Педагогикалық қарым-қатынас түсініктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Педагогикалық қарым-қатынас негіздері
16.07.2011
, 23:55
Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты
мақсаттардың бірі көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің,
қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету болып
табылады. Осы мақсатқа сәйкес ересектерге білім берудің теориялық
негіздерін жетілдіру қажеттігі туындайды. Қазіргі кезеңде еліміздегі
мемлекеттік маңызы зор әлеуметтік-мәдени жоба – қазақ тілін мемлекеттік
тіл ретінде дамыту, оның коммуникативтік әлеуетін кеңіту Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында азаматтардың, қоғам мен
мемлекеттің білімге деген қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру
мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының
негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі деп бекітілген
қосымша білім беру жүйесі арқылы жүзеге асады.
 Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі
қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық
дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық қарым-қатынас
саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім
беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты
жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.
 Көптеген ғалымдардың (Г.А. Ковалев, Л.А. Петровская, Б.Ф. Ломов, В.Н.
Мясищев) еңбектерінде педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық
іс-әрекеттің түрі ретінде қарастырылады. Тұтас педагогикалық үдерістің
(З.Ж. Жанабаев, М.С. Молдабекова), өзара қатынас мәселесінің (Р.Г.
Баранцев, Е.Н.Князева, М.А. Весна, т.б.) синергетикалық тұрғыдан
қарастырылуы ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың
дамытушылық функциясымен тығыз байланысты шығармашылық әлеуетінің зор
екендігін айқындауға мүмкіндік береді.
 1. Қарым- қатынастың жалпы сипаттамасы

 Қарым-қатынас деп аталатын процесс - аса кең және сиымды түсінік. Бұл
саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның
өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады. Әлемнің кең алқабында
коммуникация алып аспан денелерін бір-бірімен байланыстырады деген
жорамал бар және Лермонтовтың жұлдыз жұлдызбен тілдеседі деген
метафорасы осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады [3, 10 б.].
 Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар.
Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған
осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне
тән қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты
анықтамас бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде
сипаттаушыларды қарап шығайық.
 Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету
өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы
проблеманың көптеген маңызды сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның
өзі қойып, қарастырған. Дәл осы Цицерон сөйлеушінің негізгі
коммуникативтік міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: не
айту керек, қай жерде айту керек және қалай айту керек. Осы міндеттердің
әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын
атайды, себебі небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір
орынды тіпті санамағанда, уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір
ғана ойлар мен лебіздер түрін ұстануға жол береді [3, 13 б.].
 Біздің заманымызда бұл қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі -
сөйлеудің формасы мен мазмұнының нақты аудитория ерекшелігіне тәуелділік
ережесі. Шешеннің үш міндетті - не, қайда және қалай сөйлеуді
сақтауының негізінде, Цицерон шешендер түрлерін анықтаған, кімнің сөзі
орынды болса, сол шырқау шегіне жеткен шешен болған.
 Сонымен бірге, қарым-қатынас - XX жүз жылдықтың проблемасы. Өйткені,
егер Көне Греция мен Көне Римде шешендік өнер риторика, эвристика және
диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің уақытымызда тілдік
қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынас, бірқатар басқа
ғылымдар көзқарасы тұрғысынан зерттеледі: философия, әлеуметтану,
социолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы
психология, педагогика және педагогикалық психология, олардың әрқайсысы
осы жалпы кешендік проблеманың қандай да бір қырын қарастырады.
 Тілдік қарым-қатынас бүкіл дүние жүзінде кеңінен зерттелінеді. АҚШ-тың
өзінде ғана осы проблемамен ондаған мың ғылыми қызметкерлер айналысатынын
айту жеткілікті. Қарым-қатынасты зерттейтін арнайы орталықтар құрылған
(мысалы, Карнеги орталығы). Соның өзінде, осы уақытқа дейін
қарым-қатынас түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін
түсіндіруде бірлік жоқ. Әрине, зерттеушілердің түрліше, түрлі көзқарас
бойынша осы процеске түсініктеме беруі, оның түрлі моделін жасаулары, оны
зерттеуде коммуникативтік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік, т.б.
түрлі келістерді ұсынулары орынды. Қарым-катынас іс-әрекеттік келісі
тұрғысынан бұл - бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын
және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен
түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс
орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі. Қарым-қатынастың
мұндай түсіндірмесі келесі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді.
 Біріншіден, ол қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық қатынастардың
ажырамастығын мойындаудан туындайды да, олардың құралдары немесе өзара
әрекеттесу құралы ретінде ... тіл және ақша болады [4, 92 б.]. Бұл -
бір жағынан, қарым-қатынастың өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне
қосылып кеткендігін білдірсе, екінші жағынан, осы қатынастардың сипаты
мен мазмұнының қарым-қатынастың өзінен көрініс табуын білдіреді. Бұл
жерде, осы вербалды қарым-қатынастың күрделілігі мен кемеліне жеткендігі
оны келесі форма түрінде қарастыруға мүмкіндік береді, мұнда
қарым-қатынас процесінің жалпы заңдылықтары зерттеуге неғұрлым жеңіл,
неғұрлым жалаң және неғұрлым оған тән түрінде беріледі [5, 15 б.].
 Екіншіден, бұл процесті осылайша түсіну қарым-қатынас пен іс-әрекет
бірлігіне негізделеді, ол қарым-қатынастың кез-келген формалары бұл
адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ерекше формалары деп ұйғарады [5, 93
б.]. Берілген жағдай педагогикалық процесс үшін ерекше болып табылатын
қарым-қатынасты субьектілердің бірлескен оқу іс-әрекетінің формасы
ретінде санауға мүмкіндік береді.
 Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы
құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын
ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов),
қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек (род) - түр (вид) қатынасында
болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін (яғни, Г.П. Щедровицкий, А.А.
Леонтьев, В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы жағдайда ол қандай
іс-әрекет, даралық па әлде ұжымдық па деген сұрақ туындайды. Біз
іс-әрекеттің екі формасы да мүмкін дегенді негізге аламыз, бірақ
қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік катынаста әр
түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың өзара әрекеттесу формалары
болып табылады. Мұндай түсіндірме Б.Ф. Ломовтың жалпы позициясымен сәйкес
келеді, бұл позиция бойынша қарым-қатынас - бір-бірімен қатарлас
(симметриялы) дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы,
жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субьектілердің
өзара әрекеті [12, 52 б.]. Алайда, түсіндірмелердегі айырмашылық мынада:
Б.Ф. Ломов үшін қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу болса, оқулықта
келтірілген анықтама бойынша қарым-қатынас оның формасы болып табылады.
 Өзара әрекеттесу формасы, адамның қоршаған ортамен, басқа адамдармен
өзара әрекеттесуінің үш жоспарының бірі ретіндегі адамдар іс-әрекетінің
қоғамдық коммуникативтік аясында пайдаланатын құалдарына тәуелді.
Адамзаттың іс-әрекетінің аясы, ең алдымен, адамның өмірлік іс-әрекетінің
мақсаттарының бағыттылығының өзгеруіне байланысты жіктелінеді. Мысалы,
өзі өзі үшін, өзінен тыс нәрсені басқалар үшін және өзі үшін жасау,
жарату сияқты адамның іс-әрекетінің негізгі мақсаттарының ішінде
мақсаттардың үш тобы бөлінуі мүмкін: материалдық және рухани мәдениет
өнімдерін жарату; білімдерді қабылдау, жинақтау, меңгеру және ой алмасу,
мақсаттардың алғашқы екі тобын қарым-қатынастағы рухани қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін жүзеге асыру. Осыған сәйкес, шартты түрде
іс-әрекеттің өзара байланысты және өзара шартталған үш саласын реттеуге
болады: қоғамдык-өндірістік (еңбек), танымдық (танып білу) және
қоғамдық-коммуникативтік (қарым-катынас). Іс-әрекеттің осындай формаларын
Б.Г. Ананьев оған субъект құрылымы тұрғысынан келу негізінде бөлгені
маңызды. Бұл келіс бойынша, адамда еңбек, таным мен қарым-қатынас
субъектілері қасиеттерінің үйлесуі адамның жалпы іс-әрекет субьектісі
және тұлға ретінде ұйымдасуын анықтайды.
 Іс-әрекеттікпен қатар басқа да келістер бар. Мысалы, вербалды
қарым-қатынасқа деген келістердің бірі байланыс теориясы мен ақпараттар
теориясымен ара қатынаста және өз көрінісін Ч. Осгуд, Дж. Миллер, Д.
Бродбенттің жалпы психология бойынша еңбектерінен, Г.Гебнердің, Д.
Берлоның және т.б. коммуникация бойынша жұмыстарынан табады. Бұл келіс Г.
Лассвелдің, қарым-қатынасты зерттеу міндеттерін кім, нені, қай арна
бойынша, кімге, қандай әсермен берді формуласымен анықтаған еңбектеріне
дейін өрлей отырып, негізінен, ақпарат алудың (қабылдаудың) психологиялық
ерекшеліктерін, коммуникатор мен аудиторияның сипаттамаларын,
қарым-қатынас шарттарын, құралдарын және т.б. зерттеуге бағытталған.
Коммуникация модельдерінде оларды зерттеу компоненттері (жалпы түрде:
бастау - хабар - арна - алушы) мен аймақтары қарастырылады (коммуникатор
мен аудитория ерекшеліктері, жағдайлары, ситуациялар, құралдары және
т.б., қарым-қатынастың тілдік құрылымы, ұйымдасуы және стилі, оның мәндік
және семантикалық мазмұны т.т.). эксперименталды зерттеулерден алынған
қорытындылар негізінде аудитория реакцияларының әсерлері мен формаларына
қатысты, яғни кері байланыс әсеріне, аудиторияның өзінің сипатына және де
коммуникацияның реципиенттерінің әлеуметтік ұстанымдар жүйесіне, мысалы
олардың конвергенциясына әсер ету аймағына қатысты. Ақпарат, жүйе,
кері байланыс түсініктері осы келісте орталық түсініктер болып
табылады.
 Жүйелік-коммуникативтік-ақпаратты қ келіс, ақпараттарды байланыс
арналарымен беру жағдайында психикалық процестер барысының өзгешелігін
есепке алу негізінде коммуникация тиімділігінің критерийлерін,
жағдайларын және тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде жүйе
ретінде өзара әрекеттесуші субъектілер түсінігі нақтыланады. Ю.А.
Шерковиннің көрсетуінше, жүйелерді коммуникациялық тізбекке біріктіру
кезінің өзінде ол олардың күйлерінің тәуелділігін білдіреді. Бұл жағдайда
функционалды келісімделген жүйелер - коммуникатор психикасы мен реципиент
психикасы (немесе реципиенттердің) өзара әрекеттеседі. Коммуникация
арқасында осындай жүйелер бірдей күйде болып және әрекеттене алады -
эмоционалдық қозу немесе салмақты байыптылық, мазасыз сенімсіздік немесе
біліміне сенімділік күйлері. Олар бағыттылығы мен қарқындылығы бойынша
ұқсас ұстанымға ие болуға, ойлау материалы ретінде ұқсас таптаурындарды
пайдалануға қабілетті [7, 26 б.]. Осы жағдай педагогикалық
қарым-қатынасты сипаттау үшін едәуір маңызды.
 Коммуникацияның екі жағы ретінде, оның субъектілерінің
интерпсихологиялық өзара әрекеттесулерінің ішінде тілдік хабарды қабылдау
мен өндірудің осы жүйелердің әрқайсысының ішінде, күрделі
интрапсихологиялық өзара әрекеттесу болады. Коммуникативтік келіс,
бүгінгі күнгі педагогика қолданатын педагогикалық өзара әрекеттесу
схемасын, оған енетін буындардың бүкіл алуан түрлілігімен (бастау,
ситуация, байланыс арнасы, кері байланыс, т.б.) көрнекті көрсетуге
мүмкіндік береді. Бірақ берілген келіс бойынша осы өзара әрекеттесудің
ішкі табиғатын, оның объектілерінің екі жақты белсенділік сипатын және
т.б. ашпайды. Осы табиғатты ашу үшін сөйлеуші мен тыңдаушы байлансы сын
орнататын ғана емес, сонымен бірге оның психологиялық механизмдерінде
анықтай алатын келіс қажет.
 Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның
функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты
(Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, А.А. Леонтьев,
Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, В.Н. Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек және
т.б.). мысалға, қарым-қатынасты мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы
түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін
адамдардың өзара әрекеттесуі ретінде анықтай отырып, В.Н. Панферов
қарым-қатынастың төрт сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара
қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті
ұйғарады: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық (танымдық) және
реттеуші. Б.Ф. Ломов қарым-қатынастың үш жағын (функцияларын) сипаттайды:
ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және
аффективтік-коммуникативтік және де өзіндік коммуникативтік компоненттің
хабарды алу мен беру ретінде, мінез-құлықты реттеу мен қабылдаудың,
бастан кешірулердің болуы ретінде, яғни аффективті компонент ретінде
міндеттілігін атап көрсетеді.
 Қарым-қатынас субъектілері өзіндік функционалды жүктемені алып жүреді
және бұрыннан бері қарым-қатынастың түрлі функцияларын жүзеге асырушылар
ретінде қарастырылады.
 Мысалға, А.А. Брудный бойынша, коммуникацияда (қарым-қатынаста) үш
бастапқы функциялар: активациялық - әрекетке түрткілеу; интердиктивті -
тыйым салу, тежеу (болады-болмайды); дестабилизациялаушы - қоқан-лоққы,
қорлау, т.б. және де қарым қатынастың төрт негізгі функциялары бөлінуі
мүмкін: инструменталды - іс-әрекеті қарым-қатынас жолымен үйлестіру;
синдикативті - қауымдастықты, топты жасау; трансляциялық. Соңғысы
педагогикалық қарым-қатынас үшін ерекше қызықты, себебі бұл функция
оқыту негізінде жатыр: қарым-қатынас арқылы тұлға оқытылуы жүзеге асады,
мемлекет тарапынан институционалдық, санкцияланған және ұйымдастырылған
да, қайталана беретін адамдармен контакт процесінде болатын, берілген
кісіге өз білімдері мен дағдыларын беруге қабілетті, өзіндік даралық,
формалды емес те.
 Қарым-қатынас функциясының неғұрлым жете талдауы контакттілік,
ақпараттык, түрткі болушы, үйлестіруші, түсіну функциясын, қатынастар
орнатудың эмотивті функцияларын және әсер ету функцияларын саралап
жіктеуге мүмкіндік береді (Л.А. Карпенко).
 Қарым-қатынасты, қалай дегенмен де, бір-бірімен ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагогика пәні
Адамгершілік тәрбиесі арқылы балаларды рухани тәрбиенің негізі қаланад
Сөйлеу мен мектеп дағдыларының спецификалық бұзылыстары
Сынып жетекшісі туралы түсінік
Әлеуметтік байланыс адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет
Оқыту процесін мамандармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы
Білімдендіру философиясы дүниетанымының жаңа үлгісі (ғылыми мақалалар жинағы)
Пәндер