Педагогикалық психология негіздері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
4 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК
ПОӘК 042-5.01.20.29
01-2008
ПОӘК
Оқытушыға арналған пәннің№ 2 басылым
жұмыс оқу бағдарламасы
Педагогикалық
психология

ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Педагогикалық психология

050503 – Психология мамандығына арналған

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2010

Алғысөз

1.ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “
Психология” кафедрасының доценті Ш.С.Сатиева

“______” __________ 2010ж

2.ҚАРАЛДЫ
2.1.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология”
кафедрасының отырысында
Хаттама №______”__________ 2010 жыл

Кафедра меңгерушісі: Ш.С.Сатиева

2.2.ГФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама №______”__________ 2010 жыл

Төрағасы _______ Г.Б.Колмогорова

3.БЕКІТІЛДІ

ОӘК төрағасы, бірінші проректор_________ А.А.Молдажанова

4.АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5 Студенттің өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ

№ Термин атауы Термин мазмұны
1 Ақыл-ой әрекеті Сананың ішкі жоспарында орындалатын адам әрекеті.
2 Ақыл-ой іс-әрекетіАдамның танымдық жан қуаттарының жалпылама атаулары
3 Аналогиялық Грек тілінен аударғанда ұқсас, тура деген мағынада
экспермиент қолданылады, эксперименттік зерттеуге алынған объектілердің
ұқсастығы.
4 Анализатор, Организмнің сыртқы және ішкі ортасынан келетін
талдағыш тіріркендіргіштерді талдау және синтездеу қызметін
атқаратын жүйке аппараты.
5 Анкета Зертетудің негізгі міндетімен логикалық түрде
байланысты сұрақтар жүйесінен тұратын алғашқы
әлеуметтік-психологиялық ақпараттарды алудың әдістемелік
құралы.
6 Ассоциация (лат.)1) неғұрлым жалпы мағынасы – екі (не одан да көп)
элементтердің арасындағы анықталған кез келген
функциялық байланыс.
5) Психологияда - сыртқы және ішкі тітіркендіргіштердің
әсер етуінен туатын адамның психикалық процестері мен
қимыл- әрекеттерінің байланысы.
7 Әлеуметтік Оқушының басқа адамдармен әр түрлі өзара әрекеттерге
мотивтер түсуі.
8 Әлеуметтік Оқушы басқа адамдармен қарым-қатынас жасап және өзара
ынтымақтасу мотивіәрекеттескісі ғана келмей, сонымен қатар, сынып
бойынша жолдастарымен немесе мұғаліммен өзінің
ынтымақтастығының және өзара әрекетінің формасын
сапалауға, талдауға, бұл формаларды әрқашан жетілдіруге
ұмтылады.
9 Әлеуметтік Субъектінің мінез-құлық стилін анықтайтын топ ішіндегі
ұстаным орны.
10 Әрекеттің Орындалатын немесе жүзеге асатын әрекеттің мақсаты,
бағдарлаушы жоспары және құралдары жайлы адамның түсініктерінің
негізі жүйесі. Бұл терминді П.Я.Гальперин енгізді (ақыл-ой
әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы).
11 Бағдар Белгілі бір объектінің қайта жаңғыртлуы жағдайында
соған бағытталған әрекетке дайындық күйі.
12 Бақылау Жұмыстың басталуы алдында болатын бақылау
13 Бихевиоризм ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптасқан психологияның
пәні ретінде сырттай бақыланатын, мінез-құлықты
түсінетін механикалық түсініктегі психологияның
классикалық бағыттарының бірі.
14 Өзін-өзі болжаушы,Грек тілінде туылуға, шығу тегіне тқатысты айтылады.
перспективалы, Психогенетика адамның жеке психологиялық
жоспарлаушы ерекшеліктерінің пайда болуын, олардың қалыптасуында орта
генетикалық әдіс мен генотип рөлін анықтау болып табылады.
15 Елес Бұрын қабылданған заттардың мидағы жалпылама бейнелері
16 Жастық Шұғыл психологиялық өзгерістермен сипатталатын
дағдарыстар онтогенездің салыстырмалы қысқа мерзімді (шамамен бір
жылға дейін) айырқша кезеңі.
17 Жасөспірімдік Балалық шақтан балаң жасқа өту кезеңі (11-15 жас
кезең аралығын қамтиды).
18 Жетекші іс-әрекет Тұлға дамуының берілген кезңінде оның психикалық
қасиеттерінде мәнді өзгерістер тудырып, психологиялық
жаңа түзілістердің пайда болуын шарттандыратын
іс-әрекет түрі.
19 Иллюстративтік рөлЖаңа материалдарды меңгерту кезінде көрнекілікті рөлді
пайдалану.
20 Индивид 1)жеке табиғи мақұлық ретінде Адам, Homo sapiens өкілі,
филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өкілі;
2)адамзат қауымының жеке өкілі.
21 Индукция Білімнің жеке-жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға
қарай ілгерілеуі. Индукция дедукциямен тығыз байланысты.
22 Интериоризация Сыртқы әлеуметтік қызметтің игеруі арқасында адам
психикасының ішкі құрылымындарының қалыптасуы.И.ұғымын
француз психологтары П.Жане,Ж.Пиаже, А.Валлон т.б.
енгізді.
23 Кең әлеуметтік Білім алуға ұмтылу. Отанға, қоғмға қажетті болу, өзінің
мотивтер міндеттерін орындауға ықылас, оқудың қажеттілігін және
жауапкершілік сезімін түсіну.
24 Кинестезиялық (грек)дененің жеке мүшелерінің бір күдегі қалпын,
түйсік қозғалысын білдіреді. К.т.кейде қозғалыс түйсігі деп
атайды.
25 Қадамдық, Жұмыстың барысын бақылау
операциялық
өзін-өзі бақылау
26 Қарым-қатынас Бірлескен іс-әрекет қажеттілігімен және ақпарат
алмасумен тудрылатын адамдар арасындағы байланыс
орнатудың күрделі, көпсатылы процесі.
27 Қорытынды өзін-өзіЖұмыстың нәтижісі бойынша бақылау
бақылау
28 Қызығушылық Тұлғаның іс-әрекет мақсатын саналауға бағыттылығын
қамтамасыз ететін танымдық қажеттіліктердің көрініс табу
түрі.
29 Логика (гр) – философияның нормативті саласы; ойлаудағы
сәйкестік критерийіне, дұрыс предикация заңдарына, ой
тұжырымдау принциптеріне қатысты.
30 Мақсат Бұл оқу іс-әрекетіне кіретін жекелеген әрекеттерді
орындауға оқушының бағыттылығы.
31 Манипуляция (гр) жануарлардың кеңістіктегі орта компоненттерінің
барлық формаларымен белсенді араласуын қамтитын
қимыл-қозғалыс белсенділігінің туындауы.
32 Мотивация Тұлғаның мотивтер жүйесі
33 Өзін-өзі бағалау Оқушының оқу кезеңдерінің өзі үшін тең өлшемін бағалау.
34.Оқу іс-әрекеті Ғылыми түсініктерді меңгеруде әрекеттің қорытынды
тәсілдерін игерудің өзінің мазмұнына кіретін ,
бағытталған іс-әрекет (Д.Б.Эльконин).
35 Психикалық жаңа әрбір жас кезеңінде психикалық даму нәтижісінде
құрылымдар қалыптасатын оның бүкіл алдыңғы дамуын анықтайтын
сапалы өзгерістер.
36 Разряд Ондық бөлшектердің өлшемдік дәрежесі
37 Рефлексия (лат) субъектінің психикалық акты мен күйлерді өзінше
талдау және тану процесі.
38 Тест Сынақ.
39 Топ әлеуметтік ортадан белгілі бір нышандары негізінде
бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы бірлестігі.
40 Тұлға өзіне-өзі тұтас дүниемен өзара қатынастарын ылғи
баяндайтын және ойдағы әңгімелесушімен ішкі полемика
барысында өзін-өзі анықтайтын, кінәлайтын, қоғайтын,
өзін-өзі жетілдіріп, өзгертетін адам.
41 Ұғым Заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен
ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы.
42 Ұстаным Ақиқаттың белгілі бір жақтарына тұрақты қатынастар
жүйесі

2 Дәрістер

1 тақырып. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық
саласы.
1.Педагогикалық психологиясының жалпы ғылыми сипаттамасы
2.Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
3. Педагогикалық психологияның зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы
4.Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері

Педагогикалық психологиясының жалпы ғылыми сипаттамасы
Қазіргі заман ғылымының дамуында оның ғылыми салалар, пәндер мен
проблемалық салалардың (жүйелендіру, иерархияландыру, куммулятивтік сияқты
беталыстармен қатар) ықпалдасуы мен саралап жіктелінуі сияқты негізгі екі
беталысының өзара әрекеттесуі неғұрлым айқын көрініп келеді. Ғылымның
ықпалдастығын талдай келе, Ж.Пиаже, Б.Г.Ананьев пен Б.М. Кедров ғылыми
білімнің ортасында адам туралы ғылым - психология тұр деп көрсеткен.
Ғылыми білім үшбұрышының Б.М.Кедров ұсынған түсіндірмесі (оның шыңы
– жаратылыстану ғылымдары, оның тағандарының бұрыштары – философия және
қоғамдық ғылымдар, ал оның ортасында осы ғылымдармен психология
түйісіп тұр).
Адам проблемасының ғылым дамуындағы рөлін анығырақ Б.Г.Ананьев
анықтайды, оның ойынша адамды тереңірек зерттеу,саралап жіктеу, сонымен
бірге осы саладағы барлық зерттеулердің ықпалдасуы адам
проблемасының жалпы ғылымдық сипатқа ие болуына ықпалын тигізді.
Осы адам мәселесін жаһандандыру беталыстарының педагогикалық
психология саласындағы көрінісін кезінде К.Д.Ушинский де байқаған, яғни
1868-1869 жылдардағы Адам тәрбие пәні ретінде, Педагогикалық
антропология тәжірибесі атты еңбектерінде, адам тәрбиесіне өз үлесін
қосқан ғылымдардың бағынылыстығын анықтау негізінде психологияның
жетекші рөлі атап көрсетілген.
Өз кезегінде, психология да күрделі ықпалдасқан білім болып
табылады, оның құрылымдық көрінісінің негізінде, А.В.Петровскийге сәйкес,
келесі психологиялық жақтары алынған:
1)нақты іс-әрекеттің,
2) даму,
3) адамның (дамуы мен іс-әрекеттің субъекті ретінде) қоғамға қатынасы
(өзінің іс-әрекеттің субъекті ретінде) қоғамға қатынасы (өзінің іс-әрекеті
мен іске асатын дамуы).
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Педагогикалық психологияның пайда болуы мен дамуына психология
негізгі бағыттары қандай әсерін тигізеді?
2. психологияның құрылымдық бөлінуінің 3 негіздемесінің қайсысы бойынша
педагогикалық психология саласы бөлінеді?
3. Педагогикалық психологияның қалыптасуы үшін оның тарихындағы әрбір
кезеңнің маңызы қандай?
4. ...Қазіргі замандағы оқыту әдісі бойынша бихевиористі және
табиғаты бойынша ассоциативті деген тұжырыммен қаншалықты келісуге
болады?
Әдебиет:
1.Возрастная и педагогическая психологияПод
ред.А.В.Петровского.М.,1979.
2. Гинецинский В.И. Основы теоретической педагогики.СПб.,1992.
3.Каптерев П.Ф. Дидактические очерки.Теория оразования Избранные
педагогические сочинения.М.,1982.
4.Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии. М.,1972.
5. Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3 Под
ред.М.В.Гамезо.М.Гл.20.
6.Никольская А.А.Возрастная и педагогическая психология дореволюционной
России.М.,1995.
7.Петровский А.В.,Ярошевский М.Г. история и теория
психологии.М.,1996.Т.1.
8. Смирнов С.Д.Педагогика и психология высшего образования: от
деятельности к личности.М.,1995.
9. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М.,1998.
Оқыту психологиясы – ол педагогикалық психологияға бағыт беру, оған ең
жақын дидактика мен оқыту методикасы. Ақырғы жылдары психологиялық
теорияның және оқыту әдісінің аймағында үлкен жаңалықтар ашылып,
гипотезалар құрастырылды.
Соңғы жылдары әсіресе оқыту әдісінің пайда болуы, оқу үрдісін оптималдау
ұсынылды. Кейбір ұсынылған бағдарламалар зерттеулерден өтіп, кейбіреулері
ескі әдістердің жаңартылып шығып жатқандағы, ал кейбіреулерін мүлде
қабылдамай жатыр. Бұл процесс заңдылықты, бірақ ол екі түрлі. Ол бір
жағынан жақсы. Мұғалімдер шеберлікке ұмтылып, ойлағандарының бәрін жузеге
асырады. Ал бір жағынан балаға жүргізілетін тәжірибе дұрыс ұйымдастырылмаса
ол балаға зиян әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл жұмыс ұзақ әрі қиын.
Бұндай жұмыстардың бірі әр типті мектептерді салу. Айта кететіні
жалғыз біз ғана мектептерді жаңартумен айналыспаймыз. Мысалға; Америка
құрама Штатында бұл жағдай бізден бұрын болды. Және одан оптималдаудың
келесі этаптардың бөліп айтыға болады.
1. Оқытушыларды топтастыру
а) жасына қарай
б) қабылетіне қарай
Қортындысына мектеп мұғалімдеріне бұл тиімсіз болып көрінеді, өйткені
бұлардың арасындағы арнайы айырмашылықтар қалып қойды.
2. Элективті жүйе, ол балаларға пәндерді таңдап алуға мүмкіндік береді.
Бұны жүргізгенде білім денгейі төмендеді.
І-нұсқа – оқушы өткен тақырыпты меңгергеннен кейін ғана жаңа оқу
ырғағын қабылдай алады. Оқушыларда әр пән бойынша әр түрлі оқу көлемі және
әр оқушыда әр түрлі пәндерден байқалды. Бірден білімді бағалағанда
мұғалімдер қйыншылықтарға кездесті.
ІІ-нұсқа Трамп жоспары (құрастырушының атымен аталған) 9-12 сынып
оқушыларына арналып құрастыады. Міндетті және міндетті емес оқытуды
жоспарлайды. Міндетті оқыту өзіне және жалпыға бірдей дәрісті және 10-15
аамдардан құралған топтағы оқыту. Міндетті емес оқыту – арнайы пәндер
бойынша оқыту және ол пәнді оқушы өзі тандайды. 9 сыныптарда оқу сағаты ½
бөлімі өздік жұмысқа, ал 12 сыныпта ½ бөлігі өздік жұмысқа арналады.
Бірақ бұл жобаны жүзеге асыру үшін арнайы құрал – жабдықтар, жақсы
жабдықталған кітапхана, мектеп, сонымен қатар бұндай мектептерде балалар
көп оқымайды.
4. Мектеп өмірінің програмалы оқытуын практикасына кең көлемді кіргізу.
5. Компьютерлік оқыту. Деңгейге байланысты еңгізу 1 деңгейде берілген
тапсырма мұғаліммен түсіндіріледі, сода кейін ғана компьютердің көмегімен
практикалық дағдылары өңделіп, есептер шығарылады. 2-ші деңгейде тьюторлы
жүйе қолданылады, яғни компьютер оқушыларға қысқаша түсінік береді және сол
түсініктерді қолдануға байланысты дағдылар қалыптасады, ал меңгеру деңгейін
мұғалім тексереді. 3-ші деңгейде компьютермен оқушылардың арасында диалог
пайда болады.
Бірақта оқу процесін толығымен компьютерлендіруге мұғалімдер
келіспеді, өйткені олардың ойынша бұл тәжірбие бір жағынан оқушылардың
шығармашылықтан және комуникативті сапаларын дамытпайды.
Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру кестесі.
Дәстүрлі Дамыта оқыту
психо-педагогика. психо-педагогикасы.
Мәні Білім, ептілік, дағдыныБаланың өзін-өзі субьекті
меңгеру. ретінде өзгеруі.
Мақсаты Білім, ептілік, дағдыныӘрбір оқушыға оқып-тану
игеру. үрдісінің өзіндік өзгеретін
субьектісі ретінде дамуға
жағдай жасау, қасиет-
қабілеттерін дамыту.
Дамудың негізгі Білім, ептілік, Соған қоса маңызды психикалық
факторы. дағдының дәрежелері. қызметтерін, ақыл- ой
жұмысының тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік
беретін оқу үрдісі.
Дайын білімді Танымдық іс-әрекеті,
түсіндіруші, бақылаушы,ұйымдастырушы, ұжымдық
Мұғалімнің ролі. бағалаушы тәртіпті істердің ұйытқысы, кеңшісі.
қадағалаушы білім
насихатшысы.
Педогогтың негізгі Мен сияқты істе Ойлап істе
талабы.
Педогог қызметі Білім беру. Адамды өсіруші .
Әрекетік стилі Авторитарлы Демократиялы.
Мұғаліммен Монологты Диалогты.
оқушының өзара ( мұғалім жағынан )
қарым-қатынастық
стилі
Оқытудың басын Мәліметілік Ізденісті- зерттеушілік.
әдісі
Сабақ ұйымдастыру Фронтальды, топтық. Жекебастық, топтық.
түрі
Мазмұнның негізі.Адамның кейбір саладағыДамыту үрдісіндегі
іс- әрекеттерін оқушылардың игеретін іс-
құрастырудың жалпылама әрекеттерді қалыптастыру
ұстанымдарына сүйеніп ұстанымдарын анықтайтын
анықталған мәселелерді ғылыми түсініктер.
шешудің дайын әдістері.
Әдіс- тәсілдер. Көрсету-түсіндіру Оқу мақсаттарының қойылуы,
жаттықтыру бақылау ізденушілік, зерттеушілік,
бағалау. әрекеті табылған шешімді
дәлелдеу шешімді тексеру.
Әрекеттік Басқарушы мен Іскерлік – серіктестік
бағынушы. ынтымақтастық.
түрі
әрекеттестіктегі Мұғалім- жетектеуші Қызмет бөлінбейді бірлескен
қызметтер. оқушы- орындаушы ізденіс.
Педогогтың матери
алды түсіндіруге
кеткен уақытымен
салыстырғандағы
Оқушының өздік Өте аз. Салыстырмалы.
жұмысының уақыты.
Оқушы позициясы Қызығу аз, пассивті. Қызығу бар, активті ынталы
шабытты.

Оқуға деген Эпизодты түрде Әрқашан және мақсатты
мотив. туындайды. бағытталған.
Сабақтағы жанға Кей кезде пайда болады. Әрдайым және мақсаты
жайлы сәттер. бағытталған.

2-3 тақырып. Қазіргі замандағы білім берудегі оқытудың негізгі
бағыттары
1. Оқыту бағыттарының жалпы психологиялық негізінің қалыптасуы
2. Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттары
Физиология тұрғысынан оқу нейрогуморальды
механизмдердің шартты рефлекстерді өндіру жоспары, жоғары жүйке
қызметінің заңдылықтары (қозу мен тежеудің топтау және иррадиацияцы,
оң және теріс индукция, доминанттар), мидың аналитико – синтетикалық
қызметі ретінде қарастырылады.
Психология тұрғысынан оқу субьект белсенділігі,
қызмет, психологиялық дамудың шарты ретінде қарастырылады. Оқу
адамның жүріс – тұрысынан көрінеді, және оның алда жүйелі түрде
өзгеруіне әкеледі. Бұл тұрғыдан ерекше таңба – белгілік құрылымның
ақпараттық функциясына, танымдық және дәлелді құрылымдардың өзгерістеріне
маңыз беріледі.
Әлеуметтану тұрғысынан оқу әлеуметтанудың, жекелей және
қоғамдық сананың байланысының шарты ретінде қарастырылады. Бұл
ұстанымда оқу іске асырылатын, әлеуметтік басқарудың білімді
жүйелерінің түрлі қалыптары қарастырылады.
Аксиология тұрғысынан, оқу этикасы құнды қалыптастыру
және өзін - өзі анықтау, қоғамдық қалып, ереже, құндылықтардың
интернализациясының үрдісі ретінде қарастырылады.
Кибернетика тұрғысынан оқу білім алу жүйесінде тура
және кері байланыстардың басқару аңғарын сипатталуы, стратегияның,
бағдарлама мен алгоритмдердің өндіру және өзгертілуі ақпараттық
үрдіс ретінде қарастырылады.
Философия тұрғысынан (гносеологиялық жоспарда) оқу
танымның спецификалық түрін ұсынады. Оқуда обьективті және субьекитвті
форма мен мазмұн т.б арасында қайшылықтар пайда болады және
шешіледі. Логикалық көру тұрғысынан логикалық ойлаудың негізі,
алгоритмдердің жалпылауды өндіру қалыптасу негізі ретінде
қарастырылады. Оқу материалын логикалық реттеу, ұйымдастыру үрдісін
оңтайлы ету - оқудың логикалық қарастырылуының негізі.
Педагогикалық тұрғыдан оқу мынадай үзіндіде
қарастырылады, тәрбие мен оқу мақсатқа бағытталған жүйені, қоғамның
пайдалануы тұрғысынан қажетті шарттарды, қоғамдық тәжірибені неғұрлым
тиімді беруді қамтамасыз етушілерді көрсетеді [115, с. 28].
Психотерапияның қолдану және іс-әрекеттің дезадаптивті есебінің
маңыздылығын белгілейді. Педагогикалық психология оқуды ең алдымен
психология және педагогика тұрғысынан қарастырады, бірақ әлеуметтік,
кибернетикалық, философиялық, логикалық тұрғыдан да есепке алады.

Оқыту анықтамасының жан - жақтылығы
И.И.Ильясовтың жүргізген [ 79, с. 5-27] оқудың негізгі
тұжырымдамаларының жүйелі жалғаспалы талдауы оның құрылымдық
ұйымдарының ерекшеліктерін анықтау және оның түрлі тұжырымдардағы
ерекшеліктерін , сондай-ақ бұл үрдістің өз интерпретациясының алуан
түрлілігін айқындау , ең әуелі жалпыпсихологилық әрекет пен автордың
ерекшеліктері ескеріледі. И.И.Ильясовтың айтуы бойынша, оқу :
1) білім алу және түрлі тапсырмаларды шеше білу (Я.А.Коменский); 2)
білім, білік және дамуды меңгеру - жалпы танымдық үрдістерді жетілдіру
(И. Гербарт); 3) білім, білік, дағдыны белгілі тәртіппен қабылдау
(А.Дистервег), сонымен қатар А.Дистервег оқу мен дамуды ажыратқан; 4)
белсенді ойлау үрдісі, қиындықтарды жеңумен байланысты - мәселелік
жағдайдың пайда болуы (Дж. Дьюи); 5) сыртқы қозғалыстардың қатысуымен
қажетті сезім мен ойлау мазмұны элементтерінің жаңа білімнің белсенді
үрдісі (В.Лай) [79, с.9] ; 6) білім алу және мәселені шешу
(К.Д.Ушинский); 7) оқушының өзін - өзі ішкі баксқаруының белсенді үрдісі,
педагогикалық үрдістің ішкі жағы (П.Ф.Кафтерев); 8)әрекеттің өзгеруі, ішкі
реакциялардың өзгермелі ынтаға ынта – реакция сызбасымен өзгеруі
(Дж.Уотсон) және жағдай – жауапты реакциясызбасы арқылы міндетті
бекітумен (Э.Торндайк, Б.Скиннер,К.Халл); жаңа жоспарлардың пайда болуы,
мәселелік жағдайда ынта – аралық өзгеріс (образ, карта, жоспар) –
реакция(Э.Толмен); 9) мағынасын меңгеру, кейбір қоздырғыштарды сол
реакциялармен шақыру, аспапты реакциялады меңгеру (Ч.Осгуд) [79, с.14]; 10)
алдыңғы құрылымдарды қайта құру тәжірибесі, екі фазалы - қызметтің жаңа
түрінің ұйымдастыруы және сақталуы, және оның қайта өңделуі (ес)
(К.Коффка) [ 79,С.14]; 11) үш негізде тәжірибе жинаудың түрлері:біртіндеп
– шабыс; сезіну – сезінбеу; айқын және айқын емес байланыстарды
сезіну(Ж.Пиаже) [79, с.16]; 12)үш түрде обьектілердің қызметінің мазмұны
өзгеруінің бейнеленуі, адамда бар: сыртқы-қозғаушы,сезім – бейнелік және
бейнелеме(Д.Брунер); 13)кодтауды алу үрдісін реттеу,ақпаратты сақтау және
қолдану (Р.Гегни);14)қызмет түрі,субьект сыртқы шарттардың әсерінен
өзгереді және меншікті қызмет нәтижесіне де байланысты, өз әрекеті мен
психикалық үрдісін құрады,өзінің ақпараттық сенімсіздік деңгейін төмендетіп
жәнедұрыс жауап немесе әрекеттің дәл ережесін табу (Й.Лингарт) [79, с.22.]
Л.С.Выгоскийдің, А.Н.Леонтьевтың, С.Л.Рубинштейннің жұмыстарында
оқу білім, білік, дағдыны қалыптастыру ретінде қарастырылады. П.Я.Гальперин
оқуды субьект жасайтын әрекеттер негінде меңгеретін білім деп анықтайды.
Д.Б.Эльконин және В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу оқу қызметінің спецификалық
түрін көрсетеді,ал теория бойынша А.Н.Леонтьев оқу – басқарушы қызмет
түрі,ол тек көп уақытты алып қоймай, сонымен қатар оқушының жеке
тұлғасы,жеке қызмет түрі мен интеллектісі қалыптасатын арна. Оқу көп
себепті және көп ойлы қызмет ретінде қарастырылады. [205, с.140-152].

Оқудан оқу қызметіне ауысу
Оқу ұғымымен қатар отандық психологияда
(Л.С.Выготский,А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова), сосын
шет елде (Й.Ломпшер,Й.Лангарт) оқу қызметіұғымы жиі қолданылады,оның
мазмұнына тек үрдіс және нәтижелілік қана емес,сонымен қатар құрылымдық
ұйым, ең бастысы – оқудың субьектілігі.Бұл оқу анықтамасы оқу қызметіне
көшу анықтамасы үш кезеңнен тұрады (А.К.Маркова, Г.С.Абрамова).Бірінші
кезеңде – 50-ші жылдардың соңында – Д.Б.Эльконин оқу қызметін құрудың
жалпы гипотезасын ұсынды,оның бала психологиясының дамуындағы маңызы және
оның эксперименттік зерттелуі басталды. Екінші кезеңде бұл қызметтің
ерекшеліктері, оның құрылымдық бөліктері зерттелді.Үшінші кезең – бұл
қызметте қалыптасатын жаңа психологиялық білімдерді зерттеу.
Қазіргі уақытта оқу қызметі ұйымдастырудың арнайы обьектісінің,
басқарудың,бақылаудың ерекше түрі ретінде көрсетіледі. Ол қайта өндіру
қызметін білдіреді, бұл үрдісте адамның алған білімі мен қабілеті ғана емес
тарихи қалыптасқан қабілеттер де, сана және ойдың теориялық негізінде жатыр
– рефлексия, талдау, ой зерттеуі [63, с.133]. (Анығырақ оқу қызметінің IV
бөлімінде қарастырылады)
Барлық қаралғандар оқу ұғымының ғаламдық,иазмұны жан-жақты және
ғылыми тұрғыдан көп аспектілі ретінде қарастырылады.Бұл жағдай шынайы,оқу
субьектісі адам болғандықтан,оның ішінде бала болатын болса –
қалыптасатын,дамитын адам болса онда бұл үрдіс қиындайды(физиологиялық,
психологиялық,әлеуметтік,педагогика лық және т.б жағынан)Барлық авторлар
оқуүрдісінде субьект өзгеріске ұшырайды- тереңірек үңілсек ол дамиды,бұл
белгілі шекте оқумен ескерілген:оның түрімен,мазмұнымен,білімді
ұйымдастырушы және мұғаліммен. Адамды оқыту үрдісінде оқу мен даму өзара
қалай байланысқан?

Оқу және даму.
Даму
Адамның оқу және даму байланысы – педагогикалық психологияның
орталық мәселелерінің бірі. Оны қарастырғанда : а) өзіндік даму күрделі
инволюциялы – эволюциялық әрекет,оның барысында прогрессивті,регрессивті
интеллектуалдық, жеке , әрекеттік , қызметтік өзгерістер адамда
болады.(Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев); б) даму, әсіресе жекелей, өмірдің
тоқтағанына дейін тоқтамайды, тек бағыт, мінез және сапа бойынша
өзгереді.Дамудың жалпы мінездемесі: назар аудармаушылық,прогрессрегресс,
тұрақсыздықбұрынғыны жаңа қалпында сақтау,сақтау мен өзгерудің бірлігі
[14].Шарт негізінде, психикалық дамуды анықтауда,В.С.Мухина оның баланың
ішкі шарт пен дамудың байланыс ұстамын қарастырады.[146, с.11-56]
Білімнің кез-келген жүйесінің мақсаттары – білім алушының жеке
дамуының, жаңа педагогикалық психологиядағынегізгі жағдайлардың бірін
ескеру керек, осыған сәйкес оқу тек қана шарт емес, адамның жеке және
психикалық дамуының негізгі құралы.Оқу мен дамудың өзара қатынасының
сипаты туралы сұрақ бар.Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология
тұрғысынан өте маңызды.

Оқу мен дамудың ара- қатынасы
Бұл сұрақтың шешіміне түрлі көзқарастар бар.Оның бірінде, оқудың өзі
даму (У.Джемс,Э.Торндайк, Дж.Уотсон, К.Коффка), бірақ ,оқу табиғаты (оқу,
үйрету) әркім әрқалай түсінеді. Басқа бірінде,оқу – тек жетілудің, дамудың
сыртқы шарттары. Даму мүмкіндік туғызады – оқу іске асырады, немесе,
басқа сөзбен, оқу дамудың соңынан жүреді[47, с.225-226]. Ж.Пиаже,
баланың ойы белгілі саты мен кезеңдерден өту қажеттілігі, бала оқысын,
оқымасын тәуелді емес[ 47-ден, с. 227]
Отандық психологияда Л.С.Выготский мен басқа көптеген зерттеушілердің
қалыптасқан көзқарастары бекітілген.Бұл көзқарастарға сәйкес, баланың
психикалық дамуында оқу мен тәрбие жетекші рөл атқарады. Оқу дамуда
қашықтық, тек жақын салдар емес,оқу тек дамудың соңынан жүрмей,дамудың
алдында да жүруі мүмкін,онда жаңа білімді қалыптастыра алға жылжиды [47,
с.231].Бұл жағдай тек қана отандық педагогикалық психологияға ғана
көкейкесті емес, оны когнитивті психология ретінде қабылдаған АҚШ тағы
Дж.Брунер үшін де маңызды. Брунер айтуынша, ... ғылым негіздерін оқыту,
қарапайым деңгейде де бала дамуының танымына көз жұма қарамау керек.Оқыту
бұл дамудың жетекші шарты болуы да мүмкін,оқушыға өз дамуын өзі
қалыптастыратын қызығарлықтай,іске асырмалы мүмкіндіктер туғызу арқылы
[47, с.251]. Бұл жағдай жалпы педагогика үшін де, оқу ұйымдары үшін де
мақсатты болады.
Даму мәселесін қарастыру бірнеше сұраққа жауап беру болып табылады:
тұлғаның психикалық дамуының жалпы бағыты қандай,оның қозғаушы күштері
не,ол қандай негізгі бағыттармен жүреді.Оқу,кез келген түрмен
ұйымдастырылады,ол барлық сәттерді ескере алмайды,егер ол негізгі мақсатқа
жеткісі келсе оның мақсаты - оқушының жекелей және психикалық дамуы.

Қазіргі оқытудың негізгі бағыттары.
1. Оқытушы мен оқшының біріккен іс- әрекеті бірізділікпен қаланбай қарым-
қатынастың және оқытудың дистанциондық формаларын белгілеу мүмкін. І- түрге
барлық дәстүрлі оқытудың бағыттары жатады, ал ІІ- түрге – қазіргі замандағы
аралық оқытудың арнайы техникалық құралдарымен бірлесіп әрекет жасайды.
2. Сана принцип негізінен оқыту пайда болуда тәжірибе игеріп, Л.С.
Виготскийдің астыдан – үстіге жолы сияқты және сана принципінде
қалыптасқан оқыту. Объектісіне не жатады деген сұраққа өте маңызды жауап
керек Н.Ф. Талызинаның оқытуы бойынша. Егер оқушымен тек қана ереже, құрал
ұғынылса, онда бұл форма дәстүрлі, хабарлы, догтатикалық аталып, егер
өз іс-әрекетьеріне саналылықпен қарау, анықталған ережелерге бағыныңқы
болуы, бұл яғни ойдың іс-әрекеттерін құрылған теориясы (П.Я.Гальперин,
Н.Ф.Талызина). Егре программаны алгоритмдық іс-әрекетті саналықпен қарауды
оқытуды жоспарлаунемесе алгоритмизациялық теория деп аталады.
3. Білім беру процесінде оқытудың басқару негізгі мынадай бапқа бөлінеді:
А. Негізделмеген (дәстүрлі емес)
Б. басқаруды қарастыратын негізгі механикасын қабылдануы (ой, іс-әрекеті,
прграммалау, алгаритмицириалық оқыту.
4. Білім және тәрбие бірлестік ара қатынасының негізінің бөлінуі:
А. Білімде мәдениетті болуы және оқушылардың жоспарлы іс-әрекеттердің
құрылуы, оқытудың негізгі болып табылады.
Б. Пәнаралық – тәрбиелік ұстанымының негізі – оқыту ( дәстүрлі оқыту).
5. Мазмұндалған оқыту және дәстүрлі оқытудыңнегізі болашақ мамандығына
байланысты оқыту.
6. Ұйымдасқан оқыту тәсілдің негізі – оқытуөзінің құрамында активтік түрлер
мен әдістерді және дәстүрлі оқыту ерекшелейді. Аталып кеткен негіздердегі
дәстүрлі оқыту қарым-қатынас сияқты бейнеленіп, сана ұстанымдарында
негізделіп, мақсатталған тәрбиелік – пәндік ұстанымына байланысты.Дәстүрлі
оқытудың құрамына кіретіннегізгі білімділік қағиданы қабылдау, көп
фантазияларды анықтауарқылы нәтижені болуы шарт. Я.К. Набардовтың
зерттеулерінде көрсетілгендей аналитикалық түрінің сипаттаған
интелектуалдың қызметілігі бар, мысалы, ағылшын тіліндегі дәстүрлі оқыту.
Педагогикалық жүйедегі жаңашылдық

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру
жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдаы қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;...оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген. Бұл міндеттерді шешу
үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,
жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс-
әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі
мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдірді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана
білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын,
әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты , денсаулығы мықты азаматын
тәрбиелеу-ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.
Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны-
мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшенуі керек
дегенді ой елегінен өткізіп көрелік.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты,
сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім.
Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз
мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шәкірттеріне анық, тұжырымды,
дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында
сыйлы болуы тиіс. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны
жөн.
Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, ғылым
мен тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалануы
қажет.
Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика,
әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін
толықтырып отыруы керек.
Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса,
мұғалімнің күш-қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы
арта түседі, еңбегі жанады.
Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық
еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін
үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалынып отыруы керек. Сонымен қатар
мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық
құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Мұғалімдерге көптеген қосымша жұмыс атқаруына тыйым салу,
заңды түрде аптасына 2 күн демалыс берілуі тиіс. Мұғалім сонда ғана
шәкірттерінің өз бетімен білім алуына ықпал етіп, ынталы оқушыға әрдайым
ақыл-кеңес бере алады.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда П.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді
шоғырландыру технологиясы, Л.Занков, Д.Эльконин мен В.Давыдовтың дамыта
оқыту технологиясы, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы,
В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба түрлері негізінде
қарқынды оқыту технологиясы, В.Монаховтың, В.Беспальконың және басқа да
көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Ал қазақстандық
Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаева, Қ.Қабдықайыров, С.Лактионова,
М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек, Қ.Нағымжанова, т.б ғалымдардың
зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.
Инновациялық үрдісті жүйенің бір жағдайдан екінші бір
жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау
мәселелерінің маңыздылығы Н.Горбунова, М.Кларин, А.Лоренсов,
М.Поташник, П.Пидкасистый, Л.Романова, В.Загвязинский, А.Найн,
Т.Шамова, О.Хомерики, Н.Юсуфбекова және т.б зерттеулерінде
қарастырылған. Осыларға сүйене келе, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде
іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-
тәсілдері мен түрлерін көбіне жаңашылдық не инновациялық деп атайды.
Инновация ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де
жасалмаған. Ш.Таубаева мен К.Құдайбергенова берген анықтама бойынша
инновация - бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа нәтиже.
Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің
көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың
негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің
нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже-
жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновациялық үрдістің негізі- жаңалықтарды
қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген
жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Яғни, бір мұғалім
үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал
тәрізді. ХVII ғасырда Я.Коменскийдің жасаған сабақ жүйесі, А.Макаренко
және В.Сухомлинскийдің іс-тәжірибелері, сондай-ақ В.Шаталовтың
қолданған тірек-конспектілері, С.Лысенкованыңоза отырып оқыту әдістері,
М.Жанпейісованың модулдік оқыту технологиясы, т.б жаңалықтары, ой-
идеялары қазірде қолдануға тиімді болып отыр.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар
ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдау жасасақ
бұл ұғымның түп-төркінін белгілі бір уақыт арасында жаңашыл идеяны
қайта қарау, жаңалау деп айтуға болады. Сәл ертерек кездің өзінде
белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі
инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып инновцияны
жаңалық, жаңа әдіс, өзеріс, әдістеме, жаңашылдық, ал
инновациялық үрдісті жаңа әдістеме құралы деп атауға болады.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай
туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне
жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселелерін қарастырады. Н.Апатова,
М.Поташник, В.Ляудис, т.б ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабылеттілігіне
ерекше көңіл бөледі. Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның
негізгі міндеті- енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп
санайды. Ол үшін ең бастысы- мектеп жұмысын дамытудың аймағын қарастыру
керек дейді. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу,
түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланыста екенін
білу керек. Сонымен мұғалімнің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір
көкейкесті мәселе деп есептеуге болады. Білімнің ағартушылық жүйесінде
нысанның динамикалық үрдісі мұғалімнен шығармашылықты, инновациялық
әрекетті талап етеді. Мұндай талап мұғалімнің дәстүрлі деңгейі, қазіргі
мектеп, қоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл мұғалім арасында қарама-
қайшылық туындатады.
Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру
жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады. Қысқасы, еліміздегі атаулы
мектептерде лицей, гимназия, т.б жекелеген инновациялық ізденістер
бар болғанымен ғылыми негізде жүйеге түспеген. Олай дегеніміз, көптеген
жерлерде жаңашылдықтың атын өзгерту, яғни педагогикалық қызметтің
берілу мазмұны мен формасына аздап өзгеріс енгізу деп түсіну салдарынан
оның негізгі ішкі мәнінің ашылмауы көрініс тауып отыр, Ал инновация
дегеніміз: белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс емес пе.

Жаңа педагогикалық технологиялар

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика
теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты
болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны
пайда болуда. Атап айтқанда:
- білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау
қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық
жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи
түсуде;
- ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон
немесе радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға
ығысып, орын беруде;
- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани
баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі
рөліне мән берілуде;
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы
негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
- есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрынғы
меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық
құрылым жүйесіне көшу;
- оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп,
саралап оқыту бағдарламасына көшу;
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру
деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы
сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы
мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің
жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп
тіреледі.
Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл
бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар
болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық
материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960
жылдарда шетел зерттеушілері педагогикалық технология терминін
енгізді. Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық
жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана
(В.Беспалько).
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және
оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның
өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік
беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән
мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі
даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық
технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта
білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие.
Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты
қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып
отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагокикалық
технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар:
Лысенкованың алдын-ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту тірек
сигналдарын пайдалану арқылы, Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік
оқыту, оқытудың белсенді әдісі т.б.
Ал соңғы жылдары оқытудың модулдік технологиясы мен В.Монаховтың,
Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Қараевтың
оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа
педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген
мектептерінде қолданылып жүр. Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі
тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың
педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады.
Мәселен, Л.Занков, Д.Эльконин, В.Даыдовтың бірлесе жасаған Дамыта
оқыту жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан
құралады.
1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
2. Теориялық білімнің жетекші ролі.
3. Оқу материалын жеделдете оқыту.
4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі.
Л.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін-өзі емін-еркін сезінеді,
оның
әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады.

Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасында жаңаша қарым-
қатынастың
іргесі қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы
тұрғысында емес
оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Эльконин мен В.Давыдовтың зерттеулері оқу
әрекеті және оның
субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы
төмендегідей: оқу-
танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу
операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті
жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология
бойынша
әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Сондықтан
танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл
әдістемелік
жүйенің басқа бөліктерінің де мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен
құралдарының
өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны
орындау үшін
төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
1. Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің әдістерін
меңгеру талап
етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып
жүрген оқыту
әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы Оқыту
әдістемесі
деп отырғанымыз: оқушы-мұғалім ұстанымының
өзара тығыз
байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және өз
бетімен
білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері- оқытудың дербес және топтық
түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат-
оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне
сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың
фронталдылығы, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету
енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет.
Бұл үшін оқу құралдаоы оқушылардың өздігінен танымдық іс-
әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі
дамытуға,оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы
жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері
әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.
Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:
- қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен
білім деңгейлерін ескеру;
- әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
- оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім
тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
- параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;
- мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т.б .
Демек, 1-11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық
технология мен әдістемелерді мұғалімнің қалауы бойынша төмендегідей
етіп жоспарлауды ұсынуға болады.

Бастауыш мектеп:
- дамыта отырып оқыту әдістемесі Л.Занков; Д.Эльконин, В.Давыдов,
В.Репкин, В.Левин
- дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі П.Эрдниев;
- түсініктерді қабылдау С.Лысенкова,
- нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;
- іс-әрекетті бақылау Ш.Амонашвили, И.Волков;
- оқулықсыз оқыту В.Агеев;
- ойын әдістемесі және оны қабылдау;
- М.Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.

Орта буын:
- мәселелік оқыту;
- іздену, зерттеу әдістері;
- топпен оқыту тәсілі В.Дьяченко;
- нәтижелі технологиялар;
- тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту В.Шаталов;
- өзіндік жұмыс әдістері;
- бағдарлы оқыту машинасыз және компьютерсіз;
- оқытудың коммуникативті әдісі қарым-қатынастық;
- дискуссиялық әдіс;
- дидактикалық ойындар.

Жоғары сыныптар:
- Оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдау;
- өзіндік жұмыстың әдістемесі;
- іздену, зерттеу әдістері;
- нәтижелі технология, жобалау әдісі;
- даралап, жекеше оқыту, мектеп-парк моделін қабылдау
М.Балабан;
- оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар;
- өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы әдістемесі ТРИЗ
Г.Альтшулер;
- Бағдарламалы оқыту;
- әлеуметтік-педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар;
- профильді және кәсіптік бағдар бере отырып оқыту;
- модулдік технология;
- семинар-сынақ түрлері;
- өз бетімен білім алу компьютерлік варианттар.

Тулғалық-іс әрекеттік бағыттың іс-әрекеттік компоненті

Іс-әрекеттік компоненттің тұлғалық-іс-әрекеттік бағытты
қалыптастыру үшін жан-жақты алғышарттары бар: жалпыпедагогикалық жоспарда -
оқытушы мен оқушының субъекттік-субъекттік қатынасы (А.Дистерверг) және
оқушының белсенділігі (И.Песталоцци, А.Дистерверг, Л.Н.Толстой,
П.Ф.Каптерев) туралы негізі; жалпы психолгиялықта -А.Н.Леонтьевтің іс-
әрекет теориясы, тұлғалық-іс-әрекеттік жанамалылық (С.Л.Рубинштейн,
А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский), оку іс-әрекетінің теориясы (Д.БЭльконин,
В.В.Давыдов, А.К.Маркова, И.И.Ильясов).
Іс-әрекет категориясының өзін тұлғалық-іс-әрекеттік бағыттағы іс-
әрекеттік компоненттің негізі ретінде тереңірек қарастырайық.

Педагог позициясынан тұлғалық-іс-әрекеттік бағыт

Тұлғалық-іс-әрекеттік бағыт оның компоненттерінің жиынтығында жалпы
формасында (және әсіресе тұлғалық) оқытушының тарапынан оқушының мақсатқа
бағытталған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және басқаруды білдіреді. Тұлғалық-
іс-әрекеттік бағыт мұғалімнің оқыту процесін білімдерді жеткізу, дағдылар
мен іскерліктерді дамыту, яғни, оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру
ретінде ғана анықтауды қайта қарастыруды білдіреді.
Тұлғалық-іс-әрекеттік бағыт оқыту процесінің өзін оқушылардың оқу іс-
әрекетін ұйымдастыру (және басқару) ретінде қарастыра отырып осы процесті
олардың өздерімен нақты бір оқу тапсырмаларын қою және шешуге (таным,
зерттеу, жобалық және т.с.с.) қайта бағдарлауды білдіреді. Әрине іс-
әрекеттік бағытта мұғалім оқу тапсырмаларының тізімдемесін анықтауға,
олардың иерархиясын, көрсету формасын анықтауға және оқушылардың осы
әрекеттерді олар оларды орындаудың бағдарлы негізін және алгоритмін
меңгерген жағдайда ғана орындауды ұйымдастыруға тура келеді.
Кез келген іс-әрекет, сондай-ақ оқу іс-әрекетінің де алғышарты
тұлғалық-іс-әрекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Артпедагогика
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Тәрбие мен оқыту жүйесінің дамуындағы психология. ролі және орны
Жалпы білім беру пәндер циклы
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары
Қазіргі заманғы психологиялык білім мен оның тэжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Пәндер