Педагогикалық шеберлік.Дәрістер
14. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Дәріс-1. Педагогикалық шеберлік пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны.
Жоспары:
1. Педагогикалық шеберлік пәнінің мақсат, міндеттері, мазмұны.
2. Тәрбиеші мамандығы және оның қоғамдағы ролі
3. Педагог мамандығының тарихы.
4 Тәрбиеші туралы ұлы ғұламалардың ағартушы педагогтардың еңбектері
5. Ұстаз, шеберлік ұғымдары
Лекция мәтіні: 1. Педагогикалық шеберлік пәнінің мақсат, міндеттері,
мазмұны.
Қазіргі білім беру парадигмасы болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтарының өздігінен білім алуға, өзінің кәсіби даярлығының белсенді
субьектісі болуға әзірлігін қалыптастыруды көздейді.
Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы мектептеріне шебер -
педагогтар аса қажет. Жаңа адамды қалыптастырудың әр алуан және күрделі
міндеттері педагогикалық шеберлікке тәрбиелеудің жаңа теориясы мен
тәжірибесі үшін аса маңызды екенін көрсетеді. Бір жағынан, педагогикалық
шеберлік мұғалімнің педагогикалық мәденитетінің маңызды компоненті болып
табылса, ал екінші жағынан, кәсіптік даму мен жетілудің шарты болып
табылатындығы белгілі.
Жаңа әлеуметтік-экономикалық және қоғмның саяси дамуы, білім саласындағы
оң өзгерістер қазіргі заманға сай мамандардан кәсіптік шеберліктің жоғары
деңгейде болуын талап етеді.
Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жоғары кәсіптік білім
берудің "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша
"Педагогикалық шеберлік" пәні осы мамандықтағы студенттерді кәсіби
дайындаудағы базалық пәндердің бірі болып табылады.
Педагогикалық шеберлік-қызметтің барлық түрін кәсіби шыңдай білу, оларды
жан-жақты дамуға және өзін-өзі жетілдіруге бағыттайды, олардың
дүниетанымын, қабілетін, әлеуметтік мәні бар жұмыстарға қажеттілігін
қалыптастырады.
"Педагогикалық шеберлік" студенттің кәсіби өсуінің негізін көре білуге,
оны түсінуіне, кәсіби дайындықтың алғашқы сатысын қалауға көмектеседі.
Болашақ мамандардың өзін-өзі ұстау, этикасы, айналасындағылармен жағымды
қарым-қатынаста болу, білім, білік дағдыларын терең меңгеру, т.б. кәсіби
қабілеттерді шыңдау барысында бұл пәннің орны ерекше.
Адамның шығармашылық, үйлесімді дамуын қалыптастыру оқыту, тәрбиелеу
және даму процестерін біртұтас біріктіре отырып жүргізген жағдайда жүзеге
асады. Педагогикалық білім берудің қазіргі тұжырымдамасы болашақ
мамандардың шығармашлық қабілетін арттыру, терең ғылыми кәсіптік -
педагогикалық дайындыққа жету үшін жағдай жасау қажет.
Мақсаты: Болашақ мамандардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда
педагогикалық біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай шебер маман
тәрбиелеу.
Міндеттері:
- педагогикалық шеберліктің теориялық негіздерін меңгерту;
- Мамандығына сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
- Педагогикалық этикет туралы білімін тереңдету;
- Педагогикалық техника туралы білімін кеңейту;
- Педагогикалық әрекетті меңгерту;
- Кәсіби бағыттылығын, болашақ мамандығына әзірлігін қалыптастыру;
- Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде балабақша мен отбасы
ынтымақтастығын қамтамасыз ету біліктілігін қалыптастыру;
- Ұстаздың балалармен қарым-қатынас ережелері мен тәсілдерін меңгерту;
- Ұстаздың шеберлік дағдыларын қалыптастыру.
Педагогтық шеберлiк, - тек қанa мұғалiмнiн, жалпы, жан-жақты және
әдiстемелiк сауаттылыгы ғана емес, ол - әр сөздi оқушыларға жеткiзе бiлу,
олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлiк: 1) Мұғалiмнiн, өмipгe
көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сiнiрген адам екендiгi; 2)
Пәндi жетiк бiлген, ойын оқушыға толық жеткiзетiн, оқушылардың бойына әдеп,
әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сiнiре бiлгендiгi; 3) оқыту мен
тәрбиелеудiн, әдiс-тәсiлдерiн меңгерген, бiлгендерiн қызықты да, тартымды
өткiзе алатын, педагогтық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана
шеберлiкке не болады. Педагогикалық шеберлiкте педагогикадық техника деп
аталатын мәселеге ман берiледi. Мұғалiм өз сөзiн дұрыс сөйлеп, нық айтуы
тиiс, онын, жүрiс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы оқушыларға epci
болмайтындай дәрежеде болуы кереқ. Егер ал сыныпқа күлiмдеп кiрмей, қабағын
түйiп келсе, қол сiлтеп, бей-берекет сөйлеп, өз-өзiнен абыржып тұрса,
жоқтан өзгеге ашуланып қалса, онда ол ұстаздын, сабағын да оқушылар
тындамайды, оқушылар алдында ceнiмнeн де, абыройдан да айырылады.
Сондықтан, педагогикалық техниқада әдеп, шеқ сақтық, ұстамдылық қажет.
Әрине, өмiрде бәрi де - iлгерi басушылық. Kepi кетушiлiқ жабьрқаушылық,
бақытсыздық, т.б. болып жатады. Осындай сәтсiздiгi басқа түскенде
педагогтың көнiл-күйi әрине өзгередi.

4 Тәрбиеші туралы ұлы ғұламалардың ағартушы педагогтардың еңбектері.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен
қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары
А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен
білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі
сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан:
егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер
асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес
гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе
күнәсыздықтың үлкен күнәсы. Бұл материалмен алдын ала не істейтінді
анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек- дейді.
Н.К.Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан Мұғалім туралы деген
мақаласында үлгілі мұғалімнің мерилі ретінде төмендегі критерийлерді
анықтады: мұғалім өз пәнін әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми
негіздерін білуі керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие
жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола
білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың (1988)
пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл тәрбие
процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы. Бұл жөнінде ол:
Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз
тәжірибемде көз жеткіздім дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік
туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, дауысты келтіру -
өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілуі, күлу бәрі-
өнер болып табылады. Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек
мында кел деген сөзді 15-20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме
шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей
дәрежеге жеткенде ғана дейді.
В.А.Сухомлинский (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді дегенмен ол
педагог тұлғасы тәрбиеленуші тәнті ететін, өзіне тарта білетін
рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол идеалдар мен қағидалардың
көзқарастары мен талғамының симпатия мен антипатияның моральдық әдептілік
қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы міне.
Осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз
болады дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі
ретінде өте маңызды әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз
елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
А.И.Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми,
әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп,
үйлесуі - деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек
шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты -
өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.П.Азаров (1971) тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның
мәнін төмендегіше ашады педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің
заңдылығын білу болып табылады дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас
бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын
дамыта түседі сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға
немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады.
Міне, шеберліктің құдыреті - осындай тұтасқан үйлесімде Ю.П.Азаров
(1989) қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында: мен
шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні
технология, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте дейді. Шеберлік істейтін
ісіміздің материалдық жағында болуы керек.Бұл технологияны кешіктірмей іске
асырсақ, соның арқасында қарым-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мәні
және балаларды қалыптастырады деген екен.
Н.В.Кузьмина (1972,1980) шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп,
зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті,
дағды мен білікті меңгеруі деп анықтайды.
Н.В.Кузьминаның пікірінше (1980) педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен
оқу міндеттерін оңтайлы шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы
еңбек пен жалпы интелектуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік
дәрежеге ие болады, (талдау синтездеу,жалпылау, ауыстыру, нақтылау
саласында).
Ю.К.Бабанский (1989) мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгеруімен,
шығармашылығымен бала оқытуда және тәрбиелеуде ерекше шебер деп көрсетеді.
Сондай-ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және
педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге
тоқталады.
Н.В.Кухарев (1990) мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шеберлігін
қарастырудың дұрыстығын айта келіп, оның шеберлігі психологиялық-педагогтік
дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді.
Павлютенкованың ойынша (1990) мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегі
компоненттер құрайды: а) тұлғаның қажеттілік мотивациялық саласы, б)
операциялық-техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім
мәнділігімен сипатталады) в) тұлғаның өзін-өзі тануы.
В.А.Сластениннің (1998) педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы
Ю.П.Азаровтың (1989) пікіріне жақын, ол педагогтік шеберлікті педагогикалық
технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен ол тек операциялық
компоненттермен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында
педагогтік процестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып
жатуы керек деген пікір айтады.
И.П.Андриади (1999) педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани-әдеп
және интелектуалдық дайындылығы, қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын
шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырады. Және де теориялық
білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды деп
атап көрсетеді.
В.А.Мижериков и М.И.Ермоленко (1999) педагогикалық шеберлік педагогтік
қызметін дамуының биік сатысын жасай отырып, педагогтың педагогикалық
технологияны игеруін, кәсіби және азаматтық бағытын тәжірибесін бүтіндей
тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагогтік шеберліктің мәні жоғары
нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге
асқан қызметтің деңгейімен анықталады.
В.П.Куравлеваның (2000) анықтамасында педагогтік шеберлік ... теориялық
негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары ақпараттық дәрежеде
байланыстыратын педагогикалық іс-тәжірибелер мен операциялардың тұрақты
жүйесі делінген. Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор теориялық білім мен
жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп біртұтас болуы шығармашылықпен
бекітіледі деп ой қосады. Шеберліктің нақты көрсеткіштері оқытушының
ісінде, оқу-тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін
жауапкершілікпен орындау кезінде көрінеді.
А.А.Сидоров, М.В.Прохорова и Б.Д. Синюхин (2000) педагогтік шеберлік
педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан
алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтың
жеке басының қасиеттерімен қоса оның песихологиялық-педагогикалық ойлауы,
кәсіби білігі,дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері
деп анықтайды.
Л.А.Байкова, Л.К.Гребенкиннің (2000) дәлелдеулерінше педагогикалық
шеберлік – бұл мұғалімнің шығармашылығымен оқыту өнерін үздіксіз
жетілдірумен пайда болатын педагогикалық шеберліктің жоғары дейгейі деседі.
Алғашқы анықтаманы нақтылай келе, олар педагогикалық жеке тұлғасына жеке
басының қасиеттеріне байланысты, оның бұл қасиеттері кәсіптік қызметін өз
бетінше ұйымдастырудың жоғары сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни
шебер-педагог бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы, оның оған оқу-тәрбие
жұмысын жақсы жүргізуіне септігін молынан тигізбек.Олардың ішіндегі ең
маңыздылары азаматтық және патриотизм,гуманизм және зиялылық жоғары рухтағы
мәдениеттілік пен жауапкершілік. Өте маңызды деп адамсүйгіштік және
адамдармен тіл табысу атап айтылған.
5. Ұстаз, шеберлік ұғымдары. Ұстаздық талант. "Талант" деген сөздi
әpкім әр түрлi ұғынуы мүмкін. талант көбiне, ақын-жазушыларда, әртiстерде,
өнертапқыш адамдарда кездеседi. Ал, мұғалiм болу - талант па, ол әркімнің
қолынан келе бермей ме?" - деген cұpaқ\ тұрады . Ұстаздың бәpi бiрдей
талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалiм ынта-ықылас қойып,
табандылық\ танытатын болса, өз бетiмен көп еңбектенсе, идеялық жағынан
сенiмдi, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы бiлсе,
оқытудың, әдiстемеciн менгерiп, бала психологиясын жете бiлiп,
педагогикалық техниқаны қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлiкке жету
қасиеттерiне не бола отырып, педагогтық кәсiптi жақсы меңгерсе,
педагогикалық әдептi бойына сiңiрсе, онда талантты ұстаз бала алады.
Ұстаздық шеберлiк ұстаздық талантпен тығыз байланысты. Ушинский:
"Педагогиқа теориясын қаншама жетiк бiлгенмен, педагогтық әдептiң, қыр-
сырын меңгермейiнше бұған оның қолы жетпейтiндiгiн" айтады.
Ұстаз. Ұстаздық - киелі әрі өте қиын мамандық. Адамзатты ежелден
ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да
қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе - жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл
қиынның қиыны. Себебі әр адам - қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан
дүниесі өзінше бір әлем. Уақыт озған сайын, қоғамдағы саяси-әлеуметтік
қарым-қатынас дамыған сайын, бүкіл дүние жүзінде мемлекетаралық интеграция
күшейген сайын ұстаздың қызметі қиындай түсетіні анық.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік
білім, ақпарат, экономика кеңістігінде шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында
өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді. Бала бойына
білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - Ұстаз. Яғни,
жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге байланысты.
Мемлекетіміздің жарқын болашағы мен гүлденуі үшін қазіргі мектеп жағдайында
мұғалім қандай болуы керек, - деген заңды сұрақ туары сөзсіз.
Ұстаз шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз
білімін жетілдіреді, жаңа технологияларды пайдаланады. Өйткені шәкірттен
терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті талап ету
үшін өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс. Сөйтіп, өмір
талабынан артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана
шәкірттердің сеніміне ие болып, сый-құрметіне бөленбек.
Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады,
-деген екен қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сонымен мұғалім өткен
тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы
биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын
талдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етен таныс, оқытудың
әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен
арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.
Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден
шаршамайтын, шалдықпайтын, өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне
жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі, ұлағатты шайыры, адам жанының адал
бағбаны болғаны жөн. Ұстаз бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып,
шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға
деп қарап, адал жүрегін ұсынса, өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз
ұстаз сол болмақ.
Жаңа ғасыр мұғалімінің бойында мынадай қасиеттері болуы тиіс: сергектік,
байқағыштық, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, төзім,
сабыр сақтау, ілтипаттылық..
Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда
мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты
көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті
жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ..
Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы
тәрбиелік-білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық
мақсатына жетеді.
Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу - ұлы міндет. Бала тәрбиесіне ата - анадан
кейінгі жауапты адам мұғалім. Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу
ұстазға, мұғалімге байланысты. Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі
тәрбие алып шығуы да - мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.
Ұлағатты ұстаз - ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші, өйткені,
ол шәкіртіне үйрететін нәрсені өзі жан-жақты терең біледі және қалай
үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгереді де, шәкіртін білімге
қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін, ұшқырлап, білімін
дамытады, өмірдің қызықтарын сезіндіреді.
Ұстаз шәкіртіне ана да, әке де болады. Шәкіттерін туған ата-анасындай
баурап, оның жанын терең түсінетін балажан, кішіпейіл, қайырымды, инабатты,
жанын сала жақсылық жасайтын гуманист болуы тиіс.
Ұстаз бен шәкірт арасында шынайы достық қарым-қатынас орнаса, бала сенімі
нығайып, үй ішінен жасырған сырын да айта алатын сырлас досқа айналады.
Мұғалім де оның жан сарайының кілтін тауып, сезім құбылыстарын дөп басатын
психолог бола алуы қажет.
Ұстаз өте әдепті, әділ, шыншыл, шәкірттерін алаламай тең ұстайтын, өзінің
терең білім-ділігі, жоғары мәдениеттілігімен, ақыл - парасаттылығымен үлгі
болғаны жөн.
Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда
мұғалім де озық техникалық, электрондық құралдарды, компьютерді жетік
білетін, өз пәнін өмірмен байланыстыра алатын ақпаратшыл және ұлтының
кемеліне толысуына, рухани өсуіне, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасаушы
ұлтжанды патриот болуы керек.
1. Сергектік, байқағыштық;
2. Сезімталдық;
3. Сенім;
4. Әділдік;
5. Байсалдылық;
6. Ұстамдылық, төзім, сабыр сақтау;
7. Ілтипаттылық, яғни адамзатқа шуақ шашар, нұрын себер, тіршілік берер
күннің қуаты сәулесінде болса.
Ұстаздыққа өмірін бағыштаған азамат мұғалімдік іс-әрекет жоғары және
асқан бейімдікті талап ететіндігін бір сәт естен шығармаған жөн. Тәрбие
пайда болғалы бері педагогтық қызмет өмір сүріп келеді. Чехтың ұлы педагогі
Я.А.Коменскийдің еңбектерінде-ақ мұғалімнің қызметінен асқан қызмет жоқ
екендігі туралы пікірді кездестіреміз. Орыс педагогикасының негізін салған
К.Д.Ушинский мұғалімнің оқушыға ықпалын ешқандай бекітілген ережемен,
бағдарламалармен, ешқандай оқу орындарын ұйымдастыру мен ауыстыруға
болмайтын ерекше тәрбиелік күш екенін атаған болатын. Сондықтан әрқайсымыз
өз мұғалімдерімізді, ең алдымен, әріп пен сөздерді жазуды, оқу мен
есептеуді үйреткен, білім мен еңбек әлемнің сырын ашқан алғашқы ұстаздарды
білеміз және есте ұстаймыз. Өз шәкіртінің ақыл-ойы мен жүрегіне жол тапқан
ұстаз нағыз мұғалім.
Мұғалімдік кәсіптік жарамдылығы оның қоғамдық-саяси, арнайы және
психологиялық-педагогикалық даярлығының біртұтастығымен анықталады. Мұғалім
нені меңгеруі керек деген сұраққа жауап бере келіп, Н.К.Крупская:
Мұғалім, ең алдымен, өзі негіздерін оқытатын пәнді, сол ғылымды білуі
қажет. Ол ғылымның нағыз мәні, қазіргі күйі, оның дамуының басты
кезендерін, басқа ғылымдармен байланысы түсінуі керек, - деп жазған
болатын. Мұғалімге қойылатын ең басты талап іргелі ғылыми пәндерден білімін
үнемі толықтырып, жеткілікті дәрежеде кеңейтіп отыру болып табылады.
Мұғалім мектеп болашағына, бағытталған болып, білімі бүгінгі күннің
талабынан озыңқы тарту керек.
Мұғалім өз оқуын тоқтатқанға дейін ғана оқытуға қатысы бар. Қазіргі кезде
ғылым дамуының қарқынды жүруіне тәуелді. Білімдердің тез ескіретінін
ескерсек, бұл қағида көкейкесті мәселеге айналып отыр. Біздің уақытымыздың
тез өзгергіштігін ескерсек, мұғалімге өзінің ғылыми, рухани және идеялык
өсу жолында тоқтап қалуға болмайды. Басқа адамдарға айтар сөз жоқ болса, ең
шыңдалған педагогтық техниканың өзін әлі деп есептеуге болады. Оқулықтар
мен бағдарламалар қаншалықты жетілдірмесін, конструктурлар қаншама сиқырлы
машиналарды ойлап тапсын, бәрібір ең қиын міндеттерді біліміне,
зиялылығына, шеберлігіне арқа сүйей отырып мұғалімнің өзіне шешуге тура
келеді.
Мұғалімнің кәсіптік шеберлігі жыл санап өсе түскенмен де, оқушы бейнесі
онан да шапшаң өзгереді. Осыған байланысты педагогтар мен социологтар
зерттеулері мұғалім күш-қуаттарының айырмасы азая түскенін байқатуда.
Бұрынғыға қарағанда қазір оқушылармен аралық байланысты жүзеге асыру
қиындай түсуде. Мамандық даярлығы, іскерлігі мен адамгершілік сапаларының
деңгейі төмен мұғалімдерге оқушылардың қарсыласуы өскендігі көрініп отыр.
Оқушылардың мұғалім беделіне қатынасы да өзгереді. Олардың мұғалім
жөніндегі бағалык өлшемі ересектердің шартына жақындай түсуде, негізінен,
қоғамның мұғалімге қоятын талаптарымен сәйкес келеді. Мұғалім күш-қуаты мен
қабілеттері деңгейінде толық еңбек етуі, өзінің мәдени және мамандық ой-
өрісін кеңейтуі, оқу-тәрбие міндеттерін жасампаздықпен шешуі үшін оның
уақыты мен өміршең күштерін сақтау қажет, ал оның өзі күнделікті іс-әрекет
барысында үнемді пайдалануды үйрену керек
Мұғалім - оқушылардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырушы. Оқушылар іс-
әрекетінің мазмұны оқыту мен тәрбие мақсаттары мен міндеттерінен шығады
және жалпы орта білім мектептегі оқу жоспары, пәндер программасы және
тәрбиенің үлгі мазмұнымен айқындалады. Оқу-тәрбие жұмысының негізгі
бағыттары, оны ұйымдастырудың формасы мен әдістері педагогикалық курсында
әңгімеленеді. Педагогикалық психология мұғалімдердің оқушылар іс-әрекетін
ұйымдастыру мазмұны мен формасын таңдауда психологиялық аспектіні, оны
ұйымдастыру процесіндегі мұғалім ролінің психологиялық мәнін қарастырады.
Нақтылы сыныпта оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің мазмұнын ұйымдастыру
формасын таңдай отырып, мұғалім, біріншіден, оның тәрбиеде қаншалықты
мақсатқа жетуге көмектесетінін ескеруі керек. Екіншіден, коллектив өмірінің
мазмұны оқушыларға өзінің қажеттілігін педагогтық көзбен қарағанда
қанағаттандыруы абзал. Міне, бұл жерде оқушылардың түрліше әлеуметтік
бағалы қажеттіліктерін қалыптастырып қоймай, оқушыларда бар әлеуметтік
бағалы қажеттіліктерді еске алу керек. Мысалы: танып білу, қол жеткізу,
араласу қажеттіліктері және оларды пайдалану, коллективтің оқу мен оқудан
тыс іс-әрекеттерінде бұл қажеттіліктерді жүзеге асыруда барынша мүмкіндік
жасау, оларға сүйене отырып, басқа бірқатар қажеттіліктерді қалыптастыру
маңызды. Олай болмаған жағдайда оқушылардың бар қажеттіліктері әр кезде
әлеуметтік бағалы емес, кейде тіпті әлеуметтік жат түрлерде бәрі бір іске
асырылады. Үшіншіден, коллективтік іс-әрекет мектеп оқушыларына олар үшін
актуальды проблемаларды өзіндік сананы, өзін анықтауды, өзін бекітуді т.
б. жасауда мүмкіндік беруі тиіс. Төртіншіден, оқушылар үшін коллектив ісін
ұйымдастыру формалары қаншалықты әлеуметтік тартымды екенін білу. Бұл
педагогтық күш-қуатты аз жұмсау арқылы мектеп оқушыларына, атап айтқанда,
жеткіншектер жоғары сынып оқушыларына, ұсынылған қажеттіліктерге
қанағаттандыру және проблемаларды шешу, мысалы, олар сәндікке тән ағымдағы
формаларға ұмтылып отырғанда, жолдарын қызғылықты етуге мүмкіндік береді.
Мұғалімдерге өзінің ересектігін мойындата алмай, олармен қарым-қатынас
жасауда мектеп оқушыларының бір бөлігі өздерінің шынайы ниетін жасыруға
тырысады. Кейде балалар өзін мұғалімдердің талабына сәйкес ұстайды.
Осылайша жағымпаздық пен жалғандық пайда болады. Кейбір оқушылар өздерінің
жеке басының кейбір белгілері мен қасиеттерін жасыруға көмектесетін (ересек
адамдармен) қатынастың стилін ұғынып алады, сайқымазақ, сәби т. б.
күйінде қалады. Бұл оқушыларға мұғалімдердің ықпалын қиындатады, мектеп
оқушыларына оларды толғандыратын мәселелерді шешуге көмектесу мүмкіндігін
айырады.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі
түсінік педагогикалық шеберлік болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде
шеберлік - белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз
ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990).
Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге
қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік
және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгеруімен шеберлікке қол
жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре
аламыз ба? Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді,
жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен
тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы
сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның-педагогтық өмірге көзқарасы,
қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Бақылау сұрақтары:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Дәріс-2. Тақырыбы: Педагогикалық шеберліктің құрылымы.
Жоспар:
2.1.Ұстаздық шеберлік және педагогикалық қызмет.
2.2.Педагогтің кәсіби деңгейі және оның құрылымы
2.3.В.П.Азаровтың шеберлік туралы пікірлері
2.4.Тәрбиешілердің жеке тұлғалық кәсіби сапалары.
Лекция мәтіні:
Бақылау сұрақтары:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Дәріс-3. Тақырыбы: Педагог қызметі және оған қойылатын талаптар.
Жоспары:
3.1.Педагогикалық қызмет ұғымы.
3.2. Кәсіби ұстаздық қызметтің ерекшелігі.
3.3.Педагогтің өзін-өзі тануы.
3.4.Ұстаздың жеке басына қойылатын талаптар.
Лекция мәтіні: 3.1.Педагогикалық қызмет ұғымы.
3.2. Кәсіби ұстаздық қызметтің ерекшелігі. Мұғалімнің жеке тұлғасы Халық
мұғалімі жас ұрпақтың рухани дүниенің мүсіншісі, ол - өзінің ең қымбаттысы,
ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп
тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі де өте қиын кәсіп ұстаздан
өз өмірін оқу-тәрбие ісіне арнаған және қайта даярлау жүйесінде берілген
дәріс мазмұны ұстаздардың тынымсыз ой жұмысымен шұғылданып, балаларға үлкен
сүйіспеншілікпен қарап, өз ісіне адал болу мәселелерін қамтиды, жаңашылдық
көзқарас талаптарына сай құрылады. Мұғалім өз ісіне берілген жанқиярлық
еңбегі арқылы ғана халықтың терең ризашылығы мен құрметіне бөленеді.
Педагогтық шеберлік — үйретудің, үздіксіз ізденудің жемісі. Институт
жоспары бойынша әдістемелік жұмыстарды жүйелі атқару, мұғалімдердің іс-
тәжірибесін жинақтау, мүғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру мақсатында
әдістемелік семинарлар, конференциялар, педагогикалық оқулар өткізу—кабинет
меңгерушілерінің тікелей назарында екені бәрімізге мәлім.
Сондай-ақ, мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару
шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылған талаптар оқу-тәрбие
жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның
өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап
отыр.
Ахмет Байтұрсынұы: Ең әуелі мектепке керегі — білімді, педагогика
әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім, — деген болатын.
Мұғалімге қойылатын талаптардың ең негізгісін үш топқа бөліп көрсететін
болсақ, олар мыналар:
1. Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық
пен жауапкершілік сезімі;
2. Кәсіптік мамандық даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылымдық білімі.
Өз пәнін, ғылымын игеруі, оның оқыту әдістемесін, психологая мен
педагогиканы меңгеруі;
3. Педагогтық технологияны игеруі, кәсіптік мәдениеті. Мұғалімнің
қызметіне қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктерді төмендегідей
топтастыруға болады:
— Оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен
іздестіру;
— Қарым-қатынастық (коммуникативтік) мәдениетті мұғалім мен оқушы
жүйесінде қажетті қатынасты қалыптастыру;
— Ұйымдастырушылық қабілет, тәрбие процесіндегі әртүрлі әрекеттерді
басқару;
— Бақылаушылық, бағалаушылық: оқу-тәрбие процесімен оқушы іс-әрекетіне,
біліміне үздіксіз бақылау жасау, тексеру, бағалау.
Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К.Крупская, С.Т.Щацкий,
А.С.Макаренко, Қ.Жарықбаев, Ш.Т.Таубаев, К.О.Өмірбаева еңбектерінде кеңінен
сөз болып, мұғалім сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы,
сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық,
ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш
үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде
оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор
рол атқарады. Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіне білуі
басқа адамды елітіп әкетуі басым болады.
Педагогикалық әдеп—мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік
белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай-ақ, өзінің әділдігімен,
ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің
ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы. Мұғалім әділ бағаның
үстіне әдебі мол, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмайтыны
түсінікті. Қай кезең, қай дәуірде болмасын, адамға білім мен тәрбие беруден
асқан мұрат жоқ. Ұстаз — ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғамның болашағына
жауапты және арқа сүйеген тірегі. Ұстаздық қызмет жас жеткіншектерге рухани
адамгершілік тәрбие беруден жаңалыққа үнемі бетбұрыс жасап, өмір ағымымен
бірге жүріп, сабақты ғылыми түрде ұйымдастырудан тұрады.
Сондықтан да, болашақ ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік игеру
жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын,
дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.
Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский: "Мұғалімдік мамандық - бұл
адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан
дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол
даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады",- деп ұстаздық өнерге ерекше
баға берген.
Педагогикалық жұмыста мақсатты іс мұғалімнің тәрбиелік қызметі арқылы
жүзеге асады. Педагог-ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалімнің
мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдылығын төмендегі бөліктермен
анықтауға болады:
1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті.
2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі.
3. Мұғалімнің мимика және поптомимика ишараларының (жест) мәнерлі
негіздері.
4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті,
демалу, дауыс дикциясы, интонациясы.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға
кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогикалық әдеп болып табылады.
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік мәдениеті.
Мұғалім жұмысында педагогикалық әдеп сақтамайынша, оқушылармен тіл табысу
мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша, оқу-тәрбие үрдісінде
ілгерілеу жоқ.
Педагог әдебі ілтипаттылық сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр
сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Сондықтан да ұстаз ұрпақ
тәрбиелеудегі қоғам сенген адам.
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин "Маған жақсы мұғалім - мектептің жүрегі" деп
айтып кеткен. Қазіргі біздің заманымыздың, XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын
талаптар:
- біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін
жігерлі тұлға, және маман мұғалім болу қажет;
- екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде
қалыптасуы тиіс;
- үшіншіден, мұғалім - білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, оқушыны
баулуға міндетті;
- төртіншіден, мұғалім - педагогикалық процесте баламен ынтымақтаса
қызмет ететін тұлға болу керек;
- бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын
арттыруға міндетті немесе француз педагогы Жебер айтқандай, "Оқыту деген
екі есе оқу".
Біздің басты міндетіміз - жаңа заман үрдісіне сәйкес экономикалық
әлеуметімізді молайту үшін қажыр қайрат көрсете білетін ғылымның мол
жетістіктерімен қаруланған, ұлттық әрі психологиялық ерекшеліктерді тік
тұрғызатын маман тәрбиелеу. Ал ол маманды даярлайтын мұғалім. Мұғалім, яғни
ұжым - мектептің жүрегі. Мұғалімдерді "адам жанының хирургі" деп бекер
айтпаса керек. Сондықтан мұғалімнің не ұжымның жеке, сонымен қатар ұжым
мүшелерінің кәсіптік мәдениетіне, әлеуметтік жағдайына көңіл аударып
отырса, атқарып отырған жұмысы нәтижелі болады.
Педагогика саласында "біліктілік" термині әр түрлі аспектіде, соның
ішінде кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік мәселелеріне жақын қарастырылады.
Н.Кузьмина "кәсіби біліктілік - іс-әрекеттің сапалылығының сипаттамасы және
еңбектің ең жоғарғы бағасы, ал іс-әрекеттегі кәсіби біліктілік - бұл
маманның кәсіби міндеттерді шешуде бүгінгі заманға сай мазмұн мен жаңа әдіс-
құралдарды, оларды жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін меңгеру дәрежесімен
сараланатын, іс-әрекеттің субъектісіне, нақты мамандық өкіліне сапалы
мінездеме мен баға беру" деп атап көрсетті.
Біздің ойымызша, мұғалімнің "кәсіби біліктілігі" оның оқушыларға білім
беру мен тәрбиелеу ісінде биік нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін
әрі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерін жарыққа шығарып, педагогикалық
қарым-қатынасы мен педагогикапық іс-тәжірибесін жоғары деңгейде жүзеге
асыратын еңбегі болып табылады. Сонымен қатар мұғалімнің біліктілігі, бір
жағынан, оның кәсіби білімі мен біліктілігінің, екінші жағынан, кәсіби
ұстанымдары мен психологиялық қасиеттерінің, яғни оның шынайы еңбегіндегі
ара қатынасымен өлшенеді.
Педагогика ғылымында педагогтің маман ретіндегі іс-әрекетінің нәтижелік
деңгейінен туындайтын кәсіби даярлық тұжырымдары ғылыми тұрғыда әр түрлі
бағытпен зерттеліп негізделген. Соның ішінде, кәсіби даярлаудың жалпы
мәселелері шетелдік педагогика тарихында С.Абдуллин, В.Адольф, Н.Кузьмина,
Н.Сластенин, Л.Спирин және т.б ғалым-педагогтердің зерттеу еңбектерінде
барынша көлемді талданған болса, бұл бағыттағы сан алуан жұмыстардың ішінде
қазақстандық Д.Жүсібалиева, Л.Керімов, Б.Момынбаев, К.Успанов, Ш.Таубаева,
Н.Хмель және т.б есімдерін көрсетуге болады.
Кәсіби білім алудағы біліктілік пен шеберлік, ең алдымен, адамзаттық
қоғамдағы ерікті жеке тұлғаның қалыптасуы мен нарықтық экономика
жағдайындағы жеке тұлғаның қалыптасуы уақыт талаптарына, ондағы туындап
жататын мәселелерге деген ерекше жауапкершілік болып табылады.
Сонымен қорыта келе, ұлы педагог К.Ушинскийдің сөзімен айтқанда: "Мұғалім
- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады" деген қағидасын жадымызда
ұстасақ, мұғалім де тоқыраушылықтан аман болары сөзсіз.
3.3.Педагогтің өзін-өзі тануы.
3.4.Ұстаздың жеке басына қойылатын талаптар. 2. Педагогтың сөйлеу
мәдениеті. Сөйлеудің логикалық құрылымын тануы және өз сөзін белгілі бір
жүйемен баяндауы.
- Сөйлеу техникасын терең меңгерген және өз бойында қалыптасқан болуы тиіс.
Осылардың нәтижесінде мұғалімнің сөйлеу мәдениеті қалыптасып, сөйлеу
техникасын меңгереді. Сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың жолдары көп.
Сөйлеудің дамыту мақсатымен түрлі жаттығулар жүргізіледі. Мұғалім сөзі
сабақ тақырыбына лайықты көрнекті құралдарды орынды пайдалана білген әсерлі
болады.Мұғалім жаңа материалды түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар
оқушылардың өткен тақырып бойынша берілген сұрақтарына да толық жауап, жан-
жақты түсінік беріп отырады.
Мұғалім сөзіне мынадай талаптар қойылады:
1) Мұғалім сөзі нақты, дәлелді және оқушыларға мейлінше түсінікті болуға
тиіс.
2) Өте тез, асығып сөйлеуге де, өте баяу, сылбыр сөйлеуге де болмайды.
Мұғалім байсалды, салмақты сөйлеу керек. Әсіресе дауыс ырғағына баса
назар аударғаны жөн.
3) Уақытты үнемдей білуі керек.
4) Өз ойын ашық айтуға үйренеді, ұялшақтық , жасқаншақтық әдеттен арылады.
5) Өз ойын сенімді түрде әсерлі жеткізе алады. Сөздік қоры, тіл байлығы
артады.
Шығармашылық жаттығулардың орындау нәтижесінде мұғалімнің
сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
Ана тілін сүйіп, ана тілінде сөйлеуге тәрбиеленеді.Оқытушының жан-жақты
жетілген білікті маман болып қалыптасуында сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу аса
маңызды және қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Мұғалімнің сөйлеуі
көбінесе іс жүзіндегі материал бар оқиғалардың жанды, образды, эмоциональды
баяндалуы. Сөйлеу шеберлігін жақсы меңгерген мұғалім белгілі бір жүйеде
оқушылардың білімді игеруін қамтамасыз етеді, олардың ой-өрісін дамытады,
оқушыларға сөзді қалай пайдалану керектігін көрсетеді.
Болашақ мамандардың ана тілінде өз ойын шешен де шебер, жүйелі жеткізе
білу дағдысын қалыптастыруға жоғары оқу орындарының қазіргі таңдағы өзекті
мәселелерінің бірі. Әрбір маманның, әсіресе болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің шешен сөйлеуі жүйелі ой қорту шеберлігінің болуы ең керекті
қасиет. Шешен сөйлеу дағдысы бірден қалыптаса қоймайтыны белгілі. Мәселен
жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттердің өзі ойын еркін жеткізуі,
жүйелі сөйлеуі, ой қорыту бәрінде бірдей бола бермейді. Олар өзінің ішкі
ойын сыртқа шығару кезінде жаттанды, бір сарынды теңеулер мен
сипаттамаларды жиі қолданылады. Осының салдарынан сөйлеу мәдениетінің
жүйесіз, көркемдігі төмен, эмоциональдығы төмен сылбыр ойлар пайда болады.
Сөйлеу барысында көркем сөз қолдану, сөздің тура мағынасы мен ауыспалы
мағынасын түсіну, оның шыққан тарихын тану нәтижесінде таза ой қорту шебер
сөйлеу мүмкіндігіне жетуге болады. Сөздің астарында қалған мағынаны
түсініп, логикалық зандылықтарды сақтау арқылы ғана шешен сөйлеу
мәдениетіне жетуге болатыны белгілі. Шешендік өнер табиғатын танып білу,
оның қағидаларын меңгеру жоғары оқу орындарында берілген дәрістің осыған
байланысты тиімді әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы ғана жүзеге асып,
студенттердің сөйлеу мәдениетін игеруіне жағдай жасалады. Қазақта "шешеннің
сөзі мерген, шебердің көзі мерген" деген мақал бар. Осыдан сөз күшінің
ерекшелігін аңғаруға болады. Әрбір студенттің нәзік сезімінен. толқыған
ойынан туған көркем сөз сарын, мән-жайын, тәрбиелік әсерін жете танып, оны
өз тәжірибесінде шебер қолдануын жетілдіру - қиын да жауапты іс. Сөз
мәнерін, техникасын меңгеріп, таңдаушының жай-күйін аулай білу, ақиқатты
таныту сияқты қабілетті қалыптастыру көп ізденуді керек етеді. Оқу
барысында болашақ мамандарды сөз шеберлігіне баулу және дағдыландыру жүйелі
сөйлеуге тәрбиелеу үрдісінің үйлесімдігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы
мүмкін. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен, студент шешендік өнердің тарихын
терең білуі. Екіншіден, сөйлеудің логикалық құрылымын тану және өз сөзін
белгілі бір жүйемен баяндауы. Үшіншіден, шешендік көркемдеу құралдарын
игеру және оларды өз сөзіне орынды пайдалануы. Төртіншіден, сөйлеу
техникасын терең меңгеру және өз бойында қалыптастыру қажет. Осылардың
негізінде талаптардың болашақ мамандардың шешен сөйлеу мәдениеті қалыптасып
сөйлеу техникасын меңгереді. Жоғарыда айтылған талаптардың болашақ
мамандардың бойында қалыптасуы арнаулы ұйымдастырылған сабақтарда жүйелі
түрде студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстардың нәтижесінде жүзеге
асады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың жолдары көп соның бірі лекциялық
курстар бойынша алған теориялық білімдерін қорыта отырып, оқытушының
арнаулы тапсырмасымен студенттер өздігінен халық ауыз әдебиетіндегі сөйлеу
мәдениетін (мақал, мәтел, өсиет) теріп жазуы. Олар қазіргі кездегі көркем
әдебиеттерден сөйлеудің көркемдік құралдарын анықтау, әртүрлі жағдаятқа
байланысты сөйлеу ақыл, өсиет. бата сөздіктерімен жұмыс жүргізуге
дағдыланады.
Сөйлеу техникасын дамыту мақсатымен түрлі жаттығулар жүргізіледі.
Сайыстар, өлең шумақтарын құрастыруға қатыстырылып, мәнерлеп оқуы бойынша
түрлі жұмыстар жүргізіледі. Мұғалімнің өзіндік жұмыстары қатарына мәтінді
құру, диалог құру, логика заңдылықтарына сүйене отырып баяндама, реферат
жазу, тірек сөз жазу, логикалық жүйені негізге ала отырып белгілі бір
басылымдардағы мәтіндерге, көркем шығармаларға жоспар жасау, берілген
мәтіннің логикалық құрылымын түзету тағы басқа да көптеген жаттығулар
тізбегі енеді. Жаттығуларды орындау негізінде мұғалім ізденеді, түрлі
материалдарды қарастырады. Сол арқылы оның дүниетанымы кеңейіп, сөздік қоры
молаяды. Тілі дамып ой жүйелеуі, мәселені қорытуға үйренеді. Сол сияқты,
басқа да жаттығу түрлері яғни, бір сөзді әртүрлі эмоцияда айту жұмыстары
да жүргізіледі, - мысалы: жаңылтпашты жәй, орташа, тез, өте тез айтуға
жаттығу, түрлі сөзді өте қысқа ұзарта дыбыстау, сөзді бекіте, сенімді, жәй,
таңқала ирониялық тұрғыда салтанатты күйде дыбыстау. Мұндай жаттығу арқылы
мұғалімдердің көркем шығармадағы ойды, көркем образды кейпіне бойлау мен өз
ойын әсерлі жеткізу дағдылары қалыптасады.
Бақылау сұрақтары:
Пайдаланылған әдебиеттер:
А. Ерназарова Сынып жетекшісі \\ Қазақстан мұғалімі. 5 маусым 2007 ж. №7
Ж. Б. Қоянбаев. Р. М. Қоянбаев Педагогика Алматы 2002ж
Валиева М. Білім беру технологиялары жэне оларды оку -тәрбие үрдісіне
енгізу жолдары. әдістемелік нұсқау. Алматы 2002
Р. М. Қоянбаев. Қ. Т. Ыбыраимжанов Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы
Түркістан 2005 ж
Р. Масырова. Т. Линчевская Инновационные школы в Казакстане Алматы 2000
г
Дәріс-4. Тақырыбы: Педагогикалық техника
Жоспары:
4.1.Педагогикалық техника тәрбиешінің еңбек құралы.
4.2. Педагогикалық техника және оның құрамды бөліктері.
4.3. А.С.Макаренко, Н.К.Крупская тәрбиешінің педагогикалық техникасы
туралы.
4.4.Жас тәрбиешілердің ұстаздық техникасында жиі кездесетін кемшіліктері.
4.5. Тәрбиешінің ішкі және сыртқы техникасы.
Лекция мәтіні: 4.1.Педагогикалық техника тәрбиешінің еңбек құралы.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіптік бағыт берудің теориялық негізін
жасап, оның ерекшелігін айқындау үшін танысып талдаған педагогикалық
еңбектердің және жоғарғы білім беруге арналған оқу жоапарларының мазмұнын
тұжырымдау барысында байқағанымыз, мұғалімдер дайындауға қойылатын талап,
негізінен мамандық бойынша оқылатын пәндердің мазмұны меңгертуге
бағытталады. Ал, болашақ мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға
байланысты олардың іс-әрекетін арнайы талдау қарастырылмайды. Бұл әрбір
жеке пәндердің әдістемесін меңгеруарқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі
артады деген пікірден туындаған болар деп ойлаймыз. Маман даярлаудағы бұл
көзқарастың дұрыс теориялық еңбектерде де ашып көрсетеді. Сондықтан да
болар, Ю.К.Бабанский маман даярлау мәселесіне кешенді қарауды ұсынады.
Болашақ маман әр жеке пәннің әдістемесін және тәрбие жүйесін біртұтас
қабылдап меңгеруге тиіс деп қарайды. Педагогикалық үрдісте мұғалімнің іс-
әрекеті мен олардың кәсіби шеберлігін бағыт беру сабақтастықта жүзеге
асатын жағдайда ғана болашақ мамандарды өз дәрежесінде дайындау жүзеге
аспақ. Сонымен қорыта айтқанда қоғамдық құрылыстың жаңаруы, білім жүйесінің
жаңа мазмұны, жоғары білімді маман дайындаудың жаңа стандарты, бастауыш
буынға жаңа оқулықтардың енуі, жаңа бағытта жұмыс жасайтын жаңаша ойлайтын,
жаңалықты көре білетін бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда оларға жаңаша
кәсіби бағдар беруді керек етіп отыр. Бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби
бағыт беру педагог – студент, студенттер ұжымы арасындағы қарым-қатынас,
мұғалім оқушы, педагогикалық ұжым, ата-ана қоғамдық талап, мұғалімге
қойылатын педагогикалық талап жүйесі арқылы дами отырып, педагогикалық
практика барысында қалыптасады. Педагогикалық іскерліктің негізгі элементі
педагогикалық техника. пЕдагогикалық техника дегеніміз – мәдениет
біліктілігі мен сырт бейнесінің сәйкестігі яғни ол әртүрлі тәсілдердің
жиынтығы. Педагогикалық техниканың негізгі құралдары- сөйлеу қатынасы мен
сөзсіз ишара арқылы қатынас жасауы. Педагогикалық техника ұғымы 2 түрлі
компоненттерден құралады.
1. Педагогтың өзін өзі басқара білуі. А) көңіл күйді игерді шығармашылық
көңіл күй орната білуі, зейінін байқау және бақылау т.б.
қабілеттіліктерін жинақтап дамыта білуі, сөйлеу техникасын игеруі.
2. Педагогиканың жеке оқушыға және оқушылар ұжымына әсер етіп алуы
ұйымдастырушылық, конструктивтік және комуникативтік қабілеті.
Социологиялық зерттеулерге қарағанда жас педагог мамандарда кездесетін
қателіктер, педагогикалық техниканы игерудегі қиындықтарға байланысты
болады. Жас мұғалімдердің педагогикалық техникасындағы кемшіліктер:
сабақ барысында қорқыныш сезім, өз сөзін, өз естуі, қолдарының ретсіз
қимылы, сөзінің жансыз сезінуі, дикциясының түсініксіздігі т.б.
Педагогтың сырт бейнесі эстетикалық жағынан мәнерлі болуы тиіс. өзіне
өзі қалай болса, солай қарамай, үлкен жауапкершілікпен қараған жөн.
Киімін шашын сәндеу, косметиканы әсемдік бұйымдарды қолдануы, өте
орынды, жарасымды, үйлесімді, болуы тиіс. Педагогтың эстетикалық
мәнерлігі бет-бейнесінің сыпайлығы, қимыл қозғалыстарының ретсіздігі
балаларға үлкен әсер тигізеді. Сыныпқа кіргеннен бастап сәлемдесуі,
орындыққа отыруы т.б. ұсақ іс-әрекеттерінің өзіне үлкен мәні беруі
қажет. Мұғалімнің сабаққа дайындығы, балалармен сөйлеу қатынасы, оның
сабаққа психологиялық бейімділігінен басталады. Ол алғашқы
сәтсіздіктерде қажымай қайғырмай жүйелі үздіксіз жұмыс жасауы қажет.
Фонтамимика – дене аяқ қимылдары олардың орынды қимылы адам образын
бейнелейді.
4.2. Педагогикалық техника және оның құрамды бөліктері. Мұғалімнің
бет бейнесінің қимылы әңгіменің мазмұнына сөйлеумәнеріне сәйкес болуы тиіс.
Мимика өз ісіне сенімділікті, құртауды, қуанышты қызығушылықты т.б.
сезімдерді білдіреді. Мұғалімнің күлімдеуі оқушылар арасында жақсы көңіл-
күй тудырады. Мимиканы мәнерлі құралдары –қас, көз қастың көтерілуі,
таңдануы, қуанышты, сұранысты білдірсе, қастардың жақындасып жиырлуы
ойлануды зейін аудару қажеттігін, тәртіпке шақыруды білдіреді.

4.4. Жас тәрбиешілердің ұстаздық техникасында жиі кездесетін
кемшіліктері. Педагогтың мәнері, жарасымды, әдемі тұлғасы оның жеке басының
ерекшеліктерін абыройын білдіреді, оның түзу жүрісі жинақылығы педагогтың
өзіне-өзі сенімділігін көрсетеді. Ол оқушылардың алдында дұрыс тұру мәнерін
қалыптастыра білуі қажет. Мұғалімнің барлық қимыл-қозғалыстары оқушылардың
қызықтырып өзіне тарта білуі қажет. Оның жүріс-тұрысында жағымсыз қимылдар
болмауы тиіс. Ерсілі-қарсылы жүре беру, тақырыпта түсіндіріп тұрғанда
қолында бөгде заттарды ұстап қимылдар жасауы, мұрнын, құлағын ұстай беру
т.б. осындай орынсыз қимылдары болмауы керек. Мимика-ишара бет-бейнесі
арқылы өз сезімін ойын көңіл-күйін жеткізе білуі мұғалімнің бет-бейнесінің
көрінісі оқушыға ерекше әсер етеді.мүмкін оқушылар мұғалімнің бет-бейнесін
оқи алады. Сондықтан мұғалімнің мимикасы оның көңл-күйін толық көрсетеді.
Үй шаруасындағы қақтығыстар көңілсіз жайлар мұғалім ісіне әсерін тигізбеу
керек.

1. К.Д.Ушинский мінез-құлықты тәрбиелеудегі ережелері қандай бөлімдерден
тұрады?
2. Болашақ мұғалімдердің кәсіптік бағыты.
3. Жас мұғалімдердің педагогикалық техникасының маңыздылығы.
4. Педагогикалық техниканың негізгі ұғымдары туралы не білесің?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Дәріс-5. Тақырыбы: Тәрбиешінің сөйлеу шеберлігі.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz