Педагогикалық қатынас және оның мұғалімнің кәсіби қызметіндегі орны



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі
педагогикалық этика мен тактикасы

Жоспары:

1. Педагогикалық қатынас және оның мұғалімнің кәсіби қызметіндегі
орны
2. Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық
этика мен тактикасы
3. Педагог әдептілігін меңгеру шарттары
4. Сендіре білу – тіл табысудың негізгі әдісі ретінде
5. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі жанжалдар, олардың түрлері мен
себептері. Дауларды шешу жолдары
6. Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат
7. Педагогтың этикасы мен шеберлігі

Негізгі ұғымдар: ұстаздық әдеп,тіл табысу

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның
психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана
қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам
санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірі болуы
мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен
қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесу
қажетін қанағаттандырмау біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып
өсуіне кішкентайынан айналасына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп
басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын оған киім-кешек,
баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып,
дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен,адамды қамап
басқалармен араластырмай ұстау жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә
келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым-қатынас жасау, бұл тіршілікке аса
маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы
дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады,
адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине қарым-қатынас
ақпарат алумен шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.
Біздің бәріміз де бір-бірімізбен қарым-қатынас жасаймыз. Қарым-қатынас
дегеніміз – тіл арқылы пікір алысу. Адамның ең жарқын ерекшеліктерінің
бірі – оның сөйлеу қабілеттілігі.Сөз – адам психикасының өмір сүруінің аса
маңызды факторы. Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Қарым-қатынас жасау
мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым-қатынас адам іс-
әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды қалыптастыратын аса
маңызды түрі болып табылады. Лингвистер тілді қарым-қатынас құралы , қоғам
жасаған білімдерді таратушы ретінде зерттеп келеді.
Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамның
қарым-қатынас жайлы білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құралымен қатар адам қарым-
қатынасының сөзден тыс жолдары:келбет, ым, мимика, серіктестердің бір-
біріне қатысты жағдайы, бейнелеу кең зерттеле бастады.
Адамның сыртқы түрі саналы өзгереді және белгілі
дәрежеде адам өзі оны өзгертеді. Адам келбеті физиономиялық маскадан,
киімнен, жүріс-тұрыс кейпінен құралады. Физиономиялық маска адамның басым
ойынан, сезімінен, қарым-қатынасынан тұрады. Физиономиялық маскалардан
ызғарды, жайдарлылықты, өр көкіректікті, мейірбандықты және басқаларды
аңғаруға болады.
Педагогикалық қарым-қатынас өте күрделі процесс.
Тәрбие әдістері педагогикалық қарым-қатынас арқылы іске асады. Оған
көптеген адамдардың қатынасы, балаға ықпалы жатады. Ұстаздық қызмет,
ұстаздық қызметті ұйымдастыру, балаларды ұжымда тәрбиелеу, балалардың өзара
қатынасын ұйымдастыру, балалардың өзара қатынасы, бала тәрбиесіндегі
қолданатын әдіс-тәсілдері, құралдары болып табылады. Мұның бәрі
педагогикалық қатынас арқылы іске асады, ұстаз баланы соған тәрбиелейді.
Шындығында, педагогикалық қатынас ұстаздың шәкіртке
қатынасты дұрыс жүргізу үшін ынта керек. Ынта дегеніміз - белгілі бір іске
адамның ықыласпен кірісіп, оны нәтижелі орындауы, алдына қойған мақсатты
жете түсінуі. Ұстаздың ынтасы оқу-тәрбие процесінде дамиды.
Ұстаздық педагогикалық қатынасты жүргізу үшін
бейімділік керек, яғни мұғалімдік мамандыққа бейімділік, балалармен қарым-
қатынас жасау, олармен ойнау, жұмыс істеу процесінде білінеді.
Педагогикалық қатынасқа ұстаздың қабілеті де керек.
Белгілі іске бейімділік және адамның қабілетіне байланысты. Ал жеке адамның
белгілі іс-әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық қасиетті қабілет
дейді.
Cонымен, педагогикалық қатынас жасау ұстаздың балаға
сүйіспеншілігі, қызметіне ынтасы, бейімділігі, қабілеті, ұстаздық нышаны,
дарындылығы болу керек.
Күнделікті өмірде адам тек қана ұжыммен емес жеке
адаммен де қарым-қатынаста болады. Үлкен болсын, кіші болсын, ұстаз бен
шәкірт, шәкірт пен шәкірт т.б. өзара қарым-қатынаста болады. Олар айтысады,
тартысады, пікірлеседі, ой бөліседі. Соның арқасында өмірден мол тәжірибе
жинақтайды, тәрбие әдістерін, тәсілдерін қолданады. Қазіргі қатынас кешегі
кеңес дәуіріндегі қатынастан бөлек. Ол – ашық бүкпесіз қатынас. Жеке қарым-
қатынастан ұжымдық қарым-қатынасқа көшеді. Қарап тұрсақ, ұжымның өзі
көптеген жеке топтардан 2-3 адамдардан тұрады. Бұл әрбір жеке адамның жан
дүниесін, рухын байытады, сауатын ашады. Ұжым - әрбір жеке адам үшін тәрбие
мектебі.
Ұжымдағы көңіл-күймен қоғамдық пікір эмоциялық
күш-қуатпен өзара қатынастың деңгейін, ондағы қалыптасқан әлеуметтік-
психологиялық климатпен айқындалады. Психологиялық климат, Әлеуметтік
психологиялық климат немесе Микроклимат ұғымдары ғылыми емес, астарлы,
ауыспалы ұғымдар. Әлеуметтік-психологиялық климат ұжым мүшелерінің
бірлескен іс-әрекетпен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның
сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-
психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мынадай негізгі
қызметтерін атауға болады. Педагогикалық ұжымның әлеуметтік-психологиялық
климатының топтастырушылық қызметі ұжым мүшелерінің оқу-тәрбие міндеттерін
шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады.
Ынталандырушылық қызметі педагогикалық әрекеттің қолдануына қажетті ұжымның
эмоционалдық күш-қуатын қалыптастыруға байланысты. Тұрақтандырушылық
қызметі ұжымішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің
енуіне қажетті алғышарт жасайды. Реттеушілік қызмет өзара қатынас
нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді.
Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық
климаттың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде.
Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлға аралық, адамгершілік,
сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда
ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасына аса мән беріледі.
Ондай сипаттамаларға мыналар жатады:
Ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесінің
қанағаттануы;
Ресми және бейресми жетекшілердің беделін мойындауы;
Ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;
Ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға қатысуының
жоғары деңгейі;
Ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы;
Сапалы тәртіп;
Еңбектің өнімділігі;
Кадрлардың тұрақтылығы.
Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін
педагогикалық ұжымға баға беруде қолданылуға болады.
Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым
мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл, ынтымақтастық
қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш
табады. Ал немқұрайдылық, селқостық немесе қысым үстемдік еткен жағдайда
ұжым мүшесі ұнжырғасы түсіп, қағажау көреді. Бұл жағдай оның кәсіптік
қызметінің төмендеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға
ауысуына апарып соғады.
Кең көлемдегі кәсіптік педагогикалық міндеттерін атқара жүріп
мұғалім өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. Педагогтар
әсіресе беделді адамдар тарапынан берілген бағаны түсінуге бейім. Жағымды
баға педагогты ынталандырады. Жағымсыз баға өзінің қызметін, кәсіптік
позициясын, өзгелермен қарым-қатынасын қайта қарауға негіз болады.
Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сыйластықты принципті,
талапшылдық әрі тілеулестік сипатта болуды талап етеді.
Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының
механизмі еліктеуден-өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану,
пайдаланудан тұрады. Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өзара
әріптестерінің эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті
болса, екіншілер оның психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі,
ықыласымен сәйкес келетін, келмейтіндігін салыстыруға бейім.Ұзақ уақыт
бірлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін едәуір
жеделдетеді. Өз әріптесінің сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып, оны
түсіне алған педагог қалыптасқан жағдайда шығудың оңтайлы шешімін өз
басынан іздестіреді.
Өзара әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа
ықпалынан тұрады. Обал - сауапты білетін, принципті іске жауапкершілікпен
қарайтын, тәртіпті, көпшіл, қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды
климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар,
әдепсіз, тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал
жасайды.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік
және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген
педагогтардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық
қызметті дамытып, жаңа технологияларды іздестіруге ұмтылады. Жігерлі
педагог-жетекші, өзгелерді соңынан ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-
ойы, сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырылса, онда табысқа
жету қиын емес.
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын
факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе Климаттық ауытқуды
атауға болады.
Конфликт сөзі латын тілінен аударғанда Conflikt's -
қақтығысу мағынасын білдіреді.
Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде конфликт
деп құндылық үшін күрес және белгілі бір статус, ресурстар үшін таласу
барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру деп көрсетіледі
(Л.Козер).
Психологиялық тұрғыда конфликт дегеніміз - әр түрлі адамдар
арасындағы қақтығыс, ортақ қажеттіліктердің, ойлар мен сезімдердің болмауы.
Педагогикалық конфликтінің ерекшеліктері:
Проблемалық ситуацияларда мұғалімнің дұрыс шешім қабылдауға жауаптылығы;
Конфликтіге қатысушылар әр түрлі әлеуметтік статусқа ие;
Өмір тәжірибесі әр түрлі;
Конфликт тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс;
Мұғалім инициативаны өз қолына алуы керек;
Кез келген қателік жаңа проблема тудыруы мүмкін.
Конфликтінің түрлері:
Тұлға ішілік
Тұлға аралық
Топ аралық
Тұлғалық-топтық
Тұлға ішілік конфликт – бұл тұлғаның мотивтері, қызығушылықтары
арасындағы күресті бейнелейді.
Тұлға аралық конфликт – бұл тұлғалар арасында бір-біріне қарама-
қарсы келетін мақсаттарды орындау барысында іс-әрекетте туындайтын
конфликтілермен сипатталады.
Топ аралық конфликт – бұл әлеуметтік топтар арасында мақсаттар мен
оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінен туындайтын конфликтілер.
Тұлғалық-топтық конфликт – тұлғаның мінез-құлқы мен тәлім-тәртібі
топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде туындайды.
Конфликтінің туындау себептері (М.М.Рыбакова бойынша):
іс-әрекет конфликтілері;
қарым-қатынас конфликтілері;
әрекет конфликтілері.
Іс-әрекет конфликтілері мұғалім мен оқушы арасында
туындайды және оқушы белгілі бір тапсырманы орындаудан бас тартқанда немесе
дұрыс орындамаған жағдайда пайда болады. Бұл конфликттер көбінесе оқуда
қиындық көретін оқушылар мен мұғалім сыныпқа жаңадан келген жағдайда
туындайды.
Қарым-қатынас конфликттері – педагогтың проблемалы
ситуацияларды шеше алмауы барысында туындайды, ол көбінесе ұзақ мерзімге
созылады. Бұл конфликтілер тұлғалық сипатқа ие болады, оқушының мұғалімге
деген жек көрушілік сезімін туындатады.
Әрекет конфликтілері мұғалімнің конфликтіні шешуде
туындаған кез келген қателіктері жаңа мәселелер мен конфликттер туындатады.
Педагогикалық іс-әрекеттегі конфликтілерді шешуден қарағанда оның алдын алу
жеңіл.
Мұғалім конфликт барысында өзінің позициясын анықтап
алғаны дұрыс, себебі сынып оның жағында болған жағдайда конфликтіден шығу
жеңіл өтеді.
Педагогикалық конфликт құрылымы:
Объектісі;
Субъектілері;
Пәні;
Инцидент;
Конфликтілік қарым-қатынастар;
Мотивтері;
Нәтижесі
Әлеуметтік-психологиялық
келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы
саласында пайда болатын қарама-қайшылықтың күрт шиеленісіп кетуі ретінде
қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз
табиғатында тұлға аралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда
адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің
әдістері мен құрлдары туралы әр түрлі пікірлерде болады.
Келіспеушіліктер әр түрлі себептердің салдары болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық
әрекет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына байланысты
туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер , басшылар
арасындағы іскерлік сипаттағы байланыс болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымда орын алатын
келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады.
1. Кәсіптік-педагогикалық әрекетті мақсатқа
жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын
кәсіптік келіспеушіліктер. Мұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан,
мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен
туындайды.
2. Педагог мінез-құлқының өзара қатынас
нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-құлық пен іс-әрекеттің ұжым
мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайтын. Ол
педагогтың өз әріптестеріне және оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік
этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде
көрініс береді.
3. Педагогикалық процестерге қатысушылардың
мінез бен темпераменттік ерекшеліктер негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен
туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген
бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс
өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды.

Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды
әрекеттердің бірізділігінен тұрады:
келіспеушіліктің алдын алу;
пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру,жою;
келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау;
келіспеушіліктің түйінін шешу.
Келіспеушіліктің алдын алу кезінде сол адамның неге осылай
жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан
келіспеушілік ахуалға немқұрайлы қарамауы тиіс, сондықтан ол келіспеуші
жақтарды ашық әңгімеге тартып, қалыптасқан жағдайда бірге талдап, талқылауы
тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші
жақтарды алдағы кездесуге араласуға психологиялық тұрғыдан дайындау тиіс.
Егер келіспеушіліктібастапқы кезеңінде
келістіру мүмкін болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы
жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады,
қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым
мүшелеріне біршама уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол араласуды шектеу
туралы шарт қойылуы мүмкін. Кәсіптік келіспеушіліктер еңбек жағдайын, оқу-
тәрбие процесін өзгерту, мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы
реттеледі. Ал тұлғалық сәйкессіздіктен туындаған келіспеушілікті жою
күрделі сипат алады. Мұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де
пікірлердің өмір сүруін мойындататындай шешім қабылдайды.
Қарым-қатынас кезінде жеке тұлғаның
өмірлік құндылықтары, әлемге деген көзқарасы және тұлғалық этикалық
принциптері дамиды.
Тұлға үшін коммуникативті міндеттерді
шешуге бағытталған тұрақты және нақты тіл табысуды ұйымдастыру әдістері мен
тәсілдерінің жиыны тіл табысу стилі деп аталады. Адамдарды, ұжымды
басқару, қадағалау, бағыттап отыру әрекеті демократиялық, авторитарлы және
либералды стильге бөлінсе, кәсіптік педагогикалық тіл табысуды да көптеген
авторлар осы үш стильге бөледі. Бұл басқару іс-әрекетінде жаттықтырушының
маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығы негізделген: жаттықтырушы
спорттық ұжымды басқаруды жүзеге асырады. Сондықтан мына түсініктерді
қолдану дұрыс болып саналады: педагогикалық тіл табысу стилі,
жаттықтырушының спорттық ұжымды синонимдік басқару стилі, жетекшілік стилі,
ұжымдарды басқару мәселелерін зерттеумен айналысып жүрген мамандар
жетекшілік стилін былай сипаттайды:
Педагогикалық қарым-қатынас – күрделі
процесс. Оған көптеген адамдардың қатынасы, балаға ықпалы жатады. Ұстаздық
қызмет, ұстаздық қызметті ұйымдастырудың, балаларды ұжымда тәрбиелеу,
баланың өзара қатынасын ұйымдастырудың тәрбиесінде қолданылатын әдіс-
тәсілдер, құралдары болып табылады. Мұның бәрі педагогикалық қатынас арқылы
іске асады, ұстаз баланы соған тәрбиелейді.
Ұстазға педагогикалық қарым-қатынасты
орнату барысында балаға сүйіспеншілігі, қызметіне ынтасы, бейімділігі,
қабілеті, ұстаздық нышаны, дарындылығы болу керек.
Әсіресе, педагогикалық іс-әрекеттің
нәтижелі болуы бірін-бірі толықтыратын бірнеше іскерлікке, қабілетке
байланысты. Қатынас үшке бөлінеді:
ішкі қатынас;
сыртқы қатынас;
табиғатпен қатынас.
1. Ішкі қатынас – бұл адамның өзімен-өзінің кеңесуі. Қазақ мұндайда
қабырғаңмен тілдес дейді. Бұл да қатынастың бір жолы.
2. Сыртқы қатынас жеке адам бірімен және ұжыммен, топпен, ұстазбен
қатынасады. Бұл қатынастардың әрқайсысының көздеген мақсаты, мазмұны,
әдісі, тәсілі бар.
3. Адам тірі және өлі табиғатпен , заттармен, жан-жануарлармен
тілдесе отырып қатынас жасайды.
Ұстаз ішкі, сыртқы және табиғатпен
қатынастарды жасөспірімдерге үйретеді, ықпал етеді. Педагогикалық
қатынастың ерекшелігі оның мақсаттылығында, саналылығында, білімділік,
тәрбиелік құндылығында.
Педагогикалық қатынастың нәтижесіндегі бірнеше жағдайға:
а) балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне;
ә) баланың психикалық, эмоциялық (сезімталдық) жағдайына, баланың
ойын табуға;
б) ұстаздық шеберлігіне, тартымдылығына, сауаттылығына, баланы өзіне
қарата білуіне.
Тек осы жағдайларды ескергенде ғана педагогикалық қатынас нәтижелі болады.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың
сипаттары:
1. Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің
белгілі бір кәсіби қасиет сапалары қажет. Кәсіби маңызы бар қасиеттер мәнін
анықтауға бірқатар ғалымдар (А. Сатынская, В.А. Сластенин, К. Успанов және
т.б.) көңіл бөлді. Біртұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі
заңдарын басшылыққа ала отырып ( Хмель Н.Д.), педагогикалық процестің іске
асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен
ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға
болады. Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелі педагогтар-
оқушылар жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне
байланысты. Оқушы жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты
пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани
құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. Оқушылар қатынас салдары
ретінде жасалады. Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық
процестің қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызы бар
сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.
Жоғарыда баяндалғандардың балалар
ұжымымен тиімді жұмыстар істеудің тиімділігінің шарттарының бірі ретінде
қарастырылатын ұжымшылдық сияқты мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға
қатысты.
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен
және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде
балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады.
Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші
механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына
тәуелді. Қызмет барысында сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған
байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының
қызметін ұйымдастыруға дайын болу керек.
Тұтас педагогикалық процесс және балалар
ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына сүйене отырып мұғалімге, сынып
жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру
үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет.
1. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының,
қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде
педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.
2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен
тәжірибесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас
түсініктің болуы.
3. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен
деңгейін диагностика жасай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі
көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін
диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.
4. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі
құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана
алу.
5. Әрбір оқушының қызығушылығы мен
қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс
іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу.
6. Алғашқы ұжымдық қалыптасудың мұғалімнің
педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды үйлестіре алу.
7. Мектеп және мектептен тыс уақыттарда
алғашқы ұжымды басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.
Педагогикалық қатынастың бірнеше түрі бар:
қызметтестік, техникалық, көркемөнерпаздық, спорттық, жалпы ортақ
адамгершілік, діни, сымбаттылық т.б. Осы қатынастың көпшілігі ұжымда өтеді.
Күнделікті өмірде адам тек қана ұжыммен емес, жеке адамдармен де
қарым – қатынаста болады. Үлкен болсын, кіші болсын ұстаз бен шәкірт,
шәкірт пен шәкірт т.б өзара қарым – қатынаста болады. Олар айтысады,
тартысады, пікірлеседі, ой бөліседі. Соның арқасында өмірден мол тәжірибе
жинақтайды, тәрбие әдістерін, тәсілдерін қолданады.
Мұғалімнің қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі, мұғалімнің
еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Өйткені ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры
үшін өзін жауапты етіп сезінеді, оның тәртібі, білімі, қоғамнан алатын
орны, адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі үшін күресетін, оның жүрегіне
жол тауып, оның жан дүниесінің таза, қоғам үшін жан тәнімен еңбек етуге
құштарлығын оятатын, білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы
білімге ұмтылдырып талаптандыратын мұғалім. Оны осы қасиеттері үшін адам
жанының инженері деп атайды.
Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар сирек
кездеседі. Әрине, әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз
ісінің шебері болады және болуға да тиіс.
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар.
Ең алдымен мұғалім жан – жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары
бар, әр түрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты
барлық мәселені түсініп шеше алатын, әр түрлі сұраққа жауап бере алатын
адам болуға тиіс.
А.С.Макаренко өзін талантты педагогпін деп есептемеген, бірақ көп
еңбектендім, сондықтан шеберлікті меңгердім деген. Осы сөздің байыбына
барып қарасақ, шеберліктің негізі еңбекте екен.
Такт – бұл адамдармен қарым-қатынасты реттеуге көмектесетін жағымды
категория болып табылады.
Гуманизм қағидасына (принципіне) негізделе отырып,әдептілік, мінез-
құлық, жүріс-тұрыс өте қиын және қарама-қайшылықты жағдайларда адамдарға
деген құрмет, ізеттің сақтауын талап етеді.
Әдепті болу - әрбір адамға өнегелі, әдепті болуды талап етеді,
әсіресе ол мұғалімге, себебі мұғалім жеке тұлғаның дамуына қатысып, өзіндік
қасиеттерді қалыптастырады.
Педагогикалық такт – мұғалімнің кәсіби санасына, шеберлігінің бөлігі.
Педагогикалық такт жалпы такт түсінігінен мыналар арқылы ерекшеленеді:
мұғалімнің жеке өзіндік қасиетін (әдептілік, құрмет,балаға деген
мейірім,кішіпейілдік) белгілейді.
Сонымен, педагогикалық такт – бұл оқытушы мен оқушының орынды іс-
әрекетіндегі педагогикалық өлшем бірлігі, қарым-қатынастың өнімді стилін
құра білу шеберлігі. Педагогикалық такт оқушылармен қарым-қатынасқа түсу
барысында сыйлай отырып, мұғалім балаларға құрмет көрсетуге міндетті.
Педагогикалық такт – мұғалімнің мінезіндегі жоғары гумандылық,
оқушының қасиетін құрметтеу, әділдігі және әрекетіндегі балаға, ата-
аналарға, еңбек бойынша әріптестеріне қатысты шыдамдылығы мен өзін-өзі
ұстай білуінің сана-сезімдік өлшемі, педагогикалық этиканы іске асыру
формаларының бірі.
Өзіндік жұмысты мұғалім сенімімен бақылау керек. Практиканы мұғалімге
оқушыларды ұдайы тексермей-ақ, олардың әрбір қозғалысын бақылауға болады.
Мұғалім мен оқушы арасындағы дау-жанжал бұл мұғалімнің тактісінің дұрыс
қалыптаспауының себебінен туындайды.
Мұғалімге такт сабақтың барлық этабында қажет. Әсіресе, оқушылардың
білімін бағалау, тексеру кезінде көңіл аудару керек. Мұнда такт оқушының
жауабын тыңдауға шеберлігін білдіреді; жауаптың формасына, мазмұнына көңіл
аудару, қиын оқушыларға төзе білу.
Барлық оқушы жауап беру кезінде өзіне көңіл қойып тыңдағанды жақсы
көреді. Жауап беру барысында қолдау көрсету, жақсы көзқарас, күлімдеу,
мимика, сонымен қатар баға қою кезінде өте маңызды болып есептеледі.
Сонымен педагогикалық такт мұғалімнің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы. Өйткені,
педагог оқушының алдында әр түрлі рөлге еніп шығады.
Сабақта – айқындық, қаталдық, кластың берілген тапсырмаға дайын
болмаған жағдайда өзін-өзі ұстай біліп, салқын қанды болу керек. Сыныптан
тыс жұмысты еш зорлықсыз, сырластықпен, әсіресе,жеке тұлғамен сұхбат
жүргізу тиімді.
Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық
такт.Педагогикалық такт деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай адамгершілік
сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Ықпал оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі. Мұғалім
қайда болмасын тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл жұртшылық үшін үлгі-
өнеге. Ол әркез көпшіліктің бақылауында болады.
Өін-өзі үйлесімді ұстай білетін, ілтипатты, қарапайым, әділетті болуы
да тактыға жатады. Әділетті ұстазды бала әркезде бағалап, сыйлайды. Үлгі
тұтады. Ол бала жүрегіне жол тапқан үнемі ұмытылмайтын педагогикалық істің
шебері.
Қорыта айтқанда, мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің
ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының әрі
дүние жүзінің рухани игіліктерін бойына молынан сіңірген зиялы адам болуы
керек.
Педагогтық әдеп – мұғалімнің ең жақын кәсіптік белгісі. Ол әр түрлі
әрекет саласында педагогтың балалармен дұрыс қарым-қатынас жасауы. Жалпы
әдеп жұғысу, адамдар арақатынасының түрі мағынасында қолданады. Ал
этикалық сөздікте әдеп адамдар арасындағы қатынастың ерекшеліктерін,
мінез-құлық кодексін айтады. Бірақ бұл анықтама толық емес.
Педагогтық әдеп – этика ғылымының салыстырмалы дербес бөлімі. Ол
педморальдің ерекшеліктері мен кәсіптік ортадағы өнегелік қатынастарды
зерттейді. Педагогтық әдеп – мұғалімдер арасындағы пайда болған қарым-
қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлқының, киінуінің, балалармен қарым-
қатынасының және т.б. жиынтығын білдіреді. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең
алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Әнші немесе музыкант үшін музыканы
ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет.
Педагогтық әдеп – жастардың тәлімгері ретінде өзіне қойылатын
әлеуметтік үмітті тепе-тең қабылдау негізінде құрылатын мұғалімнің мінез-
құлқы. Бұл педагогтың шәкірттерімен, олардың ата-аналарымен және
әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты қолдау, іскерліктер мен өлшемдерді
сезіне алуы арқылы көрінеді.
Педагогтық әдеп оқуда да, тәрбиеде де өте қажет. Оның рөлі тәрбие
жұмысында тіпті ерекше. Әдеп әлемінен алыстау кезінде мұғалімнің тәрбиесі
нәтиже бермейді. Моральдық сенімді, ынта,ықылас және талғамды күштеп
қалыптастырмайды. Қалыптастыру үшін амал біреу: балалар мұғалімдерін шексіз
сүйіп, құрмет тұтуы керек. Балалар көбінесе ескертпе жасағыш, сол арқылы
өздерінің артықшылықтарын көрсетуге, үстемдік жүргізуге тырысатын
мұғалімдерді жүре тыңдайды. Сондықтан, педагогтық әдепті сақтамайынша
олармен тіл табысу мүмкін емес. Белгілі психолог М.Д. Левитов айтып
көрсеткендей, педагог әдептен құр қол болса, балалардың әрекетіне залалы
тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп,
қылықтардың пайда болуына себеп болады. М.Д.Левитовтың байқауынша,
мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы, оқушыларды тұйықтыққа, сенімсіздікке,
жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейді. Олар мұғалімге өшігіп, бәрін
теріс ұстауға бейім тұратын көрінеді. Әдетте, әдепті адамдарды олардың
кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік,, жылы шырайлылық, тапқырлық,
елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ салушылық, ұстамдылық, байсалдылық
сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады.
Жалпы әдеп және педагогтық әдеп бар. Кез келген тәрбиеші, мәдениетті
адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп –
медициналық қызметкерлерінің дәрігерлік этикасы сияқты мұғалімнің кәсіптік
белгісі. Педагогтардың кейбіреулері педагогтық әдеп – мұғалімнің балаларды
баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері – мұғалімнің жалпы
мәдениетінің құрамдас бөлігі, ал үшіншілері – пәнді жетік білу және оның
әдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Бұл айтылғандардың барлығы да қай-
қайсысында педагогтық әдептің азды-көпті белгілері бар. Педагогтық әдепті
мұғалімнің жалпы мәдениеті, тәртібі және жалпы әдістемелік сауаттылығымен
қою қате. Педагогтық әдеп мұғалімнің барлық жақсы қасиеттерімен жымдасып
жатады, бірақ өзіндік ерекшелігі болады. Педагогтық әдеп дегеннің өзі шын
мәнінде психологиялық әдеп , - деген болатын К.Д. Ушинский.
Педагогтық әдеп тек қана педагогтық мораль принциптерінің мәнін
қарастырып қоймай, олардың категорияларының мәнін де қарастырады.
Категориялары:
1. Кәсіби педагогтық борыш
2. Педагогтық әділеттілік (әділдік), абырой
3. Педагогтық беделділік
Педагогтық әдептің басты ерекшелігінің бірі – мұғалім жас буынға
моральдық тәрбие беру процесінде қайталау арқылы емес, бүкіл оқу-тәрбие
жұмысын адамгершілікке тәрбиелеу ісімен тығыз ұштастыра білуге байланысты
болмақ. Бұл мұғалімнен принципшілдік пен жауапкершілікті талап етеді.
Ұстаздың білімділігі жастардың моральдық қасиетін өзінен-өзі
қалыптастыра алмайды. Адам білімді болуы мүмкін, бірақ оның мінез-құлқы,
адамгершілік қасиеті кейбір жағдайлардаоның біліміне қайшы келуі мүмкін.
Өмірде кейбір білімді адамдар арасынан мораль нормасы мен принциптері қайшы
келетін, сөзі мен ісі арасында алшақтық бар адамдар да кездесіп отырады.
Педагогтық әдептің тағы бір ерекшелігі – мғұғалім жас ұрпаққа белгілі
бір салада жүйелі білім берумен қатар, өздерінің іс-әрекеті, дүниеге
көзқарасы, адамгершілік пен гуманистік қасиеттері арқылы оларды мораль
нормаларына тәрбиелеуі тиіс.
Кәсіби борыш – педагогтық әдептің маңызды категорияларының бірі. Бұл
түсінікке мұғалімнің жеке басына қоғамның қоятын талаптары мен моральдық
ұйғарымның жиынтығы туралы, кәсіби міндеттерді орындауы туралы, яғни
анықталған еңбек функциясын жүзеге асыру, оқушылардың және олардың ата-
аналарымен, әріптестерімен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату, таңдаған
кәсібіне деген өзінің қатынасын терең сезінуі.
Кәсіби педагогтық борышта мұғалімнің өзінің еңбегіне деген
шығармашылық қатынас асауға қажеттілігін, өзіне ерекше талап қоюға, кәсіби
білімін көтеруге, оқушыны және оның ата-анасын құрметтеуге және т.б.
бағдарланған.
Педагогтық әдепте әділдік түсінігінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
“Педагогикалық шеберлік” пәніне типтік оқу жоспары
Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі туралы ақпарат
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың пеагогикалық негізін анықтап, қазіргі жоғары мектеп оқу-тәрбие процесінде пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныстар жасау
Бастауыш сынып мұғалімнің тіл табыса білуі
Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеру
Педагогикалық шеберлік туралы
Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі
Педагогикалық шеберлік бойынша дәрістер
Пәндер