Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтері
Педагогика ғылымы туралы түсінік
1. Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтері
2. Педагогикалық ғылымдар жүйесі
3. Педагогика жəне басқа ғылымдар

Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш
бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат
білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас
педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық
құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда
педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос,
мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан
(психология, жаратылыстану, əлеуметтану жəне т.б.) алынған білімдерді
жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді
шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда
педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар
тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны
педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ,
жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне
аян.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз
тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу пəніне
ие салыстырмалы дербес білім саласы (Педагогика оқулықтарының ең соңғы
басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин жəне т.б.).
Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде
батыл ой ұсынған ғалым жəне практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі:
көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми
педагогика зерттеулерінің объектісі– бұл педагогикалық дерек (құбылыс).
Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам
жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің
тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-əрекеттер
аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид)
не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына
байланысты педагогикалық-тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады.
Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-
əрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын
айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование)
атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін
танытады.
Педагогика пəні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана
меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, əлеуметтану,
жантану, экономика жəне де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист
білім жүйесінде өндірілген еңбек ресурстарының шынайы мүмкіндіктер
деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін
белгілеуге тырысады.
Социолог өз міндетіне орай білім жүйесінде дайындықтан өткен
адамдардың əлеуметтік ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми-техникалық
үдеріске жəне əлеуметтік өзгерістер жолында ықпал ету мүмкіндіктерін
білгісі келеді.
Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарын негізге ала отырып, білім
саласының жалпы міндеттері мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға жауап
іздестіреді: Білімнің бүгінгі жайы қалай? Ол келешекте қандай болмақ?
Психолог білімді педагогикалық үдеріс ретінде қарастыра отырып, оның
психологиялық қырларына назар аударады. Саясаткер қоғам дамуының нақты
кезеңіндегі мемлекеттік білім саясатының тиімділік деңгейін тануға ұмтылады
т.с.с.
Əлеуметтік құбылыс болған білімді зерттеудегі əртүрлі ғылымдардың
қосқан үлесі, əлбетте, құнды да қажетті, бірақ олардың бəрі де адамның
күнделікті өсу жəне даму процестерімен байланысқан білімнің мəндік астарын
жəне сол даму процесіндегі педагог пен оқушы ықпалдастығы мен оған сəйкес
жүйелік құрылымдарды назардан тыс қалдырады. Солай болуы заңды да, себебі
аталған проблемалардың баршасы арнайы ғылым – педагогиканың зерттеу
нысандары.
Осыдан, педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік мекемелерде
(институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында –мақсат
бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде
көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның
бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің
мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-
бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы
негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен
технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне
оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі
олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас,
ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған
педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен
сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне
технологиялық міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
- сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені
зерттеу;
- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен
оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды
қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
- болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық
күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол
педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық
құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын
құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды
өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-əрекеттермен байланысты.
Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып,
білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі
құрылады.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
- жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс-əрекет пен оның мазмұны əрі
сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар
мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары,
бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға
байланысты;
- жаңалау – тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу
мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне
енгізе, пайдалану;
- ықпал таныту (рефлексивтік)жəне реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)-
ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу-тəрбие ісіне болған əсер-ықпалын бағалау
жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер байланысына
қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.
Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына
себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына
көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен
шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы,
өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты
процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты
міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін
арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-
ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай
жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі
білім (образование) деп аталады. Білім мəні – əр адамның өте күрделі
өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны жоғары моральдық жəне
азаматтық мұраттар рухында тəрбиелеу.
Сонымен, əлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты
танылған –
1.үлкендердің бедел – абыройына жəне балалардың бағыныштылығына
негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым,
2. шəкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші – гуманистік ағым. Олардың
арасында –сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Əлемнің ізгілікті
педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.
2. Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні
мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін
емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер
жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып
отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп
атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ, тəрбие
проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие
философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі
философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – педагогикаға танымның
жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің
əдіс-тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне
жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық
негізі деп атау қабылданған.
Қоғамдық құбылыс ретінде тəрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің
өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа
көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу жəне оны бүгінгімен салыстыру осы
заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы
қателерді қайталаудан сақтандырады.Педагогика жүйесі келесі салаларды
қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік
педагогика; арнайы педагогика.
Жалпы педагогика – адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі
тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық
тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы
педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2)
дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану. Жас кезеңдер
педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз
алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас
тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін
тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы
орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-
тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес
педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына
пəн ретінде оқылатындары – мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық
мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы
жəне т.б.
Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен
айналысып, қарқынды даму жолына түскен – жоғары мектеп педагогикасы. Оның
міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу
орындарында жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру,
қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу,
жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен
таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз
байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай
көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет
етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа
білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы
жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика
зерттейді.
Əлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мəжбүрлі тəрбие
(первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда.
Өз дамуында əрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар
арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы
жəне тəрбиесімен сурдопедагогика, зағиптар- тифлопедагогика, ақыл-есі
кемдер- олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пəндік
əдістемелер құрайды. Олар оқу-тəрбие мекемелерінің барша типтерінде
өтілетін нақты оқу пəндерінің оқытылуы мен игерілуі заңдылықтарын ашып,
мұғалімдерге ұсынады. Өз пəнін оқыту əдістерімен əрбір педагог жоғары
деңгейде таныс болуы міндетті. Педагогиканы оқыту əдістемесі де жоқ емес.
Қолыңыздағы оқу құралы осы əдістеме талаптарына лайық жазылған. Соңғы он
жылдықтарда педагогиканың барша салалары дəстүрлі əдістемелерден
ерекшеленген, нақты жағдайларда жоғары нəтижеге жеткізуші ең тиімді деген
жолдар мен тəсілдерді түзуге көмектесетін жекеленген технологиялар жасау
бағытында дами бастады.
Тəрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дəл жəне техникалық
білімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар – кибернетикалық,
математикалық, компьютерлік педагогика, суггестология (гипноздық сендірумен
жедел оқыту жүйесі) жəне т.б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты
ғылымдардың бірі ретінде ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.
Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде
танылған. Бұл жүйеде мектеп педагогикасы маңызды орынға ие. Себебі тəрбие
процесі əсіресе балалық шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан да оны
жоғары кəсіптік деңгейде басқара білу қажет. Өз проблемаларын шешу
барысында педагогика көптеген ғылымдардың деректерін пайдаланады.
3. Педагогика жəне басқа ғылымдар
Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа
ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің
ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста
болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап
отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса,
енді біреулері-кейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды. Педагогиканың алғашқы
байланыс түзген білім салалары-философия мен психология. Бұл ғылыми одақ
қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп дамуының
алғы шарты.
Педагогиканың философиямен байланысы өте бір ұзақ та өнімді болды,
себебі философиялық идеялардан педагогикалық тұжырымдар мен теориялар
туындап отырды. Педагогикалық ізденістердің бағыттары белгіленді, сонымен
бірге педагогиканың əдіснамалық негізі осы философиялық көзқарастардан
қалыптасты. Философиялық бағыттар (экзистенциалды, прагматикалы,
неопозитивистік, материалистік т.б.) жүйесін ұстануына орай педагогика
зерттеушілерінің оқу-тəрбие саласындағы ғылыми-ізденіс жолы, білім беру
процесінің мəні мен мағынасы, мақсаты мен технологиялық сипаттамасы
айқындалады. Философия сонымен бірге педагогикалық болмыс пен нақты
тəжірибені теориялық тұрғыдан түсінудің құралы ретінде қолданылып, жаңа
педагогикалық тұжырымдамалар жасаудың бастау көзін береді.
Педагогиканың ежелден келе жатқан дəстүрлі де аса бір құнды байланысы
жантану (психология) ғылымымен орныққан. Адам табиғатын білу, оның тума
қасиеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, тұлға дамуы мен оның жандүниелік
қозғалыстарында байқалатын заңдылықтар жəне оларды басқарушы тетіктерді
ескеру, сонымен бірге оқу мен тəрбие жүйесін осы психикалық заңдылық,
қасиет-сапа, қажеттіктер мен мүмкіндіктерге негіздей отырып құрастыру
талаптарын елеулі ғұлама-педагогтардың бəрі де алға тартып отырған.
Дегенмен, ескеретін жəйт: тұлғаның дамуы мен қалыптасуын бір жақты тек
психологиялық шарттармен ғана түсіндіру шынайылыққа келмейді, себебі
педагогтар мен балалар өмірі табиғи заңдылықтардан кейде басымдау түсетін
əлеуметтік-педагогикалық жағдайларға тəуелді келеді, тіпті сол
психологиялық дүние, болмыстың өзі де арнайы қоғамдық ықпал нəтижесінде
өзгеріске келуі əбден мүмкін.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы адамды тұлға ретінде
зерттеуімен ортақ келетін философия жəне психология аймағымен шектеліп
қалмайды. Оның адамды тіршіліктегі сипатында танушы анатомия, физиология,
астрология жəне медицина ғылымдарымен де байланысы заңды құбылыс.
Адам дамуына ықпал жасаушы табиғи жəне əлеуметтік факторлар
арақатынасынан туындайтын проблема - педагогика үшін өзекті мəселелердің
бірі. Адамның жекеленген табиғи дамуын зерттеуші биология ғылымында бұл
мəселе аса маңыздылығымен танылған.
Адамды табиғи жаратылыс туындысы жəне əлеуметтік болмыс жемісі ретінде
қарастыра отырып, педагогика антропология ғылымындағы адам туралы
білімдердің бай қорын толық пайдаланады, осыдан олардың бəрін жалпыланған
адам бойында теориялық бірігімге келтірумен оның сан қырлы да көп сырлы
болмысын тануға жол ашады.
Педагогиканың медицинамен байланысының нəтижесінде педагогикалық
білімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды.
Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім берудің
тəсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін пайдалана
отырып, бала деніндегі кемшіліктердің орнын толтыру мен оның қоғам өміріне
толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық құрал-жабдықтар жүйесін
түзіп, қолданымға келтірді.
Сонымен бірге педагогиканың дами түсуі адамды қоғам мүшесі ретінде,
оны əлеуметтік қатынас, байланыстар жүйесінде зерттеуші ғылымдарға да
тəуелді келеді. Сондықтан да осы заман педагогикасының əлеуметтану,
экономика, саясаттану жəне басқа əлеуметтік ғылым салаларымен тұрақты да
ықпалды байланысқа түсуі кездейсоқ емес.
Педагогика жəне экономикалық ғылымдар арасындағы қатынастар өте
күрделі, бірақ біртекті емес. Қай заманда да экономикалық саясат қоғам
білімін қамтамасыз етудің қажетті шарты болған. Осы саладағы ғылыми
зерттеулерді экономикалық қолдау педагогика дамуына үлкен ықпал жасаушы
факторға айналып отыр. Осы ғылымдардың байланысынан Білім экономикасы
деген арнайы педагогика саласы дүниеге келіп, білім беру аймағын
реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, олардың қоғамды
сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.
Педагогиканың əлеуметтану ғылымымен байланысы ежелден келе жатқан,
дəстүрлі. Себебі бұл екеуін де толғандыратын ортақ проблемалар: білімді
жоспарлау; халықтың əртүрлі топтары мен əлеуметтік қатарының негізгі даму
бағыттарын айыра тану; əрқилы əлеуметтік орта мен ұйымдардағы тұлғаның
қоғамдық кемелденуі мен тəрбиесі заңдылықтарын ашу.
Қоғам мен мемлекеттегі білім саясатының қалыптасуы əрдайым үстемдік
жүргізуші партиялар мен таптардың идеологиясы негізінде түсіндіріледі; бұл
тұрғыдан педагогика мемлекеттік оқу-тəрбие құралы ретінде саясаттану
ғылымының заңдылықтарына сүйене отырып, адамның саяси сана субъектісі
ретінде қалыптасуының шарттары мен механизмдерін белгілейді, саяси идеялар
мен талаптарды игеріп, орындау мүмкіндіктерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып,
оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:
– басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен
қорытындыларының педагогикада пайдалану;
– бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу əдістерін шығармашылықпен қабылдап,
меншіктеу;
– психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, əлеуметтану жəне басқа да
ғылымдар зерттеулерінің нақты нəтижелерін педагогикада қолдану;
– адамды жан-жақты жəне көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.
Жекеленген əдістемелер – оқудың жалпы заңдылықтарын жəне пəндерді
оқытуда қолдану ерекшеліктерін зерттеуші пəн дидактикасы.
Педагогика тарихы – əрқилы тарихи дəуірлердегі педагогикалық идеялар
мен білімдендіру тəжірибесін зерттейтін ғылым саласы.
Педагогика ғылымындағы жаңа салалардың жіктелу процесі белсенді түрде
жалғасын табуда. Соңғы жылдардың өзінде педагогиканың бұрын болмаған
салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде: білім философиясы,
салыстырмалы педагогика, əлеуметтік педагогика ж.т.б.
Педагогикалық зерттеу әдістері
1.Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның
құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі
жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның
нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды
түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды),
қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа
бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне
практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе
болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.
Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын
тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға
бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға
негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды
практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық
тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс
проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен
болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын
танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық
жəне практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-
əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі
негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен
міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны
бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде –
зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды
деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары
жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы
жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың
қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру.
Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің
жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік
тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады.
Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше
жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен
практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз
ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы
айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де
қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс
нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде,
қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.
Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың
нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның
міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-
қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын
құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі
келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы
немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы
мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды
қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан
есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені
(предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет
еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-
қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды
(гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері
белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық
негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін
қолданылады. Ол қазіргі кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық əдебиеттер
тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері,
мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық жəне
практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты
практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген
тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар,
көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің
теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа
ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу
типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда
болу уақытына да тəуелді келеді.
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі
(динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-
теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы
алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс
мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми
проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің
алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы
тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін
зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мəні: зерттеу объектті
жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мəнін айқындап алу қажеттігі
арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық
деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық) деңгейіне өтудің
дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі
функционалдық жəне гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар
қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады,
осының нəтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі
соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму
мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы
текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы
талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
2. Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына
орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен
байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен
зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод)
тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға
алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері
түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан
өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми
ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның
нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет
жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ
жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық
тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3)
математикалық əдістер.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру процесін
ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары.
Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер
қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар
педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін
проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тəжірибені зерттеу
барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью,
анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден
өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен
қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар
міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын
ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі
кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын
объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне
оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған
ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан
топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс
жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне
таңдамалы бақылау.
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі
де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге
зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі,
жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші
болуы мүмкін.
Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында
түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша
қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша
күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп,
сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі
педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте
сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью
жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары
жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет
əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған
əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына
тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың
сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі
болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы
тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға
ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен
де алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне
бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы
бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық
қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне
дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу əдісін
қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дəрігерлік карта,
күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-
қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім игеру процесін
ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі
ақпараттармен қаруланады.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық
тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент
ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған
педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы
байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді
ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін
өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық (проблема
қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза
белгілеу);
- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау,
бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау);
- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау
(ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап
əрекеттерін бағалау);
- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме
беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында)
жəне зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды
жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді).
Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған
педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не
қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға
бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып
ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай
эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау
экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі.
Эксперименттік əдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет,
бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі,
көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу
қабілеттілігі де маңызды келеді.
Жоғарыда аталған əдістер тобы педагогикалық құбылыстар танудың
эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара ғылыми-
педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы топталған алғашқы
деректік материалдың мəн-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау
зерттеудің теориялық талдау əдісімен орындалады.
Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын,
белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке
деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, əрбіріндегі
жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстамдарға
келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып,
зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мəн-жайына енеміз.
Индуктив жəне дедуктив əдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты
қорытындылаудың логикалық əдістері. Индуктив əдіс – ойдың жеке пікірлерден
жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға
қолданылады.
Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп,
жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық əдіс
көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар ;
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика жəне онымен сыбайлас пəндер бойынша оқулықтар мен –
əдістемелік қолданбалар.
Əдебиеттермен танысудың арқасында қай проблеманың қандай тараптары
жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау-дамайлы жəне қай мəселелердің
əлі тың жатқанын білуге болады.
Əдебиеттермен жұмыс істеу əдістерінің түрі сан-алуан. Олар арасында
көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін
мəселеге байланысты іріктеліп алынған деректік əдебиеттер тізімі; реферат
жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып
берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен
тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар;
аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу;
сілтеме (цитата) беру – əдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды
өзгертпестен мəтінге ендіре жазу.
Педагогикадағы математикалық жəне статистикалық əдістер сауалнама,
эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп
жатқан құбылыстар арасындағы сандық тəуелділіктерді анықтау мақсатында
қолданылып, эксперимент нəтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін
арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жəрдемдеседі. Математикалық
əдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу
(регистрация), ранжирование (тəртіпке келтіру), өлшемге түсіру
(декодирование). Статистикалық əдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа
сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық (салыстырып бақылау жəне
эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа
санын шығару үшін); медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта
он екі оқушы болса, бағаның өсу дəрежесімен өрнектелген тізімде
алтыншысының бағасы - медиана ); таралу дəрежесі – дисперсия немесе орташа
квадраттың ауытқу, баламалар коэфиценті жəне т.б.
Мұндай есептерді жүргізу үшін белгілі формулалар, анықтама таблицалар
қабылданған. Осы əдістермен жинақталған көрсеткіштердің сандық
тəуелділіктері графиктер, диаграммалар, таблицалар түрінде өрнектеледі.
Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, əлі
анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тəуелділіктері
ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты –
ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-əрекеті. Егер осы теориялық
жəне тəжірибелік ізденістер аталған педагогикалық əдістер жүйесін жете
білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың
да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның
нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары
ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.
Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері
Жоспары
1. Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік
2. Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу
3. Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері

Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан
анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар,
процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне
қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады.
Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі
заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп
аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген
заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері
реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар
өздерінің жалпы мəнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас
концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте əрекетке келеді. Қазіргі
кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А. Коменский қалаған. Ғұлама- педагог
пікірінше, оқудың негізі – табиғи сəйкестік принципі, ал барша қалған
принциптер осы табиғи сəйкестікке сай бірізді іске асырылып барады.
А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен
толықтырды.
Бұл ережелер 1) оқу мазмұнына; 2) оқытушыларға; 3) оқушыларға қатысты
болды. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді:
уақытқа сай болуы, бірізділік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі,
анықтығы, оқушылардың дербестік əрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте
жеңіл болмауы, дұрыстық.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиғи
сəйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі
дидактикалық принциптер төмендегідей:
1) саналылық жəне белсенділік;
2) көрнекілік;
3) жүйелілік жəне бірізділік;
4) беріктік;
5) түсіністік;
6) ғылымилық;
7) көңіл-күй;
8) теория мен практиканың байланысы.
Принциптер нұсқау-көрсетпе (норматив) қызметтерін атқарады. Олар
мұғалімге кейбір жағдайларда қандай əрекетке келуі жөнінде тек кеңес немесе
сілтеме беріп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретінде бұл принциптер
педагогикалық əрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық
орындалуын талап етеді. Принциптерді білу жəне оларды оқу-тəрбие процесінде
толықтай іске асыру педагогикалық шеберліктің негізін құрайды жəне ол
педагогикалық біліктілікті анықтауда алдымен ескеріледі.
Педагогиканың принциптік талаптары ережелер жүйесі арқылы іске
асырылады. Ереже – бұл педагогикалық іс-əрекеттің нақты жағдайларда белгілі
мақсаттарға жеткізу тəсілінің суреттемесі (описание). Көбіне оқу ережесі
деп қандай да принципті қолданудың жеке тараптарын ашып беретін жетекші
тұжырымдарды түсінеміз.

Оқу барысында диалектиканың жалпы заңдары мен педагогиканың арнайы
заңдары орындалуы шарт.
Диалектиканың жалпы заңдары сапына кіретіндер: қарама-қарсылықтар
бірлігі мен тайталасы заңы, сандық жинақтың сапалық өзгерістерге келу заңы,
жоқты жоққа шығару заңы.
Оқу процесінде қарама-қарсылықтар бірлігі мен тай-таласы заңы іске
қосылады. Қарама-қарсылықтардың туу себебі – жаңа əлеуметтік жағдайлар,
тұлға мүмкіндіктерінің өзгеруі, білім беру аймағында қалыптасқан соны
талаптар оқу процесіне болған дəстүрлі, бекіген ұғымдар жəне көзқарастармен
сəйкессіздікке ұшырауы. Бұл өз кезегінде оқу мазмұны мен технологиясын
өзгертіп, заманға сай ауыстыруды талап етеді.
Сандық жинақтық сапалық өзгеріске түсу заңы да оқу процесінде көрініс
береді. Тұлғаның бүкілдей сапалық сипаты (нанымдары, сеп-түрткілері,
ұстанымдары, қажеттері, құндылықты бағыттары, даралықты іс-əрекет стилі,
ептіліктері мен дағдылары) сандық жинақтың белгілі деңгейдегі нəтижесі.
Санның сапаға ауысуы жоқты жоққа шығару заңы тетіктеріне сəйкес
келеді. Тұлғалық жəне психикалық жаңа құрылымдар адамның өткен кездердегі
жинақтаған тəжірибесі негізінде қаланады. Соңғы өмір кезеңдерінде пайда
болған сапалар бұрынғы қалыптасқандарын “жоққа” шығарады. Жоққа шығару
тетігі оқу дағдыларының қалыптасу процесінде көрінеді, яғни кейбір
əрекеттер көп қайталаулар нəтижесінде күрделі дағдыларға (жазу, есеп, оқу)
айналады.
Диалектиканың жалпы заңдылықтарымен бір қатар оқу барысында арнайы
педагогикалық заңдар да əрекетке келеді. Ғалымдар мұндай заңдардың
бірқаншасын ашып, педагогикалық тəжірибеге ұсынған. Өз заманында ғұлама
педагог И.Г.Песталоцци келесі заңды нақтылаған: елес байқауынан анық
ұғымдарға, олардан анық түсініктерге өту.
Неміс педагогі Э. Мейман бірнеше ерекше заңдарды негіздеп, ұсынды:
- жеке адамның дамуы əуел бастан көбіне оның табиғи нышандарына тəуелді
жүріп жатады;
- ең алдымен бала тіршілігі мен оның қарапайым қажеттерін
қанағаттандыруға арналған сапа-қасиеттер дамиды;
- балалардың жан жəне тəн дамуы əрқилы деңгейде өтеді.
Теоретиктер мен практиктер ашып, бүгінгі педагогикаға енгізген
заңдылықтар саны ұланғайыр (мысалы, И.П.Подласый өз оқулығында 70-тен астам
заңдылықты хаттаған).
Оқудың əрқилы заңдылықтарын реттестіріп, жинақтауға орай, оларды жалпы
жəне жеке (нақты) заңдылықтар деп бөлу қабылданған.
Жалпы заңдылықтар қалаған білім беру процесіне тəн болып, оқудың бүкіл
жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері:
- оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейі мен қарқынына, оның
қажеттері мен мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымы мен практикасының даму
деңгейі мен жетістіктеріне байланысты;
- оқу мазмұны. Оқу мазмұны қоғамдық қажеттер мен оқу мақсаттарына, ғылыми-
техникалық жəне əлеуметтік процестің қарқынына, оқушылардың жас
мүмкіндіктеріне, оқу теориясы мен практикасының даму деңгейіне, оқу
мекемелерінің материалды- техникалық жəне экономикалық жағдайларына тəуелді
келеді;
- оқу сапасы. Оқу сапасы өткен кезеңдегі оқу процестерінің
нəтижелілігіне, оқу материалының сипаты мен көлеміне, мұғалімнің
ұйымдастыру – педагогикалық шеберлігіне , оқушының оқып-үйренуге болған
қабілетіне, оқу уақытына байланысты;
- оқу əдістері. Дидактикалық əдістер тиімділігі əдістерді білу мен
қолдану ептілігіне, оқу-мақсаттарына, мазмұнына, оқушылардың жеке деңгейі
мен оқуды меңгеру қабілетіне, материалдық-техникалық қамсыздығына, оқу
процесінің ұйымдасуына тəуелді;
- оқуды басқару. Оқудың нəтижелі болуы оқу жүйесіндегі кері байланыстың
жеделдік сипатына, реттеу-түзету ықпалдарының орынды келуіне орайласады;
- оқуға ынталандыру. Оқу нəтижесі шəкірттің білім игеруге деген іштей
ынта-ықыласы мен оқу əрекеттерінің өзіне тəн тартымына (внутренние
стимулы); оқу əрекетіне мүмкіндік жасаушы сыртқы жағдайлар (қоғамдық,
экономикалық, педагогикалық).
Жеке (нақты) заңдылықтар оқу жүйесінің кейбір тараптарына орай іске
қосылады. Оқу процесінің жеке (нақты) заңдылықтары:
- дидактиканың тек өзіне тəн (оқу нəтижесі қолданылған оқу əдістері мен
құрал-жабдықтарына, оқытушының кəсіби шеберлігіне жəне т.б. байланысты);
- таным теориясына (гносеологиялық) сай (оқу нəтижесі оқушылардың
танымдық белсенділігіне, ептілігіне жəне оқуды қажетсінуіне, т.б. тəуелді);
- психологиялы? (оқу нəтижесі шəкірттердің оқу-үйрену мүмкіндіктеріне,
зейін деңгейі мен тұрақтануына, ой-ақыл ерекшеліктеріне жəне т.б.
байланысты);
- əлеуметтік (жеке адамның дамуы төңірегіндегі басқа адамдармен тікелей
не жанама қарым-қатынасына, қоршаған ортаның ақыл-парасат дəрежесіне,
мұғалімнің оқушымен қатынас жасау стиліне жəне т.б. тəуелді);
- ұйымдастырушылық (оқу процесінің тиімділігі оның ұйымдастырылу
дəрежесіне, сол процестің оқушыда оқуға болған ынтаны, қажеттікті
тəрбиелеуге бағытталуына, таным қызығушылығын қалыптастыруына, қанағаттану
лəззатына бөлеп, танымдық белсенділікті қанаттандыруына жəне т.б. тікелей
байланысты);
Оқу заңдылықтарының нақты көріністері принциптерде жəне оларға орай
қабылданған ережелерде байқалады.
Ережелер мұғалімге қандай да бір жағдайларда нақты əрекеттерді жасауға
сілтеме беріп, белгілі бір талаптарды орындауға бағыттайды. Ал бұл
нұсқаулардың қалай орындалуы мұғалімге тəуелді. Мысалы, оқушы сабақ басына
кешігіп, сыныпқа қоңыраудан соң кіріп келді. Мұндай жағдайда мұғалім
ережеге сай оқушыға қандай да ықпалды əрекет жасауы қажет, себебі тəртіп
бұзу ескерусіз қалмауы тиіс. Ал бұл ескерту қалай орындалады- оның жолы
бүтіндей жəне толығымен нақты ситуацияға, оқушы тұлғасына, мектепте
қабылданған тəртіптерге, қалыптасқан қатынастарға жəне көптеген басқа да
себептерге байланысты.

Оқудың дəстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық
принциптер:
саналылық жəне белсенділік, көрнекілілікпен оқыту, жүйелілік жəне
бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен
практиканы байланыстыру.
Саналылық жəне белсенділік принципі негізінде ғылым тарапынан
анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мəні оқушының өз ақыл-ой
белсенділігі арқасында игерілген терең де əрі өз бетінше ұғынылған
білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен
жағдаяттарға тəуелді: оқу мотивтері, оқушылардың танымдық белсенділігінің
деңгейі мен сипаты, танымдық іс-əрекетті басқару жəне оқу тəрбие процесін
ұйымдастыру, мұғалім қолданған əдістер мен оқу жабдықтары жəне т.б.
Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі
есептеледі, ол оқу материалын терең əрі берік игеруде пəрменді ықпал
жасайды.
Оқудың саналылық жəне белсенділік принципін іске асыру барысында
келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:
- алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну- саналы оқудың
қажетті шарты: оларды оқушыларға көрсету маңызы мен мəнін түсіндіру,
болашақтағы қажетін бала санасына жеткізе білу;
- оқыту барысында оқушы не, неліктен жəне қалай істеу керектігін түсінуі,
сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мəн,
мағынасын ұғынуы;
- оқу барысында танымдық іс-əрекеттің барша түрлері мен формаларын
пайдалану, талдауды біріктіру тəсілімен, индукцияны дедукциямен салыстыруды
қарама-қарсы қоя, біріктіру, сəйкестікті жиі пайдалану, балалардың жасы
кіші болса, индукция тəсілін жиі қолдану;
- оқушылар əр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мəн-мағынасын түсінуі; оларды
қолдануда оқушылардың өтілген білімдері мен тəжірибесіне сүйену, бейнелі
салыстыруларды пайдалану, мəн-мағынасы жете ашылуы мүмкін болмаған
ұғымдарды сабақта қолданудан аулақ болу;
- балалардың бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін пайдалану, дұрыс шешім
табудың ұжымдық формаларын дамытуға қажет жағдайларды қамтамасыз ету,
мұғалімнің түсіндірмесінен гөрі, қасында бірге отырған жолдасының əңгімелеп
бергені тиімді де, əрі жеңіл, сондықтан сыныптағы үздік оқушылар қолынан
келетін оқу істерін өз міндетіне алуы, бала белсенділігін тəрбиелеуде
уақытты да, күш-қуатты да аянбау. Есте болсын, бүгінгі белсенді оқушы
қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі;
- оқушыларға белгісіз мəліметтерді бұрынғы белгілілерімен логикалы
ұштастыру: игерілген мен игеріліп жатқан білімдердің арасында логикалы
байланыс болмаса, саналы оқу да болмайды.
- Есте болсын, оқудағы басты нəрсе –оқытылып жатқан пəн емес, ол мұғалім
тəрбиесімен қалыптасып жатқан тұлға. Оқушыны пəнге қосалқы элемент
болмайтындай етіп оқыту əрі тəрбиелеу, керісінше, оқушыны сол пəнді
мұғаліммен бірге белсенді игеретін субъект дəрежесінде тану. Тұлғаны
қалыптастыратын пəн емес, пəнді оқытумен байланысқан мұғалімнің өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz