Педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қолжазба құқында
УМБЕТОВА АРАЙЛЫМ КАСЫМБАЕВНА
Педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің шығармашылық
белсенділіктерін қалыптастыру
13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І-бөлім
Болашақ мамандардың шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың
ғылыми-теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Болашақ мамандардың шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың
педагогикалық негізі (ғылыми-теориялық әдебиеттердегі мән-жәйі,
көрінісі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
2. Педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің шығармашылық
белсенділіктерін қалыптастырудың ерекшеліктері ... ...
3. Болашақ мамандардың шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың
нобайы (құрылымдық-мазмұндық (моделі) ... ... ... ...
ІІ-бөлім
Болашақ мамандардың шығармашылық белсенділіктерін
қалыптастырудың әдістемесі
(мүмкіндіктері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің
шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың
мазмұны ... ... ... ... ...
2.2. Педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің шығармашылық
белсенділіктерін қалыптастырудың әдістемесі ... ... ... ... ..
2.3. Болашақ мұғалімнің шығармашылығының қалыптастырудың тәжірибелік -
эксперименттік жұмыс
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының білім саласындағы
мемлекеттік саясат тұжырымдамасында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының
білім беру туралы заңында білім беру саласын реформалаудың стратегиялық
бағдары ойлаудың инновациялық, шығармашылық, дүниетанымдық мәдениеті
дамыған, әлемге этикалық қарым-қатынас түрдегі адамдарды жаңа ағымға
қалыптастыру идеясы болу тиісті екенін айқын көрсеткен.
1999 ж маусымда қабылданған Қазақстан Республикасы Білім туралы
заңында Білім мемлекеттік бағдарламасында мазмұндалғандай, қоғамның
экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде
білім берудің ұлттық моделін дамытуға шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағыт
алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол білім саласында әр
адамға білім беруге көшуді негіздейді. Ол жөнінде аталған заңның білім беру
жүйесінің міндеттерінің бірі ретінде:
... жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға
адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыру, жеке
басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту-деп нақтыланған
[1].
Қоғамның дамыған шығармашылық ойлауға ие, өндірістік және әлеуметтік
өмірге жаңа мазмұн енгізетін адамдарға өскелең қажетсінуі болашаққа
қатысты, кәсіби қызметке жоғары талапты белгіледі және тұрақтандыруға берік
ағымға ие болып отыр. Әрбір маманның кәсіби шығармашылық белсенділігін
қалыптастырудың мәні обьективті түрде өсті. Кәсіби шығармашылық белсенділік
жоғары деңгейі болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінде болашақ
мұғалімдердің шығармашылығын дамытуға, білім беру қызметіндегі қажеттілікті
қалыптастыруға бағытталуы тиіс деп көрсетілген [2]. Тәуелсіз еліміздің
президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан - 2030 бағдарламасында болашақты
жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына лайықты тәрбиелеу қажеттілігіне
тоқтала келе: 2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен
бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін
салаларға көңіл бөлу маманын тәрбилеу бүгінгі күннің басты талаптарының
бірі - деп көрсеткен [3].
Болашақ маманның шығармашылық белсенділік деңгейін көтеру проблемасы,
еркін және белсенді ойлауға қабілеттілігі, тәрбиелік-білім беру процесін
үлгілеу, оқыту мен білім берудің жаңа идеясы мен технологиясы дербес
бейімделе алатындығы өзекті болып табылады, Өйткені, біріншіден, кәсіби
білікті мұғалім мектептегі тәрбие-білім беру үдерісінде шығармашыл
оқушыларды қалыптастыруға оң ықпал жасайды; екіншіден, ол өзінің кәсіби
қызметінде үздік нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, оның кәсіби
мүмкіндіктерін іске асыруға қалыптастырады. Барлық жаңа типтегі білім беру
мекемелер: оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын лицейлердің, гимназиялардың,
мектептердің қызметі дәлел болып қызмет етеді.
Шығармашыл тұлға – бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары
қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың
органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде
прогрессивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік
беретін мотивациялық – шығармашылық белсенділік тән – тұлға. Шығармашылыққа
талпыныс адамның танымдық мотвациясын қалыптастырушы ретінде, шығармашылық
процестің оталдырғыш механизмі ретінде саналады.
Болашақ мұғалімдердің жұмысты енді бастаған алдында өзінің болашақ
кәсіби қызметін жан-жақты игеру, өзін педагогикалық қызметтің субьектісі
ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Енді бір-біріне ұқсас емес жағдайды
шығармашылық шешу болашақ мұғалімді кәсібіне кіріскеннен бастап
ынталандырады. Қазіргі кезде педагогикалық қызмет өз табиғаты бойынша
жалпыға бірдей болған шығармашылық болып табылатыны туралы тұжырымдайды.
Болашақ мұғалімнің шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру тұлғаның ақыл-
ойы, көңіл-күй, көзқарастық мүмкіндігін ынталандыру үшін нақты жағдай
жасайды.
Болашақ мұғалімнің шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру үдерісі
педагогикалық шығармашылығын қалыптастыруда, онда жеке позицияны және
тұлғаның белсенділігі маңызды сапасын қамтиды.
Болашақ мұғалімнің шығармашылық белсенділігі түрліше байқалады және
күнделікті педагогикалық қызметте іске асырылады.
Қазіргі жағдайда болашақ мұғалімнің шығармашылық белсенділігін
қалыптастыру болашақ кәсіби қызметтің ғылыми негіздерін білу айрықша маңыз
алады, кәсіби білім, біліктілік пен дағдыны игереді.
Болашақ мұғалімнің шығармашылық белсенділігі оның ЖОО-да оқу
үдерісінің өзінде қалыптаса бастайды. Шығармашылық белсенділіктің негізі
іргелі (пәндік негіздеме бойынша), арнайы (жеке дидактикалық), психология-
педагогикалық білімдерді оқу болып табылады, олар болашақ кәсіби қызметті
игере білу деңгейімен анықталады.
Болашақ мұғалімнің практикалық біліктілігін игеру әсіресе
педагогикалық практикалық кезеңнен белсенді өтеді. Педагогикалық практика
дербес педагогтік қызмет жағдайымен бара-бар жағдай жасайды. Педагогикалық
практика кезеңіндегі болашақ мұғалімдердің жұмысы қызметтің (білім беру,
дамыту, тәрбиелік,т.б) және қарым-қатынастардың (оқушылармен, ата-
аналармен, мұғалімдермен, студенттермен) саналуандылығымен, сондай-ақ
кәсіби-педагогтің еңбегі сияқты сипатталады.
Сол кезде педагогикалық практика – бұл кәсіби оқудың түрі, ол іргелі,
арнайы және психологиялық-педагогикалық білімге негізделеді, кәсіби
қызметтің заңдылығы мен принциптерін практикалық білуді қамтамасыз етеді,
бұл қызметті ұйымдастырудың әдістерін игеруге мүмкіндік береді, яғни
педагогикалық қызметке кәсіби сынап көру болып табылады.
Практика ұғымының философия, психология, педагогика ғылымдарында
өзіндік қалыптасу тарихы болғандықтан, ой тұжырымдарды басшылыққа алсақ.
Қазіргі таңдағы қазақстандық философия ғ,ылымның зерттеушілері Ә.Нысанбаев
[4], Ж.Алтаев [5], Д.Кішібеков [6], Ж.Әбділдин [7], Қ.Бейсенов [8] және
т.б. еңбектерінде таным процестерінде ақиқатқа жетудің негізгі көзі
практика дей отырып, оның даму заңдылығын тұжырымдаған.
Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық практиканың болашақ
мамандардың теориялық білімдерін өздігімен тәжірибеде қолдана білудегі орны
туралы О.А.Абдулина [9], Ю.К.Бабанский [10], Н.И.Болдырев [11],
Н.В.Кузьмина [12], В.А.Сластенин [13], А.И.Пискунов [14], Н.Д. Хмель [15],
А.П.Сейтешев [16], К.С.Оспанов [17], К.С.Төребаева [18] т.б. еңбектерінде
талданады.
Мектептегі оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыруға даярлықта ЖОО-ның білім
беру бағыттылығының проблемаларын жасауға Н.И.Болдырев [19],
Л.В.Ведерникова [20], З.И.Вассильева [21], Б.Л.Вульфсон [22,23],
Б.Т.Лихачев [24], П.Д.Джұмаева [25], Л.И.Новикова [26], Л.И.Рувинский [27]
, Н.Илиясов [28], Н.И.Сарыбеков [29], Г.Т. Хайруллин [30], Н.Н.Хан[31],
В.В.Трифонов[32], И.Ф.Харламов [33], еңбектері арналды, олар тұлғаның жан-
жақты үйлесімді дамуын қалыптастырудағы қызмет пен қатынастың ролін ашқан.
Соңғы уақытта ұлттық ерекшеліктерді ескеріп болашақ мұғалімдерді
педагогикалық қызметтке даярлауға арналған зерттеулер А.Әлімбекова [34],
К.Ж.Қожахметова [35], С.К.Қалиев[36], А.С.Мағауова [37], А.А.Қалыбекова
[38], Р.К. Төлеубековалар[39] еңбектерінде көрініс береді.
Тұлғаны педагогикалық мәдениетке тәрбиелеудің тұжырымдамалық
ережелерін: Е.В.Бондаревская [40], Ш.Т.Таубаева [41],З.А.Исаева [42],
жасады.
Болашақ мұғалімнің қызметінің шығармашылық сипаты және оның оқу мен
тәрбие нәтижелеріне ықпалын Б.Г.Ананьев [43], В.В.Ковалев [44], А.К.Маркова
[45], Н.Н.Тригубова [46], К.К.Жампейісова [47], А.А.Бейсенбева [48],
С.И.Қалиева [49], т.б. зерттеген.
Мұғалімге қажет кәсіби білім, біліктілік, олардың ЖОО-да оқу
үдерісінде қалыптасу әдістері және болашақ мұғалімдердің педагогтік
практикадағы үдерісін О.А.Абдулина [9], Н.В.Кузьмин [50], Ю.Н.Кулюткин
[51], Н.Д.Никандаров [52], В.С.Сластенин [53], А.И.Щербаков [54], А.Е.
Абылқасымова [55], Н.Д.Иванова [56], А.Б.Абибуллаева [57], К.А.Абдимажитов
[58], Г.К.Байдельдинова [59], К.И.Аманқұлов [60], Ш.Ж.Колумбаева [61],
А.И.Балабаева [62], т.б. зерттеді.
Қазіргі күнде білім берудің жағдайын педагогикалық даярлығы анықтайды,
Болашақ мұғалімнің мәдениеті мен оның кәсіби дайындығының деңгейін
мүдделері мен оның азаматтық позициясының кеңдігінен, қоғамның әлеуметтік
–экономикалық және рухани даму нәтижелері, жас ұрпақтың дербес өмір сүруге
ену бейнесі тікелей байланысты. Қазіргі талаптарға сай келетін
педагогикалық кадрлар даярлау міндеті болашақ мұғалімнің ЖОО-да оқу
мерзімінде даралық және кәсіби жетілдіру тиімділігін арттыру проблемасын
көкейтесті етеді. Бірақ бұл күндері ЖОО-дағы педагогикалық факультетің
бітірушіні бағалаудың негізгі өлшемі, негізінен білім болып табылады. Сол
уақытта педагогикалық білімнің нәтижелерін бағалау қажеттігі, білікті,
яғни, білім сапасымен шектелмей, ақиқатта айналады. Бағалаудың өлшемдерінің
бірі бітірушілердің жеке мінездемелерінде көрсетілген белсенділік болады.
Білімдік парадигма шеңберіндегі белсенділік әдісі белсенділік жиынтығын
оларға қатынас осы бойынша сапалы өнімді әрекет етуге қажетті пәндер мен
үдерістердің белгілі бір тобына қатынасы бойынша білім. Біліктілік, дағды,
қызмет әдістер, біліктілік жиынтығы ретінде көрінеді. Бұл әдіс, бірақ енді
дара бағдарлы парадигма шеңберінде педагогикалық қызметтің кез-келген түрін
мәндік құруға бағытталған белсенділік жиынтығын береді. Мұндай белсенділік,
яғни оқу қызметінде арнайы бастамашылдық нәтижесінде пайда болатын білім
мен белсенділікке ие бола отырып, болашақ мұғалім өзінің жеке педагогикалық
қызметінде уақытының үндеуіне бара-бар құру мүмкіндігін алады.
Педагогикалық практика барысында болашақ мұғалімдер педагогикалық іс-
әрекеттердің, процестің негізіне ой жүгіртіп, кәсіби ұғым алады, құнды
пікірлер игереді.
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика барысында шығармашылық
белсенділігін қалыптастырудың айқын жүйесі мен сара бағытын, нақты үлгісін
жобалау кезек күттірмейтін, көкейтесті мәселе болып отыр. Жоғары оқу
орындарында педагогикалық практиканы ұйымдастыру барысында болашақ
мүғалімдердің шығармашлылық блсенділігін қалыптастыруға жеткілікті мәнін
берілмегендіктен, педагогикалық процестердің міндеттерін орындауға көптеген
қиыншылықтарға кездесетіндігін тәжірибе барысында анықталып отыр.
Алайда біз зерттеген зерттеулерде болашақ мұғалімдердің педагогикалық
практика жағдайындағы шығармашылық белсенділік қалыптастыру үдерісінің
ерекшеліктерін жеткіліксіз толық бейнелейді.
Жоғары білім беру практикасында ашық пайда болған мектеп
мұғалімдерінің шығармашылық белсенділігі обьективті өскен мағынасының
арасындағы қарама-қайшылық, педагогикалық практика үдерісінде оны болашақ
мұғалімдерде қалыптастыру қажеттілігі де оның жеткіліксіз теориялық
жасалуында.
Біз зерттеуімізде пайда болған қарама-қайшылықты жеңу жолдарын
іздестіруде проблемаларын қалыптастырдық, оның мәні педагогикалық практика
үдерісінде болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділігі тиімді
қалыптастыруға қабілетті педагогикалық жағдайды анықтауда түзеледі.
Зерттеу мәселеміздің көкейтестілігі, оның теориялық және практикалық
маңызды зерттеу тақырыпты Педагогикалық практика арқылы болашақ
мұғалімдердің шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру деп
таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің
шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: Педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің
шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу
және ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Зерттеу болжамы: Егер, студенттердің шығармашылық белсенділігін
педагогикалық практика арқылы қалыптастыру мәселесі ғылыми-теориялық
тұрғыда негізделіп, оны жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу-тәрбие
үдерісіне енгізілсе, онда педагогикалық практика арқылы студенттердің
шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудағы мүмкіндіктері толық жүзеге
асады, өйткені педагогикалық практика болашақ мамандардың шығармашылық
белсенділігін қалыптастыруға негіз болады.
Зерттеудің міндеттері:
- болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика арқылы шығармашылық
белсенділіктерін қалыптастырудың ғылыми - теориялық негіздерін айқындау;
- болашақ мамандардың шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық нобайы(модель) жасау;
- педагогикалық практика арқылы болашақ мамандардың шығармашылық
белсенділігін қалыптастырудың әдістемесін жасап, ұсыну;

белсенділігін қалыптастырудың әдістемелік тиімділігін педагогикалық-
экспериемнт арқылы тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: Педагогикалық практика барысында мамандануға
бағытталған мәні бар, және болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметіне мақсатқа
сай басшылықтың белсенді танымдық қызметі үдерісінде мүмкін болатын
педагогикалық мақсатты білім даралығы ретінде шығармашылық белсенділік
қалыптастыру.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін мыналар құрайды:
Жеке тұлғаны дамытудың тұлғалық-бағдарлық теориясы; педагогикалық
практикада жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі туралы психологиялық-
педагогикалық тұжырымдар; теория мен практиканың өзара байланысы жөніндегі
ілімге; жүйелі-мәдениеттанушылық, тұлғалық-бағдарлық амал-әдістерге;
педагогикалық білім беруді ізгілендіру идеясына негізделеді.-
Өз зерттеуімізде біз тұлға қалыптастырудағы қызметтің жетекші ролі,
таным мен қызметте теория мен практиканың бірлігі туралы идеяларға
сүйендік.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының үкіметінің қабылданған ресми
құжаттары (Қазақстан Республикасының заңдары, қаулы-қарарлары, бұйрықтар,
т.б.). Педагогикалық практика үдерісінде болашақ мұғалімдердің шығармашылық
белсенділігін қалыптастыру мәселесі бойынша отандық және шетелдік
философтардың, социологтардың, психолог, педагог әдіскерлердің еңбектері,
нормативтік құжаттар, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік
құралдар, мектептермен ЖОО-дар практикасы, авторлардың практикалық
тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері:
- зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерді теориялық талдау.
- педагогикалық практика үдерісінде шығармашылық белсенділікті қалыптастыру
тәжірибесін зерттеу.
- Оқу-әдістемелік құжаттарды талдау, жоғары оқу-орны, және осы оқу-тәрбие
мекемесінің студенттерімен әңгіселесі.
- Сауалнама жүргізу, әңгіме, сұрақ, бақылау, тәуелсіз сипаттамалар әдісі,
сараптау бағалары, педагогикалық практика болашақ мұғалімдермен
басшыларының есепті құжаттамаларын зерттеуді, олардың педагогикалық
практикадан өту кезінде болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін
қалыптастыру жөнінде педагогикалық тәжірибені пайдаланду.
Зерттеудің ғылыми-теориялық жаңалығы мен маңыздылығы:
- педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің шығармашылық
белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздемесі айқындалды;
- оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық практиканың мүмкіндіктерін
тиімді пайдалану жолдары анықталды, әдістемесі жасалды;

құрылымдық-мазмұндық нобайы(модель) жасалды;
- педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің
шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың әдістемесі жасалынып, оның
тиімділігі тәжірибелік эксперименттік сынықтан өткізілді.
Зерттеудің практикалық мәні.
- университетте оқу үдерісінде педагогикалық практика бойынша кепілдеме
жасалды;
- педагогикалық практика кезінде болашақ мұғалімдердің шығармашылық
белсенділік қалыптастыру бойынша ғылыми әдістемелік кепілдемелер жасалды;
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздемесі;
- оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық практиканың белсенділіктерін
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайы; оның компоненттері мен өлшем
көрсеткіштерінің сипаттамасы;

белсенділігін қалыптастырудың мүмкіндіктері мен оны жетілдіру жолдары;
- болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін қалыптастыру бойынша
эксперимен нәтижелері.
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу үш кезеңге сәйкес жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2004-2006ж.ж.) зерттеу тақырыбын таңдау және теориялық
ойластыру жүзеге асырылды, ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиет зерттелді,
проблемаға әдістемелік және әдістік кезеңдер анықталды. Бұл кезеңде ұғымдық
аппарат, болжам, тәжірибелік-педагогикалық зерттеу бағдарламасы жасалды.
Екінші кезеңде (2005-2007ж.ж.) тәжірибелік-эксперимент жұмыс жүргізілді,
оның барысында жұмысшы болжамы тексерілді және болашақ мұғалімдердің
шығармашылық белсенділіктерін қалыптасу үдерісін қамтамасыз ететін қаржы
кешеніні сынау жүргізілді, педагогикалық практиканың ұйымдастыру және
педагогикалық практика барысындағы шығармашылық белсенділіктерін
қалыптастыруға олардың ықпалы талданды.
Үшінші кезеңде (2006-2008ж.ж.) зерттеудің теориялық және практикалық
нәтижелерін жинақтау, тәжірибелік –эксперимент мәліметтерді өңдеу мен
талдау, Олар диссертацияны түсіндіру, әдеби толтыруды жүргізді.
Зерттеудің сенімділігі: педагогикалық зерттеу әдістемелігіне, ғылыми
әдістерлі пайдалануға, бара-бар мақсаттар мен міндеттерді зерттеуге, сандық
және сапалық талдауды үйлестіруге, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарды
тұжырымдауға арқа сүйеу қамтамасыз етіледі.
Зерттеу базасы: Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
Тарих-Педагогика факультеті, Қазақ-Өзбек колледжі. Н.Оңдасынов атындағы
Дарын мектеп интернаты.
Зерттеу нәтижелерін сынықтан өткізу және ендіру: Зерттеу жұмысымның негізгі
қағидалары мен нәтижелері ғылыми баяндама түрінде Әлеуметтік ғылымдардың
өзекті мәселелері ғылыми мақалалар жинағы (Шымкент,2005), Қазақстан мен
Қырғыстан жас ғылымдарының этнопсихология және этнопедагогика саласындағы
ізденістер атты ІІ мемлекеттаралық ғылыми –теориялық конференцияның
материалдарында (Алматы, 2006ж), ХХІ ғасырда білім мен ғылымды
ұштастырудың жолдары және білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың
өзекті мәселелері атты халықаралық ғылыми әдістемелік конференция
еңбектерінде (Шымкент,2005ж). Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің Хабаршысы (Түркістан 2007ж), Жаңа ғасырдағы Қазақстанның
тілдік кеңістігі және әлемдік лингвистиканың өзекті мәселелері атты
Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында. (Алматы, 2008ж), Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысы (Түркістан,
2008ж), Шоқан тағылымы - 13 Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университет Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында ( Көкшетау,
2008ж), Д.А.Қонаевтың 95 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-
практикалық конференциясында Отырар институты Шымкент,2008ж)
баяндалды.Зерттеудік негізгі қағидалары менн нәтижелерінің практикаға
енгізілуі әдістемелік ұсыныстарды, ғылыми мақалаларды жариялау арқылы және
зерттеушінің Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі
практикалық іс-әрекетімен жүзеге асты.
Зерттеу материалдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыруда
сынақтан өтті.
Диссертацияның құрылымы:Диссертация кіріспедан, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған дерек-көздер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде таңдалған тақырыптың көкейтестілігі ашылады, оның
негіздемесі беріледі, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, болжамы,
міндеттері, әдістері анықталады, зерттеу базасы сипатталады, сенімділігі
негізделеді, жұмыстың ғылыми жаңашылдығы, теориялық және практикалық мәні
көрсетілген.
Болашақ мамандардың шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың ғылыми-
теориялық негізі атты бірінші бөлімде педагогикалық практика жүйесіндегі
қалыптасу мен даму материалдар баяндалған, педагогикалық педагогикалық
практиканың мәні ашылып, оған теориялық үлгі беріледі; болашақ
мұғалімдердің шығармашылық белсенділік ұғымы жарияланады; оның қалыптасуына
ықпал ететін факторлар сипатталады.

әдістемесі (мүмкіндіктері) атты екінші бөлімде педагогикалық практика
жағдайындағы болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділігінің үлгісі
беріледі. Болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділіктерін
қалыптастырудың педагогикалық жағдайы анықталады, Университеттегі оқу
үдерісінде болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін қалыптастыру
динамикасы көрсетіледі.
Қорытындыда зерттеу қорытындылары беріледі, алға қойылған мәселелер одан
әрі жасау бағыттары анықталады.
Қосымшада Тәжірибені белгілейтін және қалыптастыратын зерттеу материалдары
мазмұндалады. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің, оқытушыларына
арналған анкета, тест тапсырмалары, сауалнамалар, шығармашылық
белсенділіктерін айқындауға арналған педагогикалық карталар, сызбалар,
шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы студенттердің танымдық белсенділік
мен шығармашылық бағыттылығын анықтауға арналған кестелер ұсынылады.

ғылыми теориялық негізі.
1.1. Болашақ мамандардың шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың
педагогикалық негізі(ғылыми-теориялық әдебиеттердегі мән-жайы, көрінісі).
Егеменді еліміздің болашақ мамандарын дайындауда олардың дүниетанымын,
өмірлік мүдде бағдарын кеңейтіп ұстанымдарын жан-жақты жетілген азамат етіп
шығару талабы тұрады. Қазіргі уақыт талабына сай, жоғары оқу орындарында
мамандар даярлау көп аспектілі және сан алуан мәселелерді қамтиды. Білім
беру саласында қоғамның әрбір мүшесінің назарынан тыс қалмайтын мәселелер
жайында түбегейлі өзгерістер жасалуда. Қазіргі қоғамда ең алдымен білімді
дамыту тиіс. ХХІ ғасыр білімін адамның қызығушылықтарының дамуы. Болашақ
маман қоғамда болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық
педагогикалық, ғылыми өзгерістерге тез төселгіш жаңаша ойлау жүйесін
меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби стильде педагогикалық үдерісте жұмыс
істей алатын болуы керек. Білім арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші
артады. Болашақ маман үшін де білім - оның шығармашылық белсенділіктерін
қалыптастыру. Әсіресе біздің көңіл аударатын басты мәселеміз болашақ
мамандарды белсенді танымдық қызметке жетелеу, оларды тиянақты ғылыми
біліммен қаруландыру, сол арқылы нарықтық экономиканы меңгерген жеке
тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Педагогикалық практикада бұл
талаптардың алатын орны ерекше. Себебі болашақ мамандар өзінің теориялық
білімдері мен біліктерін іс-жүзінде қолдану барысында педагогтік іске
жатқызады. Болашақ маман педагогикалық практика барысында өзін алғаш рет
өмірінің өзегі болып табылатын мамандығына сай кәсіптік әрекетке араласады.
Сол арқылы олар жаңа ортадағы алғашқы әсері ұнамсыз болса, яғни практика
өтілетін мектептің жабтықталуы, оқушылардың тәртібі олардың оқуға деген
ынта-ықыласы төмен болған жағдайда болашақ мамандардың ұзтаздық жұмысқа
деге көзқарасы бәсеңсіп, кәсіптік төмендеуі мүмкін. Сол себепті практика
өтілетін мектепті таңдауға ерекше көңіл аударуы керек. Педагогикалық
практиканы ұйымдастыру кезеңінде тек практиканың мазмұны мен міндеттерін
орындауы ғана мақсат етумен шектелмей, әрбір болашақ мұғалім дара
ерекшеліктеріне және тұлғалық қабілеттеріне көңіл бөлуге тиіс. Сондықтанда
әрбір болашақ маманға даярлық кезеңінде мына мәселелер жете түсіндіріледі.
- практиканың негізгі мақсаты;
- практика барысында өздігінен атқарылатын жұмыстар түрі;
- оқушылардың оқу-танымдық әрекетін дамыту жолдары мен тиімді әдіс-
тәсілдері;
- сабақтарда білім деңгейін көтеру жолдары;
- өзінің және басқаның іс-әрекеті оның нәтижелілігі мен тиімділігі;
- кәсіби даярлық сапаларын меңгеру үшін істейті жұмыс түрлерін т.б.
Педагогикалық практика барысында өз мамандығын терең түсініп, жақсы
меңгерту үшін пәндер бойынша дайындалумен шектеліп қоймай, мамандығына сай
кәсіби дағдылар мен іскерліктерге дағдылануы керек. Болашақ мамандардың
педагогикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында олардың жеке тұлғалық
ерекшеліктерін ескеруге тырысып, олардың әрқайсысына жеке бағдарлама құруға
тырысады. Алдын-ала ұйымдастырылған шаралар кезінде болашақ маманға үлгі
жоспарлар, арнаулы тақырыптар бойынша баяндамалар жасауды ұйымдастырады.
Болашақ маман практикалық сабақтар барысында түрлі жұмыстар
ұйымдастырылып, сыныптан тыс өтетін іс-әрекеттердің жоспарын жасап
дайындалады.
Болашақ мамандарды даярлаудың бүгінгі күн талабына сәйкес оқу
жоспарын айқындап, оқыту әдістерін жетілдіру, қажетті деңгейде білім мен
білік және дағды алуын қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруда болашақ
маманның жеке тұлғасын қалыптастыру міндеті назардан тыс қалмайды.
Болашақ маманның негізгі қасиеті әлеуметтік қарым-қатынас және саналы
іс-әрекет иесі болу екенін ескерсек, осы жеке бастың деңгейдің жетілуіне
педагогикалық практиканың мәні зор. Практика барысында болашақ маманның
бойынан жеке тұлғалық компоненттерге енетін педагогикалық мақсаттың
айқындығы, мүмкіндігі әдеп ережелерін меңгеруі, педагогикалық бағыт-
бағдарды берік ұстануы практика кезінде болашақ маманның педагогикалық
шығармашылыққа бағыттап, белсенділікке талпындырып, олардың жаңашыл
ұсыныстарын қызу қолдап, оны дамытуға жағдай жасап отыру қарастырылады.
Педагогикалық практиканың болашақ мамандарға кәсіптік бағдар беру
мақсатын тиянақты жүзеге асыру жүйелі жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ғана
іске асатынын білеміз. Сондықтан да, алдымен оларды теориялық тұрғыда
дайындау мәселесі шешілсе, она әрі алдын ала болашақ маманды педагогтік
іске дайындау мақсаты жүзеге асады. Ол семинарлық және практикалық
сабақтардың барысында орындалады.
Жалпы шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен дербестігінің
және қиял-ойын іске асырудың жоғары формасы. Шығармашылықты сипаттаушы
маңызды ой-тұжырымының бірізділігі негізінде логикалық жүйенің және жоғары
сезімнің асқақ ойлаудың ерекше тәсілдерінің іске асуы болып табылады.
Адамның ақыл-ой өзгешіліктерін, оның жеке қасиеттерін көрсететін кез
келген адам бойынан табылатын логикалық бірізділік логикалық жүйеге
негізделген шығармашылық шабыт қабілет деп аталады. Жалпы ақыл-ойдың
тереңдігі, ауқымдылығы мен түпкілікті, оқу материалын түсініп білуі ме есте
сақтай алуы зейінділік пен бақылағыштығы, зеректік пен тапқырлығы оптималды
түрдегі ақыл-ой әрекетінде көрінетін оқушының өзіндік өзгешеліктері жалпы
қабілет болып табылады. Т.Тәжібаевтың ұлағатты сөзі ...қабілеттілік –
адамың өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен іс істеу арқылы қалыптасатын
қасиет- деп айтып кеткен болатын.
Болашақ мамандардың өнер саласындағы материалды түсініп білуге деген
қызығушылығы абстракциялық қиял-ойының логикалық жүйелігі олардың
шығармашылық шабытының дамуына септігін тигізері анық.Болашақ маманның өзін-
өзі танып өз бетінше ізденіп, өмірден өз орнын таба біліп, мамадық бойынша
қызмет атқаруға баулу, әр бер пәннің зама талабына сай өз дәрежесінде
оқытылуына тікелей байланысты. Атақты ғұлама ғалым ойшылдарымыз (Жүсіп
Баласағұн, Әл-Фараби, Абай құнанбаев, Шоқан Уәлиханов) өз еңбектерінде
адамның адамның жеке басыың қабілеттерін дамыту мәселесін үнемі көтеріп
отырды.Педагог-ғалымдар (К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко,Ы.Алтынсарин) төл
туындыларында біліктілікті, қабілеттілікті, шығармашылықты дамытуды
қарастырған. Педагог жазушы М.Жұмабаев шығармашылқ еңбекке бағыт-бағдар
түзген, оның әдістемелік жолдарын білім мазмұнына енгізген. Грек философы
Сократтың өзі оқыту барысында оқушының танымдық белсенділігін,
ізденімпаздық шығармашылығына арнайы мән берген. Шығармашылық қабілеттілік
біліктіліктің, ителлектіліктің кепілі екені қазақтың зиялылары да атап
көрсеткен. Жазушы М.Әуезов: Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін – білім деп айтқан. Оның пікірінше ұрпақ тәрбиесі – келешек
қоғам қамын ойлау, шығармашылық білімді дәріптеген.
Қазіргі педагогика үшін теория мен практика арсындағы байланыс
мәселесінің мәні әрқашанда ерекше. Теорияның өмірмен байланысы жаңа
педагогика ғылымы және өскелең ұрпақты тәрбилеудің тарихи жаңа
практикасының негізіне алынған принцип болды.
Оқушылардың іс-әрекеттерін бағыттайтын, әрі нақтылайтын педагогтың іс-
әрекеті педагог пен оқушылардың өзара қарым-қатыасы жағдайында ғана табысты
болады. Г.И.Щукинаның пікірінше, білімдер жүйесі мен логика аясында туатын
және қалыптасаты оқушылардың ісденістік, шығармашылық дербестігіне
сүйенетін педагог іс-әрекеті диалектикасы осыдан құралады.(3,76-77б)
Практика барысыда өзара ақпарат алмасу өзара ынталандыру, әрекеттерді
бақылау және түзетуді жүзеге асады, әріптестертің жеке-дара ерекшеліктеріне
бейімделе жүріп іскерлік байланыстар, өзара келісу, жауапкершілік
тәуелдігі пайда болады. Индивидтер арасында тұлғаның эмоциялық тікелей
қатынасы ілтипаттық, достық, ынтымақтастық, бір-біріне еліктеушілік және
т.б. сезімдерді пайда болады. Бұл қатынастар өте орнықты болуы және адамың
басқа адаммен қарым-қатынасты қажетсінуі ретінде дербес құндылыққа ие болуы
мүмкін.
Болашақ педагог-тәрбиеші тұлғасының дамуы мектептің тәжірибелі
педагогы сияқты жанды адам тәжірибесіне еліктеу арқылы жүзеге асады. Қарым-
қатынас процесінде өздерінің өмірлік тәжірибесіне басқалардың жеке
тәжірибесіндегі жетістіктерін пайдалану арқылы олар бір-бірінің тәжірибесін
өзара байыта түседі. Адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы
сапалық өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтік
жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді.
Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген
көзқарас пен наным-сенімдер орнығады. Еліктешілік мінез-құлық бірте-бірте
белседі-жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық әрекетін басқара алу
мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның
анатомиялық-физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының
және танымдық пен шығармашылық іс-әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық,
имандылық, қоғамдық-саяси көзқарастары мен наным-дарындағы бір-біріне
кіруге байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісінің
білеміз.Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі
ретінде оның кемелденуімен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін
білдіреді.
Жеке адамның дамуы үшін оның ұйымдастырылған іс-әрекеттегі
белсенділігінің бағыт-бағдар сипаты да біршама маңызға ие. Белсенділік деп
адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекетері
барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу
белседілігі дамиды. Мысалы, сынып пен мектептің жалпы табысы еңбектегі
белсенділік пен өзара байланысқан көмек болуы мүмкін (4, 153-154б)
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әрдайым оқушылардың белсенділігіне жол
бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды және шынайы адагершілік
қатынас қалыптастыру қажет.
А.В.Луначарский педагогтың теориялық білімдерін қалыптастыру және
оларды практикада қолдану қажеттігін көрсетті. Ол былай деп жазды ..
балалардың мектеп өміріне көбірек еркіндік бере білетін, оларды дербес іс-
әрекетке үйрету іскерлігіне ие тәрбиеші дағдыларын жақсы меңгеруі тиіс
(5,636б).
20-шы жылдары педагогикалық университеттер мен мұғалімдік семинарларда
педагогикалық курстарда практика тек соңғы курста ұйымдастырылып, оған
уақыттың 4 проценті ғана бөлінді. Н.К.Крупская мұны сынға алды, өйткеі ол
педагогикалық теория мен мектеп практикасының ажыратуына апарып соқтыратын.
Педагог кадрларды даярлауды теориялық және практикалық өзара қарым-қатынас
және өзара байланысты принципінде жүргізу жөніндегі Н.К.Крупскаяның
талаптары бүгінгі күнге дейін өзінің көкейтестілігін жоғалтқан жоқ. (6, 44-
47б) Оның айтуы бойынша, студенттердің педагогикалық даярлығына жасалынған
әрбір қадам шығармашылық, ғылыми және нақты сипатта болуы керек. Әрбір
педагогикалық шара ғылыми педагогикаға негізделген. Болашақ мамандар
жүргізген практикалық жұмыс теориялық білімдерді игерумен бірге, бала
табиғатын, оның даму заңдылықтарын, бала тәрбиесінің, ойлауының, зейінінің
т.б ерекшеліктерін терең және жан-жақты зерделеуге, түсінуге көмектеседі.
Осы кезеңнің болашақ мамандар бір-бірінің сабағына талдау жасауға да
жаттығады. Инситут қабырғасындағы дайындық кезінде педагог болашақ
мамандардың іс-әрекетін басқарып, оларға бағыт берумен қатар жетістіктері
мен кемшіліктерін де талдап көсетіп отырмақ. Сонымен, педагогикалық
практиканы өз дәрежесінде ұйымдастыру бірнеше кезеңнен тұрады.
1. Инситут қабырғасындағы дайындық.
2. Педагогикалық практика өтетін мектептерді таңдау.
3. Педагогикалық практиканың барысындағы білімдік-тәрбиелік
мәселелерді ұйымдастыру.
4. Мұғалімің көмегімен педагогикалық практиканың барысын талдау.
5. Педагогикалық практиканың қорытынды кезеңі.
Болашақ мұғалімдердің алдында тұрған үлкен мақсат – келешекке,
қоғамға ғылыми негіздерін жақсы білетін саналы, жан-жақты дамыған тәрбиелі
азамат қалыптастыру.
Болашақ мұғалімдердің қызметтерін басқа қызметтермен
салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді.
Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жастардың жан-жақты білім алуына
тікелей байланысты. Педагогикалық практика болашақ мұғалімдердің тәрбиелік
әсері аса қуатты, ол болашақ маманның идеялық сенімін, адамгершілік
бейнесін қалыптастырады. Болашақ мұғалімдерін қалыптастыру студенттер ұжымы
арасындағы қарым-қатынас, мұғалім-оқушы, педагогикалық ұжым, ата-ана,
қоғамдық талап, мұғалімге қойылатын педагогикалық талап жүйесі арқылы дами
отырып, педагогикалық практика барысында қалыптасады.
Орыс ғалымы А.Я.Степанов өз еңбегінде мұғалімнің шығармашылық
қабілеттіліктерін өндірістік ұжымда және әлеуметтік ортада бекітілуін
анықтау үшін еңбекпен қанағаттану маңызды-деп атап көрсеткен[7.15-28].
Сондықтан болашақ мұғалімдердің белсенділігін қалыптастырудың бірден-бір
жолы алдымен оларды лекция, семинар, практикалық сабақтар арқылы дайындап,
нақты педагогикалық бағыт беру, педагогикалық ойдың дамуының негізін қалау.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі
ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін

белсенділігінің бағыт-бағдар сипаты да біршама маңызға ие. Мысалы, сынып
пен мектептің жалпы табысы еңбектегі белсенділік пен өзара байланысқан
көмек болуы мүмкін. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысындағы әрдайым
оқушылардың белсенділігіне жол бере отырып, оларды сол қызметке деген
ұнамды және шынайы адамгершілік қатынас қалыптастыру қажет.
[8.202-207].
Қазіргі таңда мұғалім мамандығына жаңа тұрғыда даярлауда әлеуметтік
жағдайдың өзгерістеріне тез бейімделетін, ой-өрісі жаңаша, өз білімін
шығармашылық тұрғыдан оқушылармен бірлесе отырып, жұмыс істей алатындай
талаптар бар.
Болашақ мамандар лекцияда, семинарда, педагогикалық практикада
шығармашылық белсенділіктерін қалаптастырады. Жоғары оқу орындарында
шығармашылық белсенділікті, Сондай-ақ болашақ мамандардың өзіндік
жұмыстарында, үйірме мен курстық жұмыстарында және дипломдық жұмыстармен
ғылыми конференцияларына қатысу арқылы да дамытуға болады.
Шығармашылық дегеніміз не? Деген сұраққа сөздікте былай жауап береді:
Шығармашылық бұл іс-әрекет, соның нәтижесінде жаңа материалдық немесе
рухани байлықтар жасалады [9.351].
Жалпы ақыл-ойдың тереңдігі, ауқымдылығы мен түпкілікті, оқу материалын
түсініп білуі ме есте сақтай алуы зейінділік пен бақылағыштығы, зеректік
пен тапқырлығы оптималды түрдегі ақыл-ой әрекетінде көрінетін оқушының
өзіндік өзгешеліктері жалпы қабілет болып табылады. Төлеген Тәжібаевтың
ұлағатты сөзі ...қабілеттілік – адамың өз бейімділігі арқылы,
творчестволықпен іс істеу арқылы қалыптасатын қасиет- деп айтып кеткен
болатын.

педагогика ғылымы және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің тарихи жаңа

Болашақ мамандарға шығармашылық белсенділікті қалыптастыру, бұл
келешекте ғылым мен айналысуына өте қолайлы. Олар шығармашылықты,
белсенділікті дұрыс қалыптастыра алса, онда олар болашақта білікті де,
білімді де, жоғары дәрежедегі маман болады. Болашақ мамандар ғылыми зерттеу
жұмысына араласып, өз бетімен қызмет істеуге дағдылануына мүмкіндік береді.
Ал оның одан арғы педагогтік қызметте ерекше маңызы зор. Қазіргі кезде
жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстары өте қажет ол болашақ
қызметке де байланысты және пайдасы тиері сөзсіз.
Ресейдің әлеуметтік тәрбие беру Академиясын басқарған белгілі педагог
П.П.Блонский өз естелігінде Тек лекциялар мен кітаптар арқылы ғана
педагогикаға үйрену мүмкін емес, сонымен бірге практикаға қажет бірақ ол
дәл көшірме емес, шығармашылық және саналы түрде түсіну тұрғысынан болуы
керек - деп жазған болатын.
Н.П.Блонский теориялық білім мен практикалық процестің үйлесімді
бірлікте болуын жақтады [23.175].Осы бағыттың жалғасын қазіргі көрнекті
ғалымдар О.А.Абдулина [10], Н.Н.Азизходжаев [11], Ю.К.Бабанский [12],
Н.И.Болдырев [13], Г.А.Бокулина [14], Л.Н.Блинова [15],И.В.Кузмина [16],
Л.И.Гусев [17] т.б еңбектерінен де кездестіруге болады.
Мұндай көзқарастар нәтижесі мен жасалған ұсыныстар жүйелі түрде осы
кезеңдегі педагогикалық институттардағы маман дайындау барысында қамтамасыз
етіліп отыр деп айта алмаймыз. Әлде де болса, педагогикалық практиканың
барысы мен теориялық білім арасының сабақтастығы қамтамасыз етілмей,
сынаржақтылықтың болып отырғаны байқалады.
А.Н.Бойконың пікірінше, кейбір овторлардың теория мен практикаға екі түрлі
көзқарас жасауы кездесіп отыратынын айта келіп, теорияға тек ғана
практикаға жетекшіорын берудің есесіне осы екеуін қабыстыра отырып бірлікте
жүзеге асырғанда ғана маман дайындау мәселесінің өз деңгейіне көтерілетіні
айқын маман дайындаудың теориялық немесе практикалық бастауы бірлікте
жүзеге асуы керек. Бұл жоғары оқу орындарындағы маман дайындау мәселесінің
бірізділігін қамтамасыз етеді., -дейді [18,63],
А. Мищенко, Е.Шиянлвтар Педагогтың кәсіби құзырлығы түсінігі оның
педагогикалық қызметті атқаруға теориялық және тәжірибелік даярлығының
тығыз бірлігін білдіеді дей келе, олардың мазмұнын егжей тегжейлі
талдайды.
Теориялық даярлық мұғалімнің арнаулы және педагогикалық-
психологиялық білімділігін қамти отырып, оның талдаушылық болжаушылық,
жобалаушылық және рефлексивтілік біліктерінің болуын көздейді.
Қазіргі мектептің басты мақсаты - өз бетінше бағдарлана және өз
мүмкіндіктерін жүзеге асыра білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру.
ҚР білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде сөйлеген сөзінде
Президенттіміз Н.Ә.Назарбаев та осы мәселеге айрықша мән бере отырып былай
деген еді: Қазақстандағы білім беру ісін реформалаудың стратегиялық
міңндетіні мен шығармашылық тұрғыдан ойлау білетін дара тұлғаларды
қалыптастыратын жаңа ұлттық моделді дамыту деп білемін.
Баланың бойында қалыптастырылуы тиіс қасиеттер алдымен, мұғалімнің
кешенді бағдарламасында көрсетілгендей жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу
негізінде адамзат мәдениетінің тұтас әлемі алынып отырған тәрбие
тұжырымдамасының стратегиялық бағдары шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін
тұлға қалыптастыру жағдайында, мұғалім ең алдымен, өзіде көп мәдениетті
(адамгершілік мәдениетті, салауыттылық мәдениетті, эстетикалық мәдениетті,
экологиялық мәдениетті, құқықтық мәдениетті, саяси мәдениетті,
этномәдениетті) юолуы тиіс. Сондай-ақ Қазақстан білім беру жүйесінің
біртіндеп әлемдік білім кеңістігіне ене басталды, яғни ақпараттандыру
жүйесіне көшу мұғалімнің көп тілді болуын және ақпараттық мәдениетті болуын
қажет етеді. Ал көп тілді болу міндеті ҚР Білім туралы Заңымен бекітілді.
Көпмәдениеттілік пен көп тілділік кәсіби құзырлы мұғалімнің мәдени
сапаларының даусыз. Міне біз жоғарыда атап өткен кәсіби құзырлы мұғалімнің
келешектік (перспективалық) моделінің бөліктері.
Педагогикалық практика нақты міндеттерді алға қойып, болашақ
мұғалімнің іс-әрекетінің белсенді түрде өтуін, педагог мамандығының ішкі
мәніне терең бойлауды, қызығушылықтарын қалыптастыруды, шығармашылықпен
жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Педагогикалық практика барысында сонымен
қатар болашақ мұғалімнің практикалық жұмыстары мен шығармашылық ізденістері
үнемі қадағаланып және талданып отырылуы керек. Себебі болашақ мұғалімдер
өзіндік жұмыспен, курстық жұмыспен, дипломдық жұмыстармен т.б. ғылыми-
зерттеу жұмыстарымен айналысуына мүмкіншілік бар. Сол ғылыми-зерттеу
жұмыстарының тақырыптарын педагогикалық практикада эксперимент жүзінде
қолданса дұрыс болмақ.
Шығармашылық туралы сөз болған кезде ең алдымен қабілет деген ұғымды
талдағанымыз дұрыс. Қабілет дегеніміз-іс-әрекеттің белгілі бір түрін
ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Психологтар
қабілеттің екі түрлі деңгейінің бар екенін дәлелдейді.
Репродуктивті - іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай
алу деңгейі.
Шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Бірақ оның белгілі
шарттарын орындаған кезде кез-келген болашақ мұғалім шығармашылық деңгейіне
көтеруге болатындығын ғылым дәлелдеген. Болашақ мұалім өз шығармашылығы
арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Осыған байланысты әрбір болашақ
мұғалім өз шығармашылық қабілетін дамытып, жетілдіріп отыруы тиіс.
Белгілі психолог Қ.Жарықбаев Басқалардан көмек күтпей, мәселені
шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам-
шығармашыл ойдың иесі - деп өте дұрыс айтып өткен. Шығармашыл адам
жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық, мақсаттарын жүзеге асыру барысында
өз жолын өзі ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алға жылжып отырады.
Шығармашыл адам шығармашылық бағытта адамның қажеттілігі, қызығуы,
идеалдары мақсаттарын жүйелейді, айқындайды. Болашақ мұғалім шығармашылық
іс-әрекетте болады, іс-әрекеттің барлық түрінде шығармашылықпен дамиды.
В.Сухомлинский Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады,
шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да мектептің,
мұғалімнің, ата-ананың, тәрбиешілердің негізгі мақсаты баланы өмірге,
еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету -деп айтып өткен.
Шығармашылық қабілетті шығармашылық жұмыс талабын дамытуға
А.С.Макаренко мынадай ой білдіреді: ...Мен мұндай шеберлікті игеруге
тырыстым, әуелі осындай шеберліктің немесе педагогикалық талант деп
аталатынның болатынына тіпті сенбедім. Алайда таланттың кездейсоқ бөлінуіне
біз сенуіміз керекпе? Бізде осындай ерекше талантты тәрбиешілер қанша?
Жәнеде талантсыз педагогқа тап болғаны үшін не себепті бала жапа шегуі
тиіс? Біз балалармен жасөспірімдерді тек таланттылар алдында тәрбиелей
аламыз ба? Жоқ. Тек шеберлік туралы, яғни тәрбие процесін шынайы білу
туралы, тәрбиелік іскерлік туралы ғана айту керек деп ойын білдіреді.
Шығармашылық белсенділік әрбір адамда болады. Ол әсіресе балалық
шақта, оның ойнауға, қиялдауға, бір нәрсені елестетуге тырысуы арқылы айқын
көрінеді. Шығармашылық белсенділік дамыту өз бетінше белсенді жұмыс істеу
шешуші роль атқарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына, үйірмелерге қатысу,
ғылыми шығармашылық процесіне ат салысуыңызға, жаңа нәрсе ашуға, зерттеу
жұмыстарының игілігін сезінуіңізге, сондай жұмысқа деген арнайы
іскерлігіңізді қалыптастыруға мүмкіндік туады. Мұндай іскерлікті болашақ
мұғалімнің әрқайсысы міндетті түрде меңгеруі тиіс. Өйткені педагогикалық
жұмыста оған үнемі зерттеуші болуға: балалардың өмірін, олардың өзіне ғана
тән дербес ерекшеліктерін білуге, педагогикалық ықпалдың неғұрлым тиімді
жолдарын іздестіруге тура келеді. Зерттеу жұмыстарында, көркем
шығармашылықта жинақтаған тәжірибеңіз сіздің педагогикалық шеберлігіңіздегі
маңызды қадам болады.
Болашақ мұғалімнің шығармашылық белсенділік дамытуға педагогикалық
практика ерекше роль атқарады. Практикалық педагогикалық жұмыста ғана бұл
қабілеттер айындалуы және де неғұрлым толық дамуы мүмкін. Балалармен бірге
қабырға газетін шығаруда болсын, көркемөнерпаздар концертін әзірлеуде
немесе балалардың көркем шығармасы көрмесін ұйымдастыруда болсын-
жорамалдау, қиялдау, ойлап шығару және өнертапқыштық болашақ мұғалімдерге
алғашқы тәрбиеленушілерімен жұмыс істегенде жақсы көмекші бола алады.
Болашақ мұғалімдердің іскерлігі олардың белсенділігі, мектептегі кез келген
іске араласуға деген елгезектігі осындай ынтымақтастықты ұйымдастыруына
жәрдемдеседі. Мектептегі әрбір жаңа күн, жаңа проблемалар әкеледі,
шығармашылық ізденісте жаңа бағыттар береді. Шығармашылықты дамыту тек
тұлғаның өзін-өзі дамыту қажеттілігіне негізделген, өзінің белсенділігін
туғызатын, шығармашылық ортада ғана тиімді. Шығармашылық орта – білімдік
үрдіс субьектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу
аймағы.
Осыдан 100 жыл бұрын жалпы философиялық және ғылыми –психологиялық
тұрғыда шығармашылық процестің ерекшеліктерін Т.Рибоның,
П.К.Энгельмейердің, С.О.Грузенбергтің арнайы зерттеулерінде алғаш рет
талданғанған.
П.К.Энгельмейердің зерттеуі өнертапқыштық шығармашылық процестің
кезеңдерін, фазаларын, стадияларын анықтады.
П.М.Якобсонның еңбегінде өнертапқыштық шығармашылық қабілеттің 7
кезеңнен, ал кәсіпкерлік қасиеттің 13 фазадан тұратындығы көрсетілген.
В.А. Моляконың диссертациялық зерттеуінде констуктурлық
шығармашылықтың негізгі 4 кезеңнен тұратындығы көрсетілген.
Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму деңгейі білім беруді,
мектепте, педагог пен оқушы тұлғасын, олардың шығармашылық әрекеті мен
жаңаша ойлауын дамытуды, жаңа педагогикалық идеяларды қалыптастыруды
реформалау дәуірі екендігі белгілі. Осындай заман талабына сай қазіргі
мектеп гармониялық жетілген тұлғаны тәрбиелей алатындай, гуманистік
бағдарда дамыталатын ашық жүйеге (системаға) айналуы тиіс. Ондай мектепте
істейтін болашақ мұғалімге жастарды оқыту мен тәрбиелеуде осы заманғы
инновациялық принциптерді жүзеге асыра алатындай білімді әрі интелектуалы
жоғары, нағыз кәсіби шебер педагог болу талаптары қойылады. Білім беруде
мұндай жаңа құндылықтарды іске асыру демократияландыру, гуманизациялау,
вариативтік, дифференциялау, тұлғалық-бағдарлау, шығармашылық әрекетті
дамыту принциптеріне сүйеніп жүргізіледі.
Бірқатар арнайы зерттеулер шығармашылық педагог болу үшін оның
бойында мынадай тұлғалық ерекше қасиеттердің болуы қажет екендігін атап
көрсетеді: ғылыми –зерттеушілік ойлауы, кәсіби-педагогикалық шеберлігі,
озат тәжірибелі сын көзбен тани білуі, өзін-өзі тәрбиелеуге үнемі ұмтылуы,
ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы т.б.
Шығармашылық болашақ мұғалімдер негізінен мынадай үш деңгейде
байқалады: бірінші деңгейдегілер – стандартты әдіс- тәсілдерді жақсы
меңгергендер; екінші деңгейдегілер – оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік жаңаша
жүйесін құра білгендер; үшінші деңгейдегілер – тиімді оқыту технологиясын
жасағандар яғни өзінің шығармашылық лабораториясын құрып алғандар.
Шығармашылық процесті жан-жақты талдаудың нәтижесінде, педагогикалық
шығармашылық қабілетті дамыту үшін ең алдымен болашақ мұғалімнің осындай
интуиция мен мотивацияның пайда болуы шарт, онан соң шабыттануы мен жаңаша
идеяны ойлап табудың негізінде тапқырлық танытып, оған сәйкес жоспар құрып,
оны табындылыққа іске асыра білуі қажет.
Педагогтық педагогикалық даярлығына байланысты Т.К.Макарьяның және
М.М.Рубинштейннің жұмыстарыда ерекше қызығушылық туғызады.
Т.К.Макарьян болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлікті игеруге
байланысты жаттығуларына арналған педагогикалық тапсырмалардың жүйесін
әзірледі. Бұл тапсырмалар болашақ мұғалімдердің педагогикалық
қызығушылығын, педагогикалық сезімін оятып, бейімділігін арттырады,
әдептілікке баулиды.Ол балалардың тәртіп бұзушылығының алдын-алу білу және
оның алдын алу шеберлігі педагогтық қасиеттің бір қыры деп санады. [3,173-
184].
М.М.Бубинштейн педагогикалық практика педагогикалық жоғары оқу орнында
оқытудың маңызды құралы ретінде қарастырды. Онсыз педагогикалық білім
беруді қалыпты деп санауға болмайды. Практикалық іс-әрекетке даярлауды
сезім мен теориялық қағидалар алмастыра алмайды.Бұл жерде білім ғана емес,
іскерліктер де қажет. Ол педагогикалық практиканы педагогикалық дағдыларды
оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін игерудің құралы ретінде тар мағынада
қарастырылды. Өткені ол бұл жанды істің атмосферасына енгенде, өзінің іске
және өмірге бейімдігін немесе оған сай емес екендігін алғаш рет шын мәнінде
сезінеді. [4.127-128].
М.М.Рубинштейн анықтаған мақсаттар әлі күнге дейін өзінің мәнін
жоғалтқан жоқ:
1. педагог болғысы келетіндерге жаңа атмосфераға енуге, оны игеруге,
оған өзінің жарамдылығын анықтауға мүмкіндік беру;
2. өзінің жеке тәжірибесі үшін екі формада: енжар (бақылау) және
белсенді (жұмыс жүргізу және байқап көру) негізі қалану;
3. өзінің практикалық тәжірибелік материалдарын жалпы педагогикалық
білім беру жұмысын да кітаптардан алған және басқада мағлұматтарды осылайша
тексеру және іске қосуда пайдалану;
4. теориялық қағидаларды осылайша тексеру, оларды практикада есепке
алу және нақты жағдаймен жұмысқа бейімдеу;
5. практикалық білімдерді олардың эмпирикалық бөлігінде тікелей алу,
мектептердің жұмыстарымен, олардың түрлерімен танысу.
Қазақстанның белгілі психолі Қ.Жарықбев шығармашыл тұлға туралы былай
дейді: Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуді басқа біреудің әдісін
қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам – шығармашыл ойдың иесі.
Б. Тұрғынбаева өзінің монографиялық еңбегінде Шығармашылық –
мәселелік сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін нәтижеде жаңа
материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті
делінген.
Ю.А. Самарцева болашақ мұғалімді жасөспірімдермен жұмыс жүргізуге
даярлау жүйесіне арнап педагогикалық тапсырмалар әзірледі.(25,114-115) Бұл
тапсырмалар белгілі бір педагогикалық жағдайлар және жалпы педагогикалық
заңдылықтар, міндеттер, іс-әрекет принциптері, оның формалары мен
әдістерінің ерекшелктері негізінде орындалатын талаптар тұжырымдалады.
Педагогика және психология бағытының болашақ мұғалімдерін даярлау
мақсаттарына қол жеткізу үшін оқу жоспары бойынша 4 түрлі практикадан өту
қарастырылған. Алдымен оқу-таныстыру практикасы ұйымдастырылып, өткізіледі.
Оқу-таныстыру практикасының міндеттеріне:
- халық шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, басқару, халыққа
әлеуметтік көмек көрсету және т.б. мекемелер жүйесіндегі психологтың
іс-әрекетімен таныстыру;
- өздерінің болашақ кәсіби іс-әрекеті мен мамандығы жайлы болашақ
мұғалімдерінің көзқарасын қалыптастыру;
- жалпы кәсіби және арнаулы пәндерді саналы түрде тереңдете игеруге
болашақ мұғалімдерді даярлау;
- болашақ мұғалімдердің таңдаған пән шеңберіндегі мінез-құлық пен қарым-
қатынастың практикалық кәсіби біліктері мен дағдыларын игеруі;
бастапқы кәсіби біліктерді, дағдыларды және тәжірибені игере алуы жатады
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар, қоғамдық дамудың
жағдайын талдау қоғамның ойлаудың жаңа типіне ие, өмірлік
мәселелерді тиімді де стандартсыз шешуге қабілетті болашақ мұғалімге
деген мұқтаждығының болуы туралы мәлімет береді. Шығармашыл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz