Болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы педагогикалық білім берудің маңызы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 193 бет
Таңдаулыға:   
Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
1. Педагогика ғылымы туралы мағлұмат. Педагогика пәнінің зерттеу обьектісі.
2. Болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы педагогикалық білім берудің
маңызы.Адам дамуындағы негізгі факторлар.
3. Қазіргі кездегі білім берудің ролі.
4. Білім беру адамның әлемдік ғылым мен мәдениетке енудегі құралы ретінде.
5. Білім берудің қазіргі кезлегі даму тенденциялары.

Негізгі ұғымдар: педагогика,педагогиканың категориялары, педагогика
пәні.
1. Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын
гректің “pаіdagogаs” “баланы жетектеуші” сөзінен алған. Ең алғашында бұл
сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін
келе, ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалыптасты.
Тәрбие - әрбір болашақ ұрпақтың қоғамдағы өз орнын табуы үшін өткен
ұрпақтардың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру. Адамзат қоғамының
дамуына қарай, тәрбиенің мазмұны мен әлеуметтік маңызы  арта түседі. Еңбек
түрінің жіктелуіне қарай, “тәрбиенің” қызметін жүзеге асырумен  байланысты,
онан кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балаларға әлеуметтік
тәжірибені меңгерту үшін, оларды тәрбиелейтін тәрбиеші, мұғалім керек
болды.
Педагогика - қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асыратын ғылым. Демек,
педагогикалық іс-әрекет, объективтік шындықтың барлық қырлары,
педагогиканың обьектісі болады.
Ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пәнаралық
аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық
ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын
тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде әртүрлі
күрделі болмыс объекттері (космос, мәдениет, саясат және т.б.) қабылданары
сөзсіз.
Енді ғалымдар тобы педагогикаға басқа ғылым салаларынан (психология,
жаратылыстану, әлеуметтану және т.б.) алынған білімдерді жанама түрде
пайдаланып, оқу және тәрбие аймағында туындайтын мәселелерді шешуге
икемдестірілген қолданбалы пән рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық
практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай
теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны
педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ,
жүйеленбеген байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне
аян.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз
тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерттеу пәніне
ие салыстырмалы дербес білім саласы (Педагогика оқулықтарының ең соңғы
басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин және т.б.).
Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысан ерекшелігі жөнінде
батыл ой ұсынған ғалым және практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі:
көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми
педагогика зерттеулерінің объекті – бұл педагогикалық дерек (құбылыс).
Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам
жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің
тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-әрекеттер
аймағын зерттеп барады. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде жеке адам
(индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның
дамуына байланысты педагогикалық құбылыстар жүйесін зерттеуге алады.
Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-әрекет
процесінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз.
Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование) атамасымен
белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.
Педагогика пәні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана
меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, әлеуметтану,
жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист
білім жүйесінде өндірілген еңбек ресурстарының шынайы мүмкіндіктер
деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін
белгілеуге тырысады.
Социолог өз міндетіне орай білім жүйесінде дайындықтан өткен
адамдардың әлеуметтік ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми-техникалық
процеске және әлеуметтік өзгерістер жолында ықпал ету мүмкіндіктерін
білгісі келеді.
Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарды негізге ала отырып, білім
саласының жалпы міндеттері мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға жауап
іздестіреді: Білімнің бүгінгі жайы қалай? Ол келешекте қандай болмақ?
Психолог білімді педагогикалық процесс ретінде қарастыра отырып, оның
психологиялық қырларына назар аударады. Саясаткер қоғам дамуының нақты
кезеңіндегі мемлекеттік білім саясатының тиімділік деңгейін тануға ұмтылады
т.с.с.
Әлеуметтік құбылыс болған білімді зерттеудегі әртүрлі ғылымдардың
қосқан үлесі, әлбетте, құнды да қажетті, бірақ олардың бәрі де адамның
күнделікті өсу және даму процестерімен байланысқан білімнің мәндік астарын
және сол даму процесіндегі педагог пен оқушы ықпалдастығы мен оған сәйкес
жүйелік құрылымдарды назардан тыс қалдырады. Солай болуы заңды да, себебі
аталған проблемалардың баршасы арнайы ғылым – педагогиканың зерттеу
нысандары.
Осыдан, педагогиканың пәні – арнайы әлеуметтік мекемелерде
(институттарда): отбасы, білім беру және мәдени-тәрбие орындарында –мақсат
бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде
көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика әрбір адамның
бүкіл өмір бойы дамуының кепілі және құралы болған педагогикалық процестің
мәні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын және оның бүгінгі бағыт-
бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы
негізде педагогика тәлім-тәрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен
технологиясын, педагог іс-әрекетін (педагогикалық қызметті) және
оқушылардың әрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен әдістерін әрі
олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас,
ықпалдастық стратегиялары мен тәсілдерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танырған
педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пәндік сипаттарымен
сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және
технологиялық міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
-сипаттау немесе түсіндіру – озат әрі жаңашыл педагогикалық
тәжірибені зерттеу;
-анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог
пен оқушы іс-әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділігін және оларды
қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
-болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи
тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу және оның негізінде сол
педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің прогноздық деңгейі педагогикалық құбылыстардың
мәнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын құбылыстарды
таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми
негіздеме бере алу сынды іс-әрекеттермен байланысты. Осы деңгейде
анықталған деректерге орай оқу және тәрбие теориясы анықталып, білім беру
практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.

Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:

- жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс-әрекет пен оның мазмұны әрі

сипатын қалыптастыру және реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар
мен анықтамаларды қамтыған қажетті әдістемелік материалдарды (оқу жоспары,
бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагокикалық ұсыныстар) жасауға
байланысты;
- жаңалау – тәрбие және білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта
түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп
өміріне енгізе пайдалану; - ықпал таныту (рефлексивтік)және реттеу-
түзетулер енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқу-тәрбие
ісіне болған әсер-ықпалынан бағалау және одан соңғы ғылыми теория мен
тәжірибелік іс-әрекеттер байланысынан қажет болып қалатын реттеу-
түзетулерді іске асыру. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға
қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену процесінде адам
тұғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы
ауысналы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке
тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра
алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге
байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл
қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен және жеке
адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы
әлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған
басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім - өте күрделі,
өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру; жоғары моральдық және
азаматтық мұраттар рухында тәрбиелеу.
Сонымен, әлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты
танылған – үлкендердің бедел – абыройына және балалардың бағыныштылығына
негізделген авторитарлы ағым, шәкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші –
гуманистік ағым. Олардың арасында –сан қилы педагогикалық бағыттар жасауда.
Әлемнің прогрессив педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.

Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның пәндік құрамының күрделілігі
соншама: тәрбие мәні мен оның барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде
қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген
білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне
айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тәрбие жөніндегі ғылымдар
жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы- философия, дәлірек айтсақ, тәрбие
проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тәрбие философиясы атамасын алған
тармағы. Тәрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тәрбиелік
практикада әртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия-
педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен
процестерді зерттеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны
оның біртұтас және жүйелік, құрылымдық талдау әдістерімен бірге
педагогиканың әдіснамалық негізі деп атау қабылданған.
Қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің
өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. өткенді түсіне отырып, болашаққа
көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу және оны бүгінгімен салыстыру осы
заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы
қателерді қайталаудан сақтандырады.
Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды:
-жалпы педагогика;
-жас кезеңдер педагогикасы;
-әлеуметтік педагогика;
-арнайы педагогикалар.
Жалпы педагогика- адам тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі
тәрбиелік мекемелердегі оқу-тәрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық
тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пән. Қалыптасқан дәстүр бойынша жалпы
педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тәрбие процесінің негіздері; 2)
дидактика (оқу теориясы); 3) тәрбие теориясы; 4) мектеп тану. Осы құрылымды
аталған бөлімдерімен бірге бастауыш мектеп педагогикасы да қайталайды.
Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі және
мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан
әулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тәрбие іс-әрекеттері
ерекшеліктерін бейнелейтін тәрбие заңдылықтарын зерттейді. бүгінгі күнде
жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. Әрқилы
жас топтарында немесе оқу-тәрбие мекемелеріндегі тәрбие айырмашылықтарын
танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі
күнде өз алдына пән ретінде оқылатындары – мектепке дейінгі педагогика,
кәсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан
оқыту педагогикасы және т.б.
Ғылыми пәндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен
айналысып, қарқынды даму жолына түскен –жоғары мектеп педагогикасы. Оның
міндеттері- барша деңгейдегі ресми тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп
жатқан оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы
кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары
технологиялық және компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру.
Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста
мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып
тұрған халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан
жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа
кәсіпті игеру мәселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тәрбие
процестер ерекшелігін әскери педагогика зерттейді.
Әлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мәжбүрлі тәрбие
(первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогика дамуда.
өз дамуында әрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған
адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар
оқуы және тәрбиесімен сурдопедагогика, зағиптар- тифлопедагогика, ақыл-есі
кемдер- олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пәндік
әдістемелер құрайды. Олар оқу-тәрбие мекемелерінің барша типтерінде
өтілетін нақты оқу пәндерінің оқытылуы мен игерілуі заңдылықтарын ашып,
мұғалімдерге ұсынады. өз пәнін оқыту әдістерімен әрбір педагог жоғары
деңгейде таныс болуы міндетті. Педагогиканы оқыту әдістемесі де жоқ емес.
Қолыңыздағы оқу құралы осы әдістеме талаптарына лайық жазылған. Соңғы он
жылдықтарда педагогиканың барша салалары дәстүрлі әдістемелерден
ерекшеленген, нақты жағдайларда жоғары нәтижеге жеткізуші ең тиімді деген
жолдар мен тәсілдерді түзуге көмектесетін жекеленген технологиялар жасау
бағытында дами бастады.
Педагогика өз дамуында басқа ғылымдармен кіріге, тығыз байланысқа
түседі. Философия ғылымдары (диалектикалық және тарихи материализм,
ғылымтану, әлеуметтану, этика, эстетика, т.б.) педагогикаға тәрбие мағынасы
мен мақсаттарын айқындап алуда, адам болмысы мен ойлаудың жалпы
заңдылықтары ықпалын дұрыс ескеруде жәрдемін тигізеді. Педагогиканың аса
тығыз да тікелей байланысы анатомия және физиология. Олар адамның
биологиялық мәнін түсінуде тірек қызметін атқарып, жүйке жүйесінің
типологиялық ерекшеліктерімен , жоғары жүйке қызметінің даму жағдайларымен,
бірінші және екінші сигналдық жүйе жұмысымен, сезім органдары, тірек-
қозғалыс аппараты, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесі қызметтерімен
таныстырады.
Педагогика үшін аса маңызды болған психиканың даму заңдылықтарын
зерттеуші психология ғылымы .Психологиялық білімдер негізінде педагогика
әр адамның жан дүниесі мен қылығында көзделген өзгерістерге келтіруші
тиімді тәрбие жүйесін құрады. Педагогиканың әрбір бөлімі психологияның
сәйкес тарауларында өзіне тірек болар білімдерді табады: мысалы, оқу- ақыл-
парасат дамуы мен танымдық процестер теориясына жүгінеді: ал, тәрбие
теориясы тұлға психологиясын пайдаланады және т.б. Осы ғылымдардың
бірігуінен (интеграция) педагогикалықпсихология және психопедагогика
жарыққа келді.
Педагогиканың тарих және әдебиетпен, география және антропологиямен ,
медицина және экологиямен, экономика және археологиямен байланыстары
кеңеюде. Тіпті Жерден тыс өркениет жөніндегі ғылымдардың өзі де
педагогикалық проблемаларды түсінуге жәрдемін тигізіп отыр. Адам, оның
тіршілік аймағы, адамдардың қалыптасуына ықпал жасаушы ғарыштық әсерлер бұл
күнде бүкіл дүниеде қарқынды зерттелуде.
Тәрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дәл және
техникалық білімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар – кибернетикалық,
математикалық, компьютерлік педагогика, сугестология (гипноздық сендірумен
жедел оқыту жүйесі) және т.б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты
ғылымдардың бірі ретінде ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.
Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде
танылған. Бұл жүйеде бастауыш мектеп педагогикасы маңызды орынға ие. Себебі
тәрбие процесі әсіресе балалық шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан да
оны жоғары кәсіптік деңгейде басқара білу қажет. өз проблемаларын шешу
барысында педагогика көптеген ғылымдардың деректерін пайдаланады.
2. Педагогика және басқа ғылымдар. Педагогика құрылымы.
Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа
ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. өзінің
ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста
болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың әрқилы ықпал-әсеріне ұшырап
отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса,
енді біреулері-кейінгі, жақын дәуірлерде пайда болды. Педагогиканың
алғашқы байланыс түзген білім салалары-философия мен психология. Бұл ғылыми
одақ қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп
дамуының алғышарты.
Педагогиканың философиямен байланысы өте бір ұзақ та өнімді болды,
себебі философиялық идеялардан педагогикалық тұжырымдар мен теориялар
туындап отырды, педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап отырды,
педагогикалық ізденістердің бағыттары белгіленді, сонымен бірге
педагогиканың әдіснамалық негізі осы философиялық көзқарастар негізінде
қалыптасты. Философиялық бағыттар (экзистенциалды, прагматикалы,
неопозитивистік, материалистік ж.т.б.) жүйесін ұстануына орай педагогика
зерттеушілерінің оқу-тәрбие саласындағы ғылыми-ізденіс жолы, білім беру
процесінің мәні мен мағынасы, мақсаты мен технологиялық сипаттамасы
айқындалады. Философия сонымен бірге педагогикалық болмыс пен нақты
тәжірибені теориялық тұрғыдан түсінудің құралы ретінде қолданылып, жаңа
педагогикалық тұжырымдамалар ретінде қолданылып, жаңа педагогкиалық
тұжырымдамалар жасаудың бастау көзін береді.
Педагогканың ежелден келе жатқан дәстүрлі де аса бір құнды байланысы
байланысы жантану (психология) ғылымымен орныққан. Адам табиғатына тән
қасиеттерді білу, оның тума қасиеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, тұлға
дамуы мен оның жандүниелік қозғалыстарында байқалатын заңдылықтар және
оларды басқарушы тетіктерді ескеру, сонымен бірге оқу мен тәрбиені, яғни
білім беру жүйесін осы психикалық заңдылық, қасиет-сапа, қажеттіктер мен
мүмкіндіктерге негіздей отырып құрастыру талаптарын елеулі ғұлама-
педагогтардың бәрі де алға тартып отырған. Дегенмен, ескеретін жәйт:
тұлғаның дамуы мен қалыптасуын бір жақты тек психологиялық шарттармен ғана
түсіндіру шынайылыққа келмейді, себебі педагогтар мен балалар өмірі табиғи
заңдылықтардан кейде басымдау түсетін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларға
тәуелді келеді, тіпті сол психологиялық дүние, болмыстың өзі де арнайы
қоғамдық ықпал нәтижесінде өзгеріске келуі әбден мүмкін.
Пеадагогиканың басқа ғылымдармен байланысы адамды тұлға ретінде
зерттеуімен ортақ келетін философия және психология аймағымен шектеліп
қалмайды. Оның адамды тіршіліктегі сипатында танушы анатомия, физология,
астрология және медицина ғылымдарымен де байланысы заңды құбылыс.
Адам дамуына ықпал жасаушы табиғи және әлеуметтік факторлар
арақатынасынан туындайтын проблема-педагогика үшін өзекті мәселелердің
бірі. Адамның жекеленген табиғи дамуын зерттеуші биологияда да бұл мәселе
аса маңыздылығымен танылған.
Адамды табиғи жаратылыс туындысы және әлеуметтік болмыс жемісі
ретінде қарастыра отырып педагогика антропология ғылымындағы адам туралы
білімдердің бай қорын толық пайдаланады, осыдан олардың бәрін жалпыланған
адам бойнда теориялық бірігімге келтірумен оның сан қырлы да көп сырлы
болмысын тануға жол ашады.
Педагогиканың медицинамен байланысының нәтижесінде педагогикалық
білімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды.
Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім берудің
тәсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін пайдалана
отырып, бала деніндегі кемшіліктердің орнын толтыру мен оның қоғам өміріне
толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық құрал-жабдықтар жүйесін
түзіп, қолданымға келтірді.
Сонымен бірге педагогиканың дами түсуі адамды қоғам мүшесі ретінде,
оны әлеуметтік қатынас, байланыстар жүйесінде зерттеуші ғылымдарға да
тәуелді келеді. Сондықтан да осы заман педагогикасының әлеуметтану,
экономика, саясаттану және басқа әлеуметтік ғылым салаларымен тұрақты да
ықпалды байланысқа түсуі кездейсоқ емес.
Педагогика және экономикалық ғылымдар арасындағы қатынастар өте
күрделі, бірақ біртекті емес. Қай заманда да экономикалық саясат қоғам
білімін қамтамасыз етудің қажетті шарты болған. Осы саладағы ғылыми
зерттеулерді экономикалық қолдау педагогика дамуына үлкен ықпал жасаушы
факторға айналып отыр. Осы ғылымдардың байланысынан Білім экономикасы
деген арнайы педагогика саласы дүниеге келіп, білім беру аймағын
реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, олардың қоғамды
сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.
Педагогиканың әлеуметтану ғылымымен байланысы ежелден келе жатқан,
дәстүрлі. Себебі бұл екеуін де толғандыратын ортақ проблемалар: білімді
жоспарлау; халықтың әртүрлі топтары мен әлеуметтік қатарының негізгі даму
бағыттарын айыра тану; әрқилы әлеуметтік орта мен ұйымдардағы тұлғаның
қоғамдық кемелденуі мен тәрбиесі заңдылықтарын ашу.
Қоғам мен мемлекеттегі білім саясатының қалыптасуы әрдайым үстемдік
жүргізуші партиялар мен таптардың идеологиясы негізінде түсіндіріледі; бұл
тұрғыдан педагогика мемлекеттік оқу-тәрбие құралы ретінде саясаттану
ғылымының заңдылықтарына сүйене отырып, адамның саяси сана субъектісі
ретінде қалыптасуының шарттары мен механизмдерін белгілейді, саяси идеялар
мен талаптарды игеріп, орындау мүмкіндіктерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып,
оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:
-басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен
қорытындыларының педагогикада пайдалануы;
-бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін шығармашылықпен қабылдап,
меншіктеу;
психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, әлеуметтану және басқа да
ғылымдар зерттеулерінің нақты нәтижелерін педагогикада қолдану;
-адамды жан-жақты және көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.

Педагогиканың өзге де ғылымдармен байланысының дами түсуінен тәлім-
тәрбие

теориясының жаңа бағыттары-сыбайлас ғылымаралық пәндер жүзеге келеді. Бұл
күнде педагогика педагогикалық ғылымдардың күрделі жүйесінен құралады,
олар:
Жас кезеңдері педагогикасы- оқу мен тәрбиені адамның жас кезеңдеріне
орайластыра зерттеуші мектепке дейінгі, мектеп педагогикасы, ересектер
педагогикасы;
Коррекциялық (реттестіруші) педагогика –сурдопедагогика (кереңдер мен
естуі жетімсіздерді тәрбиелеу және оқыту), тифлопедагогика (зағиптар мен
көруі жетімсіздерді тәрбиелеу және оқыту), олигофренопедагогика (ақыл-есі
кемістер мен ақыл дамуы кем балаларды тәрбиелеу және оқыту); логопедагогика
(сөйлеу қабілеті ауытқуға түскендерді тәрбиелеу және оқыту).
Жекеленген әдістемелер-оқудың жалпы заңдылықтарын және пәндерді
оқытуда қолдану ерекшеліктерін зерттеуші пән дидактикасы.
Педагогика тарихы- әрқилы тарихи дәуірлердегі педагогикалық идеялар
мен білімдендіру тәжірибесін зерттейтін ғылым саласы.
Педагогика ғылымындағы жаңа салалардың жіктелу процесі белсенді түрде
жалғасын табуда. Соңғы жылдардың өзінде педагогиканың бұрын болмаған
салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде: білім философиясы,
салыстырмалы педагогика, әлеуметтік педагогика ж.т.б.
Қазіргі замандағы білім беру. Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім
беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы білім беру
стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы,
типтегі және түрдегі білім беру мекемелеріндегі іске асырушы тармақтардың,
сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші
роль атқарады, сондай – ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа теориялардан түбірлі
айырмашылығы – ол білімнің қалыптасу мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын,
объективті қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа
талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында
айқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман
талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру
жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс –
тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,
қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз
пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы
жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл
тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады,
дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге
қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі,
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік,
дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік,
ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен
сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты,
шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
3. Білім беру философиясының негізгі ұғымдары. Педагогика бұл –
адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып
табылады. Себебі педагогикалық білім ұғымы: ұрпақты білімге дайындау немесе
тәрбиелеумен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика
барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылады. Ежелгі грек
философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б.
ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. Педагогика деген ұғым көне
грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз,
яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы
жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика"
термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы
басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы
тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым,
олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі
жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады.
Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан
"педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды.
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі
тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі
жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке
даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика
пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық
ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар.
Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси
экономикада- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал
педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың
байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке
дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру
процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде
барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу
тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды.
Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап
тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-
әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір
тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
4. Білім беру процесс пен іс-әрекет ретінде. Білім –бұл мұғалім мен
оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген
педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам
мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін
емес.
Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту
міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен
тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық
процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз
ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.
Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-əлеуметтік құбылыс.
Педагогикалық процестің басты мақсаты- қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске
асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін
адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске
əлеуметтік тəжірибе ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат
бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші жəне
тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі мен көңіл-
күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады.
Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар
бірліктері- бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі,
тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз
кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет
процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие.
Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:
- ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру);
- тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі);
- дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі);
- аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен
құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру);
- əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына
бейімдеу).
Педагогикалық процестің құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: 1)
педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы, 2) іс-əрекеттік
құрамы.
Педагогикалық процестің субъекттері - тəрбиеленуші жəне
тəрбиелеушілер. Бұлардың құрамы сан қилы. Мысалы , тəрбиеленушілер
қатарында алты жастан алпыс жасқа дейінгі сəбилер мен қариялар; ал
тəрбиелеушілер сапында ата-аналарды, кəсіби педагогтарды тікелей тəрбиеші
субъекттер деп білсек, бұқаралық ақпарат құралдарын, салт-дəстүр, дін, тіл,
табиғат жəне с.с балаға ықпал жасайтын барша əлеуметтік –қоғамдық
құбылыстардың бəрін жанама да, тікелей де тəрбиеші деп танығанымыз жөн.
Педагогикалық процесс субъекттерінің өзара байланысты іс-əрекеттерінің
соңғы нəтижесі – тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі.

Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Тұрмыстық тәрбие біліктерінен ғылыми педагогикалық білімдердің
айырмашылығы неде?
2. Педагогика пәні мен педагогикалық тәжірибеге негіздеме беріңіз?
3. Педагогика қызметтері қандай?
4. Әлеуметтік қажеттілік ретінде білім сипаттамасын беріңіз.
5. Білімнің педагогикалық процесс ретінде мәнін ашыңыз.
6. Аталған ұғымдарға түсініктеме беріңіз: педагогикалық процесс,
педагогикалық жүйе, педагогикалық өзара ықпалдастық, тәрбие, оқу,
педагогкалық технология, педагогкалық іс-әрекет, педагогикалық міндет.
7. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыс формаларын атаңыз.
8. Қазіргі заман педагогика ғылымының құрылымы қандай?

2. Психология пәні, даму тарихы, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
1. Психология пәнінің зерттеу обьектісі.
2. Ежелгі психология, орта ғасырлардағы жан туралы ілім.
3. Қазіргі заман психологиясы,оның міндеттері.
4. Психологияның зерттеу әдістері.

.

ХХ ғ. басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс-экономикалық
талаптарына орай сана (интроспекттік) психологиясының дағдарысы қылаң
берді. Интроспекттік психология практикалық қолданба енгізулерді қажет
еткен капиталистік өндіріс проблемалары алдында өз дәрменсіздігін
байқатты. Оның субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіктеріне сай
келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа,
объектив әдістер тұғырына орнықтыру жолдары іздестіріле бастады.
Бұл дәуірдегі психологияның дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық тағылымы
да үлкен ықпал жасады. Бұл ілімге орай барша психологиялық дүние қоршаған
орта мен тіршілік иесінің икемдесу әрекетінен ажырауы мүмкін емес деген
тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция әдісін (үңіле
тану) қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды.
Осылайша әртүрлі ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бірнеше жаңа
психологиялық теориялардың туындауына себепші болды. Жаңа теория өкілдері
сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру
немесе оны ауыстыруды мақсат етіп қойды.
Бихевиоризм - ХХ ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол
психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп білді.
Бихевиоризм теориясы негізінде адам мен хайуанаттардың әрекет-қылығы -
сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы)
жауаптарының жиынтығы деген түсінім жатыр. ХІХ-ХХ ғ.ғ. тоғысында
бихевиоризм психологиясы жануарлар психикасын эксперименттік талдауға салу
нәтижесінде пайда болды. Бихевиоризмнің жалпы әдіснамалық алғы шарты
позитивизмнің философиялық принциптерінен шығады. Осы принциптерге сәйкес
ғылым тек бақылау жүргізіп отырған затын баяндауы тиіс, ал бақылауға
тікелей берілмеген мәліметтермен ішкі механизмдерді талдау алдамшы болады.
Осыдан барып, бихевиоризм психологиясы сананы емес, әрекет-қылықты зерттеуі
керек деген негізгі тезис тұжырымдады. Бихеворизм теориясын қалаушы -
Э.Торндайк. Ал оның бағдарламасын жасап, "бихевиоризм" терминін енгізген -
Дж. Уотсон.
Гештальтпсихология (немісше гештальт - бейне, құрылым, бір тұтас
форма) - ХХ ғ. бас кезінде Германияда пайда болған идеалистік психологияның
бір бағыты. Басты өкілдері: М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Кофман, К. Левин.
Гештальтпсихология механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа
ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында
туды. Гештальттылар "элементтер психологиясына" қарсы әр-бір психологиялық
процестің біртұтастығы мен өзіндік сапасын жақтады. Олар тұтастықты
(гештальт) элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі заңдылығынан туып,
өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын, тек баяндауға ғана келетін құбылыс
деп пайымдайды. "Гештальт" ұғымын алғашқы ендірген Эренфельд.
Генетикалық психология. Швейцария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық
психология теориясы - психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының
бірі.
Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-есінің (интеллект) қалыптасуына
назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінің
дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен
қызметін білуге болады деп пайымдады.
Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектінің құрылымын зерттеу еді.
Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тіршіліктің эволюциялық даму
барысында жеткен нәтижесі деп білді.
Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі - баланың біртұтас дамуын
ескерместен, ақыл-естің өрістеу тұғырын интеллекттің өзінен іздеді, ал
сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына
ешқандай орын қалдырмады.
Фрейдизм Негізін австриялық психолог З.Фрейд қалаған, жеке адамның
жан төркінін, дамуын иррационализм (саналы дәлелі жоқ) мен мистика (тылсым
құпия) сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен
дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Фрейдизм ілімінің негізгі сарыны:
адам табиғаты астар санадағы психикалық күштер (олардың ішіндегі ең
бастысы - либидо (жыныстық құмарлық) мен сол адамға жау әлеуметтік ортада
тіршілік сақтау қажеттігі арасындағы мәңгі өшпес келіспестік пен арпалыста
дамиды, қалыптасады.
Қоғам өзінің шектеулерімен адамды күйзеліске түсіреді, оның санаға
бағынбайтын құмарлықтарын басуға тырысады. Сондықтан бұл көңіл шарпулары
(аффект) және сезім көріністері (эмоция) айналма жолдармен невротикалық
белгілер түрінде жарыққа шығады (түс көру; қате, жаңсақ сөйлеу, жазу;
қажет, бірақ ұнамсыз болған-ды ұмыта қалу, ойланбай айтып салған оспақ
әзіл, т,б,). Осыдан З.Фрейд адам іс-әрекетінің бәрі объектив болмыс
туындатқан сана басқарымында болмай, адамның өзі сезе бермейтін астар
санадағы ықпалдар (мотив) жетегінде жүреді деген тұжырымды бетке ұстайды.

2. Батыстық психологияның бүгінгі даму бағыты
Ашық дағдарыс кезеңдерінде пайда болып, кейін елеулі өзгерістерге
кезіккен айтарлықтай маңызды теориялық бағыттар (необихевиоризм,
неофрейдизм, геш-тальтпсихология) 60-жылдардың басында өздерінің бұрынғы
абыройынан айрыла бастады. Бұл дағдарыстардың аса бір мәнді себебі -
экспериментальды зерттеулер мен теориялар саласында жаңа өнімді көзқарас,
бағыттардың туындауынан болды: танымдық іс-әрекет зерттеулері аймағында -
когнитивтік психология, гуманистік психология, ми жөніндегі ғылымдар
шеңберінде адам санасын зерттеуге орай - нейро-физиология, нейроморфология,
нейропсихология, қанат жайған және бір бағыт - бұл адам психологиясы еді.
Қазіргі заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан
ғылыми ағым когнитивтік психо-логия болды. Когнитивтік психологияның
көрнекті өкілдері - Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер,
П.Лиднсей, Г.Саймон.
Бұл бағыттың бұл күнде бірнеше салалары бар. Солардың ішінде ең
танымал болғаны есептеу варианты, мұнда танымдық процестер шектен тыс
механистік негізде түсіндіріледі: психика сигналдарды өзгеріске келтіруші
тұрақты қабілетке ие тетік (аппарат) күйінде қарастырылады. Әсіресе таным
процесіндегі ішкі когнитивтік құрылымдар мен ізденуші организм
белсенділігіне аса мән беріледі.
Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер -
ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және
танымдық даму. Бұл таным психологиясының әдістері жеке адамның көңіл-күйі
(эмоция) мен себеп-түрткілерін (мотивы), сонымен бірге әлеумет
психологиясын зерттеуге де қолданылды. Адамның ақпарат өңдеу, сақтау және
пайдалануына байланысты танымдық белсенділігінің белгілі деңгей дәрежесінде
көрінетіні жөнінде пікір пайда болды. Ес, қабылдау процестері, зейін, ойлау
мен оның сөзбен не сөзден тыс берілетін бірліктері (компоненті) көптеген
құрылымдық моделдерге келтірілді.
Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тікелей қарсылығымен
танылған ірі бағыттардың және бірі - бұл гуманистік психология. Гуманистік
психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты - бихевиоризм мен
психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына
келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз
зерттеулерінің объекті ретінде гуманист-психологтар салауатты, шығармашыл
жеке адам түсінігін таңдады. Бұлар талдауындағы жеке адамның мақсаты - өзін-
өзі кемелдендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып, жая білу.
Гуманистік бағыт көрнекті өкілдерінің бірі А.Маслоу еді. Ол жеке адам
психологиясын есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін еместігін қадап
айтқан. Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол
адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынтаықласында
деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға (самоактуализация) деген
қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік
қажеттілік - адамдарға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмтылу (адам
табиғатынан қайырымды). Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс,
яғни адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып,
өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндетті. Ал мұндай
міндетті атқару қажеттілігі, Маслоуше, тек дені сау, салауатты адамдарда
туындайды.
Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқыдан
қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге шығаруы тиіс.
Өз мүмкіншілігін ашудың (самоактуализация) мәні не? Маслоу пікірінше,
бұл - тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті. Әрбір адам қайырымдылық,
адамгершілік, тілектестікке деген қажетсінумен дүниеге келеді. Бұлардың
бәрі адам өзегінде, оның міндеті осы гуманистік қажеттерді іске асыруда
белсенділік көрсету. Маслоу бірінен біріне күрделене ауысып отыратын адам
қажеттіктерін жіктеп, көрсетіп берді: 1) физиологиялық қажеттіктер, 2)
қорғаныс қажеттіктері, 3) қорек-тағамдық қажеттіктер; осылардың бәрінен
жоғары - адамгершілік (гуманоидтық) қажетсінулер, яғни 4) шындық,
қарапайымдылық, әділдікті керек ету. Міне, осылардың бәрі өз
мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына байланысты адамда
көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды.

3. Ғылыми психологияның принциптері мен жалпы зерттеу әдістері
Психология ғылымының негізгі принциптері 30-жылдары жүйелестірілді.
Олардың ішінде негізгілері: детерминизм (себеп-салдарлық) принципі, сана
мен іс-әрекет бірлігі принципі, даму принципі.
Детерминизм принципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс өмір салты,
қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен
психика да өзгеріске келеді. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи
с?рыптаумен айғақталады да, ал адам санасының дамуы - түпкілігінде
қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады.
Ғылым тарихында алғашқы рет марксизм қоғамдық құбылыстардың материалистік
негізін түсіндіріп, қоғам дамуының заңдарын көрсетіп берді.
Детерминизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері
қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні, яғни адамның психикалық
дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі, қоғамдық қатынастарға
араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі концепцияға негіз болды.
Осы принцип негізінде қалыптасқан кеңес психологиясының және бір
жаңалығы - қоршаған ортамен қатынаста тысқы дүниеге қарсы тұратын жай
саналы адам емес, ол жасампаз, объектив дүниені белсенді қабылдаушы, керек
болса өзгертуші адам. Әлеуметтік ықпалдарды қабылдау, мәдениет-руханият
туындыларын игеру адамның сыртқы дүниемен белсенді араласуында, оның іс-
әрекеті процесінде жүзеге келеді.
Психология теориясы мен практикасында детерминизм принципінің іске
асуы психика дамуы, оқу мен тәрбие проблемасының шешілуіне негіз болды.
Психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы
психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен. Психика
- ми қызметі деген материалистік тұжырымға арқа сүйей отырып, психология өз
алдына психикалық құбылысты тудырушы ми қызметі механизмдерін зерттеуді
міндет етіп қойды. Де-терминизм осыдан психикалық құбылыстарды түсіндіруде
физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды.
Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана және іс-әрекет - жантану
ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттелуі 30-
жылдары бастал-ды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі
идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол "іс-әрекет және сана назар
аударылған объекттің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас;
теңдік емес, бірлік" - деп жазған.
Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі әрекеттің са-насыз, ал сананың
әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы
тану іс-әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді.
Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт
берді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы - ішкі
құбылыс, ал әрекетті - сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен әрекет бірлігі
принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс
болып қалмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша
психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет
процесінде қалыптасады да.
Адамның ішкі де, сыртқы да әлемінің бастауы мен барша мазмұны осы іс-
әрекетте. Яғни психика ішкі де, сыртқы да сипаттамаларына ие біртұтас жүйе,
ал іс-әрекет болса, осы психикалық жүйені өзіне қамтып, оның қызмет
атқаруына нәр беретін шексіз әлем.
Даму принципі. Даму идеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының
ықпалымен енген. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму
барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады
(Л.С.Рубинштейн).
Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің
негізгі тәсілі ретінде қабылдайды.
Жантану ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі оның
зерттейтін объекті - психика - өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады.
Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және
өзгереді (Б.Ф.Ломов).
Психология әдістері. Ғылым - ең алдымен зерттеу ісі. Сондықтан, ғылым
сипаттамасы тек оның пәнін анықтаумен шектелмей, әдістер аймағын тануды
да қамтиды. Әдістер дегеніміз ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары,
тәсілдері. Ғылым әдістері жаңа заңдылықтарды аша отырып, сол ғылымның
негізгі заң-дылықтарына иек артады. Осыдан зерттеу әдістері ғылым-ның
өзімен бірге дамып, өзгерістерге келіп отырады.
Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады,
мұндай ғылыми-психологиялық зерттеулерге қойылатын талаптар
(принцптер)келесідей:
1. Құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі табиғаты арасындағы
толық сәйкестікті таба білу;
2. Психикалық құбылыстарды зерттеуде психо-физиологиялық принципті
негізге алу шарт, бірақ физиологиялық (биологиялық) білімдер мен
факторларды көмекші құрал ретінде пайдалану қажет;
3. Психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам әрекетін әлеуметтік-
тарихи талдау нәтижесіне арқа сүйеуі;
4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс-әрекеті және оларды
қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы процесінде нақтылау.
Әрқандай ғылым сияқты психология да қилы әдістердің тұтас жүйесін
пайдаланады. Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы
қолданымын табуда:
Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы,
қызметі ж.т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не
адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік
әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектті жан-жақты,
әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы
құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады.
Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан
даму байланысы.
Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер: бақылау мен өзіндік
бақылау, экспериментальды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер;
психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру,
социометрия, интервью, әңгімелесу - әдістері; шығармашылық, іс-әрекет
өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.
Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық
(алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.
Реттеу - түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық
ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қоғамдағы маманның ролі
Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың практикасында қолданылатын оқыту технологияларының болашақ маманның өзіндік дамуындағы маңыздылығы
Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми - педагогикалық негіздері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық - педагогикалық шарттары
Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» дәрістер жинағы
Болашақ маманды дайындаудың психологиялық - педагогикалық аспектілері
Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесі
Пәндер