Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы

Жас ерекшелігі психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні - адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология-жас ерекшелігі психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т. б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.

Педагогикалық психилогияның пәні - оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарыи зерттеу. Педагогикалық психология оқыту процесін баскарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процесстерінің қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі акыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология оқушыларға жеке-дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді де зерттейді.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының бір-тұтастығы зерттелу объектісі - бала, жеткіншек, жас өспірім - ортақтығымен түсіндіріледі; олар, егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу объектілері, ал егер педагогтың максатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы - жас ерекшелігі психологиясының бөлімдері. Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалім психологиясы. Оқыту мен даму проблемаларына арналған бөлім педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясына теңдей қатысты. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы ажырамастай біртұтастық сұрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу процесінде қарастырады, сонымен бірге оқыту мен тәрбиелеу де өзінен-өзі оқыту мен тәрбиелеудің объектісінен, яғнн балардан тыс қаралуы мүмкін емес. Бұл жағдай педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларды баяндау шеқарасын шартты ете түседі. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы . Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның өнуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің енбектері, алдымен оның «Адам - тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып. . Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты.

Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау-эмперикалық материалдарының жинақталуы және қорытылуымен қатар. . Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына объективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылымн тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялық экспериментеу педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперименттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалық, заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы.

Орыс педагогы әрі психологы П. Ф. Каптеревтің «Педагогикалық психологиясы» (1877), америка психологы У. Джемстің «Психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме» (1902) атты кітабы және сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды

Бірақ көп кешікпей түңілушілік басталды. Ол кезеңдегі жалпы психология педагогиканың қажеттілігіне жарайтын мардымсыз ғана білім қорын бере алатын. Оның үстіне психологтардан тапқан кейбір деректері педагогтарды қателестіруге дейін апаратын. Мәселен, Эббингауздың мағынасыз буындарды есте сақтауда құрылған есті зерттеуі үнемі тек мағыналы материалды есте қалдырумен шұғылданатын мұғалімдердің бай тәжірибелеріне көп жағдайда қайшы келетін қорытындыларға алып келді. Бұл жағынан алғанда Россиядағы педагогикалық съездердің тарихы көп жайлы білдіреді. 1906 жылы Петербургте педагогикалық психология жөнінде I съезд шақырылды. Педагогикалық психологияның өкілдері А. П. Нечаев, Н. Е. Румянцев т. б. сол кездегі педагогикалық әдебиетті өткір сынға алды. А. П. Нечаев педагогикалық әдебиеттің «бос сөзділігі» және «дәлелсіз пікірлері» жаңа шын мәнінде негізделген педагогика үшін мықты іргетас бола алмайды деп есептеді. А. П. Нечаевтің көзқарасы бойынша, дидактика мен методиканың барлық даулы мәселелері эксперименттік-психологиялық зерттеу саласына, яғни құбылысты дәл тіркеп, нәтижелерін математикалық талдаудан өткізе алатын зерттеуге жатады. Алайда тексере келгенде құбылыстарды бұлай дәл тіркеу тахистоскопты пайдалана білуге және ассоциативтік эксперимент жасай білуге, яғни жалпы психологияның кейбір әдістеріне сүйенуге тырысуға келіп саяды.

Педагогикалық психологияны құрудың алғашқы тәжірибелері нәтижесінде жасалынатын аса маңызды қорытынды мынада психологияны педагогикалық практикамен жақындастыру (ал бұл мәселені қоя білуде А. П. Нечаевтың сөзсіз еңбегі бар) тек оқыту мен тәрбиелеу процесінің өэінде эксперименттік зерттеу жолында ғана мүмкін. Эксперименттік деректер психологиялық-педагогикалық зерттеулсрге сырттан әкеліп қосылмай, олардың өз зерттеулерінің нәтижесінде алынуы қажет.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар. Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көздері мен зандылықтары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы үшін әрқашанда басты проблема. Оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, олардың аса манызды тәсілдерін анықтап, балаға деген қарым-қатынас және ересек адамдармен салыстырғандағы оның өзіне тән ерекшеліктерін түсіну осы проблеманың

шешілуіне байланысты.

XX ғасырдың басында педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуынын негізіне қандай факторды, биологиялық, немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатының, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. ? Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар жайың сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем абсолюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық, даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды. Бұл екі бағыт та 30-жылдардың басында совет психологиясында сынға алынды.

Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағытқа не тән? Оған «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуын жеңіл-желпі, түсті түсіну тенденциясы тән. Биологияшылдар үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары катар тұратын тәрізді болып көрінгенімен биологиялың ен, алдымен тұкым құалаушылық фактор айқындаушы фактор болып есептеледі. _Биологияшылдардың пікірінше даму, жеке адамның сапалық және сандық жақтары сөзсіз түрде тұқым қуалаушылықпен анықталады, ал орта - бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғана.

Психикалық дамуда биологияшылдарға тән тұкым қуалаушылық факторларды артық бағалауы, олардың психологиядағы биогенетикалық деп аталатын заңға еруі, толық айқындап беріледі. Құрсақтағы тіршілігі кезенде адам ұрығы бір клеткалы жанды затты адамға деиінгі бүкіл даму сатысың қайталайтыны тәрізді, бала адамзат тарихының негізгі кезеңдерін жанғыртып шығады. Биологиялық күштердің әсерімен психологиялық даму кезеңдері мен бала мінез-құлқының формалары бірін-бірі заңды түрде ауыстырып отырады. Мәселен, бала басынан өткізеді-міс деген бес кезең: тағылық кезең, аңшылық кезең, бақташылық кезең, егіншілік кезең, сауда-өндірістік кезең бөліп алынды. Мұндай кезеңге бөлуге сәйкес, бала тағы болып туып, біртіндеп дамудың барлық сатысынан өтеді де, соңғы сатыда ақшаға, саудаға, айырбасқа сөзсіз ынта білдіреді, яғни капиталистік қоғам мұраттарына толық сай болады.

Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңының негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ол сыртқы фактор ретінде қайсыбір табиғи тұқым қуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге ғана жарамды болады деген идея жатқызылды. Биогенетикалық заңнан кертартпа педагогикалық қорытындылар шығарылды. Бала дамуының табиғи барысына араласу жіберуге болмайтын қателік ретінде қаралды. Биогенетизм «еркін тәрбие» деген педагогикалық теорияның психологиялық негізіне айналды.

Педагогикалық психологиядағы биогенетикалық бағыттың диалектикаға қарсы, механистік сипатын совет педагогтарымен психологтары 30-жылдардың басында жете түсінеді.

Педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыттың
да қателігі аз болған жоқ. Айырмашылығы бар сияқты болып
көрінгенімен бұл теориялар бір-біріне көп жағынан жақындасып жатады. Бұл бағытты жақтаушылардың пікірі бойынша, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті: қоршаған орта қандай болса, адамның түптеп келгендегі жеке басы, оның мінез-құлықтарының механизм, даму жолдары (бұл әуел бастан және мүлдем тікелей
ортада беріледі) сондай болмақ. Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер тәрізді социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсеріне таңып жеке адам белсенділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік орта жағдайында көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қалайша қалынтасатыны, ал нелдіктен түрліше ортада ішкі жан дүниесі, мінез-құлықтарының
мазмұны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы түсініксіз болып қалды. Даму мәселесіне механистік қатынас, жеке адамның өз белсенділігін, оның қалыптасуының диалектикалық қайшылықтарын елемеу - педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыттың анық идеялық теориялық ақаулары осылар.

Ол балалық шақ педагогикасы мен физиологиясын ығыстырып, баланы зерттеу правосын өзі иемденуге кірісті. Педология - даму үстіндегі адамды зерттейтін әр түрлі ғылыми пәндердің зерттеу нәтижелерін
қамтитын комплекстік ғылым ретінде жарыққа шықты. Сөз жоқ,
баланы комплексті, синтезді зерттеу, даму проблемасын зерттеу
жұмысының өзегіне ұсыну сияқты, психологиялық және педагогикалық ойлардың, құнды жетістігі болған болар еді. Бірақ ғылыми синтез алудың сәті түспеді. Педология психологияның, анатомияның, физиологияның және педагогиканың деректеріне алдын ала талдау жасай алмады, өйткені ол синтездің негізіне даму процесін тікелей анықтайды-мыс делінген «екі фактор» (орта және тұқым қуалаушылық) әсерін есептеу жатады деген
механистік түсінікте болды.

Алайда педологияның сыналуы педологияга қандай да болмасын бір қатысы болған бірақ сонымен бірге педагогика мен психологияны творчестволықпен дамытып жүргеп совет ғалымдаынын жағымды істерін де көбіне теріске шығарды. Педагогтардың қатал да көп жағдайда әділ сыналуы жасқа қарай дамудың бүкіл проблемасына теріс көзқарас та туғызды.

Аса көрнекті совет педагогы //. К. Крупская бұл кезеңде-педагогтар түсіндіруде айтарлықтай қателіктер жіберген жас ерекшелігі психологиясының проблемасы және жасқа қарай даму проблемасының педагогика мен педагогикалық психология үшін өз маңызын жойып алмауына қамқорлық, жасап отырды.

20-30-жылдарда педагогикалық психология саласында қазіргі психологияның табиғи құрамына енген мол зерттеушілік мағлуматы бар орасан көп ғылыми жұмыстар жасалды. Дәл осы кезде бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоймаған көптеген психологиялық-педагогикалық концепциялар қалыптасады. Олардың ғылыми құндылығы қазіргі кезде, қай кездегіден де, айқынырақ және нақтырақ ұғынылып отыр. Осыған байланысты баланың жеке басы және балалар коллективі жөнінде А. С. Макаренко тұжырымдаған көзқарастар жүйесі (кейін ол жүйе жеке адам мен коллективтің даму проблемаларына арналған бірқатар психологиялық зерттеулердің қанат жаюына негіз болды) және 71. С. Выгогскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы аталуы тиіс.

А. С. Макаренко және педагогикалық психология. Бала және онын дамуы жөнінде 20 жылдарда және 30-жылдардың бірінші жартысында қалыптаскан А. С Макаренконың баланың жеке басы және оның дамуы туралы психологиялық көзқарастары жеке адамды коллективте қалыптастыру жөніндегі кемелденген ілім болып есептеледі. А. С Макаренконың ілімі оның орасан бай педагогикалық тәжірибесін жинақтап қорытты және өскелен ұрпаққа коммунистік тәрбие беру саласындағы одан кейінгі жұмыстарға негіз болды.

Макаренконың ғылыми концепциясында жеке адамның даму психологиясы әр қырынан алынып (жеке адам мен коллетивтің өзара қарынтынасы, жеке адам дамуының перспективалық жолдары, жеке адамның мотивтік сферасының қалыптасуын.

Макаренко жеке адам қасиеттерін зерттеуге үлкен мән берді. Бұл, алдымен тәрбие мақсаты әрбір жеке адамның касиеттерін, мінез-құлық көріністерін және олардың даму жолдарын жобалап құрудан туындады, ол әрбір жеке-жеке адам үшін айқын белгіленді. Педагогтың жалпы комплекске біріктірген жеке адам белгілері тізбегінің өзі-ақ («адамның коллективте өзін-өзі сезінуі, оның коллективтік байланыстары мен әрекеттерінің сипаты, тәртіптілігі, іс-әрекет жасауға және тежелуге даярлығы, әдеп пен бағдарлау қабілеті, принциптілігі мен эмоциялық перспективалық талпыныстары совет адамының елеулі қасиеттеріне терең психологиялық талдау жасағанын көрсетеді. Макаренконың «Тәрбие процесін ұйымдастыру методикасы» деген еңбегіндегі тәрбиеленушілерді зерттеу схемасы да, тәрбиеленушілердің жеке басының белгілерін қысқа да дәл суреттей отырып, оларға берген тамаша мінездемелер де осыны дәлелдейді.

А. С. Макаренко жеке адамның мотивтік сферасын оның қоғамдық сапаларының қалыптасу заңдылықтарын терең зерттеді. Оның ішінде қажеттіліктерді дамыту мен қалыптастыру проблемасы өзекті дерлік орын алады. «Тәрбие жұмысының аса терең мәні . . . адам қажеттіліктерін таңдап алу мен тәрбиелеуде, оларды тек тапсыз қоғамда ғана болуы мүмкін және адамды оның әрі карай жетіле беруі үшін күреске итермелейті» адамгершілік биіктікке әкелуде болып табылады. Макаренко шығармаларында коллектившіл болу қажеттілігін тәрбиелеуге басты роль беріле отырып, жеке адам дамуының қозғаушы күштерін зерттеудің кең де батыл программасы жасалынған.

Еңбек пен қоғамдық іс-әрекет процесінде қалыптаскан жеке адамды тұтас талдау мүмкіндігі совет психологтарының алдында алғашқы рет дерлік Макаренко енбектерінде ашылып көрсетілді. Макаренконың психолог ретіндегі мейлінше құнды ерекшелігі - жеке адамды психологиялық зерттеудегі енжар пайымдаушылықты жеңе білуінде болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СОВЕТТІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Психологияның жас ерекшелігі
Жас ерекшелігі пәні, мақсаттары мен міндеттері
Жас ерекшелік психологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы
Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары
Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Психологиядағы зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz