Педагогика бойынша лекциялар
15. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1- лекция. Таќырыбы Білім беру философиясы
Жоспары:
1.Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеттері,
2. Пәннің мазмұны
3 Білім беру философиясының мәртебесі,мәселелері, болашағы.
Лекция маќсаты: Жоғары білім берудің мақсаты- қоғамның, мемлекеттің және
жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделері қанағаттандыру,
әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен
мүмкіндік беру.
Лекция мєтіні
Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен
тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тұлғаны
шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы
жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәні
үлкен рөл атқарады.
География ғылымдарының жетістіктері мен қоршаған ортада болып жатқан
өзгерістерді ескере келе мектепке беріліп отырған әлеуметтік тапсырыс жас
ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географиялық мәдениетін көтеру болып
табылады.
Жердің географиялық қабықтары, табиғи, өндірістік және әлеуметтік
кешендер мен оның компоненттері географияны оқытудың негізгі объектілері,
сондықтан бұл туралы географиялық сауаттылық әлеуметтік қажеттіліктен
туындап отыр.
Бүгінгі таңда табиғатқа қатер төндірумен, қоршаған ортаны қорғау және
табиғатқа қауіп төндіруші техногенді апаттарды қалай тоқтату керек және т.б
мәселелер көтерілуде, сондықтан жас ұрпақтың, кала берді бүкіл халықтың
географиялық мәдениетті де сауатты болуы өзекті мәселеге айналып отыр.
Мектептегі географиялық білімнің даму болашағы география ғылымының
ғаламдық проблемалар, геоэкология, географиялық зерттеулердің қазіргі
тәсілдердің (картография, геохимия, палеогеография, геожүйелік мониторинг,
т.б.), әлеуметтік және демографиялық жағдайлар, ақпараттық жүйе, Жер және
Дүние жүзілік мұхит қойнауындағы құбылыстар, т.б. салалар бойынша зерттеу
объектілерінің елеулі кеңеюіне байланысты. Қазіргі кезде география
ғылымының ғаламдық, аймақтық, идеялары ерекше аталып, әлеуметтік
тәжірибенін негізгі түрлері-саясат, экономика, ғылымы мен білім салаларына
ішкерілеп енуде.
Оқушы оқу процесінің басты өзегі, сондықтан назардың барлығы оқушының
дамуына, оның ойлау стилінің тәуелсіздігіне аударылады. Қазақстандық
мектептерді жаңарту тұжырымдамасы жалпы білім берудің басым бағыттарын,
яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгісін оқу процесінде
қалыптастыру мен әр түрлі іс-әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің
үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылуы тиіс екендігі анықтап беріп отыр.
Бұл басым бағыттар мектепте географиядан білім беруді дамытуға негіз
болады. Осыған орай мектептің әр сатысында географияны оқытудағы оқу-тәрбие
беру мақсаты, білім мазмұнын құрастыруды іріктеу принциптері, сондай-ақ,
оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсілдері нақтыланды.
Тұлғаны қалыптастыруда ғылыми-географиялық білімнің біртұтастығын
анықтау жалпы орта білім беретін мектептерде географиялық білім беру
мақсатын құруға, яғни жас ұрапқтың бойында Жер ноосферасының құрамдас
бөлігі ретіндегі біртұтас географиялық бейне қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Географиялық білім берудің бұл мақсаты төмендегідей:
- оқушылардың географиялық ойлауын қалыптастыруға, еркін әрі
шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;
- оқушыларға географиядан қазіргі дүние толқынына бағдарлануды меңгеруге
көмектесетін жүйелі білім беру;
- оқушылардың бойында қоршаған ортаның алуан түрлілігіне, әр түрлі
елдердің өзіне тән ерекшеліктеріне қарай адамзат алдында тұратын
күрделі проблемаларға қарамастан, қоршаған ортаның бір тұтастығы
туралы түсінік қалыптастыру;
- оқушылардың сөйлеу-логикалық және бейнелі түрде ойлай алуын дамыту;
- картографиялық сауаттылығының қалыптасуына жағдай жасау;
- оқушыны шынайылыққа тарту және ғылыми-географиялық танымдылық
негізінде дүниедегі өз орнын анықтауға көмектесу тәрізді міндеттерді
шешуді талап етеді.
Географиялық ақпарат көздері: глобус, географиялық карта, жергілікті
жер планы, оның негізгі элементтері, масштаб, шартты белгілер,
картографиялық бейнелеу әдістері.
Географиядан жалпы орта білім стандарты
Орта мектепте географияны оқыту төмендегідей мақсаттарға жетуге
бағытталған:
- негізгі географиялық ұғымдар туралы білімді, географиялық қабық, оның
біртұтастығы, табиғат компоненттері және олардың өзара байланысын
меңгеру;
- жердің көлемі мен пішіні, оның географиялық маңызы. Жердің өз
білігінен және күнді айналуы, оның географиялық маңызын меңгеру;
- жер шарының халқы; адамзаттың негізгі нәсілдері; дүние жүзінің саяси
картасы, мемлекеттер мен олардың астаналры; Қазақстанның географиялық
жағдайының алуан түрлілігі мен аумағының біртұтастығы және оның
әлемдегі орны;
- өзінің туған өлкесі мен Отанына деген отангерлік сезімін тәрбиелеу;
қоршаған орта табиғатын қорғау, оны аялау, экологиялық
мәдениетінқалыптастыру;
- қоршаған орта заттары мен табиғат құбылыстары туралы халықтық
дүниетанымды географиялық біліммен байланыстыра білуді дамыту;
- географиялық білімді экологиялық және әлеуметтік-экономикалық
мақсаттарды шешуге қолдануға дағдыландыру;
- географиялық білімді өздігінен меңгере отырып, оны қоғамдық, саяси,
мәдени және күнделікті өмірге қолдана білуге үйрету;
- ақпараттанған қоғам жағдайында электрондық есептеу техникасын
қолданып, географиялық жағдайларды шешуге дағдыландыру.
Бақылау сұрақтары:

2- лекция. Таќырыбы Білім берудің кәсіби іс әрекет жүйесінің қалыптасуы.
Жоспары:
1. Білім берудің мазмұны мен ғылыми негіздері.
2. Халыққа білім беру жүйесі.
3. Кәсіптік білімнің мәдени динамикасы.
Лекция маќсаты: Әр бір елде халыққа білім беру ісі өндіргіш күштердің даму
деңгейіне өндірістік қатынастардың қалыптасуына байланысты. Сонымен
бірге білім беру ісінің дамуы қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық
міндеттеріне әсер етеді, әр ұлттың ерекшеліктерімен сипатталады. Білім беру
ісінде осындай түбегейлі мәселелер еске алынады.
Лекция мєтіні
2. Халыққа білім беру жүйесі.
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру,
оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
“Білім беру-бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени
дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі”- деп жазылған.
Әр бір елде халыққа білім беру ісі өндіргіш күштердің даму деңгейіне
өндірістік қатынастардың қалыптасуына байланысты. Сонымен бірге білім беру
ісінің дамуы қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне әсер
етеді, әр ұлттың ерекшеліктерімен сипатталады. Білім беру ісінде осындай
түбегейлі мәселелер еске алынады.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық
дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және свяси өміріне негізделіп
іске асырылады.
іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл,еңбек рыногы мен
технологияладың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс
істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;білім беру үрдісін
демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім
беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту;
Жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау. Бетке
ұстар жоғары оқу орындарын дамытуға обьективті жағдайлар жасау;
Жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа ұстанымдары мен тәжірибесін
қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу;
Студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орны
басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын
тетіктерді әзірлеу және енгізу;
Көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында:
Жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту арқылы
ашық азаматтық қоғамның талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарын басқару
жүйесін жетілдіру;үздік жоғары оқу орындары арасында кәсіптік кадрларды
даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бөлу тетігін енгізу;оқу үрдісін
ұйымдастырудың технологиясын өзгерту және білім алушыларды оның мүддесіне
бағындыру.Жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамдық сенімділікті күшейту
үшін олардың қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін
шаралар қабылдау.
Сапалы білім беру қызметін ұсыну үшін ұйымдық құқықтық нысандарына
қарамастан, жоғары оқу орындары басшыларының жауаптылығын көздейтін
заңнамалық нормаларды енгізу;
Жоғары оқу орындарында білім беру қызметін көрсетулердің сапасын
басқару жүйесін және жекелеген бағдарламаларды, кадрлар даярлаудың
бағыттарын, сондай-ақ жоғары оқу орындарын тұтастай халықаралық
аккредиттеуді енгізуді ынталандыру.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің
құрылымы бір-бірімен өзара келісілген бакалавриат, магистратура және
докторантура арқылы кадрлар даярлау жүйесіне берілетін болады.
Бакалавриатта жоғары білімнің білім беру бағдарламалары іске
асырылады, онда алғашқы екі курс сәйкестендірілуі және жалпы міндетті
пәндер (әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылымтану-ғылыми) цикліне
біріктірілуі тиіс. Содан кейінгі екі курста бакалавриатта дайындау базалық
пәндер бойынша жүргізіледі, ал жоғары оқу орны бөлігі шеңберінде бейімдік
дайындау болуы мүмкін.
Бакалаврлық білім беру мазмұны кең көлемді базалық кәсіптік даярлауды
ұсынады және болашақ мамандардың іргелі пәндік білім алуларына, бұл
бакалавр бітірушіні кәсіптік қызметтің жалпы интегралдық (пәнаралық)
әдіснамасымен қамтамсыз етеді, болашақ мамандардың кәсіптік шығармашылығын
дамытуға, өзіне-өзі білім беру қызметіндегі қажеттілікті қалыптастыруға
бағытталуға тиіс.

3-4 лекция. Таќырыбы Жеке тұлға педагогикалық мәселе ретінде.
Жоспары:
1. Жеке тұлға туралы түсінік.
2. Жеке тұлғаның қалыптасуында қоғамдық ортаның ролі.
3. Тұлғалық қасиеттерді қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері.
1. Адам — жеке адам және тұлға ретінде
Адамның екі түрлі жаратылысы бар — ол биоәлеуметтік жан. Онда
биологиялық сапа, қасиеттермен бірге әлеуметтік сапа, қасиеттер де бар.
Әлеуметтік болмыс деңгейінде және әлеуметтік теория тұрғысынан адам
проблемасы жеке адам (индивид) және тұлға ұғымдары арасындағы қарым-қатынас
проблемасына айналады, яғни биологиялық жаратылысы жағынан адам ең алдымен
жеке адам, ал әлеуметтік жаратылысы жағынан тұлға болып табылады.
Адамның тұлға және жеке адам ретіндегі бұл екі ұғымының айырмашылығын
орыс философы Н.А.Бердяев дұрыс түсінді. "Тұлғаны жеке адам ұғымынан айыра
білген жөн, - деп жазды ол. - Тұлға деген діни-рухани категория, ал жеке
адам табиғи биологиялық категория". Әрине, тұлға ұғымын түсіндіргенде
айырмашылық белгі дінге сену немесе сенбеу туралы емес, адамның жалпы
рухани өмірі, мәдениеті туралы болуы тиіс еді.
Жеке адам туралы әңгіме болғаңда, адамзат тегінің жеке бір өкілін
түсіну қажет. Жеке адам — көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада
алғанда "жеке адам" және "тұлға" ұғымдары көлемі жағынан да, мазмұны
жағынан да бір-біріне қарама-қарсы болып табылады. "Жеке адам" (индивид)
ұғымында адамның ешбір жекеше ерекше әлеуметтік белгі, сапасы
бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аса кедей (аз) болады, бірақ көлемі
кең, өйткені әрбір адам-индивид. Егер біз жеке адам десек, онда ақыл-ойлы
адамның жеке бір түрін ғана, адам тегінің бір өкілін ғана алып отырмыз. Ал
егер оның қайсы бір ерекше белгісін, сапасын атап көрсетсек, онда ол
ұғымның көлемін кішірейтіп, бір әлеуметтік тобын бөліп аламыз. Бұл жерде
формальдық логиканың ұғымның мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
заңын көреміз, Мысалы, "бай адам" немесе "кедей адам" дегенде біз
адамдардың белгілі бір тобын басқаларынан бөліп көрсетеміз, сөйтіп ұғымның
көлемін азайтып нақтылаған сайын оның айырмашылық белгілері көбейіп,
мазмұны байи түседі. Сөйтіп, адам ұғымның көлемін азайтып, жекелеген сайын
бір ғана жеке адамды білдіретін ұғымға жетеміз. Осылайша шегіне жеткізе
жекелендірілген адам тұлға деп аталады.
Сонымен, тұлға дегеніміз әлеуметтендірілген жеке адам деуге болады.
Мұнда адам тек жалпы және ерекше әлеуметтік қасиеттері тұрғысынан ғана
емес, сондай-ақ өзіндік әлеуметтік рухани сапасы жағынан да қарастырылады.
Тұлғаның адамдық құрылысы аса күрделі, сондықтан оны түрліше тұрғыдан
қарастыруға болады. Мәселен, жалпы психология ғылымы тұлға деп түрлі
психикалық процестердің адам бойында біртұтас біріккен, сөйтіп оның мінез-
құлқына қажетті сипат беретін жиынтығын түсінеді. Тұлғаны социологиялық
тұрғыдан зерттеудің бастама принципі адамның жеке басының ерекшеліктерін
зерттеу емес, ол орындайтын әлеуметтік міндеттерді, іс-әрекеттерді зерттеу
болуы тиіс. Бұл міндеттер мен іс-әрекеттердің сипатын анықтаушы қоғамның
әлеуметтік құрылымы, сол тұлға жататын әлеуметтік топ болып табылады.
Мәселен, қоғамдағы негізгі әлеуметтік топ буржуа болса, оның сапалық
қасиеттері әрбір буржуаның бойынан табылуы тиіс. Сөйтіп, адам тұлғасы
мәселелеріне талдау жасағанда міндетті түрде сол қоғамдык формацияның
әлеуметтік құрылысын, тарихи дәуірдің жағдайларын басшылыққа алу қажет.
Адамға тән ең жалпы белгі — оны басқа дүниеден ажыратып тұратын
әлеуметтік іс-әрекет, еңбек. Адам деген алдымен белсенді түрде әрекет
етуші, өзінің өмір сүру жағдайларын өзгертуші әлеуметтік субъект,
әлеуметтік ақыл-ой және әлеуметтік сезім иесі — мұның бәрі өзара іштей
бірлікте болатын және іске асатын сапалық белгілер. Адамның бұл сапалары
оны әлеуметтендірудің негізін құрады, ал әлеуметтендірудің негізінде адам
тұлғасы қалыптасады. Әлеуметтендіру адам қоғамдық тәжірибені меңгерген
сайын, белгілі бір қоғамдық қатынастарға және іс-әрекеттерге араласқан
сайын тездей түседі.
Әлеуметтендіру филогенезде де (адамзаттың тектік қасиеттері мен
сапаларының тарихи қалыптасуы) және онтогенезде де (нақты жеке тұлғаның
қалыптасуы) жүзеге асады. Бұл екі процестің екеуінде де тұлға жеке адамның
әлеуметтенуінің нәтижесі болып табылады. Бұл жөнінде белгілі психолог
А.И.Леонтьев адам "тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады" деген
болатын. Әлеуметтену үздіксіз жүріп жататын процесс болғандықтан, тұлға
үздіксіз қалыптасушы әрекет. Қалыптасуы тоқтап қалған тұлға тоқыраушы
тұлға. Жеке адам басқа біреудің ырқынан шыға алмай, оған толық бағынса,
өзіндік еркі болмаса да тұлғаның тоқырауы болады. Бөтеннің ырқына толық
бойұсынған, өз ой-пікірі, дүниеге көзқарасы жоқ адам тұлға болудан қалады.
Тұлғаны сипаттаушы аса маңызды бір сапасы — оның рухани-адамгершілік
мәні. Тұлғаның мазмұнын құратын маңызды бір құрамдас бөлігі - санасының
алған бағыты, саналылық деңгейіне, дүниеге көзқарасына және адамгершілік
түсініктері мен жауапкершілік сезіміне байланысты тұлғалық бағдары.
Тұлғаның қалыптасуы мен мінез-құлқына әлеуметтік ортаның күші әсер ететіні
сөзсіз. Бірақ тұлғаның мінез-құлқы мен адамгершілік бағдарына адамның ішкі
рухани дүниесінің тигізер әсері де аз емес. Әркім өз бақыты мен тағдырының
жасаушысы деген сөздің айтылуы тегін емес. Адамның ақыл-парасаты мен
адамгершілік ерік күші неғұрлым айқын көрінсе, оның өмір бағдары жалпы
адамдық мораль талаптарымен неғұрлым толығырақ сәйкес келсе және олар
адамгершілік сапаларының дамуы мен нығаюына неғұрлым игі әсер етсе, оның
адамдық тұлғасы да солғұрлым айқын көрініс табады. Бұл жағдайда адамның
тұлғалық бейнесі рухани және ерік күшінен көрінеді.
Ал ерік күші мен рухани күш, тұлғаның адамгершілігі мен адалдығы
сөзінен емес, белгілі бір әлеуметтік жағдайлардағы нақты практикалық іс-
әрекеттерінен айқын көрінеді. Олай болса, адамның тұлғалығын сипаттайтын ең
маңызды фактор сөз емес, нақты іс, яғни сөз бен істің табиғи бірлігі.
Көптеген адамдардың сөзі мен ісінің арасындағы алшақтық, яғни сөзінің
жалғандығы, оның тұлғалық қасиеттерінің төмендігінің, керек десе
екіжүзділігінің көрінісі десе де болады. Өйткені, егер адам өзін тұлға
санаса немесе тұлға болғысы келсе, онда ол жауапкершілікті сөз жүзінде ғана
сезінбей, оны ең алдымен іс жүзінде, мінез-құлқында көрсетуі тиіс, ал бұл
көп жағдайда оңай бола бермейді.
Сонымен, тұлғаға еркіндік тұрғысынан мінездеме беру қажетті екені
сөзсіз, өйткені еркіндік тұлғаны сипаттайтын бірінші қасиет. Алайда,
жауапкершілікті сезінбейтін еркіндік — бейберекеттік. Сондықтан
жауапкершілік сезімі тұлға үшін еркіндіктен маңызы артық болмаса, кем
қасиет емес, өйткені тек еркін болғаннан гөрі әрі еркін, әрі жауапты болу
әлдеқайда қиын. Бұл үшін жауапкершілікті ақыл-санамен сезіну қажет.
2.Болашақ мұғалімдерге этнопедагогикалық білім беру мазмұнында өзара
байланысты төрт элементті бөліп көрсетеміз:
2) Халықтың мәдениеті, тарихы, тілі, діні, әдеп-дәстүрлері
туралы білімдердің жүйесі.
3) Көптеген нақты іс-әрекет (танымдық,құндылықты, еңбектік
т.б.) түрінің негізі болып табылатын және болашақ
педагогтардың ұлттық мәдениетін сақтап қалуға және беруге
деген қабілеттерінің болуына ықпал ететін жалпы
интеллектуалдық дағдылар мен қабілеттердің жүйесі.
4) Болашақ мұғалімдердің халық шығармашылығын қазіргі
социомәдениетті жағдайларда өздерінің ары қарай дамуына
әрекет ететін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудағы
шығармашылық іс-әрекетіндегі тәжірибесі.
5) Болашақ мұғалімдердің бойында сенімдер мен құндылықтар
жүйесінің қалыптасуының шарты боллып табылатын білім, дағды,
ептіліктер мен бірге қоршаған орта шындығына деген
эмоциялық-еріктік қатынастардың тәжірибелік қоры.
Этнопедагогикалық білім берудің басты мақсаттарын негізге ала отырып,
мынандай мәселелерді шешу қажет:
- қоршаған ортаға оқушылардың көзқарасын қалыптастыру;
- өз халқының тарихи ерлік оқиғаларына терең жан күйзелісі сезімін
қалыптастыру;
- этнопедагогика жөніндегі арнайы білімдерді шеберліктер мен дағдыларды
меңгеруге деген қызығушылықты дамыту;
- ана тілін дамыту;
- өз халқының дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және өзіндік мәдениетін
игерту. Этнопедагогика материалдарын көмекші мектептердің сыныптан тыс
жұмыстарнда пайдалану арқылы оқушыларды салт-дәстүрді құрметтеуге,
ұлттық ойындардың, тыйым сөздердің мән-мазмұнын түсінуге көмектесіп,
дүниеге көзқарасын дамсытамыз. Этнопедагогика материалдары балаларға
алуан түрлі сезім,ой туғызады.
Тәуелсіз мемлекетіміздегі болашақ ұрпағымызды жан-
жақтыжетілген,бойында ұлттық санасы мен психологиясы бар етіп қалыптастыру-
отбасының, балабақшаның, орта және жоғары білім беру орындарының, бүкіл
халқымыздың міндеті.
Халық-педагогикасы-халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-
дәстүрлерін,тұрмыс күйлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойып, ұрпаққа
тәрбие берудің барлық жақтарын қамтитын адамның жан дүниесін тәрбиелейтін
ілім.

5-6- лекция. Таќырыбы Жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея.
Жоспары:
1. Жалпы адамзаттық құндылықтар тұлғаны қалыптастыру негізі.
2. Ұлттық мәденит қалыптастыру негізі. Этномәдени ортадағы көп мәдени жеке
тұлғаны қалаптастыру.
3. Студенттердің болашақ мамандығының жеке тұлғасының өсуі үшін мұғалімдік
мамандық таңдауы.
Лекция маќсаты: Қазақ этнопедагогикасы қазақ философиясы, этнопсихология,
этнос теориясы, этнография, мәдениет теориясы педагогика ғылымының аясында
түйіскен пәні.

Қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің
құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан республикасының бүкіл
халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел президентінің “Қазақстан 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың
бірі-Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл-ауқаты тармағында
“...азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды
қоршаған ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына
әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының
пайдасына пәрменді білім беретін
2. Ұлттық мәдениет қалыптастыру негізі. Этномәдени ортадағы көп
мәдени жеке тұлғаны қалаптастыру.
Қазақ этнопедагогикасы қазақ философиясы, этнопсихология, этнос теориясы,
этнография, мәдениет теориясы педагогика ғылымының аясында түйіскен пәні.
Біз этнопедагогиканы педагогикалық білімнің құрамдас бөлігі ретінде
қарастырамыз. Педагогика принциптері этнопедагогикада да басшылыққа
алынады. К.Д.Ушинскийдің “ғылымның тәрбиемен араласып кетуіне болмайды. Ол
барлық халық үшін бірдей” деген идеясы бізге қазақ этнопедагогикасын
жеке интегральды пән ретінде : жалпы- педагогикалық ғылым, ерекше-
этнопедагогика, жеке қазақ этнопедагогикасын зерттеудегі көзқарасымызды
негіздеуде шешуші болып табылады. Берілген мәселені шеше отырып, біз
педагогика мен этнопедагогиканың өзара байланысын бүтін мен бөлшектің
байланысы және ғылым мен оқу пәнінің байланысы және ғылым мен оқу пәні
арақатынасына байланысты біз Н.В. Савиннің “Ғылымның шыңына жету оның
негіздерін оқып-үйренуден басталады” деген пікіріне қосыламыз.
Болашақ мұғалімдерге этнопедагогикалық білім беру мазмұнында өзара

6) Халықтың мәдениеті, тарихы, тілі, діні, әдеп-дәстүрлері
туралы білімдердің жүйесі.
7) Көптеген нақты іс-әрекет (танымдық,құндылықты, еңбектік

8) Болашақ мұғалімдердің халық шығармашылығын қазіргі

9) Болашақ мұғалімдердің бойында сенімдер мен құндылықтар

- өз халқының тарихи ерлік оқиғаларына терең жан күйзелісі
сезімін қалыптастыру;
- этнопедагогика жөніндегі арнайы білімдерді шеберліктер мен
дағдыларды меңгеруге деген қызығушылықты дамыту;

игерту. Этнопедагогика материалдарын көмекші мектептердің
сыныптан тыс жұмыстарнда пайдалану арқылы оқушыларды салт-
дәстүрді құрметтеуге, ұлттық ойындардың, тыйым сөздердің мән-
мазмұнын түсінуге көмектесіп, дүниеге көзқарасын дамсытамыз.
Этнопедагогика материалдары балаларға алуан түрлі сезім,ой
туғызады.
Тәуелсіз мемлекетіміздегі болашақ ұрпағымызды жан-жақты
жетілген,бойында ұлттық санасы мен психологиясы бар етіп қалыптастыру-

мамандық таңдауы
7-8 лекция. Таќырыбы Педагогикалық мамандықтың қоғамдағы мәні.
Жоспары:
1. Мұғалімдердің кәсіптік мәртебесі.
2. Мұғалімдерге қойылатын әлеуметтік талаптар.
3. ҚР Білім заңында мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері.
Лекция маќсаты:
Жалпы маңызды маман сапасы төмендегідей болуы қажеттілігін жете
түсіндіру: еңбек сүйгіш, жаұмысқа қабілетті, терең-жан-жақты білімді,
жауапкершілігі жоғары, алдына мақсат қоя алатын, жетістікке жету жолын
таңдай білетін, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, төзімді, профессионалдық
деңгейінің жүйелі және жоспарлы артуы, өз еңбек сапасын арттыруға үздіксіз
талпынысы.
Лекция мєтіні (ќысќаша)
1.Оқытушы-арнайы дайындалған және педагогикалық әрекетпен маманды
дәрежеде айналысатын адам. Мұнда “маманды дәрежеде” деген сөзге көңіл
аударуымыз керек. Маманданбаған дәрежеде педагогикалық әрекетепн барлық
адамзат баласы айналысуда, ал маманданған дәрежеде педагогикалық
заңдылықтарды мұғалім ғана орындай алады, игере алады, жүзеге асыра алады
және өзінің педагогикалық парызын сапалы орындауға жауапты.
Бүгінгі ұстаздың еңбегі қаншалықты ащы болса, ертеңгі біздің қоғамның
заманы соншалықты тәтті болады.
Педагогиканың бірінші функциясы-мақсатты болжау (целополагание).
Мақсат-ол педагогикалық әрекеттің кілті факторы. Мақсат мұғалімнің жалпы
еңбек қозғалысын және оның оқушысын осының жалпы нәтижесіне итермелейді,
бағыттайды. Мақсатты түрде жасалған педагогикалық әрекет-ұстаздың дайындық
деңгейін, мүмкіндігін, тәрбиелілігін, дамуын, еңбек нәтижесінің айнасы.Бұл
нәтижелі еңбек оқу процесін диагностирлеуге жетелейді.(диагносис- айырып
тану, диа-таза, мөлдір, гносис-білім)
Педагогика, адам баласын жан-жақты тәрбиелеу үшін бірінші ол адамды
барлық жағынан тану керек- Ушинский К.Д.
Ұстаз-әрі артист,әрі суретші,әрі өз ісіне адал, ашық болуы керек.
М.Горький.
“Жас жүрекке жеміс беретіндей күн сәулесіндей төгілу керек” Ушинский
К.Д.
Вибралды емес педагогикалық қатынас
- Экспрессивті қозғалыс: -поза,жест,мимика,походка,визуалды қатынас
(контакт)
- Просодика және экстра лингвистика: интонация,дыбыс, тембр,пауза,
күлкі,жөтел;
- Такесика: шапалақтау, сүйкену.
- Проксемика: арақашықтық.
2.Мұғалімге қойылатын талаптар-бұл педагогикалық әрекетінің үлгерімін
анықтайтын мамандық сапасының бұйрықты жүйесі.
Біріншіден, практикалық педагогикалық әрекеттің тең жартысы мұғалімнің әр
түрлі технологиясына тән.
Екінші жартысы-оның шеберлігіне, өнеріне тән. Сондықтан маман педагогқа
қойылатын бірінші талап-педагогикалық бейімділігі болуы керек.
- Сонда арнайы педагогикалық қабілеттің болғаны ма
- Әрине, атап айтсақ, педагогикалық қабілетке –жеке тұлға сапасы,
кішкентай баланы тәрбиелеудегі қиыншылыққа төзу, оқушыға деген
махаббат, студенттермен жұмыс істегенде рахат алу.
Қабілеттің басты топтары:
1. Ұйымдастырушылық.
2. Дидактикалық
3. Перцептивті (баланың жан әлемін түсіну, эмоциялық жағдайын бағалау,
психологиялық ерекшелігін анықтау)
4. Коммуникативті (оқушылармен,оның ата-аналарымен коллегамен
педагогикалық қалыпты қатынаста болады)
5. Суггестивті (студенттерге эмоциялы ерікті әсер ету)
6. Зерттеулік (танымдық қабілеті және педагогикалық ситуацияны
обьективті бағалау)
7. Ғылыми-танымдық
Жалпы маңызды маман сапасы төмендегідей болуы қажет: еңбек сүйгіш,
жаұмысқа қабілетті, терең-жан-жақты білімді, жауапкершілігі жоғары,
алдына мақсат қоя алатын, жетістікке жету жолын таңдай білетін,
ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, төзімді, профессионалдық деңгейінің
жүйелі және жоспарлы артуы, өз еңбек сапасын арттыруға үздіксіз

9-10- лекция. Таќырыбы Педагогикалық іс әрекеттің ерекшелік сипаттамасы.
Жоспары:
1.Тұтас педагогикалық процесс.
2. Педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мәселелері.( .Білім берудің
деңгейлері, Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту,Орта білім беру.)
3. Дидактика- оқыту процесі.
4. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. В.А. Сластелин. Формирование личности учителя советской школы в
процессе профессиональной подготовки. Москва. “Просвещение”, 1976
2. Н:Д.Хмель. Педагогический процесс как обьект деятельности учителя.
Алматы,1998г.
3. И.Нұғыманов, З.О.Өнербаева. “Ғылыми тіл және сөйлеу мәдениеті”.
Биолгия, география және химия. №6.1999 ж.
4. З.О.Өнербаева. “Қоғамдық білім байқау сабағы”. Биология,география және
химия. №3.2000 ж.
5. З.О.Өнербаева. “Шебер педагог болу үшін...” Биология,география және
химия. №4.2002 ж.
Лекция маќсаты: мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу
бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім
алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Лекция мєтіні (ќысќаша)
2.Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,
орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлерінен тұрады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (бастауышқа дейінгі білім беру-
ЮНЕСКО ның ұсынымдарына сәйкес атауы)- баланың жасын және өзіне тән
ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын
құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі.
Балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқуға деген құқығын мекетепке
дейінгі ұйымдардың, жалпы білім беретін мектептердің мектепалды
сыныптарының, сондай-ақ жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп интернаттардың мектепке
дейінгі топтарының және мектептен тыс ұйымдардағы мектепке дейінгі
топтардың желісі қамтамасыз етеді. Осы кезең сонымен бірге мектепке
дейінгі арнайы түзеу ұйымдары мен топтарында. “мектеп-балабақша”
кешендерінде болуға айрықша мұқтаж балалардың ұйымдасқан тәрбиесі мен
оқуын қамтиды.
Мақсаты-мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу
бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұл,айту жолымен балалардың білім

Міндеттері:
- әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан, барлық балаларды
мектепке дейінгі ұйымдармен ертерек қамту;
- бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды
қамтамасыз ету;
- мектепалды даярлығының мазмұнын мектеп жасына дейінгі баларға тән
қызмет түрлерін, жасына және даралығына сай тәсілдерді ескере
отырып қайта қарау және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру кезінде
заттық кеңістік ортасын жасау;
- мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының
үйлесімділігі, баланы шаршаудан қорғау мақсатында оны оңтайлы
жүктемемен қамтамасыз ету,салауатты өмір салтының құндылықтарына
баулу арқылы денсаулығын нығайту;
- баланың бойында оқу қызметіне меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді
тәрбиелеу;
Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейде қызметтің өзіндік түрлерін
және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін
қамтамасыз етуге тиісті.
3. Орта білім беру елдің тұтас үздіксіз білім беру жүйесінің
базалық буыны ретінде жұмыс істейді.
Балалардың орта білім алуға деген құқығы жалпы білім беретін
мектептердің желісімен қамтамасыз етіледі. Оқытудың ерекше жағдайлары
бойынша мектептер, даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған
мектептер және т.с.с. болып бөлінеді.
Мектептен тыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz