Өндіріс шығыны теориясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе

І 1. 1. Жалпы түсінік . . .

1. 2 Өндіріс шығыны теориясы . . .

1. 3 Өнімнің өзіндік құны табыс, рентабелъділік . . .

1. 4 Өнімнің өзіндік құнының құрамы . . .

Негізгі бөлім

ІІ 2. 1 Өзіндік құнды жоспарлау . . .

2. 2 Өнімнің өзіндік құнын есептеу түрлері . . .

2. 3 Өндіріс шығындарын төмендетудің негізгі багыттары . . .

ІІІ 3. 1 Жалпы қорытындылар . . .

Қорытынды. .

Қолданылған әдебиеттер . . .

Өнімнің өзіндік құны.

Кіріспе

Өнімнің өзіндік құны- бұл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсаған ағымдағы шығындары. Ол ақшалай және натуралды заттай есептеледі.

Өнімнің өзіндік құнына өнім өндіру өндіріс процесінде жұмсалған еңбек құралдары, еңбек заттары және жұмыс күшінің құндары кіреді. Барлық шығындарды бір өлшемге келтіру үшін оны ақшалай есептейді. Өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана жатақхана, мектеп, клуб, т. б. ) кірмейді.

І. 1. Жалпы түсінік.

Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі-өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілген шағымдар жиынтығы.

Өзіндік құнның экономикалық мазмұны жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: аммортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы - бұл шығындардың басты статьялары.

Өзіндік құн тиімділіктің мынандай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен қарқынын анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.

1. Өзіндік құн өнім кұнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.

2. Өзінік құн көтерме сауда бағасын калыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіз бола алмайды.

3. Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін көрсету.

1. 2 Өндіріс шығыны теориясы.

Экономика ғылымындағы әртүрлі мектептердің өкілдері (К. Маркс, А. Маршалл, Д. Миль, Д. Робинсон) шығындарды зерттеуге қомақты үлес қосты. Шығынның маркстік тұжырымдамасы келесі екі нәрседен басталады: өндіріс шығыны және айналым шығыны.

Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі (амортизациялық) мен жұмыс күшін сатып алуға келетін шығындарды енгізеді. Тауар капитал сомасына (с+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Бұл жағдайда К. Маркс бағаның құнынан ауытқу мәселесін қараған. Ол өз ойын мынаған негіздеді. Тауар бірлігінің құнын - өндіріс шығыны мен айналым шығынын құрайды. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатындығын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем - орауын, сорттауын тасмалдануын және сақталуын енгізеді.

Батыс елдері ғалым - экономисттерінің жасаған өндіріс шығындарының қазіргі тұжырымдамасы бұл ұғымды тіпті басқаша түсіндіреді. Олар экономикалық ресурстардың барлық түрлерінің шектеулігімен және оларды баламалы қолдану мүмкіндігін ескереді. "Мәселе мынада: барлық керекті тұтыныстарды қанағаттандыру үшін ресурстар ешқашан жеткілікті болған емес. Осы жағдайға қатысты өндіріс туралы мәселені қайсы бір шешу кейбір заттардан бас тарту қажеттілігін туғызады. Сондықтан барлық шығындар балама шығындарды құрайды. Балама өндіріс шығындары басты кедергі болып табылады және олармен фирма өткеру процесінде өзінің пайдасын көбейту мүмкіндігіне ұшырайды".

Батыс мектебі өкілдерінің есептеуінше өндіріс шығындар екіге бөлінеді: тұрақты және өзгермелі.

Тұрақты шығындар (ТҒС) - бұл сыртқы өндіріс факторын тікелей қолданумен байланысты шығындар. Бұған жалгерлік ақы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер жалақысы, салық төлеу, амортизациялық төлемдер, зайым бойынша пайыз және т. б. жатады. Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес.

Өзгермелі шығындар (ТVС) - бұл ішкі ресурстарды қолданумен байланысты шығындар. Олар шикізатты материал мен жұмыс күшін және т. б. сатып алуға кеткен шығындардан тұрады. Өзгермелі шығындар өндіріс мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді.

Тұрақты және өзгермелі шығындар сомасы өндірістің жалпы шығынын құрайды. (ТС) .

ТС = ТҒС + ТVС

Жалпы шығындар тауар санымен (Q) орташа шығындардың (АС) көбейтіндісіне тең.

ТС = Q*АС

Өнімнің бірлігіне қарай шығындарды өлшеу үшін орташа шығындар колданылады. Ол жиынтық шығындарды өнімнің көлеміне бөлуімен анықталады:

АС = ТС/Q

Сондай - ақ орташа тұрақты (АҒС) және орташа өзгермелі (АVС) шығындар анықталады.

АҒС - ТҒС/Q АVС = ТVС / Q

Орташа шығындар ұғымы К. Маркстың "Капиталында" баяндалған. Маркс шығындар түрінің негізінде капиталға келетін өндіріс бағасымен пайданың орташа мөлшері тұжырымдамасын жасаған.

Пайданы көп алу үшін өндіріс көлемін есептеу қажет, ол өз кезегінде шекті шығындарды анықтау қажеттігін тудырады. Шекті шығындар өндіріс шығындарын бірлігімен (ТСn) және өндіріс шыгындар n-1 бірлігі (ТСn-1) арасындағы айырмамен анықталады.

МС = ТС/ Q немесе МС = ТСn - ТСn-1

Кәсіпкерлік қызметте мынандай міндеттерге жиірек жолығуға болады: Өндірісті қандай көлемге дейін дамытуға болады? Осының барлығыда көптеген шығындарды талап етеді. Осы шығындар өзін ақтай ма? Олар белгілі табыс әкеле ме? Егер өндіріс өссе, шекті шығындар, алғашқыда кемиді кейін ұлғаяды. Осы процес фирманың максималды тиімділік нүктесі өнім шығарудың максималды және минималды деңгейінің арасында болған жағдайда ғана жүзеге асады. Егер шығарылғын өнім ұлғайып, бірақ сол нүктеге жетпесе, әрбір косымша өнім бірлігін (шекті шығындар) өндіру шығындары төмендетеді. Максималды тиімділік нүктесіне жеткеннен соң, табыстың төмендеу заңы күшіне енеді және шекті шығындар өседі.

Мысал келтірейік. Айталық, 300 мың долл. шығынданғанда млн. Долл. табысты табу үшін шығындар 200 мың. долл. өседі. Мұндай талдау ең дұрыс тиімді шешімді таңдау үшін қажет.

Фирманың пайдасы максималды болғанда, өндіріс көлемін анықтау үшін екі әдісті қолданады:

1. Жалпы өндіріс шығындары (ТС) абсолюттік мөлшері мен жалпы өткерілген өнімнен (жалпы табыстан ТR) түскен түсімді салыстыру үшін пайда мына формуламен анықталады:

Рr = ТR-ТС

2. Шекті шығындар (МС) мен шекті табысты салыстыру ТМД елдері мен Қазақстанда дәстүрлі бірінші әдіс қолданылады.

БұйымдарСаныQ:

Бұйымдар

Саны

Q

БағаР1теңгетүрінде:

Баға

Р1

теңге

түрін

де

ЖиынтықшығындарТСтеңгетүрінде:

Жиынтық

шығындар

ТС

теңге

түрінде

ЖиынтықтабысТRтеңгетүрінде:

Жиынтық

табыс

ТR

теңге

түрінде

ПайдаРR,теңгетүрінде:

Пайда

РR,

теңге

түрінде

ШектішығындарМС, теңгетүрінде:

Шекті

шығындар

МС, теңге

түрінде

ШектітабысМRтеңгетүрінде:

Шекті

табыс

МR

теңге

түрінде

БұйымдарСаныQ: 1
БағаР1теңгетүрінде: 2
ЖиынтықшығындарТСтеңгетүрінде: 3
ЖиынтықтабысТRтеңгетүрінде: 4
ПайдаРR,теңгетүрінде: 5
ШектішығындарМС, теңгетүрінде: 6
ШектітабысМRтеңгетүрінде: 7
БұйымдарСаныQ: 1.
БағаР1теңгетүрінде: 40
ЖиынтықшығындарТСтеңгетүрінде: 15
ЖиынтықтабысТRтеңгетүрінде: 40
ПайдаРR,теңгетүрінде: +25
ШектішығындарМС, теңгетүрінде: -
ШектітабысМRтеңгетүрінде:
БұйымдарСаныQ: 2.
БағаР1теңгетүрінде: 30
ЖиынтықшығындарТСтеңгетүрінде: 25
ЖиынтықтабысТRтеңгетүрінде: 60
ПайдаРR,теңгетүрінде: +35
ШектішығындарМС, теңгетүрінде: 10
ШектітабысМRтеңгетүрінде: 20
БұйымдарСаныQ: 3.
БағаР1теңгетүрінде: 25
ЖиынтықшығындарТСтеңгетүрінде: 30
ЖиынтықтабысТRтеңгетүрінде: 75
ПайдаРR,теңгетүрінде: + 45
ШектішығындарМС, теңгетүрінде: 5
ШектітабысМRтеңгетүрінде: 15
БұйымдарСаныQ: 4.
БағаР1теңгетүрінде: 10
ЖиынтықшығындарТСтеңгетүрінде: 50
ЖиынтықтабысТRтеңгетүрінде: 80
ПайдаРR,теңгетүрінде: 30
ШектішығындарМС, теңгетүрінде: 20
ШектітабысМRтеңгетүрінде: 5
БұйымдарСаныQ: 5.
БағаР1теңгетүрінде: 15
ЖиынтықшығындарТСтеңгетүрінде: 85
ЖиынтықтабысТRтеңгетүрінде: 75
ПайдаРR,теңгетүрінде: - 10
ШектішығындарМС, теңгетүрінде: 35
ШектітабысМRтеңгетүрінде: -5

(Шарты: баға мөлшері мен жалпы шығындар белгілі, басқа көрсеткіштерді есептеу керек)

Қазіргі рыноктық экономикада өндіріс көлемін есептеу шекті табыс пен шекті шынды салыстыруды қарастырады, себебі кез - келген өндіріс көлемін ұлғайту пайданың өсуіне алып келмейді. Демек, фирма одан барынша табыс табатындай өндіріс көлемін таңдауы керек. Өндіріс көлемін оңтайландыруды анықтаудың екі әдісі бар:

- бухалтер - аналитикалық әдіс, бұл практикада жиі қолданылады

- графикалык әдіс, теорияда қолданылады, практикада сирек кездеседі

Есептеулер көрсеткендей, өндіріс көлемінің ең пайдалылығы үш бірліктегі көлем болып табылады, онан соң шекті шығындар шекті табыстан аса бастайды. Демек, фирмаға үш бірлікке дейін өндіру пайдалырақ, ал фирма бұл мөлшерден артық өндірмеуі тиіс.

Екінші әдіс - графикалық Ол шекті шығындар мен шекті табысты салыстыру негізінде құрылады. Фирмалар үшін бағыт - бағдар төмендегідей болып қалыптасады.

1. Егер шекті табыс шекті шығыннан жоғары болса (көлем үш бірлікке дейін болғанда) (МR>МС) онда өндірісті ұлғайтуға болады.

2. Егер шекті табыс шекті шығыннан кем болса (бұйымдарды өндіру үш бірліктен жоғары) (МR<МС) өндіріс пайдалығы шамалы, онда оны қысқарту керек.

Батыс елдерінің экономикалық ғылым мектептерінде мынандай экономикалық катигориялар: айқын және айқын емес өзгерген шығындар, ішкі және сыртқы шығындар қолданылады. Шаруашылық практикасында ішкі шығындар - бұл өзіндік күн, сыртқы шығындар - бұл басқа фирмалардан ресурстарды алуға кеткен жұмсалымдар.

Шығындарды өнім бірлігіне жатқызуға қарай тікелей және жанама шығын деп бөледі.

Тікелей шығындар - бұл өнім өндіруге арнаулы мақсатты шығындар.

Жанама шығындар - тікелей өнім өндіруге қатынасы жоқ, бірақ ол шығынсыз өндіріс ұйымдаспайды. Ол шығындар жалпы "өндірістік шығын" арнаулы методикамен әртүрлі өндірілген өнім бірлігіне бөлінеді.

Шығынды экономикалық мазмұнына қарай калькуляциялық (есептеу) статьялары бойынша "негізгі шығындар" және "қосымша шығындар" деп бөлінеді.

"Негізгі шығындар" өнім өндірумен тікелей байланысты шығындар, ал "қосымша шығындар" бұл өндірісті техникалық даярлау, басқару, ұйымдастыру шығындары және басқалар.

Өнімнің көлемінің өсуімен байланысты өндірістік шығындар пропорционалды (шартты - ауыспалы) және пропорционалдық емес (шартты - тұракты) болып бөлінеді.

Шартты ауыспалы шығындар өнім өндіру көлемі өссе өседі немесе кемиді, яғни тіке пропорционалды. Оған шикізаттар, негізгі материалдар, отын шығыны энергия т. б. Шартты - тұрақты шығындар ол өнім көлемінің азаю, көбеюіне байланысты емес: жылуға, жарыққа амортизацияға т. б. шыққан шығындар.

Болжамды шығындарды есептеу үшін калькуляция (есептер) негізінде ағымды және болашақтағы шығындар деп бөлінеді.

Ағымды шығындарға нормативті және сметалық калькуляция жатады. Нормативті калькуляция барлық өнімдер түрлеріне нормалық шығындар негізінде жасақталады, ал сметалық калькуляция жаңадан игерілетін өнімге, жоспарда қаралмаған нормалар болғандықтан смета жасалады, өнімге жаңа нормативті шығындар анықталады.

Ал жоспарлы калькуляция нормалы шығындардың қосындысы, ол жоспарлы шығындар мен жоспарлы пайданы байланыстырады.

1. 3 Өнімнің өзіндік құны құны, табыс, рентабельділік.

Өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады.

- Шығын мақсатында, негізгі қордың мазмұнына қарай есептеу обектілеріне бөлінеді:

- Өнімнің өзіндік құны негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші және қосалқы өндірістерге бөлінеді.

- Өндірістік шығынның есептеу обектісі бойынша жалпы соммасы анықталады.

- Ауыл шарушылығы кәсіпорындары бойынша егін шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны жеке-жеке есептеліп шығарылады.

Өнімнің өзіндік құны мына екі бағытта сақталады:

- өзіндік құнның калькуляциясы

- шығын сметасы.

Өзіндік құнның калькуляциясы - өнімді өндіру мен оны өткізуге, жұмыс пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай мөлшерін анықтау.

Шығын сметасы - шығынның экономикалык белгілері бойынша жасалады, бұл кәсіпөрынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындарының толық жиынтығы.

Рентабельділік немесе тиімділік неміс тілінен алынған, "Пайдалы" және "Кірісті" деген ұғымдарды білдіреді. Бұл - кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші. Ол пайданың негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленетін айналым қаржысының орташа жылдық құнына қатысы арқылы айқындалады:

Птп = Цтп - Стп

Мұнда:

Птп - жоспарлы уақытта шығарылған тауар бойынша пайдасы;

Цтп - жоспарлы өткізілген баға мен шығарылған тауардың құны (қосылған құн салығы, акциз, сауда және өткізу шығындарын қоспағанда. ) ;

Стп - жоспарлы уақытта шығарылған тауарлардың толық өзіндік құны (өнімді өндіру және өткізуде шығын сметасы есептелмеген. ) ;

Өнімді өткізуден келтірілген пайданы былай да есептеп шығаруға болады:

Прп = Врп - Срп

Мұнда:

Прп - сол уакытта өткізуге байланысты өнімдер бойынша жоспарланған пайда;

Врп - сатылған баға мен өнімді өткізуден түсетін жоспарлы түсім;

Срп - сол уақытта өткізілген өнімнің толық өзіндік құны;

Прп = П01 +Пгп-П02:

Прп - жоспарлы уақытта өнімді өткізуден түскен пайда;

ПО1-жоспарлы уақыттың бастапқа кезеңінде өтпей қалған өнімнің қалдығындағы пайда;

Птп - сол кезеңдегі жоспарлы шығарылған өнімдердің тауарлы бөлігінен түскен пайда;

П02 - дайын өнімдердің жоспарланған кезеңде өткізуге болмайтын қалдығы бойынша пайда;

Рентабельділік деңгейін анықтаудың 2 бағыты бар:

- кәсіпорынның пайдасы

- ағымды шығындардың (өзіндік күн) және авансталынған салымдардың (негізгі өндірістік қор және айналым қоры) қатынасы.

Бұл екі өлшем өзара авансталынған салымның айналым жылдамдылығының көрсеткішіне байланысты.

Р1=Р/Фа;

Р2=Р/Фе;

Р - пайда

Р1, Р2 - пайда мөлшері (бірінші және екінші нұсқа) ;

Фа, Фе - авансталынған және өзіндік құн қорлары;

Айналым саны: П=Фа/Фо;

Яғни Р2=Р1хп.

Кәсіпорынның рентабельділік мөлшері мына формуламен есептеледі:

Р=П(Ц-С) /Қо + Қақ*100;

Мұнда: Ц - өнім бірлігінің бағасы;

С - өнімнің өзіндік құны;

П - өнімнің көлемі;

Қо - негізгі өндірістік қордың құны;

Қақ - айналым қаржысының көлемі;

1. 4 Өнімнің өзіндік құнының құрамы.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:

1. Шығындардың бастапқы элементтерімен.

2. Пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.

Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданады. Бұл топтастыру мәні - әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:

- материялдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құралымен шегеру) ;

- Еңбекақыға жұмсалған шығындар;

- әлеуметтік сақтандыруға аударым;

- зейнетақы қорына аударым;

- жұмыспен қамту қорына аударым;

- амортизация;

- басқа да шығындар;

Материялдық шығындарға жататындар:

- кәсіпорын иелігіндегі өнімдерді дайындау құрамына кіретін немесе технологиялық процессті қамтамасыз ететін және бұны түю үшін дайындалатын шикізаттар мен материалдар;

- сатып алынған қосымша өңдеуге және монтажға ұшыраған комплектті бұйымдар мен жартылай фабрикаттар;

- соның иелігіндегі барлық отынның түрлері;

- сатып алынған энергияның барлық түрлері (электірлік, жылу, сығылған ауа, суықтық және тағы басқа түрлері) ;

Жалақы шығындары:

- кәсіпорынның өнеркәсіптік өндірістік қызметкерлерінің жалақысы;

- жұмысшылар мен қызметкерлерге өндірістің тиімділігі есебінен берілетін силықтар;

- ынталандыру немесе өтемақы төлемдері;

- заттай түрінде берілген өнімдердің құны;

- басқа да төлемдер;

Әлеуметтік қажеттіліктер аударымына:

- зейнетақы қорына;

- әлеуметтік сақтандыру қорына;

- медицина сақтандыру қорына;

- халықты жұмыспен қамту корына аударылатын қаржылар жатады;

Негізгі қордың амортизациясы есебіне: Негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтірудегі амортизациялық аударымдардың сомасы жатады.

Басқа да шығындар құрамына жататындар:

- салықтар;

- алымдар;

- арнайы бюджеттен тыс қорларға аударымдар;

- жалға төлеу;

- мүлікті міндетті сақтандыру;

- ластанған заттарды шығарып тастауға байланысты мөлшері шектелген төлемдер;


Негізгі бөлім.

ІІ. 2. 1 Өзіндік құнды жоспарлау.

Өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда оның кему мүмкіндігін және өндіріске шығын мен қор жинау деңгейінің оптималды варианты көзделуі керек. Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау күнделікті немесе ағымды және болашақтағы болып екіге бөлінеді.

Болашаққа жоспарлау бірнеше жылды қамтиды. Ал ағымды немесе күнделікті жоспарлауда болашақтық жоспардың көрсеткіштерің қайта тексеріп анықтайды.

Әртүрлі онім шығаратын кәсіпорын өнімнің өзіндік құнын кеміту жоспарын салыстырмалы тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шыққан өнім мөлшерімен теңестіріледі. Жоспарлаудың бастапқы кезеңінде қандай факторторлардың ықпалымен шығынның азайып көбейгендігін талдау қорытындысынан анықтау керек. Базис жылындағы өнімнің өзіндік құны арқылы тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шығатын шығындыанықтау керек. Мысалы, тауар сатылғаннан түскен түсім 1500теңге ал сатылған тауардың өзіндік құны 1200теңге. Осыдан тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шыққан шығын (1200:1500) 80тиын, немесе 0, 8 тенге.

Жоспарлау жылындағы тауарлы өнімнің өзіндік құны базис жылындағы өзіндік құнның мөлшерімен және жоспарланған өндірістік өнімнің көтерме баға мөлшерімен байланысты. Өнімнің өзіндік құнының салыстырмалы өнімге қарағанда кемуін жоспарлау өткен жылмен салыстырып пайыз есебімен беріледі. Егер өндірілген тауарлы өнімнің салыстырмалы тауарлары болмаса теңгелік тауар өнімнің шығынын анықтау үшін өндірілген таурадың көтерме баға деңгейіндегі көлемін жалпы, немесе толық шығынға бөлу керек. Оның көтерме бағамен санағандағы құны 10 млн. теңге, ал жоспарлы шығын (өзіндік құны) 5 млн. теңге. Осыдан 1 теңгелік тауарлы өнімге шығатын шығын (5:10) 0, 5 болады, немесе әрбір теңге тауар өніміне шығатын шығын 0, 5теңге.

2. 2 Өнімнің өзіндік құнын есептеу түрлері (калькуляция) .

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістіңк есептеудің соңғы кезеңі болып есептеледі. Калькуляциялаудың бар маңызы сонда өйткені осы арқылы өндірісіің өзіндік құн жөніндсп алдына қойған мақсатының орындалғанын немесе неліктен орындалмағаын және болашақта өндірістің мүмкіндіктері бағаланады. Оған қоса калькуляциялық есептеулер бойынша тауардың құны анықталады. Сондықтан калькуляииялауға үлкен талаптар қойылады.

Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын үш кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезеңде толық шығарылған тауардың өзіндік құны анықталады.

Екінші кезеңде әрбір өнім түріне өзіндік күн анықталады. Үшінші кезеңде өнімнің бір данасының өзіндік құнымен орындалған жұмысы немесе көрсетілген қызметі анықталады.

Негізінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын анықтау өте күрделі, ол шығын процесімен кезектесіп отырады. Алдыңғы шығындар есептеліп болған соң, өнімнің өзіндік құнының көмекші өндіріс калькуляциясы басталады. Бұл кезеңде өнімнің өзіндік құнының есептелуі күрделеніп бастайды, өйткені қайтымды қызмет түрі басталады.

Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы мен шығын есебі негізінде өндірісте кезектесіп келеді. Мысалы бөлуміндеттері (по предельного) бойынша болған есептеуде алдымен жартылай өнімнің бірінші қайта өңдеу өзіндік құны калькуляцияланады да екінші қайта өңдеу шығындарына өтеді. Тек содан кейін ғана екінші кайта өңдеу өзіндік құнының калькуляциясына кірісуге болады. Сол сияқты машина жасау заводында құйылған өнім мен соғылған өнімнің аралық өзіндік құн калькуляциясы жасалады.

Өндірісте қолданатын өзін-өзі ақтау тәсілдерін алты амалға бөлуге болады:

- Калькуляциялаудың нормативті түрі;

- Шығындарды жалпылау тәсілі;

- Кері әсер ететін өнімге кететін шығынды қоспау;

- Шығынды пропорция түрінде бөлу тәсілі;

- Тікелей есептеу тәсілі;

- Калькуляцияның аралас тәсілі;

Әрбір тәсілдің маңызы мен байланысын өндірісте мысал ретінде қарастырайық. 10. 1 схема классификациямен өзара байланыс калькуляциясына мысал бола алады.

Калькуляциялаудың нормативті түрі - дегеніміз шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялаудың нормативті түрінің негізгі бөлімі. Бұл тәсілдің алын - ала қолдану түрі өнімнің бір данасының нормативті калькуляциялануы мен қолданып жүрген нормаларда есебі және документациясы.

Шығындардың жалпылау тәсілінің мәні - бір объектаның немесе бір өнімнің өзіндік құнын калькуляциялағанда оны әрбір шығындарды жалпылап өнімнің немесе процесс құнын анықтайды. Бұл тәсіл көбіне өндірісте колданады өйткені онда шығындар есебі процестік тәсілмен анықтайды, Бұл тәсіл машина құруда да қолданылады егер өнім цехындағы калькуляциялау обектасы машина комплект болса. Бұл кезде өнімнің бір данасының өзіндік құнын калькуляциялау тақырыптары бойынша машинакомплект цехындағы шығын ретінде есептеледі. Кері әсер ететін өнімге кететін шығындар - өндірісте комплекстік алынатын өнімдер негізгі және қосалқы болып бөлінеді. Негізгі өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, қосалқы өнімге калькуляция құрылмайды да бұл өнімдердің шығындары алдын - ала бекітілген бағадан алып тасталады. Мысалы коксхимия өндірісінде негізгі коксты калькуляциялауда қосалқы өнімдер шығындары өндірістің алдын ала бекітілген бағадан алып тасталады.

Қосалқы өнімдер шығындарын алып тастау тәсілі түрлі түсті металалургия, мұнай өндіру, химия тағы басқа өндірістерде кең таралған. Қалдықтар мен қосалқы өнімгс нақты баға бергенде қиындықтар тууы мүмкін. Қалдықсыз технолгиялардың дамуына байланысты өндірістегі комплексті өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау бүгінгі таңда басты тақырып болып түр.

Шығынды пропориия түрінде бөлу тәсілі - бір уақытта бірнеше түрлі өнім шығарғанда немесе біртекті өнімнің шығынын есептегенде және шығынды тікелей бір өнімге жатқызуға болмайтын кезде қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Альфред Маршаллдың экономикалық оқуы
Тұтыну және өндіріс теориясы
Тұтыну және өндiрiс
МИКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫ
Пайда мен өндіріс шығындар теориялары
Микроэкономикадағы өндiрiстiк функция туралы
Шығындар және оның құрылымы мен өндіріс дамуындағы маңыздылығы
ӨНДІРІС ШЫҒЫНЫ ТЕОРИЯЛАРЫ
Кәсіпорын шығындарының есебі
Микроэкономикадағы өндiрiстiк функция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz