ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП
МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. Педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш сынып
мұғалімдерін дайындаудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Жоғары оқу орнындағы педагогикалық практиканың тарихи-
педагогикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
3. Бастауыш сынып мұғалімдерін жеке тұлға ретінде қалыптастыруда
педагогикалық практиканың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 32
4. Мектепте болашақ мұғалімдердің педагогикалық практикасын
кешенді ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 57
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Егемен еліміздің қай заңын алсақ та, білім
беру барысында жасөспірімдердің жеке бас қасиетін, тұлға ретінде
қалыптасуын және оның танымдық әрекетімен, ой-санасын дамытуға баса көңіл
бөледі. Себебі, жасөспірім – бұл болашақ маман. Осы тұрыдан алғанда,
бастауыш сыныптарда білім беретін маман дайындау мәселесі қай кезде де
өзекті істің бірі болып табылады.
Адамның жекебас болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйтқысы, мәйегі
осы бастауышта құрылатыны педагоктердің де, психологтардың да еңбектерінде
атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке
басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім.
Педагогикалық үрдіде орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді
жолмен шеше алатын, өз ісінің шебері деуге болатын, мұғалім дайындау жоғары
оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне
ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ
ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, яғни
оқушымен дұрыс қатынасқа түсу икемдігін қалыптастыру, оны әдістемелік және
теорилық жағынан дайындаумен қатар орындайтын мақсаттардың негізгілерінің
біріне айналып отыр.
Педагогикалық институттарда териялық білім берумен қатар педагогикалық
практиканы қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік құжаттар негізінде,
педагогикалық, психологиялық зерттеу жетістіктермен, алдыңғы қатарлы іс-
тәжірибелермен сабақтастыра отырып жүргізудің мүмкіндігі мол.
Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамаларының
жарық көруі, осыған орай мектеп бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнының
түбегейлі өзгеруі, бастауыш сыныптарға жаңа буын оқулықтарының енуі, білім
мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып оқытуды, оқушыларды дамыту
мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман дайындау ісіне өте
жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр.
Білім мен тәрбиенің байланысын диалектикалық тұрғыдан үнемі дамуда
және бір-бірімен байланыста түсініп, осы үрдістегі күрделі мәселелерді
дидактикалық бағдарда шеше білетін маманның тұлғасы педагогикалық практика
кезінде қалыптасады.
Орыстың белгілі ғалымдары, тіпті сонау Крупская Н.К. [1],
К.Д.Ушинскийден [2] бастап, кеңестік дәуірде Сухамлинский В.А. [3],
Каменский Я.А. [4]. А.С.Макаренка [5] т.б. атақты педагог классиктердің
бәрі де жоғары оқу орынында білім мен біліктілікті жетілдірудің және
мұғалім кадрлердің болашақтағы өз ісіне дайын болуының негізі педагогикалық
практиканың дұрыс ұйымдастырылуына байланысты екенін атап айтқан. Солай
бола тұрғанмен, әрбір мамандықты дайындауға арналған педагогикалық
практиканың өзіндік ерекшелігі, мазмұны, жүйесі бар.
Ғалым педагогтар, психолог, әдіскерлер: О.А.Абдуллин [6],
Б.Р.Айтмамбетов [7], А.Е.Әбілқасымова [8], Л.К.Керімов [9], Н.Д.Хмель [11],
Халықова К.З. [10], Қ.Әбдіжамитұлы [12] педагогикалық практиканың мақсатын,
мәнін зерттеу барысында оны жастарды мұғалімдік қызметке дайындаудың бірден-
бір үрдісі ретінде дәлелдейді. Бұл зерттеулердің әр қайсысы мұғалім
дайындау мәселесінің әр саласына арналған. Бірі педагогикалық практика
кезіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының жүйесін ашса, енді бірі
студенттерді маман етіп дайындауда педагогикалық практиканың білімдік,
тәрбиелік мәнін жүйелеуге арналған.
Теориялық, әдістемелік, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан алғанда
да, педагогикалық институттарда бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың
өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшеліктер бастауыш сыныптарға жоғары білімді
маман дайындауға арналған білім стандарты мен типтік оқу жоспарының
мазмұнынан туындайды.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне сан-салалы ғылымдар негізінен
теориялық берумен бірге бірнеше пәнді қатар оқытудің әдістемесін меңгертіп,
олардың әрқайсысына тән мазмұндық және әдістемелік ерекшеліктерін жете
білетін маман дайындау жан-жақты зерттеуді керек ететін күрделі мәселе.
Жұмыстың объктісі: педагогикалық институттарда бастауыш сынып
мұғалімін дайындау процесі.
Жұмыстың мақсаты: педагогикалық практика барысында бастауыш сынып
мұғалімдерін қазіргі талапқа сай кәсіби шеберлікке баулудың педагогикалық
және әдістемелік негізін жасау.
Жұмыстың міндеттері: педагогикалық институтта мұғалім кадрларды
дайындаудың әсіресе, бастауыш мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін
жетілдірумен айналысудың даму тарихымен танысып, оны ғылыми тұрғыда
тұжырымдау негізінде алдыңғы қатарлы әс-тәжірибелерді анықтау.
- Қазақстан бастауыш мектептеріндегі педагогикалық практиканың
қазіргі жағдайын саралап, кездескен кемшіліктерді жоюдың жолын ұсыну;
- педагогикалық практика барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің
кәсіби шеберлігін қалыптастырудың бағдарламасын жасау;
- бастауыш сыныптардағы педагогикалық практиканың алдын-ала
жүргізілетін жұмыс түрлерінің жүйесін жасау;
- бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін баулудың
әдістемелік нұсқауын эксперимент нәтижесінде ұсыну;
Жұмыстың әдістері:
- мектептегі және педагогикалық институттарда білім беру мәселесіне
байланысты жарық көрген мемлекеттік құжаттармен танысу;
- жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауға арналған
білім стандартының мазмұнын жасау;
- педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына
қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарымен және мерзімді баспа
материалдарымен танысу, оларға талдау жасау;
- бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік
нұсқауларға шолу;
- педагогикалық институттың педагогикалық практикаға арналған оқу
жоспарларымен, бағдарламаларымен және әдістемелік нұсқауларымен танысу;
- бастауыш сыныптарда студенттердің өткізетін педагогикалық
практикасының мазмұнымен, құрылысымен, оны ұйымдастырудың түрлерімен және
әдістерімен танысу;
- педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу және сауалнамалар
жүргізу;
- мектептегі оқу процесін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-
тәжірибелерімен танысу;
- педагогикалық институттағы педпрактиканың алдынала жүргізілетін
жұмыстардың мазмұнымен танысу;
Жұмыстың методологиялық негізі: таным, баулу ұғымдарының ғылыми
философиялық негізі, теория мен практиканың өзарар байланысы, болашақ
мамандардың кәсіби шеберлігі туралы педагогикалық, психологиялық
еңбектердегі жекеба қасиеттерін дамыту және оларды шығармашылыққа баулу
туралы қағидалар.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, төрт бөлім, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Педагогикалық практика барысында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау
мәселелері
1. Педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін
дайындаудың ерекшеліктері
Қазіргі кезеңде ғылымда және білім беру жүйесінде интеграция
процестерінің жедел жүзеге асуының маңыздылығы тұсында, таныиның
диалектикалық бірлігі және шындықтың қайта құрылуының маңыздылығы арта
түсуде.
Педагогикалық практика әр түрлі, әсіресе интегралды, кешенді білімді
қолдануды қажет етеді, сондықтан оны қолданудың соңғы нәтижесі жаңа білім
алу және жаңа іскерлікке үйрену болып табылады. Педагоктік мамандықтың
мәнін тану және меңгеру ұзақ уақытты керек етеді де, әлеуметтік дамудың
әрбір кезеңінде оқу-ағарту ісіне жаңа талаптар мен міндеттер қойылған сайын
жаңарып, жасарып, дамып отырады.
Қандай да болмасын маман дайындау мәселесінің нәтижелілігі теориялық
білім мен практикалық іскерліктің қабысуынан келіп туындайтыны белгілі.
Осыған байланысты педагогикалық практиканың негізгі міндеті студенттің
педагогикалық ойын дамытып, іскерлігін шыңдау.
Педагогикалық практика студенттердің өзін-өзі дамытуына, ізденуіне, өз
икемдігі мен талантын анықтауына да көмектеседі. Себебі, қазіргі таңда
педагоктер алдына қойылып отырған талаптардың басты бір саласы –
мұғалімнің, жалпы адамның өзін-өзі бағалай білуі. Сырттан біреудің берген
бағасынан гөрі адамның ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін есептей отырып, өзін-
өзі анықтауы оның бойындағы күш-қуатты шығарып қана қоймай, білімі мен
тәжірибесін орынды жерінде, тиімді пайдалануына жағдай туғызады.
Педагогикалық практика мамандық бойынша оқу-тәрбие үрдісінде
ұйымдастырылатын жұмыс түрлерін саралауға, іріктеуге, алдыңғы қатарлы іс-
тәжірибелерді тиімді қолдануға да үйретеді. Мектеп мұғалімдерінің іс-
тәжірибесінің оңтайлы, қолайлы, жаңа түрлерін бақылай білуге, анықтауға,
бағалауға, талдауға, қорытынды жасауға да төселеді. Басқа педагоктің
жұмысындағы жақсы жақтарын көре білу үлкен дайындықты, мұғалімдік этиканы,
мәдениеттілікті, білімділікті қажет етеді.
Өз ісін жете білетін маман дайындауда педагогикалық практиканың алатын
орнын айтып қана қоймай, оның ішкі мазмұнын түпкі мақсатын түсінген
педагоктер бұл туралы өз пікірлерін ертеден-ақ ортаға салып келеді.
С.Т.Шацкий “Жас мұғалімдер өмірмен байланысты педагогикалық ортада үйрену
керек. Жастар үшін академиялық қажеттілікпен шектелу және практикалық
қызметке сырттай бақылаушы ретінде қарау зиянды. Өз күшімізді байқау үшін
курстардың арнайы жағдайларында пайда болған идеяларды тексеріп көруді
дамытуымыз керек”-деп, атап көрсетті [11,69]. Осы сияқты Ресейдің
әлеуметтік тәрбие беру Академиясын басқарған белгілі педагог П.П.Блонский
де өз естелігінде “Тек лекциялар мен кітаптар арқылы ғана педагогикаға
үйрену мүмкін емес, сонымен бірге практика қажет, бірақ ол дәл көшірме
емес, шығармашылық және саналы түрде түсіну тұрғысынан болуы керек”-деп
жазған болатын [11, 75]. Сонымен қатар, Н.П.Блонский теориялық білім мен
практикалық процестің үйлесімді бірлікті болуын жақтады. Осы бағыттың
жалғасын қазіргі көрнекті ғалымдар О.А.Абдуллина [13], Ю.К.Бабанский [14],
Н.И.Болдырев [15], И.В.Кузмина [16], Б.Я.Гудзенко [17], В.А.Сластенин
[18], т.б. еңбектерінен де кездестіруге болады.
Практика таным әдісінің өзі болып табылады. Шындығында, студенттер
практика кезінде өмірден байқағанын тікелей пайымдау, мақсатты түрде
бақылау, талдау, жинақтау, дерексіздендіру және тағы басқа педагогикалық
жағдайларды бастан кешіруге мүмкіндік алады.
Практика жалпы адамзаттық танымда оның бастапқы да, соңғы да кезеңі
болып табылады. Кез-келген ғылым саласына маман дайындауда да практика
осындай қызмет атқарады. Қазіргі ғылыцми әдебиеттерде танымның концепциясын
әр-түрлі түсіндіру кездеседі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ғылыми
ұғымдар, түсініктер тәжірибеден тумайды, алдымен жоспары жасалып, теориямен
бекітілген болжамдар ұсынылады, содан соң ол тәжірибеде тексеріледі.
Студенттің танымы мектеп өмірінен басталып, көркем шығармалар оқуға,
деректі ғылыми білімдер алуға, кинофильмдер көруге, сондай-ақ, институтта
алған білімдері мен қоршаған ортадан әсер еткен жағдайларға және тәрбие
нәтижелеріне тікелей байланысты. Студенттің танымын кеңейтіп, бұрын алған
білімдері мен жинақталған тәжірибелерін іс жүзінде қолдану арқылы кәсіби
шеберлікке төселуінің бірден-бір жолы педагогикалық практика.
Методологиялық білімнің абстрактілі негізі жанама немесе тікелей
практикаға бағытталатынын атап өту керек. Студент мұғалімнің оқу-тәрбие
жұмыстарын жүргізу процесін талдай отырып, бастапқы кезде, өзі әлі оқу-
тәрбие іс-шараларын жүргізбей тұрып, алған теориялық білімін салыстырады,
оны іс жүзінде қолданудың жолын үйренеді. Сөйтіп, білімін практикада
қолдана білу мүмкіндігін тексереді. Ал, педагогикалық практика болашақ
педагоктің жеке тұлғасын қалыптастырудағы қоғамдық, әлеуметтік факторлардың
арақатынасын түсінуге, оқытудың дәстүрлі уақыт талаптарына төтеп беретін
және танымның қазіргі деңгейін көрсететін жаңа байланысын жасау үшін тиімді
жағдай жасайды. Педагогикалық практиканы студенттердің педагогикалық
іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде оның танымдық және
шығармашылық белсенділігін арттыру ғана емес, сондай-ақ олардың теориялық
білімін бекіту мен тереңдету құралы ретінде құрастыруға болады.
Педагогикалық институттарда маман дайындау мәселесінің жаңа бағыт,
жаңа мазмұн, жаңа мақсатқа ие болуына байланысты, қазіргі таңда жоғары оқу
орындарында мектептерге мұғалім мамандарды дайындау күрделі де, жауапты да
істердің біріне айналып отыр.
Нормативтік құжаттар бойынша жоғары оқу орнына келген студенттер
алғашқы күннен бастап-ақ, педагогикалық, психологиялық арнаулы пәндер
теориясымен қатар жеке пәндер әдістемесін оқып, семинарлық, практикалық
сабақтар барысында мұғалімдік жұмыстың қыры мен сырына төселе бастайды.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі іс-әрекеттерімен танысып қана қоймай,
сабақ және тәрбие жұмыстарының жоспарларын жасайды.
Студенттердің институт қабырғасында алған теориялық және практикалық
білімдері үшінші курстан бастап педагогикалық практикамен жалғасады. Бұл
бастауыш сыныптар мұғалімін дайындауға бүртұтас үрдіс ретінде қарап,
педагогикалық практика барысында студенттердің білім берудегі тек
әдістемелік дағдысын қалыптастыруға көңіл бөліп қана қоймай, олардың
теориялық білімін көтеру, тәрбие мен оқытудың дидактикалық жүйесін меңгеру
мүмкіндігін жетілдіру, сол арқылы кәсіптік шеберліктерін дамытуды
педагогикалық, психологиялық тұрғыдан негіздеудің керектігін көрсетеді.
Бастауыш сынып мұғалімі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін өз
дәрежесінде шешу үшін ең алдымен адам жайындағы ғылым салаларын меңгеріп,
күнбе-күн жедел қарқынмен өсіп, дамып отыратын жасөспірімдердің
анатомиялық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, өз
іс-әрекетінде осы ерекшеліктерді ескере білетіндей, дәрежеге жетуі тиіс.
Сонда ғана мұғалім оқушылармен бірлестікте жұмыс істеу тәсілін меңгеріп,
олармен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әмбебап білім иесі болу керек деген
пікіріміздің дәлелі – адам өмірінің бүкіл алдағы кезеңдеріне білім жағынан
да, мінез құлық ұйытқысының қалыптасуы тұрғысынан да негіз боларлықтай
іргетасы оқушылар бойында осы бастауыш сыныптан бастап қаланады. Оны мықты
етіп қалау мен негіздеу, саналы, білімді, жан-жақты дамыған, қоғамда болып
жатқан өзгерістерге тез икемделгіш, кәсіби шеберлігі қалыптасқан,
оқушылардың психологиялық ерекшелігін жете білетін маманның ғана қолынан
келеді.
Бастауыш сыныптарда сабақ берудің, тәрбие жұмысын жүргізудің теориялық
және әдістемелік мәселелерін меңгеру жан-жақты дайындықты керек ететінін өз
кезегінде мектеп ашып, ол мектептерде білім беру жүйесін жолға қоюмен
айналысып, қазақ халқының білімі, мәдениеті, сана-сезімінің көтерілуіне жол
салған Ы.Алтынсарин да айтып кеткені белгілі. Сол атақты педагог бастауыш
мектепте сабақ беруге кез-келген мұғалімнің күш-жігері, кәсіби ыңғайы келе
бермейтінін айта келіп, “Өйткені бұратана елдерінің балаларын, белгілі бір
бағыт нұсқау алмай-ақ, өз беттерімен оқыта беру оқытушылардың бәрінің
бірдей қолынан келе бермейді”-дейді [10,191].
Педагогикалық институттың бастауыш сыныптар мұғалімін дайындауға
арналған оқу жоспары мен бағдарлама мазмұны маман дайындаудың жоғары
деңгейде жүзеге асырылуын қарастырды және талап етеді. Сондықтан да, әрбір
жеке пәндердің теориялық және әдістемелік негіздері жоспарға қатар енген.
Білім беруге арналған оқу жоспарының бұл құрылымы әр пән бойынша
семинарлық, практикалық, лабораториялық сабақтар ұйымдастырып, болашақ
мамандарды аудиторияда институт қабырғасында педагогикалық практикаға
шықпас бұрын-ақ, алдынала дайындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысымыздың негізгі бір мақсаты студенттерді падагогикалық
практикаға алдынала дайындаудың жүйесін, мазмұнын, әдістемесін негіздеу.
Осыған дейінгі жарық көрген еңбектердің бәрінде дерлік, педагогикалық
практикаға дайындықтың керектігін сөз еткенмен, қандай дайындықтарды
айтатыны белгісіз болып қала береді. В.А.Сластелин педагогикалық практикаға
дейін студенттердің педагогикалық ойдың дамуына мән беру керек десе,
М.И.Лукьянова кәсіби бағдар қалыптасу үшін алдымен педагогикалық
хабардарлығы (компетентность) басым болуы шарт деген пікір айтқан.
Студенттердің сабақ барысындағы және сабақтан тыс орындайтын
жұмыстарының мазмұнын жүйелеп, оны орындаудың түрлері мен әдістерін анықтап
алу арқылы оларды педагогтік мамандыққа үздіксіз және жүйелі дайындау
мақсаты орындалады. Мұндай жұмыстарды орындау барысында студенттердің өз
мамандығының мәнісін, маңызын, келешектегі мақсатын түсіну деңгейі дамып,
танымы қалыптасады. Танымның түрі көп екені белгілі. Ғалымдардың танымы мен
студенттердің оқу білім алу кезінде қалыптасатын танымдарын салыстыруға
болмайды. Студенттер субъективтік жаңаны, ғылым бұрын зерттеп, танып
қойғанды ғана қабылдап, таниды. Ал, ғалымдар болса, жаңаны іздейді, зерттеу
жолында сәтсіздікке кездесуі де мүмкін. Соның негізінде басқа жол
іздестіріп, талай қиындыққа ұшырайды. Студенттер болса, әбден байқаудан
өткен әдіс-тәсілдерді танып, оның қолдану ретін іздестіреді. Бірақ, осы
ізденістің өзі олар үшін жаңа танымға жетелеп, жаңа ұғым береді. Сол
жаңалықты меңгеруге жетелейтінғ ізденуге жол сілтейтін, жаңалықтың іс
жүзінде қолданылу ретін көрсететін жоғары оқу орнының мұғалімі.
Студенттер әр пәнді оқығанда сол пәннің келешектегі кәсібіне
қаншалықты керектігін түсінген жағдайда ғана шығармашылыққа ұмтылып,
өздігінен ізденушіліктері күшейеді. Бәләмдерін толықтырып, қосымша
әдебиеттер оқып, өзін өзі бақылауға жұмылады. Себебі, қазіргі студент ол аз
уақыттан кейін дайын маман, ол болашағын ойлап іс істейтін тұлға. Институт
қабырғасында оқып, білім алу барысында олардың ғылыми түсініктері, түрлі
талдаулар арқылы қалыптасқан ұғымдары бар.
Соңғы жылы Білім және ғылым министрлігінің бекітіп, маман дайындауда
басшылыққа алуға ұсынған жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімін дайындауға
арналған стандартында [8] негізгі мамандықтарына қосымша мамандандыруға 500
сағат берілген. Бұл сағатты әр институт өз мүмкіндіктеріне қарай қандай
бағытта мамандандыру керектігін өздері шешеді. Қазақтың мемлекеттік қыздар
педагогика институты мамандандыру бағытына педагогикалық колледждің
мұғалімін дайындауды енгізіп, жыл сайын бітіруші студенттерге бастауыш
сыныптар мұғалімі мамандығымен қатар педагогикалық колледж мұғалімі деген
қосымша мамандық беріп келеді.
Бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындауға үлкен мән берілетіндігін
білім стандартына енген жеті түрлі практикадан-ақ, байқауға болады. Егер,
жоғары сыныптарда өткізілетін практикалар мазмұны оқыту мен тәрбие
мәселелерін қамтитын болса, бастауыш сынып педагогикалық практикалары
мектепте бастауыш буынға білім мен тәрбие беруде басшылыққа алатын жүйелі-
жүйелі мәселелердің барлық жақтарын қамтыған. Мәселен, “Мектептегі алғашқы
күндер” [3 апталық] практикасы өз алдына ерекше шешуін табуды талап ететін
мәселе. Мектеп есігін жаңа ашқан жеті жасар баланың психологиялық
дүниесінде болатын құбылыстарды кітаптан оқып меңгеруге мүлде болмайды. Оны
көзбен көріп, жүрекпен сезінген маман ғана байқай алады. Ал, бұл тұста сол
көңіл күй ерекшелігін білген маман ғана білім берудің алғашқы қадамын сәтті
бастай алмақ. Сондықтан да, болашақ бастауыш сынып мұғаліміне кәсіби бағдар
да осы практикадан басталады. Оқушылардың жаңа орынға, жаңа ұжымға,
мұғалімнің жеке басына үйреніп, өзінің бүкіл еркін, сана-сезімін оқуға,
білім алуға бағыттауы алғашқы күндердің сәтті ұйымдастырылуына тікелей
байланысты. Сондықтан да, студенттердің бұл практикасына үлкен мән беріліп,
практика кезінде кездескен ситуациялар аудитория жағдайында талданып
отырады. Сонымен қатар, ғылыми зерттеушілік жұмысын ұйымдастыруға арналған
тағы да үш апталық практика енгізілген.
Сөйтіп, студенттер үшінші курстағы педагогикалық практикаға теориялық,
практикалық, психологиялық тұрғыдан дайын келеді. Үшінші курстағы
педагогикалық практика [5 апта] институттағы аудиториялық дайындықпен қатар
осыған дейінгі үш дүркін ұйымдастырылған педагогикалық практикалар
негізінде өткізіліп, болашақ мамандардың келешектегі іс-әрекеттерінің
ғылыми практикалық негізін қалайды. Осы практикалардың бәрінің нәтижесі
төртінші курста ұйымдастырылатын алты апталық оқу-тәрбие практикасының
мазмұнымен жалғасады. Осы келтірілген деректерден бастауыш сынып мамандарын
дайындау барысында оларға кәсіби бағдар берудің мазмұны мен мақсатын
байқауға болады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың ерекшелігіне институт
қабырғасында оқылатын пәндердің әдістемелік тұрғыдан сабақтастығы да бар.
Бұл әдістемелік сабақтастықтар туралы Қазақстанның белгілі педагогі, дидакт
Р.Г.Лемберг өзінің “Оқыту әдістері” [19] еңбегінде жақсы көрсеткен. Оның
пікірі бойынша бірде-бір оқыту әдісі жұмырланып жеке дара таза қалпында
қолданылмайды, олар бір бірімен сабақтастықта, байланыста қолданғанда ғана
нәтиже береді. Мұндай жағдайда кейде негізгі әдіс келесі бір оқыту әдісінің
тәсіліне айналып кетуі ықтимал. Оқыту әдістерінің сабақтастығы мен оларды
топтау И.Я.Лернердің еңбегінде де ерекше орын алады [20]. Сондықтан да,
бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіптік шеберлікке баулуда осы жағдайлардың
бәрі де ескеріледі.
Болашақ мұғалімдердің кісіби шеберлігі педагогикалық практика
барысында шыңдалатын болса, оған дейін студенттерді педагогтік жұмысқа
дайындау институтта аудиторияда жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда
педагогикалық практиканың алдынала жүргізілетін жұмыс түрлерінің маңызы
зор. Алдынала дайындық кезінде болашақ мамандарға оқытылатын пәндердің
мазмұн сабақтастықтарын ескерумен қатар ұқсас пәндерді кіріктіре оқыту
жағына көңіл бөлінуге тиіс. Осы кезге дейін жоғары оқу орындарында әр пән
жеке-жеке оқытылуымен қатар кейде өзінен өзі сұранып тұрған мазмұн
сабақтастығы да ескерілмей келгені шындық.
Сондықтан да алдынала дайындау кезінде пән аралық кіріктіруді күшейте
отырып, барлық бастауыш сынып мұғалімдеріне оқытылатын пәндерге ортақ,
сабақтас тақырыптарды күшейтуге көңіл бөлінеді. Ол мазмұн төмендегідей
көлемді қамтыды:
1. Студенттердің бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларынң
мазмұнын, әр сынып бойынша берілетін білім көлеміне жете біліп,
меңгеруі. Бастауыш білім стандарты мен тұжырымдамасын оның
талаптарын талдай білуі.
2. Бастауыш сыныпқа арналған пәндер оқулықтарының мазмұнын,
құрылысын, оның оқушыларға деңгейлеп білім беруге сәйкестігін,
оқулықтарда берілген сұрақтар мен тапсырмалар құрылысы мен
мазмұнын талдай білу.
3. Оқулықтардың көркемдік безендірілуін, ондағы суреттер мен
сызбалардың тиімді, тиімсіз жақтарын талдап үйрену.
4. Сабақ түрлерін, осыған байланысты сабақтың құрылысын талдау.
5. Сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсатын оның тақырыбы
мен мазмұнына қарай дәлелдеу.
6. Сабақ түрлеріне, тақырыбы мен мақсатына қарай оның жоспарын жасап
жаттығу.
7. Сабақтың тақырыбына байланысты оқушылардың сабақ барысындағы
өзіндік жұмысының түрлерін талдай білу.
8. Сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыстарды тақырып пен тараулар
бойынша жүйелеу.
9. Сабақ барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдерді тақырып
мазмұны мен мақсатына байланысты саралау.
10. Оқушылардың шығармашылығын дамытудың жолдарын меңгеру.
11. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін меңгеріп, оның жоспарын
жасау.
12. Пән мазмұндарын кіріктіре оқытудың әдістерін талдай білу.
13. Оқушыға берілетін білімді міндетті және мүмкін деңгейге саралай
білуі.
14. Оқушыларға берілетін білім, білік және дағдылардың сапасын талдай
білу.
Студенттердің педагогикалық практикаға дайындау кезінде аудитория
жағдайында өткізетін сабақ үлгілерін және оқулықтар мен бағдарламалар
мазмұнына байланысты туындаған пікірлерін де олардың өзін белсенді
қатыстыра отырып талдау арқылы олардың болашақ педагог ретіндегі көзқарасы
мен біліктілігін дамытып, кәсіби бағыт беру мақсаты жүзеге асады.
Педагогикалық практиканың алдынала дайындығына студенттерге дәріс
оқыту да енеді. Дәрістің тақырыбын анықтау, жоспарын жасау, әдебиеттерін
тағайындау, лекцияның түрін белгілеу (жаңа ұғым беру, проблемалық т.б.)
мұғалімнің көмегі арқылы жүзеге асуы да, не студенттердің өздігінен
орындауы да мүмкін. Бұл студенттердің осыған дейінгі дайындығының деңгейіне
байланысты туындайтын жағдай.
Дәрістің құрылысын анықтап, конспектісін жазуды студенттер өздігінен
орындайды. Ал, оқыған дәрістің нәтижесін талдау, қорытынды жасау бүкіл топ
студенттерінің қатысымен жүзеге асады. Мұндай жұмыс түрлері арқылы
студенттердің өз білімі мен біліктілігіне деген сенімі артады. Өз білімін
бағалауға, кемшілігі мен жетістігін саралауға төселіп, мұғалімдік дағдысы
қалыптасып, кәсіби бағыт алады.
Педагогикалық практиканың алдынала жүргізілетін жұмыстар негізінде
студенттерде мұғалімге тән қасиеттер – оқушылар алдында өзін ұстау, дауыс
ырғағы мен сөйлеу шеберлігін жетілдіру, дәрісті бастау мен аяқтау, қорыту,
аудиториямен байланыс жасай білу сияқты дағдылар қалыптасады.
Педагогикалық практика жайында жазылған еңбектерде алдынала дайындық
кезеңі жеке дара бөлініп көрсетілмейді. Алдынала дайындықтың педагогикалық,
психологиялық және теориялық, әдістемелік тұрғыдан алғанда да үлкен бәрі
бар. Себебі, педагог болудың алғашқы кезеңдеріндегі ең негізгі қиындық,
студенттердің психологиялық кедергіні жойып оқушылармен қарым-қатынасты
дұрыс деңгейде шеше алмауынан туындайды.
Педагогикалық практиканың алдынала дайындық жұмысына үлкен мән беріп
отырмыз. Себебі, мұғалімнің маман ретіндегі дайындық деңгейіне оқушының
білім алу сапасы тікелей байланысты. Білім екі жақты процесс екенін
мойындасақ, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың көзі, оған түрткі болып
жағдай жасайтын мұғалімнің іс-әрекеті екенін естен шығармауға тиіспіз.
Білімді тиімді әдістер арқылы түсіндіріп, оның нәтижесінде оқушыларда ұғым
қалыптастыру мұғалім шеберлігіне тікелей байланысты. Осы кезге дейін оқу
үрдісінде мұғалім субъкт ретінде орын алып, оның әсер ететін объктісі оқушы
болса, қазіргі білім беруді демократияландыруға байланысты мұғалімнің өзі
оқушылар әрекетіне төтеп беретін объектіге айналды. Сабақта тек өз айтқанын
жүргізіп, авторитарлығы басым өктемдікпен басқаратын қалыптың тиімсіздігіне
мұғалімдер қауымының көзі жетіп отыр. Мұғалімнің күнбе-күн өзінің
психологиялық ерекшелігімен, талабымен, мүмкіндігімен, мінез-құлқымен,
ешкімге ұқсамайтын қасиетімен, тек шығармашылықпен қатынас жасауды керек
ететін қалпымен күрделеніп, оқшауланатын объектімен жұмыс істеуіне тура
келеді. Сондықтан да, мұғалім оқушылармен ынтымақтастықта, бірлестікте
жұмыс атқарып, пікір алмасу, көзқарастарын ашық айтып, оны талқылау
деңгейінде орынды және тиімді жасалған басшылық негізінде білім беру үрдісі
жүзеге асады. Оқытуды ынтымақтастықпен ұйымдастыру мұғалімнен үлкен
дайындықты және педагогикалық біліктілікті талап етеді.
Қазіргі таңда білім берудің бірлестікте, ынтымақтастықта
ұйымдастырылуына көптеген ғалымдар көңіл аударып, пікір айтуда.
Г.М.Коджаспирова мен Л.В.Бориковалар да өз еңбектерінде [10,7.]
мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатысы ынтымақтастық деңгейде
ұйымдастырылса ғана, жетістікке жете алатынын көрсетеді. Әр мұғалім өзіне
ғана тән талант иесі. Ол өз жолында кездесетін оқу-тәрбие ісіндегі күрделі
мәселелерді дер кезінде, ғылыми тұрғыда шығармашылықпен шешетін,
адамгершілігі мен мәдениеті дамыған тұлған. Сондықтан да, оның іс-әрекеті
сол сәтте, сол жағдайда туатын, бір-біріне ұқсамайтын жағдайларды дұрыс
және педагогикалық тұрғыда шешуге ыңғайлы болуға тиіс. Мұндай шешім
қабылдау сәттерінде, сол дұрыс қабылдаған шешім нәтижесінде мұғалім өзі де
қайта жаңарып, көзқарасы дамып, жаңа арнаға түсіп отырады. Мұғалімнің
шығармашылығы осындай сәттерден құрылады. Біртіндеп, бұл шешімдері
тәжірибеге айналады. Мұғалімнің шығармашылығы жаңалық табу, оны оқу-тәрбие
мәселесінде тиімді қолдану екені белгілі Осы тұрғыдан алғанды педагогикалық
практиканың маңыздылығы – студенттердің бұрын меңгерген білімі мен қазіргі
таңда қажет болған білім арасында қарама-қайшылық туады. Бұл жағдай олардың
ізденуіне жағдай жасайды.
Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы педагогикалық практика
мәселесін зерттеген көптеген ғалым әдіскерлер еңбектерінде педагогикалық
практиканың атқаратын функцияларын атап көрсеткен. Мәселен, О.А.Абдуллина
мен В.Г.Розовтардың жұмысында [6] педагогикалық практиканың білімдік,
дамытушылық, тәрбиелік мәндері ашылған.Соынмен қатар, бұл еңбектерде
педагогикалық практиканың диагностикалық маңызын баса айтады. Әрине,
педагогикалық практиканың бұл маңыздылығын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ,
педагогикалық практиканың мұғалімдердің кәсіби біліктілігін күшейтуде
алдынала ұйымдастырылатын жаттығу жұмыстарының мәнділігін басқа ешбір жұмыс
түрлері алмастыра алмайды. Бұл жоғарыда көрсеткендей, бастауыш сыныпқа
мұғалім дайындаудың өзіндік ерекшелігінен туындайды.
Біздің зерттеуімізде педагогикалық практиканың алдынала жүргізілетін
жұмысқа баса көңіл беруімізге тағы бір себеп, Н.А.Бельская мен
А.И.Пискуновтардың пікірлері бойынша студенттерге берілетін көмек
семинарлық, практикалық сабақтардың барысында педагогикалық практика
кезінде жүзеге асады дейді [21]. Шындығына келсек, педагогикалық практика
кезінде студенттерге арналған семинарлық сабақтар өтілмейді. Мұндай
сабақтардың бәрі де педагогикалық практикаға дейін ұйымдастырылып,
студенттерді мұғалімдік жұмысқа дайындау мақсатын жүзеге асырады. Ал,
педагогикалық практика кезінде ұйымдастырылатын жұмыстар мен
конференциялардың алдына қоятын мақсаттары өзінше бөлек.
Сонымен қорыта айтқанда, қоғамдық құрылыстың жаңаруы, білім жүйесінің
жаңа мазмұны, жоғары білімді маман дайындаудың жаңа стандарты, бастауыш
буынға жаңа оқулықтардың енуі, жаңа бағытта жұмыс жасайтын жаңаша ойлайтын,
жаңалықты көре білетін бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда оларға жаңаша
кәсіби бағдар беруді керек етіп отыр.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби бағыт беруде мына
мәселелерге баса көңіл аударылуға тиіс:
- болашақ мамандарға мектеп жағдайында бастауыш сынып оқушыларын жеке
тұлға ретінде дамытудың әдіс тәсілдерін меңгерту үшін, жоғары оқу
орынындағы педагогикалық психологиялық пәндер байланысын күшейтіп, оларды
кіріктіре оқытуды қамтамасыз ету;
- әр пәнді оқытудың әдістемесін болашақ мұғалімдерге меңгерту
барысында пән аралық байланыспен қоса олардың өзіндік ерекшеліктерін
(мазмұны, мақсаты, құрылысы, оқыту әдістері т.б.) талдауға көңіл бөлу;
- тәрбие жұмысының түрлері мен оларды ұйымдастыру әдістерін меңгерту
кезінде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеруге көңіл бөлу;
- бастауыш сыныптарда білім беруге арналған стандарт пен бағдарлама
мазмұнын жете түсіну;
- бастауыш сынып оқушыларына білім берудің жаңа технологиясын
меңгерген;
- білім мен тәрбиені сабақтас тұрғыдан жүргізе білетін;
- коммуникативтік мәдениеті қалыптасқан маман дайындау. Мұның
бәрін жүзеге асыру үшін, институт қабырғасында педагогикалық практиканың
алдынала ұйымдастырылатын жұмыс түріне негізгі мән беру; жоғары білім
стандартының талаптарын жүзеге асыру; педагогикалық практика кезінде
студенттің оқушыларды шығармашылыққа, дамытуға көңіл бөлу мүмкіндіктерін
қадағалау; педагогикалық практика барысында бастауыш сынып білім
бағдарламалары мен мектеп алды дайындығының білім бағдарламаларын
байланысын талдау мәселелері қамтамасыз етілуге тиіс.
Жоғарыда келтірілгендерден көріп отырғандай, педагогикалық практика
сезімдік, бейнелік, нақтылық сияқты бастамаларға дем беріп, болашақ
маманның ойлау процесін педагогикалық бағытқа меңзейді. Педагогикалық
практиканың өзіне тән ерекшелігі жалпы да, мәнді де көзге бірден шалына
қоймаса да, өз тұрғысында нәтижесін беріп отыратын көптеген элементтерден
тұрады.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне педагогикалық практика кезінде кәсіби
бағдар беруде ең алдымен негізге алынатын жағдай, олардың ұйымдастырушылық
шеберліктерін жетілдіруге көңіл аудару. Ұйымдастырушылық шеберлігі дамыған
мұғалім ғана керекті материалды іріктеп, оның білім берудегі маңзын
айқындап, берілетін білімнің мақсатын саралап, керекті құралдарын дайындап,
оқытудың әдіс-тәсілдерін іріктей алады. Бастауыш сыныптағы көп пәнділік,
тұрғысынан алғанда бұл өте керекті де, қажет те, міндетті де, кәсіби бағыт.
Жоғарыда көрсетіп кеткендей, бұл бағытқа бағдарлау да алдынала дайындық
кезінде оқу-әдістемелік кешендері пайдаланып, онымен жұмыс жасап жаттығу
арқылы, сол дайындықтарының нәтижесін педагогикалық практика кезінде жүзеге
асыру барысында шыңдалып беки түседі.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің бұл икемдіктерін кейбір ғалымдардың
анықтамасына сүйенсек, құрастырушылық шеберлігі деп те атауға болады.
Педагогикалық практика барысында болашақ мамандардың мұндай құрастырушылық
икемдіктерін жетілдіру арқылы олардың кәсіби бағытына негіз салынады.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби бағдар беру қазіргі таңдағы
қоғамдық құрылыс тарапынан, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық
ерекшеліктері негізінде, берілетін білімнің көп пәнділігі мен жаңа буын
оқулықтарының білім беру жүйесіне іс жүзінде енуімен оқшауланады.
2. Жоғары оқу орнындағы педагогикалық практиканың тарихи-педагогикалық
сипаттамасы
Білім беру жүйесінің алғашқы табалдырығы мектепке дейінгі мекемелерге
мамандар дайындау көкейтесті мәселе болып отыр. Оған дәлел “Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың
педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7 %-ның жоғары білімі, 52,8 %-ның
анрнаулы орта педагогикалық білімі және 2,1 %-ның орта білімі бар. Мектепке
дейінгі ұйымдар педагогтарының 40 %-ның ғана жоғары және бірінші санаттары
бар, ал 31,2 %-ның санаты жоқ” делінген [8,17]. Бұдан шығатын қорытынды
болашақ мамандарды саналы дайындауды жоғары оқу орнына жүктеп отыр. Болашақ
мамандардың кәсіптік даярлығында педагогикалық практиканың алатын орны
ерекше. Педагогикалық практика барысында студенттердің бойында
педагогикалық дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыру оның дербес
әрекетінің шешуші, нақты алғышарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында “Білім алушылардың
кәсіптік практикасы мамандар мен жұмысшылар даярлаудың бір бөлігі болып
табылады, ол практика базасы болып табылатын тиісті ұйымдарда жүргізіледі
және білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінде алған білімді бекітуге
практикалар дағдылар алу мен озық тәжірибені меңгеруге бағытталады”
делінген [8,20].
Бастауыш сынып мұғалімі мамандығын дайындауда, оның ішінде кәсіби
бағыттылығын қалыптастыруда педагогикалық пратиканы ұйымдастырудың ең
тиімді жолдарын, ғылыми теориялық негізін, мүмкіндіктерін анықтауда алдымен
практика ұғымына талдау жасауды жөн көрдік.
“Практика” ұғымы Ежелгі Грекияда енген, “қимыл, әрекет” деген мағынаны
білдіреді. “Адам өз бойының ақиқаттығын, яғни шындығы мен күш қуатын, осы
дүниелік екендігін практикада дәлелдеуі тиіс”. Философиялық сөздікте
“Практика – қоғамның дамуын қамтамасыз ететін адамдар әрекеті. Адамдар
өмірінің негізін құрайтын материалдық өндірістің объктивтік процесі”
делінген [5,27]. Практика қазіргі философияның іргелі категориясы болып,
диалектикалық материализмде практика – ақиқаттың өлшемі ретінде анықталған.
Адам практика жүзінде әрекет жасай отырып, өзінің алдына белгілі мақсаттар
қояды, бұл мақсаттарда оның айналасындағы құбылыстарды түсінуі, оның білімі
көрсетіледі. Ағылшын философы Ф.Бэкон танымының қайнар көзі практика,
бақылау, эксперимент, білім тәжірибеден шығады десе, француз ғалымы
Р.Декарт ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін
сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін
түсіреді [9,7].
Шындығында, студенттер практика кезінде өмірден байқағанын тікелей
пайымдау, мақсатты түрде бақылау, талдау, жинақтау, дерексіздендіру және
тағы басқа педагогикалық жағдайларды бастан кешіруге мүмкіндік алады.

болып табылады. Кез келген ғылым саласына маман дайындауда да практика
осындай қызмет атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде практика және танымның
тұжырымдамасын әр түрлі түсіндіру кездеседі. Идеалист философтар Юм [7,3],
Кант [7,5], Мах [7,9], Рассел [7,11] және басқалар танып білу үшін
практиканың маңызы екенін мойындай отырып, оны бұрмалайды да, тек қана
рухани қызметке әкеп саяды. Прагматизм өкілдері Дж.Дьюи [7,17], Шиллер
[7,27] субъктінің өз басының толғаныстары саласындағы қызметін практика деп
түсінеді, ал объективті идеалист Гегель практиканы белгілі бір мақсаттарды
жүзеге асыратын адамның шығармашылық теориялық қызметімен теңестіреді.
“Практика – танып білудің негізі” мұның өзі адамның танып білуінің, яғни ең
қарапайым түсініктерден бастап, ақылдың ең абстракты құрылымдарына дейін
практика негізінде дамиды.
Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ғылымда ұғымдар, түсініктер
тәжірибеден тумайды, алдымен жоспары жасалып, теориямен бекітілген
болжамдар ұсынылады, содан соң ол тәжірибеде тексеріледі. Басқа бағытты
жақтаушылардың тұжырымдары бойынша “тәжірибе теорияны өмірге әкеледі”, яғни
тәждірибеден алынғандар бұрынғы теориямен қақтығысады да, оны жоққа шығарып
жаңаларын дүниеге әкеледі. Сезімдік пен рационалдық, тәжірибе мен терияның
арақатысы, олардың бір-бірімен байланысы күрделі үрдіс. Бұларды бір-біріне
қарама-қарсы қоюға болмайды.
Практикадан теорияға және теориядан практикаға ауысу заңдылық деп
санаймыз. Студенттің танымын кеңейтіп, бұрын алған білімдері мен
жинақталған тәжірибелерін іс жүзінде қолдану арқылы кәсіби бағыттылығын
қалыптастырудың төселуінің бірден-бір жолы – педагогикалық практика.
Қ.Әбішев өзінің еңбектерінде “практика, іс-әрекеттер – адамдардың
дүниені игеріп, сол арқылы өзін, өз болмысын өзгерту, жарату, жасау
қызметі. Адамдар рухани нәтижелерді, яғни, сезімдерді, ұғымдарды,
түсініктерді, жалпы дүниенің оған қажет сан алуан бейнелерін тікелей
практика түрінде жасайды”, - деп практиканың адам өміріндегі маңызын жоғары
бағалаған [9,77]. Әдіснамалық білімнің абстрактілік негізі жанама немесе
тікелей практикаға бағытталатынын атап өту керек. Қорыта айтқанда,
материалистік диалектика теория мен практика арасындағы философия ғылымында
ертеректе орын алған метафизикалық үзікті жойды, практиканы ақиқат
категориясы ретінде анықтап, оның дүниені өзгертудегі басымдылық мәнін
ашты. Студент тәрбиешінің оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу процесін талдай
отырып, бастапқы кезде, өзі әлі оқу-тәрбие іс-шараларын жүргізбей тұрып,
алған теориялық білімін салыстырады, оын іс жүзінде қолданудың жолын
үйренеді. Сөйтіп, білімін практикада қолдана білу мүмкіндігін тексереді.
Ал, педагогикалық практика болашақ педагогтің жеке тұлғасын
қалыптастырудағы қоғамдық, әлеуметтік факторлардың ара қатынасын түсінуге,
оқытудың дәстүрлі уақыт талаптарына төтеп беретін және шығармашылық
белсенділігін арттыру ғана емес, сондай-ақ олардың теориялық білімін бекіту
мен тереңдету құралы ретінде қарастыруға болады. Адамның жан дүниесінің сан
қырлы сырларын зерттейтін психология ғылымының жаңалықтары педагогикалық
практика мазмұнын әдіс-тәсілдерін айқындауға маңызды рөл атқарады. Жоғарыда
айтылған практика танымның негізі деген тұжырымнан кейін қалай танудың
өзіндік психологиялық негіздері болмақ.
Психолог С.Л.Рубинштейн педагогикалық практиканың қызметіне:
“Педагогикалық дағдыларды меңгеруі, педагогикалық диагностикалау жолы,
практика білім беру құралы, жалпы және теорияны шығармашылықпен қайта өңдеу
жолы, терең білім беру құралы”-деп анықтама берген [22].
Еліміздегі психология ғылымының дамуына үлес қосып келген ғалымдар
М.Мұханов [23], Т.Тәжібаев [24], А.Темірбеков [25], С.Балаубаев [26],
Қ.Жарықбаев [27], Ә.Алдамұратов [28], Х.Шериязданов [29] және т.б.
еңбектерінде ұстаз психологиясы, адамның іс-әрекеті және практиканың
педагогикалық оқу орнындағы болашақ маман дайындаудағы орны туралы жоғары
баға берген.
М.Мұхановтың ұстаз психологиясына шеберлігі, мамандыққа лайықты
сапаларды тізіп көрсете келе, педагогикалық практика арқылы жоғары оқу орны
студенттерге кәсіби бағыттылық пен шеберліктің өзіне тән ерекшелігін ашып
көрсетудің маңызы зор екендігін айтқан [23].
Психолог А.Темірбеков “Адам әрбір әрекетке әдейілеп жаттығып,
үйреншікті қалыпқа, дағды айналдырады” деген пікірінен біз практика арқылы
болашақ мамандарға қажетті көптеген кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады деп тұжырымдаймыз [25].
Педагогикалық сөздікте “Практика дегеніміз – адамдардың табиғатты және
қоғамды қайта құруға бағытталған қоғамдық, материалдық және мақсатқа лайық
қызметі”, -деп анықтама берілген [29]. Дегенмен, педагогикалық практиканы
бүртұтас педагогикалық жүйе ретінде зерттеу тарихына тоқсталсақ, кеңестік
дәуірдегі және Қазақстан Республикасындағы егеменді ел болып өз мәселелерін
өзі шешуге бағыт алған кезеңдегі ізденістерді қамтуға тиіспіз. Өткенге
тағзым ете қарамай, бүгінгіні бағалай аламаймыз. Әр кезеңнің қоғамдық
саясаты мен білім беру жүйесіне қойылатын талаптардың байланыстылығын
ескерсек, көзге бірден шалынаты, кеңестік дәуірде педагогикалық практиканың
құндылығы бірдей бағытта тәрбиеленген, білім алған, коммунистік туралы
идеялармен сусындаған мамандар дайындаумен бағаланғандығы. Осы тұста
педагогикалық практиканың маңызын тарихи тұрғыдан талдап зерттеген
Н.Г.Кушков революцияға дейін педагогикалық университетті бітірген
мұғалімдерді бір жыл гимназияға практикадан өтуге қалдырылғанын айтады
[29,77].
1920 жылдары жоғары педагогикалық оқу орындарында бірыңғай оқу
жоспарлары мен бағдарламалары болған жоқ. Қоғамыдық-саяси, арнаулы және
педагогикалық-психологиялық пәндерді үйлесімді оқытудың жан-жақты жолдары
басты назарда болды. Жалпы педагогикалық цикл көп пәнділігімен сипат алды.
Басты жұмыс бағыты мамандардың терең теориялық біліміне ғана бағытталып,
практика тек ақырғы оқу кезеңінде ұйымдастырылып, оның төрт пайызын бөлді.
Бұл жәйт Н.К.Крупскаяның болашақ педагогтарды дайындауда теория мен
практиканың ұштастырып жүргізу принциптерін басшылыққа алу және өмірмен
тығыз байланыстылығын қамтамасыз ету қажеттілігі теориясына қайшы келіп
сынға ұшырады. 1920 жылдары болашақ мамандарды дайындау мәселелерінің әр
түрлі аспектілерін Н.К.Крупская көтерді. Ғалым ұстаз болашақ мамандардың
теориялық, практикалық дайындығын күшейтудің бағдарламасын ұсынып, төменгі
курстарда теориялық білімге ерекше мән беріліп, жоғары курстарда теориялық
білімдерін практика кезінде тиянақтап, педагогикалық әрекеттерін
ұйымдастыру қажет деген ұсыныс айтты [1, 78]. А.В.Луначарскийдің еңбектерін
педагогикалық практиканы ұйымдастыру жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие
процесін арттырып, біліктілігін жетілдірудегі маңызын бағалай келе,
“балалардың мектеп өміріне көбірек еркіндік бере білетін, оларды дербес іс-
әрекетке үйрету біліктілігіне ие тәрбиеші дағдыларын жақсы меңгеруі керек”,-
деп жазды. Мұғалім қауымының білім берудегі әдіс-тәсілдерді меңгеруі тек
теориялық білім алумен шектелмей, оның іс-жүзінде үздіксіз жаттығуының
негізінде ғана біліктілігі қалыптасатынын айтып, педагогикалық шеберліктің
шыңдалу жолдарын көрсеткен [3,37].
1932 жылы жоғары педагогикалық оқу орындарының біртұтас жүйесінің
іргетасы қалыптасып, онда жалпы педагогикалық даярлық – педагогикалық
институттарда кәсіби педагог маман даярлаудың өздік жұмыс компоненті
ретінде қарастырылды. Оқу жоспарларында педагогика тарихы пәндері бойынша
өздік курстар ұйымдастырылып, тәрбиеші ұстаз даярлау құрылымында теориялық
оқуту мен педагогикалық практиканы қатар жүргізу шаралары қарастырыла
бастайды. 1930 жылдан бастап қана педагогика дербес пән ретінде жоғары оқу
орындарының оқу жоспарынан өзіне лайықты орынға ие болады.
КХК-ның 1936 жылғы қабылданған “Жоғары оқу орындарының жұмысы және
жоғары мектепті басқару жөніндегі” қаулысында “Өндірістік практика бүкіл
оқу процесінің құрамды бөлігі болуы және теориялық білімдерді жақсырақ
игеріп, оларды өзінің практикалық іс-әрекетінде қолдануға көмектесуі тиіс”-
деп көрсетілген [8,77].
Педагогикалық практикаға ерекше мән берген К.Д.Ушинский болатын. Ұстаз
ғалымның пікірінше: “Оқыту әдісін кітаптан немесе мұғалім сөзінен үйренуге
болады, ал бұл әдісті дағдыға айналдыру тек ұзақ уақыт практика нәтижесінде
келеді”. А.С.Макаренко педагогикалық практика барысында студент практикалық
сабақ жаттығулар арқылы педагогикалық әрекетті меңгереді, өзін-өзі сыннан
өткізеді деген [13,7].
1940-1960 жылдары негізгі оқу пәндері (педагогика, педагогика тарихы)
бойынша тұрақты оқу жоспарлары, тұрақты оқу пәндерінің құрылымы белгіленді.
Сонымен қатар болашақ педагогтың теориялық және практикалық даярлығының
бірлігіне қол жеткізуге бағытталған ізденістер, педагогикалық практиканы
жетілдіруге арналған жоспарлар тоқтаусыз жүргізілді.
1950 жылдары педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу жоспарында
теориялық білім беруге аз сағат бөлініп, өндірістік практиканың уақыты
ұзартылды.
1956-1967 оқу жылынан бастап жоғары педагогикалық практикаға арналған
уақыт екі есе артық белгіленіп, студенттердің теориялық даярлығына
бөлінетін уақыт едәуір қысқартылды (130 сағаттан 90 сағатқа дейін,
педагогика пәні бойынша), алайда 1960-1961 оқу жылында практикаға бөлінген
аптасының саны тағы қысқартылды. Осы жылы “Студенттердің педагогикалық
практикасын ұйымдастыру және студенттердің мектепте жұмыс істеуге
практикалық әзірлігін жақсарту шаралары туралы” бұйрық жарық көрді. Осы
бұйрық негізінде оқу және өндірістік тәжірибе деп аталатын практика оқу
жоспарында белгіленіп, педагогикалық практика барысындағы студенттердің
дербес жұмыстары, шығармашылық біліктілік және дағдыларын арттыру жолдарына
ерекше мән берілді.
1960 жылдары педагогикалық практиканың мазмұны, ұйымдастырылуы және
нормативтік құжаттары, бағдарламалары бекітілді. Онда педагогикалық
практиканың үш түрі: Танысу практикасы (1-2 курс), жазғы педагогикалық
практика (2-3 курс), мектеппедагогикалық практика (3-5 курс) барысында
болашақ мамандардың меңгеретін практикалық біліктіліктері мен дағдыларының
ерекшелігі көрсетілді. Ал, болашақ мамандардың біліктіліктері мен
қабілеттерін дамыту бағытындағы зерттеулер Е.И.Антипова [30], Н.Н.Негаев
[31], А.В.Усова [32] еңбектерінде барынша ғылыми-педагогикалық тұрғыда
қарастырылған.
1972 жылы Оқу министрлігінің “Педагогикалық институттардың
педагогикалық практикасын ұйымдастыру және өткізу” туралы шығарған нұсқауы
осы келеңсіз жағдайларды жолға қоюдың алғашқы бастамалары іспетті болды.
Нұсқау мазмұнында жоғары педагогикалық оқу орнында өткізілетін
педагогикалық практиканың түрлері, ұйымдастыру жоспары, студенттердің
міндеттері мен тәлімгер ұстаздардың жетекшілігі туралы нақты
бағыттарайтылды.
1985-1986 оқу жылында педагогикалық оқу орындарына арналған жаңа оқу
жоспарлары енгізілді. Себебі, заман талаптарына сай болашақ маман жұмысының
маңызды кепілдіктерінің бірі тек өзіне деген жауапкершілікпен шектелмей,
жұмыс практика барысында ішкі бостандықты сезіне білуі. Болашақ маман
сапалы оқыту процесін қамтамасыз етуші етуші тұлға, оқу сапасын арттырушы
ретінде таныла білуі керек деген басты талаптар қарастырылды. Н.В.Кузьмин
педагогикалық әрекетті зерттеу әдістерін, болашақ мұғалімнің дайындығы
жүйесінде және оның алғашқы тәжірибесі кезінде маңызды кәсіби сапаларының
даму механизмі мен ретін көрсете отырып, педагогикалық іс-әрекеттің
құрылымын анықтайды [33].
Студенттердің педагогикалық практикасының жалпы мазмұндық мәселелері
1987 жылы бекітілген жоғары оқу орындарының бағдарламаларында жан-жақты
баяндалды. Онда студенттердің педагогикалық практикасын барлық курс
барысында жоспарлап, үздіксіз өткізудің қажеттілігі дәйекті түрде
баяндалды.
Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин сияқты алыптардың ой-пікірлерінде тәрбиеші, мұғалім туралы ой-
тұжырымдары ерекше орын алады[34]. А.Құнанбаевтың “Адам баласы көзімен
көріп, құлақпен естіп, қолымен ұстап, тілімен татып, мұрнымен иіскеп
тыстағы дүниеден хабар алады”, “адам баласы туа есті болмайды. Естіп,
ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында
болады” деген көзқарасынан білімін практикада тексерген жағдайда ғана
санада берік болатындығын, біліктілігі мен дағдысы жетілген маман
даярланатындығын тұжырымдаймыз. Ы.Алтынсарин мұғалімдердің оқыту тәсілдерін
үнемі жетілдіріп отыруын, мектептегі бүкіл жетістіктер оның беделіне,
білімі мен біліктілігіне өз жұмысын жан тәнімен сүйе білгеніне байланысты
дейді. Мұның өзі болашақ мамандарды жоғары оқу орнында теориялық және
практикалық тұрғыда дайындау қажеттігін меңзейді.
Ғ.Қарашев мұғалім болған адамның шәкірттері риза болатындай мінезі,
оларды толық қанағаттандыратындай білімі болуы керек. Ондай білімі жоқ
ұстаздан шәкірт тәлім көре алмайды деп мұғалімдерге талап қояды. Ақынның
бұл пікірінен педагогикалық оқу орнынан мұғалімдерді дайындауға ерекше мән
беру керектігін түйіндейміз.
С.Көбеев айтқанын орындата алмайтын ұстаздарды этикасы жоқ деп
кіналамай, онда балаға әсер етудің тәжірибелік қоры аз, амал-тәсілдерінің
жүйесі түзелмеген, яғни өзіндік тактикасы жетілмеген дейді. Белгілі
ұстаздың пікірі бүгінгі болашақ мамандарды педагогикалық практика барысында
кәсіби бағдарын қалыптастыруда маңызы зор.
Ж.Аймауытов ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz