Педагогикалық мотивацияның психологиялық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халқаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика Факультеті
Жалпы психология кафедрасы

МӨЖ

Тақырыбы: Педагогикалық мотивацияның психологиялық негіздері

Қабылдаған: Торыбаева Жәмила
Oрындаған: Алеш Сабырәлі

Түркістан -2014 ж.

Жоспар

Кіріспе

1. Мотивация психологиялық категория ретінде

2. Мотивациялардың (түрткілердің) негізгі жіктеулері

3. Оқу мотивациясының жалпы сипаттамасы.

Қортынды

Пайдаланылған Әдебиеттер

Кіріспе

Педагогикалық іс-әрекеттің маңызды компоненттерінің бірі оның
мотивациясы болып табылады. Педагогикалық іс-әрекетте де оқу іс-
әрекетіндегі сияқты мотивациялық бағдарланулар ажыратылады (IV бөлім, 2
тарау қараңыз). Олар ішкі түрткілер, мысалы жетістік түрткісі және ішкі
түрткілер, мысалы өз іс-әрекетінің процесі мен нәтижесіне бағдарлану.
Белгілі бір оқу орнындағы жұмыс істеу беделділігінің сыртқы түрткісі мен
еңбекақысының сәйкестілік түрткісі көбінесе тұлғалық және кәсіби өсу, өзін-
өзі жігерлендіру түрткілерімен теңестіріледі. Сонымен қатар, бала мен
ересек адамның өзара әрекеттесуінің ерекше формасы ретінде педагогикалық іс-
әрекетте үстемдік немесе билік түрткілері сияқты бағдарланудар пайда
болады. Педагогикалық қабілеттерді зерттеушілердің бірі Н.А. Аминов
бойынша, билік түрткісінің педагогикалық іс-әрекетке қандай қатынасы бар
екенін көрсету үшін алдымен Г.А. Мюррейдің көзқарасына тоқталу қажет, ол
сонау 1938 жылы билік түрткісіне үстемділікке қажеттілік деген анықтама
берген. Г.А. Мюррей үстемділікке қажеттіліктің негізгі қағидаларын және
оған сәйкес әрекеттерді бөлді. Үстемділікке қажеттіліктің белгілері немесе
әсерлері келесі қалаулар болып табылады:
Н.А. Аминов, сонымен қатар, осы қалауларға белгілі-бір әрекеттердің
сәйкестілігін атап көрсетеді, олар Г.А. Мюррей бойынша келесі түрде
топтастырылған:
• көндіру, басшылық ету, сендіру, реттеу, ұйымдастыру, басқару, билеу,
қадағалау;
• бағындыру, билеу, қожалық ету, құқын шектеу, шарт қою, сөгу, заң
орнату, нормаларды енгізу, мінез-құлық ережелерін құру, шешім
қабылдау;
• тыйым салу, шек қою, қарсылық көрсету, үгіттеу, жазалау, еркінен
айыру;
• сүйсіндіру, табындыру, өзін тыңдауға мәжбүр ету, еліктеушілерді табу,
мода қою.

Билік феноменін түсіндіру теориясын талдау материалдары бойынша (А. Адлер,
Д. Картрайт, Дж. Френч, В. Равен, Д. Мак-Клелланд және т.б.) Н.А. Аминов А.
Адлердің тұлғалық дамудың жетекші түрткілері кешенінде кемеліне жету,
артықшылық пен әлеуметтік билікке деген ұмтылудың ерекше рөлі жайлы
тезисінің маңыздылығын растайды. Н.А. Аминовтың пікірі бойынша оқу-
педагогикалық процестегі билік ресурстарын талдау үшін оның пайда болу
көздерінің Дж.Френч пен В. Равен ұсынған жіктелуі аса қызығушылық тудырады.
Бұл жерде маңыздысы, билік түрткілерінің кейбір түрлері (сый беру,
жазалау), бұрын көрсетілгендей, К. Хекхаузен бойынша жетістік
мотивациясының екі жағының көрінуінде.

1. Мотивация психологиялық категория ретінде

Мотивация отандық және шет елдік психологиясындағы іргелі
проблемалардың бірі болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме
үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін,
мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Адамды іс-әрекетке не
итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген
сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады.
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған кезде ең алдымен, оларды осындай
байланысқа итермелеген, түрткілер жайлы және де олар алдына азды көпті
мөлшерде саналы түрде қойған мақсаттары жайлы сұрақ туындайды. Ең жалпы
түрде түрткі – бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген
қандайда бір әрекетке итермелеуші, ынталандырушы, анықтаушы.
Мотивация проблемасының күрделігі мен көп аспектілігі оның мәнін,
табиғатын, құрылымын, түсінуде және де оны әр тұрғыдан зерттеу әдістерінің
көп болуымен шартталады (Б.Г. Ананьев, С.Л. Рубинштейн, М. Аргайл, В.Г.
Асеев, Дж. Аткинсон, Л.И. Божович, К. Левин, А.Н. Леонтьев, М.Ш. Магомет-
Эминов, А. Маслоу, Ж. Нюттен, З. Фрейд, П. Фресс, В.Э. Чудновский, П.М.
Якобсон және т.б.). Отандық психологияда мотивациялық аясын зерттеуді
анықтаушы негізгі әдіснамалық принцип мотивацияның динамикалық пен
мазмұндық-мағыналық жақтарының бірлігі жайлы ереже болып табылады. Осы
принципті белсенді жетілдіру адамның қатынастар жүйесі (В.Н. Мясищев), мән
мен мағына арақатынасы (А.Н. Леонтьев), түрткілер ықпалдасуы және олардың
мәндік контексті (С.Л. Рубинштейн), тұлға бағыттылығы мен мінез-құлық
динамикасы (Л.И. Божович, В.Э. Чудновский), іс-әрекеттегі бағдар (П.Я.
Гальперин) сияқты және т.б. проблемаларды зерттеумен байланысты.
Отандық психологияда мотивация адамның өмірлік іс-әрекетінің - оның
мінез-құлқының күрделі, көп деңгейлі реттеушісі ретінде қарастырылады. Осы
реттеудің жоғарғы деңгейі саналы-еріктік деңгей болып табылады. В.Г.
Алексеев көрсеткендей, адамның мотивациялық жүйесі берілген мотивациялық
тұрақтылардың қарапайым қатарына қарағанда неғұрлым күрделі құрылымға ие.
Ол тек кең аямен сипатталады, оған автоматты түрде жүзеге асырылатын
ұстанымдар да, ағымды өзекті ұмтылыстар да, идеалды аясы да жатады. Соңғысы
дәл қазір өзекті болмағанымен де, бірақ оның түрткілерінің ары қарай
дамуының мәндік болашағын беретін адам үшін маңызды функцияны атқарады.
Мұның барлығы, бір жағынан, мотивацияны қажеттіліктердің күрделі,
көпдеңгейлі біркелкі емес жүйесі және қажеттіліктерді, түрткілерді,
қызығушылықтарды, мұраттарды, ұмтылыстарды, ұстаным-дарды, эмоцияларды,
нормаларды, құндылықтарды және т.б. қамтитын жүйе ретінде анықтауға, ал
келесі жағынан – адамның іс-әрекетінің, мінез-құлқының көпмотивтендірілуі
жайлы және олардың құрылымын-дағы үстемдеуші түрткі жайлы айтуға мүмкіндік
береді.
Мотивация белсенділік бастауы ретінде және кез-келген іс-әрекеттің
түрткілер жүйесі ретінде түсініле отырып, түрлі аспектілерде зерттеледі,
осыған байланысты оны әр автор түрліше түсіндіреді. Зерттеушілер оны бір
нақты түрткі ретінде де, түрткілердің тұтас жүйесі ретінде де, және де
қажеттіліктерді, түрткілерді, мақсаттарды, қызығушылықтарды және олардың
күрделі шырмалануы мен өзара әрекеттесуін қамтитын ерекше аясы ретінде де
қарастырады.
Ең кең болып табылатын, тұлғаның аффективтік, еріктік аяларын да (Л.С.
Выготский), қажеттіліктің қанағатталуын бастан кешіруді де қамтитын
мотивациялық аясы түсінігі. Жалпы психологиялық контексте мотивация күрделі
бірлестікті, субъектке қажеттіліктер, қызығушылық-тар, құмарлықтар,
мақсаттар, мұраттар түрінде көрінетін және де тікелей адамзат іс-әрекетін
детерминациялаушы мінез-құлықтың қозғаушы күштерінің бірлігін білдіреді.
Сөздің кең мағынасында, мотивациялық аясы немесе мотивация осы көзқарас
тұрғысынан, тұлға өзегі ретінде түсініліп, оған бағыттылық, құндылық
бағдар, ұстанымдар, әлеуметтік күтімдер, тартылыс, эмоциялар, еріктік
сапалар сияқты және тағы басқа әлеуметтік-психологиялық мінездемелер
топталынады. Осылайша, әртүрлі тұрғыдан қарастырылғанға қарамастан
мотивацияны көптеген авторлар адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын
детерминация-лаушы психологиялық әртекті факторлардың жүйесі, жиынтығы
ретінде түсінеді деп бекітуімізге болады.
Мотивацияны зерттеуде (В.Г. Асеев, Дж. Аткинсон, Л.И. Божович. А.
Маслоу, Е.К. Савонько) оны белгілі бір иерархияланған құрылымдар енетін
күрделі жүйе ретінде түсіну дұрыс. Бұл жерде, құрылым элементтердің,
олардың қатынастары мен обьектінің тұтастығының салыстырмалы тұрақты
бірлігі ретінде, жүйе инварианты ретінде түсіндіріледі. Мотивация құрылымын
талдау В.Г. Асеевке, оның ішінен а) процессуалдық және дискреттік
мінездемелердің бірлігін және б) қос модальды, яғни оны құраушылардың
жағымды және теріс негіздерін бөлуге мүмкіндік берді.
Зертеушілердің мотивациялық аясы құрылымы – қатып қалған, статикалық
емес, керісінше білім берудің өмірлік іс-әрекеті процесінде дамитын,
өзгермелі деген ережелері де маңызды.
Мотивация құрылымын зерттеу үшін, маңыздысы, Б.И. Додонов бөлген оның
төрт құрылымдық компоненті: іс-әрекеттің өзіне қанағаттану, оның тікелей
нәтижесінің тұлға үшін маңыздылығы, іс-әрекет үшін сыйлаудың мотивациялық
күші, тұлғаға мәжбүр еткізетін қысым. Бірінші құрылымдық компонент шартты
түрде мотивацияның гедоникалық құраушысы деп аталған, қалған үшеуі –
оның мақсаттық құраушылары. Сонымен бірге, бірінші мен екінші іс-әрекетке
қатысты ішкі бола отырып, оған бағыттылықты, бағдарды (оның үрдісі мен
нәтижесі) анықтайды, ал үшінші мен төртінші әсер етудің сыртқы факторларын
(іс-әрекетке қатысты теріс және оң) белгілеп отырады. Тағы бір маңыздысы,
марапат пен жазалаудан қашу ретінде анықталған соңғы екеуі Дж. Аткинсон
бойынша табысқа жету мотивациясының құраушылары болып табылады. Мұндай
мотивациялық құраушылардың құрылымдық түсінілуі, оқу іс-әрекетінің құрылымы
мен теңестіру төменде көрсетілгендей оқу мотивациясын талдауда өте өнімді
болды. Мотивация мен оның құрылымдық ұйымдасуын интерпретациялау адамның
негізгі қажеттіліктері терминдерінде де жүргізіледі (Х.Мюррей, Дж.
Аткинсон, А. Маслоу және т.б.).
Тұлғалық мотивацияны зерттеулердің алғашқыларының бірі (тұлға
қажеттіліктері терминінде) Х. Мюррейдің (1938) жұмысы екені белгілі. Ол
көптеген мінез-құлықты тудырушылардың ішінен төрт негізгі қажеттіліктерді:
жетістікке, үстемдікке, дербестікке, аффилиаци-яға бөлген. Кең контексте
қарастырылған осы қажеттіліктерді М.Аргайл мотивацияның (қажеттіліктердің)
жалпы құрылымына енгізген: 1) әлеуметтік өзара әрекеттесуді тудыратын
әлеуметік емес қажеттіліктер (суға, тамаққа, ақшаға деген биологиялық
қажеттіліктер); 2) көмекті, қорғанысты, басқаруды қабылдау сияқты
тәуелділікке деген қажеттілік, әсіресе беделді және билігі бар адамдардан;
3) аффилиацияға деген қажеттілік, яғни басқа адамдардың ортасында болуға,
достық үндесуге, топпен, құрбыластармен қабылдануға ұмтылу; 4) үстемдікке
қажеттілік, яғни басқалардың немесе топтың өзін ұзақ ұзағырақ сөйлеуіне,
шешім қабылдауына болатын лидер ретінде қабылдауы; 5) сексуалдық қажеттілік
– денелік жақындық, бір жыныс өкілінің келесі тартымды жыныс өкілімен
достық және интимдік-әлеуметтік өзара әрекетті; 6) агрессияға деген
қажеттілік, яғни денелік немесе вербалды зиян келтіру; 7) өзінің абыройына
(self-esteem), өзіндік сәйкес болуға деген қажеттілік, яғни өзін маңызды
деп қабылдау. Тәуелділікке, өзін бекітуге және бір мезгілде агрессияға
деген қажеттілік елеулі мөлшерде оқу іс-әрекеті мен оқушылардың мінез-
құлқын талдау үшін қызығушылық тудыруы айқын.
Адамның қажеттіліктер саласының құрылымын қарастыру тұрғысынан А.
Маслоудың қажеттіліктер үшбұрышы үлкен қызығушылық тудырады, мұнда бір
жағынан, адамның әлеуметтік, интерактивті тәуелділігі, екінші жағынан –
оның өзін-өзі өзектендірумен байланысты танымдық, когнитивті табиғаты айқын
көрінеді. Төменде А. Маслоудың қажеттіліктер үшбұрышы келтірілген. Оны
қарастырған кезде біріншіден, адамның когнитивті (танымдық) және
коммуникативтік қажеттіліктеріне берілген орын мен мағына назар аудартса,
екіншіден адамның қажеттіліктер саласы оның іс-әрекеті құрылымынан тыс –
тек оның тұлғасына, өзін-өзі өзектендіруіне, дамуына, ыңғайлы тіршілік
етуіне қатысты қарастырылуы (Дж. Брунердің түсінуінде).

Мотивациялардың (түрткілердің) негізгі жіктеулері

Адамның мотивациялық саласын жалпы жүйелік түрде көрсету
зерттеушілерге түрткілерді жіктеуге мүмкіндік береді. Жалпы психологияда
мінез-құлық (іс-әрекет) түрткілерінің (мотивациялардың) түрлерін түрлі
негіздер бойынша шектейтіні белгілі. Осындай негіздер ретінде болатындар:
а) іс-әрекетке қатысу сипаты (түсінікті, белгілі және шынайы жүретін іске
асатын түрткілер, А.Н. Леонтьев бойынша); б) іс-әрекетке себепші болу
уақыты (алыс – қысқа мотивация, Б.Ф. Ломов бойынша); в) әлеуметтік
мәнділік (әлеуметтік – жеке тұлғалық, П.М. Якобсон бойынша); г) оларды іс-
әрекетттің өзіне араласу немесе одан тыс болу фактісі (кең әлеуметтік
түрткілер – жеке тұлғалық түрткілер, Л.И. Божович бойынша); д) іс-әрекеттің
белгілі бір түрі, мысалы оқу мотивациясы және т.б.
Жіктеу негіздері ретінде Х. Мюррейдің, М. Аргайлдың, А. Маслоудың және
т.б. сызбаларын қарастыруға болады. Түрткілерді қарым-қатынас сипаты
бойынша шектеу еңбегі П.М. Якобсонға тиесілі. Зерттеудің осы желісін
жалғастыра отырып, топтық ықпалдасу мен қарым-қатынасты анықтаушы
әлеуметтік қажеттіліктерді А.А. Леонтьев бойынша үш негізгі қажеттіліктерге
бөлуге болады олар мыналарға бағытталады: а) өзара әрекеттесу объекті мен
мақсатына; б) коммуникатордың өзінің мүддесіне; в) басқа адмның немесе
тұтастай қоғам мүддесіне. Қажеттіліктердің (түрткілердің) бірінші тобының
көрінуіне мысал ретінде өндірістік топ мүшесінің жолдастарының алдында
өзінің өндірістік іс-әрекетінің өзгеруі жайлы сөз сөйлеуін келтіруге
болады. Әлеуметтік тұрғыдағы қажеттіліктер, түрткілер ...тұтастай қоғамның
мүддесі және мақсатымен байланысты.... Түрткілердің бұл тобы адамның мінез-
құлқын топ мүшесі ретінде шарттайды, қоғам мүддесі тұлға мүддесіне
айналады. Осы түрткілер тобы мысалы, тұтастай оқу үрдісін сипаттай отырып,
оның субъектін де: педагогты, оқушыларды алыс, жалпы, түсінікті түрткілер
тұрғысынан сипаттауы мүмкін екені анық. Коммуникатордың өзіне бағыттылған
түрткілер (қажеттіліктер) жайлы айтқанда А.А. Леонтьев не тікелей қандай
да қызықты немесе маңызды нәрсені білу тілегінің қанағаттануына
бағытталған, не ары қарай мінез-құлық тәсілін, әрекет тәсілін таңдауға
бағытталған түрткілерді есепке алады. Түрткілердің бұл тобы оқу іс-
әркетінде үстем ететін оқу мотивациясын талдауда неғұрлым қызығушылық
тудырады.
Іс-әрекеттің үстем мотивациясын анықтауға субъект ретінде тұлғаның
өзінің интеллектуалдық-эмоционалдық-ерік саласының ерекшелігі тұрғысынан
келген жөн. Осыған сәйкес, адамның жоғары рухани қажеттіліктері имандылық,
интеллектуалдық-танымдық және эстетикалық тұрғыдағы қажеттіліктер
(түрткілер) ретінде бола алады. Бұл түрткілер адамның рухани
сұраныстарының, қажеттіліктерінің қанағаттандырылуымен байланыстырылады,
олармен П.М. Якобсон бойынша сезімдер, қызығулар, әдет және т.б. сияқты
түрткілер үздіксіз байланысты. Басқаша айтқанда жоғары әлеуметтік, рухани
түрткілер (қажеттіліктер) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейіндік оқыту сатылары
Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері
Эмоция және дене
Мотивация мен эмоция туралы психологиялық теориялары
Бақылау жұмыстарының түрлері және оларды бағалау
Шығармашылық әрекетке мотивация
Білім нәтижелерін бағалау түрлері. Бағалаудың түрлері. Сандық және сапалық бағалау. Бағалаудың өлшемдері
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру
Мотивация проблемасының күрделігі мен көп аспектілігі
Оқушының оқу мотивациясын мұғалімдердің зерттеуі
Пәндер