Қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасы


Қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасы
Қылмыстық заңда, қылмысқа барған жасөспірімді әр түрлі терминдар- мен анықтайды: «қылмыс істеген жасөспірім», «қылмысты тұлға», «айыпкер». Қалайша, неге осы жасөспірім қылмыс әрекеттеріне барды? Нақты бір қылмыс жасаған жасөспірім қандайжауапкершілік арту керек? Оның ресоциализация жүйесі қандай болу керек? Қылмвскер жасөспірімнің қалыптаспауына қандай ескертулер болу керек? Деген сұрақтарға жауап алу үшін қылмысқа барған жасөспірімнің тұлғалық ерекшеліктерін талдау керек.
Заң шығарушы қылмыс барысында байқалынған жасөспірімнің ерекшеліктерін айқындап алу міндетті. Нақты қылмыс құрамын құрастыруда, жаза мен қылмыстық жауапкершілігін жекелеуінде де қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасының индивидуалды ерекшеліктері еске алынады.
Қылмыскер жасөспірімді сипаттау - индивидтің маңызды қасиеттерін типологиялық - криминогендік анықтау, зерттеу. Жасөспірімнің қылмыстық тұлғасы - ол сол тұлғамен істелінген қылмысқа себеп болатын, индивидтің типологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Қылмысқа барған жасөспірімнің құндылыққа бағытталған
стереотиптік жүріс-тұрыс схемасы
Қылмыс негізінен индивид қылмысқа тигіштігінен, дұрыс өмір сүру керек екендігін түсіне алмай немесе түсіне алғысы келмегендіктен емес, әлеуметтік шындықтың нақты бір жағына қатысты шартталынған адамның ой құрылымының жүйесінің қарапайымдануынан. Қылмысқа барған жасөспірімнің тұлғасын бағалай отырып, оның жүріс-тұрысының жалпы үлгісін, өмірлік стратегиясын құрайтын басыңқы ниетін, өмір сүру әдістерін анықтап алуымыз керек. Адамның жүріс - тұрысы тұлғаның құндылық позициясымен ұйымдастырылады. Адамның мақсатқа жету үшін құралын таңдау субъектінің өзіндік сана сезімімен байланысты. Тұлғаның жетекші жүйелендіруші фактор ретіндегі механизмі оның мағыналық құрылымы. Жалпы адамның әр саналы әрекетін тұлғалық құндылық бағалайды. Қылмысқа ьарған жасөспірімдердің құндылықты жүріс-тұрысында бір жетіспеушілік бар, олар өздерінің қылмыстық ісіне адекватты емес баға береді. Өзінің антиәлеуметтілігін өз бетінше бағалай отырып, өзінің қылмыстық мақсатына жететін әлеуметтік құндылықтарды жоққа шығарып, өзінің мотивтерін қорғауға жүйе құрады. Жасөспірімдер қылмыстық жүріс-тұрыс себебін өздерінің жағымсыз жақтарынан емес, басқалардың жүріс-тұрысынан, сыртқы қоршаған ортадан көреді. Әдетте олардың өзіндік бағалауы жоғары болады, ал бұл олардың адекватты емес бағалауын, тұлғасында құндылық аясының бұзылуын көрсетеді.
Қылмыстың мотивациясы қылмысқа барған жасөспірімнің жағымсыз, яғни пайдақорлық, кекшілдік, қызғаныштық, мансапқорлық, қате түсініктер сияқты тұлғалық қасиеттерден құралады. Қылмысқа барған жасөспірімнің мативационді-қажеттілік сферасында терең қозғалыстар байқалады, олардың әрекеттері төменгі импульсивті нұсқаулық деңгейде жүреді. Мұндай әрекеттің мотивациясы жасырын болып, «мотивсіз» қылмыс деген жалған көрініс береді. Ал олардың қажеттіліктері бір жақтылығы мен шектеушілікпен, әлеуметтік жағымды қажеттілік түрлерінің дамымай қалғандығымен, төменгі деңгейдегі қажеттіліктердің гипертрофиялық болуымен ерекшеленеді.
Жалпы интеллектуалды дамудың жеткіліксіздігі, алдын-ала бейнелеудің қалыптаспағандығы, өзіндік рефлексияның төмен болуы - қылмыскер жасөспірімдердің негізгі айрықша ерекшелігі. Қылмыс жасаған жасөспірімнің жүріс-тұрыс механизмдерін түсіну үшін «тұлғаның типі» деген ұғымды да қарастыру керек. Тұлғалық тип дегеніміз - бағыттылық, жүріс-тұрыстың жалпы әдістерімен сипатталынатын құндылық бағдар.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің тұлғалық типологиясында негізгі үш нәрсені қарастыру керек:
- қылмыскер жасөспірімнің жалпы түрі;
- белгілі категорияның қылмыскер тұлғасы;
- белгілі түрдің қылмыскер тұлғасы;
Бұл градациялар бір - бірімен жалпы, ерекше, біркелкі деп сәйкестенеді. Тұлғаның әлеуметтік негізі болып оның бағыты, өмірлік қатынастардың жүйелері, мотивациялық-құндылық бағдары болса, онда осы негіз қылмыскер жасөспірімнің типін анықтауы керек. Қылмыскердің типтік критериі, яғни асоциалды, антиәлеуметтік деформация мөлшері, өзіндік психологиялық реттеу кемшілігі оның қоғамдық қауіпсіздік дәрежесі болып табылады. Осы критери бойынша қылмыскер жасөспірімнің үш түрін бөліп шығаруға болады:
1. антиәлеуметтік жасөспірім,
2. асоциалды жзасөспірім,
3. психологиялық өзіндік реттеудің кемшілігімен сипатталынатын
қылмыскер жасөспірім.
Жалпы әрекет қылмыс жасаған адамның субъективті жақтарын толық ашпайды. Заңды белгі бойынша ұсақ әрекеттер әр түрлі психологиялық факторлармен негізделеді. Қылмыскер жасөспірімнің криминалды - психологиялық классификациясының негізінде басыңқы позициялар: итермелеуші күші, мотивтары, қалыпты мақсаттары, қылмыс жасаудың амалдары, тұлғаның десоциолизация өлшемі, антиәлеуметтік бағдардың сипаты жатыр.
Жасөспірім қылмысының сипаты келесі белгілер жиынтығымен анықталынады:
- қылмыстың түрімен - объект, қылмыстық салдардың ауырлық
сипаттылығымен;
- айыптау формасы, қылмыстың мақсаты мен мотиві;
- қылмыс жасаудың амалы немесе әдісі;
- қылмыс жасаудың жағдайымен;
- жұмсарту жағдайының бар болуы;
- қылмысқа жасөспірімнің қатынасы, жасалынған қылмыстан кейінгі жүріс-тұрысы.
Әлеуметтік дезадаптация дәрежесі бойынша қылмыс жасаған жасөспірімнің 2-типі бөлініп шығарылынады: бірінші, антисоциалды тип, яғни бірнеше рет қылмыс жасағандар, екінші, асоциалды тип-алғаш рет қылмысқа барғандар.
Өзіндік реттеу кемшілігі бар қылмыскер жасөспірімді төртке бөледі:
А) әрекетсіз, қылмыстық селқостық жіберетіндер;
Ә) өзіне тым сенімшілдік нәтижесінде қылмысқа барғандар;
Б) қатты жан толқуларын сезініп, басқалардың заңсыз әрекеттеріне
қарсы қылмысқа барғандар;
В) тым жоғарғы дезадаптация жағдайының әсерінен қылмысқа
барғандар.
Құндылыққа бағдарланған бағыт бойынша қылмыс жасаған жасөспірімдерді келесідей түрлерге бөледі:
- антиәлеуметтік - пайдақорлыққа бағытталған, олар әсіресе қоғамның құндылығына қол сұғумен айналысады.
- антисоциалды пайдақор-зорлау бағытындағы қылмыскер.
- антигуманды-агрессивті бағыттағы қылмыскерлер.
Айтылып кеткен қылмыстық типтер қажеттілік, мотивациялық, интеллектуалды, еріктік, эмоционалды-құралдық жүріс-тұрыстық қасиеттер бағыты өзіндік «тұлға үлгісіне» ие.
Жаза мерзімін өтеп жатқан тұлғалардың психологиясы
Адамды еркінен айыру, оның әлеумттен оңашалау- адамның жүріс-тұрысының күшті модификация факторы. Бұл факторға әр адамның психологиясы әр түрлі жауап береді. Дегенмен, мұндай қысымдағы, ал кейде стрестік жағдайда адам жүріс-тұрысының негізгі психологиялық симптомдарын бөліп шығаруға болады. Түрме, колонния - адамның үйреніп қалған өмір қалпынан айрылу, жақындардан ажырау, қиын жылдарға ұшырау. Түрме- адаптацияға деген қиындықтың жоғарлауы: жиі тұлға аралық конфликттер, келіспеушілік, дөрекелік, тұрмыстық жағдайдың жеткіліксіздігі, криминалды субмәдениет, персонал жағынан криминалды топтық көшбасшылардың жағынан үнемі қысым. Осындай жағдайда тұтқындалғандардың тұлғалық дефект ұштаса түседі.
Алдын-ала қамау түрме, тергеу изолятордағы отырған адамдарға сот әлі болған жоқ, олар әлде айыпсыз деп аталынуы мүмкін. Бұл жерде адам қатаң режимге түсіп, адам өзін кінәлі екендігіне айтуға дайын болып, тезірек түрмеге не колоннияға ауысқысы келеді. Бірақ ол жақта стрестік жағдайға тап болады.
Алғашқы 2-3 ай алғашқы адаптация кезеңі сотталғандардың психологиялық үйінің кернеуімен ерекшеленеді. Келесі кезеңде сотталғандардың құндылығы қайта бағдарланып, микроортаның құндылықтарын, нормаларын қабылдап, жаңа жағдайға жүріс-тұрыс стратегиясы мен тактикасын құрады. Тірі қалу амалдарын іздестіреді. Ерте ме, кеш пе «түрме заңдарына» бағынады. «Заңдарды» қарапайым, қатал нәтижесінде ұрып-соғу, ал кейде өлтіріп тастауы мүмкін. Неғұрлым түрменің режимі қатал болса, соғырлым заңдар қатаң.
Барлық тұтқындалғандар өзіндік бағаны қайтаруды армандайды. Түрмеде, колоннияда адам белсенді іс-әрекетпен өз жағдайын жақсарта ала алмайды. Қосымша игілікті дөрекі шабуылмен, күштеп тартып алумен алынады. Қоғамда қалыптаспаған тұлға асоциалды әлемде өзін қабылдануына тырысады. Алайда бұл жерде де тұлға әлеуметтік иерархизациямен кездеседі. Криминалды ортада тұлғалық статус индивидтің «физикалық күшінен», криминалды «тәжірибесінен», адаптациялық кезеңіндегі толеранттіліктен тәуелді.
Криминалды субмәдениеттің бір құбылысы- ол стратификация- криминалды қоғамдастықтың әлеуметтік топтық қабаттасу. Қылмыс әлемнің әр қабаты өзінің субмәдениетіне ие.
Сотталған адамның психологиясы біркелкі күнделіктен шығу амалдарын іздейді. Ығыстырушы феномендер пайда болады, өткен шақ бейнелі тұрғыда күй кешіріледі, «қиялдағы өмір» пайда болып, өткен өзіндік қабылдану гипертрофты болады тұлға гиперкомпенсацияға тырысады. Осыдан экспрессивтілік, демонстративтілік жүріс-тұрыстың ашулағы байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz