ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МӘНІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ

Кішібаева Д.Ж. - п.ғ.к., доцент; Оспанов С.- 2-курс магистранты

Оқыту - бұл оқушының оқуын өз бетінше педагогикалық мақсатты түрде
ұйымдастыру. К.Д.Ушинский бойынша: "Мұғалімнің басты міндеті оқушының білім
алуын өз бетінше білім алуға айналдыру".

1 Оқытушының оқушының оқуын ұйымдастыру әдісінде, құралдарында,
мазмұнында оқу-тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың нақтылығы.

2 Оқыту технологиясының қажетті элементі бір логикамен байланысты жеке
сабақтардың барлық тізбегін құру және соңғы нәтижелердің қысқаша
сипаттамасы енетін тақырыптық жоспарлау болып табылады.

3 Оқушының оқу- танымдық жұмысының әрбір кезеңінде бақылау ұйымдастыру.

4 Оқушының шығармашылық іс-әрекетін жоғарылату, тек қана білетін
оқушыға ғана емес, жұмыс істей алатын оқушыға да бағыт беру.

5 Оқыту әдістері мен формаларының әр түрлі болуы, жеке құралдар мен
формаларын әмбебап болдырмау.

Білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі
принциптердің қатысуымен жасалуы тиіс:

- дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;

- қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада
технологияларды қайта өндіру принципі;

- сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне
әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының
сызықтық емес принципі;

- оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық
қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;

- біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу
ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі.

Сонымен, технология көмегімен білімдерді, дағдыларды, біліктілікті
игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету
мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Қазіргі заманғы ғылыми-теориялық әдебиеттерде және атақты отандық
педагогтардың іс-тәжірибелерінде технология негізгі үш түрге бөлінеді:

1 Техникалық.

2 Экономикалық.

3 Гуманитарлық.

Гуманитарлық технологиялар басқару гуманитарлық педагогикалық және
психологиялық болып бөлінеді. Гуманитарлық технология - адамдардың өзін
көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздері жүзеге асыру
технологиясы.

Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту
процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (В.П.Беспалько), педагогикалық
ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін
ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-
әрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың,
қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық
және адаммен ортаның өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын
қорытындалау (Г.К.Селевко). В.А. Сластениннің ойы бойынша педагогикалық
технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда
педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.

Педагогикалық технология нақты технологиялық процестерде жүзеге
асырылады. Оқыту ой тұжырымдамасында технологиялық процесске, нақты
тақырыпты оқыту тәсілдері мен формалараның жүйелелігі жатады және де әр
түрлі есептер шығару кезінде дағдыларды өндіру мақсатындағы сарамандық
міндет бірдей оқыту технологиясының көмегімен шешіледі.

Оқыту (тәрбиелеу) технологиясының тұтастығы оның үш құрамдас бөлігімен
қамтамасыз етіледі:

- ұйымдастыру формасымен;

- дидактикалық процеспен;

- мұғалім (немесе оқыту техникалық құралдарымен) маманмен.

Педагогикалық технологияның тақырыбы болып мұғаліммен оқушының әр түрлі
жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдары, олар оның құрастырылған,
жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер
негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы ұйымдастырылады.

Педагогикалық технологияның міндеттеріне мыналар жатады:

- әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің
тереңдігін, беріктігін арттыру;

- мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту
және арттыру;

- технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;

- технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;

- оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық
тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.

Жалпы, педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып
табылады.

Біріншіден, педагогикалық технология тәжірибе жүзінде бұрынғы
педагогикалық экспериментті жоққа шығарып, оны алдын-ала жобаланған оқу-
тәрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Педагогикалық инновация
Визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары
Пәндер