Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік

Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегін-де ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.

Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің -нысаны, талдау пәні, зерттеу міндетгері, зерттеу құралдар тобы т. б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осылай, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қанға жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.

Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау және реттестіру қызметерін атқарады. Дегенмен әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтікке прескриптивтік.

Дескриптивтік әдіснама - ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік әдіснама - зерттеу іс-әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс-әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызмсттері атқарылады.

Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э. Г. Юдин) : философиялық жалпы білімдік нақты ғылымдық және технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары философиялық денгейі ғалымиың жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші - жалпы ғылымдық-әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснам осы белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды сондай-ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды. мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей - технологиялық әдіснама - зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі. себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.

Қазіргі кезеңде адам зерітеулеріне байланысты әрқилы ғылымдар әдіснамасы сипатында көпптген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм, неотизм. неопозитивизм, диалектикалық материализм ж. т. б.

Экзистенциализм немесе адамның тіршілік болмыс толғаныстары философиясы. Бұл бағытты дәріптеуші көрнекті өкілдер: Н. А. Бердяев, Л. И. Шестов (Рессй), М. Хайдеттер. Г. Ясперс (Германия), Ж. Сатр, А. Камю (Франция), Э. Брейзах. П. Тиллих (АҚІІІ) т. б. Экзистенциализмнің негізгі ұғымы-тіршілік өз «меніне» шомған жекеленген адам болмысы, Экзистенциалистер түсінігінде шынайы дүниенің мәні оның субъектті сипатта болуына тәуелді. Олар тікелей объектив білімдер мен объектив шындықты мойындамайды. Сырттай дүние әр адамның ішкі «мені» тарапынан қалай қабылданса, солай танылуы тиіс.

Экзистенциалистер қазіргі коғамның жеке адамды күйреуге соқтыратын, оның өзіндік ерекшелігін жойып, қауымнан аласталуына және т. б. себепші келеңсіздіктерін алға тартады. Мұндай қиыншылықтан құтылудың жолын олар әр адамның өзін-өзі кемелдендіру әрекетімен байланыстырады. Осыдан, мектептің мақсаты, экзистенциалистердің пікірінше, оқушыларды өзін-өзі қалыптастыруға үйретіп өз «менің» жасауға қажет тәрбие, білім беру.

Шынайы білімдерге қарсы тұруымен аталған бағыт теоретиктері мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына қарсылық білдіреді. Білім құндылығы мен қажеттілігі әр нақты тұлға үшін өзіндік маңызға ие болуынан мұғалімнің міндеті оқу, тәрбие материалын игеруде оқушыға толық еркіндік беріп оның ынта-ықыласы мен қызығуларына жол ашу. Заттар мен құбылыстар мәнін ұғыну оқушы еркінде. Ал ұғу процесі санаға негізделмей, бала сезімдері, арманы мен сеніміне орай іске асырылады. Экзистенциализм жекелеп оқытудың философиялық негіздемесі ретінде танылып отыр.

Неотомизм - орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскийден бастауын алған әдіс намалык бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі - сана объективтігін мойындайды. Бірақ мұның астарында сыр бар: сана нео-томистер үшін діни догмаларды дәлелдеу мен шіркеудің адамдарға болған ықпалын күшейте түсу құралы ретінде ғана қажет.

Ғылыми білімдердің адамдар өміріне жан-жақты берік енуін мойындаудан, неотомистер орта ғасырлық Ф. Аквинский идеяларын осы заман жағдайлары мен талаптарына сәйкестендіре қолдануға мәжбүр болып отыр. Алайда олар танымында дүние екі талай: заттасқан және рухани. Заттасқан болмыс-ең темен деңгейлі өлі мақсаты мен мәні жоқ дүние - онызерттейтін гылым. Эмпирикалык деректерді жинауға бағдарланған ғылым дүние мәнін ашуда қауқарсыз себебі ол мән Алланың қолында. Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея - бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі онын қалыптасуы "әлеуметтік бағдарламаға" сәйкес, қоғамдық ықпаддың, соның ішінде тәрбиенің нәтижесінде іске асады. Сонымен қатар бұл әдіснама, адам дамуының көзі, одан тыс екенін айта отырып, оның қоғамдық тұлға болып қалыптасуында өзінің ішкі жан дүниелік белсенділігінің де маңызды рөл атқаратынын алға тартады, әрі зерттеушілерге осы өзіндік жан белсенділігін көтерудің жолдарын табудың қажеттігін түсіндіреді.

Материалистік философия мен педагогика қоғамдағы әлеуметтік және рухани қатынастардың жетілуімен адамның өзі де жетіліп, әрі дамып отырады, оның өзіндік қасиеттері мен сапаларын ұнамды бағытта өзгертіп және жақсартып отыруы үшін зор табиғи мүмкіндіктерге ие екендігін жария етеді. Сонымен қатар, бүгінгі педагогика тағылымы қоғамдық дамудың объектив зандылықтарына жүгіне отырып, қоғамдық ілгерлеуге қызмет ету қажеттігін, адамды қоғамның ең жоғарғы құүндылығы деп тануды өз міндеті деп санайды.

Біздің ойымызша, адам тәрбиесінің күнделікті практикасында болсын, теориялық тұғырнама пайымдауда болсын жоғарыда айтылған бүгінгі педагогика тұжырымдамаларын негізге ала отырып, идеалистік бағытты да, имандылық шарттарын да өз орнымен үйлесімді пайдаланып отырған қажет.

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Педагогиканың дамуында оның басқа ғылымдармен байланысы ерекше маңызды рөл атқарады. Педагогика өзінің ғылыми қалыптасуында философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, анатомия мен адам физиологиясы, гигиена, этнография, математика, кибернетика және т. б. ғылымдардың идеяларын пайдаланып жетілуде. Аталған және басқа ғылым салаларынан көптеген идеяларды педагогика өзінің зерттеу аймағы тұрғысынан өңдеп тәрбиенің мән-мағынасын тереңірек түсінуге және соның көмегімен тәрбиенің теориялық негіздерін нақтылауға пайдаланады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, философия педагогикалық теорияларды бағыттауда әдіснамалық тараптан жәрдемдеседі, яғни ғалымдарға педагогикалық құбылыстардың сырын ашуда бастау жолды көрсстеді. Педагогикалық зерттеулердің осындай әдіснамалық бастаулары әлеуметтану, этика, эстетика және т. б. ғылымдардан алынады. Ал басқа ғылымдардың идеялары тәрбиенің нақты саласындағы педагогикалық проблемаларды шешуде тікелей негіз бола алады. Мысалы, психология деректері педагогика үшін адамның жеке тұлғалық ерекшеліктерімен оның ішкі жан-дүниелік зандылықтарын балаларды оқыту процесінде дұрыс пайдалануға бағдарлайды. Физиологиядағы іс-әрекеттің шартты рефлекстігі жөніндегі идеялар адамда сыртқы әсерлердің ықпалымен болып жататын өзгерістердің және тәрбиеленушіде ептілік, дағды мен әдеп қалыптасудың ғылыми негіздерін ашуда өз себін тигізеді. Сонымен, адам жөніндегі басқа ғылымдарды илеялары педагогикаға тәрбие заңдылықтарын терең және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік ашады. Өз дәуірінде К. Д Ушинский "Педагогикалық антропология" еңбегінде "Егер педагогика адамды әр тараптан тәрбиелегісі келсе онда ол ең алдымен сол адамды жан-жақты танып алуы тиіс" ֊ деген. Мұнысымен көрнекті ғалым педагогика үшін адам зерттеуші антропологиялық ғылымдардың бәрімен де терең таныс болу қажетгігін баса айтып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік беру
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Педагогика ғылымының қызметтері
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан дамыту
Тәрбие технологияларының жіктемесі
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы
Тұтас педагогика ұғымы
Әдіс пен технология
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz