Еліміздің ертеңгі болашағы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен сусындаған оқушы жастар. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мысалы, қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.

Республикада оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің калыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында мұғалім үшін ең бастысы сабаққа лайықты әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау.

Қазіргі технологияны қолдану дегеніміз - келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау.

Педагогикалық технология оқу үрдісінің, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның кұрамына мыналар кіреді: а) тұжырьгмдық негіз, ә) оқытудың мазмұндық бөлігі (оқытудың нақты және жалпы мақсаты және оқу материалының мазмұны), б) үрдістік бөлім - технологиялық үрдіс (оқу үрдісін ұйымдастыру, окушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары, мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті және оқу үрдісінің диагностикасы) .

Педагогикалық технологиялардың негізіне мыналар жатады:

  • әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
  • оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
  • оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім берудің ізгілендіру технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және жобалап оқыту технологиясы кіреді.

Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу.

Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.

Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері мынадай:

  • мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да - субъект, мұғалім де - субъект.
  • оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас.
  • оқушы мен мұгалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Мәселелік оқьпу технологиясының ерекшеліктері мынадай:

- оқушының белсенділігін арттыру.

- оқу материалында баланы қызықтыратындай кұпиясы бар мәселе туғызу, оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатын да меңгереді.

Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы технологияның негізін қалаған В. Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей:

- білім, білік дағдыны қалыптастыру;

- барлық баланы оқыту;

- окытуды жеделдету.

Ерекшеліктері:

  • үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; ізгілік, еркімен оқыту;

- әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

- оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Жаңашыл ресейлік мүғалім С. Лысенкова озат оқыту технологиясының авторы болып саналады. Оның негізгі мақсаты барлық баланы табысты оқыту.

Ерекшеліктері төмендегідей:

- оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі;

- саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;

- бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану, сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар окушылар қатыстырылады;

- бірте-бірте толық дербестікке жету;

- сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;

  • оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі;

- білім, білік дағдыны дамыта меңгерту;
-түсіндіруді қабылдау.

Міндетгі нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясының төмендегідей ерекшеліктері бар;

- білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

- оқушыларға берілген тапсырманың саралануы;

тапсырма окушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.

Жоғарыдағы айтылған пікірге сүйенсек, бастауыш сыныптың жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашылықты талап етеді.

Сынып журналын жургізу ережелері.

І. Мұғалімнің аты жөні.

2. Сабақ кестесі.

3. Мазмұнының толықтырылуы.

4. Оқушылардың толық мәліметі.

5. Жазба жұмыстарының нормативіне сай

орындалуы.

б. Оқушылар білімін тексеру.

У. Оқып үйренген материалдарды журналға енгізудің уақтылығы мен дұрыстығы. Сыныпта және үйде орындалған тапсырмалардың мазмұны мен сипаты.

В. Оқушылардың сабаққа қатысуы, босатылған сабақтардың есебін бақылау.

9. Оқушылардың білім сапасы, қойылған

бағалардың әділдігі:

Бақылау жүмыстардың сәйкестігі (ауызша

және жазбаша)

10. Мүғалімнің журнал жүргізу мәдениеті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала - біздің болашағымыз
Асқар шыңға жетелейтін болашақтың мамандығы
Тәрбиеші - балаларға ересек әлемге есік ашатын сиқыршы
Жеке тұлғаны қалыптастыру
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ - ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Білім жүйесіне қызмет ету - еліміздің болашағына қызмет ету
МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Қоғам тарихы
Тәрбие үрдісінің мақсаты-оқушының бос уақытын ұйымдастыруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz