ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ИНТЕЛЛЕКТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ИНТЕЛЛЕКТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН
АРТЫРУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жоғары педагогикалық оқу орнында маман
даярлаудың басты мақсаты – болашақ педагогтың бойына күрделі практикалық
педагогикалық міндеттерді шеше алатын кәсіби біліктілікті қалыптастыру ғана
емес, сондай-ақ қазіргі кезеңде әлемдік бәсекеге қабілетті жан-жақты
даярланған, шығармашыл тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім
беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мәселе – жаңа идеялар,
озық технологиялар негізінде шығармашылық тұрғыда әлеуеті жоғары жас ұрпақ
тұлғасын қалыптастыру.
ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры,
өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру
сапасы мен деңгейін көрсетуде айрықша маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаңа кезеңнің
негізгі міндеттерінің бірі ...осы заманғы білім беру, парасатты
экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану
мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық
экономиканы дамыту деп атап көрсетілген, сондықтан да еліміздегі
әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне
қойылған жаңа талаптарға сай студенттердің белсенділік пен дербестік
қабілеттерінің жетілуіне әсер ететін жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану, оның әлемдік білім кеңістігіне енуіне жол ашуда.
Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында
халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуір, сондықтан,
білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық,
әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда
адамзат ақпарат саласының қарқынды өсу кезеңінде дамуда. Білім беру
жүйесінің алдында тұрған мақсат – жас ұрпақтың бойында бәсекеге
қабілеттілік, өмір тәжірбиесі арқылы жиналған білім негізінде өзін өзі
дамыту, оны шығармашылық күйде қолдана білу білігін қалыптастыру, дамыту
болып табылады. Қазір қоғамдық даму жаһандану процесіне бет бұрғанда
тұлғаның интеллектік дамуына қойылатын талаптар жаңа сипатқа ие болуда.
Тұлғаның бойында терең білім, ақыл-ой өрісінен басқа әлемдік бәсекелестікке
жауап беретін деңгейдегі интеллектік қабілеттердің болуы тиіс.
Интеллектік қабілетті дамыту қажетттігі мәселесі Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылы 30 қаңтардағы
Болашақ бағдарламасының студенттерімен кездесуінде көтерілген болатын.
Президент онда алғаш рет Интеллектуалды ұлт – 2020 атты ұлттық жобасын
баяндады. Бұл жобаның басты мақсаты жаңа формация қазақстандықтарын
тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті елге айналдыру болды.
Сонымен қатар бұл жобада үш басты мәселе қарастырылды, олар: білім
жүйесінің инновациялық дамуы, ақпараттық революция және жастардың ішкі жан
дүниесін тәрбиелеу. Бұл кездесуде Елбасы былай деді: Бізге XXI ғасырда
қалай жұмыс істеу керек екендігін білетін адамдар қажет. Ішкі және әлемдік
процестерді жақсы меңгерген мамандар қажет. Елдің мүддесін бәрінен жоғары
қоятын нағыз патриоттар қажет. Халықаралық деңгейде бәсекелесетін, өмірге
белсенді көзқарас пен жоғары білікті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін
алдын-ала болжап, студенттердің қызығушылықтары мен ізденімпаздығы
негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана сүзгісінен терең
зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға
ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.
Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-
психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды
қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог-ғалымдар білім беру саласында
жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім
берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік
құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде. Әсіресе білім беру
саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа
құбылыстармен әрекеттесу және жоғары оқу орындарда білімді ізгілендірудің
сапалы кезеңінде студенттердің шығармашылық қызығушылығын, интеллектік
белсенділігін арттыру мәселесі өзектілер қатарынан орын алды.

Интеллектінің категориялық талдау мәселесін белгілі психологтар Б. Г.
Ананьев, Д. Б. Богоявленская, Л. М. Веккер, Б. М. Величковский, Л. С.
Выготский, В. В. Давыдов, 3. И. Калмыкова, A. М. Матюшкин, Н. А.
Менчинская, Ж. Пиаже, С. Л. Рубинштейн, О. К. Тихомиров, Д. Б. Эльконин
т.б. зерттеген.

Біздің зерттеулерімізге интеллект ұғымы, оның жіктемесі, өлшеу
тәсілдері, факторлық және иерархиялық модельдері жайлы Г.Айзенктің, А.
Маслоудың, Р.Кеттелдің, Биненің, Дж. Векслердің, Д. Вернонның,
Дж.Гилфордтың, Л. Терстоунның, Торранстың, К. Спирменнің, М. Н.
Берулаваның, В. Н. Маровтың, М. А. Холоднаяның, И. С. Якиманскаяның
еңбектері негіз болды.
Қазақстандық психология ғылымда интеллектіні (ақыл-ойды) тарихи
этнопсихологиялық аспектіде зерттеу белгілі ғалым М.М. Мұқановтың
зерттеулерінен бастау алады. Қазақстандық ғалымдар С. Нұрғалиевтің,
С.М. Жақыповтың, А.М. Кимнің, В.К. Шабельниковтың еңбектерінде тұлға
құрылымындағы этностық ерекшеліктер зерттелді.
Сонымен қатар, творчестволық іс-әрекеттің этнопсихологиялық
ерекшеліктерін интеллектпен арақатысты зерттеген С.Қ. Бердібаеваның,
интеллект және өзіндік бағалаудың өзара байланысын зерттеген А.
Ж.Аяғанованың екбектерін айтуға болады.
Бүгінгі таңда республикамызда жастардың интеллекттік әрекеттерін
белсендіру, мәселелі оқыту, оны ұйымдастыру, әдіс-тәсілдерін жетілдіру
жайында зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. ( И. Нұғыманов, Ж. Қараев,
Р.Әлімқұлов, Ш. Таубаева, Г. Нұрғалиева, А. Әбілқасымова, Т. Сабырова, Г.
Ибрагимова, А. Тамаев, А. Дайрабаева, т.б.).
Білім беру жүйесінде, соның ішінде педагогикалық пәндерді оқытуда
студенттердің интеллектік белсенділігін арттыруға қатысты іргелі және
қолданбалы зерттеулердің болғандығына және бұл мәселенің маңыздылығына
қарамастан, студенттердің интеллектілік белсенділігін арттыру әлі де
шешілмеген мәселе екендігі анық. Әсіресе қазіргі білім беру жүйесінде болып
жатқан өзгерістер мен жаңашылдыққа бетбұрыс аталмыш мәселенің
көкейкестілігін айқындай түседі. Оған төменде көрсетілген шешімін табуды
көздейтін мәселелер дәлел: оқу процесінде бұл мәселені қазіргі талап,
қоғамдық сұраныс тұрғысынан шешудің ғылыми – теориялық негізі жүйеленбеуі;
білімді меңгеруде студенттердің интеллектік белсенділігін арттыруға
бағытталған арнайы дайындықтың ұйымдастырылмауы; бұл бағыттағы оқу-тәрбие
процесінің мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы; оқытушылардың бұл
мәселеде біліктілігінің толымсыздығы, университет бітіруші жас мамандардың
кәсібилік деңгейінің төмен көрсеткіштері, тұлғаға бағытталған білім
берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы т.б.
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен философиялық, психологиялық-
педагогикалық еңбектерді және жоғарғы оқу орнында оқу-тәрбие тәжірибесін
талдау барысында педагогикалық пәндерді оқытуда студенттердің интеллектік
белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық негізделуінің жеткіліксіздігі
арасындағы; студенттердің шығармашылық мүмкіндіктері мен оны дамытудың
жүйелі ұйымдастырылмауы арасындағы; педагогикалық пәндерді оқытуда
студенттердің интеллектік белсенділігін арттырудағы талаптары мен бұл
мәселені іске асыруда оған негіз болатын жаңаша оқу мазмұнын меңгертудің
технологияларының қажеттілігі арасындағы қайшылықтар зерттеу проблемасын
анықтап, тақырыпты: Педагогикалық пәндерді оқытуда студенттердің
интеллектік белсенділігін арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері деп
таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты – жоғарғы оқу орнында педагогикалық пәндерді
оқытуда студенттердің интеллектік белсенділігін арттырудың теориялық
тұрғыда негіздеп, ғылыми-әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны – жоғарғы оқу орнындағы педагогикалық пәндерді оқыту
процесі.
Зерттеу пәні – жоғарғы оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда
студенттердің интеллектік белсенділігін арттыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, педагогикалық пәндерді оқытуда
студенттердің интеллектік белсенділігін көтеру, шығармашылық қызығушылығын
қалыптастыру, құндылық бағдары ретінде мәні мен мазмұны ашылса және
теориялық, әдіснамалық негіздері айқындалса; студенттердің дербес
шығармашылық мүмкіндіктері жүйелі түрде танымдық қызығушылығына сай
ұйымдастырылса; бүгінгі қоғам талаптарына сай өзекті мәселені шешудің
нәтижелілігі артып, білім беру саласындағы жаңашылдық бағдар іске асып,
инновациялық процесс қамтамасыз етіледі.
Зерттеу міндеттері:
1. Жоғарғы оқу орнында педагогикалық пәндерді оқыту барысында
студенттердің интеллектік белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық
негіздерін айқындау.
2.Студенттердің интеллектік белсенділігін арттырудың мәні мен мазмұнын
анықтап, интеллек, интеллектік белсенділік, шығармашылық қызығушылық,
креативтілік, инновациялық интерактивті әдістер ұғымдарына анықтама
беру, жүйелеу.
3. Студенттердің интеллектік белсенділігін арттыруда жаңа оқыту
технологияларының мүмкіндіктерін көрсетіп, оны оңтайлы пайдаланудың
мазмұндық сипатын көрсету.
4. Педагогикалық пәндерді оқытуда студенттердің интеллектік
белсенділігін арттыруға бағытталған әдістеме жасап, оның тиімділігін
педагогикалық тәжірибе жүзінде тексеру және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар
жасау.
Зерттеу әдістері: зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде
философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау
жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, жоғарғы оқу орнында озат
тәжірибелерін зерделеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасау, тестілеу,
әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау, нәтижелерді жүйелеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
1.Педагогикалық пәндерді оқу барысында студенттердің интеллектік
белсенділігін арттырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтайтын бағдар
ретіндегі мәні ашып көрсетілді.
2. Қазіргі кезеңде білім беруді дамытуда интеллект, шығармашылық
қызығушылық, креативтілік, инновациялық креативті білім беру,
ұғымдарының мәні анықталып, оларға ғылыми анықтама берілді.
3. Студенттердің интеллектік белсенділігін қалыптастыруды қамтамасыз
ететін ғылыми-әдістемелік кешен әзірленіп, тәжірибелік-эксперимент
жағдайында тиімділігі дәйектелді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Зерттеу нәтижелері кәсіби педагог мамандар даярлау үдерісінде, ғылыми-
практикалық орталықтарда, жоғары оқу орындарында, колледждер мен
мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары қызметінде пайдалануға болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
Интеллектті категория ретінде түсіндіретін философиялық теориялар,
диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы мен әрекет теориясы, жеке
тұлғаны дамытудағы шығармашылық-әрекеттік, жеке тұлғалық қатынас туралы
философиялық қағидалар, дидактикалық тұжырымдамалар, жеке тұлғаны дамытудың
тұлғалық-бағдарлық теориясы, студенттердің белсенді оқу әрекетін
ұйымдастыру теориясы.
Зерттеу базасы: Қорқыт ата атындағы ҚМУ. Экспериментке 60 студент
қатысты, оның 30 эксперимент тобында, 30 - бақылау тобында болды.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Студенттердің интеллектік белсенділігін қалыптастырудың өлшемдері,
көрсеткіштері, деңгейлері теориялық модельдің негізгі сипаттамасымен
айқындалады. Бүгінгі таңда педагогикалық пәндерді оқытуда оқыту
технологиялары мен әдістерінің жаңашылдық сипатына байланысты студенттердің
интеллектілік белсенділігін дамыту теориялық-әдіснамалық тұрғыдан
қарастырылып, жүйеленген сипаттамасы – оның дидактикалық негізін құрайды.
Студенттердің интеллектілік белсенділігін дамыту деңгейлері, олардың
оқу-танымдық іс-әрекетке қойылатын дидактикалық талаптар жиынтығын жүзеге
асырудың педагогикалық мүмкіндіктері арқылы анықталады.
Студенттердің интеллектілік белсенділігін дамыту нәтижелілігі
инновациялық технологияларды пайдалануды ұйымдастыру, студенттердің ақыл-ой
қабелетін арттыру, шығармашылық қызығушылығы мен әлеуетін арттыру арқылы
нақтыланады. Студенттердің интеллектілік белсенділігін дамыту теориялық-
әдіснамалық негізде анықталған ғылыми-әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асады.

Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі: зерттеу тақырыбына
сай теориялық қағидаларды әдіснамалық тұрғыда негіздеумен, зерттеу пәніне
сәйкес, кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, зерттеу қорытындыларының жалпы
әдіснамалық негізде дәлелденуімен, нақты бірін-бірі толықтырушы ғылыми-
эксперименттік әдістердің кешенді түрде қолдануымен, тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстардың нәтижесінде алынған мәліметтердің тиімділігі
дәлелденуімен қамтамасыз етілді.
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, 2 тараудан,
тұжырымдардан, қорытындылардан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты,
нысаны, пәні анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы,
әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі,
зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеулер
нәтижелерінің дәйектілігі баяндалады.
Педагогикалық пәндерді оқытуда студенттердің интеллектік белсенділігін
арттырудың теориялық негіздері атты бірінші бөлімде интеллект,
интеллектік белсенділік ұғымдарының мәні және мазмұны көрсетіледі.
Педагогикалық пәндерді оқытуда студенттердің интеллектік белсенділігін
арттыру әдістемесі атты екінші тарауда студенттердің интеллектік
белсенділігін артыруда педагогикалық технологиялардың мәні мен оларды
оңтайлы пайдалану әдістемесі көрсетіліп, педагогикалық тәжірибелер арқылы
тексерілуіндегі нәтижелері сараланады.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен
тұжырымдары мазмұндалады. Ғылыми әдістемелік ұсыныстар беріледі және әлі де
зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелердің маңызды бағыттары көрсетіледі

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің
тетіктерін жақсы түсіне алады. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады.
Білімді меңгеру – ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Оқыту ақыл-ой
тәрбиесінде жетекші болып саналады, өйткені интеллектік және белсенді
танымдық қызмет үшін керекті ақыл-ойдың бірде-бір бағалы қасиеті жүйе
келтірілген білімдердің қорынсыз дами алмайды.
Интеллект (латын тілінен аударғанда - intelleсtus) кең мағынада
индивидттің барлық таным функцияларының жиынтығы: түрткі мен қабылдаудан
ойлау мен қиялға дейін; қысқа мағынада – бұл ойлау. Интеллект таным іс-
әрекеттерінің негізгі формасы болып табылады.
Психология тарихында интеллект түсінігінен интеллектуализмнің бүкіл
бағыттылығы сәйкестендіріледі. Оның көшбасшысына И. Гербарт (1976-1841)
жатқызылады. Ол интеллект психиканың негізгі функциясы деп таниды.
Интеллект болмысқа қатысты идеалды – заттық қатынастардың негізгі
тәсілінде жүзеге асырылады және ойлаудың, іс-әрекеттің практикалық көптеген
формаларын жасау мен түсіну мүмкіндіктерін анықтайтын ақыл-ой
қабілеттерінің жиынтығы болып табылады.
Егер интеллектінің дара ерекшеліктеріне келетін болсақ, көбіне
психологиялық моделдер сондай-ақ, өзіне көрнекі болатын сол ауыспалылықты
қосады, егер оларды өлшеу үшін сәйкес келетін құралдар болса, онда ол
теориялар факторлы деп аталады. Олардың ең біріншісі 1927 жылы екі факторға
бөлген Ч. Спирмен болды . Спирмен әрбір интеллектуалды іс-әрекетте жалпы
фактор g (general) және өзгешеліктің көптігі s (specific), сондай-ақ,
тек берілген іс-әрекеттің түріне тән мазмұндалады деп белгілейді. Фактор g
жеке тесттердің арасындағы жоғары корреляцияларда пайда болады және осы
үлгімен адамды тұрақты сипаттарымен бейнелейді (егер оқушы математика және
тарих пәні бойынша үлгерімі жақсы болса, онда бұл жалпы интеллектке
фактордың әсерінен шақырылады).
Интеллект ұғымы адам ақыл ойының ойлау қабілетінің ерекшелігін,
қасиеттерін, сапасын бейнелейді. Іс жүзінде шығармашылық пен қолдану
оқиларға талдау жасап олардың келешегін болжай білу- адам ойының осындай
қасиеттерінің біртұтас ерекше көрінісі оның интеллектісін анықтайды.
Интеллект ойлау процесінде әсіресе тың мәселелерді шешу кезінде байқалады.
Адам интеллектісінің басты сапаларына алғырлық, байқағыштық, логикалық
дәйектілік ойдың тереңдігі мен кеңдігі бейімділігі мен белсенділігі жатады.
Интеллект танымның негізгі формасы болып табылады. Интеллект термині
адамның психологиялық іс-әрекетін зертеуде көп қолданады. Бұл жағдайда
абстракты символдарды дұрыстығының тексеруде маңызды рөл атқарады. Жаңа
жағдайларға қалай бейімделуді бұрынғы пайдаланған тәжірбиені осылай
пайдаланып интеллект арқылы жол табуға болады. Жағдайды үйренуге деген
қабілет туындайды. Интеллектінің бастауы қалай болатынын ұмытуға болмайды.
Адам үшін интеллектінің маңызы қоршаған орта мен заттарды танып білу де
ғана емес, оларды ары қарай шығармашылық түрде дамытуда.
Интеллекттік белсенділікті түсіндіретін көптеген зерттеулер бар. Оның
негізін ерте философиялық ой-пікірлерді ұсынушылардың еңбектерінен табуға
болады. Осы орайда, біз белгілі ойшыл әл-Фарабидің көзқарасынан бастау
алатын интеллект туралы ой пікірлерді талдаймыз. Белгілі ойшыл интеллект
ұғымын адам, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданған. Әрине, сол
кездегі интеллект туралы әл –Фарабидің пікірі қазіргі таңдағы зерттеулерден
әлдеқайда алыста. Дегенмен, әл-Фараби интеллект табиғатында адамның
парасаттылығы туралы оймен тұжырымдағандығы тұлға іс-әрекетіндегі рөлін
ашып көрсеткенін байқауға болады.
Интеллект түсінігінің тұлға құрылымындағы маңыздылығы туралы ой
тұжырымдар белгілі ойшыл, еңбектері психологияның материалистік еңбектеріне
негіз болған Аристотель көзқарастарында да кездеседі. Аристотель
интеллектіні өзіне қалай және қайтіп келіп қалғанын білмесе де, аналогия
жасау немесе ой толғау арқылы емес, туа біткен, жаратылыстан біткен қасиеті
арқылы әмбебап, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін
адамға жағдай жасайтын жан қабілеті ретінде түсіндіреді.
Әлеуетті интеллект - жан қабілеттерінің бірі немесе материядан дүниеде
бар заттардың болмысы мен формасын абстракциялай алатын немесе соған даяр
әлде бірдеңе деп есептейді. Интеллект болмысында бар нәрселер арқылы
формалардың жүзеге асқандығын түсіндіреді: дүниеде бар нәрселердің
формасына әлі ие болмай тұрған кезде, ол әлеуетті интеллект болып табылады,
ал формалар жүзеге асты дегенше ол өзекті интеллектіге айналады.
Өзекті интеллект - интеллектінің формалары болып табылатын
интеллекцияның пайымдалған объектіге бағдарланып, бұған дейін өзекті
саналып келген интеллект бара-бара дарыған интеллектіге айналады.
Әрекетшіл интеллект дегеніміз - ешуақытта да материяда болмаған және
онымен мүлдем байланысы жоқ абстракцияланған форма. Бұл интеллект қайсыбір
жағынан қарағанда өзекті интеллект болып табылады және жүре келе дарыған
интеллектіге өте жақын болып келеді. Ойшыл өз ой-пікірлерінде интеллектінің
табиғатын және оның түрлерін атап көрсетуде құнды мәселелерді алға тартады.
Философ-ойшыл интеллект ұғымын оның түрлерін ажырата отырып түсіндіруге
тырысты. Және де әрбір түрі әрекет еткен сайын екінші түрге өтіп
отыратындығын дәлелдеуге тырысты. Оның еңбектерінен интеллектінің қоршаған
шындыққа қатысты туындауы мәселесі сөз болады. Осы орайда, Аристотельдің
көзқарасы бойынша ақиқат дүниенің интеллект дамуындағы рөлі болып табылады.

Р.Дж. Стернберг, Б. Форсайт, Д.Б. Богоявленская еңбектерінде
интеллекттік белсенділікті функциялық ықпалмен түсіндіреді. Дегенмен,
интеллектік механизмдердің жұмыс жасауында немесе ойлау типтерін суреттеуде
функциялық ықпал терминдері толық болып санлмайды. Оған теориялық
жауаптарды жүйелік-құрылымдық ықпалда іздестіру шығармашылық ойлаудың
құрылымының макроуақытты динамикасын табуға мүмкіндік береді.
Психология ғылымында интеллекттік белсенділікті түсіндіруде көптеген
зерттеулер түрліше сипаттауға тырысты. Себебі, интеллект өте күрделі
құрылым болып табылады. Олардың ішінде, Р.Б. Кеттелл еңбектерін ерекше
атауға болады. Автор тесттер жинағын және факторлық анализді қолдана
отырып, 5 дәлелді анықтады. gc - кристалданған (таза) интеллект –
сөздік қоры, әлеуметтік нормативті ескеру; gf - ағымдағы – тестер арқылы
кескіндер мен сандар қатарынан заңдылықтарды анықтау, оперативті ес көлемі,
кеңістікті операциялар; gy - визуалдылық - дивергентті тапсырмаларды
орындауда бейнелерді манипуляциялау қабілетіgm - ес - мәліметтерді
есте сақтау және қайта жаңғырту; gr - жылдамдық- интеллектік әрекеттің
жоғары жылдамдығы.
Автордың бөлген интеллект түрлерінің ішінде кристалданған интеллект-бұл
мәдени ықпалдық пайда болу нәтижесі. Мұның негізгі қызметі білім беру мен
қабілеттілікті толықтыру, жинақтау болып табылады. Осы орайда, өмірлік
тәжірибемізде жинақталған түрлі білім, білік, дағдылардан тұратын
кристалданған интеллект қалыптасады. Ғалымның атап отырған кристалданған
интеллектісі қоршаған ортаға бейімделудегі белгілі бір міндеттерді шешуде
пайда болады. Бұл тұжырым біздің зерттеулеріміздегі негізгі идеямызға
жақын келеді. Себебі, интеллекттік даму қарқындылығы әлеуметтік ортадағы
ықпалдарға тәуелді болып табылады.
Шетелдік ғалым Р.Б. Кеттелл өз зерттеулерінің негізінде қосарлану
сипатында интеллектке сипаттама бере отырып, оны тұқымқуалаушылық және
ортадан тәуелді деген тұжырым жасады. Шын мәнісінде, Кеттелл бойынша, бұл
қосарлану сыртқы сипаты ғана болып табылады. Кристалданған интеллектіні
негізінен әлеуметтік деуге болмайды. Дж. Кеттелл gc-тің де gf секілді
генетикалығы басым деп есептейді, тек біріншісі 70 % , ал екіншісі 90 %
көрсетеді.
Белгілі ғалым Ж. Пиаженің пікірінше, интеллект –бұл ассимиляция және
аккомадация процесінің бірлігін білдіретін ағзаның ортаға адаптациялануының
формасы болып табылады. Сондықтан, интеллект мәні физикалық және әлеуметтік
шындыққа икемді және бір мезгілде тұрақты адаптацияланудың жүзеге асу
мүмкіндігінде қорытылады, оның негізгі міндеті - орта мен адамның өзара
әрекеттесуін құрылымдау және ұйымдастыру.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді теориялық зерделеу мен
тәжірибелік жұмысымызда студенттердің интеллектік белсенділігін арттырудың
үш деңгейі анықталды: жоғары, орташа, төмен.
Жоғары деңгей: шығармашылық іс-әрекетте танымдық қажетсінуі
қалыптасқан, ізденімпаздықпен дербес жұмыс істеуге, жаңаны табуға
талаптанады. Жаңашылдыққа жаны құмар, білімді құндылық бағдар ретінде
тани алады, білімін қажетті жағдайда еркін және оңтайлы пайдалана біледі.
Болашақ кәсіби іс-әрекетін жоспарлап, кәсіптік бағдары анықталған,
инновациялық процестерді ынтасымен қабылдайды.
Орташа деңгей: оқу-танымдық материал мазмұнын тапсырма мақсатына
байланысты интеллектік белсенділік таныта алады, бірақ үлгіні және
тапсырманың орындау жолдарына нұсқау беруді қажетсінеді. интеллектік
белсенділіктің құндылық ықпалын түсінгенімен, тұрақты қызығушылығы
қалыптаспаған. Ұжымдық шығармашылық жұмыстарға
белсене араласқанымен, дербес жұмыстарға тәуекел етпейді. Өзін-өзі дамытуда
рефлексиялық бағыттың толымсыздығы байқалады.
Төмен деңгей – интеллектік белсенділік танытуда белгілі бір жағдайларда
ғана қызығушылық танытқанымен, оны тұрақты қажетсінбейді. Шығармашылық іс-
әрекеттің жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің дамуына әсерін талдай
алмайды. Өз сәтсіздіктері мен жетістіктерін сыртқы жағдайлардың нәтижесі
ретінде қарастырады
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың анықтаушы кезеңінің негізі
мақсаты студенттердің оқу іс-әрекетінде қаншалықты деңгейде интеллектік
белсенділік танытатынын анықтау, сөйтіп, педагогикалық пәндерді оқыту
барысында білім алушылардың интеллектік белсенділігін арттырудың жолдары,
педагогикалық мүмкіндіктерін белгілеу болды.
Педагогикалық экспериментке Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің педагогикалық мамандықтардың 60 студенті қамтылды.
Педагогикалық эксперимент барысында бақылау, әңгімелесу, пікіралысу, сұхбат
әдістері қолданылды. Сонымен қатар олардың оқу іс-әрекетіндегі шығармашылық
мүмкіндіктері талданды.
Студенттердің ақыл-ой өрісін, білімділік деңгейін, олардың интеллектік
белсенділікті дамытудағы тиімділігін анықтау мақсатымен сауалнама
жүргіздік.
Сонымен қатар анықтаушы экспериментте студенттердің жалпы қабілеті,
ойлау өрісі, білімділік деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындадық.
Оларды эксперименттік топта да бақылау тобында да жүргіздік. Тапсырмаларды
интеллектіні зерттеудегі ШТУР әдістемесі негізінде дайындадық.Кейбір
тапсырмаларға мысал келтіріп өтелік.
№1 тапсырмаға сипаттама және мысал.
1. Адамның есімі мен тегінің бас әріппен жазылуы қалай аталады?
а) вензель; б) инициал; в) автограф; г) индекс;
2. Баяндама, дәріс және кітаптың қысқаша мазмұнының жазылуы қалай аталады?
а) азат жол; б) цитата; в) рубрика;
3. Қоғамға және табиғатқа деген көзқарас жүйесі қалай аталады?
а) арман; б) баға; в) дүниетаным;
3. Демократия деген сөзге мағыналас ұғым қалай аталады?
а) анархия; б) абсолютизм; в) халықтың билеуі;
2 тапсырмаға сипаттама және мысал.
Бланкінің сол жағына жазылған сөзге ұсынылып отырған 4 варианттың бірін
таңдаңыз.
ежелгі; созылмалы;
Аңыз: Қадам:
шығармашылық; ұсыну;
мұрагерлік; аттам;
ғылым. жақындық
шындық; дәлелдеме;
Ақиқат: Талдау:
жасыру; талқылау;
итермелеу; сын;
салыстыру. икемділік.
Аграрлы: жергілікті; көшірме;
Үлгі:
шаруашылық; түр;
жер өңдеуші; құрылым;
жаңашыл кескін.

Педагогикалық эксперименттің анықтаушы кезеңі студенттердің интеллектік
белсенділігін дамыту үшін арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған
жүйелі әдістемелік жұмысты жүзеге асыру қажеттігін көрсетті. Сондықтан біз
қалыптастырушы эксперименттің мақсат, міндеттерін, мазмұнын айқындадық.
Айқындаушы экспериментте студенттердің интеллектік белсенділігін
дамытуға бағытталған жүйелі әдістеме керектігін айқындадық. Анықтаушы
эксперимент барысында студенттердің интеллектік белсенділігін арттыруға
ықпал ететін, жалпы тұлғаның интеллектік көрсеткіші болып табылатын
анықтаушы фактор ретінде педагогикалық мүмкіндіктерді қарастырдық. Зерттеу
жұмысымыздың теориялық бөлімінде қарастырылған тұжырымдарды негізге ала
отырып, бұл мүмкіндіктерге негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту функциялары және оларды жүзеге асыру жолдарының педагогикалық негізі
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі. Педагогика. Дәрістер
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық технологияларды меңгеруге дайындау мәселесі
Квалиаметрия пәнінен дәрістер кешені
Компьютерлік технологияның түрлері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
ВИЗУАЛДЫ ӨНЕР, ГРАФИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ДИЗАЙН МАМАНДЫҚТАРЫНДА КӨРКЕМДІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Пәндер