Педагогикалық психология бойынша сабақтар


Практикалық сабақ №1
Тақырыбы: Педагогикалық психология ғылыми білім берудің пәнаралық саласы
Жоспар:
1. Педагогикалық психологияның пәні.
2. Педагогикалық психологияның мақсаты.
3. Педагогикалық психологияның міндеттері.
Педагогикалық психология ғылыми білім берудің пәнаралық саласы. Ол екі ғылымның қосылуы нәтижесінде пайда болған, яғни педагогика және психология. Шығыстың ұлы ойшылы Ибн-Сина немесе Авиценна дәрігерлердің кәсіби антында “зиян келтірме” деген болса, ал педагогикада мұғалімдерге “оқушыны түсін” және “оған үйренуге көмектес” дейді.
Педагогикалық психологияның зерттеу объектісі - бала, жеткіншек, жасөспірім. Педагогикалық психология жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланысты.
Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалім психологиясы педагогикалық психологияның бөлімдері болып табылады.
Халыққа білім беру тұжырымдамаларындағы негізгі бағытты жүзеге асыру өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу үрдісін жаңаша іске асыру қажеттілігі оқу- педагогикалық жұмысқа айрықша мән беру болып табылады.
Пәннің негізгі мазмұны оның ең өзекті мәселесі оқыту мен даму арасындағы өзара байланыс болып табылады.
Объектісі: оқыту және тәрбиелеу мәселесін шешу және зерттеу сферасын кеңейту.
Педагогикалық психологияның пәні - білім алушылардың білімін кеңейту, дағды мен іскерлігін қалыптастыру. Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу, оқыту мен тәрбие жүйесінде психика мен саналық дамуы мен қалыптасуының заңдылықтарын оқытатын психологияның саласы.
Педагогика мен психологияның өзара байланысына келетін болсақ, психология адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейді, ал педагогика тұлғаның дамуының бағытын өңдейді.
Педагогикалық психология оқыту мен дамытудың ара қатынасын, оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысын, баланың жүріс-тұрысының генотиптік және қоршаған ортаға байланысты шарттарын, бала дамуының сенситивтік мәселелерін, бала дарындылығын, баланың мектепке дайындығын т. б. мәселелерді зерттейді.
Педагогикалық психология оқыту процестерін, басқарудың психологиялық мәселелерін қарастырады, танымдық процестердің қалыптасуын зерттейді, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қарастырады.
Педагогикалық психологияның құрылымы:
1. білім беру психологиясы-оқу және педагогикалық іс-әрекеттің бірлігі ретінде;
2. оқу іс-әрекеті мен оның субъектісінің психологиясы - оқушы тұлғасының психологиясы;
3. педагогикалық іс-әрекет психологиясы;
4. оқу педагогикалық бірлестік пен қарым-қатынас психологиясы.
Педагогикалық психологияның негізгі мақсаты-оқыту және тәрбие жүйесінде психика мен сананың дамуы мен қалыптасуының заңдылықтарын анықтау. Болашақ мұғалімдерді адамның жеке басының дамуы мен қалыптасу заңдылықтары жайындағы білімдермен қаруландыру.
Педагогикалық психология әр түрлі психикалық педагогикалық білімдердің маңызы, практикалық міндеттерді шешу кезіндегі эвристикалық мүмкіндіктерді пайдалануды оқыту, тұлғаның қалыптасуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру жолдарын қарастыру, білім жағдайларын болжау және диагностикалау мүмкіндіктерін меңгертуді көздейді.
Бұл пән бойынша, білім алушы оқыту мен тәрбие жүйесінде тұлғаның дамуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру стратагияларымен танысып, білім жағдайларын болжау және диагностикалауды, оқытушының іс-әрекетін психологиялық педагогикалық талдауды оқып үйренеді.
Педагогикалық психологияның міндеттері:
-оқыту мен тәрбиелеудің оқушының интелектуалды және жеке адамдық дамуына тигізетін әсері мен механизмдерін ашу;
-оқушылардың әлеуметтік мәдени тәжірибесін меңгеріп, индивидуалды санасында бекітілуін және түрлі жағдайларда қолдана алуының механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;
-оқушының жеке адамдық интелектуалдық даму деңгейін оқыту мен тәрбиелеу әдістері арасындағы байланыстарды анықтау;
-оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін анықтап, оның оқушының интеллектуалды және жеке адамдық даму деңгейіне тигізетін әсерін анықтау. Педагог іс-әрекетінің психологиялық негізін зерттеу;
-білімдерді меңгеру критериін, заңдылықтарын, шарттарын түрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттің операционалды құрамын қалыптастыру;
-меңгеру деңгейі мен сапасын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық, психологиялық негіздерін анықтау, білім беру стандарттарын айқындау;
-білім беру процесін бүкіл білім беру сатысында жетілдірудің психологиялық негіздерін жасау.
Бұл пәнмен іргелес жатқан пәндер қатарында жалпы психология, даму психологиясы, психология тарихы, жас ерекшелік физиологиясы, психодиагностика негіздері кіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Педагогикалық психология және психология білімнің басқа аймақтары.
2. Педагогикалық психологияның зерттеу бағыттары.
3. Педагогикалық психология және педагогика.
4. Оқыту түрлерінің өзара байланыс проблемалары, психологиялық дамуының мінездемесі.
Практикалық сабақ №2
- Тақырыбы: Білім беру көпаспектілі феномен ретінде.
Жоспар:
1. Білім берудің методологиялық мәні.
2. Білім берудің негізгі бағыттары.
Білім беру әлеуметтік институт және қоғамның әлеуметтік құрылымы ретінде қарастырылады. Білімнің мазмұны қоғамның жағдайын көрсетеді. Қазіргі кезде индустриалды қоғамнан информационды қоғамға өтуінде көрініс табады. Білім берудің дамуы мен қалыптасуы қоғам жағдайына экономикалық, саяси, әлеуметтік т. б. факторларға байланысты жүзеге асады.
Мәдениет пен білім берудің байланысы бір-бірімен тығыз байланысты.
Әлеуметтік институт, қоғамдық - әлеуметтік структура ретіндегі білімдендіру процесінде реттеле қарастырылады.
ХХ ғасырда қоғамды индустрияландыру мен информацияны индустрияландыру ХХІ ғасырдың аралығында дамыды. Даму және функциаландыру, білімдендіру себептері қоғамдық факторлармен шартталған: экономикалық, географиялық, әлеуметтік, мәдениет т. б. байланыстырылған. Білім беруде ең алдымен “әлеуметтік институт функциясы” әлеуметтік-мәдени шығармашылық, қоғамдық ортадағы тұлға мәдениетін байланыстырады.
Бұл принцип Е. А. Коменскийдің “табиғат жөніндегі пікірімен” байланысты. Оқу оңай, бірақ табиғат заңдылығымен, яғн адам және табиғат қоғам құрамының бір пастулаты бөлігі.
Продуктивті мдениет типі (мысалы, архайкалық жағдайы) оқыту білімдендіруді анықтаумен түсіндіріледі.
М. Мид осы анықтамаға сүйене отырып мәдениеттің 3 типін бөліп қарастырды:
- постфигуративті;
- конфигуративті;
- префигуративті.
Мәдениеттің бұл типі неше мың жылдықтан бері, тұлғалық цивилизация жемісі. Бұл типі диаспора, анклава, секта, дәстүрде, нәсілдесдерде кездеседі. Постфигуративті мәдениет, балаларды оқыту әдістерімен жобаланады.
Үлкен этнографиялық материалдар деп, балалар жасөспірімдер, үлкендер мүмкіндігіндей индивидуалды дамуы қалыптаспаған. Бұл жағдайлар конфликтте, невроздық күйге әкеледі.
Постфигуративті мәдениет - мазмұны, әдісі құрылымымен ерекшеленеді.
Конфигуративті мәдени типте үлкендерде, кішілерде достарының ықпалымен оқу ынталанады. Бұл мәдениет қазіргі заманғы қоғамдық орта дамуына сай адамдар жүріс-тұрысымен сипатталады.
Көрсетілгендей постфигуративті кризистік мәдениетпен, конфигуративті кризис айтарлықтай қиындықтар тудырды. Әсіресе, бұл қоғамдық мәселе ХХ ғ. соңына таман өз шешімін тапты. Өмірдегі иммигранттар туралы АҚШ-та, Канада да, Австралияда, Израильде жаңа өмір жоспары, жаңа тәрбиелеу әдістерін талап етеді дейді, - М. Мид.
Префигуративті мәдениет - бұл ата-аналары білім алған және өз ұрпағын тәрбиелеген және тәрбиелеп келе жатқан әлем дейді - М. Мид.
Біліммен қаруландыру - бұл цивилизациялық дәуірдегі тарихи, құндылықтарды сақтап ұрпақтарға жеткізу. Қоғамдық географиялық орындарды байланыстыра отырып, А. Г. Асламов былай түсіндіреді: “мәдениет пайдалылығы” және “мәдениет құндылығы” деп.
Мәдениет пайдалылығы - ешқандай өзгеріс кіргізбей, уақыт, балалық шақ, кәрілікті бағалау, әлеуметтік жалғыздық, т. с. с. жағдайларға қанша уақытың кетсе де тек бір мақсатты ұстану және бар пікіріңді бағыттау болып табылады.
Мәдениет құндылығы - ең басты мақсат адамның жеке тұлғалығы, өз өмірін өзі жүргізе алу, сол мақсатына өзі қол жеткізе алуы. Әрбір баланың, кәрінің, адамдардың өз өмірі қымбат киелі. Көріп тұрғандай мәдениет құндылығы - әрбір индивидтің жеке құндылығы, бостандық сезімі, професионалды қоғамдық білімді, компотенттілікті қажет етеді.
А. Б. Орлов бойынша, дәстүрлі гуманитарлы “балалар дүниесін” оқыту пардигмалары:
Субардинация принципі - ересектердің өз талптарына өз бетімен емес, ол талаптарға теңдей бағына отыру;
Монологзм принципі - бұл балалар әлемі - оқушы тәрбиеленуші әлемі. Бұл ересектер - мұғалім тәрбиелеуші әлемі. Олардың негізгі міндеті тәрбиеленушілерге тәрбиешілердің ықпал жасауы.
Озбырлық принципі - бұл ересектерге қарағанда балалардың құқығы жоқтығында, балалар құқығы қорғалмаған, ересектерге қарағанда қорғансыз. Бұл оларға ешқашан құқықтық мүмкіндік бермейді.
Бақылау принципі - ересектердің оқу-тәрбиелеу принципін қарастырады.
Жеткіншектік принципі - балалар дамуының жеткіншектік сатыға көтерілуі.
Инициация принципі - балалар әлемі жетілу процесінде қарастырылады, бір деңгейден екінші деңгейге өту кезеңі.
Деформация принципі - балалық кезеңнің ересектікке өтуі.
Теңдік принципі - балалық кезең мен ересектік кезең бір-бірімен теңдеседі де, құндылығы мен кемшіліктері бірін-бірі толықтырып отырады.
Диалогизм принципі - балалық кезеңмен ересек кезеңнің өзіне тән ерекше мазмұнға ие және оқу - тәрбиелеу процесінде мазмұнын құрайды.
Бостандық принципі - ересек өмір, балалық кезеңдегі әр түрлі жағдайлардан бөлек өмір жалын өз бетімен таңдауы қажет.
Дамыту принципі - бала дамуы - ұл процесс, оның мақсаты ішкі және сыртқы дамуындағы өз “мінін” табу.
Бірлік принципі - балалық пен ересектік екі жақты жүйе емес, олар бірлік ортасын құрайды.
Қабылдау принципі - ересек немесе баланың жасын есепке алмай -ақ, өзгенің пікірін қалай болса, сол күйінде қабылдау керек.
Ата-аналарға арналған педагогика ориентациясы болашақта тұлғаны қалыптастыруда осы принциптер үлесін қосады.
Көріп тұрғандай, осындағы кейбір проблемадағы ішкі байланыстарына (типтік, парадигмалық, тенденциялық) оқыту тарихи тұрғыдан қоғамдағы тұлға қалыптасуына ақыл есінің дамуына, балаға кейбір қарама-қарсы стреотипті көрсеткіш көрсетуде.
Қазіргі білімдендіру - осы қарама - қайшылықты шешу жолдарын іздеп тауып, оны түзеп ең қолайлы дұрыс жолды көрсетуге бағытталған.
Бақылау сұрақтары:
1. Сана және білім қалыптасуының критерийлері.
2. Эксперимент және оның даму тарихы.
3. Терапевтикалық өзара әрекет негізі /Фрейд, Морено / және бірікпен оқу іс-әрекетін зерттеу.
4. Оқу - тәрбие кезіндегі мұғалім қызметіне психологиялық таңдау жасау.
Практикалық сабақ №3
Тақырыбы:Білім беру процесіндегі адамның даралық тәжірибені игеруі.
Жоспары: Педагогикалық тәжірибенің инновациялық бағыттылығы
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірбиені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірбиелерді таңдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірбиесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді. Педагогикалық тәжірбие көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық педагогикалық тәжірбие тарихилығымен ерекшеленеді. Өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіндіктердің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызмет те атқарады. Озық педагогикалық тәжірбиені жасау және таратуда мұғалімнің позициясы үлкен рөл атқарады, сондықтан нақты тәжірбиенің жетекші ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскенде субьективті факторлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесі мен педагогикалық ұжымға кірігуіне болжам жасау қажет. Педагогикалық тәжірибеде обьективті және даралық құндылықтар бір-бірімен астасып жатады, бірақ педагогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің игілігі бола алмайды. Тек және тұлғаның жаңа тәжірибе жасауға ықпал жасайтын бірегей және қайталанбас ерекшеліктері ғана назарға алынады. Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық негізде қалыптаса отырып, обьективті педагогикалық заңдылықтарды игерудің деңгейін де танытады (Ю. К. Бабанский) . Озық педагогикалық тәжірбиенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық пен зерттеушілік педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И. П. Волков, Т. И. Гончарова, И. П. Иванов, Е. Н. Ильин, В. А. Кериновский, С. П. Лысенкова, Р. Г. Хазанкин, М. П. Шетинин, П. Э. Эрдинов, Е. А. Ямбург және тағы басқа ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мұғалім қауымының игілігіне айналды
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі − психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің практикасына ендіру. Педагогика мен психология бойынша ғылыми зерттеудің нәтижелері уақытылы хабардар ету мүмкіндігі болмағандықтан мектеп қызметкерлеріне белгісіз болып қалады.
Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін практикаға енгізу үшін практикалық қызметкерлердің алынған нәтижелермен арнайы танысады, оны іске асырудың орындылығын, сол арқылы осы негізінде ғылыми зерттеу нәтижесін практикада қолдануға деген қажеттілік анықталатындығы В. Е. Груман, В. В. Краевский, П. И. Керташева, М. Н. Скаткин және басқа ғалымдар арнайы еңбектерінде атап айтылған [3] .
Педагогикалық инновацияның критерийлері. Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: жаңашылдық, оптималдық, жоғары нәтижелік, бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі.
Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық процеске араласқысы келетін мұғалім қолға алған жаңалығын мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. Біреулер үшін жаңалық болып табылатын құбылыс екіншілер үшін олай болмауы мүмкін. Осыған байланысты мұғалімдерді инновациялық процеске тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшелігін, дербестік-психологиялық мінездемелері ескерілуі тиіс. Жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, локальды-абсалютті, шартты, субьективті, танымалдық деңгейі және қолдану аймағы бойынша.
Критерийлер жүйесіндегі оптималдық нәтижеге қол жеткізуге мұғалім мен оқушының жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тәслінің тиімділігін айқындайды. Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі еңбек жағдайымен бөлек оқушылар ортасында бірдей жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оқу процесіне педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оптималдығын білдіреді. Инновацияны бұқаралық тәжірибеде қолданудың бастапқы кезеңі жекелеген мұғалімдер мен тәрбиешілердің қызметіне негізделгенімен олар сыннан өтіп, обьективті баға алған соң ғана жалпыға бірдей қолдануға енгізуге ұсынылуы мүмкін. Жоғарыда аталған критерийлерді білу және педагогикалық инновацияны бағалауда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа негіз қалайды [4] .
Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары. «Инновация» деген сөз − латынның «novus» жаңалық және «іn» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді.
Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз − жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз − тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңа мазмұнды, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген.
Ал А. И. Кочетов «инновация» ұғымына төмендегідей анықтама береді: «көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы». Алайда Р. Масырова мен Линчевская мұндай анықтамамен келісепейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, «Егер баратын деңгей алдын ала көрсетілген болса, ол қандай инновация» делінген. В. Кваша мен Латинаның пікірлері бойынша «инновация» − бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекеті, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.
Демек «инновация» термині анықтауда барлық авторлардың пікірлерін салыстырсақ, аса алшақтаған жоқ десе болғандай. Олардың ойынша, «инновация» − педагогикалық категорияға жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады [5] .
Қорыта келгенде, белгілі дидакт ғалымдарымыздың ұсынған анықтамаларын зерделей келе, педагогикалық әрекетті әлеуметтік тәжірибе мен мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін әрекеттің дербес түрі деп, ал педагогикалық технологияны - педагогикалық мақсаттарға жетуге кепілдік беретін, алдын-ала жобаланған, оқу-тәрбие үрдісі бірізді жүзеге асатын жүйе деп түсінгеніміз жөн.
Бақылау сұрақтары:
1. Әдіснама, әдіс, әдіснамалық жүйе, әдіснамалық қабылдау түсініктерінің философиялық, психологиялық мәні.
2. Оқу және өзіндік оқыту.
3. Педагогикалық психология және жалпы, әлеуметтік психологиядағы тұлғаның қалыптасуы мәселесі.
4. Оқу іс-әрекетінің теориясы.
Практикалық сабақ №4
Тақырыбы: Білім беру процесінің субъекттері.
Жоспары:
1. Педагог және оқушылар - білім беру процесінің субъекттері.
2. Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер.
3. Педагог - кәсіби қызметінің саласында.
Субъект категориясының жалпы сипаттамасы. Субъект категориясы философияда, әсіресе онтологияда негізгі орын алатыны белгілі (Аристотель, Декарт, Кант, Гегель) . Ол қазіргі кездегі психологияда да өзіне үлкен назар аудартуда (С. Л. Рубинштейн, К. А. Абульханова-Славская, А. В. Брушлинский, В. А. Лекторский) . С. Л. Рубинштейннің айтуынша «философияның (онтологияның) негізгі мәні . . . түрлі формалардағы субъектілерді, тіршілік ету тәсілдерін, қозғалыстың түрлі формаларын ашу» . Мұның ішіне іс-әрекет субъектілерін қозғалыстың негізгі формаларының бірі ретінде ашып көрсету енеді. Білім беру іс-әрекетінің, яғни өзіне оның екі өзара байланысты - педагогикалық және оқу формаларын қамтитын іс-әрекеттің субъекттерін талдау жалпы философиялық және нақты педагогикалық міндеттер арнасында жатыр.
Жалпы философиялық позиция бойынша субъект сипаттамасы қандай? Осы сипаттамаларды С. Л. Рубинштейн бойынша келтірейік.
Біріншіден, субъект категориясы әрқашан объект категориясымен сәйкестендіріледі. Осыған орай С. Л. Рубинштейн, болмысты танып білуге, «болмыстың танымға ашылуына», осы «танылып отырған болмыстың» танып білушы адамға қатынасына екі өзара байланысты жақтарды қояды: 1) болмыс объективтік шындық ретінде, адам тарапынан саналы түсіну объектісі ретінде; 2) адамды болмысты танушы, ашушы, оның өзіндік сана-сезімін іске асырушы субъект ретінде» .
Екіншіден, танушы субъект, немесе «ғылыми таным субъектісі - бұл өзі танып отырған болмысты қоғамдық-тарихи қалыптасқан формаларда саналы түсінуші қоғамдық субъект» . Осы жерде А. Н. Леонтьевтің жалпы субъективтік пен объективтік арасында қарама-қайшылық абсолютті емес деген қағидасын атап өту маңызды. «Олардың қарама-қайшылықтары дамудан келіп туындайды, тіпті бүкіл оның даму барысында олардың арасындағы, «біржақтылықты» жоюшы, өзара өтулер сақталады» .
Үшіншіден, қоғамдық субъект іс-әрекетте де, нақты индивид болмысында да тіршілік құрып, жүзеге аса алады.
Төртіншіден, «Мен» және басқа адам проблемасы мәселесін қарастыра отырып С. Л. Рубинштейн келесі жағдайға назар аудартады: «Мен» қандай да бір іс-әрекетті ұйғарады, және керісінше, «ырықты, басқарылушы, саналы түрде реттелуші іс-әрекетті әрекеттегі адам (лицо), осы іс-әрекеттің субьектісі - берілге индивидтің «мені» тиісті ұйғарады» . Бұл қағида тек субъектінің ғана емес, сонымен қатар іс-әрекеттің өзінің де негізгі сипаттамаларының бірі ретінде болады.
Бесіншіден, субъект - саналы әрекеттенуші - оның өзіндік сана сезімі - бұл «өзін дүниені саналы түсінуші және оны өзгертуші тіршілік иесі ретінде түсіну, оның іс-әрекет процесінде әрекеттенуші субьект ретінде - практикалық және теоретикалық, сондай-ақ саналы түсіну іс-әрекетінің субъектісі ретінде түсіну» . Бұл анықтама С. Л. Рубинштейн теориясында «Адам өмір субъектісі ретінде» афоризмі формасын алады.
Алтыншыдан, әрбір нақты субъект өзінің басқаға қатынасы арқылы танылады (мұны тағы А. Смит, К. Маркс айна теориясында атап өткен, бұл теория бойынша Петр деген адам Павелге айнаға қарағандай қарап, оның бағалауын қабылдай отырып, өзін-өзі бағалауды қалыптастырады) .
Жетіншіден, әрбір «Мен», жекеше де, қоғамдық та болғанымен, ұжымдық субъект болып табылады. «Әрбір «мен», ол «мендердің» жалпылығы болғандықтан, ұжымдық субъект, субъекттер ынтымақ-тастығы, «субъектер республикасы», тұлғалар ынтымақтастығы болып табылады; бұлі «мен» іс жүзінде «біз» болып табылады» .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz