Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Семинар сабағы.

Тақырыбы: Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері.

Жоспары:
1. Педагогикадағы оқыту принципінің сипаттамасы.
2. Педагогикадағы оқыту процесінің жалпы сипаттамасы.
3. Педагогика пәнін оқыту барысында дидактикалық принциптерді пайдалану.
4. Оқыту принциптерінің жүйесі.

Сабақтың мақсаты:
Педагогика пәнін оқыту барысында оқыту процесіндегі принциптер мен
заңдылықтарды тиімді қолдана білу. Оқыту процесі барысында – білімдік
мақсатқа жетудегі мұғалім мен оқушы бірлескен іс- әрекетіндегі ықпалдастық
және оның нәтижеге жетуін ұйымдастыру.

Қысқаша теориялық мәліметтер.
1. Педагогикадағы оқыту принципінің сипаттамасы.
Оқу үрдісі дегеніміз- білімдік мақсатқа жетудегі мұғалім мен оқушы
бірлескен іс- әрекетіндегі ықпалдастық және оның нәтижеге жетуін
ұйымдастыру жолдары. Педагогика ғылымын зерттеушілер оқу үрдісіне түрлі-
түрлі анықтама бергеніменде, бәрінің тоғысар негізі- оқушының көзқарасын
қалыптастырып, қабілетін дамытып, белсенділігін жетілдіріп, оқуға деген
ынта ықыласын көтерудегі
ыждаһаттылықққа келіп саяды.
Білім берудің жалпы мақсаты тұрғысынан келгенде оқу үрдісінің атқаратын
негізгі қызметі- білім беру, дамыту, тәрбиелеу, сонымен қатар оқуға деген
ынта- ықыласты жебеп, оны ұйымдастыру. Әрине, мұның бәрі бірлікте қаралатын
тұтас құбылыс, алайда білімдендірудің практикалық жолдарын, оқытуды
жоспарлаудағы іс- әрекет жүйесін өз алдына қарастырған жөн деп саналады.
Оқыту үрдісіндегі білім берудің атқаратын қызметі оқушының білім, білік,
дағдыларын қалыптастырып, ғылым саласындағы заңдар мен теориялардың
негіздерін меңгеру болып табылады. Сонда білім- оқушының ғылыми деректі,
теорияны, ұғым- түсініктерді қабылдап, есіне сақтап ұғына білуі болса,
білік алған білімін,меңгерген, танып- түсінген ұғымын өмір практикасында
қолдана алу тәсілі, жолы болып шығады. Ал дағды- алған білім, білігін іс-
әрекетке келтіру, ешбір бөгелместен автоматты түрде жүзеге асыру.
Оқыту үрдісіндегі тәрбие болса, оқушының меңгерген білім, білігі
барысында оның сезімдік, танымдық көзқарас құндылықтары, тұлғалық болмыс
бітімі, мінез- құлқының қалыптасуына ықпалды әсер ете білу. Оқушының оқу
үрдісіндегі дамуы- шәкірттің болмыс бітімінің барлық жағынан жетілуі.
Саралай айтқанда, тұлғаның психологиялық жағынан өркендеуіндегі ерік
қасиеттері, сезімі, қабылдауы, түсінуі, эмоциялық әсерлену шеңбері, сонымен
қатар танымдық түйсінуі, іскерлігінің өркендеуі тұрғысынан қаралады.
Дамудың жүзеге асуындағы тиімділік- оқыту прнициптеріне және оның әдістері
мен тәсілдеріне тікелей байланысты екендігінде.

2.Педагогикадағы оқыту процесінің жалпы сипаттамасы.
Оқыту принципі дегеніміз дидактикалық үрдісті жүзеге асыруда басшылыққа
алынатын жетекші идея мен оны ұйымдастырудағы қағидалық ұстаным және тиісті
деңгейлік мөлшерге қойылатын негізгі заңдылық талаптар. Бұл оқыту үрдісін
реттеп, ереже белгілеп, деңгейін айқындауға ортақ жалпылама нұсқау арқылы
сипатталады. Оқыту принципі қабылданған дидактикалық тұжырымдамаларға
байланысты. Оқыту принциптері ілкі тарауда көрсетілген және осы саладағы
оқулықтар мен оқу құралдарында жан- жақты сипатталған. Сондай-ақ орталыққа
бағынған кеңестік кезеңдегі оқытып білім берудің бірыңғай жүйесі бойынша
жазылған педагогикалық еңбектер мен ғылыми зерттеулерде оқыту
принциптерінің қағидалары мен заңдары және оның бүкіл адамзатқа ортақ
құндылықтары әрбір саладан ашылған.
Оқытудағы ғылымилық принцип оқушыға берілетін білімнің мазмұны ғылымның
қазіргі даму дәрежесіне сәйкес деректерді, теорияны, заңдарды қамтырлықтай
болуын талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламасында, оқулықтарда және
оқылатын басқа материалдарда да көрініс табатын болса, оқыту барысында
оларға ғылыми әдістеме мен ғылыми зерттеудің қарапайым жолдарын да білгізу
керек.
Оқытудағы жүйелілік пен бірізділік принципі- берілетін білімнің белгілі
жүйеге құрылып, оқу үрдісінде меңгерілетін білімнің логикалық жағынан
бірізділік тәртібін сақтау талап етіледі.
Көрнекілік принципі- дидактика саласындағы әріден келе жатқан байырғы
принциптердің бірі. Көрнекілік адамның тиісті түсінікті қабылдауына, терең
сезінуіне әсер етуімен бірге сол мәселені пайымдау жасай білудің арнасын
кеңейтеді. Педагогикада дидактиканың “алтын ережесі” деп аталған бұл
принцип оқыту үрдісінде оқушының көрнекілікті бақылап, байқап, көріп,
қолымен ұстап, танып- білуі олардың ойлануына деген мүмкіндікті арттырады.

3. Педагогика пәнін оқыту барысында дидактикалық принциптерді пайдалану.
Дидактика- бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos – үйретуші, didaskalos-
мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық
және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұныны, оқыту принциптерін, оқытуды
ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде
жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу,
оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері,
мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге,
педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие
процесіне енгізуге байланысты. Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді.
Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім
беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейкесті
мәселелер қарастырылады.

1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды,
оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.
3. Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру.
4. Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.
Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты- жастарды жан- жақты дамытып,
өмірге, еңбек іс- әрекетіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына
түсуге даярлау. Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға
сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім
беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми
жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
“Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі- оқу пәндері бойынша
сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші
идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың
жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін,”- деп
мектеп реформасында жазылған.

4. Оқыту принциптерінің жүйесі.
Педагогикалық дидактика оқу үрдісін іс- әрекет деп түсіндіреді,
сондықтан оның теориялық жүйесін шартты түрде былай жіктейді:
1. Оқытудың мақсатын айқындап, оны талдау.
2. Мақсатқа жетудің мазмұны мен құралын сұрыптап, атқарылуға тиісті
жоспарлау.
3. Мұғалім мен оқушының атқаратын жұмыстарын тиімді ұйымдастырып,
білімдендіруге байланысты оқыту ісін жүзеге асыру.
4. Оқу жұмысының барысын бақылап, қате- кемшілік болса оған өзгертулер мен
толықтырулар жасап отыру.
5. Оқу нәтижесін талдап, бағалау.
Мектеп өміріндегі мұғалімнің ең басты әрекеті оқу үрдісін басқарып,
шәкіртті еңбектене білуге бағдарлау екені айқын. Алайда көп жағдайда
мұғалім оқушыға біліктік таным- түсінікті ұғындырып, оны жан - жақты
тәптіштей баяндап, бәрін өзі айтып беруге ұмтылады да, шәкірт тек
жайбарақат тыңдаушы ретінде қалып қояды да, оларды самарқаулық меңдейді.
Оқу үрдісі дидактикалық тұрғыдан қарағанда білімдік мазмұнды меңгерудегі
тұлғаның психологиялық ішкі қарым - қатынасы. Сондықтан танымдық үрдіс
оқушының тиісті мазмұнды қабылдауы, ұғынуы, ойлануы, тұжырымдай білуі,
жүзеге асырып қолдана алуы болуға тиіс.Сонымен қатар бұларды бір- бірінен
бөліп тастауға келмейтін тұтас үрдістегі психологиялық іс- әрекет
екендігін үнемі ескеріп сабақты жоспарлауда оның ішкі мән- мазмұнына зейін
қоя білу табысқа жетудің тиімді де өміршен жолы болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Дидактика нені зерттейді және оның негізгі категорияларын атаңыз?
2. Оқыту процесінің жүйесін, құрылымын сипаттаңыз.
3. Оқыту процесінің функциялық мәні, олардың өзара байланысы?
4. Оқыту процесінің танымдық іс- әрекетінің кезеңдері жөнінде не айтар
едіңіз?
5. Оқыту мотивтерді атап, оларды сипаттаңыз.
6. Оқытудың қандай түрлерін білесіз және оқыту процесінде олардың алатын
орны?
7. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері, олардың өзара байланысы.
8. Оқыту жүйесі мен түрлеріне сипаттама бер?
9. Дамытпалы оқытудың мәнін аш?
10. Оқыту заңдылығына анықтама бер?

Аудиториялық тапсырмаларды орындау тәртібі:

1. “Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері” атты тақырыпқа баяндама
жасау.
2. Оқыту процесінің жүйесі атты тақырыпқа жазылған рефератты талқылау.
3. “Оқыту процесінің танымдық іс- әрекетінің кезеңдері жөнінде не айтар
едіңіз?” деген тақырыпта пікіралмасу.
4. “Оқытудағы дәстүрлі жол және жаңа технология” атты рефератты талқылау.
5. “Оқу жұмысын басқарудағы мұғалімнің жетекшілігі” атты тақырыпта
рефератты талқылау.
6. Проблемалық оқытудың ерекшелігі тақырыптағы СӨЖ- ді талқылау.
7. Дамытпалы оқытудың жүйесін өзіңше жасап көр.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. Дидактика нені зертейді және оның категориялары атты тақырыпта әңгіме
жүргізу.
2. “Дидактика” деген сөзден құралған сөзжұмбақты шешу.
3. Педагогикадағы оқыту принципінің сипаттамасы атты тақырыпта әңгіме
жүргізу.
4. Тақырыптағы глоссарийлерге талдау жасау.
5. Ақыл- ой тәрбиесінің сатылық басқыштың кестелік сызбасын құрастыр.
6. “Тұлғаның дербестігін қалыптастыру, өмір талабы” атты тақырыпта әңгіме
жүргізу.

Үй тапсырмасы:

Сабақтың жаңа тақырыбы: Педагогика пәнін оқытудың формалары мен әдістері
деген тақырыпты оқып келу.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2000ж.
2. Бабаев. С.Б. “Жалпы педагогика”. Алматы, Заң әдебиеті. 2005ж.
3. Құлахметов. Б. Педагогика пәні бойынша бақылау жұмыстары. Түркістан,
2005ж.
4. Е.Дайрабаев, А.Дайрабаева. Педагогика пәнінің негіздері. Оқу құралы.
Алматы, 2005ж.
5. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. Алматы: Мектеп, 1976ж.
6. Сластелин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.О. Обшая педагогика. В 2 ч. Москва;
Гуманит, 2003
7. Харламов И.Ф. Педагогика учебник. Изд.Минск, 2002
8. Т. Бегалиев. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Тараз. 2002ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Құлахметов Б. Педагогика пәні бойынша бақылау жұмыстары. Түркістан,
2003ж.
2. Төкеева С. Оқушылардың таным әрекетін жеделдету және ол ұжымды өзін- өзі
басқаруы. Алматы, 2001ж.
3. Бегалиев Т. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Оқу құралы. Тараз,
2002ж.
4. Усманов Ә.Ә., Сәрсенбаева М.Б. Педагогика. Дәрістер жинағы. Алматы,
2005ж.

№ Лекция сабағы.

Тақырыбы: Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері.

Жоспары:
1. Педагогикадағы оқыту принципінің сипаттамасы.
2. Педагогикадағы оқыту процесінің жалпы сипаттамасы.
3. Педагогика пәнін оқыту барысында дидактикалық принциптерді пайдалану.
4. Оқыту принциптерінің жүйесі.

Сабақтың мақсаты:
Педагогика пәнін оқыту барысында оқыту процесіндегі принциптер мен
заңдылықтарды тиімді қолдана білу. Оқыту процесі барысында білімдік
мақсатқа жетудегі мұғалім мен оқушы бірлескен іс- әрекетіндегі ықпалдастық
және оның нәтижеге жетуін ұйымдастыру.

Қысқаша теориялық мәліметтер:
1. Педагогикадағы оқыту принципінің сипаттамасы.
Оқу үрдісі- білімдік пен мақсатқа жетудегі мұғалім мен оқушы бірлескен іс-
әрекетіндегі ықпалдастық және оның нәтижеге жетуін ұйымдастыру жолдары
болып табылады. Білім берудің мақсаты тұрғысынан келгенде оқу үрдісінің
атқаратын негізгі қызметі- білім беру, дамыту,тәрбиелеу, сонымен қатар
оқуға деген ынта- ықыласы жебеп, оны ұйымдастыру. Әрине мұның бәрі бірлікте
қаралатын тұтас құбылыс, алайда білімдендірудің практикалық жолдарын,
оқытуды жоспарлаудағы іс- әрекет жүйесін өз алдына қарастырған жөн деп
саналады.
Оқыту үрдісіндегі білім берудің атқаратын қызметі- оқушының білім, білік,
дағдыларын қалыптастырып, ғылым саласындағы заңдар мен теориялардың
негіздерін меңгеру болып табылады. Сонда білім- оқушының ғылыми деректі,
теорияны, ұғым- түсініктерді қабылдап, есіне сақтап ұғына білуі болса,
білік алған білімін, меңгерген, танып- түсінген ұғымын өмір практикасында
қолдана алу тәсілі, жолы болып шығады. Ал дағды- алған білім, білігін іс-
әрекетке келтіру, ешбір бөгелместен автоматты түрде жүзеге асыру.
Оқыту үрдісіндегі тәрбие болса, оқушының меңгерген білім, білігі
барысында оның сезімдік, танымдық көзқарас құндылықтары, тұлғалық болмыс
бітімі, мінез- құлқының қалыптасуына ықпалды әсер ете білу. Ал мұның жүзеге
асуы оқу үрдісін ұйымдастыруда берілетін білімнің мазмұнына үйлесімді
тәлім, тәрбиелік тағылымдарды іштестіре жеткізу- оқыта отырып тәрбиелеудің
негізі болуға тиіс. Оқушының оқу үрдісіндегі дамуы- шәкірттің болмыс
бітімінің барлық жағынан жетілуі. Саралай айтқанда, тұлғаның психологиялық
жағынан өркендеуіндегі ерік қасиеттері, сезімі, қабылдауы, түсінуі,
эмоциялық әсерлену шеңбері, сонымен қатар танымдық түйсінуі, іскерлігінің
өркендеуі тұрғысынан қаралады.Дамудың жүзеге асуындағы тиімділік- оқыту
принциптеріне және оның әдістері мен тәсілдеріне тікелей байланысты
екендігінде.

2. Педагогикадағы оқыту процесінің жалпы сипаттамасы.
Оқыту принципі қабылданған дидактикалық тұжырымдамаларға байланысты.
Қазіргі егемендік алған қазақ еліндегі дидактиканың принциптік жүйесі
бұрыннан белгілі классикалық негізге құрылған және оның ғылыми теориялық,
практикалық дамуы әлемдік педагогикалық таным- түсінік заңдылықтарымен
сабақтас. Оның негізгі таралым- тармақтары мынау:
- Оқыта отырып тәрбиелеу принципі;
- Оқытудағы ғылымилық принципі;
- Теория мен практиканың байланыстылығы;
- Жүйелілік пен бірізділік, тиімділік;
- Шамаға лайықтылық, түсініктілік;
- Көрнекілік;
- Саналылық, беріктілік, белсенділік;
- Педагогикалық үрдістегі бағыт- бағдар сәйкестігі;
Оқыту принциптері ілкі тарауда көрсетілген және осы саладағы оқулықтар мен
оқу құралдарында жан- жақты сипатталған. Сондай- ақ орталыққа бағынған
кеңестік кезеңдегі оқытып білім берудің бірыңғай жүйесі бойынша жазылған
педагогикалық еңбектер мен ғылыми зерттеулерде оқыту принциптерінің
қағидалары мен заңдары және оның бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтары әрбір
саладан ашылған. Оқытудың тәрбиелік қызметі ілгері тарауда сөз етілгендей,
оқыту тек білімдік түсінік пен мағлұматтарды қабылдау ғана емес, тұлғаны
тәрбиелейтін принцип. Халық даналығымен айтқанда: Білімсіз – тәрбие жоқ,
тәрбиесіз- білім жоқ. Егіздің сыңарындай бірлікте дамиды. Сондықтан оқыта
отырып тәрбиелеу педагогика саласындағы басты принципке саналады.
Оқытып , білім берудегі қазіргі дидактика оқыту принциптерін бір- бірінен
бөлмей бірлікте қарайды. Педагогика ғылымындағы біртұтастық тұрғысынан мән
берсек, оқытудың басты принциптерін әр түрлі жүйеге жіктегенімізбен де
педагогикалық үрдістің бағдар бағыты сақталады. Айталық тәрбиелей отырып
оқытуды және ондағы ғылымилықты, теория мен тәжірибенің байланысын,
жүйелілік пен бірізділік, түсініктілік, көрнекілік, саналылық пен
белсенділік, беріктік, шамаға лайықтылық, тиімділік пен сәйкестілікті
үйлесімді қолдана білу мұғалімнің қабілетіне, кәсіби шеберлігіне
байланысты. Ал оқыту үрдісін жүзеге асыруда оқытудың жаңа технологиясы және
электронды оқулықтар, компьютер дәстүрлі оқытудағы негіздер мен мұғалімнің
жетекшілік ролін кеміте алмайды. Қайта сол жаңалықтарға байланысты
мұғалімнің жан- жақты ізденісін өмірдің өзі талап етіп отырғаны шындық, Бұл
мұғалімнен уақытқа үйлесімді зейінділікті, зеректікті, алғырлықты талап
етеді.

3. Педагогика пәнін оқыту барысында дидактикалық принциптерді пайдалану.

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды
ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидкатиканың ғылыми
негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский ( 1592-1670). Оның “Великая
дидактика” кітабында оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып
сабақ жүйесі баяндалған.
XVII ғ. Швейцар педагогы Иоганн Геноих Песталоцци (1746-1827) двмытып
оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдңстерінің
негізін жасады.
К.Д.Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал
кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий т.б. үлкен
үлес қосты.
Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.занков,
М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар
оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен
формаларын дәлелдеді.
Педагогика ғылымының “Дидактика” саласында белгілі қазақ педагог-
ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев,
А.Байтұрсынов, М.Дклатов, Ж.Аймаутов, Ш.Әлжанов т.б. өз уақыттарында
шығармашылықпен еңбектеніп бірсыпыра үлестерін қосты.
Қазақстан ұлы педагогы Ы.Алтынсарин (1841-1889) қазақ балаларын оқыту,
білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми-
әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері бұл балалардың сабаққа,
ғылымға, өздігінен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.
Ы.Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының, солардың ішінде орыс тілін
қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу
жоспарларының, оқу пәндер бағдарламаларының авторы.
Шетел, Ресей, Қазақстан педагог- ғалымдарының еңбектері дидактикалық
проблемаларды шешудің сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын
анықтаудың негізі. Мәселен, нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін
оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес
жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім
шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы
білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына
сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.

4. Оқыту принциптерінің жүйесі.
Педагогикалық дидактика оқу үрдісін іс- әрекет деп түсіндіреді,
сондықтан оның теориялық жүйесін шартты түрде былай жіктейді:
1. Оқытудың мақсатын айқындап, оны талдау.
2. Мақсатқа жетудің мазмұны мен құралын сұрыптап, атқарылуға тиісті істі
жоспарлау.
3. Мұғалім мен оқушының атқаратын жұмыстарын тиімді ұйымдастырып,
білімдендіруге байланысты оқыту ісін жүзеге асыру.
4. Оқу жұмысының барысын бақылап, қате-кемшілік болса оған өзгертулер мен
толықтыру жасап отыру.
5. Оқу нәтижесін талдап, бағалау.
Мектеп өміріндегі мұғалімнің ең басты әрекеті оқу үрдісін басқарып,
шәкіртті еңбектене білуге бағдарлау екені айқын. Алайда, көп жағдайда
мұғалім оқушыға біліктік таным- түсінікті ұғындырып, оны жан- жақты
тәптіштей баяндап, бәрін өзі айтып беруге ұмтылады да шәкірт тек
жайбарақат тыңдаушы ретінде қалып қояды.
Оқу үрдісі дидактикалық тұрғыдан қарағанда білімдік мазмұнды меңгерудегі
тұлғаның психологиялық ішкі қарым- қатынасы. Сондықтан танымдық үрдіс
оқушының тиісті мазмұнды қабылдауы,
Бақылау сұрақтары:

1. Дидактика нені зерттейді және оның негізгі категорияларын атаңыз?
2. Оқыту процесінің жүйесін құрылымын сипаттаңыз?
3. Оқыту процесінің функциялық мәні, олардың өзара байланысы?
4. Оқыту процесінің танымдық іс- әрекетінің кезеңдері жөнінде не айтар
едіңіз?
5. Оқыту мотивтерді атап, оларды сипаттаңыз?
6. Оқытуды қандай түрлерін білесіз және оқыту процесінде олардың алатын
орны?
7. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері, олардың өзара байланысы?
8. Оқыту жүйесі мен түрлеріне сипаттама бер?
9. Дамытпалы оқытудың мәнін аш?
10. Оқыту заңдылығына анықтама бер?

Пайдаланылған әдебиеттер.

Негізгі әдебиеттер:
1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2000ж.
2. Бабаев С.Б. Жалпы педагогика. Алматы, Заң әдебиеті, 2005ж.
3. Құлахметов Б. Педагогика пәні бойынша бақылау жұмыстары. Түркістан 2005ж
4. Құсайынов А. Заман талабы. Астана, 2001ж.
5. Е.Дайрабаев, А.Дайрабаева. Педагогика пәнінің негіздері. Оқу құралы.
Алматы, 2005ж.
6. Сағындықов Е. Педагогика. Дәрістер курсы. Алматы, 1999ж.
7. Харламов И.Ф. Педагогика. Учебник изд. Минск, 2002.
8. Т.Бегалиев. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Оқу құралы, Тараз,
2002ж.

Қосымша әдебиеттер:
1. Құлахметов Б. Педагогика пәні бойынша бақылау жұмыстары. Түркістан,
2003ж.
2. Төкеева С. Оқушылардың таным әрекетін жеделдету және ол ұжымды өзін-өзі
басқаруы. Алматы, 2001ж.
3. Бегалиев Т. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Оқу құралы. Тараз,
2002ж
№ Семинар сабағы.

Тақырыбы: Педагогика пәнін оқытудың формалары мен әдістері.

Жоспары:
1. Оқыту формаларының дамуы.
2. Педагогика пәнін оқыту барысында дидактиканың қағидаларын пайдалану.
3. Практикалық сабақтар.
4. Семинар сабақтары.
5. Оқытудың лекциялық- лектік формасы.
6. Конференциялар және диспуттар.

Сабақтың мақсаты:
Педагогика пәнін оқытудың формалары мен әдістерін пайдалана отырып сабақ
өту барысында оқушыларға олардың әрқайсысына тоқталып, олардың санасында
педагогика ғылымының түрлі формалары мен әдістерінің қандай тиімділігі
туралы оларды сабақ барысында түрлі лекция түрінде конференциялар,
диспуттар, семинар, практика сабақтарында да тиімді етіп қолдану
тәсілдерін көрсету.

Қысқаша теориялық мәлімет.

1. Оқыту формаларының дамуы.
Оқу формалары қозғалысты, қоғам, өндіріс, ғылымның даму деңгейіне
тәуелді пайда болады, өрістейді, бірі бірімен ауысып отырады. Әлемдік
білім тәжірибесі тарихында әрқилы оқу жүйелері қалыптасып, олардың
әрқайсысы өзіне ыңғайлы оқу формаларына сәйкес қолданылған. Алғашқы
адамзаттық қауымның өзінде-ақ тәжірибені бір адамнан екіншіге, ересектен
жас әулет өкіліне өткізу мақсатында жеке- дара оқыту жүйесі іске асады.
Жеке – дара оқыту өз маңызын осы күнге дейін жоғалтпастан, репититорлық,
тьютарлық, менторлық, гувернерлық оқу формаларында қолданыс табуда.
Репетиторлық, әдетте, оқушыны емтихан және сынақ тапсыруға дайындаумен
байланысты.

Тьюторлық пен менторлық шет елдерде кең тараған жеке-дара оқыту формасы.
Оқушының білім жолындағы іс-әрекетінің өнімділігін арттыруда өте
пайдалы. Ментор немесе ұстаз- оқушы кеңесшісі, оқылып жатқан пән
мазмұнына даралық сипат береді.
Ғылыми білімдердің дамуы мен білім аймағына көпшілік қауымның
тартылуымен жеке-дара оқыту жүйесі даралықты- топтық оқыту формасымен
ауысуда. Мұндай оқытуда мұғалім балалардың бүтін бір тобымен оқу жұмысын
алып барады, бірақ дәріс жеке оқушымен жұмыс сипатын жоймайды.
Орта ғасырларда қоғамның әлеуметтік- экономикалық ілгерілі дамуына
байланысты білімді тұлғалардың көптеп қажет болуынан білімдену аймағы
өрістей кеңіді. Бір қатар жастағы балаларды бір топқа біріктіре оқыту
мүмкіндігі туындады. Осыдан оқудың сыныптық- сабақтық жүйесі пайда
болды. Бұл жүйе XVIғ. Белоруссия мен Украина мектептерінде қалыптасып,
өзінің теориялық негіздемесін Ян Амос Коменскийдің “Ұлы дидактика”
кітабында тапты.
Жаңа жүйе өзара оқытудың белл- ланкастерлік жүйесі атауын алып, Индия
мен Англияда бірдей уақытта тәжірибеге енді. Бұл жүйенің мәні- ересек
оқушылар мұғалім басшылығында материалды өздері игеріп, сол қажетті
көрсетіп нұсқаулар алып, өздерінен кіші жолдастарын оқытты, нәтижеде аз
оқушылар санымен жаппай оқуды ұйымдастыруға қол жететін болды. Бірақ оқу
ойдағыдай жоғары деңгейге көтерілмеді, сондықтан белл- ланкастерлік оқу
жүйесі кең өрістей алмады.

2. Педагогика пәнін оқыту барысында дидактикалық қағидаларын пайдалану.
Дидактика- педагогика ғылымының жетекші салаларының бірі. Дидактика
оқыту мен білім берудің теориясы болғандықтан оның негіздерін талдайды.
Дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері мынау: оқытудың
заңдылықтары мен үрдістері, оның мақсаты, білімдендіру мазмұнының ғылыми
негіздері, әдістемелері, оқытудың формалары мен құралдары. Ал жалпы
педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері- барлық пәндерге ортақ
және оның деңгейіне үйлесімді тәсілдері мен жолдары және оқытудың
мақсатына қарай нені оқыту қалай оқытудың теориялық негіздері болып
табылады.Дидактиканың негізгі міндеті мынау: біріншіден, оқыту үрдісін
түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын көрсету,
екіншіден, оқыту үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын, амал-
тәсілдерін, ең жаңа жетілген технологиялық жүйелерді білгізу.
Педагогика ғылымында бірыңғай, біртекті дидактикалық жүйе жоқ
болғанымен де жалпыға ортақ бірнеше теориялар бар. Олардың көпшілігі
оқытудағы мақсат білім беру жүйесін қалыптастырумен қатар оқушының жалпы
дамуын, жеке басының дербес қалыптасуын, көркемдік таным- түсінігін
жетілдіріп, еңбеккерлік дағды сіңіруді көздейді. Ал білімдік мазмұн
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері жайлы
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Әскери педагогикалық процесс және оның ерекшелігі
Пәнаралық байланыстар
Педагогикалык зерттеудердің әдіснамасы
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері
Педагогика ғылымының ерекшелігі
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
ПЕДАГОГИКА (сыртқы бөлім студенттеріне арналған қысқаша лекциялар курсы)
Ғылым мен тәжірибе фактілерін жинақтау және жазу әдістері
Пәндер