Педагогика пәні және оның міндеттері


ЛЕКЦИЯЛАР ЖИЫНЫ
№ 1 Тақырып. Кіріспе. Педагогика пәні және оның міндеттері .
Жоспары:
- Педагогика пәні және оның міндеттері.
- Негізгі педагогикалық ұғымдар білім беру, тәрбиелеу, педагогикалық үрдіс және олардың өзара байланысы.
- Педагогика ғылымының жүйесі, пәнаралық байланыс. Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістрі
Лекция мәтіні
Педагогиканың ғылым ретінде өз пәні, яғни ғылыми таным білімнің белгілі бір саласы бар.
Бұл қоғамның жас ұрпақты өмірге даярлау жөніндегі ерекше функциясы - тәрбие беру саласы болып табылады. Тәрбиенің негізгі мақсаты - жинақталған біліммен қоғамдық - тарихи тәжірибені жеткіншек ұрпақтарға беру.
Тәрбиелеу процесінде жаңа ұрпақтар білімді, белгілі еңбек машығын меңгеруге, қоғамдық мінез - құлық нормаларын ұғып, өмірге деген көз қарастарды белгілі жүйесін қалптастыруға тиіс. Әр бір ұрпақтың алдында көбінесе күні бұрын болжауға болмайтын міндеттер туып отыратындықтан жас адамдардың бойында оларды жаңа міндеттерді бағдарлай білуге, оларды шешуге потенциялды дайын болуға көмектесетін белгілі бір қасиеттер қалыптастырылуы тиіс.
Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар К. Маркс пен Ф. Энгельс қоғамдық дамудың заңдарына материалистік талдау жасап, тәрбие мен өндіргіш күштердің дамуы арасында заңды байланыс болатын анықтады. Олар «Адамның тұрмыс жағдайларының олардың қоғамдық қатынастарының, олардың қоғамдық болмысының өзгеруімен бірге олардың түсініктері, көз қарастарымен ұғымдары да өзгеретінін» дәлелдеп берді.
Социализм тұсындағы өндіріс пен өндірістік қатынастар дамуының жаңа сипаты жаңа типте әр жақты білім алған қызметкерлерге деген қажеттікті туғызды. Оларды даярлау үшін оқу, тәрбие мекемелерінің өзгеше жүйесі, тәрбие берудің жаңа мазмұны мен әдісін әзірлеу керек болды. Қоғамның барлық мүшелерінің жалпы, содан кейін кәсіптік немесе арнаулы білім алуын қамтамасыз ететін халыққа білім берудің жаңа жүйесі қалыптаса бастады.
Біздің қоғамымыз кемелденген социализм кезегіне аяқ басқанда жаппай орта білім беруді еңгізу, адамды жан-жақты дамытуды және оның коммунистік көз құарасын қалыптастыруды анағұрлым тиімді жүзеге асыру міндетті қойылды.
Педагогика - тәрбие туралы ғылым. Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде тарихи белгілі бір дәуірде ұсынылып дамытылатын педагогикалық идеялардың ықпалы арқылы нақтылы формалар қбылдайды.
Педагогиканың шығуы жеткіншек ұрпақтарды неғұрлым тиімді қажеттігінен туды.
Педагогикалық ой - пікір бастапқыда тәрбиенің мазмұны мен міндеттері туралы шәкіртердің ұстазбен қарым-қытынастары және мінез - құлық нормалары туралы жекелеген ойларымен пікірлер жинақтау сипатына ие бола бастады. Педагогикалық теория және прктикалық оқыту мен тәрбие беруді ұйымдастыру мәселелерімен Л. Н. Толстой көп айналысты. Ол шаруалардың балаларына арнап мектеп ашты, мектеп оқытуы үшін өзі бір неше оқулықтар, соның ішінде - жаңа әліппе мен арифметика оқулығын жазды. Өзінің педагогикалық ізденістерінде Л. Н. Толстой патша мектебінің формализмі мен жауапсыздығына қарсы наразылық білдірді, балалардың творчествалық қабілеттерін дамытуға, әр баланың жеке басын құрметтеуге шақырды.
Тәрбие туралы ғылым ретінде педагогика тәрбиенің мақсаты туралы, оның мазмұны мен әдістері туралы, ұйымдастыру формалары жөніндегі (оқыту мен тәрбие беруді қайда және қандай оқу тәрбие мекемелерінде жүзеге асыру керек, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың қандай формаларын пайдалану керек) жалпы сұрақтарға жауап береді.
Педагогикалық негізгі ұғымдар: тәрбиелеу, оқыту, білім беру болып табылады. Қазіргі замаңғы педагогикада тәрбие ұғымы үш мағынада қолданылыды.
Әлеметтік кең мағынада, оқу - тәрбие мекемесінде жүзеге асырылатын және бүкіл оқу - тәрбие процесін қамтитын мақсатты тәрбие туралы сөз, сөз болғанда, педагогикалық кең мағынада, оқу-тәрбие мекемесінде жүзеге асырылады.
Білім беру қоғамдық қажеттің, білімнің іскерлікпен дағдының белгілі бір жиынтығын меңгеруді көздейді. Адам алған білім оқу орны жүргізетін оқу сабақтарымен сабақ түс уақытта жүргізілетін алуан түрлі тәрбиенің жұмысының барысында да, сондай ақ мектептен тыс өз бетімен білім алуда қалыптасқан білімді іскерлікпен дағдыларды да қамтиды.
Оқыту деген де оқушыларды білім мен іскерлікпен, дағдылармен сондай ақ оқу сабақтарының барысында оқытушының басшылығымен жүзеге асырылатын таным қызметін тәсілдерімен қаруландыру деп түсіндіреміз.
Оқыту - білім беруге қарағанда анағұрлым тар ұғым. Оқыту біржүйеге келтірілген білімді, іскерлікті дағдыларды меңгеруді қамтамасыз ететін негізгі тәсіл болып табылады.
Оқытуға байланысты педагогикалық құбылыстарды қарағанда білім іскерлік дағды деген ұғымдар қолданылады.
Іскерлік - бұл алынған білімнің негізінде белгілі әрекеттер жасауға оқышулардың бойында қалыптасқан қабілеттік. Іскерлік іс әректеттен көрінеді.
Дағды - алған білімнің негізінде тез және қатесіз әрекет жасау арқылы көрінетін автоматтандырылған іскерлік. Дағды белгілі әрекеттерді әлде неше рет орындауды негізінде қалыптасады.
Педагогика нағыз ғылыми көзқарас болып есептелінетін және объективті дүние танудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды. Мысалы, диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы ойлауының дамуының заңдылықтарын зерттейді. Диалектикалық материализм қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогикалық оқиғаларды жалпылама «көшіре» салмай, ол тәрбиенің заңдылықтарын ашады. Тәрбиедегі себепте нәтижелі байланыстарды анықтайды. Тәрбиесінің болашағын көрсетеді, қоғам өмірінің басқа да оқиғалармен органикалық байланыстарды қарастырады. Олар мыналар:
1. Ғылым, техника, мәдениет ағарту ісінің мазмұны, бағыты.
2. Халықтың саяси саналылығы мен мәдени дәрежесі, мектеп.
3. Совет педагогикасы тәрбие мен педагогикалық идеяларды олардың дамуы жағдайында қарастырады.
Педагогика ғылымы қоғамдық құрылысқа жаңа жағдайда сай адамның даму заңдылығын зерттейді.
Сонымен, педагогика ғылымы жан-жақты тәрбие, білім беру, оқыту процестерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ғылым педагогикалық зерттеу әдістер арқылы тәрбие процесінің мақсаты, ерекшеліктері негізгі сатылары, басқа құбылыстармен өзара байланысы қарастырылады, олардың заңдылықтары анықталады.
Педагогиканың методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстармен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.
Педагогика үнемі дамып отыратын ғылым. Халық ағарту жүйесі тәрбие мен білім берудің барлық салаларын ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі проблемаларды ғылыми-теориялық, практикалық жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынандай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады.
1. Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерде қолданылып жүрген ең көп тараған әдіс. Байқау, ең алдымен, тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейді, байқалатын объектілерді бөліп алып, әдетте фактілер мен белгілерді тіркеп отыратын күні бұрын жасалған жоспар бойынша жүргізіледі.
2 Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісі мен толықтырылып отырады. Әңгіме әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті Зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық бағаланады. Пропорционалды, қорытындысы жасалады.
3. Интервью алу әдісі. Бұл әдіс педагогика әңгімелесу әдісінің бір түрі социологиялық зерттеулерден ауысқан. Айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, әңгімелесушінің жауаптары жазып алынады.
4. Сұрақ сауал әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға байланысты көпшілік пікірін білу және осы ұжымдағы әр түрлі қасиеттердің, көңіл-күйлердің т. б. мәселелердің объективті деректері, субъективті салыстыру анықталады.
5. Мектеп құжаттарын зерттеу әдісі. Бұл әдіс оқушының жеке іс қағаздарын, медициналық карталарын, сынып журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің хаттамаларын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатында қолданылады.
6 Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу әдісінің педагогикалық тиімділігін анықтау түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырлатын әдіс. Педагогикалық эксперименттің мынандай түрлері бар: табиғи эксперимент, лабораториялық эксперимент, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.
7. Педагогикалық процестерді модельдеу. Модельдеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланыста, олар негізінен алғанда қарапайым деңгейде, яғни, озат тәжірибені қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға және оны алғаш рет өңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зерттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.
8. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары педагогикалық зерттеулердің ең басты қорытындысы болып есептеледі. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу-бұл тұтас комплексті шаралар жиынтығы.
Үідіксіз, бірізді мақсатты түрде жүргізілетін зерттеу жұмысының нәтижесінде айқындалған заңдылықтар, педагогикалық басылымдар, арнайы ғылыми баяндамалар арқылы әдістемелік құралдар, оқулықтар жасау арқылы, арнайы әдістемелік нұсқаулар және ұсыныстар арқылы мектептің озат тәжірибесімен дәлелденіп, тиімділігі жан-жақты айқындалған зерттеулердің кепілі болуы керек.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін білу әрбір шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімге қажет. Педагогикалық жаңалықтарды, озат тәжірибені, ғылыми теориялық концепцияларды зерттеу, эксперименттік жұмыстар арқылы байқаудан өткізіп, тексеріп, оның нәтижелерін шығару тиімділігін көрсету, педагогикалық ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру-қазіргі мектептің, педагогика ғылымының, әрбір мұғалімнің борышы.
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде ғылыми зерттеулердің көлемі жалпы білім салаларының қарқынмен өсуіне ғылымдардың өз алдына жеке жүргізілу және мамандықтарға байланысты жіктелу тенденциясы айқын беріліп отыр. Жалпы ғылымдағы бұл жағдай соңғы кезде педагогика ғылымында да ерекше білініп келеді.
Педагогика ғылымы көптеген жеке салаларға бөлінеді. Мәселен, мектепке дейінгі педагогика, ересектер педагогикасы, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы , өзінің арнайы зерттейтін, қарастыратын, шешетін әр түрлі педагогикалық проблемалары күн тәртібінде айқын қойыла бастағандықтан дербес педагогика ғылымының саласы болып бөлінеді
Педагогика өзінің нақты проблемаларын шешу үшін бірнеше қоғамдық әлеуметтік ғылымдар және арнайы ғылымдар салаларымен байланысты. Қоғамның аса маңызды функцияларының бірі саналатын тәрбие туралы ғылым-педагогика ең алдымен педагогиканың методологиялық негізі болып саналатын философия ғылымымен байланысты.
Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Педагогика ғылымы педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыға қарай олардың қоғамдық мәнін ашу, осы заманғы педагогикалық теорияларды дамыту үшін озат прогрестік педагогикалық идеяларды зерттеу және халықтар арасында ұлтаралық қатынас, мәдениеттік орнату мақсатында педагогика тарихи саламен байланысты болады.
Оқыту мен тәрбиелеудің объектісі-адам болып есептеледі. Сондықтан да қалай оқыту керектігі және оқушыларды қалай тәрбиелеуге болатындығы туралы мәселелерді шешкенде педагогика адамның дене күші және психологиялық дамуының табиғаты мен заңдылықтарын зерттейтін ғылымдармен-физиология, психология қалтықсыз бірігіп отырады. Себебі қоғамдық сана сферасына жататын құбылыстар жиынтығы , яғни сезім, көңіл-күй, талғам, пікір, баға беру, наным, әдет-ғүрыптар , салттар, мінез-құлық сипаттары және түрлі әлеуметтік жағдайларда тұрған адамдар тобының психологиялық қалыптасу ерекшеліктері болып табылады.
Соңғы уақытта педагогика халықтық педагогикамен де байланысты болып отыр. Мысалы, халық ауыз әдебиеті мұраларын және салт-дастүрлері, әдет-ғұрыптар, этнографиямен және халықтардың ғасырлар бойы жинақталған педагогикалық ойлары мен көзқарастары, тәжірибесі көрсетілген этнопедагогика ғылымымен де байланысы тығыз.
№ 2 Тақырып. Даму, тәрбие, әлеуметтендіру.
Жоспары:
- Даму, тәрбие және әлеуметтендірудің мәні. Әлеуметтендіру факторлары. Жеке тұлғаны қалыптастыру.
- Тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың негізгі факторлары(тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие) .
- Педагогиканың қалыптасуы мен даму. Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
- Педагогикалық ғылымдар жүйесі.
- Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері және құрылымы. Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру
Лекция мәтіні
Даму ұғымы: Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу процесі болып табылады да туа біткен және бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артыумен, сезім органдарының жетілуімен, қимылдардаң үйлесімділігімен және т. б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттарымен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады .
Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде-адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады.
Адамның дамуы дегеніміз-оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық өзгерісі емес. Даму - бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасаумен организм мен психикада болып жататын сапалық өзгерістер.
Дамуда басты, жетекші күш ретінде не әрекет етеді: баланың бойына табиғаттан дарыған мұра болып қалған қабілет-қасиеттер ме, әлде белгілі бір әлеуметтік ортаның әсерімен, оны қоршаған адамдардың ықпал жасаумен байланысты нәрселер ме?
Адамның дамуында биологиялық негіздің басымдығын жақтаушылар адамының белгілі бір тектің өкілі ретіндегі жалпы ерекшеліктері мен оны индивид ретінде сипаттайтын жеке-дара ерекшеліктері оның табиғатымен алдын-ала белгіленген деп пайымдайды. Биологияландыру теориясы-тәрбиешіден баланың табиғи дамуына араласпауды талап ететін еркін тәрбие падагогикасының басты ғылыми негізі.
Өзге бір сыңар езу көзқарастың өкілдері адамның дамуында ең маңызды және анықтаушы оның тұрмыс жағдайы, үйі мен қоршаған әлеуметтік ортаның ерекшеліктері деп санайды. Мұның өзінде олардың кейбіреулері барлық баларардың туа біткен мүмкіндіктері тең-не болса соны жазуға болатын таза тақта (tabula rasa) болып табылады деп пайымдайды. Ал адам өзін қоршаған ортаға икемделуге тиіс және сол ортаның өнімі болғандықтан, түрлі жағдайларда өмір сүретін адамдардың арасында елеулі айырмашылықтар пайда болады. Түрлі жағдайларда өскен балалардың ақыл-ой қабілеттері мен даму дәрежесіндегі айырмашылық та сондықтан.
Ғылым мен техниканың қаулап дамуы маман қызметкерлер даярлауды талап етуіне байланысты буржуазия, бұқаралық мектепте білім беру дәрежесін көтеруге мәжбүр болып отырған қазіргі кезде орта мен тұқым қуалаушылық ықпалының арақатынасы және тәрбиенің шегі мен мүмкіндіктерін айқындатын мәселелер бұрынғыдан да қауырт қойылып отыр.
Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс. Қазіргі психология мен педагогика тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын мойындай отырып, баланың дамуына қалай және қай бағытта мақсатты ықпал жасау керек, оған тәрбие беруді қалай жүзеге асыру керек екенін білу үшін бұл әсердің сипатымен механизмін жан-жақты зерттейді.
Өзгермелі әлем жағдайында бүгінгі күннің талабына орай мақсат, міндеттерді шешу үшіноларды іске асыратын болашақ ұрпақ қоғам дамуына сәйкес болуы қажет. Қоғамдағы өзгерістердің бағыт-бағдары мен талаптары сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер мен құндылықтарды жүктеп отырары сөзсіз. Ал бүгінгі күннің қояр басты талабы - әрбір адамның өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре алуы болып отыр. Бұл- қажеттілік, өйткені өмір талабы осыны қажет етеді.
Адам өмірге дайын мінез-құлық нормалар, рухани құндылықтар, және қызығушылықтармен келмейді. Бұл қасиеттердің барлығы бірте-бірте әртүрлі әлеуметтік құрылымдар мен топтарда қалыптасып, дамып, қоғам дамуындағы өзгерістерге орай, қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін реттейтін талаптарға бағынады.
Ал әрбір адам қалыптасып, дамып тұлға, дербес адамға айналғанша өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік жүйенің мәдени мұралары мен құндылықтарын игеруде өзіне тән жолдары мен сатылардан өтеді.
Әлеуметтендіру үрдісі әлеуметтіктен тыс қалған адамды тәрбие арқылы әлеуметтендіріп, сол қоғамға сай өмір сүруге дағдыландырады. Бұл үрдіс жеке бастың жас ерекшелігіне байланысты күрделеніп, өзгеріске ұшырайды.
“Әлеуметтендіру” сөзі “әлеуметттік” сөзімен төркіндес яғни (латынша “socіalіs”) әлеуметтік, қоғамдық деген ұғымдарды білдіреді. Әлеуметтену - индивиттің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі /1/.
Ал ғалым Т. Қалдыбаеваның пайымдауынша “әлеументтендіру” ұғымы тұлға ұғымымен бірдей мәні бір, бірі адамның әлеуметік даму жолын бейнелесе, екіншісі соның нәтижесі, ал әлеуметтендірудің мәні- адамның адамдық қасиеттерін ашып, оны қоғамдағы әлеуметтік қатынасқа түсуге даярлау, тек әлеуметтік қатынасқа түсіп қана қоюға емес, саналы арақатынасқа, өзінен басқа да адамдар сезімі, мүддесі, сұранысы бар екенімен санаса отырып, адамдық мәніне лайықты қатынас жасау деп тұжырымдайды /2/.
Т. Парсонс анықтамасы бойынша әлеуметтендіру дегеніміз - индивиттердің жалпыға бірдей нормаларды бойына сіңіруі арқылы әлеуметтік жүйемен үйлесуі /3/.
Н. Смелзердің пікірінше адам алғаш өмірге келгеннен бастап әлеметтендіру барысында тұлғаны қалыптастыру жүріп жатады. Кең көлемді құндылықтарды, сол арқылы адамдар тіршілігінің бағдарларын меңгереді дейді /2/.
Ғалымдардың әлеуметендіру туралы пікірлерін саралай келіп, әлеуметтендіру немесе әлеуметтік даму бұл өмірге келген барлық адамның қоғамдық өмірге араласып, әрекет етуі үшін, өмір сүруге мүмкіндік беретін әртүрлі білім-біліктер мен өмірлік дағдылар және тәжірибелерді, жалпыға ортақ мінез-құлық нормалары мен ережелерін игеріп, белгілі іскерліктер мен өз ұлтының мәдениетін меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіру үрдісі. Игерген іскерлік-дағдылар мен құндылықтар негізінде әлеуметтік ортамен яғни қоғамдық өмірмен қарым-қатынасқа түсе отырып өмірдегі өз орнына, роліне ие болып, индивидтің тұлғаға немесе дербес адамға айналу жолы деп тұжырымдауға болады.
Балалар құқы Конвенциясында (1989) балаларды туылғаннан әлеуметтендіру, әртүрлі әлеуметтік ортаға бейімделу мен жаңа қарым-қатынастардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін нышандардың пайда болуы кезеңі немесе алғашқы сатысы деп қарастырады /4/.
Елімізде жүргізілген соңғы статистикалық зерттеу қорытындыларының көрсеткіштері бойынша тұрақты мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың саны (мың адамға шаққанда ) қалада 134, 1 пайызды, ауылдық жерлерде 13, 4 пайызды құраған /5/. Аталған мәліметтер көрсеткендей балалардың балабақшаға қамтылмауы мектепке дейінгі кезеңде міндетті мектепалды даярлық топтары мен сыныптарына барғанға дейін /6 жас/ отбасы алғашы әлеуметтік ортасы болып, әлеуметтендіру үрдісі тек отбасында жүзеге асуда. Осы мәселеге орай мынандай сұрақтар туындайды: отбасындағы тәрбиенің күнгейі мен көлеңкесі қандай, отбасында тәрбиеленген барлық балалар өз дәрежесінде жан-жақты (ақыл-ой, дене) дами ма, оған ата-ананың білімі жете ме?
Ал мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психикалық поцестерін қалыптастыру, дамытумен қатар жан-жақты тәрбие беру көзделеді. Бағдарланған мақсат-міндеттерді шешуде мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі бағыттағы тәрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарда жұмыс жүргізілуде. Атап айтсақ “Балбөбек” бағдарламасы, “Сорос - Қазақстан” қорының “Тәй-тәй” бағдарламасы, ТРИЗ педагогикасы, Р. Штайнердің Вольдорфтық педагогикасы және т. б. жалпы дамыту бағыттары мен бағдарламалары.
Демек мекетепке дейінгі баланы әлеуметендіру -мектепке дейінгі педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады
... жалғасыЖеке тұлғаның дамуы өте күрделі диалектикалық заңдылыққа негізделген процесс. Бұл көптеген себептермен және ішкі заңдылықтармен байланысты. Жеке тұлғаның дамуы үнемі жетіліп отыратын заңды процесс болғандықтан, оның әрбір саласы белгілі жағдайларға, іс-әрекетке, айнала қоршаған өмірге, адамдармен қарым-қатынасқа тікелей байланысты болады.
Адамның дамуы заңды процесс, ол:
А) іс-әрекет сферасында;
Б) санасы сыртқы дүниені қабылдауы, білуі сферасында;
В) қоршаған ортамен және алдамдармен қатынас жасау сферасында іске асады. Адам туғаннан ержету кезеңіне дейін негізінен тәрбие арқылы өзгеріске ұшырайды. Себебі тәрбиеші балалармен жастардың көзқарасына, іс-әрекеттеріне, әдеттеріне мақсатты түрде әсер етеді.
Сонымен тәрбие мен дамудың қорытындысы ретінде әлеуметтік объектілері. Адамның жетілуі оның өмір процесінің өзгеруі, адамның қалыптасуы, даму процесі алынады. Жеке тұлғаның жетілуі туралы түрлі теориялар бар. Педагогика ғылымы қалыптасқанға дейін бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт болған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz