Педагогикадан дәрістер


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1- лекция. Тақырып: Зерттеу үрдісінің құрылысы мен мазмұны.

  • Пәнннің мақсат-міндеттері, ғылым туралы жалпы түсінік.
  • Педагогтың зерттеушілік қызметі, қазіргі педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздері мен мәселелері.
  • Мектепке дейінгі білім беру теориясы мен әдістемесінің мәселелері.
  • Зерттеулік ізденістердің көздері мен шарттары, зерттеудің тақырыбын және оның өзектілігін анықтау.
  • Зерттеудің әдістемесі туралы түсінік, зерттеудің қазіргі әдіснамалық тұжырымдамалары.

Лекция мақсаты: Магистранттарға ҚР Конституциясындағы ғылым мен ғылыми шығармашылық туралы баптар бойынша мағлұмат беру; ғылымның даму заңдылықтары және ғылымның жіктелуі туралы білімді қалыптастыру; ғылыми педагогикалық зерттеу негіздері, оның мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

Лекция мәтіні: Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты - ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.

Ғылым дамуының негізгі бағыттары. Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл. Мысыр, Үндістан. Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары калыптасты. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны атауға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтіндей тұтас жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды.

Бірақ, бұл нақты теориялық білім болды, оның объективтілігі, логикалық көңілге қонымдылығы бірінші орынға шықты. Ежелгі Грекияда дамыған ғылым (Аристотелъ және т. б. ) қоғам мен табиғат заңдылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды; олар тұтастай алғанда дүниетанымды білдіретін бұрынғы абстрактілік ұғымдар жүйесіне танымдық кызмет тәжірибесін енгізді, дүниетанымның объективті, табиғи заңдылыктарын тұрақты іздестіруді дәстүрге айналдырды, ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы дәуірде натурфилософиядан білімнің кейбір салалары даралана бастады. Ежелгі грек ғылымның эллинистік кезеңінде геометрия (Евклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түріне бөлініп шықты. Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда калыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны көптеген салаларда толықтырып, дамытты. Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" деп таныды. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т. б. Ғылым салалары қауырт дамып, бұл қүбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды.

Ғылымның қалыптасуына негіз болған тағы бір тірек алхимия мен астрология дамуы болды.

Алхимия табиғи заттар мен қоспаларды тәжірибе жасау арқылы зерттеп, химияның қалыптасуының алғышартын жасады. Астрология аспан денелерін зерттеу арқылы астрономияның дамуына ықпал етті. Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның негізгі тірегіне айналды.

Сондай-ақ, ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті. 16 - 17 ғ-ларда ғылымда болған терең өзгерістер алғашқы ғылым революцияға алып келді.

Ғылымның қарқынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы рөлінің артуы, жаңа дәуірде ғылымды жоғары мәдени құндылық ретінде тануға көптеген философиялық мектептер мен бағыттардың ғылымға қарап бой түзуіне ықпал етті. Қоғамдық өмір құбылыстарын тану саласындағы өзгерістер діннің "табиғи бастауын" іздеу, құқық, мораль, т. б. "адам табиғаты" туралы түсініктер бағытындағы ізденістерден көрініс тапты.

Механикадағы жетістіктер ғылымның аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің механикалы бейнесі туралы түсінік калыптастыруда шешуші рөл атқарып, кейін әмбебап дүниетанымдық маңызға ие болды.

Ғылымның дамуына қазіргі кезеңдегі философиялық дүниетанымдық базасы диалекті-логикалық тұжырымдама болып табылады.

Ғылымның "өсу нүктесі" оның ішкі даму логикасы мен қазіргі заманғы адамзат коғамының көпқырлы әлеуметтік қажеттілігінің ұштасуына байланысты. 20 ғ-дың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты, онда ДНК-ның

молекулалық кұрылымы белгіленіп, генетикалық кодтары айқындалды. 20 ғ-да ғылымның даму қарқыны оның түрлі салаларының ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарда шешуге бағытталған мәселелерде (материалдар мен энергияның жаңа көздерін қалыптастыру, адам мен табиғат қатынастарын тиімділендірудің үлкен жүйелерді басқару, ғарыштық зерттеулер. т. б. ) ерекше байқалады.

Ғылымның өз заңдарын ашуға бағытталған қызметі - түсін-діру мен болжау болып табылады.

Заңды ашу жолындагы ізденіс зерттелу үстіндсгі нысанның маңызды емес, екінші қатардағы қасиеті мен байланысынан алшақтауды, оған назар аудармаудан талап етеді, басқаша айтқанда оны "таза" күйінде қарастыру қажет. Ғылымдағы абстрактілеуді субъективті тәсіл деп ұғуға болмайды. Оның ғылымдағы рөлі зерттелудегі ақиқатқа кол жеткізуге жәрдемдесуімен анықталады.

Ғылымды ұйымдастыру мен басқару. Ғылымды әлеуметтік институт ретінде танып, ұйымдастыру ісі 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Еуропада алғашқы ғылыми қоғамдар мен академиялар пайда болып, ғылыми журналдар жарық көре бастауымен тікелей байланысты қолға алынды. Бұған дейін ғылымды дербес әлеуметтік құрылым ретінде сақтау және дамыту ісі, кітаптардың көмегімен, дәріс беру арқылы, ғалымдардың қарым-қатынасы, өзара сұхбаты, хат алысуы арқылы жүрді.

19-20 ғасырларда ғылымды ұйымдастырудың жаңа тәсілдері қалыптасты. Қуатты техникалық базасы бар, ірі ғылыми институттар мен лабораториялар пайда болды. Олар ғылыми қызметті қазіргі өнеркәсіптік еңбекке жақындатты. Қазіргі заманғы ғылым қоғамдағы барлық әлеуметтік қатынастармен жан-жақты байланысып жатыр, бұл байланыс тек өнеркәсіп арқылы ғана емес. Саясат, әкімшілік және әскери салаларда да көрініс тапты.

Жаратылыстану және техника ғылымдармен қатар, қазіргі қоғамда гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың да маңызы күннен-күнге артып келеді. Осының негізінде жаратылыстану техникалық және әлеуметтік ғылымдардың жақындасуы арта түсуде. Қазақстанда ғылымдарды ұйымдастыру алғашқыда әр түрлі ғылыми-зерттеу мекемелерінде шашыраңқы күйде жүргізілді. 1945 ж. Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін, ғылыми-зерттеу институттарының бірыңғай тұтас жүйесі қалыптасты. ҒА құрылғаннан бергі жарты ғасырдан астам уақытта онда үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді; өндіріске құнды жаңалықтар енгізілді; ұйымдастыру құрылымы қалыптасты. Қазақстан Республи-касы Президенті Н. Назарбаевтың 1993 ж. 21 қаңтардағы Жарлығымен республика ғылым академиясы Қазақстан Ұлттық ҒА болып кайта құрылды. Ұлттық ҒА-ның аймақтық төрт бөлімшесі құрылған: оңт. бөлімше - Шымкентте, шығыс бөлімше - Өскеменде, батыс бөлімше - Атырауда және орталық бөлімше - Қарағандыда. Қазақстанда ғылымның соңғы он жылда даму ерекшелігі қалыптасқан экономикалық құрылыммен байланысты болды. Ғ-ды мемлекет тарапынан басқару жүйесін жетілдіру, еліміздің әлеум. -экон. өзгерістері тұсында оның рөлін арттыру, ғалымдарға мемл. қолдау көрсету шаралары жүзеге асырылды. Тәуелсіз мемлекетте сараптаудан конкурстық негізде өткен қолданбалы және іргелі зерттеулер бағдарламалары мақсатты түрде қаржыландырылып келеді. Қазакстан Республикасындағы ғылымды басқару мен ұйымдастырудағы бұл жаңа бастамалар ғылымды басқару мен ұйымдастыруға қойылатын халықаралық стандарт талаптарына үндеседі.

Педагогикалық зерттеу жұмыстарының принциптері

Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:

- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары және себепті салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;

  • құбылыстарды даму барысында зерттеу;
  • бір құбылысты екіншілерімен өзара өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
  • зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
  • зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән-мағынасына сай келуі;
  • даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
  • сынақталушыға, білім-тәрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік-инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Неліктен зерттеушіге әдіснаманы білу қажет?
  2. Ғылымның даму заңдылықтарын атаңыздар.
  3. Ғылым қалай жіктеледі?
  4. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттерін айтып беріңіз.

2-лекция. Тақырыбы: Педагогикалық зерттеудің түрлері.

  • Педагогикалық зерттеудің типтері және ерекшеліктері, тарихи-педагогикалық зерттеудің типтеріне сипаттама: тарихи-ақпараттық, әдіснамалық, теориялық, мәселелік.
  • Тарихи-педагогикалық зрттеу түрлері: педагогика тарихын зерттеу; білім беру тарихын зерттеу; персоналийлердің тарихын (педагогикалық ойларын, қызметін, ғылыми үлесін) зерттеу.
  • Дидактикалық зерттеулер және оның типтері. Тәрбие және мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне арналған зерттеулер.
  • Мектепке дейінгі ұйымды басқару сапасы мәселелеріне арналған зерттеулер.

Лекция мәтіні: Ғылымның диалектикалық дамуы, фактілерді жинақтау оларды оқып үйрену, жүйелеу, қорытындылау және олардың жеке жаңалықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін, жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан тұрады.

Сондықтанда, алынған нәтиженәң сипатына байланысты барлық ғылыми зерттеулер төмендегі негізгі топтарға бөлінеді: ізденіушілік; фундаментальды; қолданбалы жәнеәдістемелік.

Жоғарыдағы зерттеулердің әрбір тобы өз кезегінде зерттеулердің жоспарлылығын талап етеді.

Жоспарлылық - ғылыми шығармашылықтың негізгі фаторы болып табылады.

Зертеу жоспарының бірнеше формалары бар:

Алдын-ала жоспарлау - зерттеу жұмысының мақсатын және нысанасын анықтайды, оның жалпы мазмұны мен мәнін, тұжырымын, зерттеу мақсаттарының шешілу прициптерін, әдістемесін, жұмыстың көлемі мен орындалу уақытын көрсетеді. Сол себепті, зерттеу жұмысының алдын-ала жоспары - зерттеу тақырыбын нақтылаудың аяқталу элементі болып табылады.

Зерттеу жұмысының жеке жоспары - зерттеу жұмысының мазмұны мен кезеңдерінің орындалу тәртібі, мерзімдері көрсетілген тізім жүйесі.

Зерттеудің жұмысжоспары - қабылданған ұсынылып отырған болжамды тексеру және өрбіту мақсатында жасалған кешенді жұмыстар тізімі.

Зерттеудің жұмыс жоспарының басқалардан өзгешелігі, мұнда зерттеу жұмыстарының барлық негізгі кезеңдерінің орындалу құралдары жолдары әдістері көрсетілуінде

Кез-келген ғылыми ізденістің тиімділігі, көбнесе зерттеу жұмысының шын мәні мен нәтижесіне алып келетін кезеңдерінің дұрыс түзілуіне, яғни, зерттеу логикасына байланысты болады.

Зерттеу логикасын түзу - өте күрделі жұмыс.

өткені, зерттеу логикасы жұмыстың бірден - бір маңызды кезеңдерін құрай отырып, зерттеу процесіне үзеңгелестік жасайды. Дегенмен, зерттеу логикасын түзу үшін соңғы нәтиженің моделін жасап алу қажет. (Мысалы кітап мазмұны) .

Зерттеу логикасы құрылымын жасаудың үш кезеңін атауға болады.

  1. кезең - зерттеу тақырыбын таңдау, оның мақсатын анықтауға дейінгі, болжамды құру кезеңдері, жалпы төмендегі логикалық схема түрінде берілуі мүмкін: проблема тақырып нысаны (объект) пәні ғылыми фактілер жетекші идея жөрамал зерттеу мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстың 2-кезеңінің логикасы зерттеу әдістерін таңдаудан, зерттеу қорытындысын тұжырмдауға шейін төменгі схемада жасалу мүмкін:

әдістерді таңдау жорамалды тексеру алдын - ала қорытындыларды конструкциялау оларды практикаларды тексеру тәжірибе жасау, нақтылау шешуші қорытынды жасау.

  1. қорытынды кезең - зерттеу нәтижелерін практикаға ендіру, жұмсты әдеби көркемдеп баспаға дайындау. (ОҚУЛЫҚ, ОҚУ ҚҰРАЛЫ, ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ Т. Б. )

Жоғарыдағы педагогикалық зерттеу логикасы зерттеу бағдарламасына сүйенетінін айта кету керек.

Еліміздің күш алып келе жатқан білім беру саласын реформалау жұмыстарын ғылыми тұрғыдан толыққанды қамтамасыз ету үшін осы саладағы, педагогикалық зерттеулердің сапасы мен нәтижелігін айтарлықтай көтеру, олардың мектеп практикасына нақты әсерін күшейту қажет.

Соңғы уақытта байқалып отырған зеттеулердің практикалық бағытының күшею тенденциясы, оларды бағалау проблемасын ерекше өткір қойып отыр. Себебі практикалық «бағыт» тек өз «плюстерін» тудырып қана қоймай, сапасының зерттелетін проблеианың теориялық - методологиялық жақтарына бөлінетін ықыластың төмендеуіне әкеледі. Бұл, ғылым мен ғылым методологиясының бір-бірінен алшақтауына соқтырыры хақ.

Егерде проблеманың өзі болып, ал, оны шешу жолы айқын болмаған жағдайда, яғни ескі тәсілдердің күйі шектеулі екендігі анықталса, ғылыми зерттеулерді методологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету қажеттігі туады. Проблеманы шешу үшін объект байланыстарының жан-жақтылығын анықтаумен бірге мәдениетпен де байланысу керек болады. Өйткені проблеманы шешуге керекті тәжірибе, нақты мәселені шешу алгоритімі болсын немесе проблеманы шешуге мүмкіндік беретін шындық туралы жалпы мағлұмат болсын мәдениеттен алынады.

Бұл тұрғыда, методология - ғылым мен мәдениеттің байланыс құралы болып табылады.

Ғылым өзінің даму барысында, әсіресе крезисті сәттерде, өзінің прогресін қамтамасыз ететін номативтерді мәдениеттен алады.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогрес заманы, методология мен ғылымның өзара әсерлесу проблемасына қызығушылықты күшейтіп отыр.

Ғылыми білімнің үнемі дифференциялануы, оның интеграциялануына деген қажеттілікті тудырады, ал, шындықтың интегративті бейнесін тек ғылыми методология негізінде ғана құруға болады, сондықтан адамзат мәдениеттің құрылымында ғылыми іс-әрекет методологиясымен қоса, практикалық іс-әрекет методологиясы да алдыңғы қатарлы рөлге ие болып келеді. Өйтені, біз іс-әрекетіміздің әр түрлі салаларында не істеу керек екенін білгенімізбен, оны қалай істеу керек екенін біле бермейміз.

Ғылыми іс-әрекет, адамның басқа да іс-әрекеті, сияқты, қандай да белгілі үлгілерді қайта тудырумен байланысды. Ол біріншіден, зерттеу мақсаты мен бағдарламасын, оны ұйымдастру принциптерін анықтау немесе алынатын өнімнің үлгісін алу және т. б. болуы мүмкін; екіншіден, ғылыми зерттеу, оның фрмаларын жаңатпай, жаңа бағдарламалар жасалмай жүргізілуі мүмкін емес. Бірінші жағдай арнаулы ғылыми іс-әрекетке, екіншісі методологиялық іс-әрекетке қатысты, ол ғылыми зерттеулердің жалпы, принципті даму жолдарын анықтаумен байланысады.

Бұл үшін арнаулы міндеттерді шешу аумағынан шығу қажет.

Зерттеудің жаңа стратегиясын құру үшін әлеуметтік құбылыс ретінде ғылым табиғатын, оның қоғамдағы орнын, оның құрылымымен жүру және даму заңдылықтарын білу керек.

Методолог - зерттеу бағдарламасының жалпы схемасын қалай құруды білуі тиіс, яғни, ғылымның жай-күйін бағалай білуі, оның қиыншылықтары мен даму перспективаларын анықтай білуі, алынған нәтижені білім жүйесіне ендіре білуі тиіс.

Қазіргі заманғы ғылымның негізгі проблемаларына жасалған үстірт шолудың өзі, ғылым саласында қабылданатын шешімдердің тиімділігі - оған сәйкес (адекватты) методологиялық нұсқауларға тәуелді екенін көрсетеді.

Ғылыми іс-әрекет масштабы өте үлкен болғандықтан, зерттеудің адекватсыз методологиясын таңдау, орасан зор матеориялдық шығындарға, ғылыми-техникалық прогрестің екпінін төмендетуге әкеп тірейді. Сондықтан, бұл негативті құбылысты айтып қана қоймай, оны жоюға методологияның қажет екенін түсінуден ғылымның барлық салаларындағы, ғылыми іс-әрекеттерді қазіргі заманғы методологиялық қамтамасыз ету шараларына көшу керек.

Бұл зерттеушінің методологиялық мәдениетін көтеруді талап етеді.

Методологиялық мәдениет - интелектуалдық мәдениет бөлігі.

Қазіргі уақыттағы ғылымның методологиялық мәдениеті оның интелектуалдық мәдениетінің бір болігі болуы тиіс.

Методологиялық мәдениет қалыптастырудың қайнар көздерінің бірі іс-әрекет тәсілдкерін, үлгілерін меңгеру, және іс-әрекет құралдарын қалыптастыратын, ғылымның жалпы методологиясын білу болып табылады.

Ал, методологиялық іс-әрекет құралдарына - ғылым туралы жалпы түсінік, оны қалыптастыру және дамыту заңдылықтарын білуі, жаңа білімнің пайда болу механизімі туралы, жаңа ғылыми идеяларды ұсыну жайындағы түсініктер жатады.

Методологиямен жекелеген көрнекті ғылым қайраткерлері ғана айналысады - деген кең тараған ұғым ескірді. Қазір жаңа міндеттерді шешіп жатқан әр ғылымға методологиялық қажыр-қайрат, методологилық іс-әрекет керек.

Бұл іс-әрекет тәжірибесі іс жүзінде тіркелмеуде, ғалымдардың өздері оны актуалды міндет ретінде ескермеуде.

Шамасы, ғалымды методологиялық іс-әрекетке үйрету болмайтын сияқты. Ал, методологиялық іс-әрекеттің алғы шарты ретінде, оның методологиялық мәдениетінің қалыптасуына көмектесуге болады.

Бұл мақсатқа жетудің бір құралы - әр типтегі методологиялық іс-әректтің жалпы схемаларын білу деп есептейміз.

Оларды меңгеру нәтижесінде зерттеушіде айқын бағдар пайда болады.

Біздің тұжырымдауымызша методология: 1) зерттеудің негізгі бағыттары мен бағдарламаларын анықтау; 2) проблеманың дұрыс қойылуын қамтамасыз ету; 3) ғылыми зертеудің әдістері мен құралдарын жасау; 4) нысананы, зерттеудің жалпы жолдарын анықтау; 5) ғалымдарды ғылыми іс-әрекеттің интелектуалды техникасымен қамтамасыз ету; 6) ғылыми ізденістің жалпы стратегиясын белгілеу; 7) зерттеуші қозғалысын нысаналы мазмұн бойынша түзету; 8) зерттелетін объектідегі приципиалды құрлым мен негізгі, өзара байланыстарды шешу; 9) зерттеу нәтижелерін бағалау үшін - критерийлер жасау; 10) ғылыми зерттеудің нысаналығын негіздеу және құру міндеттерін қояды, :

Бұл міндеттер ғылым методологиясының ұғымдарын меңгеруді талап етеді. Сондықтан, төменде педагогикалық зерттеудің ғылыми аппаратын жасау және сипаттау кезінде қолданатын кейбір категориялар мен ұғымдарды ілгері ғылыми еңбектер мен ғылыми баспасөзден іріктеп алып, жүйелеп және қажетті түсініктермен беріп отырмыз.

Методология өте кең мағынада - бұл іс-әрекет құрылымы, оның логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары жайлы ілім.

Ғылыми методология - ғылыми танымды құру прициптері, формалары мен әдістері жайлы ілім, шындықты ревалюциялық түрлендіру құралы.

Келтірілген методологиялық жалпылама анықтамалары конозиациялаудың қажеті жоқ, өйтені, олар методология атқаратын функциялардағы айтарлықтай ерекшеліктерді көрсетпейді, методологияның қай түрге жататынын (нормативті немесе дескретивті) ескермейді.

Нормативті методологиялық ілім - белгілі бір іс-әрекет түрлерінің мазмұны мен кезеңін белгілейтін ережелер және нормалар түрлерінде болады.

Ол, төмендегідей 3 функцияны атқарады: 1- проблеманың мазмұндық тұрғыдан да, формалдық тұрғыдан да дұрыс қойылуын қамтамасыз етеді; 2-қойылған міндеттер мен проблемаларды шешу үшін белгілі бір құралды береді; 3 - зерттеулерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Дескретивті методология негізгі міндеттері - танымның даму тенденциялары мен формалары, оның әдістері категориялық және ұғымдық құрлысы тұрғысынан әрбір нақты кезеңге байланыстыра зерттеу болып табылады.

Қарастырылған функциялардың әр тектілігі, олардың қандай да бір шекара шеңберіндегі бір нысана арқылы орындалмайтынын, әр түрлі нысаналар арқылы және әр түрлі формалар арқылы орындалатынын көрсетеді.

Сондықтан, методологиялық білімнің әр түрлі типтері мен деңгейлері туралы айтуымыз қажет.

Ең жоғарғы деғгейді философиялық методология құрайды. Оның мазмұны танымның жалпы принциптері мен ғылымның жалпы алғандағы категориялық құрлысынан тұрады. Методологияның осы саласы ғана философиялық білімге жатады да, философияға тән әдістер арқылы түзеледі. Сонымен бірге оның философияның бір ерекше болімі түрінде түсінбеуіміз керек бұл жерде методологияда фуннкцияның философиялық білімнің тұтас жүйесі орындайды.

Методологияның философиялық деңгейі нақты жағдайда нормалардың, «рецептердің» - немесе техникалық әдістердің қатып қалған жүйесі түрінде емес (оны бұлай түсіндіру ғылыми танымның догмаға айналуына алып келер еді), танымдық іс-әрекеттің алғы шарттары мен бағдарлар жүйесі түрінде болады. Бұған, мазмұндық алғы шарттар мен бірге (ғылыми ойдың дүние тану негіздері, дүниенің философиялық бейнесі), ғылыми ойлардық жалпы формалары, оның тарихи анықталған категориялық құрлысына жататын формалары алғы шарттары да кіреді.

Методологияның екінші деңгейі - зерттеудің жалпы ғылыми принциптері мен әдістері мен формаларының деңгейі түрінде есептеледі.

Бірақ бұл деңгейде туатын проблемалар сипаты барлық немесе кез келген ғылым саласына тікелей қатысты деп түсінбеу керек. Олардың спецификасына нақты нысаналы мазмұнға араласпау, сонымен бірге, ғылыми таным процесінің жалпы белгілерін оның дамыған формаларын түсіндіру кіреді.

Келесі деңгей - «нақты ғылыми методология», яғни ғылымның арнаулы саласына қолданылатын әдістердің зерттеулер мен процедуралық прициптердің жиыны. Мысалы, кәсіпке баулу методологиясы - өндірістің әрбір саласының проблемаларымен бірге, психолого-педогогикалық ғылымдар тудыратын мәселелер қарастыру жататыны түсінікті.

Жоғарыдағы деңгейлерді методология құралдарды іске қосуды оларды механикалық түрде көшіру деп түсінбеуіміз керек.

Әр нақты жағдайда бұл құралдар өздеріне сәйкес нысаналық бейнеленуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа педагогикалық технология
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМЫН ҚАЗҚРГҚ
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны
Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
Биологияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Ағылшын елдерінде болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау ерекшеліктері
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі мектептің, отбасы мен жұртшылықтың бірлесіп атқаратын жұмыстары
Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың ерекшелiктерi
Қазақ педагогикасына үлес қосқан педагогтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz