Педагогикалық практиканың міндеттері
Жоспар
1.Кіріспе
2.Педагогикалық практиканың міндеттері
3. Педагогикалық практика мазмұнының ерекшеліктері
4. Педагогикалық практиканы ұйымдастыру ерекшеліктері
5.Студенттерді педагогикалық практикаға даярлау
6. Қорытынды
Кіріспе
Мұғалім мамандығы – жер жүзіндегі ең игілікті мамандық. Себебі ол
өзінің білімімен, ақыл-парасатымен, яғни бүкіл болмысымен қоғамның болашақ
азаматының тұлғасын сомдап дамытуда әлеуметтік маңызды қызмет атқарады. Оқу
және тәрбие процесін ұйымдастыра отыра тұлғаның қабілетін шыңдайды, қысқасы
оның толыққанды әлеуметтенуіне көмектеседі. Адам өзі өмір сүргеннен бері
әрдайым оқып білуге, өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға, өмір тәжірибесін
саналы мақсаткерлік тұрғыда меңгеруге талпынады.
Осындай бір керемет мамандықты игеруде жас педагогтар үшін
Педагогикалық практика маңызды роль атқарады. Класпен алғаш кездескен жас
педагогтар, жаңадан үйреніп жүрген тәрбиешілер, практикадағы студенттер
класпен қарым-қатынас жасаудың өте қиын екендігін айтады. Педагогикалық
практика кезінде мынадай сұрақтар практиканттарды жиі мазалайды:
Балалармен қалай сөйлесу керек?, Әзіл айтуға бола ма?, Балалр неге
тыңдамайды?, Ұялшақтықты қалай жеңуге болады? және т.б. Бұл сұрақтар
педагогикалық қарым-қатынасты толық меңгергеннің нәтижесі. А.С.Макаренко
былай деп жазған болатын: Мен үшін менің практикамда, сондай-ақ сіздер
үшін, көптеген тәжірибелі мұғалімдер үшін мұндай сырттан қарағанда түкке
тұрмайтындар; қалай тұру, стол қасындағы орындыққа қалай отырып, қалай
дауыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. Бізді бұған ешкім
үйретпеді, ал мұны үйренуге болады, және үйрену қажет те, ең үлкен
шеберліктің мәні осы және де мұғалімнің жан-жақты білімді, тәрбиелі болуы
тиіс
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқыту ісінде теориялық
даярлық, қоғамдық, педагогикалық және арнайы ғылымдарды үйрету
студенттердің практикалық педагогикалық қызметімен үйлестіріле жүргізіледі,
ал оны ұйымдастырудын негізгі формасы — педагогикалық практика.
Мұғалімдердің кәсіптік даярлығын арттыруға деген талаптың жылма-жыл күшейіп
отыруына байланысты студентердің педагогикалық практикасы ұдайы жетілдіріле
түсуде. Қазіргі кезде оның өзі педагогика институттарының оқу жоспарында
елеулі орын алып, мұғалімдерді даярлау жүйесінің маңызды компонентіне
айналды.
Теориялық курстарда тәрбиелеу мен оқытудың ғылыми логикасы айқындалады.
Оқу-тәрбие процесінің принциптері мен методикалары психологиялық-
педагогикалық ғылымдар - жүйесінде (педагогика, психология, тарих, оқыту
жұмыстарының методикасы және оқыту методикасы) тиянақты оқытылады. Соның
нәтижесінде
оқу –тәрбие процестері, оның мәні, заңдылықтары, даму факторлары мен
жағдайлары туралы ғылыми білім қалыптасады.
Алайда теориялық білімді игеру оны дербес жұмыс тәжірибесінде жүзеге
асыруға кепілдік бере алмайды. Мұндай кепілдік беру үшін теорияны жүйелі
түрде игерумен қоса, практикалық педагогикалық іскерлікті үнемі жетілдіріп
отыру қажет.
Мұғалімдерді кәсіптік даярлауда педагогикалық практиканың
ролін бір жақты қарастыруға болмайды. Оны тек теориялық оқытудан кейінгі
педагогикалық іскерлікті практикада орындау деп қана түсінуге болмайды.
Теория мен практиканың байланысы педагогиқалық жоғары оқу орындарында
оқытудың басты принципі
ретінде болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың күрделі
диалектикасы ретінде қамтып көрсетеді. Бір жағынан,
қажетті педагогикалық білімсіз нақты оқу-тәрбие процесін түсінуге және оны
басқаруға болмайды. Екіншіден, жанды фактілерге сүйенбей нақты мектеп
қызметіне талдау жасамай тұрып, оқыту және тәрбнелеу теориясын терең,
әрі жете түсіну мүмкін емес. Демек, жоғары оқу орнында оқып жүрген барлық
жылдар ішіндегі оқушылармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстар теория
мен
практика арасында табиғи байланыс орнатуға жәрдемдеседі.
Педагогикалық практиканың маңызды міндеттері
оқу-тәрбие процестерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену,
олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Мұндай іскерлікті
саналы түрде үйрену қажет. Тәрбиелеу мен оқыту педагогикасын және
психологиясын терең үйрену мұғалімдер қолына құрал береді, педагогнкалық
құбылыс механизмін жете түсінуіне мүмкіндік береді.
Нақты оқу-тәрбие процесін, балалар мен педагогтардың әрекетін бақылаудың,
мәселен, табиғатты бақылаудан түбегейлі айырмашылығы бар. Бақылаушы-
студенттің қатысуы (оның үстіне студенттер тобымен қатысқан жағдайда)
жағдайдың табиғилығын бұзуы, тіпті құбылыс мәнін өзгертуі мүмкін. Егер
жасөспірімдер бір-біріне жақсы көретін өлеңдерін оқу үшін, өздерін
толғандыратын өнегелі проблемалар туралы әңгімелесу үшін мен жиналса,
мұндайда өздерінің сүйікті мұғалімі болса, онда бұл басқа мәселе. Мұндайда
мұғалімнің бөгеттігі жоқ. Мұғалім мен оқушылар бірін-бірі түсінеді
ашық әнгіме-дүкен құрады. Олардың өзіндік, сенімді педагогикалық қарым-
қатынас стилі қалыптасқан, соның нәтижесінде оқушылардың өнегелілігі,
азаматтық қалыптасуы дами түседі. Ал егерде олардың арасында бақылаушы
болса, ол мүлде басқаша мәселе. Сондықтанда дұрыс педагогикалық бақылауды
ұйымдастырудын, қажетті жағдайы оқушылармен және мұғалімдермен өзара
белсенді әрекет болып саналады.
Мұндайда үйреншікті жағдайды бұзатын бөгде адам ретінде қалып қоюға
болмайды. Тәрбие процесі — бұл бұрыннан белгілі сценарий бойынша қойылған,
оны алдын ала әлде неше рет оқуға, автор ойынан шықпаған жағдайда қайталап
ойнауға болатын спектакль емес.
Оқушы тәрбиесі — бұл олардық өмірін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру. Осы
өмірге өзіқ тікелей араласпай оны тану, күрделі тәрбие процестерінің
барлық астарын түсіну мүмкін.
Сонымен, теорияны терең түсінуді белсенді педагогикалық қызметпен
үйлестіруге негізделген оку-тәрбие процесіндегі педагогикалық бақылау —
педагогикалық практикалық алғашқы күнінен бастап -ақ жетекші міндеттердің
біріне айналады.
Педагогикалық практика үшінші курстың екінші семестрінде басталады.
Әзіріне болашақ мұғалім ретінде мектеп табалдырығын аттағанда толқымайтын,
толғанбайтын студент жоқ. Былайша, мектеп те, сынып бөлмелері, мұғалімдер
кабинеті, кеше ғана өзін жақсы, әрі
еркін сезінген үлкен мектеп коллектівінің күрделі өмірі де таныс секілді.
Бірақ енді сен педагогика институтының студенті болдың да, мектепте
практикаға келдің. Енді сенің өзіне кластағы, мектептегі балалардың өмірі
қызғылықты болатындай етіп ұйымдастыруды үйренуін керек.
Студенттердін педагогикалық практика алдында ерекше толқуының басты
себептерінің бірі — олардың өз күшіне, қабілетіне сенімсіздігі. Мұның өзі
кейбір практиканттардың оқушылармен дербес тәрбие
жұмысына тез, белсенді, әрі ынталана кірісуіне бөгет
жасайды. Мұндайда студенттер алғашқы практикалық қадамынан қанағаттана
алмай, өзін педагогикалық қызметке мүлде қабілетсізбін деп ойлап, кәсібінен
тансақтай бастайды. Мұндай құбылыс жиі байқалады, бұл түсінікті. Тіпті ұзақ
жыл ойдағыдай жұмыс істеген тәжірибелі мұғалімніқ өзі де жана класпен
кездесер алдында әрдайым толғанады. Кейде талантты мұғалімнің өзі нағыз
дұрыс шешім таба алмайтын кездері болады. Ал, кейбір мұғалімдердің бір-екі
жыл жұмыс істегенімен оқушылармен ортақ тіл таба алмайтыны, олармен дұрыс
қарым-қатынас жасай білмейтіндігі де жиі ұшырасады. Мұндай
жағдайдық жиі болатын себебі, олар сүреңсіз бір амалды ғана қолданады: тым
қаталдығымен оқушыларға жек көрінішті болады, олардан оқшауланып қалады
немесе керісінше, оқушылардың айтқанын мақұлдаймын деп солардың жетегінде
кетеді.
Балалармен дұрыс педагогикалық қарым-қатынас орнату педагогикалық
іскерлікке байланысты. Мұндай іскерлікті меңгеру — ерекше міндет, оның өзі
педагогикалық практика барысында, әсіресе бірінші курста шешіледі.
Неден бастау керек? Оқушылармен қалайша тіл табысып, ықпал етуге,
тілектестік қарым-қатынас орнатуға болады? Іскер мұғалімдер бұл сұрақтарға
өз тәжірибесінен өзі бақылап, талдап жүрген басқа мұғалімдердін,
тәжірибесінен жауап табады. Студент-практиканттардың өз тәжірибесі
болмайды. Бұл іске басқаның тәжірибесін қайталау нәтижесі бермейтіндігін
оп-оңай аңғаруға болады.
Педагогикалық қарым-қатынастағы іскерліктІ қалыптастыру негіздері алдыңғы
тарауда айтылған болатын. Әрине біркелкі балалар, біркелкі класс
болмағанымен, жалпы педагогикалық заңдылық әрбір нақты жағдайда дұрыс жол
табуға мүмкіндік береді. Антон Семенович Макаренко ең қиын кластарда
біркелкі ойдағыдай жұмыс істеген мұғалімдерді әр алуан түрде, жақсы
сипаттап
жазды. Әрине Антон Семеновичтің таланты қайталапбайтын құбылыс, алайда оған
және оның әріптестеріне балалар психологиясын жете білуі, балалардың,
жасөспірімдердің, жеткіншектердің жеке дара ерекшеліктерін, олардың қажеті
мен мүддесін, тұрмыс жағдайын т. б.
түсінуі жәрдемдескені сөзсіз.
Мектеп оқушыларының ерекшеліктерін, оқушылар коллективінің
ерекшеліктерін зерттсп, түсінуге психология курсы жәрдемдеседі. Өйткені бұл
курста жеке адамның психикалық ерекшеліктерін зерттеудің жалпы тәсілдері,
амалдары беріліп, оның өзі оқыту мен тәрбиелеуде дербес ықпалды қолдануға
жәрдемдеседі. Сабақта тәртіптің нашарлағанын байқаған мұғалім әр класта
біркелкі әрекет етпейді. Бір класта ол қаталырақ болып, барлығына талапты
күшейтеді, өйткені бұл класта берік коллективтік қатынас, күшті актив
қалыптасқан. Ал екіншісінде — кейбір оқушыларға ықпал етеді, өйткені мұнда
нағыз коллектив жоқ, олардың арасында басқалар қорқатын бұзақылар бар.
Оның үстіне әрбір бұзақының өзіне дербес ықпал қажет, олар да алуан
түрлі.
Педагогикалық практикада жекелеген оқушылармен де, оқушылар
коллективімен де педагогикалық бірлікте әрекет еткенде ғана оларды танып
білуге жәрдемдеседі. Адам дербестігі тек әрекетте ғана қалыптасады,
көрінеді. Бүгін сен немен шұғылданасың деген тура сұраққа оқушылардан
бүгін бір түрлі, ертең басқа түрлі жауап
алуға болады; кейде тіпті шын жауап ала алмауың да мүмкін. Оқушылар кез
келген әрекетке қатыса отырып өзінің құштарлығын, икемділігін жасыра
алмайды.
Сонымен, педагогикалық практика процесінде болашақ мұғалімнің
педагогикалық іскерлігі мен өзіне тән кәсіптік сапаларын қалыптастыру
міндеті шешіледі, ал оған мыналар жатады:
қогамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді
орнықтыру, тереңдету, әрі байыту, оларды нақтылы оқу-тәрбне міндеттерінде
шешуге қолдану;
мүғалім мамандығына деген ықыласы мен сүйіспеншілігін, өзінің кәсіптік-
педагогикалық тәрбиесі мен біліміне қажеттілігін, педагогикалық қызметке
творчестволық тұрғыда қарауды ұдайы тәрбислеу;
мектептегі, орта кәсіптік-техникалық училищедегі оқу-тәрбие жұмысының
қазіргі жағдайымен, педагогикалық озат тәжірибемен танысу, балалар мен
жеткіншектерге тәрбие беру міндеттерін шешуде оқу-тәрбие мекемелеріне
қолдан келгенше көмек көрсету.
§ 2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Педагогикалық практика нақты педагогикалық ақиқат жағдайында өткенімен,
оның тәлім алу сипаты бар. Студенттер қызметінің мұғалімдер қызметінен
түбегейлі айырмашылығы болады. Мұғалім күн сайын, сағат сайын тұтастай оқу-
тәрбие процесін жасайды, оның кызметінің мақсаты мен міндеті — оқушылардың
жеке өзін қалыптастыру. Студент қызметінің мақсаты мен міндеті ең алдымен
жеке өзін қалыптастыру, күрделі оку-тәрбие процесін тұтастай құра білуді
меңгеру.
Оқыту процесінде педагогикалық практиканың мазмұны екі бағытта дамиды.
Оның біріншісі нақты оқу-тәрбие процесінің логикасына бағынып, онда ол
нақты педагогикалық кызметті орындауға қатысады. Екіншісі — жоғары оқу
орнының курсында оқыған оқу пәнінің логикасына негізделіп, соның әсерінен
практикалық педагогикалық қызмет мазмұны өзгереді.
Педагогикалық практиканың жалпы міндеттері әрбір курста нақтыланып,
педагогикалық іскерліктің дамуының қолайлы логикасын қамтамасыз етеді, әрі
оқушылармен нақтылы бір жұмысты істегенде тиімсіз және мақсатсыз қайталауды
ескертеді.
Практикантқа жетекші ретінде мынадай міндеттер сараланады:
1. Оқушылармен тұтастай педагогикалық қарым-қатынас орната білу;
2. Оқушыларды оқыта білуді меңгеру (ең алдымен қоғамдық ұйымның мүшесі
ретінде);
3. Балалардың мектептен тыс өмірін неғұрлым қолайлы амалдармен
ұйымдастыруды меңгеру;
4. Оқушылардың ата-аналарымен байланыс орната білуді меңгеру.
Практиканттың міндеттерді таңдап алуы нақты оқу-тәрбие процесіне қатысу
мүмкіндігіне, әрі оның жоғары оқу орнында оқу пәндерін меңгеру барысында
теориялық жәие практикалық әзірлік деңгейіне байланысты. Оқушылардың ең
басты міндеті оқу болғанымен, бірінші курстықтар өздерінің алғашқы
практикасында пән мұғалімі қызметін атқара алмайды. Бірақта, мәселен,
практикант оқушылармен жұмыс істегенде оларға сабағын оқуға
жауапкершілікпен қарау, үй тапсырмасын орындау, кітапты жақсы көру, білімге
құштарлану т. б. жөнінде тәрбие міндеттерін атқарады.
Балалар мен жеткіншіктерді өз күштерімен құрылған қоғамдық үйым өміріне
қатыстыруды үйымдастыра отырып, өзі оқып-үйренген психологиялық-
педагогикалық циклдегі пәндерге сүйене отырып практикант теориясы мен
практикасын, жастар ұйымына педагогикалық басшылық жасаудың ерекшеліктерін
жете түсінеді. Сонымен қоса
мұғалімнің оқыту жұмысына арнайы бақылау жүргізеді, пәнді оқытудағы күрделі
кәсіптік іскерлікті меңгеруге, оқушыларды оқытуға даярлық жасайды,
теориялық білім тереңдетіледі, практикалық педагогикалық қызмет саласын
ұлғайтудың, соның басты міндеті болып саналатын класс жетекшісі жұмысының
жүйесін меңгерудің негізі қаланады. Жастар ұйымына педагогикалық басшылық
жасау мұнда қосымша міндет ретінде енгізіледі. Студенттер пән мүғалімінің
қызметін бақылаудан сабақта және сабақтан тыс оқыту жұмыстарынын жекелеген
элементтерін меңгеруге ауысады.
Үшінші курста қол жеткен іскерлігіне сүйене отырып, студенттер тәрбие
жүмысының алуан формаларын: кластағы, кластан тыс, мектептегі және
мектептен тыс формаларын меңгереді. Оқушылармен педагогикалық тиімді қарым-
қатынас орнату өте-мөте қажетті. Класс жетекшісі мен оқушыдардың қарым-
қатынасы әр түрлі жағдайда бірдей бола бермейді. Сабақта оқушы шәкірт
ретінде болса, сабақтан тыс уақытта ол үйірме мүшесі, спортшы, т.б.
сондықтан мұндайда мұғалім басқаша қарым-қатынас жасауы қажет.
Кейде мұғалімдерде кездесетін педагогикалық сәттіздік пен қиыншылық
оқушыларын тек сабақ үлгеріміне қарай бағалап, класс журналындағы баға
бойынша оларды жақсы және жаман деп бөлуден пайда болады.
Төртінші курс — тәрбие жұмысындағы негізгі педагогикалық іскерлікті
меңгеруді аяқтайтын, қалыптасатын жауапты кезең. Студенттер мектептерде
жоғарғы кластарда практикадан өтеді. Олардың дербес практикалық
педагогикалық, кызмет объектісі кластағы оқушылардың ұйымы болып саналады.
Студенттер тұтастай мектеп өмірін, класс пен мектеп арасындағы байланысты,
өзі атқаратын тәрбие жүмысының басқа мұғалімдердің және бүкіл
педагогикалық коллективтің жұмысымен тікелей байланысты екендігін жете
үғынады.
Олар оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптерін тереңірек игеріп,
мүмкіндігіне қарай пән мұғалімінің жұмысын бақылауға қатысады. Сабаққа
әзірленудің бүкіл барысымен — жоспар мен конспект жасаудан бастап көрнекі
құралдар әзірлеуге дейінгі жұмыстарын оқып-танысады. Пәндер бойынша
сабақтан тыс жұмыстарды — жекелей және топтық консултациядан бастап пәндік
кештер, апталықтар, айлар, ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, экскурсиялар т.
б. өткізе білуді меңгереді. Пән мұғалімінің кәсіптік қызметті меңгеруіне
баса көңіл бөлінеді. Тәрбие процесі ұғымы тұтастай тамамдалады, өйткені
оның құралдар жүйесіне сабақтағы жетекші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz