ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Жас ерекшелігі психологиясы — психология ғылымының саласы. Оның
зерттейтін пәні — адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму
үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің
онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы,
жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам
психологиясы, героптопсихология жас ерекшелігі психологиясының тармақтары
болып есептеледі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас
ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның
дамуының жетекші факторларын т. б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы
педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.
Педагогикалық психологияның пәні — оқыту мен тәрбиелеудің. психологиялық
заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық психология окыту процесін басқарудың
психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінін калыптасуын зерттейді,
акыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, окыту процесіндегі ақыл-
ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың
арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-
катынастарын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология
окушыларға жеке-дара қатынас жасауға банланысты мәселелерді де зерттейді.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының біртұтастығы зерттелу
объектісі — бала, жеткіншек, жас өспірім — ортақтығымен түсіндіріледі;
олар, егер жас ерекшелігіне сай даму динамнкасы тұрғысында зерттелсе, жас
ерекшелігі психологиясының зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты
ықпалдары қарастырылса, педагогикалык психологияның объектілері болып
табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары
психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы — жас ерскшелігі
психологиясыныц бөлімдері. Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы,
мұғалім психологиясы — педагогикалык психологияның бөлімдері. Оқыту мен
даму проблемаларына арналған бөлім педагогикалык және жас ерекшеігі
психологиясына теңдей катысты. Педагогикалык және жас ерекшелігі
психологиясы ажырамастай біртұтастық құрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу
процесінде карастырады. сонымен бірге окыту мен тәрбиелеу де өзінен-өзі
окыту мен тәрбнелеудің объектісінен, яғни баладан тыс каралуы мүмкін емес.
Бұл жағдай педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларды
баяндау шекарасын шартты ете түседі.
Жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы.
Педагогикалык және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың
екінші жарты-:нна жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның
енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалык ой-пікірге
көрнекті орыс педагогы Қ. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның Адам —
тәрбие тақырыбы деген жұмысы едәуір үлес косты. Адамды жан-жакты
тәрбиелеуте ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс
деп есептей отырып, Л. Д. Ушинский мұғалімдер мен тәрбиешілерге арнап:
...өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалық құбылыстардың зандарын
зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды колданғыңыз келетін жағдайларға
сәйкес іс-әрекет жасаңыздар — деп жазды. Жас ерекшелігі психологиясының
дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар
психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты. Психология
зерттейтін деректердін рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттіц
маңызын көрнекті орыс ғалымы И. М. Сеченов те атап көрсетті.
Бала психикасының даму және оны окыту процесін. бақылау эмперикалық
материалдарының жинақталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және
балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды.
Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына
объективті сипаттама бері оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді
негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда XIX
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялық экспериментті
педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперименттің
жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің
психофизикалык заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім
мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен физиологиялық
психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. б.), оны педагогикалық және
жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнінде үміт
туғызды. Ашылған заңдылықтарды педагогикалық және балалар психологиясына
тек жай ауыстыра салса жетіп жататын тәрізденуі болып көрінді.
Психофизиология заңдарын немесе мәселен қимыл-қозғалыс реакцияларының
жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер
міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын
түсіне алады деген жорамал болды. Орыс педагогы әрі психологы П. Ф.
Каптеревтің Педагогикалық психологиясы (1877), америка психологы У.
Джемстің Психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме (1902) атты кітабы және
сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде
жазылды.
Бірақ көп кешікпей түңілушілік басталды. Ол кезеңдегі жалпы психология
педагогиканың қажеттілігіне жарайтын мардымсыз ғана білім қорын бере
алатын. Оның үстіне психологтардан тапқан кейбір деректері педагогтарды
қателестіруге дейін апаратын. Мәселен, Эббингауздың мағынасыз буындарды
есте сақтауда құрылған есті зерттеуі үнемі тек мағыналы материалды есте
қалдырумен шұғылданатын мұғалімдердің бай тәжірибелеріне көп жағдайда қайшы
келетін қорытындыларға алыи келді. Бұл жағынан алғанда Россиядағы
педагогикалық съездердің тарихы көп жайды білдіреді. 1906 жылы Петербургте
педагогикалық психология жөнінде I съезд шақырылды. Педагогикалық
психологияның өкілдері А. П. Нечаев, Н. Е. Румянцев т. б. сол кездегі
педагогикалық әдебиетті өткір сынға алды. А. П. Нечаев педагогикалық
әдебиеттің бос сөзділігі және дәлелсіз пікірлері жаңа шын мәнінде
негізделген педагогика үшін мықты іргетас бола алмайды деп есептеді. А. П.
Нечаевтің көзқарасы бойынша, дидактика мен методиканың барлық даулы
мәселелері эксперименттік-психологиялық зерттеу саласына, яғни құбылысты
дәл тіркеп, нәтижелерін математикалық талдаудан өткізе алатын зерттеуге
жатады. Алайда тексере келгенде құбылыстарды бұлай дәл тіркеу тахистоскопты
пайдалана білуге және ассоциативтік эксперимент жасай білуге, яғни жалпы
психологияның кейбір әдістеріне сүйенуге тырысуға келіп саяды.
Педагогиканы жалпы психологиямен байланыстырып, осы косындыдан жаңа
педагогикалық психология көруге тырысудың сәтсіздігінің тағы бір себебі
жалпы психологияның А. П. Нечаев бағдар алуға тырысқан теориялық негіздері
сипаты жағынан идеалистік болғандығынан еді. Педагогикалық психологияның
(1910-жылдан бастап эксперименттік педагогика деп аталған) негізсіздігі
жұрттың бәріне айқын болды.
Педагогикалық психологияны құрудың алғашқы тәжірибелері нәтижесінде
жасалынатын аса маңызды корытынды мынада психологияны педагогикалық
практикамен жақындастыру (ал бұл мәселені қоя білуде А. П. Нечаевтың сөзсіз
еңбегі бар) тек оқыту мен тәрбиелеу процесінің өзінде эксперименттік
зерттеу жолында ғана мүмкін. Эксперименттік деректер психологиялық-
педагогикалық зерттеулерге сырттан әкеліп қосылмай, олардың өз
зерттеулерінің нәтижесінде алынуы қажет. Бұл мақсат үшін педагогикалық және
жас ерекшелігі психологиясының маңызды теориялық әрі методологиялық
міндеттерінің дұрыс шешімдерін табу қажет болды. Буұл жерде оқыту процесіне
қатысы бар психикалык дамудың қайнар көздері деген проблема алдыңғы орыңға
щыкты.
Жас ерекшелігі психологияның дамуындағы биогенетикалық және
социогенетикалық бағыттар. Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл
дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары педагогикалық және жас ерекшелігі
психологиясы үшін әрқашанда басты проблема. Окыту мен тәрбиелеудің
жолдарын, олардың аса маңызды тәсілдерін анықтап, балаға деген қарым-
қатынас және ересек адамдармен салыстырғандағы оның өзіне тән
ерекшеліктерін түсіну осы проблеманың шешілуіне байланысты.
XX ғасырдың басында педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр
түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала
дамуының негізіне кандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды
алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік
әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы
шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және
социогенетикалық бағыттар жанын сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем
абсолюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын
жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды. Бұл екі бағыт та 30-
жылдардың басында совет психологиясында сынға алынды.
Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағытка не тән? Оған
туа біткен ерекшеліктерді мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуын жеңіл-
желпі, атүсті түсіну тенденциясы тән. Биологияшылдар үшін дамудың
биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болып
көрінгенімен биологиялық ең алдымен тұқым куалаушылық фактор айқындаушы
фактор болып есептеледі. Биологияшылдардың пікірінше, даму, жеке адамның
сапалық және сандық жақтары сөзсіз түрде тұқым қуалаушылықпен аныкталады,
ал орта — бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен
өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор
ғана.
Психнкалық дамуда биологияшылдарға тән тұқым куалаушылык факторларды
артық бағалауы, олардың психологиядағы биогенетикалық деп аталатын заңға:
еруі толық айқындап беріледі. Психологиядағы биогенетикалық заң дегеніміз
XIX ғасырда Геккель тұжырымдаған белгілі эволюция заңын (онтогенез
филогекездіи кысқара қайталануы) жас ерекшелігі психологиясы саласына
ауыстыру әрекеті. Кұрсақтағы тіршілігі кезеңде адам ұрығы бір клеткалы
жанды заттан адамға дейінгі бүкіл даму сатысын қайталайтыны тәрізді, бала
адамзат тарихының негізгі кезеңдерін жаңғыртып шығады. Биологиялық
күштердің әсерімен психологиялық даму кезеңдері мен бала мінез-құлқының
формалары бірін-бірі заңды түрде ауыстырып отырады. Мәселен, бала басынан
өткізеді-міс деген бес кезең: тағылық кезең, аңшылық кезең, бақташылық
кезең, егіншілік кезең, сауда-өндірістік кезең бөліп алынды. Мұндай кезеңге
бөлуге сәйкес, бала тағы болып туып, біртіндеп дамудың барлық сатысынан
өтеді де, соңғы сатыда ақшаға, саудаға, айырбасқа сөзсіз ынта білдіреді,
яғни капиталистік қоғам мұраттарына толық сай болады.
Сонымен, психологиядағы биогенетикалык заңының негізіне ішкі себептермен
пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ол сыртқы
фактор ретінде қайсыбір табиғи тұқым қуалаушылыққа байланысты психикалық
қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге ғана жарамды болады
деген идея жатқызылды. Биогенетикалық заңнан кертартпа педагогикалық
қорытындылар шығарылды. Бала дамуының табиғи барысына араласу жіберуге
болмайтын қателік ретінде қаралды. Биогенетизм еркін тәрбие деген
педагогикалық теорияның психологиялық негізіне айналды.
Педагогикалык психологиядағы биогенетикалык бағыттың диалектикаға карсы,
механистік сипатын совет педагогтарымен психологтары 30-жылдардың басында
жете түсінеді.
Педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыттың да қателігі аз
болған жоқ. Айырмашылығы бар сияқты болып көрінгенімен бұл теориялар бір-
біріне көп жағынан жақындасып жатады. Бұл бағытты жақтаушылардың пікірі
бойынша, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да
адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті:
коршаған орта кандай болса, адамның түптеп келгендегі жеке басы, оның мінез-
кұлықтарынын механизмі, даму жолдары (бұл әуел бастан және мүлдем тікелей
ортада беріледі) сондай болмак. Мінез-құлық пен дамуды генетикалық
бейімділіктің жүзеге асуына апарып таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған
биогенетиктер тәрізді социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта
әсеріне таңып, жеке адам белсенділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір
әлеуметтік орта жағдайында көптеген кұрсеткіштері жағынан мүлдем алуан
түрлі адамдардың қалайша калыптасатыны, ал неліктен түрліше ортада ішкі жан
дүниесі, мінез-құлықтарының мазмұны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар
шығатындығы түсініксіз болып қалды. Даму мәселесіне механистік қатынас,
жеке адамның өз белсенділігін, оның қалыптасуының диалектикалық
кайшылықтарын елемеу — педагогикалық психологиядағы, социогенетикалық
бағыттың анық идеялық-теориялық ақаулары осылар. Психологиядағы
биогенетикалық және социогенетикалық ағымдар 30-жылдардың өзінде-ак
советтік психологиялық-педагогикалық ғылымның сын объектілеріне айналады.
Биогенетиктер де, социогенетиктер де баланың психикалық дамуының кайнар
көздері мен механизмдері жөніндегі дұрыс түсінік бере алмады. Бұл міндетті
жүзеге асыруға педология деп аталған арнайы пәннің де қабілеті жетпеді.
Педологияға маркстік сын. Педологияның мазмұнын бала дамуының
психологиялык, физиологиялық, биологиялык концепцияларының жай жиынтығы
кұрастырды. Психологияға эволюциялык идеялардың енуіне байланысты XIX
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында пайда болған (Батыста — С. Холл, Э.
Мейман, В. Прейер, Россияда — В. И. Бехтерев, А. П. Не-чаее, Г. И.
Россолимо) 20 жылдары және 30-жылдардың басындағы педология балалар туралы
маркстік ғылымның жеке-дара рөлін атқаруға талаптана бастайды. Ол балалық
шақ педагогикасы мен физиологиясын ығыстырып, баланы зерттеу правосын өзі
иемденуге кірісті. Педология — даму үстіндегі адамды зерттейтін әр түрлі
ғылыми пәндердің зерттеу нәтижелерін камтитын комплекстік ғылым ретінде
жарыққа шыкты. Сөз жок, баланы комплексті, синтезді зерттеу, даму
проблемасын зерттеу жұмысының өзегіне ұсыну сияқты, психологиялык және
педагогикалық ойлардың, құнды жетістігі болған болар еді. Бірак ғылыми.
синтез алудың сәті түспеді. Педология психологияның, анатомияның,
физиологияның және педагогиканың деректеріне алдын ала талдау жасай алмады,
өйткені ол синтездің негізіне даму процесін тікелей анықтайды-мыс делінген
екі фактор (орта және тұқым қуалаушылық) әсерін есептеу жатады деген
мехакистік түсінікте болды. Даму үстіндегі адамның сапалық ерекшеліктерін
биологиялық сипаттамамен араластырып, баланың жеке өзін зерттеуді ортаны
зерттеумен алмастырып, педология антипсихологизм көрсетті. Педологтар
диалектикалық-материалистік кайта кұрылуына байланысты болып жаткан
өзгерістерін түсінбей психологияны субъект жөніндегі ғылым деп есептеді.
Педагогикаға да педология өшпенділікпен карап, эмпирика деп кемсітті.
Педологияның идеалистік және механистік нұсқаулары, оның
антипсихологизмі, окушылардың ақыл дарындылығының коэффициентін (10)
дегенді анықтау үшін орынсыз тестілерді қолданумен әуестенушілігі
психология мен педагогикаға жағымсыз әсер етіп, мектепке көп зиян келтірді.
Осыған байланысты 30-жылдардың бас кезінен-ақ педологияның көп кағидалары
(педологияның пәні, биогенез және социогенез, орынсыз тестілер колдану
проблемалары т. б.) принципті сынға алына бастады. Бұл маркстік сын ВКП(б)
Орталық Комитетінің 1936 жылғы 4 июльдегі Халық ағарту комиссариаттары
педологиялык бұрмалаушылықтар туралы деген каулысымен аяқталды.
Алайда педологиянын сыналуы педологияға кандай да болмасын бір қатысы
болып, бірақ сонымен бірге иедагогика мен психологияны творчестволықпен
дамытып жүрген совет ғалымдарының жағымды істерін де көбіне теріске
шығарды. Педагогтардың қатал да көп жағдайда әділ сыналуы жасқа карай
дамудың бүкіл проблемасына теріс көзқарас та туғызды.
Аса көрнекті совет педагогы Н. К- Крупская бұл кезеңде педагогтар
түсіндіруде айтарлықтай қателіктер жіберген жас ерекшелігі психологиясының
проблемасы және жаска қарай даму проблемасының педагогика мен педагогикалық
психология үшін өз маңызын жойып алмауына камқорлык жасап отырды.
20—30-жылдарда педагогикалық психология саласында казіргі психологияның
табиғи кұрамына енген мол зерттеушілік мағлұматы бар орасан көп ғылыми
жұмыстар жасалды. Дәл осы кезде бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоймаған
көптеген психологиялық-педагогикалық концепциялар қалыптасады. Олардың
ғылыми кұндылығы қазіргі кезде, қай кездегіден де, айқынырақ және нақтырақ
ұғынылып отыр. Осыған байланысты баланың жеке басы және балалар коллективі
жөнінде А. С. Макаренко тұжырымдаған көзқарастар жүйесі (кейін ол жүйе жеке
адам мен коллективтің даму проблемаларына. арналған бірқатар психологиялық
зерттеулердің канат жаюына негіз болды) және Л. С. Выготскийдің жоғары
психикалық функцияларды дамыту теориясы аталуы тиіс.
А. С. Макаренко психологиялық тұжырымдамасы. Бала және оның дамуы жөнінде
20 жылдарда және 30-жылдардың бірінші жартысында қалыптасқан А. С.
Макаренконың баланың жеке басы және оның дамуы туралы психологиялық
кезқарастары жеке адамды коллективте калыптастыру жөніндегі кемелденген
ілім болып есептеледі. А. С. Макаренконың ілімі оның орасан бай
педагогикалық тәжірибесін жинактап қорытты және өскелең ұрпаққа коммунистік
тәрбие беру саласындағы одан кейінгі жұмыстарға негіз болды.
Макаренконың ғылыми концепциясында жеке адамның даму психологиясы әр
кырынан алынып (жеке адам мен коллективтің өзара қарым-қатынасы, жеке адам
дамуының перспективалық жолдары, жеке адамның мотивтік сферасынын
калыптасуы, мінез-құлықтың қалыптасуы т. б.) қарастырылды.
Жеке адам психологиясының түйінді проблемаларын Макаренко жеке адам мен
коллективтің карым-қатынасын биогенетика және социогенетика тұрғысынан
түсіндірушілермен өткір айтыс үстінде шешті. Социогенетиктердің коллективті
кайсыбір тітіркендіргіштерге біркелкі жауап беретін индивидтер жиынтығы деп
дәлелдеуі Макаренконың карсылығын туғызды, ол коллективті ұйымдасқан жеке
адамдардың мақсатқа бағытталған комплексі деп қарады. Коллективтік ұйым
бар жерде коллектив органы, коллектив сенген екілетті адамдар ұйымы болмақ
және жолдастың жолдасқа қарым-қатынас мәселесі — достық мәселесі емес,
сүйіспеншілік мәселесі емес, көршілік мәселесі емес, жауапты тәуелділік
мәселесі.
Мәселені бұлай қою Макаренкоға жеке адамның коллективтегі жағдайын
өзгерте отырып, оған елеулі калыптастырушылық ыкпал жасауға мүмкіндік
берді. Оның үстіне тәрбиеленуші өзінің тәрбие объектісі болып отырғаныи
(параллельді әсер ету принципі) сезбей де қалатын.
Макаренко жеке адам қасиеттерін зерттеуге үлкен мән берді. Бұл, алдымен
тәрбие мақсаты әрбір жеке адамның қасиеттерін, мінез-құлық көріністерін
және олардың даму жолдарын жобалап құрудан туындады, ол әрбір жеке-жеке
адам үшін айқын белгіленді. Педагогтың жалпы комплекске біріктірген жеке
адам белгілері тізбегінің өзі-ақ (адамның коллективте өзін-өзі сезінуі,
оның коллективтік байланыстары мен әрекеттерінің сипаты, тәртіптілігі, іс-
әрекет жасауға және тежелуге даярлығы, әдеп пен бағдарлау қабілеті,
принциптілігі мен эмоциялық перспективалық талпыныстары совет адамының
елеулі қасиеттеріне терең психологиялық талдау жасағанын көрсетеді.
Макаренконың Тәрбие процесін ұйымдастыру методикасы деген еңбегіндегі
тәрбиеленушілерді зерттеу схемасы да, тәрбиеленушілердің жеке басының
белгілерін кысқа да дәл суреттей отырып, оларға берген тамаша мінездемелер
де осыны дәлелдейді.
А. С. Макаренко жеке адамның мотивтік сферасын оның коғамдық сапаларының
калыптасу заңдылықтарын терең зерттеді. Оның ішінде қажеттіліктерді дамыту
мен қалыптастыру проблемасы өзекті дерлік орын алады. Тәрбие жұмысының аса
терең мәні... адам қажеттіліктерін таңдап алу мен тәрбиелеуде, оларды тек
тапсыз қоғамда ғана болуы мүмкін және адамды оның әрі карай жетіле беруі
үшін күреске итермелейтін адамгершілік биіктікке әкелуде болып табылады.
Макаренко шығармаларында коллектившіл болу қажеттілігін тәрбиелеуге басты
роль беріле отырып, жеке адам дамуының қозғаушы күштерін зерттеудің кең де
батыл программасы жасалынған.
Еңбек пен қоғамдық іс-әрекет процесінде қалыптасқан жеке адамды тұтас
талдау мүмкіндігі совет психологтарының алдында алғашкы рет дерлік
Макаренко еңбектерінде ашылып көрсетілді. Макаренконың психолог ретіндегі
мейлінше кұнды ерекшелігі — жеке адамды психологиялық аерттеудегі енжар
пайымдаушылықты жеңе білуінде болды. Тәрбиеленушіні білу тәрбиешіге оны
қалай болса солай зерттеу процесінде келмей, онымен бірлесіп жұмыс жасау
және оған белсенді көмек беру процесінде келуі тиіс. Тәрбиеші
тәрбиеленушіге зерттеу объектісі ретінде емес, тәрбие объектісі ретінде
қарауы керек.
Л. С. Выготскийдің жоғары психикалық фуикцияларды дамыту теориясы. 20—30-
жылдары Л. С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы
қалыптасады.
Выготский Ф. Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс
процесінде құралдардың көмегімен табиғат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жас ерекшелік психологиясының мәселелері
Жас ерекшелік психологиясы жайында
Бала психологиясы туралы
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
Жас ерекшелік психологиясы туралы
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер
Даму психологиясы пәні мен міндеттері
Психология тарихының әдістері
Балалар психикасының даму сатылары
Заң психологиясының даму тарихы
Пәндер