ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-7
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың педагогикалық-псхологиялық мәселелері . . . 8-20
1. 2 Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығының мазмұнын айқындау . . . 21-35
2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
2. 1 Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың жолдары . . . 36-59
2. 2 Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастырудағы өзіндік жұмыстардың бағыттары
. . . 59-71
2. 3 Студенттердің шығармашылығын қалыптастыруда тәжірибелік, эксперименттік жұмысының нәтижесі . . . 71-78
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78-81
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛА
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Мемлекеттік саясаттың басты принципі ретінде тұлғаның шығармашылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасында және Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген [1, 2, 3] .
Білім саласының әлемдік кеңестікке ену жағдайында елімізде білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға жеке тұлғаның білім алу арқылы оның шығармашылық біліктілігі мен дағдысының өз дәрежесінде дамуын мақсат етіп қойып отыр.
Себебі, қазіргі кездегі нарықтық жағдайда әр саладағы бәсекеге қабілетті, кәсіби дайындығы жоғары, интеллектуалды жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, кез келген ғылым саласын шығармашылықпен игеру арқылы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қоса алады.
Оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту, студенттердің шығармашылығын қалыптастыру, мақсатты бағыт-бағдар беру, педагогикалық ықпал ету педагогика ғылымның негізгі мәселелерінің бірі.
Шығармашыл тұлғаның болуы адам қанындағы құрамның өзгешелігімен сипатталады деген пікір XX ғасырдың 20-жылдарына дейін үстем болды. Кеңестік кезеңіндегі психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулер шығармашылық қабілеттердің нышаны кез келген адамда болатыны дәйекті түрде дәлелденді. Ал, 60-жылдардан бастап жалпы оқыту үдерісінде шығармашылыты дамыту жөніндегі зерттеулер жүргізілді.
Оқыту оқыту үдерісінде шығармашылықты дамыту мәселесін Ресей педагог-ғалымдары Г. С. Альтшуллер, Б. Г. Ананьев, Ю. К. Бабанский, Л. С. Выготский, В. С. Ильин, ВА. Крутецкий, Т. В. Кудрявцев, А. Н. Леонтьев, Н. С. Лейтес, Б. М. Теплов, Ш. А. Амонашвили, Л. И. Божович, А. Я. Понамарев Н. Ф. Талызина, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, И. С. Якиманская және т. б. қарастырған. Аталған ғалымдардың еңбектері көптеген іс-тәжірибелерге негіз болды [4, 5, 6, 7, 8] .
Республикамызда жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасының негізін қалаған, шығармашылық қабілетті дамытудың педагогикалық-психологиялық негіздерін, шығармашылық үдерістің құрылымын зерттеген көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, Қ. Б. Жарықбаев, М. М. Мұқанов [9] .
Жоғары сынып оқушыларына шығарма жаздыру (Ә. Қоңыратбаев), факультативтер және үйірме жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық денгейге көтеру (С. Тілешова), оқушыларды сөз өнеріне баулу арқылы көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту (В. Д. Чернов), оқушы шығармашылығын дамытудың мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау (Қ. Ә. Жаманбаева), оқушы шығармашылығын дамытудың дидактикалық мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау, (А. Б. Мырзабаев) студенттердің шығармашылық және іскерлік дағдыларын қазақ ою-өрнектері арқылы қалыптастыру, (Ж. Балкенов) шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздерін анықтау бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту (М. Мұхамедин), бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында шығармашылық қабілеттерін дамыту (Б. А. Тұрғынбаева), оқушыларды еңбекке баулудағы техникалық шығарамашылықты дамыту (М. Қ. Қаламқалиев, А. П. Сейтешов, О. С. Сыздықов), мәселелері тереңінен зерттелген.
Оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастыру педагогикалық-психологииялық негіздерін айқындау мен тиімділігін арттыру мәселелелерін Б. Р. Айтмамбетова, Б. Әдікәрімұлы, А. Е. Әбілқасымова, Б. А. Әлмұхамбетова М. Ж. Жадрина, К. Ж. Қожахметова, З. А. Исаева, Б. К. Момынбаев, Г. Ж. Меңлібекова, Г. К. Нұрғалиева, Т. С. Сабыров, Ә. Абуов, А. П. Сейтешов, М. Н. Сарыбеков, Н. Д. Хмель, Р. Сарбасова, Б. С. Имандосова және т. б. еңбектерінде қарастырылып, ерекше ғылыми құндылыққа ие болып отыр.
Педагогикалық пәндерді оқыту барысында студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын зерттеген Ж. Е. Сәрсекеева, болашақ мамандардың пәндік оқыту барысында танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселелерімен айналысқандар қатарында А. Е. Әбілқасымова, А. Т. Қапанова, Р. С. Омарова, Г. К. Нұрмұханбетова, Н. Б. Жаманқұловалардың еңбектерін атауға болады. Бұл жұмыстардың бәрінде де өзіндік жұмысты ұйымдастыру, оның әдістемелік тұстары және өзіндік жұмыс танымдық іздемпаздықтың негізі ретінде талданады.
Кәсіби бағыттылықты қалыптастыруда оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды ұсынған В. П. Беспалько, А. . П. Сейтешов, Ж. А. Қараев, Ш. Т. Таубаева, Д. М. Жүсібалиева,
М. В. Кларин, Қ. Ө. Қариева, О. С. Сыздықов, С. А. Көшімбетова, А. Саипов,
Қ. Қабдықайырұлы, Г. К. Селевко, Л. А. Шкутина, Б. КЛульбасова,
Ж. К. Оңалбек, К. М. Беркімбаев және т. б. ғалымдардың зерттеу
еңбектері басшылыққа алынды.Сонымен бірге оқытушының педагогтық қабілеттерін қалыптастыру (А. Г. Ковалев, Ф. Н. Гоноболин., А. . А. Люблинская), шеберлікті дамыту (В. А. Кан-Калик, Н. Д. Никандров, Я. А. Понамарев), педагогикалық іс-әрекет кұрылымы (Н. В. Кузьмин), мұғалімінің жеке тұлғасын қалыптастыру (В. А. Сластенин), кәсіптік біліктілікті шыңдау (О. А. Абдуллина, ) және т. б. мәселелеріне арналған зерттеулердің де педагогика ғылымында ерекше мәнге ие болатынын айтқан орынды деп санаймыз [10] .
Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне енуіне бағытталған талпыныстары кредиттік оқыту жағдайында білім беру мазмұнын жаңарту, оқу процесін жетілдіру, әсіресе жаңа жүйенің талаптарына сай оқу үрдісін ұйымдастыруда студенттердің дербестігі мен ізденімпаздығын, шығармашылығы мен оқу белсенділігін қалыптастыратын оқыту шараларын іздестіруге аса мән беруді талап етіп отыр.
Еліміздегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес педагогикалық пәндерді оқытуда студенттердің шығармашылығын қалыптастыру мәселесін педагогикалық тұрғыдан шешу қабілеттілігі жоғары оқу орындарында өз дәрежесінде іске асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастыру» деп алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оны жүзеге асырудың әдістемелік жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің теориялық және әдістемелік дайындығы кәзіргі заман талаптарына сәйкес біртұтас тұлғалық бағыттау негізінде жүзеге асырылса онда студенттердің шығармашылығын қалыптастыру нәтижелігі арта түсер еді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи еңбектерді талдау негізінде «шығармашылық», «педагогикалық шығармашылық» ұғымдарының мәні мен мазмұнын айқындау;
2. Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың педагогикалық мәнін ашу.
3. Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың әдістемелік жолдарын анықтау;
4. Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің белсенділік, шығармашылық, дербестік әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған өздігінен орындайтын жұмыстарының педагогикалық жүйесі мен бағыттарын анықтау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999; 2007), Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы», заңдар, қаулылар, т. б. ), типтік бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар, тұжырымдамалар, ресми материалдар мен құжаттар,
зерттеу мәселесі бойынша философ, психолог, педагог ғалымдардың еңбектері, негізге алынды.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, теориялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; зерттеу мәселесі бойынша жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың іс-тәжірибесін зерделеу, талдау, қорыту; оқу әдістемелік құжаттарды (оқу бағдарламаларын, оқу және әдістемелік құралдарды) талдау; студенттерге сауалнама жүргізу, әнгімелесу, аудиториядан тыс шығармашылық іс-әрекетін бақылау, зерделеу; педагогикалық тәжірибелік эксперимент жұмысын жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- Философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде «шығармашылық», «педагогикалық пәндерді оқыту үдерісі», «педагогикалық шығармашылық» ұғымдарының мазмұны ғылыми тұрғыдан зерделенді, нақтыланды;
- педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың әдістемелік жолдары анықталды;
- студенттің шығармашылығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары нақтыланды;
- студенттердің шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру бағыттары анықталды.
Зерттеудің практикалық мәні:
- педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың мазмұны айқындалады;
- студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың ерекшелігі қарастырылды;
- студенттердің шығармашылығын қалыптастыруда тәжірибелік эксперимент жұмысының нәтижесі анықталады;
- зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы оқытушылар өз іс-тәжірибесінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар :
- «педагогикалық пәндер», «шығармашылық», «педагогикалық шығармашылық» ұғымдарының педагогикалық мәні;
- педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың әдістемелік жолдары;
- студенттердің шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру бағыттары.
Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы: Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын жан-жақты талдауды негізге алынуымен, мәселені талдауға сәйкес келетін әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, бағдарламаның педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, педагогикалық экспериментке қатыстырылған студенттер санының жеткіліктілігімен қамтамасыз етілді.
Магистрлік дессертацияның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Кіріспе де зерттеу көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы, практикалық мәні және тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалады.
«Оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастыру» тақырыбындағы бірінші бөлімде студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері айқындалады, студенттердің шығармашылығының мәні мен мазмұны, студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың ерекшеліктері қарастырылды.
«Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың әдістемесі» атты екінші бөлімде студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың әдістемелік жолдары, студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың эксперименттік нәтижелерінің барысы мазмұндалып нәтижесі баяндалды.
Қорытынды да зерттеу болжамын дәлелдейтін нәтижелер, ғылыми-педагогикалық ұсыныстар берілді және қарастырылып отырған проблеманың келешекте зерделенетін бағыттары сипатталды.
Қосымшаларда - студенттерге арналған тапсырмалар мен тест материалдары берілді.
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың педагогикалық-псхологиялық сипаты
Егемен еліміздің қазіргі жаңару кезеңінде, қоғамымыздың ілгерілеу үдерісінде адам факторының алатын орны ерекше. Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымы деңгейіне байланысты болғандықтан, Республика халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі мақсат ретінде көрініс табады.
Студенттердің ақыл-ойын барынша дамыту, дүниежүзілік ғылым мен техниканы, өндірістік технологияны меңгеру үшін білім беру жүйесін неғұрлым тиімді, ғылыми негізде құру білім беру ісіндегі негізгі міндет.
Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылық пен таным субъектісі, кұдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген кұлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде бедерленеді", - делінген. Бұл айтылғандар оқу-тәрбие үрдісінде студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыруды алға тартады [] .
Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер көптеп саналады. Солардың қатарына студенттердің шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды, оқытудың озық технологияларын пайдалануды жатқызуға болады. Өзгерістерді жүзеге асыруда белгіленген құжаттардың мазмұнындағы негізгі бағыттар мен мақсат, міндеттер басшылыққа алынуда.
Аталған мәселелердің мәні Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында, "Білім" мемлекеттік бағдарламасында мазмұндалғандай, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағыт алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.
Ол білім саласында әр адамға білім беруге көшуді негіздейді. Ол жөнінде аталған заңның білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі ретінде: " . . . жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту" - деп нақтылаған [] .
Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы болып табылады. Әр ұрпақ әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Шығармашылықтың саласы көп (музыкалық, көркем, техникалық, т. с. с), әрі сала бойынша іс-әрекет нышандары әркімде болатынын, бірақ оны дамыту керектігін еліміздің психологтары XX ғасырдың бас кезінде зерттеулер барысында негіздеді.
Жалпы шығармашылық жөніндегі түсініктер және олардың іс-әрекет тұрғысынан ерекшеліктерін түсіну көпшілікке қиындық тудырады. Ол жөнінде М. А. Сутеева шығармашылық үрдісті " . . . күрделі, әр адамның өзіне ғана тән құпиялығы, тіпті кейде шығармашыл адамның өзі де айтып түсіндіре алмайтындай сана елегінен өткізу мүмкіңдігінің болмауынан, оның не екенін дөп басып айтудың қиындығы, критериялардың жеткіліксіздігі байқалады" - деп, сипаттауынан оны түсінудің қиындығын көрсетеді.
Сондай-ақ зерттеушінің "Бұның тағы бір дәйекті себебі шығармашылықтың түйсіну (интуиция), қиялдану сияқты өте күрделі психикалық үдерістермен тығыз байланыста болуы"- деп көрсетуі шығармашылық іс-әрекетке баулудың психологиялық аспектілеріне тереңірек үңілу керектігін айқындайды [] .
Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық денгейіндегі ойшылдардың назарында болғандығы белгілі. И. Кант теориясын жалғастырушы Ф. В. Шеллинг шығармашылықты жоғары адамзат өмір әрекетінің формасы деп атаған. Орыстың ұлы жазушысы М. Горький: «Не істесең де оны жақсы көру керек, сонда ғана еңбек шығармашылыққа дейін өседі», -деген. Сонымен бірге атақты авиаконструктор А. С. Яковлев айтқандай: «Егер өз ісін жақсы көрсе, онда ол үнемі шығармашылық бастамаға жол ашады, өзіндік қабілетін көрсетуге, шебер болуға ұмтылады. Ол осыған талпынса, онда оған сәттілік қамтамасыз етілген. Кез келген ортада тұлға әрекет ете бастағанда, оның қабілеттері көрінеді», -деп өз ойын білдіреді. Осыдан барып шығармашылықтың негізгі заңдылығы - туыла біткен еңбек екені көрінеді [] .
Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікіріне, тұжырымдарына орай шығармашылық іс-әрекетке қатысты бір қатар ұғымдарды айқындау қажеттігі туындайды. Олар - "еңбек", "шығармашылық емес еңбек", "шығармашылық еңбек", "шығармашылық мақсат ету (установка) ", "септүрткі (мотив) ", "ынталандыру (стимул) ".
Адамның еңбек сферасы саласыңдағы іс-әрекетінің түріне байланысты шығармашылық және шығармашылық емес деп ажыратады. Ғалымдар арасында кейбіреулері шығармашылыққа ертеректе белгісіз болған техникалық және технологиялық мәселелерде туындайтын және шешетін еңбекті айтады. Кейбіреулері шығармашылық еңбек ұғымының мәнін тарылтады, оны тек ақыл-ой еңбегіне қатысты деп қарастырады, ал дене (физикалық) еңбегінің шығармашылық мазмұнының болуының объективті мүмкіндігін қарастырмайды.
Шын мәнінде шығармашылық еңбек негізінің өзінде жатады. Сонымен қатар шығармашылық элементтері адамның еңбек іс-әрекетінің әртүрлілігі де түрлі дәрежеде болады. Еңбектің шығармашылық сипаты және еңбекке шығармашылық қатынас ұғымдары теңгестірілмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz