ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 224 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТ

ТАРИХ - ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ» пәнінен

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

5В010300 - Педагогика және психология

Түркістан 2013

Лекциялар жинағы ҚР БҒМ «» 201___ж. № ___ бұйрығымен бекітілген Мемелекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ «» 20___ ж. № б±йрығымен бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Лекциялар жинағы «Жалпы психология» кафедрасының №___. «___»201__ ж. мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі, п. ғ. д., профессор Ж. З. Торыбаева

Құрастырған, п. ғ. к., доцент м. а П. К. Искакова

1. КІРІСПЕ

Пән туралы қысқаша сипаттама

Қазіргі таңда елімізде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына орай мектептің қоғам өмірінде алатын орны мен атқаратын қызметіне айрықша мән беріліп отыр. Осындай күрделі мақсатты жүзеге асыру жолында болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіптік білімін көтеріп, мамандығын шыңдауда психология саласындағы білімнің маңызы ерекше рөл атқарады. Мұндай мақсаттарға жету жолында студенттерді оқыту мен тәрбиелеу процесінде адамның жан дүниесінің сырын терең ұғынып, оның жеке басының қалыптасуы мен психикалық даму ерекшеліктерін де жете білетін мамандар етіп даярлау керек.

Педагогикалық психология курсын оқу барысында оның зерттейтін пәнін, әдістерін, психикалық дамуын, жеке адамның өмір тіршілігінде қалыптасу заңдылықтарын танып біледі. Сонымен қатар студенттер жалпы және кәсіптік білім беретін мектеп оқушыларының жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін біліп, олардың азаматтық қасиеттерінің кемелдену жолындағы психикалық жағдайларымен танысады. Студенттер ересек мектеп жасындағы оқушылар мен балаң жастық кезеңде оларды мамандық таңдауға баурып, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық заңдылықтарды білетін болады.

Бұл курсты оқып үйрену нәтижесінде студенттер оқушы жастардың оқып білім алуы мен тәрбиесінің неғұрлым тиімді болу жолындағы психологиялық сипаттарымен танысады. Мұғалімнің мамандық білімін көтеру және оның ұстаздық қызметіндегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық мәселелері сөз болады. Сонымен бірге студенттердің болашақ ұстаздық мамандығының өзіндік сыр-сипаты, творчестволық іс-әрекеті және жастарды тәрбиелеудің қоғам алдында жауапкершілігі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отырудың психологиялық мәселелерін қамтиды.

Пәннің мақсаты: болашақ педагог-психологтарды адамның жеке басының дамуы мен қалыптасу заңдылықтары жайындағы біліммен қаруландыру.

Пәннің міндеттері:

  • оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына оқытушылық және тәрбие берушілік әсердің механизмдері мен заңдылықтарын ашу; оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің интеллектуалдық, тұлғалық даму мен оқу-танымдық белсенділікке әсерін анықтау;
  • педагог қызметінің психологиялық негіздерін, оның жеке-психологиялық және кәсіби сапасын зерттеу; білімді меңгеру заңдылықтары, шарттары мен өлшемдерін анықтау, олардың негізінде әртүрлі міндеттерді шешу процесінде қызметтің операциялық құрамын қалыптастыру; білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру процесін ары қарай жетілдірудің психологиялық негіздерін жасау.

Пререквизиттер: Пәнді оқыту үшін студенттер келесі курстарды меңгеруі қажет: психология мамандығына кіріспе, жалпыпсихология, жас ерекшелігі физиологиясы.

Постреквизиттер: Пәнді меңгеру нәтижесінде алған білім “Басқару психологиясы”, “Жас ерекшелік психологиясы”, “Әлеуметтік психология”, “Практикалық психология” курстарын игеру үшін қажет.

Қысқартылған сөздер: СӨЖ - студенттердің орындайтын өзіндік жұмысы

ОБСӨЖ - оқытушы басшылығымен орындалатын СӨЖ.

2. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ

№:
Семестр: Семестр
Аудиториялыќ сабаќтар: Аудиториялыќ сабаќтар
Аудиториядан тыс сабаќтар: Аудиториядан тыс сабаќтар
№: лекция
Семестр: прак
Аудиториялыќ сабаќтар: сем
Аудиториядан тыс сабаќтар: лабор
ОБС¤Ж
С¤Ж
№: 1
Семестр: 3 семестр
Аудиториялыќ сабаќтар: 15
Аудиториядан тыс сабаќтар: 15
30
30
№: Барлыѓы
Семестр: 15
Аудиториялыќ сабаќтар: 15
Аудиториядан тыс сабаќтар:
30
30

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

І-бөлім. Педагогикалық психологияның қалыптасуы мен қазіргі кездегі ахуалы.

Жоспары:

1. 1. Педагогикалық психологияның жалпы ғылыми сипаттамасы.

1. 2. Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы.

1. 3. Педагогикалық психологияның зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы.

1. 4. Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері.

Лекция мәтіні.

1. 1. Педагогикалық психологияның жалпы ғылыми сипаттамасы. Қазіргі заман ғылымының дамуында оның ғылыми салалар, пәндер мен проблемалық салалардың (жүйелендіру, иерархияландыру, куммулятивтік сияқты беталыстармен қатар) ықпалдасуы мен саралап жіктелінуі сияқты негізгі екі беталысының өзара әрекеттесуі неғұрлым айқын көрініп келеді. Ғылымның ықпалдастығын талдай келе, Ж. Пиаже, Б. Г. Ананьев пен Б. М. Кедров ғылыми білімнің ортасында адам туралы ғылым - психология тұр деп көрсеткен. Ғылыми білім үшбұрышының Б. М. Кедров ұсынған түсіндірмесі (оның шыңы - жаратылыстану ғылымдары, оның тағандарының бұрыштары - философия және қоғамдық ғылымдар, ал оның ортасында осы ғылымдармен психология түйісіп тұр) Ж. Пиаженің келесі пайымдауымен сәйкестендіріледі « . . . психология барлық басқа ғылымдардың өнімі ретінде ғана маңызды орын алып тұрған жоқ, ол сондай-ақ олардың қалыптасуы мен дамуына түсініктеме бере алушы бастау ретінде де орталық орын алады ».

Адам проблемасының ғылым дамуындағы рөлін анығырақ Б. Г. Ананьев анықтайды, оның ойынша адамды тереңірек зерттеу, саралап жіктеу, сонымен бірге осы саладағы барлық зерттеулердің ықпалдасуы адам проблемасының жалпы ғылымдық сипатқа ие болуына ықпалын тигізді. Осы адам мәселесін жаһандандыру беталыстарының педагогикалық психология саласындағы көрінісін кезінде К. Д. Ушинский да байқаған, яғни 1868-1869 жылдардағы «Адам тәрбие пәні ретінде. Педагогикалық антропология тәжірибесі» атты еңбектерінде, адам тәрбиесіне өз үлесін қосқан ғылымдардың бағыныстылығын анықтау негізінде психологияның жетекші рөлі атап көрсетілген.

Өз кезегінде, психология да күрделі ықпалдасқан білім болып табылады, оның құрылымдық көрінісінің негізінде, А. В. Петровскийге сәйкес, келесі психологиялық жақтары алынған: «1) нақты іс-әрекеттің, 2) даму, 3) адамның (дамуы мен іс-әрекеттің субъекті ретінде) қоғамға қатынасы (өзінің іс-әрекеті мен іске асатын дамуы) » . Педагогикалық психология көбінесе «нақты іс-әрекет» негіздемесі бойынша ажыратылатын жалпы психологиялық білімдердің дербес саласы ретінде қарастырылады, оның негізінде оның басқа тағы екі жағы өз көріністерін табады. Бұл тұжырым, педагогикалық психологияның негізін білім беру іс-әрекетінің өзі, немесе, педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі П. Ф. Каптеревтің анықтауындай, білім беру процесінің механизмдері мен заңдылықтары қалайтынын білдіреді.

Педагогикалық психология әр түрлі себептерге байланысты көптеген басқа ғылымдармен байланысты. Біріншіден, ол ғылыми білім үшбұрышының ортасында орналасқан жалпы психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады. Екіншіден, оның басқа ғылымдармен байланыста болуының себебі, білім беру процесі өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені беруші болып табылатынында және осындай мәдениетте бүкіл өркениеттік білімдердің таңбалық, тілдік формада шоғырландырылғанына байланысты. Үшіншіден, оның зерттеу пәні өзі танып білуші және танып білуге үйретілуші, басқа да көптеген адамтанушы ғылымдармен зерттелінетін адам болып табылады. Педагогикалық психология, мысалға педагогика, физиология, философия, лингвистика, әлеуметтану және т. б. ғылымдармен үздіксіз байланыста екені анық. Соның өзінде, педагогикалық психология - жалпы психологиялық білімнің саласы деген тұжырымдама оның осы білімдердің негізінде, яғни психикалық даму, оның қозғаушы күштері, адамның даралық және жыныстық-жас ерекшеліктері, оның тұлға ретінде жетілуі мен дамуы жайлы білімдердің негізінде қалыптасатынын білдіреді. Сондықтан педагогикалық психология психологиялық білімдердің (әлеуметтік, дифференциалды психологиямен және т. б. ) басқа салаларымен, ең алдымен жас ерекшелік психологиямен байланысты.

Педагогикалық және жас ерекшелік психология бір-бірімен осы ғылымдардың зерттеу объекттерінің ортақтығымен байланысты. Яғни, олардың зерттеу объекті дамып келе жатқан адам болып табылады. Бірақ, жас ерекшелік психологиясы «адам психикасының жас ерекшелік динамикасын, дамып келе жатқан адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін» зерттесе, ал педагогикалық психология білім беру ықпалымен психикалық жаңа құрылымдардың қалыптасуының шарттары мен факторларын зерттейді. Осыған байланысты педагогикалық психологияның барлық проблемалары білім беру процесіндегі адамның жас ерекшеліктерін есепке алу негізінен қаралады. Сонымен бірге, (бұл жағдайды тағы да ерекше атап көрсетейік) педагогикалық та, жас ерекшелік психология да « . . . жалпы психологиялық заңдылықтарды ашып көрсететін, қалыптасып қойған адам тұлғасының психикалық процестерін, психикалық күйлерін және даралық-психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін» жалпы психологияның білімдеріне жүгінеді. Педагогикалық психологияны бір жағынан пәнаралық ретінде, ал екінші жағынан - ғылыми білімнің дербес саласы ретіндегі осындай түсіндірмесі, Б. Г. Ананьев позициясымен теңестіріледі. Б. Г. Ананьев бойынша, педагогикалық психология - шекаралық, кешендік білімдер саласы, ол « . . . педагогика мен психологияның ортасынан белгілі орын алып, өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту, оқыту, тәрбиелеу арасындағы өзара байланысты бірлесе зерттеу сферасына айналды ».

Алайда, мұндай түсіндірме басқа авторлар келтірген педагогикалық психологияның мәртебесінің анықтауларына сәйкес келмейді, мұның өзі осы сұрақты шешудің біржақтылы еместігін көрсетеді. Мысалы, «Жалпы, жас ерекшелік, педагогикалық психология курсында» « . . . егер жас ерекшелік және педагогикалық психологияның дамуының бірінші кезеңінде олардың жекелену беталыстары байқалса, онда біздің кезеңде, керісінше - жақындасу, кейбір жағдайларда тіпті қосылуы байқалады» деп көрсетілген. Екінші жағынан, «Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының негіздерінде» бір кешендік ғылыми пәнді қалыптастырған, педагогика мен психологияның бірлігін, кешенділігін атап көрсетеді. Іс жүзінде педагогикалық психология кешендік болып табылды деп ұйғаруға болады. В. И. Гинецинский бойынша педагогика оның теоретикалық және тәжірибелік жақтарында онымен тығыз байланысқан дербес ғылым болып табылады. Ал жалпы және жас ерекшелік психология онымен іштей тығыз, үздіксіз байланыста болатын жалпы психологиялық білім саласы.

1. 2. Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы. Ғылыми білімнің көптеген салаларының қалыптасуы гетерогенді және гетерохронды, тіпті уақытқа қарай үзілген процесс болып табылады. Бұл әдетте, әлемде болып жатқан ірі қоғамдық-тарихи (революциялар, соғыстар, апаттық сүргіндер) оқиғалармен түсіндіріледі, олар ғылыми дамудың мазмұны мен бағытына елеулі әсер етеді. Алайда, ол бір пайда болғаннан кейін адамзат ой-санасының тоқталмас қозғалыстарына байланысты жалғасып отырады.

Алғаш рет Ян Амос Коменскийдің 1657 ж. «Ұлы дидактика» еңбегінде жазылған педагогикалық ойлар, педагогикалық теорияның және мектептегі оқытуды мақсатты ұйымдастырудың дамуына жол бастады. Бұл еңбекті педагогикалық психологияның 250 жыл бойы ұзақ қарама-қайшылықты дамуының алғашқы алғышарты ретінде де қарастыруға болады, өйткені тек ХІХ ғасырдың аяқ кезінен бастап ғана ол дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады. Педагогикалық ғылымның бүкіл қалыптасу және даму жолын үлкен үш кезеңдермен көрсетуге болады.

Педагогикалық психологияның даму кезеңдері

Бірінші кезең - XVII ғасырдың ортасынан ХІХ ғасырдың аяғына дейін - Песталоццидің айтуы бойынша «педагогиканы психологияландыруды сезіну қажеттілігіне» қарай жалпы дидактикалық деп атауға болады. Бұл кезең ең алдымен, Ян Амос Коменскийдің (1592-1670), Жан-Жак Руссо (1712-1778), Иоганн Песталоцци (1746-1827), Иоганн Гербарт (1776-1841), Адольф Дистервег (1790-1866), К. Д. Ушинский (1824-1870), П. Ф. Каптерев (1849-1922) өзінің есімдерімен көрсетілуі мүмкін. Бұл ойшыл - педагогтардың педагогикалық психологияның дамуына қосқан үлестері өздері қарастырған мәселелермен анықталады: даму, оқу және тәрбие байланысы; оқушының шығармашылық белсенділігі, баланың қабілеттілігі және оны дамыту, мұғалімнің рөлі, оқытуды ұйымдастыру және көптеген басқа мәселелер. Алайда, бұл - аталған процестің мәнін ғылыми тұрғыдан түсінудің тек алғашқы әрекеттері еді. Осы мәселелердің шынайы психологиялық жақтарын толығымен ашылмағандығы жөнінде П. Ф. Каптерев «Дидактикалық очерктер. Білім беру теориясы» (1-ші басылым. 1885 ж. ) атты кітабында осы кезеңдегі педагогикалық теорияның дамуына терең және жүйелі талдау жүргізу негізінде дәлелдер келтіреді. П. Ф. Каптерев, «…Коменскийдің дидиктикасына тым маңызды кемшіліктер тән: бұл сыртқы механикалық құрал ретінде ұсынылған әдіс дидактакасы; бұл дидактикада оқушылардың қабілеттерін оқыту арқылы дамыту туралы мүлдем сөз жоқ ; … Коменскийдің дидактикасына психология жетіспейді» .

И. Песталоццидің рөліне талдау жүргізе келе, П. Ф. Каптерев «Песталоцци оқудың барлығын оқушының өз шығармашылығы деп түсінген, ал барлық білімді әрекеттің іштен дамуы, өз бетімін әрекет жасау, өзін-өзі дамыту акті ретінде түсінген» . Алайда, сонымен қатар П. Ф. Каптерев айтқандай, «…Оның оқытуда әдістің әсерін тым асыра көтеріп, оқытуда мектепте қолданылатын әдіс, тәсілдерді механизациялауға көп мойын бұрғаны анық. Мектептегі көрнекті фактор ретіндегі мұғалімнің жанды тұлғасы әлі түсініксіз. Жалпы Песталоцци білім беру процесінің психологиялық жағын , оның негіздері, жолдары мен, нысандарын қажетті деңгейде ашпаған » . Педагогикалық психологияға И. Гербарттың қосқан үлесін бағалай келе, П. Ф. Каптерев «…Гербарт дидактикасының аса маңызды басымдылықтары бар: ол педагогикалық әдіске психологиялық талдау береді, ол оқуға қызығушылық туралы аса маңызды мәселені көтереді, ол оқыту мен тәрбие беруді бір - бірінен ажыратпайды. Гербарт дидактикасының жетіспеушілігі оның біржақты интеллектуализмі және кейбір мәселелерді толығымен игермеуінде, мысалы, оқушылардың қызығушылықтары жөнінде» . Бұл жерде, «тәрбиелеп оқыту» ұғымы И. Гербарттың тұжырымдамасынан бастау алады.

А. Дистервегтің шығармашылығы, П. Ф. Каптерев бойынша, оның заманына сай педагогикалық тәжірибенің психологиялық бағыттанған ережелерінен тұрады. А. Дистервегтің білім беру процесінде мұғалімнің, педагогтың басқарушы рөлі туралы тезистері бар. Ол оқу процесін оқушының - оқытылатын субъектің, мұғалімнің, оқылатын пәннің және оқыту жағдайларының біртұтастығы деп қарастырады. Өзін-өзі жетілдіру, оқушының ерекшелігін ескеру және педагог әрекеттерінің пәрменділігі - тәрбиелеп оқытудың кепілі мен негізі. П. Ф. Каптерев атап өткендей, «…Дистервегтің көптеген ережелері ой саралығы мен айқындығы, ықшамдығы, сонымен бірге, педагогикалық қолайлылығы мен мәнділігі бойынша жаңалық пен тереңділігі жоқ болғанына қарамастан, дидактика оқулықтарына кіріп, күнделікті педагогикалық тәжірибенің ережелеріне айналды» . Олар оны жан-жақты ғылыми тұрғыдан түсіну қажеттілігіне себепші болды.

Педагогикалық психологияның осы «алғы шарттық» жалпыдидактикалық даму кезеңінде қалыптасуына К. Д. Ушинскийдің «Адам тәрбие пәні ретінде» атты жұмысы үлкен рөл атқарды. Педагогикалық антропология тәжірибесі; мұнда адам дамуының біртұтас тұжырымдамасы ұсынылған. Бала - тәрбие мен оқытудың ортасында тұр, және де шешуші рөл тәрбиеге беріледі. Оқыту процесінде ес, зерде, ойлау мен сөйлеудің психологиялық-педагогикалық мәселелері арнайы талдау құралдары және даму міндеттері ретінде шығады. К. Д. Ушинский бойынша, тіл дамыту, ойлау қабілетін дамытуға байланысты баланың сөздері, оның танымы мен ұғымын, жалпы тұлға ретінде қалыптасуының алғы шарты деп саналады.

Педагогикалық психология негіздерін құруда П. Ф. Каптеревтың өзінің қосқан үлесі орасан зор. Ол педагогикалық психологияның негізін құраушыларының бірі. Ол өмірге Песталоццидің өсиеттерін - педагогиканы психологтандыруды енгізуге ұмтылды. «Психологиялық педагогика» ұғымы зерттеушілердің айтуы бойынша, ғылыми айналымға 1877 ж. Каптеревтың «Педагогикалық психология» атты кітабы шыққан соң кірді. Шынында да, Э. Торндайктың осыған аттас кітабы тек шаршы ғасырдан соң (1903 ж. ) жарық көрді. Сонымен қатар, П. Ф. Каптерев ғылыми қолданысқа қазіргі заманда қолданылып жүрген білім беру мен тәрбие берудің жиынтығы, педагог пен оқушы әрекетінің байланысы ретіндегі «білім беру» ұғымын кіргізді. Сонымен бірге, мұғалім еңбегі мен мұғалім дайындаудың педагогикалық мәселелері, эстетикалық даму мен тәрбие беру мәселелері және басқа да көптеген мәселелер қарастырылды. Білім беру процесінің өзін П. Ф. Каптерев психологиялық тұрғыдан қарастыруы өте маңызды, ол жөнінде «Дидактикалық очерктер. Білім беру теориясы» атты кітабының екінші тарауы - «Білім беру процесі - оның психологиясы» дәлел болады. Автордың ойы бойынша, білім беру процесіне «адам ағзасының ішкі әрекетінің көрінісі», қабілеттілікті дамыту және басқа үрдістер кіреді.

П. Ф. Каптеревқа тек ұлы дидактардың еңбектеріне іргелі талдау жасаудағы сіңірген еңбегі ғана емес, былайша айтқанда, эксперименталдық дидактиканың, негізінде алғанда, оқытуда және оқыту үшін эксперименталдық психология өкілдерінің еңбектеріне жасаған талдауын атап өту қажет. П. Ф. Каптеревқа сәйкес, осы еңбектер авторларының міндеті оқушылардың ой еңбегі жұмысын зерттеу, ой еңбегі жұмысында қимылдың орны, оқушылардың пән және сөз арқылы берілетін түсінігі, мектеп оқушылары дарындылығының түрлері және басқа мәселелерді зерттеу болып табылады.

Педагогикалық психологияның қалыптасуына сол кезеңде жаңадан пайда бола бастаған әлеуметтік психология өкілі С. Т. Шацкийдің (1878-1934) қосқан үлесі қомақты. Ол адамды әлеуметтендіру процесінде тәрбие беруді ізгілендіру және демократияландырудың біртұтас тұжырымдамасын жасаған. С. Т. Шацкийге әлеуметтік-педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде оның тұлғасы мен кәсіби құзырлылығына қойылатын жалпыланған талаптарды қамтитын педагог моделін құрған. С. Т. Шацкийдің педагогикалық тәжірибесіне шет елдік зерттеушілер жоғары баға берген. Атап айтқанда, Дж. Дьюи ресейлік оқушылардың дайындығының жүйелілігін, ұйымдастырушылығын, қазіргі заманғы американдық мектептермен салыстырғанда демократты екендігін атап өтеді.

Осылайша, бірінші алғы шартты кезең, бір жағынан, И. Ньютонның механистикалық түсінігінің басымдылығымен, Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларымен, Дж. Локктың психикалық өмірді ассоциативтік түсіну - психикалық өмірдің негізін сезімдік әсерлену құрайды деген ежелден дамып келе жатқан ілім - сенсуализммен сипатталады. Басқа жағынан алғанда, бұл кезең негізінен педагогикалық болмысты байқау, талдау және баға беруге негізделген ойша жорытылған, қисынды құрылған жорытпалар кезеңі.

Екінші кезең XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына дейін созылған. Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы жүзжылдықтың педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық, психофизикалық эксперименталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағыттанып, дербес сала болып қалыптаса бастады. Педагогикалық психология эксперименталдық психологияның қарқынды дамуымен бірге дамып, қалыптаса бастады, нақты педагогикалық жүйелер құрып, жете зерттеумен болды, мысалы, М. Монтессори жүйесі.

Педагогикалық психологияның осы кезеңінің басы П. Ф. Каптеревтың, Э. Торндайктың, Л. С. Выготскийдің кітаптарының атауларынан байқауға болады, сонымен қатар осы салада алғашқы эксперименталдық жұмыстардың пайда болуымен белгіленеді. Л. С. Выготский Г. Мюнстербергпен келісе отырып, педагогикалық психология - соңғы бірнеше жылдардың өнімі; бұл медицина, юриспруденция және басқа ғылымдармен бірге қолданбалы психологияның бір бөлігі болып табылатын жаңа ғылым екенін атап өтеді. Сонымен қатар, бұл дербес ғылым. Шынайы психологиялық мәселелер, есте сақтау ерекшеліктері, тіл дамыту, зерде дамыту, дағды қалыптастыру ерекшеліктері және т. б. А. П. Нечаевтың, А. Бине мен Б. Анридің, М. Оффнердің, Э. Мейманның, В. А. Лайдың жұмыстарында, Г. Эббингауз, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Дьюи, С. Фрэне, Э. Клапередтің зерттеулерінде ұсынылды. Үйрету тәртібінің ерекшеліктерін эксперименталдық зерттеу (Дж. Уотсон, Э. Толмен, Э. Газри, К. Халл, Б. Скиннер), бала тілін дамыту (Ж. Пиаже, Л. С. Выготский, П. П. Блонский, Ш. және К. Бюлер, В. Штерн және т. б. ), Вальдорф мектебі мен Монтессори мектебінің арнайы педагогикалық жүйелерін дамыту психология ғылымының осы саласының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
Әдебиет теориясы пәнінен лекциялар тезисі
Психологиялық кеңес жұмыстары
Тәрбие мен оқыту жүйесінің дамуындағы психология. ролі және орны
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Электрондық оқыту құралдарын жасау және білім беру жүйесінде пайдалану
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz