ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Нұрмағанбетова А. - Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ,

2-курс магистранты

Қазіргі уақытта Қазақстанда болып жатқан өндірістік қатынастардың түбірлі өзгерістері нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін біліктілігі жоғары мамандар даярлауды қажет етеді әрі мамандық деңгейіне жаңа, биік талап қояды. Педагогтың жеке тұлғалық сапалары теориялык білім мен практикалық тұрғыда дайындау арқылы педагогикалық практика барысында қалыптасады. Оның ішінде кәсіби бағыттылығы педагогтің жеке түлғасының негізгі сапалардың біріне жатады. Бүгінгі таңдағы жоғары білім берудегі реформалардың болуы, білім берудің екі тенденциясына фундаментальдық және кәсіптік тамырына көңіл бөлуді талап етіп отыр. Сондықтан кәсіби және бағыттылық түсінігін, оның сипаттамасы мен құрылымын айқындап алу қажет. Соның ішінде бағыттылық мәселесі күрделі болғандықтан, оның түрлі аспектілерін философия, әлеуметтік, психология, педагогика ғылымдарында терең зерттеуде [1] .

Кәсіби бағыттылығының құрамы мен құрылымын зерттеп, осы мәселеге және оның түсінігіне деген әртүрлі көзқарастарды талдау негізінде, біз өзіміздің студенттердің педагогикалық практикада кәсіби бағыттылығы ұғымының анықтамасын беруді қажет деп ойлаймыз. Біздіңше, жоғары сапалы маман болуын қамтамасыз ететін, оның негізін студенттердің кәсіби білімдерін жетілдіруге теориялық және практикалық түрғыда оқу-тәрбие процесінде қалыптастырылатын қажеттіліктер, мотивтер, қызығулар мен білім, біліктіліктер, дағдылар, құзырлығы, кәсіби интеллектілігі жүйесін құрайды.

Жоғары педагогикалық оқу орындарының алдында түрған үлкен міндет студенттердің кәсіби құзырлығының негізін қалыптастыру. Мұның мәні студент мамандығы бойынша алдында тұрған міндеттерін шешуге кәсіби дайындау. Құзырлылық ұғымы белгілі аймақ бойынша адамның беделі және хабарлылығын анықтайды. Бізді студенттің өз мамандығы туралы терең мәліметі және білімінің болуы, кәсіби міндетін, оқыту және тәрбиелеу үрдісін өнімді шеше алатын жеке тұлға қалыптастыру қызықтырады. Білім беру жүйесінің бүгінгі таңдағы мәселелері студенттерге тән сапалық белгілердің бірі оның «кәсіби құзырлығы» екенін айтып келеді, яғни нақты бір әрекет арқылы оның жан-жақты хабардар болып, беделін жоғалтпауы. Кәсіби құзырлықтың бүгінгі күнгі талаптары: өз бетінше оқу, кәсіби білімін арттыру және жетілдіру, өз мүмкіндігін шамалау, шешім қабылдау, жауапкершілікті сезіну, өмір және еңбектегі өзгермелі жағдайларға бейімделу, жаңа іс-әрекет әдістерін меңгеру.

Кәсіби құзырлылық - бұл атқарған қызметі бойынша міндеті мен борышын орындауға еңбек субъектісі ретінде қабілеттілігі мен әзірлігі. Сондықтан кәсіби құзырлылық еңбек нарығының талаптарына сай негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Ал, кәсіби бағыттылық құзырлықтың негізінде жоғары бағыты қалыптасады.

Мамандардың айтуы бойынша компетенттің қалыптасуының ең алғашқы белгісі «өмірлік дағдыларға» бейімделу (өз жеке мәселесін шешу, стресті жеңе білу, өз уақытын үнемді пайдалану, ақыл-кеңес оқу, ереже талапты орындау, іскерлік құжаттарды дайындау) ; пәндік дағдыларды меңгеру, мәтін бойынша ақпарат әзірлеу, мақала жазу, іскерлік коммуникация, т. б. Кәсіби кұзырлықтың арнаулы құзырлығы студенттердің оқылатын пәндер негізінде, әдістемелік құзырлығы білім мен біліктілігін қалыптастыра білуі, әлеуметтік-психологиялық құзырлығы қарым-қатынас процесінде көрінеді, дифференциалды- психологиялық құзырлылық студенттердің мотиві, қабілеті, бағыттылығы, аутопсихологиялық құзырлылық жеке басының және әрекетіндегі жетістігі мен кемшілігін айыра білуі. Бұл аталған құзырлықтар теориялық деңгейде қалыптасып, практикада жүзеге асырылады.

Студенттің практика барысындағы жұмыстары шығармашылық, белсенділік сипатта болуы қажет. Жалпы, адамның жеке басының ерекшеліктері, көп жағдайда темперамент, мінез-құлық, қызығушылық аймағы, психикалық сапалары арқылы және шығармашылық ерекшеліктерімен анықталады. Әрбір адам өзге бір адамнан өзінің ішкі жан әлемі, түйсігі, субъективті әлемімен ерекшеленеді. Жеке тұлғаның шығармашылығы туралы сөз болғанда, көп жағдайда, оның шығармашылық қабілеті, шығармашылық потенциалы және кәсіби шығармашылыққа бейімділігі, өзіндік шығармашылық стилі, жеке басының шығармашылығы ескеріледі. Ал, болашақ маманды кәсіби даярлау үдерісінде оның шығармашылық қырын дамыту мәселесін қағыс қалдырмау керек, өйткені, шығармашыл түлғаның жеке басының адамгершілік сапалары өте жоғары болып келетіні өмір шындығы. Шығармашыл тұлға өмірде кездесетін шиеленіскен мәселелерді, өзінше жол тауып, дербес өзіндік шығармашыл пікірімен шеше алады.

Педагогикалық практиканың ең басты мақсаты - пән оқытушысының педагогикалық іс-тәжірибесі барысында меңгеруі тиіс негізгі функцияларын меңгеру және оқытушының жеке тұлғасына лайықты кәсіби сипаттарды қалыптастыру. Соған орай, студент бүгінгі таңдағы балаларды тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру үшін оқу және тәрбие үдерісін тығыз бірлікте алып жүруге машықтануы керек. Педагогикалық практика болашақ ұстаздарды кәсіби даярлау үдерісіндегі ең маңызды әрі айқындаушы компонент болып табылады, сонымен қатар жоғары кәсіби білім беру жүйесінде болашақ зерттеуші-педагогты қалыптастыру өлшемі ретінде де қарастырылады.

Жоғары педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық практикаға бөлінетін аз уақыт мөлшерінде барлық міндетке қол жеткізу мүмкін болмағандықтан, көп жағдайда практиканттардың дербес әрекетіне сенім жүктеледі. Сондықтан педагогикалық практиканы ұйымдастыруда болашақ жоғары кәсіби маман даярлаудың маңызды шарттарының бірі ретінде оның дербес шығармашылық әрекетіне бағыттау керек. Қажетті жерінде әдістемелік және зерттеу жұмыстарын атқару практика кезіндегі студенттердің іс-әрекеті кәсіби-тәрбиешінің мини моделі сияқты болуы тиіс. Студенттердің біліктілігі мен дағдысын бір арнаға тоғыстыра алатын, үнемі іздену арқылы кәсібін дамытуға ұмтылатын болашақ маманды жоғары оқу орнында тәрбиелеу кәсіби бағыттылықты жеке тұлғаның негізгі қасиеті ретінде қалыптастыруды көздейді. Бұл істі жалпы теориялық пәндерді оқыту кезінде бастап, педагогикалық практикада ұштастырылып жалғасын тапса, кәсіби бағыттылығы қалыптасып мамандықты ойдағыдай меңгеріп шығуына жол ашылады.

Кәсіби бағыттылығының танымдық компоненті іс-әрекет нысанына бағыттылық, өзінің болашақ кәсіби және қазіргі оқу іс-әрекетінің, практикалық әрекеттерінің маңызы мен қажеттілігін саналы түрде түсінуіне байланысты. Өзінің мамандығы туралы психологиялық, педагогикалық, әдістемелік жағынан дайындығымен, таңдаған мамандығының қоғамға маңыздылығын түсіну деңгейінен болашақ іс-әрекетке дайындық кезеңінде салалы пәндерді оқу мақсатын түсінуінен көрінеді.

Тәрбиеші-педагог мамандығын жаңа тұрғыда даярлауда әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне тез бейімделу, ой-өрісінің жаңаша түрінің иесі, өз білімін шығармашылық тұрғыдан баламен бірлесе отырып жұмыс істей білуге бағыттай білуі қажет. Белсенді қоғам тұлғасын біртұтас педагогикалық жүйе аймағында оқытып, тәрбиелеуді қалыптастыру мүмкін емес, себебі, адамның қалаған іс-әрекетінің мәні білімдердің тұтастай бірлігімен анықталады. Осылай, субъектінің сәтті қызмет-қимылы оның санасында тұтастай қалыптасқан объектілер бейнелерінің бірлікті сипатына тәуелді. Осы тұрғыдан педагог қызметі аймағын айқындайтын теориялық білімдер тұтастығы субъектив іс-әрекеттің мән-мазмұны және сол әрекеттің өнімін танытушы идеалды форма ретінде болашақ мамандарға ұсынылуы

тиіс. Нәтижесінде педагог қызмет аймағына қандай теориялық білімдер қажеттігі мен объективті ықпал етуде қалайша тәжірибе топтастырыла-тындығы белгілі болады.

Студент теория мен практиканың өзара ықпалының арқасында өз дайындығының жетілу көздерін аша түседі.

Жоғары оқу орындарындағы болашақ мұғалім мамандарын даярлау олардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды әрі айқындаушы кезеңдер болып табылады.

Теориялық меңгерген білімдері педагогикалық практика барысында болашақ маманға болашақ кәсібінің процесін қабылдап алуына, болашақ кәсібінің технологиясын, ең алдымен өз қызметін ұйымдастыруды іске асыруға, дүние мен тұрмыс шындығының дұрыс жақтарын өз сана-сезімімен еңбек үстінде саралап-дифференциялап алуына мүмкіндік береді. Осыған орай болашақ мектепке дейінгі мамандар даярлау барысында жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіндегі педагогикалық практиканың теориялық және практикалық негіздерінің сапасын арттыру қажет. Педагогикалық практика - бүгінгі студент ертеңгі ұстазды даярлаудағы маңызды кезең. Педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеттері қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық даму кезеңдеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеудің жалпы мақсаттары негізіне сай анықталады. Ол осы замандағы әдістемелік және педагогика ғылымдарының болашақ мамандардың бойында біліктіліктер мен дағдылар, кәсіби-педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыруға бағытталған шаралары барысында жүзеге асады [2] .

Педагог мамандарды дайындауда психологиялық-педагогикалық пәндер циклінің оқытылуы және оның педагогикалық практикамен ұштастырылуы кәсіби әрекетті жоғары деңгейде меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Педагогикалық практиканың ең бірінші міндеті - студенттер өздерінің бойындағы бар күш жігерін пайдаланып, яғни тек психологиялық-педагогикалық цикл бойынша алған арнаулы білімдерімен шектелмей, қоғамдық пәндер бойынша да алған білімдерін көрсетулері керек. Қорыта айтқанда, педагогикалық практика - студенттің болашақ оқытуға және тәрбиеші ретінде қалыптасатын жалпы мәдениеттің іргетасы бейнелейтін күрделі үдеріс.

Педагогикалық практиканың студенттердің кәсіби құзырлығын қалыптастыруда қоғамдық пәндер, психологиялық-педагогикалық пәндер, арнаулы пәндер бойынша білім, біліктілігі, дағдыларын және әр курстағы педагогикалық практикадан жинақтаған білімін, игерген дағдысымен, төселген біліктілігінің жиынтығын қарастырамыз. Сондықтан біз осы пәндер бойынша типтік оқу бағдарламаларында студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастыруда қандай мүмкіндіктер бар екендігіне талдау жасаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Жобалық - мектепгі, мұғалімді және окушыны дамыту жобаларын шешу қабілеттілігі
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Болашақ педагогтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлығын қалыптастыру – педагогикалық проблема ретінде
Студенттердің кәсіптік бейімделудің психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz