Отан туралы
Отан
Сонау 1958 жылдан бастап, Партия тарихы институтының аға ғылыми
қызметкері, ғалым хатшысы, сектор меңгерушісі болып істеген кезден-ақ
тарихтың аса маңызды белестеріне іргелі-іргелі ғылыми жұмыстарын арнаған.
Соның ішінде “Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында”, “Ұлы достық
жемістері”, “Терезесі тең одақ” деген монографиялар берді. Коммунистік
идеологияның бет қаратпас басымдығы жағдайының өзінде Манаш Қабашұлы туған
халқының азаматтарын, туған жерінің байлығын, екінші дүниежүзілік соғыста
жеңіске жеткізуге қосқан зор үлесін айқындап берді. Ағамыз бұл еңбектерінде
әсіресе, қазақстандық жауынгерлердің ерлігін шынайы көрсетіп, республика
еңбекшілерінің тылдағы қажырлы еңбегін ғылыми түрде дәлелдеп шықты.
Замандастарының айтуына қарағанда, сол бір перзенттік парызын өтеу жолында
Манаш Қозыбаев қазақтардың жеңіске қосқан үлесін әсірелеп жіберді деген
желеумен тиісті идеологиялық мекемелерден қағажу көрген екен. Осының өзі,
алдымен, ғылымға адалдық, өз еліне деген сүйіспеншілік сезімінен туған
ерлік болатын.
Бүкіл өмірін тарих ғылымын зерттеуге, жастарға патриоттық саналы тәрбие
беруге арнаған ғалым жоғары оқу орындарында жемісті қызмет етті. Қазақ
Энциклопедиясының редакциясын басқарды. Соңғы 20 жылдай кезеңде ол Тарих
және этнология институтында қызмет атқарды, 1990 жылдан бастап осы
институттың директоры болды. Ғылымдағы аса көрнекті зерттеулері лайықты
бағаланып, Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды.
Еңбекқор, жігері жалындаған қарымды ғалым бірнеше ғылыми журналдардың,
басқа да басылымдардың редакция алқасына басшылық жасады, мүше болды.
М.Қозыбаев еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін отандық тарих ғылымының жаңа
бағытын, әдістемелік нұсқасын белгілеп берді. Тоталитарлық коммунистік
тәртіптің ұранымен қалыптасып қалған сүреңсіз тарихы бар қазақ ұлтының көп
ғасырлардағы тіршілігі мен мемлекеттік құрылысын жаңаша танытуға да Мәкең
бас болған еді. Бұл тұрғыда ол алғаш рет Алматыдағы ғылыми-теориялық
конференцияда “Егеменді мемлекет ретінде Қазақ ҚСР-ның территориялық
тұтастығы тұғырнамасының теориялық-методологиялық аспектілері” деген
тақырыпта баяндама жасады. Қазақстан тарихшыларының алдағы ізденістеріне
ғылыми бағдар берген осы баяндамасында ол тарихшылардың жаңа буынының бетін
ұлт мүддесіне бұрды. Қызбалыққа салынбай, салқынқанды, сабырмен жасалған
осы баяндаманың ғылыми тереңдігі, қазақ халқының арғы-бергі тарихын кең әрі
жан-жақты баяндағаны, егемендік тұрғысынан терең талдағаны әлі есімізде.
Манаш Қабашұлы Қазақстан тарихын мектептен бастап оқытудың сапасын көтеру,
тарихи оқиғалар мен құбылыстарды зерттеп, талдау үстінде ұлттық сананы
сергітіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу қажеттігін үнемі көрсетіп отыратын.
Мысалы, біздің университетте өткен бір үлкен конференцияға қатысып,
баяндама жасады. Сонда Мәкең жастарға былай деген еді:
“Біздің қазақ халқының тарихы – ХХ ғасырда, тіпті одан әрі “Ақтабан
шұбырынды – Алқакөл сұламадан” бері көздің жасымен, жүректің қанымен
жазылған тарих. Бір ғасырдың өзінде біздің халық бірнеше нәубетті бастан
кешті. Әсіресе, қазақ халқы 1916 жылы бір қансырады. Тек қана Жетісу
өңірінде 4 мыңға жуық адам Қытай шекарасынан өтіп, атамекенінен алыста
аңырап күн кешті. Ал 1921-1922 жылдары 2 млн. 300 мың адам аштыққа ұшырады.
1929 жылы байлар, ірі феодалдар тәркіленді. Солардың 83 пайызы сауатты
кісілер екен. Ал 1931-33 жылдары біздің қазақ сахарасын аштық жайлады. Сол
ашаршылық жылдары 1 млн. 750 мың қазақ қырылып қалды. Осы жылдары 1 млн.
100 мың адам ата-бабасы туып-өскен жерді тастап, тамақ іздеп, өлместің
амалымен жер ауып кетті. Олардың 600 мыңы шекарадан өтіп, басқа
мемлекеттерге барып күнелтті...”.
Міне, академик Манаш Қозыбаевтың ғалымдық қуатының жемісі ретінде ақ
қағазға жазылып қалған ғылыми мұраның өне бойындағы алтын арқау қазақ
халқының өткен тарихы мен келешегіне деген асыл арман болатын. Сонау бір
алмағайып нәубетті жылдарда жазықсыз жапа шегіп, қаза болған азаматтардың
есімін ұрпақтарына қайтарудың бір жолы ретінде әр облыс пен аймақта “Азалы
кітаптар” құрастыру жөніндегі М.Қозыбаевтың ұсынысы бүкіл елімізде кең
қолдау тауып, көп жұмыстар атқарылды. “Біздің бостандығымыз үшін, біздің
азаттығымыз үшін күрескен әрбір азамат бүгінгі және келер ұрпақтың мәңгі
жадында болу керек. “Өлі разы болмай тірі байымайды” деген. Сондықтан
елдігіміз, егемендігіміз үшін күрескен ерлерге әрқашан дұғамызды оқып,
құрмет көрсетуге борыштымыз”, деп отырушы еді Манаш Қабашұлы. Бүгінгі ұрпақ
ғалымның дуалы аузынан шыққан осы аманатты орындап келе жатыр. Оған біз күн
сайын куәміз.
Манаш Қабашұлының ғалым ретіндегі өзгелерден ерекше қасиеті – әрбір ортаға
сүйкімді, ақынжанды, алғыр адам болғанын атап өту парыз. Ғылым әлемі
дәлдікке, тек қана нақты деректерге сүйенетінін әркім біледі. Ал, ел, жер
тағдыры тәуелсіздік, жарқын болашағымыз туралы сөз болғанда Мәкең
жарқырап, жалындап кетер еді. Оның тақталап түсіп отыратын тақпақтай
көсемсөзі, ақсақал абыздай ұлағатты өнеге-өсиеті әлі құлағымызда. Сол бір
кездерде Манаш ағамыз ту байлап, жауға шапқан қазақ батырларындай асқақ
көрінуші еді. Логикасы мықты, жүйе-жүйесімен лекітіп, нақты деректерді
салыстыра саулатып отырғанда, ол шоқтығы биіктеп, қазақтың ежелгі жорға
билеріндей жортып кететін. Осынысымен өзінің ақ жүрегін, ғылым жолындағы
адалдығын танытып, тыңдарманын баурап алар еді.
Қазір қарап отырсақ, оның өмірінің соңғы он жылында ғана жарық көрген оннан
аса монография мен жинақтың, екі жүздей мақаланың өне бойындағы жаңалықтар
қаншама. Соның бәрі, айталық, Жалаңтөс батырдан Абылай ханға дейін,
Шоқаннан Ахмет пен Мағжанға дейін, тіпті бүгінгі замандастарына арнаған
мақалалары таңғы шықтай мөлдір сезімге толы, тарих қойнауынан тауып алған
сирек маржандай қымбат, бүгінгі ұрпаққа бабалар заманынан жеткен қасиетті
қобыз үніндей естіледі. Оның Отан туралы толғау деп атауға тұрарлық ғылыми
мақалаларының тақырыптары мынадай болып келетін: “Ата тарихы туралы сыр”,
“Халқым, қайда барасың?”, “Қандай елміз, қандай болуға тиіспіз?”, “Батыр ел
қорғаны”, “Сөз түйіні – ел тағдыры”, “Ұлттың ұяты мен мияты” тағы сол
сияқты. Бұл тұрғыда Манаш ағамыз Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет
Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Мұхаметжан Тынышбаевтың, беріде Мұхтар
Әуезов пен Әлкей Марғұлан мектебінің талантты шәкірті, лайықты ізбасары
ретінде көрінді. Алғыр ойлы азамат, алмас тілді шешен, қандай тақырыпқа сөз
бастаса да елім, жерім деп соққан жүрегінің лүпілімен үндес сөйлейтін.
Манаш Қозыбаев туралы айтар сөз көп. Оның бай мұрасы, артында қалған саналы
ұрпақтың зерделеп оқуына, зерттеуіне, мақтан тұтуына әбден лайық. Ғалым
есімін иеленген университетімізде жыл сайын алғашқы сабақтар Манаш
Қозыбаевтың ғылыми мұрасына арналады. Болашақ тарихшылар “Манаштану” деген
арнайы курс тыңдап, академиктің өмір жолына, зерттеушілік-ұстаздық
қызметіне, ғылыми-әдістемесіне, публицистикасына ден қояды. Сөз жоқ, ұлан-
байтақ еліміздің көптеген мектептері мен жоғары, орта оқу орындарында Манаш
Қозыбаев есіміне қатысты, оның еңбектері туралы күн сайын айтылып жатады.
Өйткені, ғалымның сөзі дананың хатындай, әркімге қажет, жанына жақын, әрі
түсінікті.
Өмір алға басып келеді. Мемлекетіміздің іргесі бекіп, халқымыздың әл-қуаты
артқан сайын оның білімге, мәдениетке деген ынта-ықыласы күшейе түскен.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бұл күнде
республикадағы кемелденген, әртарапты терең білім беретін жоғары оқу
орындарының қатарына қосылды. Қазақстанның бір қиырында осындай 12 мыңға
тарта студент оқитын ғылым-білім ордасының жыл сайын жаңғырып, жаңалықты
батыл игеріп келе жатқаны – мемлекетіміздің даму бағытының дұрыстығын,
экономиканың күшейгенін көрсетеді. Заман талабына сай, әлемдік білім
кеңістігіне қадам баса отырып, білім берудің осы заманғы озық технологиясын
қолдану жөнінде бірқатар істеріміз бар. Қыруар қаржыға қымбат бағалы құрал-
жабдықтар, жаңа кешенді зертханалар алынуда. Бейнекөрініспен оқытатын,
қашықтықтан оқытатын, студенттер білімін адал да жедел тексеруге арналған
технологиялық жүйелер қалыптасты. Ғылым мен білімнің түрлі салаларында
қазақша оқытуға ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, қазірдің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz