Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТЕОПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАР ЖОСПАРЫ

«Педагогика тарихы » пәніне арналған

Түркістан 2012

1 - сабақ.

Практикалық сабақтың тақырыбы: “Педагогика тарихы ”курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті

1. Сабақтың жоспары:

1. “Педагогика тарихы” ғылым ретінде

2. “Педагогика тарихы” пәні және міндеті.

3. Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері

2. Сабақ мақсаты: Студенттерге “Педагогика тарихы ”курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті курсының мазмұнын меңгерту, рухани дүниесін байыту. Педагогика тарихының мәнін ашып, тарихы мен тағлымын терең түсінуге баулу.

3. Қысқаша теориялық мәліметтер: Педагогика тарихы - тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдау үрдісінде қалыптасқан қоғамдық ғылымдар арасында өз орны бар ғылым.

«Педагогика тарихы» пәні - әр тарихи дәуірдегі, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды, педагогикалық идеялар мен ойларды, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі мектеп тарихының дамуын, өзара ықпалын, кемшіліктері мен жетістіктерін, жеткіншектерді дамыту үрдісіндегі мақсатты ұйымдастырылған қисынды шаралары мен шарттарын, белгілері мен заңдылықтарын талдау негізінде жүйеленіп, болашақ мұғалімдердің педагогикалық дүниетанымын және шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастырады.

Пәннің мақсаты - жас ұрпақтарға тәрбие мен білім беруде дүниежүзіндегі педагогикалық ойлар мен тәжірибенің пайда болып, тарихи қалыптасуы мен дамуынан мағлұмат беру және жалпы адамзаттық құндылықтарды игертіп, студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген ынталы қызығушылықтарын арттырып, ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұндық құрылымын жетілдіруге, педагогикалық танымын және педагогикалық ойлау қабілетін дамыту және педагогика тарихының негізгі категорияларын: тәрбие, оқыту, білім беру, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теория, этнопедагогика, халықтық тәрбие, т. б. игерту.

4. Бақылау сұрақтары:

  1. Педагогика тарихының мақсаты, міндеті.

2. Педагогика тарихының философиямен, мәдениет тарихымен азаматтық тарихпен, әлеуметтанумен, мәдениеттанумен, әдебиетпен және басқа ғылымдармен байланысы.

3. Ғылыми-зерттеу әдiстерi.

4. Педагогика тарихының әдiснамасының жүйелi құрылымы.

5. Аудиториялық тапсырмаларды орындау тәртібі: Педагогика тарихының мақсаты, міндеті туралы мәлімет алу. Педагогика тарихының басқа ғылым салаларымен байланысын талдау. Бақылау сұрақтары бойынша талдау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары: Педагогика тарихының мақсаты, міндеті туралы мәлімет алып, оның басқа ғылым салаларымен байланысын талдау. Тест тапсырмаларын шешу.

7. Үй тапсырмасы:

1. “Педагогика тарихы” ғылым ретінде

2. “Педагогика тарихы” пәні және міндеті.

3. Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері тақырыбына материал толықтыру

8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Педагогика тарихы. Ерғалиева А. Н. Алматы, -2009

2. Сарбасова Қ. А. Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фараби, 3. Ж. Баласағұн, М. Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары. П. ғ. д. автореф. Қарағанды, 2008. 40 бет

2- сабақ

Практикалық сабақтың тақырыбы: Ежелгі дәуірдегі мектеп және тәрбие

1. Сабақтың жоспары:

1. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу

2. Ежелгі Египет мектебі

3. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие

4. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы

2. Сабақ мақсаты: Студенттерге Ежелгі дәуірдегі мектеп және тәрбие курсының мазмұнын меңгерту, рухани дүниесін байыту. Педагогика тарихының мәнін ашып, тарихы мен тағлымын терең түсінуге баулу. Шетел педагогикасы мен мектептерінің тарихы, алғашқы қауымдағы тәрбие нің пайда болуы жайлы түсінік беру

3. Қысқаша теориялық мәліметтер: Жалпы палеонтология оқулықтары бүгінгі күндері адам баласының құрлықтағы пайда болуы осыдан 1 миллион 600 мың жыл бұрын шамасында шыққан деген түсінік береді. Кейбір деректерде адамның жер бетінде пайда болуы 9 миллион жылдарға тең деген болжам айтылады.

Алғашқы адамның мекен еткен жері Африкада ғана емес, Еуразиядағы Ұлы далада алғашқы адамдар тұрағы болғандығын айқындайды. Тарихи деректер Еуразияның Ұлы Даласында б. з. д. соңғы 5-6 мыңжылдықтың ішінде халықтардың қоныс аударуы бірнеше рет қайталанғандығын көрсетуде. Бірақ, тарихшы Қ. Салғариннің үш рет қоныс аудару болған деген пікірін шартты түрде қабылдауға болады.

Атадан балаға жалғасқан мирастық дәстүр шежіреде Алансуоның балаларына келгенде бұзылып, Алансуо өлерінде елде егіз туған екі баласына - Татар мен Монғолға бөліп берген деп жазылады.

Қоғамдағы билеушi топтар, көсемдер, ақсақалдар, дiн басылары балаларды еңбекке баулу тәрбиесiне, есеп-шотты пайдалануға үйрету, тәрбие мазмұнын кеңейтуге назарларын бөле бастады. Жер өлшеу, ауа райын, су тасқындарын болжау, адамды емдеу, т. б. бiлiмдердi үйрететiн арнаулы мекемелер (мектеп типтес) ашылды. Онда балалардың практикалық iскерлiктерi мен дағдылары жетiлдiрiлдi.

Қыз баланы анасы, әкпелері және рудың басқа да әйелдері тәрбиелесе, ұл баланы тәрбиелеуге ата-анасы және олар жағынан туысқан ер адамдар тәрбиеге қатысты. Әрине, ол кезде ананың (матриархат) тәрбиедегі рөлі жоғары болатын. Ер бала 5 жасқа дейін отбасының ықпалында болса, сонан кейін қауымдастықта өзі қатарлас балалармен бірге ортақ тәрбие алады.

Демек, алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбиенің пайда болуы атты анайы кезеңінде пайда болды, социобиогенетикалық деңгейде әлеуметтік қызмет атқаратын жабайылық деңгейде қалыптасты. Алғашқы қауымдық өркениетте тәрбие рационалды-әлеуметтік деңгейде болды. Алғашқы педагогикалық дәстүрлер адамның балалық шағына ерекше назар аударды.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу

2. Ежелгі Египет мектебі

3. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие

4. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы

5. Аудиториялық тапсырмаларды орындау тәртібі:

1. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу

2. Үй тапсырмасын сұрау. Пікірталас.

3. Тірек-сызба жасау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Ежелгі дәуірдегі мектеп және тәрбие туралы студенттер ойын ортаға салу, қауымдағы тәрбиенің пайда болуы және қазіргі кезеңдегі тәрбие түрлеріне талдау жүргізу.

7. Үй тапсырмасы:

1. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу

2. Ежелгі Египет мектебі

3. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие

4. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы

5. Тест құрастыру.

6. Сөзжұмбақ жасау.

8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

  1. Сембаев А. И., Храпченков Г. М. Очерки по истории школ Казахстана (1901-1917 гг. ) . - А, 1972.
  2. Тажибаев Т. Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине XIXв. - Алма-Ата, 1957.

3 - сабақ.

Практикалық сабақтың тақырыбы: Я. А. Коменскийдің педагог. теориясы

1. Сабақтың жоспары :

1. Ұлы педагогтың көзқарасына жалпы сипаттама

2. Педагогтың идеялары

3. Я. А. Коменскийдің идеяларындағы мектеп пен педагог дамуындағы маңызы

2. Сабақ мақсаты: Студенттерге Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж) . Я. А. Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректерімен таныстыру.

3. Қысқаша теориялық мәліметтер: Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж) .

Ұлы славян педагогі-гуманисі, жаңа педагогиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский, оның отаны чехия халқы неміс феодалдарының тарапынан ауыр ұлттық езгіге ұшыраған жағдайда болды. Чехия халқы өз бостандығы үшін күреске бас көтерді. Феодализмге халықтың қарсылығы діни-демократиялық, сектанттық қозғалыс сипатында болды.

Осындай демократиялық сектаттық ұйымдардың ішінде ХҮ ғасырдың басында табориттердің діни-коммунистік қауымы болды, осы қозғалыстың атымен аталды (Табор деген қаланың аты) . Табориттер Чехиядағы бірден-бір радикалды, гуситтік ұлттық-діни қозғалыстың неміс дворяндары мен католиктік шіркеуге қарсы бағытталған плебейлік қанаты болып табылады. Табориттердің айтуынша, жақын арада “байлар да, жарлылар да болмайтын” күн туады, бәрі де тең болады, жекеменшік болмайды, бәрі де ортақ болады деген болатын-ды.

ХҮ ғасырдың бірінші жарытысында табориттер қауымы жеңіліске ұшырады. Оның қалдықтарынан “чех ағайындары” деп аталатын демократиялық қауымдастық ұйымдасты, оның құрамына қолөнершілер мен шаруалар кірді. Я. А. Коменский 1592 жылы 28 наурызда Чехияда “чех ағайындары” демократиялық қауымға жататын жанұяда дүниеге келді. Бұл қауым чех халқының тәуелсіздігі үшін күреске бағытталған патриоттық бірлестігі болып табылады.

Я. А. Коменский ата-аналарынан ерте айырылып, ол “чех ағайындары” қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Европаның сол кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде, Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: “Ғалымдар үшін ғылымды кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол жететіндей түсінікті болу керек”. Осы демократиялық идеялына Коменский өмірінің соңына дейін берік болды. 1614 жылы отанына оралғаннан кейін, Коменский кезінде орта білім алған мектепте мектеп басшысы болып тағайындалды. Кейіннен “чех ағайындылары” қауымы өздерінің қауымының священнигі етіп сайлайды. Коменский мектепке ерекше көп көңіл бөлді: мұғалімдер мен шәкірттердің қарым-қатынасында гуманистік бастаманы талап етті, мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше түсініктілігін қамтамасыз ететін оқытудың тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен таныстыруға, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, оны тануға қызығуын қалыптастыруға, “чех ағайындары” қоғамының мүшелерінің арасында насихаттауға, ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде Коменский бірнеше педагогикалық еңбектерді жазуға кіріскен болатынды.

Отызжылдық соғыстың басталуымен (1618-1648), “чех ағайындары” қауымы бүкіл чех халықмен бірге ұлттық тәуелсіздік үшін белсене күресе отырып, реакциялық топтардың тарапынан қуғындала бастады. Осындай қуғын-сүргіннен кейін “чех ағайындары” қауымы және оның жетекшісі Я. А. Коменскийге өз отанын тастап, уақытша Польшаға қоныс аударуға тура келді. Осындай қуғын-сүргіннің салдарынан шума ауруынан жолдасы және балалары қайтыс болды, оның қолжазбалары мен бағалы кітапханасы отқа жағылды. Польшаның Лешно қаласында орын тапқан Я. А. Коменский өз қауымынан қол үзе алмаған ол гимназия басшысының міндетін өзіне алды. Гимназияда тағы да ерекше табандылықпен мектеп тәжірибесіне жаңалықты, прогрессивті идеяларды енгізуді одан әрі жалғастырды. Коменский толықтай дене жазалауын және басқа да балаларға ықпал ететін өрескел шараларды, құрғақ жаттауды алып тастады және өзіндік іс-әрекеті, көрнекілікті кеңінен қолдануды және оқытудың төзімді жолдары мен тәсілдері кеңінен мадақталды.

Өзінің тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетін ол өткендегі және бүгінгі педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны зерттеумен, педагогикалық еңбектерді жасауда күшейтілген жұмыстармен ұштастыра білді. 1631 жылы Коменский “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” атты оқулығын басып шығарды. Бұл еңбегі автордың есімін кеңінен танытты. 1632 жылы ол өзінің ең негізгі еңбегі “Ұлы дидактика” чех тілінде жарық көрді. 1638 жылы ол еңбек сол кездегі ғылым тілі латын тіліне аударылды. Коменскийдің есімі бүкіл әлемге кеңінен танымал болды.

“Ұлы дидактика” педагогика тарихында педагогика ғылымын теориялық тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы - дмдактикасының негізін қалаған ғылыми еңбек болды. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Коменскийді әлемнің көптеген елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т. б. мектеп ісін қайта ұйымдастыру үшін өз елдеріне шақыруға ұсыныс жасаған болатын-ды.

1641-1654 жылдардың аралығында Коменский Англияда, Швецияда және Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын жасаумен, мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен айналысты. Осы уақыттың ішінде ол даярлап және 1648 жылы “Тілдердің жаңа әдісі” деп аталатын еңбегі жарық көрді және негізінен көрнекілік қағидасына негізделіп құрылған атақты оқулығы “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты даярланды кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние жүзінің барлық елдерінде аударылып, жарық көрді. Көптеген ғасырлар бойы ең құнды оқулық ретінде есептеліп келді.

1654 жылы Коменский Лешко қаласына қайта оралды, бірақ швед-поляк соғысы кезінде Лешко қаласы 1656 жылы соғыста қиратылды. Коменский екінші рет өзінің қолжазбаларының, кітапханасының, өз өз мүлкінің көп бөлігінен айырылғаннан кейін, амалсыз Голландияға қайтып кетуге мәжбүр болды, өмірінің соңғы 14 жылын Амстердамда өткізді, онда өз шығармаларын басып шығарды.

Я. А. Коменскийдің көзқарасының қалыптасуы.

Коменскийдің көзқарасының қалыптасуына кей жағдайда қарама-қарсы факторлардың әсері болды: феодалдық қоғамның дәстүрлері, феодалдық қоғамның өз ішінде қалыптасқан капитализмнің өзімен бірге алып келген жаңалығы, “чех ағайындардың” демократиялық (аяғына дейін бірізді болмағанмен) даму бағыттары және ғылымдағы материалистік лептің әсері зор болды.

Сол кезеңдегі материалистік бағыттар айтқанда, ең алдымен дүниенің шексіздігі туралы ілімді (Бруно) Беконның философиясын, ағылшын материализмнің негізін салушы ол ғылыми білімнің негізіне бақылауды, тәжірибені индукцияны алды және ол таным қабылдаудан басталды, біздің ойымызда түйсіктерден басқа ештеңе болмайды деп үйреткен болатын-ды.

Коменскийдің көзқарасына Қайта өрлеу дәуірін табиғаттың алдында бас ию, оның адамның идеялын күшті жан мен тәнді жоғары қоюды, оның шығармашылық күштерін, қабілеттерін, қызығуларын жан-жақты дамыту идеялары өте күшті әсер етті. Каменскийдің көзқарасындағы қарама-қайшылық және екі жақтылығы. Мәселен, Коменский көзқарасында материализм элементтерін аңғаруға болады, сонымен қатар діни шектеушілікті, терең гуманизмді және діни талаптарды орындамағаны үшін қатаң жазалау шараларын қолдауын жатқызуға болады.

Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі оның педагогикалық еңбектерінде өзіндік із қалдырды. Еңбектерінде өте прогрессивті идеялармен, ережелерімен қатар жекеленген артта қалған діни көзқарастар мен ойлар кездеседі. Мәселен, ол дүниеге даярлықты тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырды. Бірақ артта қалған көзқарасы емес, алдыңғы қатарлы, прогрессивті озық көзқарасы Коменскийдің педагогикалық теориясының сипатын айқындайды. Ол өзінің мәні жағынан жалпыға бірдей және өте алдыңғы қатарлы озық идея ретінде көптеген елдерде педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибені одан әрі дамытуда ықпалы ерекше болды.

Гуманизм және демократизм Коменский педагогикасының басты негіздері болып табылады. Коменскийдің барлық өмірі мен еңбектері адамға деген ерекше сеніммен, сүйіспеншілікпен қарауға негізделді. Адам, оның көзқарасы бойынша, бұл “жетілдірілген, керемет құрылым”, ол табиғаттан қабілеттіктермен сыйланған, білім берудің ең жоғары сатысына көтерілген. Адамның білім алуға құқы, әрбір адаманың табиғи құқы ретінде қарастырылады. Каменский мектепті “адамгершіліктің шеберханасы” деді.

Каменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан білім алуға құқылы. Балалар өздерінің қабілеттілігіне, дарындылығына қарай әртүрлі болады. Бірақ, қабілеттілігіндегі өзгешелік Коменскийдің түсіндіруінше, балалардың біреулеріне білім беру үшін айналысуға және басқаларымен сабақтан бұлтаруға негіз бола алмайды. Бұл тек ғана тәрбиешілерді бір сарынды емес, белгілі бір үлгі бойынша емес, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиенің нақтылы әдістерін анықтай білуге міндеттейді.

Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Коменский білім алуға барлық балалардың қолы жетуі қажет деп тұжырымдады. Ол былай деп жазды: “Мектептерге тек ғана байлар мен ауқатты адамдардың балаларын беру ғана жеткіліксіз сонымен қатар барлығын беру керек: атақты және атақсыздардың, байлардың және кедейлердің, ер балаларды және қыздарды барлық қалаларда және жергілікті жерлерде селолар мен деревняларда”. Коменский осылай деп жалпыға бірдей оқыту қағидасын тұжырымдады. Ол қыздарды оқытудың қажеттігі жоқ дейтін дәстүрлі көзқарасқа қарсы шықты. Оқыту үрдісінде жалыпға бірдей демократиялық қағидаларды ұсынды. Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта болды: дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде тану. Коменскийдің айтуынша, “интеллектіде ең алдымен түйсіктерден басқа ештеңе жоқ”. Бұл Беконның сенсуалистік философиясына сәйкес келеді. К. Маркстің сипаттауынша, Бекон “ағылшын материализмінің және бүкіл қазіргі экспериментальді ғылымдардың негізін салушы болды”.

Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы.

Коменскийдің айтуынша, дұрыс тәрбие табиғатқа сәйкес болу керек. Сол кездегі кең тараған оқытудың схоластикалық әдістеріне қарсы күресе отырып, ұлы педагог-гуманист өнерде “бәрін барлық ғылымдарға үйрету” табиғаттың нұсқауларынан, заңдылықтарын басшылыққа алу, баланың дара ерекшеліктерін ескеріп отыру керектігіне ерекше мән берді.

Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасқан адам туралы көзқарастарға сүйене отырып, Коменский адамды табиғаттың бір бөлігі деп есептеді және табиғатта бәрі де, адамды қоса есептегенде, табиғаттың бәріне бірдей, әмбебап заңдарына бағындырылған.

Коменский “жалпыға бірдей табиғи әдісті” жасау тұжырымдады, ол негізінен “заттардың табиғатынан” туындайды және оның айтуынша, “адам табиғатына” негізделеді деген болатынды. Сондықтан да, ол өзінің педагогикалық қағидаларын негіздей келіп, ол табиғат құбылыстарын жиі-жиі сілтеме жасап отырды және адам іс-әрекетінен мысалдар келтірді. Мысалы, оқытуды жалып пәнмен таныстырудан, балалардың оны тұтас қабылдауынан бастау қажет екендігін, одан кейін оқып-ұйренудің жеке бөліктеріне көшуді дәлелдеу үшін, Коменский табиғат барлығын да жалпыдан бастап, жекемен аяқтайды: мәселен, жұмыртқадан балапан шығарғанда, әуелі оның жалпы белгісі пайда болады, содан кейін барып оның жекелеген мүшелері дамиды. Осы сияқты Коменскийдің айтуынша, суретші де солай әрекет жасайды, ол әуелі бейнелейтін заттың жалпы белгісін жасайды, ал содан кейін оның жеке бөліктерін салады.

Бірақ, мынаны ескере кетуіміз керек, адамдардың табиғаты мен іс-әрекетіне жиі сілтеме жасау Коменскийде өзінің педагогикалық қағидаларының дұрыстығын дәлелдеу үшін қолданылған тек ғана өзіндік тәсіл болып табылады. Осындай мысалдар оған өзінің бай педагогикалық тәжірибесін және сол кезден алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені дәлелдеу үшін көмектесті. Коменский оқыту үрдісінің табиғатына терең бойлады. Баланың психикасымен санаспаған схоластикалық мектепке қарсы болды, ол оқыту үрдісін адам дамуының заңдылықтарын білуге құруға ұмтылды. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарады. Табиғатқа сәйкес деп, Коменский бойынша, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған оқыту үрдісі болып табылады.

Коменскийдің барлық педагогикалық шығармаларының өне бойына, оның ішінде негзігі педагогикалық шығарма - “Ұлы дидактиканың негізіне дұрыс тәрбие барлық жағынан табиғатқа сәйкес болу керек” деген тұжырым жасалды. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы, Коменскийден бастап, ХҮІІ және ХІХ ғ. ғ педагогиалық жүйелерінде әлденеше рет кездеседі. Әрбір педагогика (Коменский, Руссо, Песталоцци, Дистервег және т. б. ) бұл қағиданы әртүрлі қарастырды.

Коменскийдің айтуынша, адам табиғаттың бір бөлігі ретінде өсімдіктер және жануарлыар жүйесінде, сонымен қатар адамдарға қатысты іске асатын табиғаттың негізгі, жалпы заңдарына бағынады. Коменский “мектептің жұмыс тәртібін табиғаттан үйрену керек” деді.

Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.

Коменский табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасын табиғаттың жалпы заңдарына сүйену ретінде түсінумен қатар ал жас кезеңдерін, мектеп жүйесін және кейбір дидактикалық қағидаларды және ережелерді негіздеуге адам табиғатын (туа біткен белгілер) және балалардың табиғи жас кезеңдеріне сүйену кездеседі.

Коменский, адамның табиғатын ескере отырып, балалардың жас әрқайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды.

  1. балалық шақ - туғаннан бастап 6 жасқа дейін;
  2. жеткіншек шақ - 6 жастан 12 жасқа дейін;
  3. жастық шақ - 12 жастан 18 жасқа дейін;
  4. ересектік шақ - 18 жастан 24 жасқа дейін.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, осындай жас кезеңдерге бөлді: Ол әр жас кезеңіне сипаттама береді. Балалық шақ. Баланың дене жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдарының дамуымен сипатталады; жеткіншек шақ- есі мен қиялының, оның орындаушы органдары - тілі мен қолы дамиды; жастық шақ кезінде көрсетілген сапалардың дамуымен қатар өте жоғары деңгейде ойлау деңгейі дамиды және ересектік шақта - ерік-қайраты мен қабілеттілігі жан-жақты дами түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Оқыту әдістерінің классификациясы
Тәрбие теориясы
Педагогикалық қызмет түсінігі
Педагогика тарихының негізгі ұғымдары
Мектепте оқылатын тарих пәні
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Оқыту әдістемесінің тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz