Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері жайлы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері.

  1. Педагогикадағы оқыту принципінің сипаттамасы.

Оқу үрдісі дегеніміз- білімдік мақсатқа жетудегі мұғалім мен оқушы бірлескен іс- әрекетіндегі ықпалдастық және оның нәтижеге жетуін ұйымдастыру жолдары. Педагогика ғылымын зерттеушілер оқу үрдісіне түрлі- түрлі анықтама бергеніменде, бәрінің тоғысар негізі- оқушының көзқарасын қалыптастырып, қабілетін дамытып, белсенділігін жетілдіріп, оқуға деген ынта ықыласын көтерудегі

ыждаһаттылықққа келіп саяды.

Білім берудің жалпы мақсаты тұрғысынан келгенде оқу үрдісінің атқаратын негізгі қызметі- білім беру, дамыту, тәрбиелеу, сонымен қатар оқуға деген ынта- ықыласты жебеп, оны ұйымдастыру. Әрине, мұның бәрі бірлікте қаралатын тұтас құбылыс, алайда білімдендірудің практикалық жолдарын, оқытуды жоспарлаудағы іс- әрекет жүйесін өз алдына қарастырған жөн деп саналады.

Оқыту үрдісіндегі білім берудің атқаратын қызметі оқушының білім, білік, дағдыларын қалыптастырып, ғылым саласындағы заңдар мен теориялардың негіздерін меңгеру болып табылады. Сонда білім- оқушының ғылыми деректі, теорияны, ұғым- түсініктерді қабылдап, есіне сақтап ұғына білуі болса, білік алған білімін, меңгерген, танып- түсінген ұғымын өмір практикасында қолдана алу тәсілі, жолы болып шығады. Ал дағды- алған білім, білігін іс-әрекетке келтіру, ешбір бөгелместен автоматты түрде жүзеге асыру.

Оқыту үрдісіндегі тәрбие болса, оқушының меңгерген білім, білігі барысында оның сезімдік, танымдық көзқарас құндылықтары, тұлғалық болмыс бітімі, мінез- құлқының қалыптасуына ықпалды әсер ете білу. Оқушының оқу үрдісіндегі дамуы- шәкірттің болмыс бітімінің барлық жағынан жетілуі. Саралай айтқанда, тұлғаның психологиялық жағынан өркендеуіндегі ерік қасиеттері, сезімі, қабылдауы, түсінуі, эмоциялық әсерлену шеңбері, сонымен қатар танымдық түйсінуі, іскерлігінің өркендеуі тұрғысынан қаралады. Дамудың жүзеге асуындағы тиімділік- оқыту прнициптеріне және оның әдістері мен тәсілдеріне тікелей байланысты екендігінде.

2. Педагогикадағы оқыту процесінің жалпы сипаттамасы.

Оқыту принципі дегеніміз дидактикалық үрдісті жүзеге асыруда басшылыққа алынатын жетекші идея мен оны ұйымдастырудағы қағидалық ұстаным және тиісті деңгейлік мөлшерге қойылатын негізгі заңдылық талаптар. Бұл оқыту үрдісін реттеп, ереже белгілеп, деңгейін айқындауға ортақ жалпылама нұсқау арқылы сипатталады. Оқыту принципі қабылданған дидактикалық тұжырымдамаларға байланысты. Оқыту принциптері ілкі тарауда көрсетілген және осы саладағы оқулықтар мен оқу құралдарында жан- жақты сипатталған. Сондай-ақ орталыққа бағынған кеңестік кезеңдегі оқытып білім берудің бірыңғай жүйесі бойынша жазылған педагогикалық еңбектер мен ғылыми зерттеулерде оқыту принциптерінің қағидалары мен заңдары және оның бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтары әрбір саладан ашылған.

Оқытудағы ғылымилық принцип оқушыға берілетін білімнің мазмұны ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сәйкес деректерді, теорияны, заңдарды қамтырлықтай болуын талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламасында, оқулықтарда және оқылатын басқа материалдарда да көрініс табатын болса, оқыту барысында оларға ғылыми әдістеме мен ғылыми зерттеудің қарапайым жолдарын да білгізу керек.

Оқытудағы жүйелілік пен бірізділік принципі- берілетін білімнің белгілі жүйеге құрылып, оқу үрдісінде меңгерілетін білімнің логикалық жағынан бірізділік тәртібін сақтау талап етіледі.

Көрнекілік принципі- дидактика саласындағы әріден келе жатқан байырғы принциптердің бірі. Көрнекілік адамның тиісті түсінікті қабылдауына, терең сезінуіне әсер етуімен бірге сол мәселені пайымдау жасай білудің арнасын кеңейтеді. Педагогикада дидактиканың “алтын ережесі” деп аталған бұл принцип оқыту үрдісінде оқушының көрнекілікті бақылап, байқап, көріп, қолымен ұстап, танып- білуі олардың ойлануына деген мүмкіндікті арттырады.

3. Педагогика пәнін оқыту барысында дидактикалық принциптерді пайдалану.

Дидактика- бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos - үйретуші, didaskalos- мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұныны, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты. Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейкесті мәселелер қарастырылады.

  1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
  2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.
  3. Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру.
  4. Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.

Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты- жастарды жан- жақты дамытып, өмірге, еңбек іс- әрекетіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау. Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.

“Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі- оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін, ”- деп мектеп реформасында жазылған.

4. Оқыту принциптерінің жүйесі.

Педагогикалық дидактика оқу үрдісін іс- әрекет деп түсіндіреді, сондықтан оның теориялық жүйесін шартты түрде былай жіктейді:

  1. Оқытудың мақсатын айқындап, оны талдау.
  2. Мақсатқа жетудің мазмұны мен құралын сұрыптап, атқарылуға тиісті жоспарлау.
  3. Мұғалім мен оқушының атқаратын жұмыстарын тиімді ұйымдастырып, білімдендіруге байланысты оқыту ісін жүзеге асыру.
  4. Оқу жұмысының барысын бақылап, қате- кемшілік болса оған өзгертулер мен толықтырулар жасап отыру.
  5. Оқу нәтижесін талдап, бағалау.

Мектеп өміріндегі мұғалімнің ең басты әрекеті оқу үрдісін басқарып, шәкіртті еңбектене білуге бағдарлау екені айқын. Алайда көп жағдайда мұғалім оқушыға біліктік таным- түсінікті ұғындырып, оны жан - жақты тәптіштей баяндап, бәрін өзі айтып беруге ұмтылады да, шәкірт тек жайбарақат тыңдаушы ретінде қалып қояды да, оларды самарқаулық меңдейді. Оқу үрдісі дидактикалық тұрғыдан қарағанда білімдік мазмұнды меңгерудегі тұлғаның психологиялық ішкі қарым - қатынасы. Сондықтан танымдық үрдіс оқушының тиісті мазмұнды қабылдауы, ұғынуы, ойлануы, тұжырымдай білуі, жүзеге асырып қолдана алуы болуға тиіс. Сонымен қатар бұларды бір- бірінен бөліп тастауға келмейтін тұтас үрдістегі психологиялық іс- әрекет екендігін үнемі ескеріп сабақты жоспарлауда оның ішкі мән- мазмұнына зейін қоя білу табысқа жетудің тиімді де өміршен жолы болып табылады.

5. Педагогика пәнін оқытудың формалары мен әдістері.

Педагогика пәнін оқытудың формалары мен әдістерін пайдалана отырып сабақ өту барысында оқушыларға олардың әрқайсысына тоқталып, олардың санасында педагогика ғылымының түрлі формалары мен әдістерінің қандай тиімділігі туралы оларды сабақ барысында түрлі лекция түрінде конференциялар, диспуттар, семинар, практика сабақтарында да тиімді етіп қолдану тәсілдерін көрсету.

Тьюторлық пен менторлық шет елдерде кең тараған жеке-дара оқыту формасы. Оқушының білім жолындағы іс-әрекетінің өнімділігін арттыруда өте пайдалы. Ментор немесе ұстаз- оқушы кеңесшісі, оқылып жатқан пән мазмұнына даралық сипат береді.

Ғылыми білімдердің дамуы мен білім аймағына көпшілік қауымның тартылуымен жеке-дара оқыту жүйесі даралықты- топтық оқыту формасымен ауысуда. Мұндай оқытуда мұғалім балалардың бүтін бір тобымен оқу жұмысын алып барады, бірақ дәріс жеке оқушымен жұмыс сипатын жоймайды.

Орта ғасырларда қоғамның әлеуметтік- экономикалық ілгерілі дамуына байланысты білімді тұлғалардың көптеп қажет болуынан білімдену аймағы өрістей кеңіді. Бір қатар жастағы балаларды бір топқа біріктіре оқыту мүмкіндігі туындады. Осыдан оқудың сыныптық- сабақтық жүйесі пайда болды. Бұл жүйе XVIғ. Белоруссия мен Украина мектептерінде қалыптасып, өзінің теориялық негіздемесін Ян Амос Коменскийдің “Ұлы дидактика” кітабында тапты.

Жаңа жүйе өзара оқытудың белл- ланкастерлік жүйесі атауын алып, Индия мен Англияда бірдей уақытта тәжірибеге енді. Бұл жүйенің мәні- ересек оқушылар мұғалім басшылығында материалды өздері игеріп, сол қажетті көрсетіп нұсқаулар алып, өздерінен кіші жолдастарын оқытты, нәтижеде аз оқушылар санымен жаппай оқуды ұйымдастыруға қол жететін болды. Бірақ оқу ойдағыдай жоғары деңгейге көтерілмеді, сондықтан белл- ланкастерлік оқу жүйесі кең өрістей алмады.

6. Педагогика пәнін оқыту барысында дидактикалық қағидаларын пайдалану.

Дидактика- педагогика ғылымының жетекші салаларының бірі. Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы болғандықтан оның негіздерін талдайды. Дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері мынау: оқытудың заңдылықтары мен үрдістері, оның мақсаты, білімдендіру мазмұнының ғылыми негіздері, әдістемелері, оқытудың формалары мен құралдары. Ал жалпы педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері- барлық пәндерге ортақ және оның деңгейіне үйлесімді тәсілдері мен жолдары және оқытудың мақсатына қарай нені оқыту қалай оқытудың теориялық негіздері болып табылады. Дидактиканың негізгі міндеті мынау: біріншіден, оқыту үрдісін түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын көрсету, екіншіден, оқыту үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын, амал- тәсілдерін, ең жаңа жетілген технологиялық жүйелерді білгізу.

Педагогика ғылымында бірыңғай, біртекті дидактикалық жүйе жоқ болғанымен де жалпыға ортақ бірнеше теориялар бар. Олардың көпшілігі оқытудағы мақсат білім беру жүйесін қалыптастырумен қатар оқушының жалпы дамуын, жеке басының дербес қалыптасуын, көркемдік таным- түсінігін жетілдіріп, еңбеккерлік дағды сіңіруді көздейді. Ал білімдік мазмұн негізінен жеке пәндік жүйеде құрылғанымен де, бастауыш сыныптар мен жоғары сыныптарда бірлестіріле кірістірілген интегративтік оқыту жолдары да бар. Оқыту үрдісі берілетін білімнің мақсаты мен мазмұнына үйлесімді және соған сай болуымен қатар басқару барысы екі жақты қарым- қатынасқа құрылған. Нақтырақ айтқанда мұғалім оқушының білім жолындағы таным- түсінікті меңгеруін іс- әрекетін басқарып, оны тиімді ұйымдастыруға жетекшілік етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
Педагогикадағы əдіснамалық білім деңгейлері жəне өзіндік ерекшеліктері, оларды жете ұғыну
Педагогика пәні
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Автореферат
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Педагогиканың дәрістері
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz