Педагогикалық мамандықтарды жаңа бағытта дайындау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикалық мамандықтарды жаңа бағытта дайындау

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында елімізде болашақ педагог мамандарды жаңа жүйеде дайындау арқылы әлімдік білім беру кеңістігіне ену міндетін шешу қажеттігі айтылған болатын[1] . Осы келелі тапсырманы орындауда елімізде екі бағдарлама: 2005-2010 ж. және 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қабылданып, көптеген шаралар жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін модернизациялау бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен олардың нәтижелері елімізде білім беру реформасының жаңа фазаға өтуге бет алғанын куәләндіріп отыр. Білім беру саласын дамытудағы стратегиялық бағыттардың өміршеңдігін, Болон декларациясының принциптерін жүзеге асыру арқылы әлемдік білім кеңістігіне енуді қамтамасыз ететін «білім беруді түбегейлі жаңарту» қажеттілігіне басымдылық беру мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамының қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте (17. 04. 2011ж. ) үкімет алдына бүгінгі күннің базалық міндеттерінің қатарына «Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру» мәселесін қойып, оны жүзеге асырудың жолдарын көрсеткен болатын, атап айтқанда, әлемнің дамыған елдерінде білім беру жүйесінің табыстылығы ең алдымен педагог кадрларды даярлау сапасымен, педагог кадрларды іріктеудің қатаңдығымен және педагог статусымен айқындалатындығына басты назар аударылды.

Осы тұрғыда жоғары педагогикалық білім беру жүйесін жаңарту, болашақ педагогтарды даярлаудың кәсіби-педагогикалық қызметін модельдеу және оның тиімділігін көрсету мәселесі әлі де толық шешімін таппағанын айта кеткен жөн.

Қазақстанда аталған мәселелерді шешуде құзырлылық қатынасты жүзеге асыру қажеттілігі негізге алынғанымен оны жүзеге асырудың механизмдері жеткілікті айқындалмаған. Білім беру мазмұнының соңғы нәтижеге бағдарлануы және білімгерлер мен профессор-оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету құзырлылық қатынасты қалыптастыруға жағымды ықпал жасайды. Сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби және әлеуметтік белсенділігін қамтамасыз ететін жаңа мазмұн, әдістер және ұйымдастыру формалары керек. Осы мақсатта білімгерлердің академиялық ұтқырлығын дамытуға мүмкіндігі жоғары білімдік бағдарламалардың сапасын арттыру қажет, яғни шетелдік университеттермен бірлесе дайындалатын бағдарламалардың үлес салмағын арттырған жөн. Бұл білімгерлердің өзіндік білім алу траекториясын құру сапасына және мүмкіндік шегін кеңейтуге жағдай жасайды. Болон декларациясының негізгі принциптерінің бірі болып табылады.

Елімізде бүгінгі күні педагог кадрларды даярлау сапасын арттырудың ең басты қажеттіліктерінің бірі мемлекеттік білім беру стандарттарына қойыла-тын талаптарды жетілдіру болып отыр. 2010 жылы өткен математик мұғалімдердің 1 съезінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Б. Т. Жұмағұлов мемлекеттік білім беру стандарттарының сапасының төмендігіне ерекше назар аударды[2] .

Сол себепті 2010 жылдан бастап жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлаудың мемлекеттік стандарттарында кәсіби-педагогикалық білім беру қызметі құзырлылық қатынас негізінде жүргізілу қажеттігі айқындалды, алайда болашақ педагог мамандарға қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға қойылатын талаптар мамандану салалары бойынша нақтыланбағандығы және оларды жетілдіру мәселесі әлі де күн тәртібінен алынбағаны айқындалып отыр.

Өйткені, жоғары педагогикалық білім берудің мемлекеттік стандарттары «идеал-стандарт» сипатында даярланған, ал бұл жағдайда оның талаптарын ешқандай мамандық иелері орындай алмайды, тек жақындайды. «Идеал-стандарттың» қоятын талаптарының өлшемдік критерийлері мамандық мүмкіндіктерінен жоғары өлшемдерді негізге алады. Біздің стандарттарымыздың құрылымдық мазмұнында жалпы білімдік пәндер және базалық пәндер блоктарында қажетсіз пәндер жиі кездеседі. Сондықтан Европалық жоғары білім беру кеңістігінде жақсы нәтиже көрсеткен «стандарт-минимумға» жақындаудың мүмкіндігін есепке алған жөн. Оның артықшылығы болашақ мұғалімнің бойында қалыптасуы тиіс кәсіби құзыреттіліктердің кезеңдік мүмкіндіктерін нақты өлшемдермен беретіндігінде және олардың орындалуын өте қатаң есепке алуында. Бұл жүйенің тағы ұтымдылығы мұғалім өзінің қызмет ету барысында басқа жоғары біліктілік деңгейіне көтерілуі үшін жаңа мазмұнды стандартқа сәйкестігін дәлелдеуі тиіс, яғни мұғалім өзінің сапалық өсуін қаматамасыз ететін бірнеше сатылық даярлау жүйесінен өтеді. Бұл оның жағымды статусын және жоғары ақылы қызметке бару мүмкіндігін қамтамасыз ете алады. Осындай стандарт-минимум болашақ маманның кәсіби қалыптасуының сатылы мазмұнын қамтамасыз ететін деңгейлік білімдік құжаты болып табылады.

Сондықтан ҚР білім және ғылым министрі Б. Т. Жұмағұловтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті жанынан стандарттар бойынша Кеңес құру ұсынысын толық қолдай отырып, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ең басты міндеттерінің бірі 12 жылдық білім беру жүйесі көшу жұмыстарын жеделдету, яғни 2015 жылға дейін бейінді мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерді дайындау мазмұнын «білімдік» қатыстан құзырлылық қатысқа ауыстыру мәселесіне ерекше назар аударылуда. Бұл үдерістің де өзіндік ерекшелігін ескермесе болмайды. Өйткені, 11-12 сыныптарда болашақ мамандыққа бейімделу қызметі жүзеге асырылады. Сондықтан бейіндік мектептерде жалпы орта мектеп (негізгі) мұғалімдер қызмет ете алмайды. Бұл бейіндік мектептерде қызмет жасайтын мұғалімдер арнайы дайындық курстарынан немесе қайта дайындықтан өтуі тиіс. Өйткені жоғары оқу орындарында оқытылатын жалпы және ғылыми дүниетанымдық пәндер 11-12 сыныптарға қөшіріледі. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты базасында «12 жылдықта құзырлылық қатынасты қалыптастыру технологиясы» зерттеу орталығында және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың Аймақтық орталығында бейінді және шағын жинақталған мектеп мұғалімдерін дайындауда арнайы білім бағдарламаларын дайындалуда.

Педагог мамандарды даярлау сапасын арттыруда білім мазмұнын игертудың дидактикалық принциптерін негізге алу аса маңызды. Осы тұрғыдан съезде білім берудің дидактикалық принциптерінің қолданылу тиімділігіне ғылыми тұрғыдан қарау қажеттігі сөз болды. Әсіресе, оқулықтар мен оқу құралдарында білім мазмұнын баяндауда қарапайымнан күрделіге өту, оқу материалы көлемінің шекті көлемін сақтау және жүйелілік пен сабақтастық, т. б. принциптердің сақталмауы оқушылардың оқуға қызығушылықтарын төмендететіні айтылды. Сондықтан білім мазмұнын баячндаудың ғылыми дидактикалық талаптарын сақтау аса маңызды.

Қазақстан мұғалімдерінің көтеріп отырған көкейкесті мәселелерінің бірі - пәндерді оқыту әдістемесі сабақтарының пәндердің білімдік мазмұнының жылдам өзгеруіне ілесе алмауы болып отыр. Шын мәнінде мемлекеттік стандарттар мен типтік жоспарларының кәсіптік пәндер блогынының практикаға бағдарлану деңгейінің төмендігі байқалуда. Осындай кемшілікті жою үшін аталған блоктағы әдістемелік пәндердің үлес салмағы көбейтілуде. Осы мәселені шешу үшін еліміздің педагогикалық институттарында әдістемелік пәндердің үлес салмағы элективті пәндер есебінен 40-50 пайызға дейін көтерілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби бағдар берудің мазмұны
Мектепте кәсіби бағдар беруді жүзеге асырудың формалары
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Білім беру жүйесі
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Тұлғаның мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру жолдары
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы процесіне мектеп психологының әсері
Колледждегі оқушылар контингенті
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру
Кәсіптік бағдар тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz