Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

ЗАУРБЕКОВ ТАЛҒАТ ТАЛАПБЕКҰЛЫ

Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру

13. 00. 02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі математика)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

КIРIСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты» бойынша жасалынған жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында: «Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсаты түбегейлі өзгеруі керек: бірінші кезекке бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады» - делінген.

Осыған байланысты, бiлiм беру жүйесiнің бастауыш буыны мұғалiмін математика пәнінен әдістемелік дайындау кезек күттiрмейтiн мәселе болып тұр. Орта арнаулы педагогикалық бiлiм беру жүйесiнде болып жатқан күрделi өзгерiстер, болашақ бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан әдістемелік дайындауды практика жүзiнде қомақты ғылыми зерттеулерсiз жүзеге асыру мүмкiн еместiгiн көрсетедi. Сондықтан бұл жұмыста педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан әдiстемелiк дайындау педагогикалық бiлiм беру жүйесiнiң жаңа элементi ретiнде қарастырылады.

Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне білім берудің негiзi болып студенттердің математикадан әдiстемелiк дайындығы есептеледi. Әдiстемелiк дайындық мақсат, мазмұн, әдiс, құрал және студенттердi оқытуды ұйымдастыруды қамтыған жүйе ретiнде қарастырылады. Қазiргi кезеңде педагогикалық колледждерде жүзеге асырылып жатқан мұғалiмдердi әдiстемелiк дайындау жүйесi жаңа сапалы өзерiстердiң болуын талап етедi. Ал, әдістемелік дайындық ғылыми зерттеудің жаңа әдістері мен құралдарын қолдануға бағытталған арнайы іс-әрекет. Орта арнаулы білім беру жүйесінде қоғам сұранысына сай әдістемелік жұмыстардың жаңа бағыттары, түрлері және мазмұны өзгеріп, жаңа вариативтік, әртүрлі деңгейлік беталыстары пайда болуда. Сондықтан, бұл зерттеу педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдістемелік дайындау жүйесiн дамыту мәселесiне арналады.

Педагогикалық колледждерде бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдiстемелiк дайындау жүйесiнiң қазiргi жағдайларына талдау жасау нәтижесi, бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң тарапынан қанағаттанбаушылық тудыратындығы, сол сияқты бұл мәселемен айналысатын ғалым-әдіскерлер де оларды жақтайтындықтары анықталды. Әдiстемелiк дайындықтың сапасы мен сипатына студенттердiң өздерi де толық қанағаттанбайды. Нәтижесiнде колледж студенттері мен түлектері пәндерді оқыту әдiстемесiн мектеп тәжiрибесiнде (дербес жағдайда оқушыларды дамыта отырып оқытуға, математикалық қабілеттерін дер кезінде арттыруға) жүзеге асыруға жеткілікті дәрежеде дайын емес екенін көрсетуде.

Бастауыш сынып мұғалімінің математикадан әдістемелік дайындығы - бастауыш сыныптарда қазіргі технологияларды пайдаланып, математиканы оқытуға теориялық және практикалық дайындығының үйлесімділігі, тұлғалық кәсіби қасиеттерін үздіксіз дамыта білу қабілеттері болып табылады. Сондықтан қазіргі жағдайда бастауыш сыныптарда білім беретін әдістемелік дайындығы жоғары мұғалімдердің қажеттігі, бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда жаңа педагогикалық технологияларды қолдана білуін қалыптастыратын арнайы курстардың жеткіліксіздігі, әдістемелік дайындықты қалыптастыруға бағытталған әдістемелік оқу құралдарын пайдалану зәрулігі және математиканы дамыта оқытуға бағытталған әдістемелік дайындықтың тиімділігін анықтайтын тәжірибенің жоқтығы зерттеудің көкейкестілігін анықтайды.

Зерттеудiң ғылыми-теориялық негіздері ретінде мына бағыттағы еңбектерді басшылыққа алдық:

  • қазiргi педагогикалық бiлiм беру жүйесiн құрудың әдiснамалық негiздерiн ажыратқан педагогтар мен психологтардың жұмыстары (В. П. Беспалько, Б. С. Гершунский, В. В. Давыдов, В. В. Краевский, Н. В. Кузьмина және т. б. ) ;
  • мұғалiмнiң кәсiби қалыптасуының жалпы психологиялық ерекшелiктерi (Н. Ф. Менчинская, Л. М. Фридман және т. б. ) ; мектеп оқушыларын оқытудың жаңа технологиясын дамыту (А. Г. Мордкович, В. М. Монахов, П. М. Эрдниев және т. б. ) ;
  • педагогикалық оқу орындарында болашақ мұғалiмдерді математикадан әдiстемелiк дайындау жүйелерi (А. А. Столяр, З. И. Слепкань, О. Сатыбалдиев, Б. Қасқатаева және т. б. ) .

Соңғы жылдары студенттерді математикалық-әдістемелік және дидактикалық білім көздерімен қаруландырудың ғылыми негіздері мен кәсіптік-педагогикалық бағыттары бірқатар зерттеу еңбектерінде (И. Н. Нұғыманов, А. Е. Әбілқасымова, Ж. Икрамов, Д. Рахымбек, А. А. Абдукадыров, О. Сатыбалдиев. Ә. К. Қағазбаева, Қ. Ғ. Қожабаев, С. Тыныбекова, Л. Т. Искакова, және т. б. ) айқындалғанын атап айтқан жөн. Аталмыш жұмыстарда студенттерді болашақ кәсіптік іс-әрекеттеріне даярлау, математика мұғалімдерінің кәсіби ізденімпаздығын қалыптастырып, жетілдіру т. б. мәселелер қарастырылады. Сондай-ақ қазақ этнопедагогикасы материалдарын жоғары және арнайы педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану проблемасы бойынша А. А. Қалыбекова, С. А. Ұзақбаева, Қ. Бөлеев, Қ. А. Сарбасова, С. Қ. Әбілдинаның және т. б. еңбектері орындалды.

Алайда, бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан әдістемелік даярлықтары жайы арнайы зерттеу нысанына айналмай отыр. Жарық көрген еңбектерде математикалық білім беру тарихы және оның материалдарын педагогикалық үдерісте пайдалану, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту жөніндегі ғылыми-әдістемелік ой-пікірлердің қалыптасуы мен дамуы, математиканы оқытуда ұлттық ерекшеліктерді ескеру және т. б. мәселелер сөз болады (А. Көбесов, Қ. Нұрсұлтанов, К. А. Өтеева, Б. М. Қосанов, Т. К. Оспанов, Р. Кенжебекова, Ж. Қайыңбаев, Г. Жетпісбаева, Ә. С. Кенеш және т. б. ) .

Бұл келтiрiлген зерттеулер бойынша мұғалiмге кәсiби бiлiм беру жүйесiн дамытудың жалпы мәселелерiне немесе әдiстемелiк дайындық жүйесiн дамытуға ықпал ететiн мәселелерге қатысты бiрақ зерттеліп отырған мәселенің ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда әлі де өз шешімін таппағандығына көз жеткіземіз.

Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдiстемелiк дайындау жүйесi туралы алынған эмпирикалық деректер, педагогикалық колледждердегі бiлiм беру жүйесiндегi математикадан әдістемелік дайындау тәжiрибесiн зерттеу, онымен қоса көптеген ғылыми әдебиеттерге (монографиялар, мақалалар, бiлiм жүйесiнiң жұмысын реттейтiн құжаттар және т. б. ) жасалған теориялық талдаулар, шешуiн iздейтiн бiрнеше қайшылықтарды ажыратуға мүмкiншiлiк туғызды. Олардың маңыздыларын жалпылама түрде былай баяндауға болады:

  • педагогикалық колледждерде пәндерді оқып үйренуге бағытталған әдiстемелiк даярлық жүйесi мен қазiргi бастауыш сыныптарда мұғалімдердің математикадан жүзеге асыруға тиiстi көпнұсқалы оқыту әдiстемесiнiң арасындағы қайшылық;
  • әдiстемелiк дайындық жүйесiндегi математикалық мазмұнды берудiң көп жағдайда тек пәндiк ерекшелiктерiн ескеретiн дәстүрлi әдiсi мен осы мазмұнның жалпы бiлiмдiк дамытушы мүмкiндiктерiн қолдана отырып, әртүрлi бiлiм беру жүйесiнiң мазмұнды сұраныстарының арасындағы қайшылық;
  • педагогикалық колледждер тәжiрибесiнде орын алған оқу үдерісi мазмұнының ерекшелiктерiн ескерудi нысана ететiн әдiстемелiк даярлық пен бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызметiнiң ерекшелiктерiн және олардың даму болашағын ескеретiн математиканы дамыта оқыту үдерiсiн жүзеге асырудың жаңа әдiстерiнiң арасындағы қайшылық.

Көрсетiлген қайшылықтар педагогикалық колледждерде бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдiстемелiк дайындық жүйесiнiң мақсаттары мен мазмұнына қозғау салады және осы бағыттағы зерттеулердің көкейкестілігін көрсетеді. Ол студенттердiң болашақ кәсiби қызметiн, даму бағытындағы бастауыш математикалық бiлiм беру жүйесiмен сәйкестендiру негiзiнде анықталады.

Олардың барлығы педагогикалық колледждерде кәсiптiк бiлiм беру мен әдiстемелiк дайындықты жүзеге асыру iс-тәжiрибелерiн зерттеу және арнайы орта педагогикалық бiлiм беру жүйесiн дамыту мәселелерi бойынша басылымдарды талдау негізінде айқындалды.

Көрсетiлген қайшылықтар бойынша педагогикалық колледждерде мұғалiмдi математикадан әдiстемелiк дайындау жүйесiн дамыту жолдарын зерттеу өзекті бір мәселе болып тұр.

Орта арнаулы математикалық бiлiм беру жүйесiндегi беталыстарды бейнелейтiн педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалiмiн математикалық әдiстемелiк дайындау жүйесiн дамыту мәселелерiнiң теориялық зерттеу жағдайы, бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқыту барысында барлық кешендi мiндеттердi шешуге дайын мұғалiмге деген сұраныстар бiздiң зерттеу тақырыбымызды «Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудiң мақсаты - педагогикалық колледж студенттерінің математика пәні бойынша әдiстемелiк даярлық жүйесiн арттырудың негiзгi бағыттарын теориялық тұрғыдан негiздеу және оларды жүзеге асырудың әдістемесін әзірлеу.

Зерттеудiң нысаны педагогикалық колледж студенттерін математикадан әдістемелік дайындау үдерісі.

Зерттеудiң пәнi болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бастауыш мектепте математиканы дамыта оқытуға даярлығын арттыру.

Зерттеудiң ғылыми болжамы:

- егер педагогикалық колледж студенттерінің математика пәні бойынша әдiстемелiк даярлық жүйесiн арттырудың негiзгi бағыттары ғылыми тұрғыда негiзделіп, оларды жүзеге асырудың әдістемесі ұсынылса;

  • педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан әдiстемелiк даярлау жүйесі бiртұтас бөлiнбейтiн үдерiс ретiнде қарастырылса;

- болашақ бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан әдiстемелiк даярлау жүйесiнің мазмұны өзгерiстерге түсетiн болса, яғни студенттердің математикадан оқушыларды дамыта оқыту әдістемесінің мүмкіншіліктері ескеріле отырып құрылса, онда болашақ бастауыш сынып мұғалiмiн оқыту үдерісі тұлғаға бағдарлы түрде жүргізіледі, өйткені олардың әдістемелік біліктілігі жоғары деңгейде қалыптасады.

Зерттеудiң мiндеттерi :

1. Педагогикалық колледж студенттерін математикадан әдістемелік даярлаудың қазiргi жағдайын және оны жетілдіруге ықпал ететiн негiзгi деректерді анықтау.

2. Педагогикалық колледж студенттерін математикадан әдістемелік даярлау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын анықтау.

3. Педагогикалық колледждерде студенттердің математикадан оқушыларды дамыта оқыту әдістемесінің мүмкіншіліктерін айқындау.

4. Педагогикалық колледж студенттеріне және бастауыш сынып мұғалiмдерiне арналған математикадан дамыта оқыту әдiстемесін әзірлеу.

Жетекші идея: педагогикалық колледждердің оқу үдерісінде болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін математикадан дамыта оқыту олардың әдістемелік даярлығының артуына ықпал етеді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: бiлiм беру жүйесiндегi ғылыми зерттеу әдiсi ретiндегi жүйелiлiк пен модельдеуге арналған психология мен педагогика саласындағы жұмыстар; педагогикалық технологияның негiзiн ашатын ғалым-педагогтардың жұмыстары; әдiскер-математик ғалымдардың ғылымды дамыту проблемалары бойынша жұмыстары және iзденушiнiң педагогикалық колледжде математиканы оқытудың әдiстемесi пәнінің оқытушысы ретiндегi педагогикалық және зерттеу жұмыстарының жеке іс-тәжiрибесi болып табылады.

Ұсынылған зерттеудің нәтижелері ретінде педагогикалық колледждерде математика мұғалiмiнiң әдiстемелiк дайындау жүйесiн дамыту жолдары туралы жалпы түсiнiктер мен әдiстер; даму бағытын анықтайтын ұстанымдар мен қағидалар. Мiне, осылар математиканы бастауыш мектепте дамыта оқытуға студенттерді даярлау жүйесін жетілдірудің теориялық негiзiн құрайды.

Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің және т. б. ғалымдардың еңбектері, ҚР білім беру саласына арналған ресми құжаттары, оқу-әдістемелік кешендер (оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т. б. ), сонымен бірге автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектептер мен арнайы орта оқу орындарының құжаттары мен іс-тәжірибелерін жинақтап, оқып-үйрену; колледж студенттері мен бастауыш мектеп мұғалімдері арасында сауалнамалар жүргізіп, олармен әңгімелесу; студенттер мен мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын бақылап, қорытындылау; тәжірибелік-эксперимент жұмысын жүргізу, іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру, оларды математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу.

Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті колледжі, Ақсукент көпсалалы колледжі, Мұрагер колледжі, Мырзакент колледжі.

Зерттеудiң негiзгi кезеңдерi және оны ұйымдастыру .

Бiрiншi кезеңде (2003-2005 жж. ) зерттеудің теориялық негіздері анықталды; философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік зерттеулер мен әдебиеттер оқып-үйренілді, теориялық тұрғыдан негізделді. Әдiстемелiк қойылым мазмұнын дамыту мәселелерi зерттелiндi, осы жүйенi құрудың ерекшелiктерi туралы колледж студенттерiн әдiстемелiк даярлаудың сипаты және деңгейi туралы деректер жинастырылды.

Басты көңiл әдiстемелiк даярлау жүйесi мазмұнының түрлi үйлесiмдiлiгiн, теориялық оқыту мен студенттердiң мектептегi педагогикалық практикасының өзара байланыстарын, әдiстемелiк даярлық жүйесi шеңберiнде оқу үдерiсiн ұйымдастырудың тиiмдi формаларын анықтауға бөлiндi. Осыларды сараптау, зерделеу барысы нәтижесiнде математиканы оқыту әдiстемесi мен психология және педагогиканың ауқымында жатқан сұрақтарды ендiру есебiнен әдiстемелiк даярлық мазмұнын арттыру қажеттелiгi туралы болжам жасалынды.

Зерттеудiң екiншi кезеңiнде (2005-2007 жж. ) бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан әдiстемелiк даярлау жүйесiн дамытудың тиiмдi жолдарын iздестiру жалғастырылды. Әдiстемелiк дайындық екi негiзгi бағытта жүргiзiлдi: бастауыш мектеп математикасы мазмұнын дамыта отырып оқыту әдiстерiне және әдiстемелiк даярлық жүйесi шеңберiндегi студенттердiң оқу қызметiн ұйымдастырудың түрлi формалары сынақтан өттi. Мақсаттық қойылымдар, мектептегi, дайындықтың түрлi кезеңдерiндегi студенттердiң практикалық қызметiнiң мазмұны және оны ұйымдастыру мәселелері айқындалды. Оның мазмұны мен формаларының мақсаттарына барабар таңдалған, студенттердi оқыту нәтижелерiн бақылау жүйесi қалыптасты.

Әдiстемелiк дайындық жүйесiн жалпы бастауыш математикалық бiлiм беру жүйесi және кәсiптiк бiлiм беру жүйелерімен үйлестiруге байланысты дамыту бағыттары зерттеліндi.

Педагогикалық колледждердегі әдiстемелiк даярлық үдерiсiне және оның нәтижелерiне қатыстарын бiлу мақсатында студенттер, мұғалiмдер, мектеп басшылары және әдiскерлердің жұмыстарына талдаулар жүргiзiлдi.

Осы кезеңде жоғарыда баяндаған өзгертулер нәтижесiн және жалпы бiлiм беру жүйесiндегi өзгерiстер беталысын есепке алатын, педагогикалық колледждердегі математика мұғалiмiн даярлау жүйесiн дамытудың ұстанымдары тиянақталды.

Үшiншi кезеңде (2007-2009 жж. ) оқытудың тұлғаға бағдарлану қағидасын негізге ала отырып, педагогикалық колледж студенттеріне арналған математиканы дамыта отырып оқытудың қағидалары мен мүмкіндіктері анықталды және оны жүзеге асыру әдістемесі әзірленді. Ұсынылған әдістеме тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда тексерілді, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

1. Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалiмiнiң математикадан әдістемелік дайындау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау арқылы, оны жетілдірудің мазмұнды сипаттамасы ұсынылды.

2. Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш мектеп мұғалiмiн математикадан әдістемелік дайындау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары анықталды, оның өзіндік ерекшеліктері айқындалды.

3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларға математиканы дамыта отырып оқытудың мүмкіндіктері анықталды және әдістемесі әзірленді.

Сонымен қатар бастауыш мектеп мұғалімдерінің математиканы оқытуда қолданатын әдістемесін дамыту мәселелерінің тиянақталуы және педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш мектеп мұғалiмiнiң математикадан әдістемелік дайындау жүйесін дамытудың мәні, бағыттары және мүмкіндіктері анықталғандығы зерттеудің теориялық маңыздылығын құрайды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған: «Бастауыш сыныптарда математика сабақтарын дамыта оқыту» әдістемесі және «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» курсына қосымшалар ұсынылуымен сипатталады.

Педагогикалық колледждерде мұғалiмдердi дайындау мәселелерi бойынша бұрыннан жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерi, педагогикалық арнайы орта оқу орындарында бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан әдістемелік дайындау тәжiрибесiнде болып жатқан өзгерiстер бiздiң зерттеуiмiздiң бағыты болып табылады.

Педагогикалық колледждердегі қазіргі кәсіби дайындық жүйесінде іске асыруға болатын студенттер үшін «Педагогикалық колледж студенттеріне математиканы дамыта оқыту» деп аталатын арнайы курстың жоспары ұсынылды және оның негізінде студенттер мен оқытушылар игеруге арналған «Бастауыш сыныптарда математиканы дамыта оқыту негіздері» атты әдістемелік оқу құралы дайындалды.

Ұсынылған әдістемені педагогикалық колледждердің бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан дайындау практикасында тікелей қолдануға болады.

Зерттеудің нәтижелері мен эксперимент барысында дәлелденген қағидаларды жоғары және арнайы орта оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың оқу-тәрбие жұмыстарында, мұғалімдердің біліктілігін арттыру ісінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсыналатын қағидалар:

1. Даму үстiндегi арнайы орта педагогикалық бiлiм беру жүйесiнде болашақ бастауыш сынып мұғалiмiнiң математикадан әдiстемелiк даярлығының мазмұндық сипаттамасының теориялық негiздемесі.

2. Болашақ бастауыш сынып мұғалiмiнiң математикадан әдiстемелiк дайындаудың жаңа дамытылған жүйесiнiң мазмұны және құрылымы туралы ғылыми негiзделген түсiнiк.

3. Педагогикалық колледждерде бастауыш сынып мұғалiмiнiң математикадан әдiстемелiк даярлау жүйесiнiң даму бағыттарын анықтайтын жалпы және арнайы қағидалар.

4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін әдістемелік даярлау жүйесіндегі дамыта оқыту әдістемесін қалыптастыру жолдары.

5. Осы жүйеге сәйкес біртұтас білімдік-кәсіптік бағдарлама негізінде студенттерді математикадан дамыта оқытуға арналған әдістеме мазмұны.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: мәдени-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, дербес-әдістемелік практикалық дәстүрлерді, білімдік жүйенің дамуының ғылыми негізделген болашақ беталыстарын жан-жақты талдау негiзiнде қалыптасқан әдіснамалық ұстанымдардың дәлдігімен; мәселеге теориялық талдау барысында жүзеге асырылған логикалық пайымдаулардың қайшылықсыздығымен; зерттеу міндеттеріне барабар түрлі әдістердің таңдап алынуымен; практикалық нәтижелер мен нұсқаулардың жалпы дидактикалық қағидалардың үйлесімділігімен; зерттеудің алынған нәтижелерінің бастауыш сынып мұғалiмiнiң математикадан дайындау жүйесін жетілдіруге байланысты өзінің және басқа педагогикалық колледждердегі әріптестерінің оқу тәжірибелерінің сәйкестілігiмен көрінеді.

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу экспериментті жүргізу барысында жүзеге асырылды, сондай-ақ халықаралық конференцияларда (Шымкент, 2009, 2010, Қарағанды, 2008), республикалық конференцияларда (Шымкент, 2008, Көкшетау, 2008), қалалық және облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында баяндалды, басылымдарда (мақалалар, әдістемелік оқу құралында) көрініс тапты. «Педагогикалық колледж студенттеріне математиканы дамыта оқыту» атты курс басқа әдіскер-математиктер, педагогтар және психологтармен кеңесе отырып құрастырылды және 2005 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысындағы колледждерінің «Бастауыш білім» мамандығы студенттерінің оқыту үдерісіне енгізілді.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде - зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, практикалық мәні, ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.

«Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан әдістемелік даярлығының теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде көтерілген проблема бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалып, «әдістемелік даярлық», «әдістемелік даярлық жүйесі», «болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математиканы оқытуға әдістемелік біліктілігі» ұғымдарының мәні анықталып, әдістемелік даярлықтың мазмұны, құрылымы ашылып көрсетіледі, бастауыш сыныптарда математиканы дамыта отырып оқыту қағидалары мен мүмкіндіктері қарастырылды.

«Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдістемелік дайындау бойынша жүргізілген эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижелері» атты екінші тарауда «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» курсын оқыту, дәрісханадан тыс жұмыстар және педагогикалық практика барысында, бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісінде студенттердің дамыта оқытуға даярлығын және бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттерін, логикалық ойлауын қалыптастыру жолдары қарастырылады, эксперимент жұмысының нәтижелеріне талдау жасалады.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыс нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың бай тәжірибесі жинақталып, даярлықтың мақсаты мен жолдары анықталған. Ал арнайы орта педагогикалық білім беретін оқу орындарында аталған мәселе әлі де толық шешімін таппағандығына біз зерттеу барысында көз жеткіздік.

Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға қоғамның әлеуметтік сұранысы - осы жастағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерінен туындайды. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына қойылатын талаптар мұғалімдерді даярлауға қойылатын талаптар деңгейіне байланысты айқындалады.

Педагогикалық колледждерде бастауыш сынып мұғалімінің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы даярлығы маңызды әлеуметтік міндет атқара отырып, студенттерде жалпы педагогикалық және әдістемелік білім мен біліктіліктерді қалыптастыруды көздейді. Себебі, ондай дайындық біріншіден, педагогикалық колледждерде бастауыш сынып мұғалімінің маман ретінде қалыптасу ерекшеліктерін анықтайды, оны басқа мамандарды даярлау саласынан ажыратып тұрады; екіншіден, ол кәсіптік даярлықтың барлық құраушыларын қамтитын жүйелі сала болып табылады; үшіншіден, педагогикалық колледждердегі оқу-тәрбие үдерісінің кәсіптік-педагогикалық бағыттылығын, жан-жақты дамыған мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыру бағытын айқындайды.

Мұғалімнің әдістемелік дайындығы деп теориялық негіздерді, нақты білімді игеруге және бастауыш мектепте оқушыларға математиканы оқыту үдерісін жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған оқытуды түсінеміз.

Колледждерде бастауыш сынып мұғалiмдерiн математикадан әдістемелік дайындау арнайы ұйымдастырылған білім беру жүйесi арқылы жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру (математика пәні 3-сынып)
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz