейінгі кезеңдерде педагогика мен басқа да ғылым салаларының қарқынды дамуы, педагогиканың ғылым аралық байланыстарының орныға бастағанын көрсетеді (И. П. Пидкасистый) .
Педагогика психологиямен тығыз байланыста қызмет атақарады. Психология адам психикасының даму заңдарын, ал педагогика - тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ақыл-ой іс-әрекеттерін мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық біліммен тығыз байланысты. Педагогикада психологиялық білімдермен бірге, педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, салыстыру және т. б. ) пайдаланады.
Педагогика физиологиямен де тығыз байланысты, атап айтқанда жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И. П. Павлов, П. К. Анохин) сүйенеді. Физиологиялық білімді меңгеру, танымдық іс-әрекет пен жеке тұлғаның әлеуметтену үрдістерінің мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогиканың әлеуметтанумен жан-жақты байланысы өте маңызды. Әлеуметтану ғылымын қоғам туралы біртұтас жүйе ретінде қарастырсақ, онда оған ықпал ететін әлеуметтік жағдай, түрлі топтар және т. б. ескеріледі. Педагогика әлеуметтік жүйелерді ескере отырып, білім социологиясы, студенттер социологиясы және т. б. социологиялық зерттеулер арқылы педагогтар, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біліммен қаруланады.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы, олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы дертке шалдыққан балалар үшін, арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Мұндай мәселелерді кешенді зерттеулер арқылы ғана шешуге болады.
Бүгінгі философия ғылымының педагогика үшін әдіснамалық маңызы ерекше. Педагогика жеке пән ретінде философия және оның салалары - білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясы, тәрбие философиясы, мәдениет философиясының жетістіктеріне сай терең мәндегі ұғым нәтижесінде шешімін табады.
Педагогика ғылымының байланыстары, белгілі бір мәселелерді зерттеу барысында басқа ғылым салаларына да (тарихқа, этнология, этнография, құқық, экономика, демография, экологияға және т. б. ) таралады.
Адамды зерттейтін ғылым аралық пәндердің (синергетика, жүйелер теориясының негізі, кибернетика, информатика, басқару теориясының негіздері) жетістіктері, педагогикалық ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттырады. Мәселен, Гурова Р. Г. педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы қандай бағытта іске асатындығын былай түйіндейді: басқа ғылымдардың негізгі идеяларын, теориялық анықтамалары мен жалпы қорытындыларын, педагогиканың қолдануы - гуманитарлық ғылымдарда қолданылып жүрген зерттеу әдістерінің шығармашылық тұрғыдағы қосымшасы ретінде қолдануға болады. Барлық ғылым салаларында алынған нақтылы зерттеу нәтижелерін педагогикада қолдануға болады; педагогтар адам мәселелері бойынша кешенді зерттеулерге қатысады.
Педагогикалық ғылымдар жүйесі және олардың сипаты. ХІХ ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың жіктелуі қарқынды жүрді. Сонымен бірге білім көлемінің өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы басталды. Педагогика ғылымы да біртіндеп, алдына қойған мақсаттары, оқушылардың жас ерекшеліктері, оларды оқыту және тәрбиелеу, оқу орнындарының түрлері бойынша саралана бастады.
Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т. б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің жеке саласы ретінде әлеуметтік педагогика пайда болды.
Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді. Педагог ғалымдар мектеп педагогикасынан бала бақша жасындағы педагогиканы бөліп қарастырады, оның, себебі сәби жасындағы балалардың санасы дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, міне осыдан келіп бұл пәннің психологиямен, педагогикамен және медицинамен тығыз байланыстылығы ескеріледі. Зейнеткерлердің тұрғындар құрамындағы үлес салмағының өсуіне байланысты үшінші жас педагогикасы пайда болып қалыптасу үстінде.
Кәсіби - техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы - пәндері, олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл пәндерге жұмысшыларда екінші, үшінші және т. б. мамандықтарды игеру бағытындағы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да жатады. Педагогиканың салалық тарауларына арнаулы педагогикалық ғылымдар (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофролопедагогика, логопедия), дене дамуында кейбір ауытқушылықтары (есту, көру, ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеулермен айналысады. Әскери педагогика әртүрлі дәоежедегі әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап, әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету педагогикасы қылмысқа тартылған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады (пенитенциарлық мекемелер) . Әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзушылық мәселелер зерттеледі.
Сауықтыру педагогикасы психология мен педагогиканың өзара белсенді әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады. Бұл ғылымның пәні кәдімгі жалпы мектептегі оқу - тәрбие процесінен қол үзіп, ұзақ уақыт емделетін ауру балаларға білім беру.
Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Сондықтан оның тарихпен, этнографиямен, этнологиямен, археологиямен байланыстары табиғи құбылыс, өйткені педагогикалық ой, қоғамның материалдық және рухани мәдениетті саласының бірлігі ретінде дамиды.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра отырып, олардың дамуын зерттейді. Әлемдегі озық елдердің педагогикалық мәдениеті, еліміздің білім жүйесін жаңашыл жетістіктермен байытуға мүмкіндік береді.
Жеке пәнерді оқыту әдістемелері жалпы педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері мен жеке пәндердің ерекшеліктерін ескереді.
СОӨЖ-ның тақырыбы: Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым
Жоспар:
1. Тәрбие қоғамдық ғылым, қоғамдық қызмет ретінде.
2. Тәрбиенің тарихи және қазіргі сипаты, оның қазіргі қоғам дамуындағы көрінісі.
3. Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Педагогика ғылымы нені зерттейді?
2. Педагогика ғылымының бастау көзі қайдан басталады?
3. Педагогика ұғымдарының маңызын қалай түсінесіз?
4. Педагогикалық ғылым салаларын атаңыз.
5. Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысының маңызы қандай?
Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
1. Тәрбие туралы ұғымға берілген анықтамаларды талдап, түсіндіріңіз.
2. Педагогикалық категориялардың анықтамаларын жазып көрсетіңіз.
3. Педагогика ұғымдарының өзара байланысын көрсететін сызба жасаңыз.
Реферат тақырыптары
1. Педагогика ғылыми пән ретінде.
2. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
3. Педагогикалық теориялар жүйесінің маңызы.
4. Психологияның педагогика ғылымының дамуына ықпалы.
5. Философияның педагогика ғылымының дамуындағы рөлі.
Әдебиеттер
1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. - Алматы “Дарын”2004.
2. Журавлев Я. И. Педагогика в системе наук о человеке. М., 1990.
3. Пидкасистый П. И. Педагогика. Учебное пособие. - М. :1995.
4. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
5. Сластенин В. А., Исаев И. Ф., Шиянов Е. Н. Педагогика. М. : Асадема 2003.
6. Таубаева Ш. Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике. - Алматы “Гылым” 20001.
2-лекция. Педагогиканың әдіснамалық негіздері
Жоспар:
- Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Педагогиканың философиялық негіздемесі
- Педагогика әдіснамасының жалпы ғылыми деңгейі. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық принциптері
- Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері. Ғылыми педагогикалық зерттеудің құрылымы
- Педагогиканың акциологиялық негіздері.
- Педагогиканың гуманистік әдіснамасының негіздемесі. Педагогиканың құбылыстарды оқып үйренуде аксиологиялық тұрғыдан қарау.
- Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік. Педагогикалық құндылықтарды топтап бөлу. Білім беру жалпы адамзаттың құндылығы
Педагогика пәні мен методологиялық негіздері. Педагогика пәні түсініктемесі. Педагогиканың негізгі категориялары - тәрбиелеу, білім беру, оқыту. Олардың «дамыту»және «қалыптастыру» түсініктерімен байланысы.
Педагогика әлеуметтік ғылым ретінде адам инфляциясы әр тарихи кезеңдерінде. Педагогикалық білімнің қалыптасу ерекшелігі, философияның бөлігі ретінде педагогиканың қалыптасуы ғылыми пән ретінде. Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуы. Педагогиканың басқа пәндермен байланысы.
Қазіргі педагогикалық білім дамуындағы демократиялық, гуманистік тенденциялардың бекуі.
Педагогикалық ғылымның және педагогикалық тәжірибенің байланысы. Олардың ары қарай дамуы ретінде.
Оқытудағы педагогикалық процесстің негізгі анықтамасы. Педагогикалық зерттеудің шарты, оның өзекті кезеңдері. Педагогикалық зерттеу әдісі туралы түсінік - педагогикалық заңдылықтарды анықтау әдісі ретінде. Зерттеу әдістердің классификациясы.
Педагогикалық зерттеулердің теориялық әдістері. Педагогикалық зерттеулердің әмпификалық әдістері. Мектептің тәжірибе эксперименталдық жұмысы оны методикалық ұйымдастыру, жіктеу әдісі және жүйелеу, әртүрлі педагогикалық информацияларды жинақтау.
Тұлғаның әлеуметтік негізі. Тұлға қалыптасу және даму теориясы. Жеке адамның даму процесі, оның заңдылықтары және қозғаушы күштері іс-әрекет пен қарым-қатынастың жеке адамды дамытудағы ролі. Тәрбие жеке адамды дамыту мен қалыптастырудаң шешуші факторы. Тұқым қуалаушылық пен ортаның жеке адамды дамытудағы және қалыптасуындағы ролі.
Санадағы, әрекеттегі, дүниеге көзқарастағы сапалық өзгерістер, жеке адам дамуының көрсеткіштері. Жеке адамды қалыптастыру түсінігі. Тәрбие, білім беру - жеке адамды дамыту мен қалыптастырудың шешуші факторы.
Педагогика пәнінің негізгі категориялары
1. Педагогика пәнінің негізгі категориялары (тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру) .
2. Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамалық жағдайы. Философиялық заңдар мен заңдылықтар. Диалектиканың заңдары және олардың жалпы сипаты.
3. Методологиялық білімдер жүйесі.
Негізгі ұғымдар: тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру, заңдылықтар, методология.
Педагогика пәнінің негізгі категориялары. Педагогикада қалыптасқан негізгі ұғымдар (категориялар) - мұғалімге педагогикалық жеке құбылыстардың мәнін ашып, ең бастысы, олардың өзара байланысын, бірі-біріне ықпалының қандай деңгейде екендігін көрсетеді. Педагогика ғылымының даму деңгейі үнемі оның ұғымдарының мазмұнының өзгеруіне әкеледі.
Ғылыми деректерді талдау, жинақтау барысында ғылыми категориялар қалыптасады. Ғылыми категориялар ұшан теңіз деректердің ішінен белгілі бағытты анықтауға көмектеседі, бұл танымның өзіндік бір сатысы болып табылады.
Диалектикалық материализм - ұғымдардың обьективтік мазмұны болатындығын анықтап, обьективті шындықты көрсетеді. Біз айналамыздағы обьективтік орта туралы білімдеріміздің үнемі мазмұны жағынан толығып, тереңдеп отыратынын, ондағы күрделі байланыстардың айқындала түсетіні байқалады. Сондықтан категория (ұғым) - ғылымның тілі, сол арқылы айналадағы шындықты толық немесе терең түсінуге болады. Әр ғылым өзіне тән категорияларды қолданады. Жеке ұғымдар, яғни категориялар негізгі ұғымдар төңірегінде шоғырланады.
“Педагогикалық шындықты” категория ретінде талдау, мұғалімге өз бетімен нақты мәселені үйлестіруге, оны міндеттер ретінде көрсетуге мүмкіндік тудыру мағынасында білінеді. Шығармашылықпен ойлау арқылы нақтылы қалыптасқан жағдайға орай мәселенің шешімін табуды қамтамасыз етеді.
Мұғалім еңбегінің мәдени деңгейін көтеру, оның кәсіби шеберлігін жетілдіру, педагогикалық категорияларды игеру деңгейі болашақ мамандарды дайындаудың мазмұны мен әдістемесіндегі танымдық аппараттың нақтылы және терең айқындалуына тікелей тәуелді. Педагогикалық категориялар педагогикалық шындыққа белгілі бір шамада сипаттама береді және сонымен бірге адамзат тәжірибесін жастарға берумен байланысты іс-әрекеттер саласын айқындай түсумен тығыз байланысты.
Тәрбие - қоғамның міндеті ретінде, жас ұрпаққа адамзаттың жинақтаған тәжірибесін беру қажеттілігінен туады. Жас ұрпақтың адамның мінез-құлық формаларын жете білмей, қоғаммен араласып кетуі мүмкін еместігін көрсетеді.
Адамзат қоғамының дамуымен байланысты әлеуметтік тәжірибені жас ұрпаққа беру қызметі қоғамдық практикадан бөлініп шығып, кәсіби іс-әрекеттің арнаулы мазмұнына айналды.
Тәрбие практикасы теорияның пайда болуынан бұрын қалыптасады. Ол мұғалімнен оқушыларға берілетін тәжірибе ретінде тәрбиелік - іс-әрекеттер ережесінің жиынтығы ретінде қалыптасты. Жас ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені үздіксіз беру процесіндегі мұғалімнің рөлі мен сол рөлдегі оның негізгі атқаратын міндеті қандай?
Мұғалімнің іс-әрекеті - қоғамның басты міндетін жүзеге асыру үшін жас ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені игерту негізінде материалдық және рухани өмірде белсенді іс-әрекет етуімен сипатталады. Өткен ұрпақтың тәжірибесі білім жүйесінде шоғырланады.
Жас ұрпақ қарапайым тәжірибені игеру біліктерінен бастап, белгілі бір құндылықтар бірлігін бойына сіңіруімен бірге өмірдегі кәсіби іс-әрекетті игеруіне тура келеді.
Арнайы кәсіби педагогикалық іс-әрекет - адамзаттың жинақтаған тәжірибесін беруді білдіреді. Жеке тұлғаның қоғамда әлеуметтенуі мен оқу орындарында алатын тәрбиесімен тығыз байланысты.
Білім көбіне үстем тап өкілдеріне қызмет етіп келді, ол әлеуметтік құрылымға лайықталған болатын. Әр тарихи кезеңде тәрбие әлеуметтік және экономикалық тетіктерді қолына ұстап тұрған таптар мүдесін қорғауға тиісті болды. Білім жүйесі үстем тап өкілдерінің еркіне бағыну және көнуге дайындығын қалыптастыруға бағытталған болатын.
Сондықтан да, ұзақ уақыт бойы мұғалім іс-әрекеті обьектісімен тәрбие обьектісінің бір деп есептелгенімен түсіндіруге болады.
Қазіргі кезеңде дүние жүзінде білімдер жүйесінің күрделене түсу байқалады. Осыған орай оны игеру үшін алдын-ала дайындық қажет.
Оқыту - оқушылардың білім негізін игеруін ұйымдастырумен байланысты мұғалім іс-әрекетінің бір бөлшегін сипаттайды. Білім беру оқыту нәтижесін сипаттайды. Ол танымдық іс-әрекет тәсілдерін меңгеруден көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz