ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қоғамның дамуына байланысты жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу өз
өзектілігін жоғалтпайды. Жеке тұлғаны зерттеу объектісі ретінде қарастыру
күрделілігі кез келген адамды алып, оның әр турлі қырынан карағандағы
касиеттеріне. яғни тәндік болмысы мен руханя болмысына, саналы және
белсенді, коғамнын мүшесі ретінде алып карауға байланысты.
Мақаламыздың мақсаты - педагогикалық процесте жеке тұлғаның қалыптасу
деңгейінің жағдайын анықтау. Жеке тұлға тұтас жүйе ретінде козғалыста және
өзгермелі болады. Тек қана сыртқы ортанын әсеріне байланысты өзгеріп, дамып
қана коймай. жеке тұлғаны ішкі қарама-кайшылықтарынан туындайтын түрлі
өзгерістері болады. Философтардың түсінігінде жеке тұлға -жалпы әлеуметтік
ерекшеліктердің кайталанбас жеке касиеттерге ауысатын белсенді тірлік иесі
[1,15-18].
Жеке тұлғаны көбінесе генотиптік немесе физиологиялық касиеттері бойынша
емес, адамның әлеуметтік, қоғамның әсерімен пайда болған қасиеттер жиынтығы
арқылы анықтайды.
Психологияда жеке тұлғаны түсіндірудің методологиялық негізіне адам мен
қоғамның диалектикалық бірлігі туралы идеялары жатады. А.Н.Леонтьев,
Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, А.Р.Лурин зерттеулерінде қоғамдық жүйе
психикалық касиеттерді қалыптастырып қана қоймай, жалпы психиканың дамуына
әсер ететіндігі дәлелденген.
Ғылымда адам, тұлға ұғымдарымен қатар индивид, индивидтік деген
терминдер де қолданылады.
Адам ұғымы барлық адамдарға тән адами қасиеттердің жиынтығын берсе,
ал индивидке тек белгілі бір адамның психологиялық және биологиялық
қасиеттері ғана тән. Сонымен қатар индивидке сол адамды басқа адамдардан
ерекшелендіріп тұратын қасиеттері жатады.
Индивидтік - дегеніміз тек белгілі тұлғаға тән және оның жеке
қасиеттерінің жиынтыгы. Яғни, белгілі бір адамды басқа адамдардан ажыратып
тұратын қасиет.
Индивидтін тұлға ретінде дамуы өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын
табуға даяр, белгілі бір әлеуметтік-азаматтық статуста әлеуметтену
процесінде, социумға кіру барысында жүзеге асады, жас өсе келе бірте-бірте
әлеуметтік белсенділік әлемі кеңи түседі.
Жеке тұлғаға мына қасиеттер тән: қабілеттілік, темперамент, характер
(мінез-құлқы), ерік күшінің сапасы, эмоция, мотивация, қоғамдық қалыптасқан
ережелерді ұстануы.

Темперамент

Қабілетілік ЖЕКЕ Характер
(мінез-құлқы)

Ерік күшінің сапасы ТҰЛҒА
Қоғамдық кадыптасқан ережелерді

ұстануы.

Эмоция,
мотивация

Жеке тұлға кеңістігінің өзіндік күрделі және әр түрлі өлшемдері болады.
Жеке тұлғаның ішкі әлемін айналасын қоршаған әлем туралы, езі туралы
түсінігі, түрлі уақиғаларды басынан өткеруі, өзіне деген көзқарасы, өзін
өзі бағалау, өзін өзі жүзеге асыру, өзін өзі реттеу, өзін өзі бақылау,
өмірлік ұстанымдары, мақсаттары мен жоспарлары кұрайды.
Жеке тұлға - ең алдымен белгілі бір дәуірдің замандасы, яғни тарихи
процеске қатысушы әрі объект, әрі субъект. Демек жеке тұлғасыз қоғам, ал
қоғамсыз жеке тұлға дамымайды. Енді жеке тұлғаның қалыптасу процесіне
токталайық. Адам дүниеге бірден жеке тұлға болып келмейді, ол өмір
барысында жеке тұлға болып қалыптасады. Белгілі бір жасқа жеткевде қол
жеткізетін, өмірлік тәжірибені жинактау барысында пайда болатын қасиеттерді
айтпағанда, барлық негізгі және жеке тұлғалық қасиеттер балалық шақта
қалыптасады. Адамның балалық шақта алдына қойған мақсат-міндеттері,
қажеттіліктері, негізгі мотивациялық, қызығушылық, мінез-қулықгары
негізінде кейінгі өмірінде сакталады. Жастық шағында жеке трғаның
қалыптасуына ықпалын тигізетін түрлі әлеуметтік институттар: отбасы,
мектеп, мектептен тыс мекемелер (Балалар шыгармашылығының үйі, түрлі
кружоктар, секциялар), ақпарат құралдары (теледидар, радио, баспасөз
Интернет) т.б. болып табылады. Жас ерекшелігіне байланысты аталған
институттардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиелік мәні өзгеріп
отырады.
Жеке тұлғаның даму факторларына тоқталайық. Тұлғаның дамуына қоршаған
ортаның (тұрын жатқан мекенжайының табиғаты), антропологиялық
ерекшеліктердің (организмнің табиғаты), биологиялық дамудың (ұрық дамуы),
экономикалық факторлардың әсері мол. Сондай-ак жеке тұлғаның дамуына әсер
етуші ең басты фактор - коғамдық (әлеуметтік) әрекеттің орны ерекще.
Қоғамдық әрекетіз тұлға өз даму сатысында жылжымай тұрып қалуы мүмкін.
Сонымен қатар тұлғаның дамуында тәрбиенің маңьиды рөл атқаратындығы
белгілі. Себебі, баланың сәби кезінен бастап дұрыс тәрбиеленуіне,.оның тек
фңзикалық тәрбиесі мен тамакғануына ғана мән бермей, йегізіңен оның ішкі
жані дүниесінің токтығына көңіл аудару керек. Демек, жеке тұлғаның жан
дүниесінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының дамуына дү.рыс бағыт-бағдар
беріп, баса назар аударған жөн. Әйтпесе, тұлғаның мінез-құлқында, өмірге
деген көзқарасында, айналасындақы адамдармен қарым-қатынасында кері әсерін
тигізетін маңызды өзгерістер болуы мүмкін. Тәрбие, дегеніміз - әрбір өсіп
келе жатқан адамды кайталанбас жеке тұлға ретінде мақсатты түрде даійыту,
адамгершілік касиеттері мен шыгармашылық күиітерін үздіксіз жетілдіру [2,5-
\У\.
Жеке тұлғаны психологиялық жағынан қарастыралық. Жеке тұлға
психологиясы туралы ғылым А.Ф.Лазурский, Г.Оллпорт, Р.Кеттел т.б.
ғалымдардың есімімен тығыз байланысты. Дегенмен оларга дейін бұл ғылым
саласында философиялық-әдеби, клиникалық және жеке эксперименттік 3 кезең
анықталған еді. Философиялық-әдеби кезенде адамның адамгершілік және
әлеуметтік табиғаты, оның қылықтары мен тәртібі негізгі мәселе болды;
Алғашқы жеке тұлғаның касиеттерін адам өзінікі дегеннің бәрін, яғни
биологиясы, психологиясы, дүние-мүлкі,итәртібі, мәдениеті арқылы анықгаған.
Біздің пікірімізше осы тенденция қазіргі кезде де өз күшін жоймаған.
Айталық, жеке тұлғамен алғаш танысқан кезде алдымен оның бет-әлпетіне, дене
бітіміне, жүріс-тэдрысына, яғни биологиялық жақтарына бірден көз түседі.
Содан кейін арада тіл- катысып, сөйлескеннен кейін тұлғаның психологиялық
ерекшеліктері, мінез-құлқы, мәдениеті, білімі айқындалады.
Ал клиникалық кезең де қалпын сақтаған. Себебі, тұлғаның түрлі
психикалық жағдайларына:
экстраверсия мен интроверсияға, үрейлілік пен немкұрайлылық, т.б.
патологияларына
байланысты;
Жеке тұлғаны экспериментті түрде ең алғаш зерттеуді Ресейде
А.Ф.Лазурсісий бастаса,
Ішетелде Г.Айзенк пен Р.Кеттл зерттеді. А.Ф.Лазурсюий жеке тұлғаны жүйелі
түрде ғылыми
бақылаудың техникасы мен әдісін жасады. Соның нәтижесінде жеке тұлғаның
психологиясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кезеңдері және оны ұйымдастыру заңдылықтары
Педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін дамытудың өзекті мәселелері
Жеке тұлға тәрбиесі
Педагогика ғылымының әдістері
Полилингвалық тұлға
Ұстаз - ұлы есім
Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері
Тәрбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелері
Тұлғаның әлеуметтік - мәдени идентификациясы
Пәндер