ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры. Ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде маңызды рөл атқарады. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі, сондықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауында Қазақстан дамуының жаңа кезеңі - бұл экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттерін шешу болып табылады деп көрсетілді. Ел Президенті 2015 жылға қарай жоғары табысты елдер қатарына ену міндетінен бастау алатын алдағы кезеңдегі мемлекет дамуының басты басымдықтарын айқындап берді. Сол басымдықтардың бірі елімізде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады [1] .

Қазақстанның Болон үрдісіне енуіне сәйкес, әлемдік білім кеңістігіне бағыт алуда мемлекетіміздің Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға арналған тұжырымдамасын қабылдады [4] . Білім беруді дамыту тұжырымдамасында білімге тән біліктілікті өзара тану жөніндегі Лиссабон конвенциясының, жаңа қоғамның даму сатысына лайық мамандар даярлау үрдісін айқындаған Болон декларациясының негізгі ұстанымдары мен білім берудің халықаралық стандарттық жіктелуіне сәйкес бірқатар өзгерістердің көрініс табуы да содан.

Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті - бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді. Сол талаптардың маңыздыларының бірі педагогикалық үдерісінде инновациялық іс-әрекет жүргізу қажеттілігі. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілердің, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.

Қоғамның жедел жаңаруы үшін білім саласының, әсіресе қоғам үшін болашақ мамандарды даярлайтын жоғары кәсіби білім беру жүйесі жедел жаңаруы керек. Бұл мәселеге келгенде, Қазақстанның жоғары білім жүйесі сәтті реформаны жүзеге асырып үлгерді. Бүгінгі білім саласына енгізілген үш сатылы білім беру, кредиттік жүйе, білім саласына мемлекет қана емес, жалпы қоғамның араласуы - инновациялық реформалардың бастапқы жемісі. Бүгінгі таңда әлемдік бәсекеге қабілетті кәсіби даярлығы жоғары, өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын, шығармашыл, ізденімпаз, инновациялық даярлығы қалыптасқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын маман даярлау басымдықтар биігіне көтерілді. Жаһандану жағдайында білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы», «педагогикалық технологиялар», «инновациялық технологиялар» деп алатын жаңа ұғымдардың пайда болуына ықпал етті.

Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады. Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы. Бұл маңызды мәселе әсіресе жоғары мектеп, оның ішінде болашақ педагогтарды даярлау үшін құнды. Аталмыш мәселе көптеген ғылыми зерттеулерге негіз болған.

Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н. В. Горбунова, М. В. Кларин, А. В. Лоренсов, М. М. Поташник, П. И. Пидкасистый, Л. И. Романова, В. И. Загвязинский, А. Я. Найн, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. зерттеулерінде қарастырылған.

Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып (Н. И. Лапин), жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.

Инновациялық білім берудің мазмұнын жетілдіру, оны инновациялау мәселелерін Ю. К. Бабанский, В. С. Библер, Ю. С. Гершунский, В. П. Кваша, В. С. Лазарев, В. Я. Ляудис, А. В. Лоренсов, В. М. Полонский, С. Д. Поляков, М. М. Поташник, А. И. Пригожин және т. б. қарастырған.

Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог-ғалымдар зерттеген.

Педагогтардың кәсіби сапасын арттыру, олардың педагогикалық білігін қалыптастыру О. А. Абдуллина, С. И. Архангельский, Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, Г. А. Уманов, Н. Д. Хмель зерттеулерінде; мұғалімнің инновациялық және психологиялық-педагогикалық даярлығын жетілдіру М. И. Дьяченко, Г. Қ. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова еңбектерінде, мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру А. Е. Әбілқасымова, Б. Б. Баймұханов, Е. Ы. Бидайбеков, К. К. Закирьянов, М. Ә. Құдайқұлов, Қ. Қ. Қабдықайыров, Е. Ө. Медеуов, Д. Рахымбек, С. Е. Шәкілікова, Б. А. Әлмұханбетов еңбектерінде зерттелген.

Тақырып бойынша зерттелген ғылыми еңбектерде инновациялық технологияны орта кәсіби және орта мектеп жүйесінде қолдану жан-жақты қарастырылып, жоғары мектеп жүйесіндегі маңызды орны, әсіресе инновациялық технологияларды педагогикалық пәндерді оқыту барысында қолдану қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің жеткіліксіз зерттелуінде. Осы қарама-қайшылық біздің диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын « Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану» деп белгілеуімізге негіз болды.

Зерттеудің мақсаты - жоғары мектептегі педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалануды ғылыми-теориялық негіздеу және оларды практикада қолдану.

Зерттеу объектісі: жоо-ғы педагогикалық пәндерді оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологиялы қолдану

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту барысында инновациялық технологияны қолданудың әдістемелік жүйесі әзірленсе, ол жүйе болашақ педагог мамандарды даярлауда оқу үдерісіне енгізілсе, онда белгілі, бірізді жүйеге қарама-қайшы, жеке шығармашыл, ізденімпаздықпен жұмыс істей алатын білім алушының тұлғасын қалыптастыруға болады.

Зерттеудің міндеттері:

- педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу;

- инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту сапасын арттыру;

  • педагогикалық сабақтарда инновациялық технологияларды пайдаланудың әдістемесін анықтау, оның тиімділігін практикалық тұрғыда тексеру.

Зерттеудің әдістері:

Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге, жоғары орындарында жүргізілетін педагогикалық пәндер мазмұнына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу.

Зерттеудің жетекші идеясы: Кез келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы жаңашылдандыру деңгейіне келіп тіреледі. ЖОО-дағы педагогикалық пәндерде инновациялық технологияларды тиімді қолдану өзгермелі қоғам жағдайында педагогикалық міндеттердің қайнар көзі.

Зерттеудің әдіснамалық - теориялық негіздері: инновациялық технологиялар ұғымдарына байланысты философтардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері мен ой-пікірлері, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы және кәсіби білім берудің теориясы.

Зерттеудің көздері:

  • педагогика ғылымының инновация жайлы идеялары, қағидалары;
  • зерттеліп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, деректер, мерзімдік басылым материалдары.

Зерттеудің базасы:

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика және психология мамандығы.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • педагогикалық пәндерде инновациялық технологияларды тиімді қолданудың теориялық негіздері айқындалды;
  • жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану әдістемесі жасалды.
  • ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесі тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, дәлелденді.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі:

  • педагогикалық пәндерде инновациялық технологияларды тиімді қолданудың ғылыми-педагогикалық үлгісі жасалды.
  • «Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды

қолдану» арнайы курс курс бағдарламалары жоғары оқу орындарының тәжірибесіне ендірілді.

  • педагогикалық пәндерде инновациялық технологияларды тиімді қолдану әдістемесін жоғары оқу орындарда оқу-тәрбие процесіне ендіру мүмкіндіктері бар;
  • зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында, педагогика пәндерін оқытуда, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, негізгі көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, зерттеу базалары, қорғауға ұсынылған қағидалар, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері берілді.

«Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың ғылыми - теориялық негіздері» атты бірінші тарауда педагогикалық сабақтарда инновациялық технологияларды толыққанды пайдалану мүмкіндіктері, педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері және инновациялық технологиялардың жіктемесі айқындалды.

«Жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану әдістемесі» атты екінші тарауда инновациялық технологиялардың педагогикалық жүйесі жасалып, оның тиімділігін айқындау мақсатында арнайы курс бағдарламасы ұсынылды, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының әрбір кезеңдеріндегі нәтижелері мазмұндалды, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді және қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.


ХХІ ғасыр - әлемдегі өзгерістерге негізделген білімнің дәуірлеу ғасыры, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін анықтауда негізгі көрсеткіш болып табылады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты әсіресе соңғы кезде педагогика саласына түбегейлі өзгертулер, жаңалықтар енгізілуде. Біздің басты игіліктеріміздің ішінде халқымыздың немесе басқаша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады.

Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.

Жаңашылдық - білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Ол оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.

Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады.

Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.

Инновация ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында «инновация» - жаңалық, жаңару - техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы» деген анықтама беріледі. Ал, сөздікте ««новация» - бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі» делінсе, «инновация» - мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық» ретінде пайымдалады [5. 23] .

«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі - олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.

Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани, құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе; ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген және спонтандық, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.

Заманауи педагогтар Г. М. Кусаинов, М. М. Жанпейсова, Т. С. Садықов, А. А. Саипов, М. И. Махмутов, Б. А. Тұрғынбаева, Е. Ө. Медеуов, Т. Сабыров, А. А. Жолдасбеков, Ж. К. Оңалбек және т. б. маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған.

Болашақ жоғары кәсіби мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары А. В. Усова, И. Л. Беленок, Б. К. Момынбаев, М. А. Құдайқұлов, Ш. Т. Таубаева, А. Е. Әбілқасымова, А. Б. Абибуллаева, О. С. Сыздықов, А. Г. Қазмағамбетов, Б. Т. Кенжебеков, С. М. Кеңесбаев, Қ. Ералин, Б. Тойлыбаев, К. М. Беркімбаев, А. З. Тұрсынбаев және т. б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талданған.

Б. К. Момынбаевтың, Л. К. Керімовтің, С. Ж. Пірәлиевтің, М. Н. Сарыбековтың, С. С. Хасеновтың, Н. Асановтың, Қ. Б. Бөлеевтің, Ж. А. Шоқыбаевтың, Е. Омардың, Н. К. Ахметовтың, К. М. Беркімбаевтың және т. б. ғалымдардың еңбектерінде жоғары мектепте білім беруді ұйымдастыру мен жетілдірудегі қазіргі заманғы жолдары, әдістері жан-жақты қарастырылған.

Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Ш. Т. Таубаева, С. С. Хасенов, Е. Ш. Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н. А. Әбішев, К. Д. Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Б. К. Момынбаев, К. Ө. Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ. Ж. Аганина, А. М. Мүсілімов, Г. Т. Хайруллин және т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Инновациялық үдерістерді қолданудағы педагогикалық менеджмент, яғни жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелері К. Ангеловский, М. В. Кларин, В. Я. Ляудис, М. М. Поташник, С. Д. Поляков, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова, В. И. Загвязинский, П. И. Пидкасистый, Н. И. Лапин, А. И. Пригожин, Ю. Н. Кулюткин, А. К. Маркова, Н. Д. Никандров, Я. А. Пономарев, В. А. Сластенин, Л. С. Подымова, Л. Н. Фридман және т. б. еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш. Т. Таубаева, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог ғалымдар зерттеген.

Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық инновацияға, оның ішінде инновациялық білім беру үдерістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады.

Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.

Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі. Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды. Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі. Жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады. Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады. Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады: Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді. Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады. Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.

Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар
Физика сабағын оқыту барысында кейс технологиясын пайдалану
Математиканы оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ИНТЕЛЛЕКТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары
ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Білім беруді цифрландыру
Кәсіптік оқыту саласындағы педагогикалық технологиялар
Құзыреттілік теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz