Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен мұғалімнің кәсіби шеберлігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру

Ақырын жүріп, анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық қылған жалықбас

Үйретуден балаға

  • дей отырып.

«Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, ақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».

Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру жалпы педагогикалық еңбектің ерекшелігіне сәйкес өзгереді және жаңартылады. Педагогикалық еңбект бұл еңбек түрлерінің бірі, мұндай еңбекте мұғалім мен оқушылар бірлесіп әрекет жасайды. Сондықтан материалдық өндіріс орындарында қолданылатын еңбекті ғылыми ұйымдастырудың (ЕҒҰ-НА) педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың (п. ЕҒҰ-НОПТ) айырмашылығы бұл бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау, екіншісі оқушы.

Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру - бұл ынтымақтастық педагогикасы негізінде мұғалым мен оқушылардың бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау. Ал еңбек бұл нақты мақсатқа сәйкес адамның іс-әрекеті.

Іс-әрекеттің бастысы дене, ақыл-ой, еңбегі, материалдық және рухани еңбек, ойын, оқу т. б.

Еңбек өндірілетін материалдық және рухани құндылықтармен байланысты.

Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру бұл қазіргі ғылым мен озат практика жетістіктерінің нәтижесіне негізделген еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру процесі.

Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты. Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау мұғалім көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып белгілі жүйелікпен жүзеге асырылатыны айқын.

Мысалы: оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен бейтараптылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін есіне алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын.

Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра оытырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете және білуге үйрету және тәрбиелеу.

Ұстаздық еңбек негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық танымы.

Ұстаздық шеберлік еңбегі, екіншіден, пәнді жетік білуді, ойды оқушыларға жеткізу үшін негізгі материалды терең түсініп, олардың алдына жан-жақты дайындықпен баруды, сонымен қатар, оқушылардың басына әдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білуі тиіс.

Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру керек. Педагог көп біліп қана қоймау сол білгендерін оқушыларға бере білуі, яғни белгілі бір сынып оқушыларының жас мөлшері мен шама-шарықтарын ескеріп, сабақтың қызық та түсінікті әрі жеңіл өту жағын ойластыруы қажет. Педагогикалық әдеп ауадай қажет. Оған қоса, педагогикалық істің шебері оқушылардың түсінігін, тәжірибесін біліммен байтып, моральдық сапасын қарастыруға, программалық материалдың жақсы мұғалімі болып қана қоймай, оқушылардың тәрбиешісі де болуы керек.

Алайда, зер салып байқасақ, жалпы әдеп бар да, педагогикалық әдеп бар ғой. Кеқ келген тәрбиелі де мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп - медицина қызметкерлерінің дәрігерлік этикасы сияқты мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберлігі еңбектің құрамдас бөлігі болып табылады.

Педагогтық ғылыми ұйымдастыру еңбегі, кең мағынасында ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушыларға біздің тарапымыздан болатын әр бір педагогтық әдіс-тәсіл, әр бір ескерту мұғалімнің беделін жоғары көтеретіндей, не болмаса оған нұқсан келтірмейтіндей болуы керек. Мұғалімдер өз талаптарын оқушылардың қалай орындайтынына маңыз беріп қана қоймай, сонымен қатар, реніш тумау жағын да ойластырғаны жөн.

Педагогтық әдептен хабары мол оқытушы, меніңше, ұстамды, бірақ талап қойғыш мұғалім, қайсар және өз дегенінен қайтпайтын адам. Әр нәрседен хабары мол әдепті мұғалім оқушылардың жүрегіне жол таба біледі. Жол таба білудің нәзік жолдары: ерлік-жігер, ұстамдылық, дәйектілік, талап қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай білушілік, орынды мысқыл, ептілік, әзіл оспаққ ырғағының мол болуы.

Оқушылармен жұмыс барысында ешқендай ымыраны мойындамайтын мұғалімдер де бар. Ондайлардың көбісі көтеріңкі дауыспен сөйлейді. Сабағы түсінбегенде, күлкі буғанда, класта тақта сүртілмегенде ұрсып сөйлейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби дамуы
Мұғалімнің кәсіби қабілеттілігі мен педагогикалық шеберлігі
Педагогикалық қызмет: теориясы, әдістемесі және мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен ұстаздық шеберлігі
Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі мен кәсіби шеберлігі
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері және педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
Мектепішілік бақылау және педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен еңбекті ғылыми ұйымдастыру
Мұғалімнің негізгі кәсіби қасиеттері мен педагогикалық қабілеттері: талаптары, шеберлігі және тәрбие әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz