ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ғылыми - педагогикалық зерттеу аппаратынын мазмұны.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Жастарды кәсіби оқытуды жан-жақты
аспектілері 1984 жылғы мектеп реформасы бағытына ылайық қарастырылды.
Осыған байланысты бағдарлама жасалынып жалпы білім беретін
мектептерге ендірілді. Бұл жағдай мектепте оқыту мазмұнында бірінші рет
болғандықтан оқушыларды мамандыққа дайындау біріншіден: бітірушілерді
мамандық таңдау жан-жақты ойлануы; екінтшіден: алғашқы мамандық
разрядына сәйкес келетін арнайы білім. біліктілік пен дағдыларды
қалыптаствру мәселелері; үшіншіден: ұлдар мен қыз балаларының жеке басының
идеялық, өнегелік жоне азаматтық сапаларын қалыптастыруды
қамтамасыз етуді талап етеді. Сонымен қатар, мұндағы аса маңызді мәселелнің
бірі оқушыларда мамандыққа сүйіспеншілікті дамыту болып табылады.
Сонымен, мектеп - жұмысшы мамандарды дайындаудың дәстүрлі орта
кәсіптік білім беру (КТУ), орта арнайы білім мекемелері мен (колледж) бір
қатарға тұратын болып отыр. Дегенмен, аталған оқу орындарының кәсіби оқыту
мазмұны түгелімсн мектепте оқыту мазмұнына көшіріледі деу әбестік болар
еді. Осы себепті, мектепте кәсіби оқыту формаларын, әдістерімен
дидактикалық құралдарын дайындау оларды эксперименттік тәжірибеден өткізу;
олардың тиімді жолдарын анықтау маңыздылығы (актуальдылығы) туындап отыр.
Алға қойылған мәселе әлеуметтік тұрғыдан ғылыми
техникалық прогрестің қазіргі даму тенденциясын, техника
технологияда, нарықтық қатынастар аумағында, информация мен
технологияның пайдалану аумағын, осылардың нeгізінде
оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнына қойылатын талаптарды анықтауды
алға тартады.
Ғылымның тез қарқынмен дамуы және жаңа технологиялардың енуіне сәйкес
кәсіптік мамандықка қойылатын талаптар өзгерісі оқушылардың 2-3 мамандықты
меңгеруіне қажеттілігі де туындайды.
Жоғарыдағы айтылған мәселелердің маңыздылығы практикалық
мәні зерттеу тақырыбын:
"Жалпы білім беретін мектепте мамандыққа оқытудың педагогикалық
негіздері бағытында таңдауды талап етеді.
Зерттеу нысаны - жастардың мамандыққа дайындығы.
Зерттеу пәні - жалпы білім беретін мектеп оқушыларын
мамандыққа дайындаудың мазмұны, формасы, әдістері және
дидактикалық құралдары.
Зерттеу мақсаты - оқушыларды мамандыққа оқытудың ғылыми
әдістемелік негіздерін дайындау.
Зерттеу жұмысшы жорамалы: жалпы білім беретін мектепте кәсіби оқыту
тиімділігі артады, егерде:
- әр түрлі кәсіпке дайындау мазмұнында ғылымның, жаңа
технологиялық талаптары, аймақтық мәселелер ескерілсе;
- оқыту процесінде, оқытудың дидактикалық құралдары ретінде
өндірістік негізде құрылған техника - технологиялық есептер мен
иапсырмалар; жинақтау процесін ескеретін жинақтаудың
технологиялық схемаларын түсіндіретін графикалық тәсілдер қолданылса;
- оқушылар еңбегін ұйымдастырудың жетік формалары
қарастырылатын болса;
- оқу бағдарламаларында кәсіпке оқытудын бірыңғай мазмұны
түзілетін болса;
- оқу-тәрбие жұмыстары барысында оқушыларда кәсіби маңызды сапаларды
қалыптастыруда V-V11, VII-IX, Х-ХІІ сыныптарда сабақтастық
сақталатын болса.
Зерттеу міндеттері
1.Өндіріс салаларына ғылым мен жаңа технологиялардың қарқынды енуін,
олардың кәсіби дайындық мазмұнына қоятын талаптарын анықтау.
2.Оқушыларды кәсіпке баулу мазмұнындағы бірыңғай кәсіби деңгейді
анықтаушы талаптарды саралау.
3.Кәсіби оқыту бағдарламасы мазмұнын түзу және оны эксперименттік
тексеру.
4.кәсіби оқытудың тиімді дидактикалық құралдарын, формасын, әдістерін
анықтау.
5.Кәсіби оқытудың дидактикалық негіздерін дайындау.
Зерттеy жұмысының әдіснамалық, және теориялық негіздері – табиғат,
қоғам, ой дамуының жалпы зандылықтары; теория мен практиканың
диалектикалық бірлігі туралы; жүйелі – құрылымдық қатынас туралы;
философиялық және психологиялық – педагогикалық тұжырымдамалар; жеке
тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыта оқыту теориясы;
Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, ҚР
Конституциясы, қаулы-қарарлары, философтардың, педагогтардың
материалдары; Қазақстан Республикасы орта білім
мемлекеттік стандарты; Жоғары педагогикалық оқу орындарының, кәсіби
оқыту орындарының оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу- тәрбие процесі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерін
қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; ғылым мен өндіріс
салаларындағы прогресті анықтау; жұмысшы кадрларды дайындаудың озық
тәжірибелерін зерделеу: байқау, хронометраж, педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: кәсіби оқытудың ғылыми
негіздерін және мазмұнын түзу; жұмысшы кәсібін меңгерудің тиім формаларын,
әдістерін және оқытудың дидактикалық құралдарын түзу.
Зерттеудің практикалық маңызы: оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнын
дайындау; Кәсіби оқытудың мазмұны, формалары әдістемесі" -
әдістемелік оқу құралы; Оқушылардың дайындығының дидактикалық
негіздері монографиясын дайындау.
Зерттеу кезеңдері.
1. кезең - кәсіби оқытудың методологиялық, педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік кезеңдерін теориялық тұрғыдан дайындау;
- кәсіпке оқытудың болашағы жөнінде жарияланған
еңбектер бойынша эмпирикалық мәліметтерді жинақтау:
- кәсіпке оқыту бойынша, мектепте кәсіби білім беру мектептерінің
тәжірибелеріне талдау жасау;
- кәсіби оқыту бағдарламасын түзу және оны тәжірибеден өткізу
(ҮШ-ІХ сынып.)
2. кезең - өядірісте, КТУ, жағдайындағы кәсіпке баулудың әлеуметтік
педагогикалық және техникалық әдебиеттерімен танысу;
Х-Х11 сыныпқа ариалған кәсіпке баулу бағдарламасын тәжірибеден өткізу.
бағдарлама мазмұнындағы кәсіби сапалық маңызды саналатын
элементтерін анықтау.
3. кезең. Зерттеу нәтижелерін қорытындылау, оларға талдау жасау,
кәсіби дайындық мазмұнын арттыру мәселелерін анықтау;
- кәсіби оқытудың дидактикалық негіздерін дайындау.
Тәжірибелік - экспериментальдық жұмыстар және ұйымдастыру
мазмұны.
Тәжірибелік - экспериментальдық жұмыстар келесі бағыттарда
ұйымдастырылады: жастардың кәсіби дайындығы бойынші жинақталған
тәжірибелерді оқып үйрену; оқушыларды кәсіби оқыту бағдарламаларын
эксперименттік тексеру; әдістемелік нұсқауларды тексеру және оларды оқу
процесіне ендіру.
I. Жастардың кәсіби дайындығы тәжірибесін зорттеу.
Жұмыстың мақсаты:
Ғылым мен жаңа технология қарқынынын қазіргі замандық
мамандықтарға қоятын талаптарын анықтау.
Оқушыларды, жастардың өндірістегі, КТУ-дегі кәсіби дайындық мазмұнын және
шарттарын талдау.
Кәсіби оқыту формаларын, әдістерін және оқыту құралдарын
анықтау.
Алға қойылған мақсаттарды шешуде практикада орын алған әлеуметтік
жағдайларға және алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерге сүйену қажет.
Ю.К.Бабанскийдің тұжырымдауы бойынша әлеуметтік практиканы біріншіден
- зерттеу бағытындағы маңызы бар оқыту практикасында орын алатынын;
екіншіден эксперимент көлемін мейлінше тарылту; үшіншіден - ғылыми болжамға
юайланысты практикалық дәләлді алуға нақтылы септігін тигізеді.
Озық тәжірибелерді үйренуде ғалымдар төмендегілерді:
- алғашқыда тәжірибелі оқытушылар, оқыту шеберлерінің озық,
элементтерін анықтау;
- алынған тәжірибеге обьективті баға берерлік критерийлерді және
тәсілдерді таңдау;
- осы критерилер және тәсілдер арқылы олардың тиімділігін
анықтау;
- теориялық тұрғыдан тәжірибені дәйектеу және оны жетілдіру;
- жетілдірілген тәжірибені эксперимент тұрғысынан тексеру;
- алдыңғы тәжірибелермен салыстырарлық оның оқу-тәрбие
тиімділігін анықтау;
- таңдалып алынған тәжірибеге сипат бере отырып, оны қалыптасқан
тәжірибеден ерекшелігін анықтау, оған ғылыми- педагогикалық сипат беруді
ұсынады.
Тәжірибелерді талдау жасауда бақылау, әнгімелесу, анкета, әр
түрлі құжаттарға талдаулар және т.с.с., әдістер жиынтығын
пайдалануға болады. Мұның ішінде өте мұқият дайындықты, әзірлеуді анкета
мазмұны қажет етеді. Оларды дайындау барысында:
- сенімді ақпарат бере алатын, зерттелетін құбылысқа
нақтылы сипаттама беретін сұрақтарды таңдай білу;
- тура және жанама сұрақтар ескерілуі;
- сұрақтар түзгенде жауапқа бағдар берілмеуі;
- сұрақтың екі жақтылай мәні болмауына;
- жабық сұрақтары шектеулі анкеталар және респонденттің өз пікірін
білдіруге мұрсат берерлік сұрақтардың түзілуіне;
- алдын-ала сұрақтардың жауап беруге ыңғайлы, жеңілдіктерін
бақылауға байланысты жағын респонденттермен жұмыс жүргізуте және осының
негізінде ішінара өзгерістер жасауға назар аудару керек.
Жастардың кәсіби дайындығының тәжірибелік обьектілері болып
төмендегілерді алуға болады: кәсіби оқытудың материалдық-техникалық
базасы; еңбек әрекетінің шарттары, жағдайы;
VIII-IX; Х-ХІІ сыныптардағы, кәсіби оқыту, КТУ, өндірістік оқыту
мазмұны, формасы және дидактикалық оқыту құралдары, өнімнің саны мен
сапасы; оқыту шеберлерінің, оқытушылардың, тәлімгерлердің кәсіби
шеберлікті қалыптастырудағы педагогикалық әрекеттері т.б.
Жоғарыдағы сұрақтарға қажетті мәліметтер мен ақттараттар жинақтау үшін
төменде қажетті құжаттар үлгісін ұсынамыз.
а) Өнеркәсіп орындарындағы өндірістің даму деңгейін анықтау.
Халық шаруашылығының саласы.
Өндіріс типі.
Өндірістің негізгі және көмекші жұмыс күшінің құрамы (процент есебінде).
Жас жұмысшылар құрамы (процент есебінде)
а) қол еңбегі;
ә) механизацияланған енбекпен;
б) автоматтандырылған еңбекпен ұйымдастырылған жұмыс күші (процент
есебінде).
Өнеркәсіпте жаңа техника, технология, материалдық пайдалану үлесі.
а)икемді автоматты линиялар;
ә) роботтар;
б)манипуляторлар;
в)ақпараттық техникалардың пайдаланылу үлесі.
Бригадалық формада ұйымдастырылған жұмысшылардың (процент есебінде).
Өндірісте жұмысшылардың мамандығын өсіру формалары.
Жастардың шығармашылық әрекеттерге қатысы.
Материалдарды үнемдеу шаралары.
Өнімді арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету шаралары.
Тәлімгерлікті дамыту жолдары.
Озық өндірістік тәжірибелерді ендіру формалары.
15. Өндіріс орындарындығы жастардың бос уақытын үйымдастыру
мәселелері.
ә) Жас жұмысшының әлеуметтік мінездемесін түзу.
Жасы.
Қандай оқу орынын бітіргені.
___________________________________ _______________________
3. Өндірістегі жұмыс стажы. Мамандығы.
___________________________________ _______________________
4.Алмастырылатын тапсырманы орындауы.
___________________________________ _______________________
5.Қоғамдық жұмыстарға қатысу белсенділігі.
___________________________________ _______________________
6.Сайланатын әрекеттерге қатысуы.
___________________________________ _______________________
7.Оқуды жалғастырудасыз ба?
Мамандықты жетілдіру курсында.
Колледж, университетте.
8.Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
___________________________________ _______________________
___________________________________ _______________________
9.Әкімшілік тарапынан ескерту алдыңыз ба?
___________________________________ _______________________
10.Өндірістің ішкі сұрақтары бойынша пікір таластарға араласасыз ба?
___________________________________ _______________________
б)Жұмысшының еңбек мазмұнын анықтау.
(Жұмыс күнінің фотографиясы).
1-кесте
РС Жұмыс мазмұны Жұмсалған уақыты
1 Жұмысты бастауға жұмыс орнын даярлау
2 Өндірістік тапсырманың
техника-технологиялық құжатымен танысу
3 Қажетті құрал-саймандарды дайындау,
жабдықтарды ретке келтіру
4 Негізгі операцияны орындау
5 Дайындалған бұйымның сапасын тексеру
6 Қосалқы жұмыстар, ауысулар
7 Демалыс, артық уақыт

Озық тәжірибенің ұйымдастырылу формалары, әдістері және кәсіби
оқытудың құралдарын анықтау.

2-кесте
Кәсіби оқытудың көп таралған формалары мен әдістері
РС Кәсіби оқытудың формалары мен Сұралғандар санының прцент
әдістері үлесі
УПК КТУ Жас
оқушысы оқушысы жұмысшы
1 2 3 4 5
1 Фронтальды - топтық (бригадалық)
Сабақ:
УПК
КТУ
Арнайы курста
Жұмыс орнында
Өнеркәсіпте
2 Жеке сабақ
УПК
КТУ
ОӨК
3 Өнімді өндіру барысында үйрету.
4 Озық еңбек әдістері мен
тәсілдеріне үйрету.
5 Лаборатория-практикалық
сабақтарда.
6 Инструктаж.
7 Өндірістік практика кезінде.
8 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Педагогикалық тәжірибенің теориялық негізі
Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер
Педагог зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Психологиялық - педагогикалық және қалыптастырушы эксперименттер
Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Пәндер